• Tidak ada hasil yang ditemukan

ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ИРАН ПРОБЛЕМАСЫ: ШИЕЛЕНІС, ШЕШУ ЖОЛДАРЫ, БОЛЖАМ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ИРАН ПРОБЛЕМАСЫ: ШИЕЛЕНІС, ШЕШУ ЖОЛДАРЫ, БОЛЖАМ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

ҼОЖ 327,5 (100:55)

ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ИРАН ПРОБЛЕМАСЫ: ШИЕЛЕНІС, ШЕШУ ЖОЛДАРЫ, БОЛЖАМ

Қожабек Н.Н., [email protected]

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана Ғылыми жетекшісі – Қ. Ғ. Даркенов

Бүгін Иран – батыс не шығыс елдерінің ықпалынан тыс, еш елге экономикалық не саяси жағынан тҽуелсіз, шиіттік ислам мемлекеті ғана емес, Иран – Батыс елдерінің қорқынышы мен қызығушылығын тудырып отырған, ҽлем назарындағы, БҰҰ ҚК жариялаған санкцияларға тҿтеп беріп, ҿзінің позициясында нық тұрған ел. Ал осы мемлекеттің ядролық қаруға иелік етуіне не себепті «алтылық» елдері (БҰҰ 5 тұрақты мүшесі мен Германия) қарсы? АҚШ, Ұлыбритания, Франция, тіпті Израиль иелік ететін ядролық қаруға Иранның да иелік етуіне не тосқауыл? Иранның Халықаралық Атомдық энергия агенттігінің (МАГАТЭ) Ядролық қаруды таратпау туралы Келісіміне қол қойғанын біле тұра, ядролық қаруды бейбіт мақсаттағы электр энергиясының негізгі кҿзі мен медициналық салада қолдану саясатын анықтау мақсатын кҿздеп отырғанына батыс ҽлемі неге наразы. Расында, Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық қаруы қай елдердің мүддесіне сай келмеді, Иранның ядролық бағдарламасы қауіпті ме ҽлде Иран Ислам Республикасының ядролық қаруға иелік етуі атам заманнан бергі аймақтағы қарсыласы Израильге тиімсіз бе? Осы жҽне басқа да сұрақтарға жауап беру ҿте маңызды.

Ең алдымен шиеленістің басы неден басталды, соны қарастырайық. 1967жылы Мұхаммед Реза Пехлевидің бастамасымен жасалынған ядролық бағдарламаға Германия мен Францияның ҿзі қолдау кҿрсеткен. 1979 жылғы ислам революциясына дейін түрлі батыстық елдер мен АҚШ кҿмегі арқылы жетілдірілген ядролық бағдарлама шах режимі құлаған соң, жаңа үкіметтен қолдау таппады. Алайда Иранның ядролық бағдарламасы жылдар бойы ақырындап кҿлге тамған тамшы секілді баяу үрдіспен дамыды. 1998 жылы Бушер АЭС соғылуы Израиль үкіметін алаңдатып, ҽлемдік БАҚ арқылы Иран ядролық қару жасау үстінде деген қауесет таралды. 2003 жылы АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш Иранды террористерге қолдау кҿрсетуші ҽрі ядролық қаруға ие болғысы келетін «зұлымдық белдеуі» деп айыптады. 2004 жылы жазда МАГАТЭ сарапшылары Лавизан-Шиян аймағын зерттеуге мүмкіндік алды, зертеуден соң, Иранда ешқандай уран қорын байыту не ядролық қаруды жоспарлау жұмыстарының жүргізілмегендігін дҽлелдеді. Осыдан кейін мҽселе шешімін табар еді, егер Вашингтон ғарыштан түсірілген Лавизан суреттерінде ядролық қару жарылыстары бар деген мҽлімдеме жасамағанда. 2004 жылы қыркүйекте АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания елдері МАГАТЭ атынан Ираннан ядролық бағдарламасының жоспарларын жариялауды талап еткен резолюцияға Ираннан ҿзінің тҽуелсіз мемлекет екендігін, халықаралық ұйымдар мен ҽлем елдері Иранның ішкі істеріне араласуы Халықаралық Құқық заңдарына қарсы келеді деген жауап алды. Шиеленістің шарықтау шегі МАГАТЭ-нің Иран проблемасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына беруінен басталды. Қазіргі таңда, Иранның ядролық қаруға иелік етуіне кедергі келтіретін БҰҰ ҚК-нің 4 резолюциясы бекітіліп, экономикалық санкциялар

165

(2)

елде тұрақсыздық орнатты. Енді наразылыққа булыққан ирандықтар тоқтауыне бағытын ҿзгертуі екіталай.

