www.kaznu.kz
4-бет 8-бет
3-стр.
№11 (1762) 16 маусым
2020 жыл
СТУДЕНТТЕРМЕН ОНЛАЙН
КЕЗДЕСУ Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады
facebook.com/KazakhNationalUniversity vk.com/kazuniversity
ДЕНЬ ХИМИКА
instagram.com/KAZNU_FARABI
Кезекті ректорат жиыны әлемдік
QS рейтингісінде жоғары көрсеткішке ие ҚазҰУ-дың білім мен ғылым саласында жеткен жетістігі мен оны одан әрі қарқынды жетілдіру жолын қарастырудан басталды.
Жалғасы 2-бетте
АРАБ ТІЛІ ОНЛАЙН
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы Н.Ә. Назарбаев тапсырған және Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытудың мемлекеттік
бағдарламасына енгізілген 2020 жылы әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орнының қатарына кем дегенде 2 қазақстандық ЖОО-ның кіруі міндетін абыроймен орындап шықты.
Жалғасы 2-бетте ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БИЗНЕС ҚОҒАМДАСТЫҒЫНА ҮНДЕУІ
Қазақстандық университет QS жаһандық рейтингісін
де 165орынға көтеріліп, феноменалды серпіліс жасады.
ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді.
Жаһандық ең танымал және беделді Quacquarelli Symonds (QS) рейтингтік агенттігі әлемнің жоғары оқу орындары бойынша зерттеудің биылғы жылғы нәтижелерін жариялады. QS аналитикалық есебінде атап өтілгендей, әлФараби атындағы ҚазҰУ 42 орынға ілгерілеп, жаһандық рейтингте 165орынды иеленді және «әлемнің ең үздік 200 университетінің қатарына енген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны болды».
Посткеңестік елдерден тек екі университет қана осы топқа еніп отыр – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
Әлемдік жоғары білім беру тарихында бұрынсоңды болмаған қарқынды дамуды көрсете отырып, 9 жыл ішінде университет шамамен 500 орынға алға жылжыды.
Әлемдік рейтингте қысқа уақыт ішіндегі бұндай бірегей ілгерілеу «әлФараби атындағы ҚазҰУ феномені» деп аталып шетелдік сарапшылар назарын өзіне аудартты.
Қазақстандық жоғары оқу орны қарқынды дамуының
жарқын үлгісі халықаралық академиялық ортада белсенді түрде талқылануда. Көптеген шетелдік жоғары оқу орындары ҚазҰУдың оң тәжірибесін қолданысқа енгізуде.
Әлемдік рейтингте жеткен биік жетістікте университет ректоры, академик Ғалым Мұтановтың басшылығымен ҚазҰУдың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша университет ұжымы атқарған қыруар жұмыстар тұр. Кластерлік тұрғыдан кешенді құрылымдық модернизациялау жүзеге асырылып, нәтижеге бағытталған басқару жүйесі енгізілді. Алдыңғы қатарлы шетелдік университеттермен бірлесе қос диплом бағдарламасы және ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда, соның нәтижесінде Қазақстан бойынша ең көп шетелдік студенттер ҚазҰУ
да білім алуда. Тек соңғы жылдың өзінде олардың саны 15 есеге өсті.
«Майкрософт» компаниясы ҚазҰУ цифрлық моделін ең озық тәжірибелердің бірі ретінде таныды. Университетте
«ғылыми идеядан бастап оны коммерциализациялауға дейінгі» технологиялық дәліз құрылған. Оны тиімді пайдалану арқасында университетте 5 жыл ішінде ғылыми жобалар көлемі 2,5 есеге артты.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзі барлық қазақстандықтар
үшін маңызды оқиға болды. Ел Президенті өз сөзінде экономиканың маңызды
салаларын айқындайтын ғылым мен білімді реформалаудың маңызды бағыттарын атап өтті.
Президент ел тарихында алғаш рет барлық мемлекеттік саясат жаңа экономиканың негізгі салалары болып табылатын ғылым мен білімді дамытуға бағытталуы тиіс екенін нақты мәлімдеді. Сонымен қатар, Президент қазіргі әлемдегі кез–келген мемлекет үшін басты критерий адами капитал болып саналатынын ерекше атап өтті, оны қалыптастыруда білім беру жүйесіне үлкен рөл тиесілі, яғни балабақшалардан бастап университеттерге дейін білім берудің барлық деңгейлері креативті зияткерлік ұлттың қалыптасуына жауапты. Елдің бәсекеге қабілеттілігі, атап айтқанда, Елбасының Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөніндегі тапсырмасының орындалуы ғылым және білім беру жүйесінің даму деңгейіне байланысты. Бұл ретте, дамыған елдердің үлгісі бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары елдің ұлттық инновациялық жүйесінің және ғылыми ауқымды экономиканы дамытудың зияткерлік драйверлері болуға тиіс.
Осыған байланысты, әлФараби атындағы ҚазҰУ ұжымы ғылымибілім беру саласын жаңғырту елдің прогрессивті дамуының кепілі болып табылатындығын терең түсінеді.
Онлайн мәжіліс барысында сөз алған бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаев «Университетіміз әлемдік жоғары білім беру тарихында бұрынсоңды болмаған қарқынды дамуды көрсете отырып, 9 жыл ішінде университет шамамен 500 орынға алға жылжыды. Білім ордамыздың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда университет ұжымының еңбегі орасан зор. Сондықтан да барша университет ұжымын жеңістерімен құттықтап, алда әлі де биік белестерді бірге бағындыратынымызға сенемін»,– деді бірінші проректор.
Жалғасы 2-бетте
2
№11 (1762) 16 маусым 2020 жыл
KAZNU.KZ
РЕКТОРАТ
Жалғасы. Басы 1-бетте
Ál-Farabı atyndaǵy QazUÝ Shyǵystaný fakúlteti Iran Islam Respýblıkasynyń Qazaqstandaǵy Mádenı Ókildigi jáne Tabatabaı ýnıversıtetimen birlesip, parsy tili men ádebıetin úırenip- zertteý maqsatynda halyqaralyq onlaın-kýrsyn uıymdastyrdy.
Onlaın-kýrs ál-Farabı atyndaǵy QazUÝ- diń shaqyrtylǵan sheteldik profesory, Tabatabaı ýnıversıtetiniń oqytýshysy doktor Oýrang Izadıdiń jetekshiligimen júrgizilýde. Qazaqstan jáne Ortalyq Azıa elderiniń oqytýshylary men stýdentteri úshin kelesi taqyryptar boıynsha dárister oqytylady: parsy tiliniń shyǵý tarıhy, ıran tilder tobynyń shyǵý tegi, kóne parsy tiliniń syna jazýy, orta parsy tili (pehlevı), qazirgi parsy tiliniń gramatıkasy jáne t.b.
Kýrsqa qatysýshylardy parsy ádebıetiniń áıgili eskertkishi, Iran halyqtarynyń ulttyq eposy Shahname erekshe qyzyqtyrady. Olarǵa «Patshalar kitabynyń»
paıda bolý tarıhy týraly jáne «Bıjan men Manıje»,
«Rústem men Sohrab», «Rústem men Isfandıar» jáne basqa da ańyzdarmen tanysýǵa tamasha múmkindik berildi.
Shyǵystaný fakúlteti zamanaýı IT tehnologıalardy qoldana otyryp, ár túrli elderdegi seriktes ýnıversıtettermen onlaın kýrstaryn jalǵastyrýdy josparlaýda.
***
Kásibı standarttar negizinde bilim berý baǵdarlamalaryn jańartý máseleleri ál-Farabı atyndaǵy QazUÝ-dyń ROÁK oqý-ádistemelik birlestiginiń onlaın-otyrysynda talqylandy. Oǵan QR Bilim jáne ǵylym mınıstrligi, Bolon prosesi jáne akademıalyq utqyrlyq ortalyǵy, QR JOO jáne «Atameken» UKP ókilderi qatysty. Kezdesýge QazUÝ-dyń oqý isi jónindegi prorektory
A.Hıkmetov moderatorlyq etti.
Otyrysqa qatysýshylar elimizdiń jetekshi JOO-da bilim berý baǵdarlamalarynyń qalaı ázirlenetinin, kásiptik standarttar negizinde kontentti jańartý barysynda qandaı qıyndyqtar týyndaıtynyn estýge jáne kórýge biregeı múmkindik aldy.
Otyrysty ashqan joǵary jáne joǵary oqý ornynan keıingi bilim departamenti dırektorynyń orynbasary B.M.Narbekova jańa formattaǵy OÁB qyzmetiniń basty trendterin aıqyndady. Jańartylǵan bilim berý baǵdarlamalaryn ulttyq tizilimge engizý algorıtmi týraly Bolon prosesi jáne akademıalyq utqyrlyq ortalyǵy dırektorynyń orynbasary G.S.Jarasova baıandady.
