• Tidak ada hasil yang ditemukan

(1)Құрылтайшы: «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» ҚБ Редакциялық алқа: А.Қ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "(1)Құрылтайшы: «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» ҚБ Редакциялық алқа: А.Қ"

Copied!
12
0
0

Teks penuh

(1)

Құрылтайшы: «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» ҚБ Редакциялық алқа:

А.Қ. ҚҰСАЙЫНОВ бас редактор А.А. БУЛАТБАЕВА бас редактордың орынбасары Е.В. АСТАХОВА (УКРАИНА) Қ.А. БИСЕНОВ

С.В. ИВАНОВА (РЕСЕЙ) Д.П. ҚОЖАМЖАРОВА И.Э. КУЛИКОВСКАЯ (РЕСЕЙ) Б.Б. МАМРАЕВ

А.М. МАМЫТОВ (ҚЫРҒЫСТАН) Ғ.М. МҰТАНОВ

К.Н. НӘРІБАЕВ А.А. ТАЛТЕНОВ А.А. ШӘРІПБАЕВ Редакциялық кеңес:

К.Ө. ҚОНАҚОВА Д.В. ЛЕПЕШЕВ Л.Х. МӘЖИТОВА Ф.Т. САМЕТОВА А.А. САТБЕКОВА Б.А. ТУРГУНБАЕВА С.А. ҰЗАҚБАЕВА Н.А. ШАМЕЛЬХАНОВА Т.С. ШУМЕЙКО Р.О. НИЯЗОВА Ж.Б. ҚОҢЫРОВА Т.Е. СҰЛТАНҒАЗЫ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде қайта тіркеліп, 24.01.2013 ж.

№13303-Ж куәлігі берілген Вестник жылына 6 рет шығады

«Вестник АПН Казахстана» журналы ҚР БҒМ БҒСБК (ККСОН) педагогикалық ғылымдар бойынша негізгі қорытындылар- ды жариялауға ұсынған ғылыми басылым ҰҒТАО Қазақстандық дәйексөз алу (цитирование) қоры мәліметтері бойынша журнал импакт-факторы 0,074

Мақала авторларының пікірлері редакция көзқарасын білдірмейді.

Редакцияның мекен-жайы:

050000, Алматы қаласы Абылай хан даңғылы, 74А Тел.: 8 (727) 313-18-14, 313-18-15 E-mail: apnkaz@mail.ru, v.apnk@mail.ru Пішіні 70х1001/8.

Қағаз офсеттік. Шартты баспа табағы 16,5 Таралымы 300 дана

© «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» ҚБ, 2020

Казахстана

№1 (қаңтар-ақпан), 2020 жыл

№1 (январь-февраль), 2020 год

МАЗМҰНЫ-СОДЕРЖАНИЕ

СЛОВО ГЛАВНОГО РЕДАКТОРА ... 3 Г.С. ТАГАЕВА, А.М. МАМЫТОВ

Новые подходы к оценке учебных достижений уча- щихся начальных классов в Кыргызстане ...5

Р.Н. КЕНЖЕБАЙ, Р.С. ЛАБЕНОВА, А.С. АЛИМБАЕВА

ЖОО-да жаңартылған бағдарламамен оқытудың кей- бір мәселелері...15

Г.Б. КЫЛЫШБАЕВА, А.М. БЕРДАЛИЕВ, А.А. СЕНКЕБАЕВА, Д.Н. САИДАЗИМОВА

Жаңа білім беруде студенттердің құзыреттілігі мен білім парадигмаларын қалыптастыру негіздері ...20

А.Р. РЫМХАНОВА, Д.У. БАЙСАЛОВ

Современные тенденции и требования к профессио- нальной подготовке педагогов для системы инклюзив- ного образования ... 27

Г.Т. УРАЗБАЕВА

Актуальные проблемы профессиональной этики пре- подавателя высшей школы ... 35

К.У. КУНАКОВА, Г.С. ПРИМБЕТОВА

К проблеме измерения профессиональных компетен- ций преподавателей высшей школы ...41

А. SYZDYKBAYEVA, R. KERIMBAYEVA, G. ABDYBAYEVA

Pedagogical practice organization problems of the future teacher in the context of dual training ...49

А.К. МЫНБАЕВА, П.О. ИЗТАЕВА, А.А. КАРАБУТОВА

ХХ-ХХІ ғасырлардағы адамгершілік білім беру және дамыту теориясы ... 55

М.С. ЖЫЛҚЫШИЕВА

Civil-patriotic education of student youth of Kazakhstan in conditions of modernization оf public consciousness ...62

Р.С. ҚАСЫМОВА, М.М. СҮЛЕЙМЕН

Ә.Қастеев шығармашылығы арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру ...74

Д.В. ЛЕПЕШЕВ

Современные проблемы исследования семейных цен- ностей, национальных традиций в современной казах- станской семье ...82 Ш.Т. ТАУБАЕВА, А.Т. КОНУСОВ, М.С. АУЕСБАЕВ Әскери қызметшілерді рухани-адамгершілікке тәрбие- леудің мәні мен мазмұны ...90

А.А. КАЛЫБЕКОВА, Г.М. МУСАХАНОВА, Ж.З. ТОРЫБАЕВА

Реализация потенциала дисциплины «Иностранный язык» в системе патриотического воспитания студентов ... 102

(2)

ӘОЖ 37.017.92

Ә.Қ. МЫҢБАЕВА, П.О. ИЗТАЕВА, А.А. КАРАБУТОВА Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті

ХХ-ХХІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ТЕОРИЯСЫ

Мақалада адамгершілік тәрбиенің заманауи теориялары (ХХ-ХХІ ғғ.) берілген.

Авторлардың пікірінше, жаңа ғасырдың цифрлық қоғамында адамгершілік білім беру мен тәрбиелеу тарихының үздіксіз сабақтастығын қоса отырып, жаңа заманауи теориялық түсініктерді қамтитын аксиологиялық құзыреттілікті қалыптастыру керек. Рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру жақсылық пен зұлымдық, ақиқат пен жалғанның шешімін іздеуге байланысты өте күрделі бағыт, көп еңбекті қажет етеді. Мақаланың мақсаты – адамгершілік білім берудің заманауи теория- ларын талдау, болашақ мұғалімдердің аксиологиялық құзыреттілігіне енгізу үшін

«өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру тұжырымдамасымен салыстыру.

Мақалада Л.Колберг теориялары, «Өзін-өзі тану» тұжырымдамасы, А.Маслоудың жаңартылған тұжырымдамасы ұсынылып, оларды салыстыру жүргізілді. Теориялар бір-бірін толықтырады, бұл болашақ ұстазға тәрбиенің адамгершілік, құндылықтық аспектілерін түсінуге көмектеседі.

Кілтті сөздер: адамгершілік тәрбие, адамгершілік білім, Л.Колберг теориясы, өзін- өзі тану, Мен-тұжырымдамасы, аксиологиялық құзыреттілік.

Кіріспе

Қазіргі заманда қоғамның қайырымды азаматын қалыптастыру талаптары өзекті мәселеге айналып отыр. «Қайырымды аза- матты» қалыптастыру идеяларын ежелгі заманнан бері көптеген ғалымдар қарас- тырды. Адамгершілік тәрбиесі туралы педагогикалық теориялар философиялық және саяси ілімдердің тарихи дамуы ретін- де пайда болды. Мысалы, ежелгі грек фи- лософтары Сократ, Платон, Аристотельдің азаматтарда Ұстамдылық (Сабырлық), Батылдық (Ерлік), Әділеттілік (Адалдық), Даналықты тәрбиелеу туралы идеялары, әл-Фарабидің қайырымды азамат туралы ілімі, Канттың адамгершілік негізі иде- ялары және т.б. Адамгершілік тәрбие тарихын зерделеу, осы теориялық тұжы- рымдамалардың Я.А. Коменскийдің, И.Герберттің және т.б. адамгершілік тәр- бие теорияларында көрініс тауып, дамығанын көрсетеді.

Бұл мақалада біз ХХ және ХХІ ға- сырларда пайда болған адамгершілік білім берудің заманауи теорияларын қарас- тырамыз. Адамгершілік тәрбие мен білім

берудің даму тарихы туралы ілімдер- ді «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің аксиологиялық құзыреттілігін қалыптас- тыруда енгіздік.

Негізгі бөлім

Тұлғаның аксиологиялық құзіретті- лігі дегеніміз – тұлғаның интеграциялық қасиеті, сондай-ақ құндылықтарды, өмір- ге деген құндылық тұрғысындағы қарым- қатынасты түсінуге, гуманистік құнды- лықтар қағидаларының негізінде шешім- дерді позитивті қабылдауға қабілеттілігі.

Мұғалімдердің аксиологиялық құзірет- тілігіне біз педагогикадағы аксиология және аксиологиялық көзқарас туралы білімін, өнегелі адамдар туралы білімді, іс-әрекеттің этикалық реттеуіштерін, адамгершілік тәрбие туралы ілімді, тұлғаның аксиологиялық дамуына құн- дылықтар тұрғысынан қарауды қосамыз.

Яғни, біздің түсінігіміздегі аксиология- лық құзіреттілікке аксиология ілімін дәстүрлі түрде қосумен қатар, мұғалім үшін адамгершілік тәрбие мен білім берудің теориясы туралы ілімді, сондай- ақ соны ұстануды қосамыз.

(3)

ХХ және ХХІ ғасырдағы адамгершілік тәрбие мен білім беру. Педагогикалық ғылымда рухани-адамгершілік тәрбие мен білім берудің бірнеше бағыттары мен дәстүрлерін атап көрсетуге бола- ды. Отандық дәстүрге оқушының білім- ділік және тәрбиелік идеалы /мұраты/

теориялары, тұлға дамуының этнопедаго- гикалық негіздері, орта ықпалы, А.С.Макаренконың ұжымдық тәрбиелеу теориясы, «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім берудің қазіргі заман тұжырымдамасы және т.б. көп әсер етті және әсер етіп келеді.

ХХ ғасырдағы батыс дәстүрінде Лоуренц Колбергтің адамгершілік даму теориясы, Айзенбергтің өзін-өзі анықтау теориясы және т.б. кеңінен танымал.

Екі дәстүрде де құндылықты және құн- дылықты-мағыналы көзқарас ежелгі грек философтарының ізгілік туралы көз- қарастарынан жалғасын табатын «Адам- гершіліктің алтын қағидасымен» ұштаса отырып қарастырылады.

Қазіргі заман теориялары туралы ба- яндауды таяуға дейін отандық тәжірибеде онша танылмаған Л.Колбергтің [1-3]

адамгершілік даму теориясынан бастай- мыз. Аталмыш теория ХХ ғасырдың 70-80 жылдары жарық көрді. Лоуренц Колберг (1927-1987) Ж.Пиаженің теориясын са- раптап, оны дамытады, зерттеу жүргізе отырып балалар мен жасөспірімдерге адамгершілік таңдауға қатысты дилемма ұсынады. Адамгершілік дилеммасының түрлі шешімдері бар және олардың әрқайсысының ұтымды жақтары да, өз кемшіліктері де бар. Колберг олардың жа- уаптарын саралай отырып, эмоционалдық дамуы баланың когнитивтік үдерістеріне тәуелді екенін анықтайды. Баланың әлем- ді танып-білуі эгоцентризмді жеңуге мүм- кіндік береді, сөйтіп оның оқиғаларды өзге адамдардың пікірімен есептесе оты- рып бағалауына мүмкіндігі пайда болады.

Ж.Пиаже баланың моральдық даму- ындағы екі кезеңді (моральға дейінгі және адамгершілік реализм) атап өтсе, Л.Кол- берг үш деңгей (конвенционалдыға дейін-

гі, конвенционалды, конвенционалды- дан кейінгі) мен 6 кезеңді атап көрсетеді (1-кесте).

Л.Колбергтің пікірінше, кейбір адам- дар әлеуметтік және моральдық регрес- сияға ұшырауы мүмкін. Аталмыш теория негізінде адамгершілік даму тестілері пай- да болды. Мәселен, Defining Issues Test (Дж.Рест) [3-4].

Келесі автор Айзенберг (1999) өзінің

«Тұтастықты іздеу: көшбасшылықтың әсерін зерттеу» атты диссертациялық зерттеуінде тұлғаның тұтастығына баса көңіл бөледі. Ол тұтастықты бірегей дара сипат деп санады, себебі ол әрбір адамға қажет тұлғалық өзгергіштердің бірі деп есептеген. Адалдық – көшбасшылықта негізгі рөл ойнайтын және сенім, шынайы- лық, дұрыстық, рөлдік үлгілеу, тұтастық құндылығы және өзгелері секілді басқа да құндылықтардың басын біріктіретін этикалық құндылық. Айзенберг кез-келген ұйымға қызмет дәрежесіне, иерархиясы- на, мәртебесі мен қызметіне қарамастан оның әрбір мүшесінің тұтастығы қажет деп әңгімені әрі қарай өрбітеді [5].

Отандық дәстүрдің қазіргі кезеңінде С.А.Назарбаеваның басшылығымен да- йындалған «Өзін-өзі тану» рухани-адам- гершілік білім тұжырымдамасына үлкен мән беріледі. Концептуалды негіздерінің толық мазмұндамасын Р.А.Мұқажанова мен Г.А.Омарова еңбектерінен табуға бо- лады [6-7].

Тұжырымдамада «Өзін-өзі танудың»

әмбебап құндылықтары атап көрсетілген:

«Ақиқат» (Ақиқат – болмыстың тұтасты- ғын ұғыну, өмірді шынайы түрде қабыл- дау), «Сүйіспеншілік» (адамның позитив- ті энергиясы, осыдан оның позитивті таң-дауы), «Дұрыс әрекет» (әркімнің бойында бар Ар-ұят қасиетін ояту),

«Ішкі тыныштық» (сезімдерді бақылау үшін алдымен ақылды тыныштанды- ру керек), «Қиянат жасамау» (ешкімге зиян жасамауға тырысу; барлық тіршілік иелерінің өз сезімі бар екенін және өмір сүруге құқы бар екенін ұғыну) [8-10].

Зерттеу нәтижелері

(4)

Деңгей және кезеңдер Сипаттамасы Баланың жас шамасы Конвенционалдыға дейінгі

(моральға дейінгі) деңгей Адамның мінез-құлқы пайда қағидатына негізделеді және одан әрі жаза негізінде бағаланады.

Жазаға және тыңдауға бағдары.

4-10 жас

1-кезең

Жазаға және тыңдауға бағдары

Бала жазадан аулақ болу үшін тыңдауға тырысады. «болмайды»,

«ауырады» деген сөздерді сезінеді, «ұят», «дұрыс емес» сөздерінің мағынасын түсінбейді.

2-кезең

Аңғал гедонистік бағдары Сыйақы алуға, пайда табуға бағдарлау.

Аңғал гедонистік бағдар.

Конвенционалды деңгей (жалпы қабылданған мораль деңгейі)

Дұрыс, дұрыс емес дегенге қатысты қоғам конвенцияларын қабылдау.

Мінез-құлық қағидаларын және қоғамдық құндылықтарды ұғыну.

Қоғамдық мойындау жеке мүдделерінен жоғары.

Жасөспірімдер мен ересектерге тән (алғашқы нұсқасы - 10-13 жас) 3-кезең

Жақын ортаның /кіші топтың/ әлеуметтік нормалары.

«Жақсы бала/жақсы адам»

үлгісі

Адам өзінің мінез-құлқын жақын ортаның/отбасының/кіші топтың қағидаттарына сәйкес бағалай алады.

«Ұят» деген не екенін түсінеді, ересектердің көзінше жақсы бала болғысы келеді.

4-кезең

Белгіленген әлеуметтік тәртіпті қолдау үшін қондырғы.

Мораль белгіленген ережелер мен заңдарға сәйкес келеді.

Адам қоғамда қабылданған заңдардың болуын ұғынады, олар не үшін қажет екенін, не үшін қызмет ететінін түсінеді. Заңдарды сақтау өз құқықтарын қорғауға және іске асыруға мүмкіндік беретінін түсінеді.

Мінез-құлық бақыланады. Алайда, адамгершілікке жатпайтын әрекеттер жасалуы мүмкін.

Конвенционалдыдан кейінгі деңгей (автономды мораль деңгейі)

Жеке адамгершілік критерийлері қалыптасады.

Тұлғаның жеке көзқарасы жалпы қоғамның көзқарасынан басым болуы мүмкін деп түсініледі.Осылайша, адамдар өзінің жеке моральдық қағидаларына (адамның негізгі құқықтары - өмір сүру құқығы, еркіндік, әділдік) сәйкес келмейтін ережелерге бағынбауы мүмкін

13 жастан жоғары

5-кезең

Қоғамдық келісім-шарттың өнімі ретінде мораль туралы утилитаризм және ұсыну (әлеуметтік келісім- шарт)

Әлем түрлі пікірлерді, құқықтар мен құндылықтарды қамтиды.

Құқықтар мен құндылықтарды әрбір адам мен қауымдастық үшін құрметтеу қажет. Адамға деген құрмет көрсетіледі (маңызды адамдарға ғана емес). Заңдар-қатаң нұсқаулар емес, әлеуметтік келісімшарттар.

Жалпы әл-ауқатқа ықпал етпейтін заңдар көпшіліктің шешімі мен ымыраға сәйкес өзгертілуі мүмкін.

6-кезең

Әмбебап этикалық принциптер (жеке адамгершілік принциптер және ар-ождан реттеуші ретінде)

Мораль әмбебап этикалық принциптерді қолдана отырып абстрактілі пайымдауларға негізделген. Заңдар әділеттілікке (дұрыстыққа) қаншалықты негізделсе, соншалықты ғана әрекет етеді. Адамдар тиімді немесе заңды түрде берілген жазадан аулақ болуға көмектесетіндіктен емес, ол дұрыс болғандықтан бір нәрсе жасайды,

Кейінгі жұмыстарда пайда болды

7 кезең – Трансцендентальдық адамгершілік немесе ғарыштық бағдарлы мораль. Дінді моральдық пайымдаумен байланыстырады.

1-кесте. Адамның моральдық даму деңгейлері мен кезеңдері (Л.Колберг бойынша)

Тұлғаның тұтастығы тұжырымдамасы- на тоқталып, оның құрамын немесе деңгейлерін айырып алайық [6-10]

(1-сурет). Әрбір адамның, оның Мен- тұжырымдамасында «тәндік Мен», «эмо- ционалды Мен», «ментальді Мен» (адам- ның білімі, біздіңше, оның білімділігі),

«зияткерлік Мен» (ақыл-парасат, адам-

ның ажырата білу деңгейі, этикалық өзгешелігі), «рухани Мен»-ді атап көрсе- туге болады. Авторлардың атап өтке- ніндей, ішкі жұмыс жасалған жағдайда, өзімен құндылықты жұмыс істелген кез- де адамның зияткерлік деңгейі адамды руханиятқа жетелейтін (кілт «жоғарыға»

бұралады) немесе оның эгоцентрлік ерек-

(5)

шеліктері басым болған жағдайда (кілт

«төменге» бұралады) регресске итерме- лейтін кілт болып табылатындығын тағы да атап көрсетеміз.

Қазіргі педагогтардың, соның ішінде

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің міндеті тұлғаның тәндік, эмоционалдық, ақыл-ой дамуына ғана нәр беріп қоймай,

«өзгешелік деңгейлерін» де жүктеу, бас- қаша айтқанда, Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау секілді адамзатқа ортақ құн- дылықтарды бағдарға ала отыра ішкі ру- хани жұмыспен ұштастыру.

Біздің ойымызша, аталмыш теория Иоганн Герберттің адамгершілік тәрбие туралы теориясымен ұштасады. Оның мәні мынада: адамгершілік тәрбие бала-

да тәртіптің қалыптасуы арқылы және зияттық білім арқылы жүзеге асады. Ол неміс философтарының идеяларымен та- ныс болатын: Канттың адамгершіліктің метафизикасымен, Фихтенің адамгерші- лік ілімімен және т.б. И.Герберт ұзақ жылдар бойы И.Кант сабақ берген Кенигсберг университетінде жұмыс істеген. Иоганн Ф.Герберт өзінің «Ортақ педагогика» кітабында қандай да бір білім беру мақсатынсыз педагогикалық қызмет болмайтынын атап көрсеткен. Оның пікірінше, адамгершілік тәрбие – білім берудің мәні болып табылады және кез- келген шынайы педагогикалық қызметтің білім берушілік мәні бар. Яғни, мұндағы мақсат – өз сана-сезіміңді дамыту [9].

Басты мақсат – өнегелі адам қалыптастыру

1-сурет. Жеке тұлға тұжырымдамасы («Бөбек» ҰҒПББСО, «Өзін-өзі тану» пәні).

(Джуринский, 2014. 308-309). Тәрбие беру үдерісі мыналардан тұрады: басқару–

оқыту, және адамгершілік тәрбие беру.

Адамгершілік үдерісі мінсіз болуы үшін мынадай бес өлшемге сәйкес болуы тиіс:

ішкі бостандық, кемелділік, мейірбандық, заңдылық пен әділдік.

И. Герберттің тұжырымдамасы мен

«Мен – тұлға деңгейін» сараптап, салы- стыру «білімнің ақыл-ой деңгейі» және

«құндылықтардың өзгешелік деңгейі»

арасындағы айырмашылықтарды терең- ірек түсінуге мүмкіндік береді. Яғни, ақылды, білімді адам өз білімін жарата алады, ойланып, салыстырып, сараптап, оларды жиынтықтай алады. Бұл «мидың»

(6)

сараптамалық икемділігі мен жұмысы.

Бұдан күрделірек деңгей, рухани деңгей- ге жеткізетін саты – зерденің, немесе ойланудың көмегімен «жүректі» қосып, құндылықты ойлануды әрекет ету. Шар- ты түрде И.Герберт адамгершілікті оқып үйренуден жоғары бағалайды деп айтуға болады. Яғни, оны оқығандықтан, қазіргі түсініктегі – білімдарлық, игерілген, үй- ренген білімнен де жоғары санаған.

Алайда, руханилыққа жету үшін құнды- лықтарға бағытталған икемділік пен ақыл-ой қажет.

Аталмыш тұжырымдаманы А.Маслоу- дың қажеттілік пирамидасымен де салы- стырып көрсек дейміз. Біз А.Маслоудың жаңартылған пирамидасын ұсынамыз.

90-жылдары батыс психологиясында А.Маслоу пирамидасының жетілдірілген нұсқасы пайда болды [11]. (2-сурет)

Гуманистік психология бағытының

өкілі болып табылатын Абрахам Маслоу 1943 жылы «Адамның қажеттілік иерар- хиясы» деп аталатын еңбегін жариялады.

Гуманистік психология мен педагогика бағытының өзі ХХ ғасырдың 60-70 жыл- дарынан бері ғылымда белсенді дамып келеді. Қазір бұл бағыт заманауи психо- логия мен педагогиканың дамуында және олар арқылы әлеуметтік-экономикалық салада, қоғам дамуында үлкен рөл атқарады.

2-суреттегі қажеттілік иерархияс- ының үлгісінен көріп отырғанымыздай, тұлғаның маңыздану мен өзін-өзі іске асырудан өзге ең басты қажеттіліктері –

«маңындағыларға өзін-өзі іске асыруға кө-мектесу», яғни басқа адамдардың дамуы мен маңыздануына көмектесу.

Сондықтан да мұғалім мамандығы ең үлкен өмірлік әлеуетке – гуманистік әлеуетке ие. Дәл осы себепті кез-келген

2-сурет. А.Маслоу пирамидасының жетілдірілген нұсқасы [11].

(7)

замандағы педагогтардың көпшілігі гума- нистік тәсілдерді қолдана отырып, шын- туайтында гуманистік міндетті жүзеге асырады деп айтуға болады.

Л.Колбергтің теориясы мен «Өзін- өзі тану» тұжырымдамасын салыстырып қарайтын болсақ, тұлғаның ақыл-ой даму- ынан жалпыадамзаттық құндылықтарды бағдарға алумен байланысты рухани да- му деңгейіне өтуінің маңыздылығын жә- не «Өзін-өзі тану» құндылықтарының түбегейлі екенін көреміз.

Қорытынды

Қазіргі заман педагогикасында білім мен білім беру жүйесі де құндылықтар ретінде қабылданады. Білім беру дәстүрді, моральды нормалар, адамгершілік құнды- лықтарды жеткізуді, адамды әлеумет- тендіруді, оның үнемі өзгеріп отыра- тын экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларға бейімделуін сақтай отырып, мәдениетті трансляциялаудың құндылық- тандыру міндетін атқарады. И.Ф.Исаев- тің анықтауы бойынша, «білім құнды- лықтары – бұл педагогикалық қызметті жүзеге асыру барысында психологиялық- педагогикалық білімнің мән-мағынасын ашып көрсететін құндылықтар» [12,

83 б.]. Г.И. Чижакова пікірінше, білім берудің аксиологиялық тәсілдері құн- дылық қалыптасуының (сана-сезім, қа- рым-қатынас, адамның мінез-құлқы) ма- ңыздылығын паш етеді.

Сондықтан, біздің ойымызша, қазіргі заман педагогтарына адамгершілік білім мен тәрбие беру теорияларын білу, олардың даму үрдістерін түсіну қажет. Бұған дейін біз Платон мен Аритотельдің, әл- Фарабидің идеяларын, Я.А.Коменскийдің адамгершілік білім берудің төрт түбегейлі ізгілігін, И.Герберттің теориясын және т.б. қарастырған болатынбыз [13]. «Өзін- өзі тану» пәнінің болашақ ұстаздарына біз адамгершілік тәрбие беру теория- сы идеяларының сабақтастығына ерек- ше көңіл бөлінген теориялардың құры- лымдалған зерттеуін ұсынамыз.

Қазіргі адамгершілік білім теориясы ақырындап моральдық өзін-өзі бағалауды дамыту, тұлғаның адамгершілік өзін- өзі анықтау идеясына ауыса бастады.

М.Зденковтың ізімен [14], «біз адамгер- шілік өзін-өзі бағалауды қалыптастыруды моральдық ілім немесе моральдық са- бақ деп қана емес, одан да кең ұғымда түсінеміз» деп айта аламыз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Лоуренс К. Претензия на моральную адекватность высшей стадии нрав- ственного суждения // Философский журнал. – 1973. – Вып. 70, №18. – С. 630–646.

doi:10.2307/2025030. JSTOR 2025030

2. Степанов С. Лоуренс Колберг (1927—1987) // Школьный психолог. – 2003. – №37.

3. Дилеммы Л.Голберга // URL: http://zhurnal-razvitie.ru/psihologiya-lichnosti/teoriya- moralnogo-i-nravstvennogo-razvitiya-kolberga-stadii-razvitiya-dilemmy.html Дата обраще- ния: 01.09.2019

4. Теория морального развития Л.Колберга // URL: https://ru.wikipedia.org/wiki/

5. Каур С. Моральные ценности в образовании // Гуманитарный и общественный журнал IOSR. – 2015. – №20 (3). – С. 21-26.

6. Омарова Г.А., Ахметова А.И., Абдрахманова А.М., Багадаева Ж.А. Духовное наследие человечества (5-11 кл.). Методическое пособие для учителей. – Алматы, ННПООЦ «Бөбек», 2014. – 128 с.

7. Мукажанова Р.А. Руководство для тренера: основной уровень. – Алматы, 2015.

8. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Общечеловеческие ценности (5-11 кл.).

Методическое пособие для учителей. – Алматы, ННПООЦ «Бөбек», 2014.

9. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Методика преподавания дисциплины

«Самопознание» в школе. Учебно-методическое пособие для учителей. – Алматы:

ННПООЦ «Бобек», 2013. – 176 с.

(8)

10. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Программа нравственно-духовного образова- ния «Самопознание», третий (базовый) уровень. – Алматы, ННПООЦ «Бөбек», 2014.

11. Стивен Эванс-Хоуи. Как победить стресс на работе за 7 дней. Четкость в распре- делении ролей // URL: https://rutlib5.com/book/31792/p/21 Дата обращения 30.09.2018.

12. Сластенин В.А., Чижакова Г.И. Введение в педагогическую аксиологию: уч.пос.

– М.: Академия, 2003. – 192 с.

13. Паридинова Б.Ж. Болашақ мұғалімдердің рухани дүниетанымын дамытатын факторлар // Вестник АПНК. – 2019. – №3. – С.99–106.

14. Мынбаева А.К., Изтаева П. Болашақ мұғалімдердің аксиологиялық құзіреттілік мазмұнындағы адамгершілік тәрбиенің тарихи негіздері // Журнал «Наука и жизнь Казахстана». – 2019. – №6.

15. Медвеш З. Образование (Bildung) для ценностей // Новые педагогические вы- зовы в XXI веке: вклад исследований в образование. – 2018. – С. 73.

REFERENCES

1. Lawrence K. The Claim to Moral Adequacy of a Highest Stage of Moral Judgment // Journal of Philosophy. – 1973. – Vol. 70, No. 18. – P. 630–646. doi:10.2307/2025030.

JSTOR 2025030

2. Stepanov S. Lawrence Kolberg (1927-1987) // School psychologist. – 2003. – №37.

3. L. Golberg dilemmas // URL: http://zhurnal-razvitie.ru/psihologiya-lichnosti/teoriya- moralnogo-i-nravstvennogo-razvitiya-kolberga-stadii-razvitiya-dilemmy.html date of the application: 01.09.2019

4. The theory of moral development L. Kolberg // URL: https://ru.wikipedia.org/wiki/

5. Kaur S. Moral values in education // IOSR Journal Of Humanities And Social Science, 2015. – №20 (3). – P. 21-26.

6. Omarova G.A., Akhmetova A.I., Abdrakhmanova A.M., Bagadaeva Zh.A. The spiritual heritage of mankind (5-11 c.). Teacher Manual. – Almaty, NNOOPO «Bobek», 2014. – 128 p.

7. Mukazhanova R.A. Trainer’s Guide: Basic. – Almaty, 2015.

8. Mukazhanova R.A., Omarova G.A. Universal Values (5-11 grades). Teacher Manual.

– Almaty, NNOOPO «Bobek», 2014.

9. Mukazhanova R.A., Omarova G.A. The methodology of teaching the discipline «Self- knowledge» at school. Teaching aid for teachers. – Almaty, NNOOPO «Bobek», 2013. – 176 p.

10. Mukazhanova R.A., Omarova G.A. The program of moral and spiritual education

«Self-knowledge», the third (basic) level. – Almaty, NNOOPO «Bobek», 2014.

11. Stephen Evans Howie How to beat stress at work in 7 days. Clarity in the distribution of roles // URL: https://rutlib5.com/book/31792/p/21 date of the application 30.09.2018.

12. Slastenin V.A., Chizhakova G.I. Introduction to pedagogical axiology: academician–

M .: Academy, 2003. – 192 p.

13. Paridinova B.Zh. Factors that develop the spiritual worldview of future teachers //

Bulletin of APSK. – 2019. - №3. – P.99-106.

14. Mynbaeva A.K., Iztaeva P. Historical bases of moral education in the content of axiological competence of future teachers // Journal «Science and Life of Kazakhstan». – 2019. – №6.

15. Medveš Z. Education (Bildung) for Values // New Pedagogical Challenges in the 21st Century: Contributions of Research in Education. – 2018. – P. 73.

(9)

МЫНБАЕВА А.К., ИЗТАЕВА П.О., КАРАБУТОВА А.А. ТЕОРИИ НРАВСТВЕН- НОГО ОБРАЗОВАНИЯ И РАЗВИТИЯ В ХХ-ХХI ВЕКАХ

В статье представлены современные теории нравственного воспитания (ХХ-ХХI века). По мнению авторов, необходимо формирование аксиологической компетенции учителя в новый век цифрового общества, включающего блок знаний истории нрав- ственного воспитания и образования в преемственном поступательном движении, по- нимании выхода на новые современные теории. Духовно-нравственное воспитание и образование очень сложное направление, трудоемкое, связанное с поиском решений в дилеммах добра и зла, истины и лжи. Цель статьи – анализ современных теорий нрав- ственного образования, их сравнение с концепцией нравственно-духовного образова- ния «Самопознания» для включения в аксиологическую компетенцию будущих учи- телей. В статье представлены теории Л. Колберга, концепция «Самопознания», обнов- ленная концепция А. Маслоу, проведено их сравнение. Теории дополняют друг друга, что помогает будущему учителю лучше высветить, понять нравственные, ценностные аспекты воспитания.

Ключевые слова: нравственное воспитание, нравственное образование, теория Л.

Кольберга, самопознание, Я - концепция, аксиологическая компетентность.

MYNBAYEVA A.K., IZTAYEVA P.O., KARABUTOVA A.A. THE THEORIES OF MORAL EDUCATION AND DEVELOPMENT IN THE XX-XXI CENTURIES

The article presents modern theories of moral upbringing (XX-XXI centuries). The authors believe that the new age of digital society requires the formation of axiological competence in the teachers. This competence shall include a block of knowledge of the history of moral education and upbringing in successive forward motion, the understanding of access to new modern theories. Spiritual and moral education and upbringing is a very complex direction;

it is time-consuming, is associated with the search for solutions in the dilemmas of good and evil, truth and falsehood. The article analyses modern theories of moral education and compares them with the concept of spiritual and moral education of «Self-Knowledge « for inclusion in the axiological competence of future teachers. The article presents and compares the theories of L. Kolberg, the concept of «Self-Knowledge,» and the updated concept of A.

Maslow. These theories complement each other to help a future teacher to better highlight, understand the moral, value aspects of education.

Keywords: moral education, moral upbringing, L. Kolberg’s theory, Self-Knowledge, Self-concept, axiological competence.

UDC 378.02:37

M.S. JILKISHIYEVA Taraz State Pedagogical University

CIVIL-PATRIOTIC UPBRINGING OF STUDENT YOUTH OF KAZAKHSTAN IN THE CONDITIONS OF MODERNIZATION OF PUBLIC CONSCIOUSNESS This article is the result of many years of theoretical and experimental research on the problem of the formation of civil-patriotic qualities in young people – the students who are the vanguard of Kazakhstani youth. Large-scale transformations taking place in the Republic of Kazakhstan are impossible without the transformation of public consciousness; the mod- ernization of Kazakhstani society cannot be productive without the formation of a new type of personality. In this view, the upbringing of young citizens in the spirit of Kazakhstani patriot-

(10)

OUR AUTHORS

ABDUALIYEVA M.A. South Kazakhstan State University named M.Auezov, Abdual- ieva82@mail.ru

ABITAYEVA R.SH. Candidate Of Pedagogic Science,Associate Professor, depart- ment of Pedagogy, Psychology and Philology Zhezkazgan Baikonurov University, abitaeva13@mail.ru

ADAMOV А.А. Master of military affairs and security; lieutenant colonel;

doctoral student of the Academy of the Border Service of the National Security Committee of the Republic of Kazakhstan ADILZHANOVA D.А. Ust-Kamenogorsk branch of a private institution of the Center

for Pedagogical Excellence

AKHMETBEKOVA S.K. Candidate of Pedagogical Sciences, Associate Professor, Center for Pedagogical Excellence AEO «Nazarbayev Intel- lectual Schools» NAO «University» Semey «

AKHMETKARIMOVA

K.S. Candidate Of Pedagogic Science, Associate Professor, De- partment of Pedagogy, Psychology and Philology Zhezkazgan Baikonurov University, ahmetkarimovaks@mail.ru

ALIMBAYEVA А.S. Master of Еducation, Secondary School №30 named after O.Zhandosov, alimbaeva.altynay@mail.ru

ALMETOV N.SH. South Kazakhstan State University named after M. Auezov ANUAR G. master of Arts, KazNU named after al-Farabi

AUESBAYEV M.S. Doctoral Student, Academy of the National Security Commit- tee of the Republic of Kazakhstan, auesbaev_murat@mail.ru AUSHENOVA A.S. Master Of Arts, Teacher, University of KazNU named al-Far-

abi, ai_ku_as@mail.ru

BAIMURATOV O.S. 1-year magistry student, Abay Kazakh National University, 11Dostyk@mail.ru

BAISALOV J.U. Doctor Of Pedagogical Sciences, Professor, Kyrgyz State University I. Arabaev, bamart@mail.ru

BASHCHIKULOV A.S. doctor phd, colonel, Academy of the Frontier Service of the NSC of the RK

BERDALIYEV A.M. Senior Lecturer, international humanitarian-technical Uni- versity

BULATBAYEVA A.A. Doctor Of Pedagogical Sciences, Professor, KazNU al-farabi BURUNBETOVA K.K. Ust-Kamenogorsk branch of a private institution of the Center

for Pedagogical Excellence

GABDRAKIMOVA G.S. Master of Arts, senior teacher, KazNU named after al-Farabi IZTAYEVA P.O. Undergraduate specialty 6M012300 – «Social pedagogy and

self-cognition», The teacher of additional education of the training and recreation complex “Self-cognition”, NSPEHC

«Bоbek»

(11)

JAKUBAKYNOV B.B Candidate of Pedagogical Sciences, Doctor of Social Sci- ences, Associate Professor, Abay Kazakh National University, beibit-22@mail.ru

JILKISHIYEVA M.S. Candidate of Pedagogical Sciences, Doctor of Pedagogical Sciences of the Kyrgyz Republic, Professor, Corresponding Member of the Academy of Pedagogical Sciences of Kazakh- stan, Professor of the Russian Academy of Natural Sciences, Professor of Taraz State Pedagogical University, maira- taraz@mail.ru

KALYBEKOVA A.A. Doctor of Pedagogical Sciences, Professor, M.O. Auezov South Kazakhstan State University

KALJANOVA U.A. assistant-teacher, Nukus State pedagogical institute named by Ajiniaz

KARABUTOVA A.A. doctoral student of specialty 6D012300 – «Social pedagogy and self-cognition», al-Farabi Kazakh National University, Head of the Department of Educational Programs, Institute for Harmonious Human Development, Bobek National Scien- tific and Practical, Educational and Health Centre

KASYMOVA R.S. Candidate of Pedagogical Sciences, Associate Professor, Al- Farabi Kazakh National University, krs1958@mail.ru KENZHEBAI R.N. candidate of pedagogical sciences, docent, UKGU named af-

terM. Auezov, mega.rabiga@list.ru KENZHEGALIYEV

K.K. Candidate of Pedagogical Sciences, Professor, Department of

«Pedagogy, Psychology and Social Work», Sh.Sh. Valikhanov Kokshetau State University

KONUSOV A.T. magistry student, Academy of the National Security Commit- tee of the Republic of Kazakhstan

KULATAYEV K.A. Senior Lecturer, Abay Kazakh National University, kulataev.k@mail.ru

KUNAKOVA K.U. doctor of Pedagogy, professor, Kazakh Ablaikhan university of international relations and world languages, baqdaris@

mail.ru

KUSSAINOV G.M. Candidate of Pedagogical Sciences, Associate Professor, Center for Pedagogical Excellence AEO «Nazarbayev Intel- lectual Schools» NAO «University» Semey «

KYLYSHBAYEVA G.B. associate Professor, international humanitarian-technical University, kuntun-gulnar@mail.ru

LABENOVA R.S. magister, teacher, UKGU named after M.Auezov, Labenova74@mail.ru

LEPESHEV D.V. Candidate of Pedagogical Sciences, Professor, Academician of the Academy of Pedagogical Sciences, Kokshetau Univer- sity named after A. Myrzakhmetov, d_Lepeshev@mail.ru KYLYSHBAYEVA G.B. associate Professor, international humanitarian-technical

University, kuntun-gulnar@mail.ru

(12)

LABENOVA R.S. magister, teacher, UKGU named after M.Auezov, Labenova74@mail.ru

LEPESHEV D.V. Candidate of Pedagogical Sciences, Professor, Academician of the Academy of Pedagogical Sciences, Kokshetau Univer- sity named after A. Myrzakhmetov, d_Lepeshev@mail.ru MAMYTOV A.M. Doctor of Pedagogical Sciences, Professor of laboratories

of theory and practice of student achievement assessment Kyrgyz Academy of Education, abakir.mamytov@mail.ru MAZHITOVA L.H. Doctor of Pedagogical Sciences, Professor, Full Member of

the Academy of Pedagogical Sciences of Kazakhstan, Almaty University of Energy and Communications, mazhitova_l@

mail.ru

MUSABEKOV M.O. Institute of PKAA of the Turkestan region and the city of Shy- mkent, OJSC «NCPD» Orleu», Abdualieva82@mail.ru MUSAHATOVA G.M. PhD candidate, South Kazakhstan State University named af-

ter M.O. Auezov, Gumika_gumika@mail.ru

MYNBAYEVA A.K. doctor of pedagogical sciences, professor, Al-Farabi Kazakh National University, Umo200709@mail.ru

NAKYPOVA G.K. PhD doctoral student in specialty 6D010300 – «Pedagogy and Psychology», Kyzylorda State University named after Korkyt Ata, Kyzylorda, Kazakhstan, gulnur_8220@mail.ru NURMANOVA G.N. Doctoral student of S. Demirel University, gulzhaina.nur-

manova@sdu.edu.kz

NURZHANOVA A.B. Candidate of Philological Sciences, Associate Professor of S.

Demirel University, aisulu.nurzhanova@sdu.edu.kz

PRIMBETOVA G.S. candidate degree in Pedagogical sciences, Head, Academic methodology department, Turan university, gulzhan.primbe- tova3003@gmail.com

RYMKHANOVA A.R. doctor of philosophy (PhD), associate professor, Karaganda State University named after Academician E.A. Buketova, ai- nagul_rymhanova@mail.ru

SAIDAZIMOVA D.N. master, International humanitarian-technical University SALAMATINA A.M. candidate of pedagogical sciences, assistant professor, Almaty

University of Energy and Communications, alev_sa@mail.ru SAPARKYZY SH. PHD doctor on philosophy, Kyzylorda State University named

after Korkyt Ata,

SAPAROV G.S. Candidate of Biological Sciences, Associate Professor, Center for Pedagogical Excellence AEO «Nazarbayev Intellectual Schools» NAO «University» Semey «

SENKBAYEVA A.A. senior lecturer, International humanitarian-technical Univer- sity

SMAHANOV T.S. South Kazakhstan State University named after M. Auezov SULEIMEN M.M. Lecturer, South Kazakhstan State Pedagogical University,

smm_tm@mail.ru

Referensi

Dokumen terkait

I would like to thank you and your officers for acknowledging and reporting upon the significant work the Department of Home Affairs the Department and Australian Border Force ABF has