STRUCTURE AND SYSTEMATIZATION OF THE ART TEXT Zarina Gulyamova
Yulduz Tohirova
75
CATEGORIES OF SPACE AND TIME IN A DRAMA Zarina Gulyamova
Bahriniso Musayeva
77
DRAMA GENRE IN THE LITERATURE, THEATRE AND CINEMA Zarina Gulyamova
Rustam Ametov
79
ESSENCE OF PEDAGOGICAL INNOVATIVE TECHNOLOGIES AT THE PRESENT STAGE
Hakimova Barno Muratovna 81
Philology 83
STYLISTIC COLOURING OF ENGLISH WORDS Zarina Gulyamova
Shoxsanam Madirimova
83
Қазақ тілінде мақалалар 85
Медицина және фармакология 85
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІРКЕЛГЕН ГЕЛЬ ӨНІМДЕРІНЕ МАРКЕТИНГТІК ШОЛУ Қасенова Бекзат Ризабекқызы
Байдыбек Айханым Бауыржанқызы Буркитова Жанаргуль Жанатаевна Аблаева Дидар Серикаликызы Бекмуратова Айжан Тайжанкызы
85
Педагогика 88
ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?
Ертаева Лаззат Абаевна 88
Техникалық ғылымдар 90
ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС СИГНАЛДАРЫНЫҢ КҮШЕЙТУ МОДУЛДЕРІ Б.И.Биболов
А.Б. Алтайбаева Ж.Д. Манбетова
90
PON ЖЕЛІСІН ҚОЛДАНЫП ID NET ЖЕЛІСІН ЖОБАЛАУ Г.Ы. Жолдасбек
А.Б. Алтайбаева
92
ТЕЛЕДИДАР БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТАРАТУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Н.Ә. Сағынбаев А.Б. Алтайбаева Ж.Д. Манбетова
94
O'zbek tilida maqolalar 97
Pedagogika 97
INGLIZ TILI DARSLARIDA INTERFAOL METODLARDAN FOYDALANISHNING ROLI Xamrayeva Gulchehra Ibraximovna
To’xtayeva Gulruh Aminovna
97
Qishloq xo'jaligi, ilm-fan 100
МАХСУС ЙИРИК МАСШТАБЛИ ТОПОГРАФИК КАРТАЛАРНИ ТУЗИШНИНГ ҚИШЛОҚ ХЎЖАЛИГИ УЧУН АҲАМИЯТИ
Абдурахмонов Сарвар Нарзуллаевич Мардонов Шахбоз Бахриддин ўғли Абдўрашидов Байрам Бахром ўғли Махмудов Улуғбек Мақсуд ўғли Қодиров Одилхон Қобилжон ўғли
100
Журнал «Интернаука» № 19 (53), часть 2, 2018 г.
90
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС СИГНАЛДАРЫНЫҢ КҮШЕЙТУ МОДУЛДЕРІ
Б.И.Биболов С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,
Қазақстан, Астана қ.
А.Б. Алтайбаева С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті аға оқытушысы, PhD, Қазақстан, Астана қ.
Ж.Д. Манбетова С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті оқытушысы, Қазақстан, Астана қ.
Күшейткіш – белігіл бір жиіліктер диапазонында электрлік тербелістерді күшейтуге арналған құрылғы болып табылады. Электронды кұшейткіш жартылай өткізгіш немесе электровакуумды элементтермен реттелетін электрлік сигналдарының күшейткіші болып табылады. Оларды өте көп ерекшеліктері бойынша классификациялауға болады. Атқаратын қызметіне, және осы қызметті атқару сапасы немесе атқару әдісіне байланысты топтастырылады [1]:
күшейту сигналының түріне байланысты;
тұрақты және айнымалы сигналдарды күшейту мүмкіндігіне байланысты;
жиілік диапазонына байланысты;
жұмыстық сигналдың жиіліктік жолағында амплитуда-жиіліктік сипаттамасының түріне байланысты;
амплитудалы – жиіліктік сипаттаманың формасына байланысты;
электрлік көрсеткіші бойынша күшейтілетін күшейткіштер.
Сонымен қатар күшейткіштердің негізгі айырмашылығы класстарға бөліну болып табылады [2]. Электронды күшейткіштер классы мен күшейткіш приборлардың белсенді жұмыс режимдері әдетте латын алфавитінің әріптерімен белігленеді. Кластарды әріптермен белгілеу сигнал (АВ1, АВ2 тағы басқа) және жүктеме (F1, F2, F3) көзімен қуаттық каскадпен сәйкестендіру режимін беліглеу жұрнақпен белгіленеді. Бір әріптес кластардың екі қасиеттерін біріктіретін құрылғылар әріптермен белгіленетін (AB, BD, DE, BC) ерекше класқа топтастырылады [3].
Аса жоғары жиілікті (АЖЖ) Шуы аз болатын күшейткіштеріне тоқтала кететін болсақ, олардың АЖЖ әлсіз сигналдарын қабылдау және өлшеу кезінде шу коэффициенті төмен немесе Шуы аз болатынкүшейткіштер болып табылады. Қазіргі таңда күшейткіштерді Шуы аз болатынжәне қарапайым деп нақты бөлектемейді. Жалпы шамамен Шуы аз болатын ретінде шу коэффициенті 3 дБ аспайтын, шу температурасы 300 К сәйкес келетін күшейткіштер жатады. Шуы аз
болатынкүшейткіштер деп берілеген жиіліктер диапазонындағы сериялық шығарылатын күшейткіштердің шу коэффициентінің мәнінен аспайтын күшейткіштерді атайды. Бұл мәндер жиіліктің және жұмыстық жиіліктер диапазонының кеңдігінің өсуіне қарай артады.
Шуы аз болатын АЖЖ күшейткіштерге бірқатар қатал талаптар кешені қойылады. Олар өте аз шу коэффициентіне ие болып, күшейту коэффициенті жоғары, кең динамикалық диапазонды және біртекті амплитудалы-жиіліктік сипаттамаға ие болуы тиіс.
Күшейтілетін жиіліктер жолағы айтарлықтай кең жасалынады, себебеі күшейткіштің қайта бапталу қажеттілігінен арыламыз. Қазіргі таңда радиобайланыс, радиотарату және телекөрсетілім саласында бұл талаптарды қанағаттандыратын Шуы аз болатынтранзисторлық күшейткіштер болып табылады. Жобалау барысында көбінесе 7 ГГц жиілікке дейінгі биполярлы АЖЖ транзисторлары немесе милиметрлік диапазон үшін Шоттки тиегіне ие болған транзисторлар қолданылады [4].
Шуы аз болатын АЖЖ күшейткіштер үшін негізгі рөлді шу параметрлері ойнайды. 10-20%
жұмыстық жиілік диапазонды күшейткіштер үшін техниканың деңгейі бойынша шу коэффициентінің ең жақсы нәтижесі 1ГГц жиілікте 0,3 дБ, 40 ГГц жиілікте 4-5 дБ дейін болып табылады. Айта кететін жай, зертханалық жағдайларда жасалынған күшейткіштер макеті 2 дБ төмен шу коэффициентіне ие 43-46 ГГц диапазонында және 92-96 ГГц кезінде 4,4 дБ тең. Көрсетілген параметрлерді өз ішіне алатын АЖЖ қуат күшейткішінің сыртқы көрінісі сурет 1 - де келтірілген.
Журнал «Интернаука» № 19 (53), часть 2, 2018 г.
91 Сурет 1. Дайын АЖЖ қуат күшейткішінің
сыртқы көрінісі [4]
Транзисторлы күшейткіштер жоғары сезімталдылық, аз энергия тұтыну, кіші габаридтер және салыстырмалы жоғары бағамен ерекшеленеді.
Күшейткіштің белсенді элементтері – биполярлы немесе өрістік транзисторлар таспалық тарату желілерімен, резонанстық құрылғылармен және интегралды микросұлбалардың элементтерімен тез қосылып кетеді. Шуы аз болатынкүшейткіштің ең маңызды параметрі шу коэффициенті болып табылады. Сонымен қатар, Шуы аз болатынкүшейткіштің күшейту коэффициенті тізбекті каскадтар мен шеткі құрылғының әсерінен жеткілікті болуы тиіс. Шуы аз болатынкүшейткіштер шу мен сигналдың өзгерісінің кең диапазонында сызықтықты біріктіре білуі тиіс.
Ұялы байланыс сигналының күшейткішін дұрыс таңдау үшін аталмыш жүйелердің негізгі техникалық сипаттамаларымен танысқан жөн:
–
ұялы байланыс стандарты GSM негізгі екі жиіліктер диапазонына бөлінеді: GSM 900 МГц және GSM 1800 МГц. Базалық станциялар 900 МГц диапазонында 1800 МГц қарағанда алыс аралыққа тарайды, бірақ каналдар саны аз. Сондықтан 900 МГц БС областық көлемде қолданылады да, 1800 МГц қала ішінде қолданылады. Сәйкесінше, қаланың сыртқы аумақтары үшін 1 ГГц жиілікке жақын күшейткіштер қажет;–
GSM-сигналының күшейткішінің күшейту коэффициенті жүйені таңдаудың негізгі параметрі болып табылады, себебі қабылданатын желі қамтамасыз етілетін деңгейіне тікелей әсер етеді.Түсініктірек айтқанда, егер сіздің ұялы телефоныңыз ғимарат ішінде сигналды әлсіз ұстайтын болса, ал далада максималды деңгейде ұстайтын болса, онда сізге 70-75 дБ күшейту коэффициентіне ие күшейткіш жеткілікті. Егер ұялы байланыс сигналын қабылдау үйдің жанында да нақты емес болса, онда 75-90 дБ күшейту коэффициентіне ие күшейткішті қарастырған жөн.
65 дБ күшейту коэффициентінен төмен ұялы байланыс репитерін алу мүлде қажет емес, себебі қойылған тапсырманы шеше алмайтыны анық;
–
ұялы байланыстың күшейту жүйесіндегі ретранслятордың шығыс қуаты. Бұл параметр ұялы байланыс сигналын күшейту модулі ғимараттың қанша бөлігін қамти алатынын анықтауға әсер етеді.Мысалы, 100 мВт қуатты ұялы байланыс жүйесінің күшейткіші 200 шаршы метр ауданды қамти алады, ал қуаты 320 мВт ұялы байланыс репитері 800 шаршы метрге дейінгі аудандағы ғимаратты қамти алады. Алайда, репитердің қуаты мен ғимараттың ауданының арасында тікелей тәуелділік жоқ, тек корреляция түсінігі бар. Ұялы байланыс репитері ғимараттың ауданын қамту кезінде әртүрлі факторлар әсер етулері мүмкін. Мысалы, кіріс сигналының деңгейі ұялы байланыстың бағанасына, сыртқы антеннадан кабель ұзындығы күшейткішке дейін, күшейту коэффициенті, сонымен қатар қондырғының толық дұрыс монтаждау [5].
Қала сыртындағы тұрғын жайларға, офистарға, коттедждерге немесе бақшалы аймақтарға арналған репитерлер ішінде Picocell 900 SXL және Picocell 900 SXM моделдері сұранысқа ие.
–
Picocell 900 SXL GSM 900 диапазонында жұмыс жасайды. Күшейту коэффициенті 80 Дб тең, ал ретранслятордың шығыс қуаты – 320 мВт. 900 SXL күшейту жүйесі ғимараттың ішінде қондыруға арналған.Picocell 900 SXM параметрлері ұқсас, алайда бұл жүйе суыққа және ылғалға төзімді етіп жасалынған. Бұл қондырғы сымдарды ғимараттың ішіне жүргізу қолжетімсіз кезде, далада орнату мүмкінділігіне ие болады. [6].
Әдебиеттер тізімі:
1 Ivan Boshnakov, Jon Divall. Tandem RF software programs streamline the design of power amplifiers. Planet Ana- logue and Microwave Engineering – online feature only, December 2002.
2 Крейнгель Н.С. Шумовые параметры радиоприемных устройств. – Л.: Энергия; 1969. – 168 с.
3 Твердотельные устройства СВЧ в технике связи / Л.Г. Гассанов, А.А. Липатов, В.В. Марков, Н.Д. Могиль- ченко. - М.: Радио и связь, 1988. – 288с.
4 Cripps S.C. GaAsFET Power Amplifier Design. Technical Notes 3.2, Palo Alto. CA:Matcom Inc.
5 Cripps S.C. RF Power Amplifies for Wireless Communications. Artech House, 1999. ISBN 0-89006-989-I.
6 Abrie, Pieter L.D. Design of RF and Microwave Amplifiers and Oscillators. Artech House, 2000. 1SBN -0-89006- 797-X.