Onlaın-otyrysta ál-Farabı atyndaǵy QazUÝ-dyń jumys tájirıbesi usynyldy. JOO túlekteriniń daıyndyq baǵyttarynyń, bilim berý baǵdarlamalaryn ázirleýdegi negizgi baǵdarlar men tásilder boıynsha quzirettilik modeli týraly ádistemelik jumys qyzmetiniń jetekshisi G.T.Jakýpova aıtyp berdi. Mehanıka kafedrasynyń meńgerýshisi Z.B. Rakısheva jáne Ulttyq ǵaryshtyq zertteýler ortalyǵynyń Ionosfera ınstıtýtynyń orbıtalyq jáne jerústi ǵarysh júıeleriniń senimdiligi men qaýipsizdigi zerthanasynyń meńgerýshisi V.F.Grıshenko «Mehanıka» jáne «Ǵaryshtyq tehnıka men tehnologıalar» bilim berý baǵdarlamalaryn birlesip jasaý tájirıbesimen tanystyrdy.
***
Ál-Farabı atyndaǵy QazUÝ áskerı kafedrasy QR Qarýly Kúshteriniń qurmetti ardageri, general- maıor Vladımır Petrovıch Bondarenkomen onlaın-konferensıa ótkizdi. İs-sharaǵa kafedra stýdentteri, oqý vzvod komandırleri jáne oqytýshylar qatysty.
General Bondarenko V.P. táýelsiz Qazaqstannyń Qarýly Kúshteriniń qurylýyna tikeleı qatysqan.
Uzaq ýaqyt boıy ol Qazaqstan Respýblıkasynyń Áýe qorǵanysy kúshteri bas qolbasshysynyń orynbasary jáne keńesshisi, sondaı-aq tárbıe jumysy boıynsha birqatar eren ofıserler tobynyń tálimgeri boldy.
Beınekonferensıa barysynda eńbek sińirgen ardager qazaqstandyq armıanyń qalyptasýy, komandırlerdiń tárbıe jumysynyń erekshelikteri jáne oqý-jattyǵý daıyndyqtaryn sátti uıymdastyrý týraly áńgimeledi.
Onlaın-suhbat kezinde stýdentter qonaqqa suraqtar qoıdy. Olar Áýe qorǵanysy kúshterindegi áskerı qyzmettiń erekshelikteri, ofıserlerdiń boıynda bolýy kerek qasıettermen qatar jetistikke jetýlerine múmkindik beretin ómirlik nusqaýlarǵa qyzyǵýshylyq tanytty. Vladımır Petrovıch kýrsanttarǵa óziniń jaýyrgerlik eńbegi, áskerdegi tárbıe jumysynyń mańyzdylyǵy jáne kele jatqan Otan qorǵaýshylar kúni men Uly Otan soǵysyndaǵy Jeńis kúniniń tarıhı mańyzy týraly aıtyp berdi.
Beınekonferensıa sátti, emosıonaldy jáne mazmundy ótip, áskerı kafedranyń stýdentteri úshin batyldyqtyń naǵyz sabaǵyna aınaldy.
КазНУ вошел топ-200 лучших универсиетов мира
Халықаралық рейтингі жоғарғы журналдардағы қазақстандық авторлардың әрбір бесінші жарияланымы – ҚазҰУ ғалымдарының үлесі. Соңғы 5 жылда университет инфрақұрылымның жалпы аумағы 50% пайызға дейін өсті.
БҰҰның тұрақты даму жөніндегі
«Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабы ретінде ҚазҰУ жаңа буын университетінің «Университет 4.0» моделін жасап енгізді. НьюЙорктегі БҰҰның штабпәтерінде таныстырылған
«Университет 4.0» моделі халықаралық деңгейде кеңінен таратуға ұсынылды.
ҚазҰУ әлемнің 12 елінде әлФараби орталықтарын ашты.
Қазақ ұлттық университетінің әлемдік білім беру кеңістігіндегі көшбасшылық деңгейі басқа да халықаралық рейтингтік агенттіктерде көрініс табуда. ҚазҰУ әлемдегі үздік 200 экологиялық және ең озық технологиялық университеттердің үздік 50 тобына кіреді. Еуропалық ғылымиөнеркәсіптік палатасы рейтингінде ҚазҰУ «АА+» бағасын иеленіп, жетекші еуропалық жоғары оқу орындарының қатарына енді. Барлық осы жетістіктер арқасында ҚазҰУ түркі және ислам әлеміндегі ең үздік университет ретінде танылды.
QS рейтингісінде Массачусетс технологиялық университеті көш
бастайды, екінші және үшінші орында сәйкесінше – Стэндфорд және Гарвард университеттері (барлығы АҚШтың жоғары оқу орындары). Ең үздік әлемдік жоғары оқу орындарының ондығын
толығымен американлық және британдық жоғары оқу орындары құрайды.
Өз тілшімізден
Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіруінің маңызды факторлары – әлемдік деңгейдегі ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру, жоғары сапалы ғылыми зерттеулер жүргізу және білімге негізделген ғылыми ауқымды экономиканы қалыптастыру.
Президент атап өткендей, ірі отандық кәсіпорындардың, компаниялардың жоғары оқу орындарымен және зерттеу институттарымен өзара тығыз байланыс орнатуы өте маңызды, бұл инновациялық экономиканы құрудың неғұрлым тиімді үлгісі – «үштік спираль» моделі болып табылады.
Әрбір мұғалім, оқытушы және ғалым мемлекет олардың еңбегін елдің дамуының негізін қалаушы деп танитынын, жас ұрпақты оқытумен қатар, сапалы зерттеулерді жүргізу, олардың нәтижелерін өндіріске, экономиканың нақты секторына және елдің дамуына енгізуге өзінің игілікті міндетін орындауы үшін барлық қажетті жағдайды жасайтынын түсініп білуі тиіс. Бұл біздің әрқайсымызға үлкен жауапкершілік жүктеуімен қатар, бізді үлкен жетістіктерге жұмылдырады, өйткені бүгінгі күн біздің күшжігерімізге байланысты, ал елдің болашағы біздің балалар мен немерелерімізге тәуелді.
Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде біздің халқымыз түрлі сын
сынақтардан өтіп, әрқашан кез келген
міндеттерді бірге шеше алатынын дәлелдеді. Президенттің ғылым мен білімді елдің әлеуметтікэкономикалық дамуының қозғаушы күшіне айналдыру мақсатындағы қазақстандықтардың алдына қойған жаңа міндеттері назарымыздан тыс қалмайтынына сенімдіміз. Біз білім мен ғылым жүйесін экономикамен барынша ықпалдастыру, базалық экономикалық сала ретінде ғылым мен білім беруді қалыптастыру мақсатында экономикалық дамудың драйверлерін қайта құруымыз керек, бұл бүкіл елді жаңғыртуға алып келеді!
Ұлы ойшылдар әлФараби мен Абайдың мерейтойлық жылы
«Қайырымды қоғам» және «Кемел Адам»
туралы сөздері елдің жаңа дамуындағы маңызды бұрылыстың бейнесіне айналатыны терең нышандық мәнге ие.
Біз, әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымының мүшелері Мемлекет басшысының қойған міндеттерін толық қолдай отырып, ғылымибілім беру және бизнес қоғамдастықтың ортақ мақсатына жету үшін туған жеріміз – Қазақстанды жоғары зияткерлік, жоғары дамыған және бәсекеге қабілетті елге айналдыруға күшжігерді біріктіруге шақырамыз!
Біз табысқа бірге жетеміз! Біз біргеміз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жалғасы. Басы 1-бетте
Сондайақ жиын барысында қашықтықтан оқыту жүйесіне тоқталған басшылық алдағы уақытта бұл жүйенің әлі де пысықталатынына назар аударды. Естеріңізде салсақ, ҚазҰУ ағымдағы жылдың наурыз айында озық сандық білім беру технологияларын қолдана отырып толығымен қашықтан білім беру жүйесіне көшкен болатын. ҚазҰУдың зерттеу университетіне айналуының маңызды құрамдас бөлігі барлық бизнесүдерістерді сандық форматқа көшіру болды. Соңғы жылдары университетте «ақылды» ақпараттық
коммуникациялық инфрақұрылым және smartкампус құрылды, бұлтты және мобильді технологиялар енгізілді, ал ІТқызметтерді дамыту ЖООны сапалы жаңа сандық деңгейге шығарды. Бұл өз кезегінде оқу үдерісін қашықтықтан оқыту түріне жедел ауыстыруға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта университет қашықтықтан оқытудың басқа да қырсырын қарастырып, әлемдік тәжірибені де ескеретін болады дейді, жиынға қатысушылар.
Айнұр АҚЫНБАЕВА Жалғасы. Басы 1-бетте
3
№11 (1762) 16 маусым 2020 жыл
Химия және химиялық технологиялар факультетінде дәстүрлі «Химиктер күні»
мерекесі онлайн форматта өтті
Факультет химии и химической технологии КазНУ им. аль- Фараби в 59-й раз отпраздновал свой профессиональный
праздник - День химика.
