• Tidak ada hasil yang ditemukan

№31

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "№31"

Copied!
8
0
0

Teks penuh

(1)

Q AZAQ

UNIVERSITETI

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университеті

Апталық 1948 жылдың

20 сәуiрiнен шыға бастады

1948-2023

ЖЫЛ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АПТАЛЫҚ ГАЗЕТ №31 (1897) 21 ТАМЫЗ 2023 ЖЫЛ WWW.KAZNU.KZ

facebook.com/KazakhNationalUniversity vk.com/kazuniversity i n s t a g r a m . c o m / K A Z NU _ FA R A BI

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси- тетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Шинхан универ- ситетінің президенті Кан Сун Чон бас- таған делегациямен кездесу өткізді.

Оқу ордасының басшысы Жан сейіт Түймебаев құрметті мей мандарға университет қыз- меті, оқу және ғылыми-зерттеу

Øинхан университеті

ҚазҰУ бастамаларын қолдады

3-бет

5-бет

6-бет

«Qazaq universiteti» — ҚазҰУ шежіресі

жұмыстарының негізгі бағыт та- ры, шетелдік серіктестермен ынтымақтастық туралы айтып берді.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орын да- рымен тығыз қарым-қатынаста.

Бұл жұмыстарды әлі де жал ғас- тыра береміз. ҚазҰУ-да 100-ден астам инновациялық жоба бар.

Қазіргі таңда аталған ғылыми жобаларды коммерцияландыру

жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта Шинхан университеті мен ҚазҰУ ғылыми бағытта жұ- мыс жасап, серіктестікті одан әрі арттыру қажет», – деді рек- тор.

Өз кезегінде Кан Сун Чон кез- десу барысында айтылған бар- лық бастамаларды қолдайтынын және ынтымақтасты арттыруға ниетті екенін жеткізді.

Айнұр АҚЫНБАЕВА

Студенттер мүмкіндігінше жатақханамен қамтылады

Жедел штаб пен Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері ҚазҰУ-да студенттерді жатақханаға орналастыру үшін арнайы құрылған штабта болып, оның қызметімен танысты. Онда жеті қызметкер жұмыс істеуде.

Бүгінде 2856 1-курс студенті түрлі сауалдар бойынша штабқа ха бар- ласқан. Сондай-ақ 985 сту дентке Whatsapp желісі ар қылы жауап

берілген. Уни верситетте құрыл- ған штаб (24/7) білім алушы жас- тар үшін жұмыс істейді.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдаушы талапкерлер өте көп. Алматы қаласына келуші 1-курс студент- терінің көбі осы білім ордасын таңдайды.

Жалғасы 4-бетте ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсыр- масымен Алматы қаласында құрылған студенттерді жатақханаларға орналастыру мәселелерін шешумен айналысатын жедел штаб мүшелері мен министрлік өкілдері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ- си тетінің жатақханаларын аралап, тексеру жұ мыс- тарын жүргізді.

Кемел Тоқаев шығармаларындағы шындық пен шеберлік

Арманым – ми институтын ашу

Альмира ҚҰСТЫБАЕВА:

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры

Түйгені мен

тәжірибесі мол тұлға

Еліміздің білім, ғылым саласында, саяси өмірін- де мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ға лым, қайраткер тұлға Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың алатын орны ерекше.

Өмірден түйген тәжірибесі мен білімін, іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетін тәуелсіз мемле- кетіміздің қалыптасуына, отандық ғылымның да- муы на арнаған зиялы азаматтың қоғам игілігі жо- лында атқарған жұмыстары ұшан-теңіз.

Қапалдағы қарапайым ауыл мек тебін бітірген Бақытжан Тұр- сынұлы табанды ізденіс пен ең- бек қорлығының арқасында уа- қыт өткен сайын шыңдалып, ғы лым жолында межелі белес- тер ді бағындырды.

Хакім Абайдың «Сен де бір кір- піш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген өсиет сөзін өзінің өмірлік ұстанымы ретінде қабыл- да ды. Осылайша қатардағы мұға- лім нен университет студенті, жас- тар лидері, көрнекті ғалым, мем лекет және қоғам қайраткері атан ды. Ұлт қайраткері Дін мұ ха-

мед Ахметұлы Қонаевтың ой-тол- ғамымен айтқанда, «жаман жерді баспай», ірі мемлекет және қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілді.

Бақытжан Жұмағұлов – ҚР Ұлт тық ғылым академиясы, Ха- лық аралық инженерлік ака де мия және ҚР Ұлттық инженерлік ака- демияның академигі. Қазақ стан Республикасының ғылым, тех ни- ка және білім саласындағы Мем- лекеттік сыйлығының лау реа ты, Қазақстанның еңбек сі ңір ген қайраткері. Бақытжан Тұр сынұлы өзінің табысты же тіс тіктеріне бойындағы ізгі қасиеттері мен

білім және еңбекке деген ұм ты- лы сы арқылы, ұстаздарының өне- гесі арқылы жеткені сөзсіз.

Мектеп бітірген соң, әскери борышын өтеп келіп, С.М.Киров атын дағы Қазақ мемлекеттік уни- вер ситетінің дайындық бөлімінде бір жыл оқып, жаңадан ашылған қолданбалы математика факуль- те тіне оқуға түсті. Университетте үл кен мектептен өтіп, жаңадан құ рылған студенттік құрылыс от- ряд тарының жұмысына белсене араласып, жетекшілік жасады.

Жалғасы 2-бетте

(2)

WWW.KAZNU.KZ

2 Q

AZAQ UNIVERSITETI№31 (1897), 21 ТАМЫЗ 2023 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

Соңы. Басы 1-бетте Сөзі ісіне сай жас студент қа- зақ тың бағына біткен мем ле- кеттік университеттің ректоры, академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің назарына ілікті.

Осылайша ұстаз бен шәкірт ара- сындағы ұзақ жылға жал ғасқан достық орнықты.

Университетте комсомол ко- ми тетінің жетекшісі болып, ұйым- да белсенді жұмыс атқарды. Өкі- нішке қарай, 1986 жылдағы жа ралы Желтоқсан оқиғасы сол кез дегі қоғамды дүр сілкіндіріп, әсіресе жастардың үмітіне көлең- ке түсірді. Коммунистік жүйе жас- тар дың демократиялық жолға бағытталған қарсылығын жан- шып, таптап, тас-талқан етті.

Олар ға «нашақорлар», «басбұзар- лар» деген жала жабылды. Жап- пай студенттерді оқудан шығарып, қылмысқа тарту жолы басталды.

Бұл кезде Бақытжан Тұрсынұлы университет партия комитетінің хатшысы болатын.

Желтоқсан оқиғасы кезінде Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы бо- лып, сырттан келген Колбин сту- дент терді жаппай қудалау сая- сатын ұстанды. Әр жоғары оқу ор нынан кем дегенде 100 сту- дентті оқудан шығару міндеті қойыл ды. Қазақ мемлекеттік уни- верситетінен де 100 студентті оқу дан шығару талап етілді. Осы сәтте Бақытжан Жұмағұловтың ұлтжандылық қасиеті анық көрін- ді. Ол кезде партия комитетінің ше шімінсіз ректор студентті оқу- дан шығара алмайтын.