МАГАТЭ-нің Иранда ядролық қарудың жоқтығы туралы 28 репортажына құлақ асып жатқан ешқандай ел жоқ. Тіпті ядролық қаруды жасау бағдарламасына рабхардың қолы ҽлі күнге дейін қойылмағандығын ескерсек, экономикалық санкциялар кесірі Иран халқынан басқа ешкімге де зардабын тигізіп жатқан жоқ. Экономикалық санкцияларға қоса, ҽскери іс-ҽрекеттер жүргізгісі келіп отырған АҚШ позициясы орынды ма? Ҽлде АҚШ үкіметі жақын ҽріптесі Еврей мемлекетінің мүддесіне сҽйкес осы позицияны ұстанып отыр ма? «Араб кҿктемінің» мүмкін нҽтижелері Иранның аймақтағыықпалының күшеюіне, антиизраильдік елдің сионистер режимін жоюына алып келуі мүмкін. Оны тіпті Махмуд Ахмадинежадтың сҿздері де дҽлелдейді: «Араб революцияларының толқыны сионистік режимнің ҿмір сүруіне ешқандай мүмкіндік қалдырмады»[1]. Бұл сҿздерге жауап ретінде Израиль республикасының премьер-министрі Б. Нетаньяху ҽлемдік қауымдастықтардың Иранға қатысты Ливиядағыдай қатал шараларды қолдануы керектігін айтты. Алайда кҿптеген сарапшылардың пайымдауынша, ирандық режим ядролық қаруға ие болған соң, Израильге ядролық соққы жасамайды, себебі ол аймаққа, оның ішінде Иранның ҿзіне де қауіпті, сондықтан ирандық режим аймақтағы жҽне ҽлемдегі жеке позицияларының күшеюіне ғана мүдделі.

Израиль сарапшыларының айтуынша, Иранның ядролық обьектілерін жою үшін соққы Израильге Иранның жауап беруімен не Израильді тіпті жойып жіберуімен қауіпті.

Иранның ядролық қаруы туралы нақты деректердің жоқтығы (нақты саны мен ҽсер ету деңгейі) Израильді тығырыққа тірейді. Алайда сақтықта қорлық жоқ дегенді негізге алған Израиль үкіметі 2003 жылы маусымда құны 319 млн долларды құраған АҚШ-тық 5000 басқарылатын бомбаларды сатып алған [2]. Бұл жағдайда, Иранда ҽскери ҽрекеттер жүргізу мен Иран тарапынан туатын қауіпке тҿтеп беру үшін Израильге батыстық одақтастарының қолдауы қажет. Батыс кҿшбасшыларының Нетаньяхудың қатаң сыртқы саясатын қабылдамауы: не АҚШ-қа, тіпті Еуропаға Таяу Шығыстағы кең ауқымды шиеленістің қажеті жоқ. Жалпы Израиль позициясы анық емес. Израиль басшыларының мҽселені шешудегі ойлары ҽр түрлі. 2011 жылғы Израильдің Қорғаныс министрі Э.

Барактың мҽліметінше, Иранға ядролық қаруды жетілдіру мен жасап шығару үшін ҽлі уақыт керек, сондықтан Иранды шабуылдау туралы шешім ҽлі қабылданбады. Ал Израиль премьер-министрі Б.Нетаньяхудың ойынша, Иранды неғұрлым тезірек тоқтатқан жҿн.

Себебі, израильдік мамандардың жорамалдауынша, мұнай эмбаргосы мен елдің банк жүйесіндегі санкцияларға қарамастан, Иран бір жылдың кҿлемінде ядролық қаруға қол жеткізеді. 2012 жылдың 25 қаңтарында Кнессетте айтқан сҿзінде, Б. Нетаньяху Израиль соқтығып отырған проблемаларды атады. Еуропалық Одақтың ирандық мұнай импортына эмбарго туралы шешімінің маңызын мойындай келе, Нетаньяху ҿзге санкциялардың қолдан келетін, мүмкін барлық амалды орындағанда ғана нҽтижелі болатынын да қосты [3]. «Мүмкіндік бар» қозғалысының авторы, мҽртебелі маман, барлау бҿлімінің бұрынғы жетекшісі Моссад Маир Даган жҽне оның жақтастары Иранға шабуылдың тіпті гипотикалық мүмкіндігіне қарсы пікірде. Алайда, Батыстық сарапшылардың ойынша, Израильдің басқару элитасы Иранға шабуылдың зардаптарын түсіне отырып жай ғана қорқыныш тудыру үшін шабуыл туралы сҿз қозғаған [4].

