• Tidak ada hasil yang ditemukan

ӘДІЛ ДҮЙСЕНБЕК ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ТЕҢЕУДІҢ УӘЖДІЛІК СИПАТЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ӘДІЛ ДҮЙСЕНБЕК ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ТЕҢЕУДІҢ УӘЖДІЛІК СИПАТЫ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

WWW.ENU.KZ ӘДІЛ ДҤЙСЕНБЕК ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ТЕҢЕУДІҢ

УӘЖДІЛІК СИПАТЫ Демеу Д.

2-курс студенті

Ғылыми жетекшісі:ф.ғ.к., доцент Ж.Қ.Өмірбекова

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы Бүгінгі күні тіліміздің рухани, мәдени, ғылыми-терминологиялық, саяси, мәдени мәртебесін айшықтап, әрбір Қазақстан азаматын қазақ тілін еркін сӛйлету мәселесі кеңінен кӛтеріліп жатқан уақытта тӛл тіліміздің байырғы ескі құндылықтары мен қазіргі бай мұраларын жаңғыртып, тілдік қордың ауқымын кеңейтуде лексикологиялық, семантикалық, сӛзжасамдық және дүниетанымдық сипаттағы зерттеу жұмыстары аса қажет болып отырғаны белгілі. Түрлі ұжым бір затты ӛзінің күнделікті тәжірибесінде кездесіп қолданылатын жағынан танып оны ӛзіне таныс құбылыстармен байланыстыратыны белгілі. Яғни ат қоюда ӛмір шындығы мен тұрмыс болмысы тіл фактілеріне айналып халықтың таным түсінігі атауыштық мәнде сӛзбен бейнеленеді. Осының негізінде сол затты танып біліп басқалардан ерекшелігін анықтағаннан кейін барып ат қояды. Мұндай ажыратқыш белгілер әртүрлі болуы мүмкін. Тіл білімінде ол белгілерді уәж деп атайды [1; 38].

Уәж, уәжділік мәселелеріне қатысты зерттеулер қазақ тілі білімінде кең кӛлемде жургізіліп келеді. Бұл ретте Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, М.М.Копыленко, К.Ш.Хұсайын, М.М.Гинаттулин, Б.Қалиев, Ж.Манкеева, Б.Момынова, А.Салқынбай, Г.Смағұлова, Б.Қасым, Р.Шойбеков, Ә.Алмауытова т.б. зерттеушілердің еңбектеріндегі «уәж», «уәжділік» туралы пікірлері мен ой-тұжырымдарын атап кӛрсетуге болады. Уәжділік мәселесі лингвистика, философия, социология, психология, семиотика сияқты кӛптеген ғылым салаларында зерттеу нысаны болып, тілдегі «уәжділік»

ұғымы мынадай лингвистикалық категорияларды – сӛз мағынасы, сӛз формасы, мазмұны, белгісі, аталымы т.б. зерттеудің негізі болып табылады [2;11]. Уәжділікке байланысты әр ғалым әр түрлі пікір білдіреді. Мәселен, Е.Жанпейісовтың зерттеу еңбегінде материалдық мәдениетке байланысты атаулардың тарихи-лингвистикалық негіздері анықталып, олардың шығу тӛркіні, уәжділігі жӛніндегі құнды пікірлер айтылса профессор Ж.Манкееваның зерттеу жұмысында заттық мәдениет лексикасы ұлттық- дәстүрлі мәдениет сипатын кӛрсететін рухани танымдық тілдік құрал деп танылады [1;15]. Осы айтылған тұжырымдамалар нәтижесінде мен Әділ Дүйсенбек шығармасындағы теңеулердің уәжділік сипаттарына тоқталып кеттім. Мысалы, жазушының «Ескерткіш» әңгімесінің басында:

«Ауылдастары оны түскі автобустан күтіп алды. Күтіп алушылардың кӛпшілігі бірге ӛсіп, біте қайнасқан, он жылдықты бірге бітірген жора – жолдастары еді. Әншейінде құшақтаса кетіп, мәре–сәре болып жататын

(2)

WWW.ENU.KZ құрбы-құрдастары бұл жолы қол алысып, төс түйістіріп қана, қайғыға ортақ сынық жүз танытып, кӛңіл айтысты.

Сонан соң әудем жердегі ауылдың қазіргі тірі ескерткіштері – шал- шауқандар топталып тұрған қаралы үйге қарай үн-түнсіз жылыстай берді” [3;

146]. Осы үзіндідегі қол алысу, төс тҥйістіру – бұл ер адамдарға тән амандасу болады. Кӛбінесе жоғарыда айтылған тіркестер бейвербалды амалдар тұрғысында қолданылады. Ал қазақ тілінің фразеологиялық сӛздігінде: қол алды [алысты, қағысты] Келісті, уәделесті, серттесті.

Айып менде екен. Жесір сендердікі, қалыңмал беріп, қарғыбау жеген, Құдай десіп қол алысқан құда екендерің де рас (Ш.Хұсайынов). Алла хақы деген соң, амал да жоқ. Барайын деп уәде етіп қол қағысты (Абай). Қол алысып, төс соғысып дос болды Анттасып, айырылмастай жолдас болды. Сонымен бұл екеуі [Жандыбатыр мен дәу екеуі] қол алысып, төс қағысып дос болады [4; 444]. Қайғыға ортақ сынық жҥз таныту, қаралы ҥйге жылыстай беру – адамдардың кӛңіл күйінің болмауы мен бір ӛкінішті оқиғаның болғандағы жӛнінде хабар береді. Мысалы, қазақ тілінің фразеологиялық сӛздігінде:

сынық жҥзді жанМұңды, қайғылы, жабырқаңды кісі (Абай тілі сӛздігі) Мен – сынық жан, жамағанмен. Түзеле алман түрленіп. Теңің емес, біл, саған мен Не қыласың кірленіп (Абай). Сынық жүзді, күнқақты жадау әйелдер, шырқыраған баласына қарауға да мұршасы жоқ (Ғ.Мүсірепов) [4; 644]. Ал қазақ тілінің түсіндірме сӛздігінде қаралыАзалы, қайғылы. Ӛлген адамның қайғылы қазасына арналған кӛптеген тіркестер кездеседі [5; 482]. Зерттеуші Ә.Алмауытованың жіктемесі бойынша бұл адамға қатысты уәжділік болып саналады.

Теңеулер бейнелеудің тәсілі ретінде әр ұлттың дүниетанымын, болмысын анықтап, ұлттық сана-сезімді таныту қызметін атқарады. Жазушы шығарма мазмұнын әр түрлі теңеулер арқылы әсерлендіреді. Оны мына тұстан аңғаруымызға болады: «Бұрынғы бес биенің сабасындай әпкесі ӛзі кӛрмегелі жылға жуық уақыттың ішінде біраз шӛгіп қалыпты. Асқар әпкесін қапсыра құшақтап, кӛз жасына ағыл-тегіл ерік берді. Кӛп жылдан бері бүйтіп жылап кӛрген емес еді; іштегі запыран қайғы кӛз жасымен бірге кӛл болып шығып жатқандай» [3;147]. Мұндағы саба сӛзі қазақ тілінің түсіндірме сӛздігінде:

бірінші – жылқының тұтас терісінен жүнін қырып илеп, ыстап жасалған, қымыз ашытатын сыйымды ыдыс. Екінші – ауысп.Бір нәрсенің шеңбері, арнасы, көлемі, аясы.Саба биекөп құлындаған, сары қарын үлкен бие.

Саба құрсақ – кең құрсақ, үлкен қарын.Сабасына қарай піспегібіріне – бірі лайық, сайма – сай.Сабасына тҥсті,келдіақылы орнына түсті, ашуы тарқады, басылды [5; 695]. Ал запыран сӛзі болса фразеологиялық сӛздікте:

Запыран зәрін құйды Қайғы, дерт уын құйды; қайғы берді. Екеуінің кӛңілінде де бір у сарқыны қалғанын екеуі де сезінді, бірақ ондайды қайта қозғап, бірінің жүрегіне бірі запыран зәрін қайта құятын жандар бұлар емес (Ғ. Мүсірепов) [4; 291]. Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігінде запыран асқазанда болатын ащы, сарғылт түсті сұйық зат [5; 340].

(3)

WWW.ENU.KZ Менің ойымша, теңеулердің семантикасы ең алдымен ғаламның тілдік бейнесіндегі ұлттық мәдени сипатты айқындауымен ерекшеленеді. Тілдік деректер тіліміздегі теңеу мағынасында жұмсалатын мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің халықтың тұрмыстық, әлеуметтік тәжірибесінің негізінде пайда болғанын анық кӛрсетеді. Тіліміздегі теңеу мағынасына байланысты туған мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер халықтың ұлттық болмысын, ұлттың психологиялық, философиялық ойының мазмұндылығын дәйектейтін этносқа тән ғаламның тілдік бейнесін кӛрсететін тілдік бірліктер болып саналады. Осыған дәлел ретінде осы шығармада айтылған әртүрлі мақал-мәтелдер. Мысалы: Қазақтың кәдімгі «Қиын сәтте тоқсан адам жиналады, соның тоғызы жылауға келсе, қалғаны сынауға келедінің» кебі басталды да кетті, немесе, қыз баланы жат – жұрттық кӛрді ме, анасы марқұм кӛзі тірісінде кілең ӛзін “жалғызым, қара шаңырақтың ендігі иесі ӛзінсің, құдай саған қуат берсін” деп отыратын. “О, қайран ана! Енді сол жалғызыңның да қызығын кӛре алмай кеттің-ау!”... [3, 147 б]. Мақал- мәтелдердің мазмұны кӛбінесе бір ғана ойды жеткізуді мақсат ете отырып, оны айқындап дәйектей түсу үшін, ӛзге бір дүниемен теңестіре, салыстыра бейнелеу негізінде құрылады.

Мен шығармамен танысу барысында, қазақ тілінің компаративтік бірліктерін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, осындағы теңеулерінің құрылымдарына мынадай сӛзжасамдық үлгілер тән екенін анықтадым:

Зат есім + зат есім (ит өмір);

Сын есім + зат есім (қиын сәт, сынық жүз, запыран қайғы, жылы жүрек, қара шаңырақ, ыстық сағыныш, азалы қайғы, әудем жер, жалғызілікті шеше);

Зат есім +дай, +дей, +тай, +тей аффикстері (қоңыраудай үн,биенің сабасындай );

Зат есім, етістік +ша, +ше аффикстері (балаша жылады, итше тепкіледі);

Зат есім +нан, +нен, +дан, +ден, +тан, +тен аффикстері (сүттен ақ, айдан анық, даладан көркем).

Демек, теңеулердің тілде таңбалануы жалпы адамзат танымы мен адамдар тәжірибесі мен ойлау нәтижелерінің сӛзде бекітілуі негізінде болады, яғни олар жоғарыда аталған қызметтермен қатар аталымдық қызметте де жұмсалады. Аталым актісі уәжділік ұғымымен тығыз байланысты. Атауға негіз болатын уәж ұжымның тілдік санасында қабылданып, сӛз мағынасын құрауға негіз болады. Қазақ тіліндегі теңеу мағынасын білдіретін тұрақты тіркестер мен фразеологизмдердің аталуына себепші негіз болған уәжділік белгілері бойынша олардың бірнеше уәж топтарын анықтадым:

- ҥй жануарларының атауларына байланысты уәжділік:бес биенің сабасындай, адасқан күшік секілді, итше салпақтау, итше үру және т.б.

(4)

WWW.ENU.KZ

- тұрмыс-тіршілікпен байланысты уәжділік: балдан тәтті, тымақ құрлы көрмеу, тымақша лақтыру, қамшыша ұстау, шамша жану, қаққан қазықша тапжылмау, ұршықша иіру және т.б.

- адамға байланысты уәжділік: ағыл–тегіл балаша жылау, балаша мәз болу, әйелше киіну, үлкендерше қапсыра құшақтау, үлкендерше сөйлеу, ескі досынша қолтықтау, адамша сөйлесіп жүру, айыпты кісіше қарау, жынды кісіше, көп жылаган кісіше және т.б. Осы негізде айқындалған теңеулердің уәжділік түрлерінің мағыналық және қолданыстық ауқымы жағынан ең қомақтысы, осы атауларға байланысты уәжділік екендігі күмән келтірмейді.

Сонымен теңеудің уәжділік сипаты тіл біліміне де нысан (объект) бола алады. Осы себепті бұл кұбылыс ғылымның аталған саласында жан-жақты зерттелген. Теңеудің табиғаты ашылып, әлденеше анықтамалар берілген.

Қорыта айтсақ, ғаламның тілдік бейнесіндегі ұлттық сипатты айқындаушы лингвомәдени бірліктер қатарынан табылатын теңеулер қазақ халқының қоршаған орта, болмыс жайлы таным-тәжірибе ерекшелігін бүгінге дейін сақтап келген мәдениеттің ең қажетті де, құнды белгісінің бірі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиет

1. Манкеева Ж.А. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы: Ғылым, 1997.

2. Манкеева Ж.А. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. Тілтаным, 2006.

3. Әділ Д.. Кӛкжиек. – Астана, 2002.

4. Фразеологиялық сӛздік. – Алматы: Арыс, 2007.

5. Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігі. – Алматы: «Дайк-Пресс», 2008.

Referensi

Dokumen terkait

ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және білім - 2014» атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ СБОРНИК