Мемлекеттiк тiлдi дамытудың саяси-құқықтық , әлеуметтік және психолингвистикалық аспектілері
Досжан Г. А.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан) В этой статье всесторонне анализированы политико-правовые, социальные и психолингвистические аспекты развития казахского языка как государственного языка. Автор дает рекомендаций по развитию государственного языка в национально-языковой политике в сравнении с международным опытем.
In this article the political-law, social and psycholinguistic aspects of the Kazakh language’s development as a state language are widely analyzed. We give the recommendations for developing the state language in national- language policy and comparison with the international experience has been is made.
Тілдің негізін құрайтын сӛз белгілі бір мағына беріп, ақпарат жеткізіп қана қоймай, ұлттық сананың қалыптасуына әсер ететіні белгілі. Мәселен, Қазақстанда дүниеге келген қазақ азаматы мен Еуропада немесе Америка Құрама Штаттарында ӛмір сүретін қазақтың ой-санасы мен дүниетанымы, ұлттық болмысы, этнопсихологиясы екі түрлі болып табылады. Бұған басты себеп, олардың қазақ тілін игеру мүмкіндіктерінің екі түрлі болуы. Еуропадағы бір елде, мәселен, Ұлыбританияда тұратын қазақтың тілі ағылшын тілімен ассимилияцияға түсіп, ағылшындық акцентке негізделсе, Қазақстанда ӛмір сүретін кейбір қазақтың тілі орыстық акцентке жақын болып келеді. Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтӛбе, Маңғыстау облыстарында тұратын қазақтар таза қазақша сӛйлеуге бейім болса, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Павлодар облыстарында орысша сӛйлейтін қазақтар кӛптеп кездеседі. Ал Алматы, Астана қалаларындағы қазақтар негізінен қостілді, яғни қазақ және орыс тілдерінде сӛйлеуге бейім. Астана мен Алматы қалаларында қазақ азаматтарының кӛпшілігінің қазақша біліп тұрса да, бейтаныс не таныс адаммен қоғамдық орындарда орысша ақпарат сұрауы не сӛйлесуі жиілеп келеді. Бұл соңғы кезде қарқын алып отырған тенденция болғанымен, оның психолингвистикалық және саяси-әлеуметтік себептері де жоқ емес. Күнделікті ӛмірде орыс тілінің басымдыққа ие болуы, орыстілді ақпараттың кӛбеюі мен қызмет кӛрсету саласы ӛкілдерінің негізінен орысша сӛйлеуі қазақтілді қазақтардың да еріксіз орысша сӛйлеуіне жағдай туғызып отыр. Тілдік кеңістіктегі бұл құбылыс күшейе берсе, онда қазақтілді қазақтар да орысша сӛйлеп, қазақ тілінің тілдік ортасы тарылып кетуі мүмкін. Тіпті бұл осылай болып та келеді. Бұл жағдайды түзеу үшін мемлекет тарапынан әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер жүргізіп, мемлекеттік тіл саясатын күшейту керек. Мемлекет қазақтілді ақпарат құралдарын кӛбейту, қазақ тіліндегі мектептер мен бала-бақша санын арттыру, мемлекеттік қызметке кіру үшін мемлекеттік тілді білуді міндеттеу, қызмет кӛрсету саласында азаматтардың қазақ тілінде сӛйлеуін талап ету секілді іс-шараларды кӛбейтіп, пәрменді тіл саясатын жүргізбейінше, қазіргі қазақ тіліне тӛніп отырған қауіп-қатерді сейілту жыл ӛткен сайын қиындай бермек.
«Неге ӛз Отаны Қазақстанда тұратын қазақтың тілі орыс тілінің ықпалында келеді?» деген сауалға жауап беріп кӛрсек. Біріншіден, қазақтың ғасырлар бойы Ресейге отар болуы; екіншіден, тәуелсіздік алғалы бері қазақ-орыс қостілділігінің құқықтық тұрғыдан заңдастырылуы. Мәселен, ҚР Конституциясының 7-бабының 2-тармақшасы мен «Тіл туралы» Заңның 5-бабына сәйкес,
«мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп кӛрсетілген. Үшіншіден, кеңестік аралас білім беру жүйесінің әлі де болса азаймауы, осының салдарынан мүлдем қазақ тілін білмейтін не шала білетін қазақ азаматтарының қатары кӛбеймесе, азаймай отыр. Тӛртіншіден, Қазақстанның ақпарат кеңістігіндегі ресейлік БАҚ-тың кӛптігі мен Интернеттегі орыс немесе ағылшын тіліндегі сайттардың кӛптігінен таза қазақ тілді ақпарат алу мүмкінідігін аздығы. Ал таза лингвистикалық себепке келер болсақ, қазақ тіліндегі шетел кірме сӛздерінің кӛбеюі және олардың орыс және шетел тілінің орфографиясымен қабылданып, жазылуы. Социолингвистикалық фактор бойынша қазақ тілінің тілдік ортасының әр аймақта әр түрлі болуы, әсіресе солтүстік ӛңірлерде орыс тілінің басым түсуі. Қалалық қазақтар санасында орысша ақпарат сұрау психологиясының үдеп кетуі.
Міне, осындай саяси, құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, лингвистикалық факторларға байланысты қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, қоғамдық-коммуникациялық басымдығы іске аспай отыр.
1990 жылдардан бастап тәуелсіздікке ие болған кӛптеген посткеңестік елдер ӛз ана тілдерін дамытуға барынша жағдай жасауда. Соның нәтижесінде Ӛзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан,
Эстония, Латвия, Литва, Молдова, Украина сияқты елдердің мемлекеттік тіл туралы арнайы заңдары қабылданып, бірқатарында орыс тілінің ресми және ұлтаралық қатынас тілі функциясы заң жүзінде алынып тасталды. Осы елдердің кӛбісі ӛз ұлттық жазуларының графикалық негізін кириллицадан латын графикасына кӛшірді. Орыс тіліндегі білім ошақтары мен ақпарат құралдарының санын азайтып, мемлекеттік тілдегі ақпарат, кино, теле, баспа ӛнімдерінің ӛндірісін жолға қою арқылы ӛз ана тілдерінің қолданыс аясын кеңейтіп отыр. Бұл елдерде жергілікті ұлтпен қатар, ӛзге этнос ӛкілдерінің мемлекеттік тілді білуі міндет болып табылады.
Жаһандану процесінің күшейіп, әлемдік интеграцияның қарқын алуы дүние жүзіндегі тілдік кеңістіктердің ӛзгеруіне, әлемдік тілдердің ӛзге тілдердің ареалын қысқартуға алып келуде. Дүние жүзінде қытай, ағылшын, француз, неміс, жапон, корей, түрік тілдерін оқыту курстары кӛптеп ашылуда. Қазақтанның кӛптеген жоғары оқу орындары мен тіл оқыту агенттіктерде аталған тілдер қарқынды оқытылуда. Бір ӛкініштісі, қазақ тілін білмейтіндердің кӛбісі осы тілдерді үйренуге қаржы аямай, кірісуде. Ӛйткені, еліміздегі кӛптеген шетелдік немесе халықаралық компанияларда мемлекеттік қазақ тілінен гӛрі осы тілдерге деген сұраныс жоғары. Айталық, Ақтӛбе, