• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҦЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ҚОЛДАНУ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҦЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ҚОЛДАНУ"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

ҦЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ҚОЛДАНУ

Бауырхан Жалын Астана қ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университетінің магистранты

Бҥгінгі қоғамның талабы – қазақ халқының сәндік - қолданбалы ӛнері арқылы оқушыларға білім, тәрбие беру, ҧлттық сезімдерін, мәдениетін қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы ӛнері арқылы мектеп оқушыларының шеберлігін ҧ лттық мәдениетті оқу- тәрбие процесінде қолдану қалыптастыруда оларды халықтың рухани-материалдық қҧндылықтарын тҥ сінікпен қабылдауға және кҥнделікті ӛмірде тиімді пайдалануға бағдарлайды. «Ел боламын десең- бесігіңді тҥзе!» демекші ӛз ҧлттық мәдениетімізді, ҧлттық қҧндылықтарымызды жетілдіруді, қадірлеуімізді осы мектеп қабырғасынан бастағанымыз абзал.

Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы кҥші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабына тікелей байланысты. Елбасы Н.Ә.

Назарбаев: «... бҥ гінгі таңда біздің тӛл мәдениетіміздің міндеттерін ӛзіміз айқындай алатын мҥмкіндігіміз бар. Оны шешу мәдени санаткерлеріміздің еншісінде екенін атап кӛрсетті. Қазақ мәдениетінің ҥш мың жылдық тарихы ҧ рпақтарға жалғастық пен сабақтастық арқылы жетіп отыр. Мәдениеттің басты таратушылары болған кӛшпенді ата-бабаларымыз рухани қазынаны ең биік қҧндылыққа қоя алғандықтан және ӛздері сол рухани қҧндылықты бойына жинақтай да білді. Қазіргі бізге жеткен ҧлттық салт-дәстҥ ріміз бен әдет-ғҧ рыптардың қайсысын алып қарасақ та осыны аңғарамыз. Кешеге дейін ӛткеніміз бен бҥгінгіміз жалғастырған нәзік жіп ҥзілмей, ҧрпақ пен ҧ рпақты байланыстырып келеді. Сәби кезімізден анамыздың әлдиі мен әжеміздің ертегісін тыңдадық. Демек, ҧрпақтар сабақтастығы ҥзілген жоқ. Мәдениетіміз тірі, оған серпін мен ырғық керек. Ғасырлар бойы екшеленген мҧ раларды бір сәт те естен шығармаған абзал» - деген [1]. Міне, Елбасымыздың да алға қойып отырғаны да ӛскелең ҧрпақтың ӛз мәдениетін терең тҥсініп, дамыта білуі.

41

(2)

Шексіз далада ӛмір сҥрген бабаларымыздың ҧ рпаққа деген ӛ сиеті, ҥлгісі ӛнер аркылы жеткен. Халқымыздың ҧрпақтарын адал, сңбек сҥйгіш, ӛнерлі етіп тәрбиелеуде ӛзіндік ӛнегесі баршылық. Бҥгінгі уақыт рухани мҧраларымызды терең зерттеп, жете тану, мәдениетіміздің жедел дамуына мҥмкіндік туғызды. Ашығын айтқанда, тоқырау кезеңінде мәдениетіміз ҧзақ уақыт ҥ стірт тҥсіндірілді, бҧ л арада ҧрпақ арасындағы сабақтастық ҥзілді.

Бҥгінде халықтардың ҧлттық сана-сезімінің жетілуі жаңаша ойлауға жол ашады.

Сондықтан тани алмай келген мәдениетіміздің халықтық дәстҥрмен сабақтастығын айқындауымыз қажет. Ҧлттық ӛнерімізді насихаттау арқылы халықтың ҧлттық мәдениетін ӛскелең ҧрпақтардың санасына сіңіре білуге тиіспіз. Дәл осы кезде ӛзіміздің ҧлттық мақтанышымыз киіз ҥй туралы ӛ скелең ҧрпаққа айта кетпеске болмас. Киіз ҥй – кӛшпелі ӛмір салтына бейімдеп жасаған ең кӛне баспана тҥ рі. Ол еуразия даласын мекендеген кӛшпелі және жартылай кӛ шпелі халықтар арасында кеңінен таралып, осы кҥнге дейін ӛзінің кӛне қҧндылығын жоймай келеді. Қҧрылымы бойынша ХІІІ-ХV ғғ. қыпшақтардың киіз ҥйлеріне ҧқсас боп келеді. Киіз ҥйдің мҧндай тҥ рі Орталық, Солтҥ стік және Солтҥстік-Батыс Қазақтанда кӛп кездеседі. ХVІІІ ғ. бастап киіз ҥй кӛптеген географ ғалымдар мен саяхаттанушылардың назарына ілінді.

Киіз ҥйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жҥйесіне, экономикалық біліктілігі, мәдениет пен ӛнердегі талғамы – жалпы ӛмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады. Киіз ҥйдің жалпы іші-сырты тҧ нып тҧ рған ӛнер екені белгілі. Бҧл біздің ата-бабаларымыздың ӛнердің ӛресі болғандығының айқын дәлелі. Ал ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын орда, Ақ орда, Кӛк орда деп аталуының ӛзі осы киіз ҥйге байланысты екенін Ш. Уәлиханов айтқан. 1827 жылы Бӛкей ордасының ханы Жәңгір Ресей патшасы І Николайға киіз ҥй сыйлап, патша ағзам оған ӛте риза болған (Ә. Марғҧлан). Кӛкшетаудағы Абылайдың ақ ордасы, Шыңғыс тӛренің 24 қанат ордасы, Жетісудағы Тезек тӛ ренің ордасы, Ырғыздағы Самырат байдың ҥйі, Ақмоладағы паң Нҧрмағамбеттің ҥйі сияқты елге аңыз болған ҥ йлер кӛп болған.

Киіз ҥй ішін жабдықтауға қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол арқылы қазақ дәулеті мен мәдениетін таныта білген. Бҧл біздің ӛнерге деген, әсемдікке деген қҧштарлығымыз, ӛнерді бағалай білетіндігіміздің айқын дәлелі. Бізді кезінде мәдениетсіз дегендердің мҥлдем дәлелсіз айтылған сӛз екендігін осы ҧлттық ҥйіміз дәлелдеп тҧрғандай.

Қазақ халқы бейнелеу ӛ неріне ӛте жақын, және біте қайнасып келеді десек те артық айтпаған болар едік. Әжелеріміз кезінде киім кешек, ҥйдің іші сыртын безендіруге керемет- керемет ою орнектер ойлап тауып, аталарымыз сонау ерте заманды айтпағада киіз ҥй мен ер тҧрман, зергерлік бҧйымдардың неше тҥрін ойлап тауып, соларды әшекейлеуі қайталанбас әлемдік керемет туынды деуге әбден лайық. Осы ата бабамыздың осыншама ӛнерін кӛ ре тҧра бейнелеу ӛнерінің нағыз ӛресі болмады деп кім айта алар. Алғашқы дизайнерлік шешімдердің ҥй тҧрмысында қолданылуы біздің ҧлы шеберлерімізден бастау алғанын мақтанышпен айтуымыз керек.

Жаңаша қҧрудың алғашқы кезеңдерінен бастап-ақ мәдени салада ҥлкен ӛзгерістер байқалып, ӛнерде жаңа ӛзіндік кӛзқарастар қалыптаса бастады. Ал осы арада ең бастысы ҧлттық ерекшелігімізді сақтап қалу. Бҧл бҥгінгі кҥннің кӛкейкесті мәселесінің бірі. Ӛйткені дәл осы кезде неше тҥрлі ағымдар мен бағыттардың бәсекеге тҥсіп, арасынан ең кӛркемі, халыққа, әсіресе жастарға небір ой тастап тәрбие беретін, ҧлттық сезімге тәрбиелейтін бағытына мән беріп, соны жандадыруға тырысуымыз қажет. Ондай қажетті бағыттарды ҥсті-ҥстіне дамытып, ӛз ҧлтымыздың, еліміздің ӛнерін, ҧлттық қҧндылықтарын ӛзге жҧртқа кӛрсете білу керек.