Таяу Шығыста тҿрт анағұрлым белсенді кҿшбасшы ел бар: Израиль, Түркия, Иран, Сауд Арабиясы. Оның ішінде біреуі ғана мұсылман елі емес. Иран, Сауд Арабиясы мен Түркияның аймақта ҽріптестері бар екенін ескерсек, Израильге мұндай мүмкіндік берілмеген. Бұл тұрғыда, еврей мемлекеті – аймақтық изолят. Ҽріптестері жоқ ҽрі болуы ҽзірше мүмкін емес. Яғни, бұл Израиль мемлекетінің қауіпсіздікке қол жеткізудің екі факторын анықтайды:

- Ядролық қаруға иелік ету мен қорғаныс күшінің беріктігі - Сыртқы алып ҽріптесі АҚШ-қа сүйенуі

166

(3)

Иранның кез келген қондырғысының Халықаралық атомдық энергиясы агенттігінің есебінде тұрғандығын, ирандықтардың негізгі лозунгы: «бейбіт мақсаттағы атомдық қару – барлығына, ал ядролық қару – ешкімге» екендігін ескерсек, бейбіт ҽлемді қалыптастыру үшін Ұлыбритания, АҚШ, Франциядағы ядролық арсенал жойылуы тиіс [5]. Халықаралық құқық заңдары бойынша барлық елдердің тең екендігін, суверенді ел ҿзінің сыртқы жҽне ішкі саясатын еркін жүргізуіне құқылы екендігін ескерсек [7], Батыс елдері ҿздері жасаған халықаралық құқық заңдарын бұзуда. Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссҿздер осыған дейін нҽтижесіз болды, дипломатиялық жолмен шешуге келісімін берген Батыс елдері 2012 жылдың екінші жартысынан кейін ғана осындай тоқтамға келді.

2012 жылы келіссҿздердің 3 раунды ҿтті.

Стамбулда (14 сҽуірде), Бағдадта (23-24 мамырда), Мҽскеуде (18-19 маусымда)).

Бұл кездесулердің барлығы да нақты бір жетістікке қол жеткізбеді.

2013 жылдың алғашқы кездесуі 26-27 ақпанда Алматыда ҿтті. Халықаралық қауымдастықтың мҽлімдеуінше, аталған кездесуде Иранға жаңа ұсыныстар жасалынды.

ЕуроОдақ дипломатиясының басшысы Кэтрин Эштонның сҿзіне сенсек, «алтылық»

тарапынан Иранға қайта қаралған ұсыныстар жасалынды. Алайда Иран ҿкілдері ешқандай да ҿзгеріс енгізілмеген деген шешім айтты. АҚШ тарапы Иранның ядролық бағдарламаны баяулатуына санкцияларды жеңілдету шараларын ұсынды. Иран үкіметі ҿз кезегінде, тек Ядролық қаруды таратпау туралы Келісім міндеттерінен шықпаған жағдайда ғана орындайтынын айтты [7]. Дегенмен де, Иран мен «алтылық» келіссҿздерге дайын екендігін айтып, жаңа Стамбулдағы сарапшылар деңгейіндегі кездесу (17-18 наурыз) мен Алматыда ҿтетін жоғарғы деңгейдегі делегаттар кездесуіне (5-6 сҽуір) уағдаласты. 17 наурызда жабық түрде ҿткен сарапшылар кездесуінің бірінші күніне түсінік берген ирандық ФАРС агенттігіне жүгінсек, «алтылық» Иранның ядролық бағдарламасына байланысты позицияларын ҿзгерткенімен, «мұның ҿзі жеткілікті деңгейде емес». ИИР СІМ пресс-хатшысы Рамин Мехманпараст келіссҿздер «Иранның атомды бейбіт мақсатта қолдану құқығын мойындау мен ҿзге жақтарды уайымнан арылту, сеніміне ие болу»

бағытында жүру керектігін айтып, келіссҿздердің соңғы Астанадағы раунды «позитивті қадам екенін, осы алған беттен таймау керектігін» қосты [8].

2013 жылғы 24 ақпанда Иран үкіметі елдің солтүстік жҽне оңтүстігінде жаңа уран кендерінің табылғанын, 16 атомдық электростанциялар тұрғызу жоспарда екендігін мҽлімдеді. Иран үкіметі: «Жаңа кен орындарының табылғанына байланысты, уран қоры 1527-ден 4400 тоннаға ҿсті. Бұл елдің ядролық энергетиканы дамыту мүмкіндігіне айтарлықтай үлесін тигізеді». Нақты уран кен орындары аталмады. Иран 16 АЭС Парсы шығанағы, Оман теңізі, Хузестан провинциясы мен елдің солтүстік-батысында соғылатынын айтты. Тіпті АЭС соғылатын жерлер таңдалып қойылғанын да қосты [9].