Традиционно в этот день собираются выпускники факультета, как правило
«юбилейных годов выпуска». Этот праздник всегда наполнен теплотой, ведь выпускники вспоминают свои безмятежные студенческие годы, друзей, любимых преподавателей.
Неслучайно эта традиция приглянулась и другим факультетам нашего университета, и, начиная с 2011 года по инициативе ректора Галымкаира Мутановича Мутанова, в последнюю субботу мая весь университет празднует День выпускника.
В этом году пандемия коронавируса внесла свои коррективы, многие выпускники не смогли приехать на встречу в альмаматер. Однако праздник все же состоялся в нетрадиционной онлайнформе. Основная встреча была организована на базе платформы Zoom, где встретились порядка 100 корифеев факультета, выдающихся химиков и выпускниковюбиляров. Остальные зрители имели возможность посмотреть онлайнтрансляцию на странице факультета в Facebook. Во время трансляции было зафиксировано более 1000 зрителей, а в течение 2х дней пост с видео увидели более 5500 человек.
Кроме того, 4х часовая видеозапись мероприятия была выложена в YouTube на странице организатора праздника – кафедры аналитической, коллоидной химии и технологии редких элементов.
Поздравительные и памятные видеозаписи были опубликованы в социальных сетях каждой кафедры.
В праздновании приняли участие химики из разных городов и стран, организаторы получили
более 20 видеопоздравлений, как от выпускниковюбиляров, так и от успешных химиков – представителей государственных структур, научной общественности, бизнессообщества, вузовпартнеров из Казахстана, ближнего и дальнего зарубежья. Среди них эксминистр К. Шамшидинова, меценаты университета З. Катранова, А.
Жарменов и др.
Используя фотографии своих учителей и профессоров, участники праздника сделали замечательные видео, собрав их из множества фотографий студенческой и современной жизни. Виртуальные поздравления и видеоролики поступили со всех уголков мира.
По уже сложившейся традиции праздник всех поколений был открыт приветствием ректора КазНУ имени альФараби академика Галымкаира Мутанова, который рассказал о текущих достижениях университета и поздравил всех выпускников.
Ведущими было зачитано приветствие председателя Верховного Суда Республики Казахстан, президента Ассоциации выпускников КазНУ,
генералаполковника юстиции, выпускника юридического факультета 1981 года Кайрата Мами. В своем обращении он отметил новые успешные проекты Ассоциации с участием меценатов, поздравил всех выпускников с праздником и пожелал им успехов в профессиональной деятельности.
Эстафету официальных
поздравлений принял декан факультета химии и химической технологии Хайдар Сулейманович Тасибеков. Участники мероприятия и онлайнзрители услышали об успешных событиях факультета за последнее время.
Самые молодые зрители узнали, что ежегодно Дню химика присваивается номер и соответствующий элемент Периодической системы Д.И.
Менделеева. Так, например, в этом году праздник проходил под эмблемой 59 элемента – празеодима.
Первой их выпускников выступила известный ученый, педагог, заведующий кафедрой аналитической химии (19711993гг), доктор химических наук, профессор Александра Ивановна Зебрева. И хотя сейчас она проживает в Караганде, благодарные ученики и
коллеги нашли возможность передать ей огромный букет роз. Поздравив всех с праздником, Александра Ивановна поделилась воспоминаниями о студенческой жизни.
Всего на празднике было представлено 14 юбилейных выпусков, каждый курс блеснул своими талантами – стихотворными и песенными.
Некоторые видеопоздравления представляли собой настоящие шедевры. Все они доступны для просмотра на странице факультета в Facebook
Во время празднования были продемонстрирован фильм, посвященный 85летию факультета химии и химической технологии, а также видеоролик о достижениях и успехах университета. В рамках мероприятия также была проведена встреча ассоциации выпускников факультета, на которой присутствовали 23 человека. Они обсудили достижения университета, факультета, а также перспективы сотрудничества Ассоциации выпускников КазНУ
«Наставничество: возможности для каждого». Встречу завершила песня
«Армандастар», ставшая гимном выпускников нашего университета.
Организаторы конференции получили множество положительных откликов от благодарных зрителей, а также видеопоздравления и слова благодарности. Пересматривая видеосюжет в «YouTube», выпускники до сих пор благодарят организаторов 59ого дня химика. Оказалось, что онлайнформат мероприятия имеет существенное достоинство – дает возможность привлечь гораздо большей зрительской аудитории День химика – 2020, несмотря ни на что, удался на славу!
Факультет химии и химической технологии
Осы жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық
қатынастар факультеті Түлектер күнін кең ауқымда, қызықты әрі мазмұнды етіп атап өтті.
Коронавирус пандемиясы мен карантинге байланысты мереке онлайн-форматта өтті.
Жаңа технологиялар мен зор құлшыныс әр жылдардағы түлектерге араға жылдар салып кездесіп, студенттік шақтың ең тамаша сәттерін еске алып, жеткен жетістіктерімен бөлісіп, сүйікті альма-матерді мерекемен құттықтауға мүмкіндік берді.
Кезінде, ҚазҰУ Түлектері қауымдастығын құрып, маңызды әрі мерейлі мереке – түлектер күнінің тойлануына бастамашы болған дәл осы – халықаралық қатынастар факультеті еді.
Биылғы жылы халықаралық қатынастар факультетінің Түлектер кеңесінің отырысына дайындық жұмыстары ерекше мұқияттылықпен жүргізіліп, оның өткізілу тәртібінің жаңа формасын игеру қажет болды. Тыңғылықты жүргізілген дайындық жұмыстарының арқасында, онлайн кездесулер жоғары ұйымдастырушылық
техникалық деңгейде өтіп, жүздеген түлектер мен құрметті қонақтардың басын қосты.
Тәлімгерлік институтын дамыту бойынша ұсыныс оқытушылар мен түлектер арасында қызу пікір алмасу тудырды. Факультетте осындай іс
тәжірибе бұрыннан бері жүргізіліп жатыр, түлектер өз білімдерімен, кәсіби және өмірлік тәжірибесімен жас ұрпақпен бөлісуде. Олар үлкен ықыласпен шеберлік сабақтарын өткізіп, лекциялар оқиды, өздерінің табысқа жету жолдары туралы әңгімелейді, сондайақ, өз компаниялары мен ұйымдарының базасында тәжірибе жүргізуді ұсынуда. Аға және жас буын арасындағы тәлімгерлік сынды ынтымақтастықтың түрі алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, ал жоба бұл қызметке жаңа серпін береді.
ӘлФараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов бейнежазба арқылы құттықтау жолдады. Ұлы ойшыл Әбу Насыр әлФарабидың: «Адамдар тек бірлесе, бірбіріне көмектесу арқылы ғана бақытқа жете алады», – деген сөздерін тілге тиек етіп, барлық қатысушыларды түлектер күнімен құттықтап, бірлік пен ынтымақтастыққа шақырды.
Онлайн кездесу барысында ЖОО
ның жетістіктері туралы бейнесюжет көрсетілді, түлектер мен оқытушылар студенттік өмір туралы естеліктерге
үңіліп, соңғы уақыттағы оқиғалар жөнінде өз пікірлерімен бөлісіп, ҚазҰУ туралы соңғы жаңалықтармен танысты.
Сонымен бірге, халықаралық қатынастар факультеті түлектерінің құттықтау бейнежазбалары ұсынылды, олардың қатарында БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары С. Исетов, ҚР Президенті Аппаратының мемлекеттік инспекторы М.Қайырбек, ҚР СІМ Еуропа департаментінің директоры Н.Жұмақанов және т.б. болды.
Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының онлайн ісшарасында ҚРдағы БҰҰ жүйесінің тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің баспасөз және коммуникация жөніндегі кеңесшісі Э.Байназарова, ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті басқармасының басшысы Н.Айтмаханов және басқа да қатысушылар жылы лебіздерін білдірді. Кафедра меңгерушісі Е.Чукубаев түлектердің кездесуі факультет үшін де, жалпы университет үшін де маңызды екенін атап өтті.
Халықаралық құқық кафедрасының ісшарасының модераторы, меңгеруші Ж.Сайрамбаева құттықтау сөзінде Түлектер күні университет пен оның тәрбиеленушілерінің тығыз және
достық қарымқатынастарын дамытып, факультет пен кафедраның іскерлік байланыстарын кеңейтіп, ҚазҰУ түлектерінің мыңдаған мүшесінен тұратын қауымдастығын нығайтып келе жатқанын алға тартты. Мәселен, инвестициялық холдинг компаниясының Президенті, кәсіпкер Думан Базарбаев факультет негізінде заң клиникасының ашылуына демеу көрсетіп, өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісуде.
Халықаралық қатынастар факультеті Түлектері кеңесінің мерекелік онлайн кездесуі декан, профессор С.Айдарбаевтың төралағымен аяқталды.
Түлектер ұстаздарына ең жылы лебіздері мен алғыстарын білдіріп, сүйікті университеттеріне ары қарай өркендеуді тілеп ізгі ниеттерін жеткізді. Әрбірінің өзіндік өмірлік жолы бар, десе де олар жыл сайын топтастары және ұстаздарымен қайта қауышуға уақыт табуда. Ыстық ықыласты кездесу қатысушыларды ұзақ уақыт бойы жағымды көңіл күйге бөледі, себебі студенттік жылдар әр қайсымыз үшін ұмытылмас, жарқын әрі жылы естеліктерге толы болып қалмақ.
Халықаралық қатынастар факультеті
4
№11 (1762) 16 маусым 2020 жыл
1 июля в КазНУ состоится онлайн-презентация книги «Роль Первого Президента Республики Казахстан в конституционном строительстве независимого Казахстана: уроки Елбасы»
ALMA MATER
ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Сауд Арабиясының әл-Жуф университетімен бірлесе отырып, шетелдіктерге арналған заманауи технологияларды қолдану арқылы араб тілін үйрену бойынша халықаралық онлайн семинар өткізді.
ӘлЖуф университетінің профессоры, белгілі тіл маманы Махмуд Абдул Хафиз Халафалла семинарға қатысушыларға араб тілінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы, оның таралуы, ерекшеліктері мен диалектілері, басқа тілдерге әсері, сондайақ әлемдік кеңістіктегі рөлі туралы айтып берді. Сонымен қатар, ол араб тілін жақсы меңгеру және оны жетілдіру үшін тәжірибелік кеңес берді. Спикер оқытуда заманауи технологияларды қолдану қажеттігін атап өтіп, электронды оқулықтар мен құралдарды пайдалану тәжірибесін ұсынды. Ол Educational Computer, ELearning, Mobile Learning түрлі түрлерін қолдана отырып араб тілін
меңгеруде жақсы нәтиже беретінін атап өтті.
ҚазҰУдың Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасымен ұйымдастырылған онлайнсеминарда әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, НұрМүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің профессороқытушылар құрамы мен докторанттары, Л. Гумилев атындағы ЕНУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ және елдің басқа да жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Шығыстану факультеті
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы мен студенті халықаралық жарыстарда бірінші орындарды жеңіп алды.
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті Зухра Садвакасова кәсіби психологтар арасында
«Lightning talk» халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді. Байқауда ол 128 әдісті қамтитын «конфликтологиялық сауаттылықтың сандықшасын»
ұсынды. Жоба арнайы медиаторлар мен қақтығыстарды шешетін мамандарға арналған.
Халықаралық сарапшылар ҚазҰУ оқытушысының жоғары
кәсіби деңгейі мен шеберлігін, жобаның психологтар мен мамандар үшін қақтығыстарды шешудегі өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығын, сонымен қатар қолдану кезіндегі әмбебаптығын атап өтті.
ӘлФараби атындағы ҚазҰУ студенті Жана Карабалина («Психология»
мамандығы бойынша екінші жоғары білім) Сербияда өткен «Science Slam»
халықаралық байқауында бірінші орынды жеңіп алды. Байқау студенттердің танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың кәсіби өзінөзі жүзеге асыруға, ғылымизерттеу және жобалық жұмыстарға қатысуға бағытталған.
Ж. Карабалина философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасында екінші жоғары білім алуда. Кафедра доценті З.М. Садвакасованың ғылыми жетекшілігімен ол «Аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларға психологиялық қолдау көрсету» тақырыбында жоба ұсынып, құзырлы қазылар алқасы оны жоғары бағалады. Айта кетерлік жайт, бұған дейін автор бұл жобаны «Фараби әлемі» студенттер және жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында ұсынып, бірінші орынды иеленген.
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы Мен Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің органы–
«Социалистік Қазақстан»
газетінде он шақты жыл әдеби қызметкер ретінде қызмет атқардым. 1963 жылы жаз айларында есте қалатындай бір оқиға болды. Бас редакторымыз жедел мәжіліс (летучка)
шақырды. Сөйтсек, газеттің сол күнгі кезекті номері таңертеңгі сағат алтыдағы ұшаққа ілінбей қалыпты. Халыққа уақытылы тарамаса, газет өз құнын жояды. Қатардағы газеттердің бірі емес, билігі жүріп тұрған Орталық партия Комитетінің органы болғандықтан, мұндай жағдайларға ерекше мән берілетін.
Газет номеріне қол қойылып көбейтілуге берілген кезде редакцияның бір қызметкері арнайы барып, тың көз (сол кездің терминологиясы бойынша – свежий глаз) ретінде газетті бастан
аяқ оқып шығатын. Мұндай сақтықтың пайдалы екендігі талай рет дәлелденілді.
