ҦРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ БҤГІНГІ ЖАС ҦРПАҚ Жұмабеков А.Ә, [email protected]
«Назарбаев орталығы» ММ, Астана
Қазақ даласында мыңжылдықтар, ғасырлар, жылдар бойы ҧрпақтар сабақтастығы қазіргі кҥнге дейін бір сҽт ҥзілген емес. Тҽуелсіздік жолында ата-бабаларымыз тарихтың талай зҧлматты, нҽубетті кезеңдерін басынан ҿткерседе, ҿзінен кейінгі ізін жалғаcтырушы жас ҧрпаққа рухани қҧндылықтарды аманат етуді, оны бойына сіңдіріп отыруды ҧмытпаған. Келмеске кеткен Кеңес ҥкіметі кезеңінде де ҧлт ретінде жойылып кете жаздаған халқымызды, ҧрпақтан ҧрпаққа берілген ҧлттық тҽрбиеміз, тарихи санамыз, ҿршіл рухымыз қҧтқарып қала алды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан ҿзінің тҽуелсіздігін жариялады. Тҽуелсіздік – бҧл халқымыздың кҿптен кҥткен арманы еді. Тҽуелсіздікке халқымыз ары мен жанын салып қол жеткізді. Ал сол тҽуелсіздікті баянды ету қазіргі ҧрпақтың ата-бабалар алдындағы парызы. Бҥгінгі ҧрпақ ҿткен тарихты тек санасына сіңдіріп қоймай, оған қҧрметпен қарауы керек. ХХ ғасырдың басында Алаш қайраткері Ахмет Байтҧрсынҧлы:
«Бір халық ҿзінің тарихын білмесе, бір ел ҿзінің тарихын жоғалтса, оның артынша ҿзі де жоғалуға ыңғайлы болып тҧрады» деген болатын. Бҧл сҿзді халқымыздың ҧлы ҧстазы бекерге айтпаса керек. Себебі, мҧндай мысалдарды ҽлем тарихының ҿткен кезеңдерінен кҿптеп келтіруге болады. Ҿзінің тарихын ҧмытқан жҽне ҧрпақтар сабақтастығын ҥзіп алған халықтар тарих беттерінен осылайша жоғала бермек.
Тҽуелсіз Қазақстанның тҧңғыш Президенті – Елбасы Н.Ҽ. Назарбаев тҽуелсіздік жҽне ҧрпақтар сабақтастығы жҿнінде былай дейді: «Мемлекеттік, тҽуелсіздік – бҧл тарихтың сыйы емес жҽне тек қазіргі ҧрпақтың бір ҿзінің ғана меншігі емес. Бҧл ҿткеннің алдындағы парыз жҽне болашақтың алдындағы жауапкершілік. Қазіргі ҧрпақтың рҿлі мынада – ол осы мемлекеттік пен тҽуелсіздікті тек нышандармен ғана емес, қайта нақты мазмҧнмен толықтыруы тиіс. ...Біз бҥгін тарих тағылымдарын жақсырақ тҥсінеміз. Мҽселе тек тҥсінуде ғана емес, сонымен қатар қорытынды шығара білуде де». Иҽ, ойы таза ҽрі еркін қазіргі жас ҧрпақ ҿткенді зерделеп, болашаққа нық қадаммен басуы қажет» [1, 60]. Тҿл тарихымыздағы ҧрпақтар сабақтастығының ең басты мҧраты ол – қашанда мемлекеттілігімізді сақтап қалу болған.
Елбасымыз 1997 жылы халыққа алғашқы Жолдауы «Қазақстан – 2030»
стратегиясының кіріспе сҿзінде: «Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы ҿзімнің ой-толғаныстарыммен бҿліскім келеді. Біздің ҿзіміздің болашағымызды жҽне балаларымыздың болашағын қандай кҥйде кҿргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп еліміздің болашағы туралы пікірін осылайша нақты жеткізеді. Сонымен қатар келер ҧрпақ алдындағы жауапкершіліктің маңыздылығы жҿнінде: «Біз бҥгінгі кезеңнің міндеттерінен ҿзге біздің ҧрпақтың келер ҧрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жҥгін арқалайтынын:
ҽкелер мен аналардың, аталар мен ҽжелердің ҿз балалары мен немерелері алдындағы 353
жауапкершілігін кҥнделікті есте ҧстауға тиіспіз» деп атап ҿткен болатын [2, 3]. Еліміз егемендігін алып, етек-жеңімізді енді жинап жатқан уақытта осылайша ҧзақ мерзімге тҽуелсіз ел ретінде ҿсіп-ҿнуге бет алды. Бҧл жолда біздің жҥретін бағытымыз айқын еді.
Қос ғасыр тоғысында еліміз ҥшін ҧрпақтар сабақтастығының маңызы арта тҥсті.
Осыған орай еліміз ҧрпақтар сабақтастығына ҥлкен мҽн беріп 1999 жылды «Ҧрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жариялады. Атаулы жылдың маңызы жҿнінде сол кездегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, жазушы Ҽбіш Кекілбайҧлы
«Ҧрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылын ҿткізу жҿніндегі Мемлекеттік комиссияның мҽжілісінде былай деген болатын: «Сонымен, міне, жаңа ғасыр қарсаңында «Ҧрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылының» шараларын кҥллі қауым болып қолға алмақшымыз.
... Ҿйткені, бҧл жолы да бҧрынғыдай біз тарихи зердені, тарихи ой-сананы тереңдетуді, ХХ-шы ғасырдың интеллектуалдық қҧндылықтарын тыңғылықты пайымдауды, аға ҧрпаққа қамқорлықты кҥшейтуді, жҧртшылықты қоғамның бірлігін нығайту мен жас ҧрпақ тҽрбиесіне белсенділікпен жҧмылдыруды, сол арқылы бҧдан арғы дамуымыздың жалпыҧлттық қағидалары мен стратегиялық мақсаттарын жҥзеге асыруға баршамыз болып атсалысуды кҿздеп отырмыз. ... Аға ҧрпақ ҿнегесі – ҿтіп бара жатқан ғасырдың рухани мҧрасы. Бҥгінгі буын – келер жҥзжылдықта ҿмір сҥріп, елімізді ҿркениетке жеткізер ҧлы жолдағы жасампаз ҧрпақ. Сол ҧрпақтардың бірлігі мен сабақтастығы қос ғасыр тоғысындағы қоғамдық ахуалымыздың ойдағыдай сауығып, жаңа ізденістеріміздің жемісті жҥзеге асуының бірден бір кепілі» [3]. Шынында да, егемендіктің негізін қалыптастыруда аға ҧрпақтың ақыл-ойы, кҥш-жігері, зор еңбегі маңызды рҿл атқарды.
Ал аға ҧрпақтың елдігімізді нығайтуда жинаған мол іс-тҽжірибесі кейінгі ҧрпаққа баға жетпес ҿнеге болып қалатыны сҿзсіз.
Тҽуелсіздіктің 20 жылдығында Қазақстан қуатты елге айналды. Мемлекеттіліктің барлық тҧтқалары қалыптасып, дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Жігерлі де жалынды жас ҧрпақ - тҽуелсіздіктің қҧрдастары ҿсіп келеді.
2012 жылдың 14 желтоқсанында Елбасы Н.Ҽ. Назарбаев «Қазақстан – 2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты кезекті халыққа Жолдауын жариялады. Бҧл мемлекетіміз ҥшін маңызды тарихи қҧжат болып табылады.
Ҿйткені, мҧнда еліміздің болашақтағы нақты жҥретін жолы, бағындырмақ межесі айқындалған еді. Президентіміз ҿзінің Жолдауында ҧрпақтар сабақтастығы туралы
«Тҽуелсіз елді ҿз қолымен қҧрған буыннан басталған ҧлы істерді кейінгі ҧрпақтың лайықты жалғастыратынына кҽміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бҥгінгі буынның ерен істері жҽне жас ҧрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мҽңгілік Ел» боламыз» [4, 7] деп атап ҿтті. Сонымен қатар Президентіміз Жолдауда барлық буын ҿкілдеріне ҥн қатып, соның ішінде жаңа буын жас ҧрпаққа ерекше тоқталды. Ол жҿнінде Елбасы «Мен сҿзімді, ҽсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бҥгін мен жариялаған Жаңа саяси жҽне экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бҧдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды кҿздейді. Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын.
Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы кҥшіне айналуға тиіссіздер» [4, 5] деп жас ҧрпаққа тарихи жауапкершілігі мол сенім артып отыр.
Қазіргі кезде ҧрпақтар сабақтастығын жалғауда тҽрбиенің маңызы зор. Халқымыз қашанда ҧрпақ тҽрбиесіне ерекше кҿңіл бҿлген. Ҧрпақ тҽрбиесінде ҧлттық тҽрбиенің орны бҿлек. ХХ ғасырда ҿмір сҥрген ҧлы жазушы Мҧхтар Ҽуезов «Ел боламын десең, бесігіңді тҥзе» деген аталы сҿзінің тҽрбиелік мҽні зор. Ҽрбір ата-ана ҿзінің ҧл-қыздарының елінің ҥлкен азаматы болуға, ҿз отанын сҥюге, бауырмал, біреудің ала жібін аттамауға ҥгіттейді.
Тҽрбиелі ҧрпақ – біздің болашағымыздың негізі. Тҽуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ жас ҧрпақты тҽрбиелеу мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылған. Президентіміз Н.Ҽ. Назарбаев «Қазақстан – 2050»
стратегиясында: «Бала тҽрбиелеу – болашаққа ең ҥлкен инвестиция. Біз бҧл мҽселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ҧмтылуымыз керек» деп атап кҿрсеткен еді. Президентіміз қашанда жас ҧрпақтың тҽрбиесіне ҥлкен қамқорлық кҿрсетіп келеді.
354
Қазақ халқы жас баланың жастайынан зерек ҽрі алғыр болуын, оның оқуға деген ықыласын қадағалап отырған. Бала Шоқан, Абай, Ыбырай ҿз заманында оқу-білімге қҧмартып ҿскен. Бҧл ҧлы тҧлғаларымыз ҿздерінің саналы ғҧмырын халық ағартушылық ісімен айналысып, олардың қалдырған рухани мҧралары қазіргі кҥнге дейін ҿзінің қажеттілігін жойған емес. ХХ ғасырдың басында ҿмір сҥрген Алаш қайраткерлері де елдігімізді сақтап қалу жолында кҥресе жҥріп, халқымызды оқу-білімге, ғылым ҥйренуге осылайша басқа жҧрттан қалып қоймауға шақырды.
Ҧрпақтар сабақтастығын жалғауда қазіргі заманның білімі мен ғылымын игеру аса маңызды болып табылады. Бҧл еліміздің бҽсекеге қабілетті болуын, оның одан ҽрі дамуын толықтай қамтамасыз етпек. Тҽуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ еліміз жастардың ҽлемдік деңгейге сай білім алуларына барлық жағдайды жасап келеді. Ҽсіресе, ел жастарының сапалы білім алуларына Елбасының қамқорлығы ерекше. Осыған орай елімізде «Болашақ» бағдарламасы, «Интеллектуалдық» мектептер, «Назарбаев университеті» ашылды. Бҧлар мемлекеттілігіміздің қалыптасуына жҽне оның болашақта тҧрақты дамуына қызмет етпек.
Н.Ҽ. Назарбаев ҿзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегінде білім беру ісінің маңыздылығы жҿнінде: «Сондықтан да мен, ҿзімнің «Қазақстанның ҽлемдегі бҽсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деген тақырыпта ел халқына арнаған Жолдауымда, негізінен білім беру жҥйесіне, ғылым мен білімді интеграциялау жолымен оның бҽсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ерекше кҿңіл аудардым.
Осылардың ішінен тең маңызды екі міндетті бҿліп қарауға болады. Біріншіден, білім беру ісі Отанның игілігі ҥшін саналы тҥрде таңдау жасауға жҽне ҿз бетімен шешім қабылдауға қабілетті патриотты тҽрбиелеуге қолдау кҿрсету керек. Екіншіден, білім беру ісі кез- келген жағдайға бейімделгіш жҽне жаңа идеяларды қабылдауға қабілетті, ҿзіне де, жақындарына да қамқорлық жасай алатын, бҽсекеге қабілетті жҽне ҥнемі жетіліп отыратын адамды тҽрбиелеуге септігін тигізуі керек. Жаһандану жағдайында осы екі зор міндетке ҥшіншісі – ҧлттық сҽйкестікті сақтап қалу міндеті келіп қосылады» деп атап ҿтті [5, 360]. Еліміз болашақта тек білімді жастарымен ғана алға қойған мақсат-мҧратына жете алмақ. Онсыз басқалармен бҽсекеге тҥсем деу, бекершілік болмақ. Сондықтан еліміздің жастары алдарына ҥлкен елдік мақсат қою керек.
Жас ҧрпақты тҽрбиелеуде еңбектің орны зор. Тҽуелсіз еліміздің бҥгінгі жетістіктері сол ерен еңбектің арқасында болып отыр. Аға ҧрпақтың еңбексҥйгіш қасиетін жас ҧрпақтың бойына сіңіру маңызды болып табылады. Халқымызды еңбекке жҧмылдыру мемлекеттің болашақтағы басты міндеттерінің бірі болып отыр. Бҧл жҿнінде Елбасымыз ҿзінің «Қазақстанның ҽлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында бҧл мҽселеге жан-жақты тоқталған.
Сонымен қатар Президент «Қазақстан – 2050» Стратегиясында «Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын қҧру. Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай ҽлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс» деп мемлекет алдына нақты міндеттерді қойып отыр. Бҧған ҿз заманының озық білімі мен ғылымын меңгерген, еңбек етуден жалықпаған жастары бар ел ғана жетпек.
Қазіргі кезде еліміз ҥшін ҧрпақтар сабақтастығы мҽселесі ҿзекті. Ҿйткені қазіргідей жаһандану заманында ҧлттық келбетті сақтап қалу, нағыз бҽсекенің заманында басқалармен терезе теңестіру мемлекет ҥшін басты ҽрі жауапкершілігі зор міндет болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Н. Назарбаев. Қазақстан Тҽуелсіздігі: тарих тағылымдары жҽне қазіргі заман.
Алматы, Қазақстан, 1997 ж. 128 б.
2. «Қазақстан – 2030» Стратегиясы. Барлық қазақстандықтардың ҿсіп-ҿркендеу, қауіпсіздігі жҽне ҽл-ауқатының артуы.
355
3. Тҽуелсіздік шежіресі. Жасампаздықтың ҽр жылы: 1999 жыл – «Ҧрпақтар бірлігі мен сабақтастығының жылы». 2011 ж. www. info.kz
4. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы //Дала мен Қала. – 17 желтоқсан, 2012 ж.
5. Н. Назарбаев. «Қазақстан жолы», - Қарағанды – 372 б.