Жоғарыда жазғандарымды қорытындылай келе айтатыным, Иран қазір дипломатиялық келіссҿздерге дайын, алайда атомдық қарудан жҽне уранды барлаудан бас тартуға келісе қоймайды. Ол қадамға бару үшін Иран энергетикалық, экономикалық, ресуртық қолдауға ие болуы керек. Ешбір ел мұндай жағдайды жасай алмайтындықтан, ҽрі ҿзі жалғыз экономикалық не саяси тҽуелділіксіз ҿскен бҿлтірік ҿзгелердің айтқанына не айдауына кҿне де қоймайды. Ал Израиль (Иран да) ядролық соққының екінші ұшының ҿз басына тиетінін біле тұра мұндай қадамға бармасы анық. Бұл шиеленісті толықтай шешу мүмкін емес. Себебі ҽр ұлттың не ҽр дін ұстанушыларының ҿзінің нақты кҿзқарасы мен ұстанымы бар. Жан жақты саралай келе, айтайын дегенім, Иранға ядролық қаруды бейбіт мақсатта қолдануға рұқсат берілуі керек, сонда ғана оның ядролық бағдарламасының жоспарымен ақпараттанып, түп мақсатын, расында бейбіт мақсатта ма ҽлде террористерге ҽскери қолдау кҿрсету мақсатында ма екенін анықтаймыз. Ал анық- қанығына кҿз жеткізбей тұрып мҽселені шешу не елді қудалау саясаты дұрыс емес.

Алайда Иранның ядролық бағдарламасын ақырын бақылап отырған ҿзге араб елдері ядролық бағдарламасын жасамақшы болса, МАГАТЭ-ден ҿзге бейтарап тҽуелсіз ұйым құрып, соның бақылауына ядролық бағдарламалардың жүзеге асуын беруге болады.

167

(4)

Себебі бүгінде МАГАТЭ кҿбіне АҚШ-тың мүдделерінде жұмыс атқаратын ұйым болып барады. Келешекке болжамдар жасай кетсем, Иран не болса да Израильге қарсы ядролық қару қолданбайды. Бірақ, батыс елдері Иранға ядролық бағдарламаға рұқсат бермесе, Иранның агрессиялық саясатының құрбаны болуы ҽбден мүмкін. Иранға бейбіт мақсатта қолдану саясатын дҽлелдеуіне мүмкіндік беру керек. Жаппай санкциялар салу, елді шарасыздан ядролық қаруды ҽскери мақсатта қолдануына итермелеуі мүмкін. МАГАТЭ, БҰҰ ҚК, т.б. Иранның ядролық бағдарламасының қаншалықты деңгейде дамығаны не қаншалықты күшті екендігі белгісіз болғандықтан, ауыз күймей тұрып, үрлеп ішу керек немесе байыппен ақыл таразысына салу керек екені белгілі.

Қолданған әдебиеттер тізімі

1. Арабские революции не оставили шанса для выживания Израиля.

http://pda.regnum.ru/1391968.html

2 http://ru.wikipedia.org/wiki/ 18/03/2013.

3. Haaretz, January 26, 2012.

4. Берг И.С. ФРГ: реакция на сообщения о нарастающей угрозе нападения Израиля на Иран. http://www.iimes.ru/rus/stat/2011/11-11-11.htm [2] http://www.ru.journal-

neo.com/node/120407

5. http://www.caravan.kz/article/59141

6. http://www.bibliotekar.ru/mezhdunarodnoe-pravo-3/6.htm

7. http://www.rosbalt.ru/exussr/2013/02/26/1099092.html 26/02/2013 15:18 Источник: Иран остановит обогащение урана в обмен на снятие санкций

8. http://www.iran.ru/news/politics/86449/ Shesterka peresmotrela svoi pozicii po yadernomu dose Irana na ekspertnyh peregovorah v Stambule

9. Иран объявил о намерении построить 16 АЭС после обнаружения новых урановых рудников 24.02.2013, 01:38 | «Газета.Ru»

Referensi

Dokumen terkait

Сондықтан да, программалық қамтаманың сенімділігін арттыру үшін жобалау кезінде келесі әдістер қолданылады [3]:  қателердің болуының алдын алуәдістері, қатені болдыртпайтын немесе

Относительно принципов жизни Султана Ибрахима, отраженного в «Кисса-и Ибрахим ибн Адхам», можно утверждать, что он придерживался всех трех ви- дов зухд воздержания, о которых идет речь