Оюды әсемдік ҥшін, әрлеу ҥшін қолдана отырып, оның ең ҥлкен ӛнер туындысы екенін ҧмытпауға тиіспіз. Ӛйткені әр бір оюдың ӛз тарихы ӛз мағынасы бар, белгілі бір затты, жан - жануарларды, тіпті іс - қимыл мен оқиғаны бейнелейді, білдіреді [2]. Қазір Батыс еуропада қатты дамып отырған бейнелеу ӛнерінің абстракция бағыты елімізде бҧдан сан ғасырлар бҧрын дамудың шырқау шегіне жеткен, ал бертінде ғана пайда болған дизайн ӛнері, бізде бҧрыннан

42

(3)

бері болған. Оюды зерттей келсең белгілі бір оқиғаны бейнелейтіндей. Қазақтың ою- ӛрнектері еліміздің рухани байлығын, нәзіктікке әсемдікке деген кӛзқарасын, сезімін білдіреді. Біздің оюда біртҥ рлі динамика, ҧлттық рең мен ҧлттық сезім бар сияқты.

Сондықтан да біз оюды мектеп бағдарламасында оқушыларға мағыналық, мәндік жағынан толық тҥ сіндіріп, арнайы ӛтетін болсақ, ӛ скелең ҧрпақтың еліне деген,ҧ лтына деген патриоттық сезімі арта тҥсер еді деп ойлаймын.

Еліміз ес жиып, еңсемізді кӛтере келе, Аллаға шҥкір ӛз-ӛзімізді тани бастадық десек артық айтқандық емес. Кезінде бізді менсінбей мәдениеті жоқ, мал бағудан ӛзге ештемені білмейтін надан, қараң қалған халық етіп кӛрсеткісі келген Кеңес ӛкіметінің саясатынын жоққа шығаратындай дәлелдер кӛптеп кездеседі. Қазақ халқы ҧлы халық.

Оның атадан балаға жеткен ешкіміге ҧқсамайтын ӛз мәдениеті,ӛнері бар екені айқын,енді оны кейінгі ҧ рпаққа жеткізіп, ҧғындыра білгізу міндетіміз. Сол ҥ шін де мектеп қабырғасында ӛтілетін бейнелеу ӛнері сабақтарында натюрморт тақырыбына ҧлттық бҧйымдарды, ҧ лттық салт-дәстҥрді, ҧлттық мәдениетімізді кӛрсететін кӛне жәдігер бҧйымдарды қолдану. Ҧлттық киім-кешектер мен ҧ лттық ойын, ою- ӛрнектерімізді ӛскелең ҧ рпақтың бойына сіңіре білудің маңызы зор. Сондықтан ҧлттық мәдениеттің терең мазмҧнын мектеп оқушыларының шеберлігін қалыптастыруда қолданудың орны ерекше.

Әдебиеттер

1. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан 2030» атты Қазақстан дамуының ҧзақ мерзімді стратегиясы. 11.қараша.2009

2. Әбілхан Қастеев. Алматы,1982

3. Жҥрсін Балкенов. Халық мҧрасындағы ҧлттық ӛрнек және рең, Қарағанды, 1996

Referensi

Dokumen terkait

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Нұр-Сұлтан, Қазақстан e-mail: [email protected], [email protected] ХҒТАР 16.01.33 Қазақ және түрік тілдеріндегі төл сөздер арқылы жасалған

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ BULLETIN of L.N.. Gumilyov Eurasian National University ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени