• Tidak ada hasil yang ditemukan

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ — ЖАҢА ЗАМАН ҚАЛАМГЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ — ЖАҢА ЗАМАН ҚАЛАМГЕРІ"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

568

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

бермей отыр? мүмкін ол кішігірім территориялар державалардың мүдделері төңірегінде емес.

Әр мемлекет әрқашан әр жағдайда тек өз мүддесін ойлайды, АҚШ косоволықтарды, ал ресей Федерациясы абхаздар мен осетиндерді ойлаған жоқ. мүмкін ресей Грузияның американдық бағыт таңдағаны үшін өшін алды, ал АҚШ еуропада ресей үстемдігіне жол бергісі келмеді.

Қазіргі таңда жаһандану үрдісі қарқын дамып келе жатыр. осыған орай мемлекеттер ұлттық принциптен айрылу мүмкін. Жаһандану үрдісін көптеген ғалымдар мен саясатта пікір айтушылар американизм немесе вестернизация терминдерімен бірге қолданып отыр. сонда бәріміз батыс елдерінің мәдениетін, олардың өмір сүру қалпін өзімізге сіңіретін болармыз. осыған орай сұрақ туындайды: егер бәріміз бір халық болсақ, несіне жеке өмір сүруге талпынамыз? ертелі-кеш бірігеміз ғой.

екінші жақтан басқа мәселе туындайды. Жаһандану үрдісі тек аймақтық деңгейде ғана болады деген ойлар айтылуда. сонда косово еуропалық одаққа мүше болу арқылы жаһандану үрдісіне қатысады, ал Абхазия мен оңтүстік осетия аймақтары Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына кіреді. Бірақ олардың мүшелігі көп уақыт қарастырылу мүмкін. себебі қандайда бір аймақтық ұйымға мүше болу үшін сол аймақ мүше-мемлекеттерінің келісімі қажет. косованы тануға ео ішінен Греция мен испания қарсы болып отырса, Абхазия мен оңтүстік осетияның тәуелсіздігін ТмД мүше елдерінен ресей Федерациясынан басқа ешкім қабылдамай отыр. Болашақта осы жартылай танылған мемлекеттер жаһандану үрдісінен шетте қалып қалу қаупі бар. олай болса олар әлем экономикасынан шетте қалып қояды. Нәтижесінде толық қалыптаспаған мемлекеттер ішінде әлеуметтік және экономикалық проблемалар туындайды, дамуда артта қалушылықтар байқала бастайды. ел ішіндегі мәселелерді шешуде косово батыс елдерінен, абхаздар мен осетиндер ресейден жәрдем сұрайды. екі ірі мемлекеттер өмір бойы көмек беріп отырмайды.

олар керісінше сол толық қалыптаспаған мемлекеттердің қазба байлықтарын төмен бағамен алуы және қарыз беру арқылы өздеріне тәуелді етіп қоюы мүмкін.

Жоғарыда келтірілген мәселелерді қорытындылай отырып, кез келген мәселені шешуде БҰҰ Жарғысын, халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып ымыраластыққа, төзімділікке және ашықтыққа жол берілу керек.

паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1. Rousseau J.J. DU CONTRAT SOCiAL OU PRiNCiPES DU DROiT POLiTiQUE. – Frontispice de l'édition de 1762// Archives de la Société Jean-Jacques Rousseau, Genève.-171p

2. конституции и законодательные акты буржуазных государств XVii-XiX в.в.: сб. документов// Под ред. П.Н.Галанзы. -москва, 1957

3. Грушкин Д.в. Право народов на самоопределение: история развития и воплощения идеи. 6-32 стр.// составитель А.Г.осипов. Право народов на самоопределение: идея и воплощение. – москва: звенья, 1997. -222 c.

4. www.cis.minsk.by// Беловежское соглашение 1991 г.

5. Библиотека ихтика// конституция ссср 1977 г.

6. www.un.org // устав ооН

7. www.un.org// резолюция №2542 (XXiV) ГА ооН от 11 декабря 1969 г.// Декларация социального прогресса и развития

редакцияға 5.03.2010 қабылданды.

м.тоҚтаҒазин

ӘзІлхан нҰРШаЙыҚов — Жаңа заман ҚаламгеРІ

Халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовты осы заманғы үрдістерді жетік меңгерген жан-жақты қаламгер деп атауға толық негіз бар. Қазір жасы тоқсанға таяп қалғанына қарамастан ол қаламын қолынан түсірген емес. санасы сергек, көңілі ояу жазушы қоғамда болып жатқан өзгерістерден ешқашан тыс қалып көрген емес. ел өміріндегі аса маңызды оқиғаларға дер кезінде үн қосып, аталық батасын беріп, үнемі қолдап-қуаттап отырады.

Жас әріптестерінің жарық көрген шығармаларын қалт жібермейді, оқып, өз пікірін айтып, ақыл-кеңесін білдіреді. Әдебиет пен журналистикадағы жаңа есімдерді тез байқап, олардың бірқатарына арнайы тоқталып, шығармашылық сапарының сәтті болуына тілегін білдіретіні де бар. ол сонымен қатар қазақ әдебиеті мен қазақ публицистикасындағы жаңаша үрдістерге де тез бейімделді. Не жазса да, қазіргі күн талабы тұрғысынан, бүгінгі ұрпақтың көңілінен шығатындай

(2)

569

№ 3 (76) 2010 етіп жазады. «Бұл жаңа басталған дәуірде қазақ публицистикасы, әсіресе, тақырыптық және проблемалық тұрғыдан байыды. соған сай мазмұндық жағынан да публицистиканың өмірді шынайы қамту ауқымының аясы кеңейді. Ақын-жазушылар, ғылыми, мәдени зиялылардың публицистикаға қалам тартуы бұрынғыдан да жиіледі. сөйтіп, ел тәуелсіздігімен бірге мәселенің мәнісін те ашатын, қоғамдағы оқиға, құбылысқа жедел түрде үн қататын публицистика заманы туды» [1, 344], — деп Б.Жақып айтқандай, Әзілхан Нұршайықов соңғы жылдарда тәуелсіздікті баянды ету мақсатын көздеген бірнеше мақалалар жазды. Бұл мақалалардың бәрі де көркем дүние немесе әсерлі эссе тәрізді оқылады. Жазушының әлі де шығармашылық бабында екені көрінеді.

ол әлі күнге дейін өз оқырманын баурай біледі. оның көркем шығармалары сияқты мақалалары мен эсселері де жаппай оқылады.

Әзілхан Нұршайықовтың қаламгер ретіндегі бір ерекшелігі, ол осыншама жасқа жеткеніне қарамастан осы заманғы ақпараттық техникаға тез бейімделген. Бұрын үнемі жазу машинкасымен жазып келген ол қазір компьютерді пайдаланады. Жаңа техниканың тетіктерін жетік біледі.

Ал фотоаппарат жазушы-журналистке өмір бойы серік болып келеді. Қарт қаламгердің қатарластары күні бүгінге дейін сия сауытқа малып, қаламұшпен жазып жүргенде оның кейінгі үрдістерге тез ыңғайланып үлгергені қайран қалдырады. Қазір Әзағаңа ешкім де «ескі заман үлгісіндегі қаламгер» деп айта алмайды. Жазушы жазу жеделдігі жағынан да жас әріптестерінің қай-қайсысынан да кем соқпайды. ол өз тәжірибесі турасында білгісі келген журналистің:

«Үстеліңіздің үстінде бұрын жазу машинкасы тұратын. компьютерге көшіпсіз. мұны пайдалана білесіз бе?», — деген сұрағына былай деп жауап береді: «е, білмегенде. Жаңалыққа ілесіп, жаңаны игеріп отырған дұрыс қой. компьютердің құлағында ойнаймын деп айта алмаймын. Басамын, жөндеймін, өңдеймін. мәтінді дискетаға түсіруді әлі үйренген жоқпын. мұндайда немерелерімді көмекке шақырамын. мені компьютерге машықтандырған солар. Бұл бір керемет дүние екен. Тек принтерім болмай тұр. Ал қара машинка ескі дос қой. Үйде жатыр. оны да ара-тұра пайдаланып қоямын. сексеннің ортасына келген қарт қаламгер демесең (сұхбат 2006 жылы алынған. м.Т.), менде осы заманғы журналиске қажет бес қарудың бәрі де бар. міне, жаңа фотоаппарат. Әне, ксерокс, ұялы телефон. Факс қойдырып алдым. Бұрынғыдай келіскен уақытқа үлгерем деп, мақаламды алып, редакцияға жүгірмеймін. Факстың түймесін басам да зыр еткізем» [2].

Жазушы соңғы жылдарда жастарға үлгі көрсету мақсатымен өмірден өткен зайыбы Халима Өзбақанова туралы «мәңгілік махаббат жыры» атты кітабын жазып шықты. Бұл кітапқа да бірыңғай күнделік дәптерге хатталған деректер мен мәліметтер арқау болған. Өмір жолының әрбір штрихтары туралы үзбей жазып отырған қаламгердің осы шығармасы бір отбасының бақытты ғұмырын баяндайтын әдеби-көркем, деректік-танымдық туынды болып шыққан. «мәңгілік махаббат жырының» тәрбиелік мәні өте зор. Халима — қаламгердің шығармашылық биікке көтерілуі үшін жанын аямаған, оған тынбай қолғабыс беріп, жәрдем көрсеткен, әрі жар әрі әдеби серік болған, сирек кездесетін ғажайып әйелдің өзі әрі образы. Деректермен және мәліметтермен өрнектелген осы образ өте сәтті шыққан. осы шығармаға орай еліміздің Президенті арнайы хат жолдап, мынадай лебізін білдіріпті: «... 5/1-де болған кездесуде маған «махаббат, қызық мол жылдарды», «Халиманы» сыйға тарттыңыз. Біріншісін бұрын оқыған едім, екіншісін қолыма алған бойда бас көтермей, оқып шықтым. Тәлім-тағылымы мол, керемет шығарма екен.

Дәл қазіргі заманда жастар көбірек оқитын хикая. сіздің шығармаларыңыз, ойларыңыз — ел қазынасы. Өміріңіз — үлгі. Аман-сау болыңыз Әз-аға! Аса сыйлайтын Н.Назарбаев. 6.01.2003.»

[3, 5].

Ә.Нұршайықовтың жаңа заман үрдістеріне сай тағы бір ерекшелігі, ол әдебиетте эксперименттер жасау тәсілін де қолданады. мұны әрине, постмодернизм әдісіне бой ұрып, сәт сайын дамылсыз тосын тәсіл ойлап тауып жүрген жастармен тайталасу деп ұқпағанымыз абзал.

оның эксперименттері — әдебиеттің ішкі иірімінен, оқиғаның өрбу барысынан туындайтын қадамның жемісі. Жиырмасыншы ғасырдың басында өмірге келген қаламгер жиырма бірінші ғасырдың басында да үзбей ізденетін дағдысынан айныған емес.

Жазушы өзінің «мәңгілік махаббат жыры» атты кітабын үш бөлімге бөлген. Бірінші бөлімді «Халима» деп атады. Бұл бөлімде автордың жан жарының өмірден өткеніне қырық күн толғандағы толғанысы мен студенттермен кездесуде айтқан адал махаббат туралы әңгімелері топтастырылған. екінші бөлімнің аты — «Халимаға хат». Бұл бөлім қаламгердің зайыбын жоқтап жазған сексенге жуық хаттарынан құралған. кітаптың үшінші бөлімі «Халиманы еске алу» деп аталып, оған жазушының әйелі жайында айтылған сөздер, естеліктер, көңіл айтулар, жеделхаттар енгізілген. Әдебиет пен публицистиканың тоғысқан жерінен туындаған бұл кітапты эксперименттік дүние дейтін себебіміз сол. Қалай болғанда да шығарманың көркемдігінен гөрі

(3)

570

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

деректік сипаты басымдау тұрғанын айтуға тиіспіз. мұны автордың өзі де атап өтеді: «Деректі туынды шындықтан шырқау алыс кете алмайды. Шындықтың өз шеңберінен шықпай отырып, мен шығармамның ұлттық өнегесі болуына мән бердім. кітаптағы қарапайым әрбір әңгіменің әрі үлгілі, әрі тәрбиелік мәні болуына зер салдым. Халиманың бүкіл ғұмыры үлгімен өрілген болатын. Бірақ, мен оның бәрін қағазға түсіре алмадым» [3, 4]. сөйте тұрса да жазушы зайыбына қатысты бірде бір деректі назардан тыс қалдырмауға тырысқан. мұндай мәліметтер шығарманың өн бойында жөн-жөнімен, рет-ретімен пайдаланылған. Әйтсе де, жазушының Халима туралы махаббат жыры мұнымен де бітпейтін сияқты. «соғыс кезінде Халима екеуіміздің бір-бірімізге жазған екі папка хатымыз сақтаулы тұр. соны кітап етіп шығарсам деймін» [2], — дейді ол.

Автор «мәңгілік махаббат жыры» кітабына тосын жанрды таңдап алған. ол бұл шығармасын

«поэма» деп атайды. Бұл шешімін жазушының өзі былайша түсіндіреді: «Бұл кітаптың ақ өлеңмен жазылған прозалық поэма екенін көрсеттім. олай еткен себебім: қалың оқырман қауым мені ақын деп танымайды, прозашы деп біледі. Ал прозашылар мен драматургтардың кейбір шығармаларын ақ өлеңмен жазуға хұқылары бар. мен сол хұқымды осы деректі шығармаға пайдалануға тырыстым. Тек қана «Халимаға хат» ақ өлеңмен жазылғандықтан «поэма» дегенім жоқ. кітаптың әр тарауының оқиғасы, мазмұны поэмаға ұқсайтындықтан сөйттім» [3, 4]. Әзілхан Нұршайықовтың өзге де қызықты шығармалары секілді бұл кітап та жаппай оқылды. «мәңгілік махаббат жыры» ұлттық тәрбиенің бесігін тербетіп отырған талай шаңырақтың игілігіне айналды.

Бұрын меңтайға қарап бой түзеген бойжеткендер енді Халима сияқты абзал ана, адал жар болуға тырысты. Әзағаңның өзі айтқандай, жазушының қанымен, жанымен жазылған бұл шығарма өз оқырманын, өз ортасын тапты.

егде тартқан жазушының алдағы уақытқа жоспарлаған шығармашылық жобалары жеткілікті.

Бұл тұрғыдан қарасақ, Нұршайықов оптимизмі бүгінгі жастарға, кейінгі ұрпақтың бәріне үлгі бола алады. оның күнделіктеріне негізгі детальдары түскенімен, жазылмай қалған көркем шығармалары да бар екен. Қаламгер ғұмыры жетсе, соларды аяқтауды мақұл көреді. «Журналистер туралы роман жазуды жоспарладым. Біздің қасиетті мамандықтың қызығы мен қиындығын көркем шығарма өзегіне айналдырғым келді. Бұл ой басыма ілгеріде келді. «махаббат, қызық мол жылдар», одан соң «Ақиқат пен аңыз» бұл жоспарымды өзгертті. мың сан шаруалар осыған мойын бұрғызбады.

сол романым жазылмай қалды. майдандас достарым туралы «Боздақтар» деген роман жазуды да ойладым. Бұл да ертеректе келген идея. Әйгілі 100-ші бригаданың құрамындағы 5000 адам майданға бірге аттанып едік, содан 300-дей ғана кісі елге аман келдік. Қаншама боздақтар оққа ұшты. Брест қамалы үшін шайқаста талай қазақ ажал құшты. Бұл романды жазып шығару қан майданның өтінде өлген достарымның аруағының алдындағы азаматтық парызым еді. Бұған басқа шығармашылық жоспарларым кедергі келтірді. Нарық заманы қолды тұсады. Жазған күнде оны шығаратын демеуші табыла қоя ма?» [2], — дейді халық жазушысы. Бірақ ойға алған осы шығармаларын іске асырмаймын деп үзілді-кесілді шешім қабылдап отырған жазушы жоқ. реті келсе, бұл дүниелердің де оқырманмен қауышатынына өте сенімді: «сонымен, «Боздақтарым»

да жазылмады. енді ойды қайта жаңғыртып, ғұмыр жетсе, осы романымды бітірсем деймін» [2].

Әзілхан Нұршайықовтың мемуарлық шығармалары тек жазушының өз ғұмырының ғана емес, сол тұстағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік ахуалдың, әдеби өмірдің де шежіресі. осының бәрі жазушының ерінбей-жалықпай дер кезінде қағазға түсіргенінің арқасында бүгінгі заманға өңі өзгермей жетіп отыр. Қаламгер бұл жағынан да жаңашылдық көрсетеді. ол қазақ әдебиетіне аяусыз ащы шындықты ақтаратын өзге әдебиеттерге тән үрдісті әкелді. Бір-бірін жалған мадақтап, асыра дәріптеуге бой үйреткен қаламгерлер әдепкіде мұны қабылдамады. естеліктің кейіпкерлері өз аттарына байланысты тұжырымдарды көңілдеріне ауыр алып, баспасөз бетінде қарсы мақалалар жазды. мысалы, Ә.Нұршайықовтың «Өткелдер» атты мемуарлық шығармасындағы «Бір кезде Ғабит пен Бауыржан қатты араздасып, бірін-бірі көрместей өш боп кетті. Біріне бірінің тілдері де тиді: Бауыржан ауызша тілдесе, Ғабит оны газет арқылы сөкті — «Қазақ әдебиеті» газетінің 1961 жылғы желтоқсандағы 49-нөмірінде жарияланған Ш.Артықбаев пен Ш.Өтеповтің «советтік моральға жат қылық» және сафуан Шаймерденовтің «Жазушы — ардақты ат» деген мақалалары осының айғағы» [4, 419], — деген жолдар кім-кімді де бей-жай қалдыра қоймас еді. Ақыры бұл тақылеттес шығармаларға жұрттың көзі үйреніп, осы үрдіспен жазатын басқа да қаламгерлер легі пайда болды. Қоғамда шындықты жасырмай баяндап, жақсыны да, жаманды да қатар атап өтіп, әр нәрсенің атын айтып, түсін түстеу психологиясы орнықты. міне, осы психологияны әдеби дәстүрімізге берік енгізуге халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов үлкен үлес қосты. сол себепті әдебиетіміздің ақсақалы Әзағаңды біз жаңа заманның қаламгері деп сеніммен айта аламыз.

Referensi

Dokumen terkait

Елбасымыз Н.Ҽ.Назарбаев "Қазақстан-2030"стратегиялық бағдарламасында Отан қорғау мен оның қауіпсіздігіне ерекше мҽн бергені мҽлім.Қарулы кҥштерінің бір тармағы ретінде ішкі ҽскердің де