Осы кезеңде Бақытжан Жұ- ма ғұлов замандастарын қорғап, өзі нің кесімді сөзін айтты. Мәсе- ленің мәнін білмей, ешкімді оқу- дан шығаруға болмайтынын алға тартып, үлкен саяси күшпен бет- пе-бет келді. Ол ұлттық ұстанымы мен азаматтық көзқарасынан ай нымады. Бірақ коммунистік жүйе шындық үшін күрескен жас Бақытжан Жұмағұловты ақыры жұмыстан шығарып, ешқандай қызметке алмау туралы нұсқау бергенін кейін білдік.

Жақсылық ешқашан ұмытыл- май ды. Осындай сын сағаты ке- зін де Бақытжан Тұрсынұлының курс тас досы, бүгінде ірі мемле- кет және қоғам қайраткеріне айналған Жақсыбек Құлекеев өз кафедрасына – Алматы халық шаруашылығы институтына қыз- мет ке шақырады. Алайда партия- лық аппарат жас қайраткерді қу далауын қойған жоқ. Бұл жер- ден де кетуге мәжбүр болып, бі- раз уақыт жұмыссыз жүрді. Кейін қазақтың атақты математигі, Но- восібір ғылыми мектебінің ірі өкі- лі Шалтай Смағұлов өз кафе дра- сына қатардағы инженер қыз метіне қабылдайды. Оған да қы сым көрсетіледі. Бірақ Шалтай Смағұлұлы бұл қысымға бой бер- мей, жас ғалымның тағдырына ара ша түсті.

Осы жылдарда Бақытжан Тұр сынұлы тұтастай ғылымға бет бұр ды. Уақытының барлығын ғы лыми тақырыбын жетілдіруге ар нады. Он жыл ішінде ғылым кан ди даты, ғылым докторы, про-

фессор, ғылым саласындағы Мем лекеттік сыйлықтың лауреа- ты атанды.

Академик Бақытжан Жұма- ғұлов – сұйықтар мен газдар есеп теу механикасының мате ма- ти калық әдістері ғылыми мек те- бінің жетекшісі, мұнай өндіру және тасымалдау процестерін тал дау, болжау және оңтай ла н- дырудың автоматтандырылған жүйелерінің негізін қалаушылар- дың бірі ретінде ғылыми ортада мойындалды.

Іргелі зерттеулерінің нәтиже- сін де академик Б.Жұмағұлов математикалық және компьютер- лік модельдеу бойынша ғылыми мектеп қалыптастырды, Әл-Фа ра- би атындағы ҚазҰУ-да арнайы ка федра ашты. Бақытжан Тұрсын- ұлының мұнай-газ саласына арнап жасаған автоматтан ды- рыл ған ақпараттық жүйесі әлем- ге әйгілі Tigress, Schlumberger компанияларының ақпарат тық жүйелерінен тиімділігі мен қол- же тімділігі жағынан кем түспейді.

Қазақстанда және шет ел дер- де жарияланған 430-дан астам ғылыми жұмыстың және 15 іргелі монографияның авторы атанған ғалым мұнай-газ өнеркәсібіндегі математикалық модельдеу мәсе- ле лерін зерттеп, осы саладағы тех нологиялық процестерді бас- қарудың ақпараттық жүйелерін құрды. Осы ғылыми нәтижелердің барлығы Бақытжан Жұма ғұлов- тың 2001 жылы жарық көрген

«Мұ най өндірудің гидро ди на- микасы» атты монографиясында жи нақталған. Әлемнің мұнай ком паниялары ғылыми нәти же- лерге және ИСАР ақпараттық жүйесіне қызығушылық танытып, AgipKCO компаниясының қара- жа ты есебінен «The Fluid dynam- ics of oil production» Elsevier (Ни- дер ланды) баспасында 2013 жылы ағылшын тілінде қайта басылып шықты.

Ол қолданбалы математи ка- ның ірі өкілі, Ұлттық ғылым ака- де миясының академигі, ұлы ұс- тазы Өмірбек Жолдасбековпен бірігіп инженерлік академияны құрды. Бүгінде академия ірі ғы- лыми орталыққа айналды.

Қазақстан өз тәуелсіздігін ал- ғаннан кейін жаңа бетбұрыс, жаңа заман, жаңа өркениет жо- лы басталды. Бақытжан Тұрсын- ұлы мен қоғамдық-саяси өмірде көп жылдар Президент әкімші лі- гінде қатарласа қызмет атқар- дық. Өзіне жүктелген міндетті мін сіз орындайтын іскер ұйым- дастырушы болды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры қыз метін атқарған жылдары бі- лім ордасын жаңа белеске кө- терді. Ол кезде Қазақстан Рес- пуб ликасы Білім және ғылым ми нистрі ретінде Бақытжан Тұр- сын ұлымен өте тығыз байланыста болып, нәтижелі жұмыстарына куә болдым.

Жаңашыл ректор ретінде ҚазҰУ қалашығын көркейтуге ерек ше еңбек сіңірді. Кезінде ака демик Өмірбек Жолдас бек ов- пен бірге проректор қызметінде құ рылыс саласын басқарған тә- жі рибесі арқылы өзі ректор бо-

Түйгені мен тәжірибесі мол тұлға

лып келген кезеңде университет да муына жаңа леп әкелді.

Жаһандық үрдіс, еуропалық білім жүйесі орныға бастаған сәтте ректор Б.Жұмағұлов Болон талаптарына сай білім берудің заманауи кезеңдеріне сәйкес, оқу мен білім үдерісін жаңғыртуға басымдық берді.

Алғаш рет Қазақстанда әлем- дік стандарттарға сәйкес, білім менеджменті мен сапасының ор- тақ жүйесі қалыптасты. Кредиттік оқыту технологиясы жаңа талап- тар ға сай қолданысқа енгізілді.

Болон жүйесіне сәйкес, тұң- ғыш рет университетте үш дең- гей лі оқу эксперименті жүзеге асы рылды. «Бакалав риат – ма- гис тратура – PhD докто ран ту ра- сы» ойдағыдай сынақтан өтті. Бұл жаңашылдық кейін Қазақстанның бүкіл жоғары оқу орындарына енгізіліп, күні бүгінге дейін жүйелі жүргізіліп келеді.

Оқыту бағдарламаларының ака демиялық ұтқырлығы мен халық аралық деңгейдегі үйлесім- ді лігіне жол ашылды. Универ си- тет ті жоғары зерттеу оқу орнына айналдыру үрдісі басталды. Осы- лайша ғылыми-инно ва ция лық қыз мет орнықты.

Әлемде қалыптасқан үрдіске орай, университет терең білімі бар талантты, қабілетті студент- тер ді оқуға шақыру әлеуетін қалыптастырды. Білім мен ғылым талабы жаңа арнаға ұласты. Ол Қазақстанда тұңғыш рет мектеп оқушылары үшін «Әл-Фараби» кең ауқымды университеттік олим- пиа дасын өткізді. Осылайша талантты жеңімпаздарға универ- си тетте оқуға гранттар бөлінді.

Бұл студенттердің сапалық дең- гейін өсірді.

Қолданбалы математика жә- не математикалық модельдеудің жоғары деңгейлі маманы ретінде профессор Б.Жұмағұлов универ- си тетте «Univer» атты электрондық университет жүйесін іске қосты.

Ол оқытудың жаңа техно логия ла- рын қалыптастыруға және жаңа

сапалық деңгейге жетуге, оқу үде рісінің ашықтығын қам та ма- сыз етуге, емтихандар алу ке зін- дегі кемшіліктерді жоюға мүм- кін дік берді. Мұндай жүйе Қа зақ станда тұңғыш рет енгі зіл- ген болатын. Сондай-ақ 300 орын ға арналған Жастар ин- тернет-орталығы құрылды, Wi-fi сымсыз желісі орнықты.

Жаңашыл тұлға ретінде Б.Жұ- мағұлов студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетіл- дір ді. Ол ректор болған кезде хи- мия, физика, механика-мате ма- тика факультеттерінің жаңа оқу корпустары мен университет кітап ханасының жаңа ғимараты са лынды, теңдесі жоқ мұражай құ рылысы аяқталды. Ұлттық уни- верситеттің қалашығы кең кө- лемде абаттандырылды.

Ректорлық қызметті абырой- мен атқарғаннан кейін Бақытжан Тұрсынұлы 2010 жылы еліміздің Білім және ғылым министрі лауазымына тағайындалды. Осы кезеңде де ол өзінің тәжірибесі мен біліктілігін, ұйымдастыру шы- лық қабілетін танытты. Ғылым мен білім саласына сараптама жа сады. Солай, 2011 жылы Қа- зақ стан Республикасындағы «Ғы- лым туралы» жаңа заң қабыл дан- д ы . О н ы ң б а с т а у ш ы с ы ә р і әзір леушісі Б.Жұмағұлов бола тын.

Алға қойған мақсатты іске асыру үшін арнайы ғылыми кеңес құрылды. Бұл мемлекеттік ғы лы ми-техникалық сараптама жүр гіз геннен кейін салаларды бюд жеттік қаржыландыруға, ғы- лыми жобаларды іріктеуде ше- шу ші рөл атқарды. Мем лекеттік ғылыми-техникалық сарап та ма- ның ха лық аралық жүйесі ен- гізілді. Оның ұлттық орталығы құрыл ды. Шет елдік сарап шы- лар ды тарту ар қылы ғылыми жұ- мыстардың сапасы мен тиімділігі артты.

Ғылымды қаржыландырудың жаңа жүйесі де академик Жұма- ғұ ловтың тұсында енгізілді. Ба- залық – ғылыми ұйымдардың

ағым дағы қызметін қамтамасыз етуге бағытталған, гранттық қар- жы ландыру – заңды және жеке тұлғалардың конкурстық негізде ұсынған ғылыми зерттеулерін қар жыландыруға жіберіледі. Бағ- дарламалық мақсатты-стра тегия- лық маңызды мемлекеттік бағ- дар ламаларды қаржыландыру мәселесі оңтайлы шешілді.

Ғылыми дәрежелер мен атақ- тар дың әлемде қабылданған жаңа жүйесі Қазақстанда толық- тай орнықты. PhD доктор, қауым- дас тырылған профессор, про- фес сор. Бұл ғалымдар мен про фес сорлық-оқытушылар құра- мы ның академиялық ұтым ды лы- ғын дамытуға мүмкіндік берді.

Ғылыми жобаларды орындауға ЖОО үлесі 2010 жылы 33 пайыз- дан 2012 жылы 57 пайызға өсті.

Университеттер ғылыми дамудың бас ты міндеттерін атқара бас- тады.

Ғылыми зерттеулердің тиімді- лігі артты. ТМД аумағында алғаш рет ғылыми-техникалық ақпарат- тың шетелдік қорына ену жұмысы қамтамасыз етілді. Tomson Re- uters (АҚШ) компаниясымен ұлт- тық лицензияға және Springer (Германия), Elsevier (Нидерланды) баспаларымен келісімшарттарға қол қойылды. Сол екі жыл ішінде қазақстандық ғалымдардың жо- ғары рейтингтік журналдар да ғы жарияланымдары бірнеше есе өсті.

Білім сапасын бақылаудың ұлттық деңгейдегі тетігі енгізілді.

Педагогтерді даярлап, біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі жүзеге асырылды. Мемлекеттік жи нақ- тау шы оқыту жүйесі жұмыс істей бастады. Оқу жетістіктерін сырт- тай бақылау мүмкіндігі орнықты.

Аралық мемлекеттік бақылау енгізілді.

Біртұтас ұлттық және кешенді тестілеу жүйесі жетілдірілді. Элек- трон дық оқыту жүйесі енгізіле бас тады.

Жоғары оқу орындарын ак- кре ди тациялаудың жаңа тетігі енгізілді. Ұлттық аккредита ция- лық агенттіктер реестрі жұмыс істей бастады.

Министр қызметінен кейін Ба қытжан Тұрсынұлы Сенат депу- таты болып, білім, ғылым сала сы- ның дамуына жаңа жол ашатын бірқатар заңдардың қабылда- нуына үлес қосты. ТМД мем ле кет- терінің Парламентаралық ассам- блея сының білім және ғылым жө ніндегі комиссиясының мүшесі болды. Сондай-ақ Халықаралық жасыл технологиялар және ин- вес ти циялық жобалар орта лы ғы жанындағы ғылыми-техноло гия- лық кеңестің төрағасы болды.

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары оқу орын да- рын оңтайландыру жөніндегі ко мис сияның мүшесі ретінде жи нақ таған тәжірибесі мен бі- лік тілігін білім ордаларын дамы- туға бағыттады.

Бүгінде мерейлі 70 жастың бе лесіне көтерілген универ си те- тіміздің үздік түлегі, көрнекті ға- лым, академик Бақытжан Тұр- сын ұлы отандық ғылымның дамуына әлі де елеулі үлес қоса береді деп сенеміз.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры

Merei

(3)

WWW.KAZNU.KZ

Q

AZAQ UNIVERSITETI №31 (1897), 21 ТАМЫЗ 2023 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

3

«Қазақ детективінің атасы»

ата нып кеткен Кемел Тоқаев өз шы ғармаларында қоғамның кө- лең ке лі тұсын, елге зор лық-зом- былықпен, ұйымдаса жасаған қандықол қылмыстарды көрсетіп, оларды ашуға бар күшін, ақылы мен интеллектін жұмсайтын, бай- қа ғыш, сергек те сезімтал, бірінің өмірін бірі құтқаруға дайын Талғат Майлыбаев пен Кузьменко секілді екі дос тергеуші адам дар- дың образын сомдады. Олар

«Сар ғабанда болған оқиғада»

заң сыз алтын сатушылар бан- дасын әшкерелесе, «Тасқын» по- ве сінде жоғалды деп арыз жа- зылған адамды іздестіреді.

«Көш кен үйдің қонысы қайда?»

шығармасында алыпсатарлар мен дүкен тонаушыларды, кісі өлтірушілерді ұстап, жазалайды.

Жазушы шығармаларының көбі детектив жанрының заңды- лық тарына сай, бірден қылмыс- тың жасалуымен басталып, оқыр- манды қызықтырып алып кетеді де, соңына дейін интрига күшейіп, өрбіп, ақыры заңды шешімін тауып, әшкере болады. Жазушы қай шығармасында болсын кіш- кен тай детальдарды шебер ой- на тады. Мәселен, сюжеті Тал- ды қорған облысында өтетін

«Сар ғабанда болған оқиға» по ве- сінде қарапайым адамдар аса зер сала қоймаған, тіпті кейбір милиция қызметкерлері де

Бағдарлама дүниенің түкпір- түкпірінен хинди тілін оқып жүрген шәкірттердің басын Үндіс- тан да қосты. Білім алушыларға Үндіс тан ның мәдениеті, тарихи жерлері, белді университет те рі- мен та ны суға мүмкіндік берді.

Ал ғаш рет ұйымдастырылып отыр ған Hindi Vishwa Yatra бағдарламасы 13 ел ден келген 31 делегатты Үндіс тан ның Дели, Агра, Нагпур, Вардха секілді қа- лаларымен таныстырды. Бағ дар- ла ма аясында Қазақ стан нан бө- лек, Ресей, Тәжікстан, Жа по ния, Оңтүстік Корея, Австралия, Польша, Италия, Шри-Ланка,

«мылқау дала» деп назар аудар- ма ған жайттарды ізкесушілер сөйлетіп, ілік етеді. Милиция мойо ры Талғат оқиға болған жер- ден, бірінің үстіне бірі түскен малдың, адам іздерінің арасынан таяқ батқан шұқырларды тауып, фактілерді жинақтап, адам өлті- ру шінің бір аяғы жоқ, күпшектей ағаш аяқпен жүретін, бату тереңдігіне қарап, оның салмағы 85-90 келідей кесек, ірі денелі екенін, жеңіл протез кимегеніне қарап, оның жас емес, қарт әрі пайдакүнем деп пайымдайды.

Осындай логикалық ойдан шық- қан қызықты түйіндер шығарма соңына дейін оқырманды жете- леп, қорытындының дұрыстығына таңғалдырып, бас шайқатады.

Айдалада қой бағып жүрген қой- шыны өлтірген адамды табу – қиынның қиыны, алайда оны өлтіру тәсіліне қарай, азаптап, жанды жерлеріне тиетін тәсіл дер- ді қолданғанына қарап, тер геу ші- лер мұны жасаған адамның ме- ди цинадан хабары бар әрі қой шыдан бір деректі білмек бол- ған деп топшылайды. Қыл мыс- кер лер де ақымақ емес, олар да өз ізін жасырмақ болып, неше түр лі айла-шарғы жасап, жа зық- сыз ға кінә артуға, кейде тер геу- шілерге жала жабуға ұмтылады.

Бі рақ осы жерде тергеушілердің қисынды, дедукциялық ойлауы әрқашан көмекке келіп, ақ пен

Фид жи, Танзания, Оңтүстік Аф ри- ка секілді мемлекеттерден хинди тілін үйреніп жүрген жастар Үн- дістанның астанасы Делиде жи- налды. Делегаттар Дели қала сы- ның аса маңызды әрі тарихи жер лерінде, атап айтсақ: Ред Түрлі кезеңдерде билік құрған идеялардың ауы- суын, өмірдің өзгерісін, қоғамның дамуын, әр заман- ның шындығын бейнелеп, кешегі мен бүгінгіні са лыс- тыруға мүмкіндік беретін әдебиеттің ерекше қасиеті бар. Кеңестік кезеңді тым идеализациялап, сол құ- ры лымды жаппай көкке көтере мақтау, кемшіліктерін елемеу ел арасында белең алған қазіргі шақта қа- зақ тың қарымды қаламгері Кемел Тоқаев шығар ма- ларын оқуға кеңес беруге болады.

Шығыстану факуль тетінің Таяу Шығыс және Оң түс- тік Азия ка фе драсы үнді тану бөлімінің магис трант- тары мен Зарина Әбіл мә жінова, сондай-ақ 4-курс студенті Арай Дүйсенова Үндістанның мәде ни істері жөніндегі кеңесі (ары қарай ICCR) ұйымдастырған халықаралық хинди тілін үйреніп жүрген студенттерге арналған Hindi Vishwa Yatra бағдарламасы аясында Үндістанға барып келді.

Кемел Тоқаев шығармаларындағы шындық пен шеберлік

Ертегі ел – Үндістанға сапар

қараны айыруға сеп болғаны оқырманды сүйсінтеді.

Суреткер тілін әсемдеп, түрлі көр кемдеуіш құралдарды молы нан пай даланады десек, асыра айтқандық болар. Де- генмен К.Тоқаевтың стиліне тән ерекшелік – кейіпкердің әлеумет- тік рөлін нанымды сомдауында, жанды портретін жасап, әрекет ету мотивтерін иландыра сурет- теуінде. Оның прозасындағы сим- вол дар әрқашан заттық әлемінен табиғи көрініс тауып отырады.

Мәселен, қара жамылып отырған үйге кіргенде «Гүлсара тұтас қара киім киіп, басына қара орамал жамылыпты. Талғаттар үйге кір- ген де шәлісімен бетін көлегейлеп, теріс бұрыла отырып, ұзақ жылады» десе, ал оларға жақын, жанашыр адамдардың үйін

«Еденге сырмақ төсеп тастапты.

Ақ киізге қызыл барқытты мүйіз- деп ойып, сары жібек жіппен әдіп теген. Шам жарығымен жай-

Форт та, премьер-министрлер мұ- ра жайында, ұлттық қолөнер мұ- ра жайында, ұлттық драма мек те- бінде болды.

Бағдарлама шеңберінен Агра қаласындағы танымал Тәж-Ма- хал кесенесі де, Агра Форт та тыс

нап, көздің жауын алады. Үстіне жата қалып аунағың келеді» деп, сол үйдің мамыражай ауанын, кейіпкерге әсерін бейнелеп жет- кі зеді.

«Көшкен үйдің қонысы қай- да?» деген атауының өзінде жұм- бағы бар, сюжеті Жамбыл облысында өтетін шығармасында масайған адамның өң мен түс арасындағы талықсу сәтін шебер жеткізген. Оған төнген қауіпті де табиғатпен шендестіре «Осы сәт- те қалқыған айдың қара таң ба- сы на қыбырлап жан біткендей бол ды. Бара-бара ұлғайып ба ра- ды. Міне, жақындап та қалды.

Сөйткенде терезені кернеп, біреу аттап өтті. ... Жылымшы жас қан- ның иісі келді. Бұдан кейін ол еш нәрсені сезбеді. Бұл соңғы тыныс еді... Құбыжық көлеңке тастаған, толған ай, қанды кештің куәсі болудан тайсалғандай қоңыр бұлт арасына кіріп бара жатты», – деп жазады.

қал мады. Бұдан өзге, делегаттар Үндістанның ең беделді Дели уни- верситеті, Кендрия Хинди Санст- хан, Махатма Ганди атындағы Ха лық аралық хинди универси те- тінде бо лып, оқу барысымен та- нысты. Профессорлардың дәрісін

Ауыл-үй арасында тіпті миға сыймайтын, үрейлі, қорқынышты әңгімелер, ауыздан-ауызға та ра- лып айтылатыны рас. Жазушы осындай фольклордық дәстүрге сай, «Қара мысық», «Қобызшы шал» туралы дақпырт әңгімелерді оқырманның мәтінге әуестігін арттыру үшін шығарма поэти ка- сына сәтті енгізеді. Тергеушілер болса мұндай аңыздарды та ра ту- шылар өз қылмысын жасырып, халық арасында үрей туғызу, шатастыру секілді белгілі бір мақсат-мүддені көздеп әрекет еткенін анықтайды.

Жазушы шығармаларында тар тыс ашкөздік пен ынсап, тойым сыздық пен қанағат, нем- құрай дылық пен жұмысқа адал- дық, рақат пен азап, арсыздық пен ұят, жеке бас мүддесі мен қо ғам игілігі арасында өрбіп, психологиялық, әлеуметтік жайт- тар мен астасып отырады. Осы тартыстардан кеңестік кезеңнің шындығын, заңдарын, сол кездегі қоғамдық түсінікті көреміз. Мә се- лен, алыпсатарлықпен айналысу- шы ларды еңбексіз жеңіл нәпақа та бушылар деп күрессе, бүгінгі нарық заманында ол заңды бо- лып есептеледі, дегенмен алыпсатарлық өнімнің бағасын еселеп қымбаттатып, тұтынушыға залалын тигізіп отырғаны да жасырын емес. Немесе қазіргі батыстық полицейлер мен құт қа- рушылардың өміріне арналған фильмдерде кейіпкердің жұмыс- бас тылығы соншалық – тіпті от- басын да ұмытып кетіп, конфликт сол арадан туындап жатады.

Осындай жайттар К.Тоқаевтың 1957-58 жылдары жазылған шы- ғар маларынан да көрініс табады.

Де тектив жанрының заңды лы- ғына сай, әрине, зұлымдықты жақсылық, айуандықты адамдық, көргенсіздікті ар-намыс жеңіп отырады. Осындай адамгершілік заңдарын астарлы түрде насихат еткен К.Тоқаев шығармалары құнды әрі өміршең.

Еркінгүл СОЛТАНАЕВА, ф.ғ.к., аға оқытушы

тыңдап, өз университеттерін та- ныс тырып қайтты. Бағдарлама ба рысында қазақстандық деле- гат тар ICCR президенті Винай Са- хас рабуддхе мырзамен танысып, оған өз сый лық тарын тарту етті.

Біз сондай-ақ Үндістанның Уттар Прадеш штатының минис- тр лер кабинеті мүшелерінің, жер- гілікті Dainik Jagran газеті ре дак- циясының, аса танымал Sahitya Academy баспасының ар найы қабылдауында болып, хинди тілін үйренудегі өз тәжі ри бе ле рімен бө лісіп, кеңестер алдық. Бағ дар- лама қазақстандық студенттерге Үндістанды танып-білуге ғана емес, Үндістандағы түрлі универ- си теттерге, ұйымдарға, ICCR бас- шылығына Әл-Фараби уни вер си- тетінің үндітану бөлімін та ныс тырып, Қазақстандағы хин- ди тілінің үйретілу дәрежесін көр- се туге, екі ел арасындағы қарым- қа тынасты нығайтуға көмек бе ретін байланыс орнатуға мүм- кін дік берді.

Тоғжан УРУМОВА, шығыстану факультетінің 1-курс магистранты

Tūlğa

(4)

WWW.KAZNU.KZ

4 Q

AZAQ UNIVERSITETI№31 (1897), 21 ТАМЫЗ 2023 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

Соңы. Басы 1-бетте Сондықтан 2023/24 оқу жы- лы на сақадай-сай дайын болуы- мыз қажет. Университеттегі жа- тақ хана жай-күйімен, арнайы құ рылған штабтың жұмысымен та ныстық. Студенттерді қабылдау жұмыстары ҚазҰУ-да қарқынды жүруде», – деді Жоғары және жо- ғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орын ба- сары Ақерке Абылайхан.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ағымдағы оқу жылында жатақ- ханаға мұқтаж студенттердің 76,2 пайызын студенттер үйімен қам- тамасыз етеді.

Бүгінде оқу ордасында 5938 орындық 14 жатақхана және Жас ғалымдар үйі бар. Жаңа оқу жылы қарсаңында өзге қала лар- дан жатақханаға мұқтаж 11 мың бакалавриат студенті келеді, оның 5638-і, яғни 51,2 пайызы жатақ ханамен, 30 пайызы хос- Жиында Бақытжан Тұрсын-

ұлы на арналған Әл-Фараби атын- дағы ҚазҰУ-да басылып шыққан

«Ғибратты ғұмыр» сериялық кітабының және академиктің

«Человеческий фактор – хроники министра» атты үш томдық кітабы мен «Қазақстан ғалымдарының библиографиясы» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті.

Сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Сая сат Нұрбектің құттықтау хатын Дархан Ахмет-Заки оқып берді.

Өз кезегінде Жансейіт Түйме- баев сөз сөйлеп, Бақытжан Жұ- ма ғұловтың еңбек жолына тоқ- талды. «Бақытжан Тұрсынұлы – ҚазҰУ-дың қолданбалы мате- ма тика факультетінің түлегі.

Бақыт жан Жұмағұлов ғылымға,

Жүздесу барысында ҚазҰУ- дың Басқарма мүшесі – опера- ция лық қызмет жөніндегі про- рек тор Әсел Уәлие ва оқы ту шы-профессорлық құрам мен білім алушылардың акаде- мия лық ұтқырлық бағыты аясын- да ҚазҰУ мен ҚХР уни вер си тет- те рінің ынтымақтастығының ма ңыз дылығын атап өтті. 2019- 2023 оқу жылдары ішінде 80 адам академиялық ұтқырлық (док торантура, магистратура, ба- ка лавриат) бағдарламасы бойын- ша білім алды. Білім алу шылар Қытай университеттерінде ғылы- ми тағылымдамадан өтіп, жазғы мектептерге қатысты. Біліктілікті арттыру және ғылыми конфе рен- цияларға қатысу мақсатында 44 оқытушы ҚХР-ға барды.

Өз кезегінде ғылыми-инно ва-

тел дермен қамтамасыз етіледі.

Ал магистратура және докторан- ту радағы студенттер Жас ғалым- дар үйіне орналастырылады.

Университет жатақхана тап- шы лығын шешу мақсатында хос- тел, қонақүй және жеке жалға беру шілермен келіссөздер жүргі-

циялық қызмет жөніндегі про рек- тор Жәмила Айтжанова Фудань институтымен ғылыми ынтымақ- тас тықты дамытуға әзірлігін жет- кізді.

ҚазҰУ-да Қытайтану кафедра- сы мен Конфуций институты жұмыс істейді. Құрылғалы бері онда 3000-нан астам студент қы- тай тілін меңгеріп, оқу құралдары басып шығарылды. Университет ҚХР жоғары оқу орындарымен серіктестік аясында Пекин және Шанхай университеттерінде екі қазақстандық орталық ашты.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірқатар бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын іске асыруда және ҚХР жетекші универ си тет- терімен өзара тиімді әріптестікті арттыруда. Сондай-ақ сапалы білім беру мен инновацияларды

зу де. Осылайша 1800 студентке жатын орын табу көзделуде.

Қалашықтағы 14 жатақханада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүр гізіліп, аяқталуға жақын.

Жөн деу кезінде жатақхана лар- дың бар лық бөлмелері мен дә- ліздері сырла нып, ағартылды.

Бірінші қа баттың қас беті боялып, кіреберісі де әрле неді.

Сонымен қатар №14 және

№6 жа тақханаларда линолеум ауыс ты рылды. №6 жатақханада сани тар лық-техникалық жаб- дық тар жаңартылды. Бұдан бө- лек, бар лық жатақханаларда душ жөндеу, электр, жылу жүйе- сін тексеру сын ды жұмыстар атқарылды.

Сондай-ақ алдағы уақытта жа- тақ хана тапшылығын түбегейлі жою үшін ҚазҰУ қалашығы құры- лы сының 2-кезеңі аясында ке- зең-кезеңімен жатақхана салу жос парланған.

дамыту БҰҰ-ның Тұрақты даму мақ саттарын іске асыру сала сын- да азиялық жоғары оқу орын да- рымен белсенді өзара байланыс орнатуда», – деп атап өтті про- ректор.

Өз кезегінде арнайы қабыл- дау ға алғыс білдірген Фудань Чжанцзян институты деканының орынбасары Ля Сяолин әлемдегі ең үздік 100 университеттің қата- рына кіретін Қытайдың ең беделді және көне оқу орнының қыз ме- тіне тоқталды.

Кездесу соңында делегация құрамы ҚазҰУ-мен ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға қызығушылық танытып, тараптар келешек же- місті ынтымақтастықтың бағыт та- ры жайлы өзара пікір алмасты.

Айнұр АҚЫНБАЕВА

Студенттер мүмкіндігінше жатақханамен қамтылады

Фудань Чжанцзян институты ҚазҰУ-мен серіктестік орнатады

Әл-Фараби атын да- ғы Қазақ ұлттық уни- верситетінің Басқарма мүшесі – операциялық қызмет жөніндегі проректор Әсел Уәлиева мен Басқарма мүшесі – ғылыми-инно- ва циялық қызмет жөнін дегі проректор Жәмила Айт жа- нова Фудань Чжанцзян институты деканының орынбасары Ля Сяолин бастаған ҚХР деле гация құрамымен кез десті.

aqparaT

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, ака- демик Бақытжан Жұмағұловтың 70 жылдығына ар нал- ған ҚР ҰИА жалпы жиналысының отырысына қатысты.

Мерейтой иесіне құрмет көрсетілді

қо ғамдық жұмыстарға ерте ара- ласты. Бақытжан Тұрсын ұлы ның бастамасымен 2011 жылы елі- міз де «Ғылым туралы» жаңа заң қабылданды. ҚазҰУ-дың «Қа зақ уни верситеті» баспасынан «Ғиб- рат ты ғұмыр» сериясы бойын ша кітаптар жарық көріп ке леді.

«Ғибратты ғұмыр» се рия сының ке зекті шығарылымын біз Бақыт- жан Тұрсынұлының мем лекеттік қызметі мен ғылымдағы жолына арнадық», – деді ректор.

Сондай-ақ шара барысында мемлекет және қоғам қайрат кер- лері, белгілі ғалымдар мен ака- де мик тер баяндама жасап, ме- рей той иесіне ыстық лебіздерін біл дірді.

Нұрсұлтан ЖЕКСЕНБАЕВ

Жыл сайын жазғы мектепке Қа зақ станның әр түкпірінен, алыс-жақын шетелдерден тәжі- рибелі психолог мамандар мен докторанттар, магистрант және студенттер жиналады. Қазақстан, Өзбекстан, Польша, Германия, Болгария, АҚШ және басқа да елдердің белгілі психологтары мен педагогтары кәсіби шебер- лік тің сырымен бөлісуде. Пси хо- ло гиялық мектептің ерекшелігі – психологиялық ғылымның өзек ті мәселелерін шешудегі қол- данбалы аспектілерін айқындау және тиімділігін арттыру.

Биылғы аталған шараның шеберлік сыныптары тұрақты дамудың (ТДМ) жақсы денсаулық, әл-ауқат және сапалы білім сын- ды негізгі үш бағытын қамтиды.

Шара аясында психологиядағы адамның өмір бойғы даму ресурс- та рын оңтайландыруға, адамның физикалық және психикалық денсаулығын үйлестіруге бағыт- тал ған ресурстық амалдар жан- жақты зерттелуде. Қолданбалы психологияның интегративтілігі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Интегративті қол- дан балы психологияның негіздері мен техноло гия лары»

атты VII халықаралық жазғы психология мектебі өту де.

Халықаралық жазғы психологиялық мектеп өтті

жеке тұлғаның тұтастығын, оның белсенділігін көрсетеді. Психоло- гия лық мектеп алаңында тәжіри- бе лі мамандар мен болашақ жас мамандар тәжірибе алмасып, білім беру сапасын арттыруға ықпал етуде.

Шараны ұйымдастырушылар:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану фа- культетінің Жалпы және қол дан- балы психология кафедрасы, Пси хологиялық технологиялар мен инновациялар орталығы, пси хология ғылымының докторы Фа тима Ташимова және PhD доктор Айдана Ризулла.

Аталған шара аясында қа ты су- шылар жағымды эмоция, ерекше көңіл күйде жаңа дағдыларды мең геріп, білімдерін шыңдап, өза ра пікір алмасты.