Сол жолы бас мақалада Францияның көрнекті мемлекет қайраткері кіші әріппен де Голль болып жазылудың орнына үлкен әріппен Де Голль болып жазылып кетіпті. Түпнұсқада дұрыс.
Қате жіберген корректорға қатаң сөгіс, екі кезекшіге сөгіс берілді.
Осы оқиғадан кейін «Правда»
газетінен баспасөз қызметкерлеріне арналған емле (орфография) ережелері жазылған кітапша алдырылып, бөлімдерге таратылып берілді. Мұнда он екі жағдайда сөйлем басында кіші әріптермен жазылатын ережелер бар
екен. Солардың бірқатары есімде қалып қойыпты.
1. Дауысты және дауыссыз дыбыс
тардың таңбасы сөйлем басында жеке қолданылғанда бас әріппен жазылмайды. а – жуан айтылатын дауысты дыбыс десек, аны, сөйлем басында келгенімен, бас әріппен жазуға болмайды.
2. Әр түрлі ғылым салаларында (физика, биология, химия т.б.) әріп белгілі бір мағына беретін таңба ретінде қабылданса, сөйлем басында келгеніне қарамастан кіші әріппен жазылады. Мысалы, ар (көлемдік өлшем) а деп белгіленсе, сөйлем басында үлкен әріппен жазылмайды.
3. км, см, мм, га сияқты қысқарған сөздер сөйлем басында келгенде бірінші әріпін үлкейтіп, екінші әріпін кішірейтуге болмайды. Км, См, Мм, Га сияқты формада жазылмайды.
4. Қай елдің тілінен алынса да, артикльдер сөйлем басында да, ортасында да әрдайым кіші әріппен жазылады. Мысалы, де Голль, Жанна дАрк, әлБухари, әлСамарқанди т.б.
«әлХорезми» аталатын орыс тіліндегі кітапта лақап есімнің алдындағы артикльдің кіші әріппен жазылғанына өзім куәгермін.
Санамаланған ережелердің ішінде біз үшін ең маңыздысы соңғы ереже.
Мұны қазақ тілшіғалымдары да қабылдаған еді. Алайда бір автор «Қазақ университеті» газетінің 2005 жылғы 28 маусымдағы санында «Алыпты аласартпайық» (атау алдында келетін артикльді кіші әріппен жазғанда алыптар аласарып қалатындай) деп аталатын мақаласында артикльге ешқандай қатысы жоқ ережелерді тізбелеп, әлФарабиді бас әріппен жазуды ұсыныпты. Міне, осы кезден бастап бүкіл баспасөзде әлФараби бірде үлкен әріппен, бірде кіші әріппен жазылып келеді. «Дүмше молда ел бұзар»
деген осы.
Осы мәселеге байланысты аса көрнекті ғалым, орфографияның майталман маманы Рабиға Сыздықоваға жолығып, мәнжайды түсіндірдім. Ол кісі: «Артикльдер сөйлемнің басында да, ортасында да кіші әріптермен жазылады.
Біз көптеген мәселелерде орыс ғалымдарына сүйенеміз ғой», – деді.
Расында да солай. Сонымен баспасөзде ғана емес, ғылыми еңбектерде де әл
Фараби сөйлемнің басында қолданылса, бас әріппен, ортасында қолданылса, кіші әріппен жазылып, дағдыға айналып барады. Бүйте берсек, сөйлем басында смді См деп, кмді Км деп жазатын шығармыз. Баспа, баспасөз мәдениетін бұзып, елді шатастырғанда қандай пайда табамыз? Артикль ешқашан, еш жерде бас әріппен жазылмайды. Бұл – маман тілшілер терістей алмайтын салауатты қағида, аксиома. Емле (орфография) мәселесінде физик, химик, биолог, математик сияқты мамандар түгіл журналистер мен тарихшылар да тілшіғалымдарға қарайды, олардың тұжырымдарын басшылыққа алады.
әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университеті атауын құбылтып, әр түрлі сипатта қағазға түсіру жалпы алғанда зиялы қауымға сын. Сауаттылығымыз кемелденген қазіргі заманда мұны ұсақ
түйекке жатқызуға болмайды. Алдағы уақытта әлФараби бабамыздың лақап есімін дұрыс жазатын болайық.
Берікбай САҒЫНДЫҚҰЛЫ, ф.ғ.д., профессор, Халықаралық Түркі Академиясы
«Томсен» және ҚР Білім және ғылым министрлігі
«Еңбек ардагері»
медальдарінің иегері