• Tidak ada hasil yang ditemukan

ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Іргебаева Н.М. п.ғ.к., психология кафедрасының доценті, әлеуметтік ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің

тӛрайымы

ҚР Президентінің «Қазақстан-2030» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технологиялық үдерістердің дамуы келешекте жоғары оқу орындарында білім беру қандай бағытта ӛрбуі керек деген ӛзекті мәселе туғызады. Бұл мәселенің бағытын Елбасы ӛзінің 2010 жылғы жолдауында нақтылап берді: «Жоғары білім саласы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО-лар әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек. 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде ӛз нәтижелерін беруге тиіс»[1] деп атап кӛрсетті.

Университеттегі жалпы білім беретін пәндерді оқытудың басты мақсаты білім беруді ізгілендіріп, болашақ маманның тұлғалық- коммуникативтік қалыптасуына жағдай жасау.

Университеттің ӘҒФ бойынша 7 кафедра 8 бакалавр, 8 магистратура және 3- PhD мамандықтары бойынша 547 пәннен оқытушы-профессорлар дәріс оқып, практикалық сабақтар, СӚЖ,СОЖӚ жүргізеді. Олардың 137 сі таңдау пәндері. Бұл жүктемелерді ӛз дәреженсінде ӛткізіп, студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде оқытушы-профессорлар оқытудың белсенді әдістерін, ақпараттық технологияны колданады.

Базалық әлеуметтік пәндер болашақ маманның тұлғасының қалыптасып, әлеуметтену процесінде алатын орны ерекше.

Философи,Психология, Педагогика, Әлеуметтану піндерінен білім беру білім саласын арттыру және ізгілендіру, адамгершілікке тәрбиелеу, болашақ интеллектуалды кӛшбасшыны тәрбиелеуге бағытталған. Факультет оқытушы-профессорлары бұл міндетті терең түсінеді.

Университет бойынша бакалавриаттарға берілетін жалпы білім беретін базалық пәндер саны-7,таңдау пәндері-3. Магистратурада 2 базалық, 1 таңдау пәндерінен дәріс беріледі.(1-кесте).

1-кесте Әлеуметтік ғылымдар факультеті бойынша жалпы білім беретін пәндер

тізімі

№ Кафедралар Пәні Дайындау бағыты (бакалавр, магистратура ) 1 Қазахстан тарихы Қазақстан тарихы Бакалавр

2 Философия Философия,

Мәдениеттану

Бакалавр Бакалавр

(2)

Ғылым тарихы

философиясы Магистратура 3 Әлеуметтік педагогика және

ӛзін-ӛзін тану

Педагогика Ӛзін-ӛзін тану Валеология Педагогика

Бакалавр Бакалавр Бакалавр Магистратура

4 Психология Психология

Психология

Бакалавр Магистратура

5 Әлеуметтану Әлеуметтану Бакалавр

6 Еуразиялық зерттеулер Еуразияшылдық:

теория және практика

Бакалавр

7 Денешынықтыру және спорт Дене шынықтыру Бакалавр Барлығы 7 - 3 эл. 3 маг.

Қазіргі таңда берілетін білімді ғалымдар негізінен репродуктивті және конструктивті деп бӛледі.(2-кесте).

2-кесте Білімнің түрлері

Репродуктивті білім Конструктивті білім Жоғарыдан қысым жасау;

Қатаң тәртіп сақтау;

Кітаптан оқу

Жүйесіз іскерлік пен дағдыны қайталау арқылы қалыптасу;

Белгісіз, бұлынғыр келешекке дайындау

Статистикалық (ӛзгермейтін) мақсат және материалдар.

Тұлғаның ӛзін - ӛзі дамытуы, ӛзіне- ӛзін ашу;

Еркін қарым – қатынас;

Ӛмірлік тәжірбиесі арқылы оқу;

Ӛмірлік мақсатына жету үшін іскерлік пен дағдыны игеру;

Қазіргі күннің мүмкіндіктерін пайдалану;

Күнделікті ӛзгеріп отыратын әлемнің динамикасы.

- Конструктивті берілген білімде:

1.Білім алушылар факті, ереже, принциптерден ӛз бетінше мәтін конструкциялайды

2. Білім алушы рефлекция арқылы ӛзін-ӛзі ӛзгертіп дара тұлғасын дамытады.

3. Конструктивтік білім адамның ӛзін-ӛзі ӛзгерту мақсаты мен құралдарын нақтылап қана қоймай, адамды ӛзімен ӛзін жетілдіру бағытында жұмыс істеуге жұмылдырады.

Конструктиивтік білімнің тұлғаны ӛзгерту әсерінің тиімділігі сол алған білімнің адамның ӛзін - ӛзі ӛзгерту процесіне жұмылдыру мүмкіндігіне, қабілетіне байланысты. Сондықтан конструктивтік білімнің негізгі

(3)

құрылымдық белгісі оның тартымдылығына, мәнді, мазмұнды болуына байланысты.

Конструктивті, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулуда қазіргі таңда білім беру процесінде ақпараттық технологиялар, білім берудің белсенді әдістері кеңінен пайдалануда.

Инновациялық оқыту технологиясы білім берудің эмперикалық инновацияларын ескере отырып, оқыту үрдісін дұрыс, ұтымды басқаруды қарастырады. Оған ӛзара бір-бірімен байланысты екі үрдіс енеді: білім алушының іс-әрекетін ұйымдастыру және оқушы тұлғасын дамытудағы жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекетті бақылау.

Адамның әрекетін, біліктілігін, тәжірибесін еңбекке қажетті заттарды, әлеуметтік шындықты сапалы ӛзгертуге бағытталған әрекеттер жүйесі технология деп аталады. Ақпараттық технология (АТ, ағылшын тілінде . information technology, IT) — іс-әрекет саласындағы пәндердің жиынтығы сонымен қатар есептеу техникасын қолдану арқылы басқару технологиясына жататын мәліметтерді талдау, ӛңдеу және сақтау.[2]

Соңғы кездерде кӛбіне ақпараттық технология деп компьютерлік технологияны түсінеді. Ақпараттық технология ақпаратты алу және беру, қорғау, ӛңдеу, сақтауды бағдарламалық қамтамасыз етуде компьютерлік технологиямен жұмыс істейді. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша АТ - ақпаратты ӛңдеп, сақтайтын адамдардың еңбегін ұйымдастырудың тиімділігін арттыратын әдістерді зерттейтін ғылыми, технологиялық, инженерлік пәндердің тығыз байланысты кешені. Қазіргі АТ-негізгі сапалары:

Берілген алгоритм бойынша ақпаратты компьютермен ӛңдеу;

Тасымалдаушы машинада кӛп кӛлемде ақпарат сақтау.

«Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан «Ақпараттық технологиялар» ақпаратты ӛңдеумен байланысты процестер болып табылады» деп есептейді «Ақпараттық технология» терминін қолданысқа енгізген академик В.М.Глушков.

Ал А.Горячев Білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды деп тұжырымдайды. «Ақпараттық технология» - мәтінідік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады.

«Ақпараттық технологияны» оқыту құралдары жүйесінің элементі.

Н.Апатова «Ақпараттық технология » ұғымына екі түрлі анықтама береді;

1.«Ақпараттық технология» - қажетті техникалық және бағдарламалық жабдығы бар компьютер.

2.«Ақпараттық технология» - бұл ақпаратты ӛңдеу кӛмегімен жүзеге асырылатын әдістер және тәсілдер жинағы.

Әлеуметтік ғылымдар факультеті білім беру процесiн ұйымдастыру барысында мынадай ақпараттық қызмет типтерiн пайдаланылады:

Электрондық пошта телеконференция:

мәлiметтердi жiберу (FTP-сервер)

(4)

гипермәтiндiк орта (WWW-сервер)

Интернет желiсiнiң әлемдiк ресурстары (WWW кеңiстiгi, деректер қоры, ақпараттық iздеу жүйелерi)

видеоконференциялар

Ақпараттық қызмет құралдары WWW-сервер арқылы хаттар мен файлдарды жiберу мен телеконференция ӛткізу арқылы пән бойынша түрлi талқылауларды жүзеге асырады.

Электрондық пошта кӛмегiмен оқытушы мен студент арасында оқу материалдарын жiберу және оқытушыға ӛздерiне түсiнiксiз болған материалдар бойынша сұрақтар жiберуiне мүмкiндiк алады. Бiр жағынан, ол оқытушының жұмысын жеңiлдетедi.

Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция мұғалiмнiң басқаруымен ӛткiзiледi. Оқытушы пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi, конференция барысында ӛткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды.

Телеконференцияға қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға ӛзiнiң хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады. Аталған типтердiң кӛмегiмен оқытушы білім алушыларға білім береді, оны талдап, жіберілген қателіктердің туу себептерін талдайды. Сӛйтіп, студенттің білім алу барысында материалды ӛз бетімен саралауына, білім саласындағы ӛз күшін байқап кӛруіне мүмкіндік туғызылады.

FTP-серверлерiнiң қызметi ӛте үлкен кӛлемдегi файлдарды (ақпараттарды) жiберуге мүмкiндiк бередi. Мұндай жiберулердi ұйымдастыру мен оны бақылауда FTP-серверлерiнiң қызметiн атқаратын функциялар орналасады.

Ал WWW-серверi оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк бередi.

Гипермәтiн материалдарды жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бӛлiмдерiн гипербайланыс арқылы бiр-бiрiмен байланыстыруға, материалдарды бiр-бiрiмен толықтырып отыруға мүмкiндiк бередi.

WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсындағы гипермәтiн түрiнде орналастырылған кӛрнекi және анықтамалық материалдарды пайдаланады.

Оқытушы iздеу жүйелерiнiң кӛмегiмен WWW-беттерiнде Интернет ресурстары бойынша анықтамалар арқылы сiлтемелер жинағын дайындай алады. Студенттердің үйренетiн материалдарын да осы құжатқа енгiзедi және ол жӛнiнде оған хабарлама берiледi.

Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:

 компьютерлiк үйрету бағдарламалары

 электрондық оқу құралдары

 компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау

 электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар

 аудио және видеоматериалдар

(5)

 Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар

Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға ықпал етеді. Сӛйткенмен оқу құралдарын жасақтау ұзақ процесс, ол қашықтықтан оқыту формасының тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi кӛзi болып табылады.

Қашықтықтан оқытудың техникалық базасы (телефондық және телекоммуникациялық арналар, телевидение және радио) ақпараттарды жiберу жүйесiн құрайды.

Интернеттiк ақпараттық ресурстар: E-Mail, WWW.

Білім беру процесінде кеңінен қолданылатын активті оқыту әдістері:

1Пікірталастар 2.Ойын әдістері 3.Рейтинг әдістері 4.Тренингтік әдістер.

Ақпараттық кеңістік, ақпараттандыру құралдары үнемі даму, жетілу үстінде. Мәселен Ресейлік компаниялар мемлекеттік органдардағы электронды құжат айналымында ӛз кӛмектерін ұсынумен қатар ABBY PDF Transforms» бағдарламасын қазақ тіліне аударып, интерфейсін де қазақ тілінде жасауды қарастыруда.

Сингапур және Малайзия тәрізді ақпараттық технология саласында әлемде кӛш ілгері келе жатқан елдердің озық үлгілерін саралап, білім беру процесінде пайдалану ӛте қажет мәселе.

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Ұстаз тумысынан ӛзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, кӛрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, ӛте шешен, ӛнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі кӛрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деген еді [3]. Осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын кӛтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

Әлеуметтік ғылымдар факультетінің жалпы білім беру пәндерін оқытудың маңыздылығы және оның ӛзектілігін кӛтерудегі күшті жақтары:

1.Оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-практикалық деңгейінің жоғарылығы;

2. Оқытушы-профессорлар құрамының жаңалыққа жақындығы;

3.Оқытушы-профессорлар құрамының студенттердің білімі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына талпыныстарын қолдап, басшылық жасауы;

4.Факультеттегі мамандықтарға студенттердің қызығушылығының басымдығы;

5. Оқытушы-профессорлар құрамының студенттерді мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етудегі жұмыстары;

6. Оқытушы-профессорлардың әлемдік оқу орындарымен байланысының артуы,Темпус және Болашақ бағдарламалары бойынша

(6)

тәжірибеден 4 оқытушы-профессорлар ӛтсе, 2011 жылы бұл сан екі есеге артып отыр.

7.Деканаттың кредиттік оқыту жүйесі жағдайында жалпы білім беру пәндерін оқытудың маңыздылығы және оның ӛзектілігін арттыруға басымдылық беріп, жағдай жасауы.

әлсіз жақтары:

1. Оқытушы-профессорлардың оқу жүктемесіндегі пәндердің кӛп болуы/7-11 пән/;

2.Импакт –фактор журналдарға мақалалар жариялаудың аздығы.

3.Ғылыми-зерттеу жұмысының жүйелі жүрмеуі.

Ұсыныстар:

1. Оқытушы-професорлардың жүктемесін әлемдік талаптарға сәйкестендіру;

2.Мемлекеттік тілде оқулықтар мен оқу -әдістмелік құралдар дайындауды оқытушылардың жүктемесіне енгізу, немесе арнайы уақыт беру;

3.Дәріс оқитын оқытушылардың дәріске дайындығына апта ішінде бос күн беру;

4.Оқытушылардың әлемдегі алдыңғы қатарлы оқу-орындарымен байланысын, ӛзара тәжірибе алмасу ауқымын кеңейту;

5.Оқытушы-профессорлардың студенттермен СӚЖ, СОӚЖ жүргізу әдістері бойынша семинарлар, дӛңгелек үстелдер ұйымдастыру;

6.Білім беруді бақылау комитетінің тізіміндегі және импакт-фактор журналдарына мақала жазу.

7.Оқытушылардың оқитын пәндері бойынша силлабусы және сабақ кестесінде ӛткізетін уақыты кӛрсетілгендіктен жүктеме журналын толтыру бос уақыт алатын артық жұмыс. Сондықтан ондай журналды толтыруды талап ету артық.

8. Магистратура мамандықтары бойынша бақылау, бағалау кезіндегі ведомостарды бір орталықтан беру жолға қойылса, себебі оқытушы әр семестрде кемінде 8 факултеттен ведомость жинап, оны қайта апарып ӛткізуі тиіс.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030». Алматы: Білім,1997.-176 б.

2.«Қазақ Совет Энциклопедиясы», 2010-168 б.

3. Әл - Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. - Алматы: Ғылым, 1975.- 382 б.

Referensi

Dokumen terkait

Заманауи ғылыми және педагогикалық әдебиеттерде электронды білім ресурстарына электрондық және сандық формада ұсынылатын білім беру ресурсы, электронды түрде ұсынылатын оқу-әдістемелік

Распределение концентрации карьерных предпочтений среди казахстанских подростков, обучающихся в сельской местности % № Код ISCO-08 Специальности 2022 Апробация 1 2211 Врачи