Айгүл ӘЛШІМБАЕВА, философия және саясаттану факультеті деканының ғылыми-

инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

(5)

WWW.KAZNU.KZ

Q

AZAQ UNIVERSITETI №31 (1897), 21 ТАМЫЗ 2023 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

5

Әлмира Мэлсқызы бала кезі- нен ғалым болуды армандаған әрі өзін басқа салада елестетіп те көрмеген. Тек ғылыммен бет- пе-бет келіп, таңдау құқығы бе- ріл генде аздап жүрексінген. Өйт- кені мектеп қабырғасында жүр геннен өзінің жақсы көрген математикасына көңілі бұрып тұр. Кішкентайынан есеп-қисапқа ынтық еді, кейін оқушы кезінде пән бойынша олимпиадаларда талай жеңіс тұғырына көтерілгені бар. «Осылай әрі-сәрі күйде жүргенде медицина ғылымының докторы дәрежесіндегі ағамның:

«Биологияны меңгер. Бұл салада атқарылатын жұмыс өте көп.

Математикалық қабілет-қары- мың ды биологияда қолданасың», – деген ақыл-кеңесін тыңдадым.

Ниетім оң болып қателеспеппін.

Нәтижесінде ҚазҰУ-дың биология факультетіне оқуға түсіп, био фи- зика мамандығын таңдадым.

Жобаның алғашқы сатысында ракета модельдеу саласы бойын- ша орта мектептердің физика ка- би неттеріне арналған ғылыми- демонстрациялық стенд жа сал ды.

Сонымен қатар базалық курс пакетінің әдіс те ме лік нұсқаулығы әзірленді. Мұнда оқушылар екі апта бойы ракета модельдеу тео- риясын оқып қана қоймай, прак- тикада жасап үй ре неді. Теория- лық жағы физика, ма те матика, химияны то ғыстырса, тәжірибелік тұсы ракетаны жобалау, жеке бө- ліктерін есептеп-әзірлеу, құрас- ты ру, әсемдеу және өзі жасаған ракетаны ұшырудан тұрады.

Бүгінде модельдеу бойынша оқушылардың бірінші легі сабақ оқыды. Алдағы уақытта курстың

Про фессор Замира Бияшева мені миды зерттеу әдістерімен ерек ше баурап алды», – дейді зер делі ғалым. Университетті та- мам даған соң, Әлмира Мэлсқызы 1994 жылы Мәскеудегі халықтар достығы институтында Н.А.Агад- жа нянның жетекшілігімен канди- дат тық диссертация қорғады.

Оның әу бастағы матема ти- каға деген сүйіспеншілігі нейро- ғы лыммен айналысқан кезде кө мекке келді. Осы бағытты жетіл діру ойы 2003 жылы ҚР Президентінің гранты бойынша Турку қаласындағы (Финляндия) Когнитивті нейроғылым орта лы- ғында жас ғалымдарға арналған тағылымдамадан бастау алды.

Дәл сол кезде Қазақстанда ұқсас орталықты ашу идеясы пайда болып, ол бірнеше жыл өткен соң ҚазҰУ-да жүзеге асты. Одан кейін өмір жолындағы JFDP (АҚШ), TEMPUS (Ұлыбритания), Fulbright

базалық пакетін жас инженер деңгейіне дейін жетілдіру жос- пар ланып отыр. Онда оқушылар ракета модельдерін композитті материалдардан жасап, сынақ стендтерінде ракетаның аэро ди- на м икалық қасиетін зерттемекші.

«Курс физиканың жалпы заң- д ылықтарын, әсіресе аэродина- ми каны тиімді игеруге ықпал етеді. Теориядан бастап, практи- ка ға дейін өзі еңбектенген соң, нә тижесі ретінде жеке ұшу ап па- ратын жасап, естелікке алып қала ды. Оқушы жобалық бағдар- лы оқыту арқылы қиын теорияны ары қарай меңгеруге мотивация алады. Инженерлік, ғылыми және технологиялық проблемалармен бетпе-бет кездесіп, оны шешуге

Альмира ҚҰСТЫБАЕВА:

Ғалым ғылымға шынайы құштар болған кезде ең батыл жобаларды шалқар шабытпен орындай алады. Өйткені адам бойындағы құштарлық түбі тәуір нәтижеге жет кіз бей қоймайды. Бұл өмірде дәлелденген жағдай.

Әл-Фара би атындағы Қазақ ұлттық

университеті биология және биотехнология факультетінің Биофизика, биоме ди цина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі Әлмира Құстыбаева өзінің әу бастағы арманы – Ког ни тивтік нейроғылым орталығын ашты.

«Нейроғылым – әрі күрделі, әрі нәзік сала.

Ғалымнан аса сезімталдық пен жинақылықты талап етеді. Біздің мамандық қалт кетуді көтермейді», – дейді бізбен әңгімесінде Әлмира Құсты баева. Профессор бүгінде ми және адам санасының сан қырлы мүмкіндігін тану ізденісін тереңдетіп, еліміз үшін тың сала – нейроғылымды дамытуда.

Білім беру – адами капиталды дамыту әрі кәсіби білікті арттырудың негізгі жолы. Осы бағытта ізденісін жетілдірген Қазақ ұлттық университеті химия және химиялық технология факультетінің 3-курс докторант- тары – Еркебұлан Марал мен Шыңғысхан Сұлтахан стартап компания құрды. Ол «StandLab – Development and Engineering» деп аталады. Компания мектептердің химия, физика және биология кабинеттеріне арналған ғылыми-демонстрациялық стендтер инжинирингі, өндірісі және маркетингімен айналысады.

Арманым – ми институтын ашу

«Standlab: Development and Engineering» жобасы жетістігі

(АҚШ) және басқа да гранттар бойынша ғылыми тағылым да ма- лар ғалымның ми функцияларын интегративті әдіс тұрғысынан зерт теу бойынша көзқарасы мен ұс танымын қалыптастырды. Цин- ци ннати университетінің (АҚШ) Психиатрия және мінез-құлық нейрологиясы кафедрасы жа- нын дағы Нейроимиджинг орта- лы ғында өткен постдок то ран тура мен ғылыми жұмыс тә жі рибесі де Әл мира Мэлс қы зы үшін маңызды кезең болды. Осының бәрі ми сигналдарын талдау саласының маманы болуға, функционалды маг нит тік-резонанстық томо гра- фия әдісін игеруге, қалыпты және бұзылған эмоционалды күй мен когнитивті бақылау бойынша зерттеулер жүргізуге мүмкіндік берді, тіпті даңғыл жол ашты десек, артық айтқандық емес.

«Өмір жолымда М.Познер, Дж. Маттьюс, Ю.Александров,

деген мақсат пайда болады. Оқу- шы лар бұл жобамен халықаралық спорттық жарыстарға да қатыса алады», – дейді жоба авторлары.

Стартаптың миссиясы – отан- дық білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы мен білім беру методикасын инно вациялық технологиялар ар- қылы жүйелі модернизациялау.

Дж. Элиассен, Дж. Дункан сынды танымал тұлғаларды кездестірдім және олардың мамандыққа деген сүйіспеншілігі маған ерекше әсер етті. Нейроғылым – бұл ғылыми зерттеулердің таңғажайып сар- қыл майтын саласы. Мысалы, біздің миымыз ақыл-ой әрекетін қалай қамтамасыз етеді, сана дегеніміз не, оның нейро физио- логиялық механизмдері қандай, миымыз ақпаратты қалай код тай- ды, ми сигналдары арқылы біздің ойлау жүйемізді түсінуге бола ма деген сұрақтарға үнемі жауап іздейді», – дейді ғалым.

«Қазір мен Қазақстанда ней ро- ғылымды дамытуға бар күш-жіге- рімді жұмсаудамын. Шәкірт те рім М.Жолдасова, А.Қам за новамен бірге Когни тив тік нейроғылым ор талығын құр дық, – деп әңгі ме- сін жалғастырды Әлмира Мэлс- қызы. – Бұл салада интегративті ойлау қабілеті бар мамандардың аса қажет екенін түсіне отырып,

«Нейроғылым» ма ман дығын үш деңгейде: бака лав риат, магис- тра тура және док то ран турада ашуды ұйғардық. Нейроғылымға қадам басқан алғашқы студент- терге қарап-ақ, олардың біздің ісімізді жалғас ты рушы екеніне қуа намын. Ней ро ғы лымдағы ке- лешек тамаша зерт теулерге жол ашып, ерен еңбек етіп, тер төгіп жатқанымыз бекер болмауға тиіс. Шынында да, қай салада болсын алғашқы қадам жасау- шыларға әрқашан қиынырақ.

Қазақстанда алғаш рет атақты академик Серік Ақ шо лақовтың жетекшілігімен Ұлттық нейро- хирургия орталығының ба за- сында функционалдық маг- ниттік-резонанстық сканерлеуді

Жоба авторлары физика, химия, аэродинамика, ракета құру бағы- тында оқушылардың қызы ғу шы- лығын оятып қана қоймай, оны дамытуды заман талабына сай және қызықты етіп жасауды көздейді.

Қазіргі уақытта «StandLab – Development and Engineering»

жо басы бойынша жұмыс жал-

қол данысқа енгізгенімізді мақ- тан тұтамын. Енді біз бұл әдісті ми ісігі сырқатымен ауыратын нау - қас тар үшін мидың ког нитивті фун кцияларын картаға түсіруге қолданамыз. Бұл ми дың жұмыс істеу құпияларын ашатын зерт- теу дің жаңа түрінің бастамасы».

Ғалымның пайымынша, Қа- зақ станда нейроғылымды да- мытуға алғашқы қадам жасалды.

Оның негізгі діңгегі қаланып, әдіс темелік кешені енгізілді. Сөй- тіп, әлемдік деңгейде іргелі зерт- теулерді жүргізу қажет екені дә- лелденді.

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз Әл- мира Құстыбаеваның отандық ғы лымның дамуына қосқан үле- сін мемлекет жоғары бағалады:

көр некті ғалым Қазақстан Рес- пуб ликасының ғылымын дамы ту- дағы елеулі қызметі ескеріліп,

«Ерен еңбегі үшін», «ЖОО-ның үз дік оқытушысы – 2019» медаль- дарымен марапатталды.

«Менің ендігі басты мақсатым мен арманым – ми институтын ашу. Мұндай институт Қазақ стан- да жоқ. Әлемдік қор көздерінен миды зерттеуге қатысты халық- ара лық қаржыландыру тәсілін тар туға қабілетті ғылыми құ ры- лым құрудың алғышарттары бізде бар. Қоғамның нейроғылымға деген қызығушылығы артып ке- леді. Өйткені әркім өзінің, тіпті басқа біреудің сана-сезімін, мінез-құлқын тереңірек түсінуге, эмоционалдық күйді реттеуге, қабілет-қарымын дамытуға және ойлау жүйесін оңтайландыруға мүдделі», – деп қорытындылады ғалым әңгімесін.

Света ӘБІЛҒАЗЫҚЫЗЫ

ғасуда. Стартаптың келесі саты- ла рында химия және биология кабинеттерінің стендтері жа сал- мақ. Жоба жүзеге асса, Қа зақ- стан аумағындағы орта мектептер жо ғары сапалы ғылыми-де мон- страциялық стендтермен жаб- дықталады.

Әйгерім ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

İnnovasia

(6)

WWW.KAZNU.KZ

6 Q

AZAQ UNIVERSITETI№31 (1897), 21 ТАМЫЗ 2023 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

Университетіміздің жас ға- лы мы Ертай Сұлтан Қазақстан Рес пуб ликасының Вашингтон қа ла сындағы елшілігінің қол- дауы мен Дж. Вашингтон уни- вер ситетінде ашылған «Abai Center» қазақ мә де ни орта лы- ғында бір жылдық та ғылым да- мадан өтті. Ертайдың тағы лым- дамадан өтуінің басты мақ саты – шетелге қазақ әде бие тін, мә дениетін, өнерін кеңінен та- ныту. Осы мақсатта бір жыл ішінде көптеген тағылымы мол іс-шаралар өткізді.

Тағылымдама басында Қа- зақстан Республикасының Аме рика Құрама Штатта рын- дағы елшісі Ержан Ашықбаевқа және Абай орталығына жауап- ты Абай Бескенге бір жылдық жұмыс жоспарын таныстырып, Абай орталығының үйлесті ру- шісі қызметіне кіріседі. Ең ал- дымен Абай орталығының әлеу меттік желілерде парақ- ша ларын, атап айтсақ: Тwitter, Instagramm, Facebook және Youtube каналын ашты. Орта- лық тың парақ ша ла рында С.Фре дерик Старр, Чарлиз Вел- лер, Гүлнәр Кен дір бай, Ана- толий Хазанов секілді т.б. са- рап шы ғалымдардан алынған сұх бат тар легін, қазақ әдебиеті мен мәдениеті бойынша ақ па- раттық мазмұндағы посттарды жариялап отырды. Абай орта- лы ғының үйлестірушісі ре тінде Гарвард университеті, CASA бірлестігінің ұйымдас ты руы- мен өткен Абай симпо зиу мына қатысып, ағыл шын тілді аудито- рия ға Абайдың әдеби мұрасы, халықаралық ғы лыми ор тада зерттелуі туралы ке шенді ақ па- рат беріп, Абай фило софия- сындағы жалпы адам заттық парадигмалар туралы баянда- ма жасады. Сим по зиумға Гар- вард универ си тетінің про фес- соры Нұрлан Кенжеахмет, Гар вард, Бостан, Масач

Referensi

Dokumen terkait

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Халықаралық бағдарламалар орталығы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Айнұр АҚЫНБАЕВА Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорат мәжілісінде механика және математика факультетінің ғылыммен үздік шұғылданып жүрген жоғары курс студенттері

Мен, Жәмила Махамбетова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі, «Әлеуметтік педагогика

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаншама түлектерінің өздері бітірген оқу орнында абыроймен қызмет атқарып, жастарды білім мен ғылым бұлағынан сусындандырып үлкен

Жалпы бұл конференция еліміздің көрнекті ғалымы, психология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің

Отандас ғалымдар арасынан баяндама жасаған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Абай» ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Д 14А.02.32 дисертациялық кеңесінде 13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика тарихы және білім беру, этнопедагогика мамандығы бойынша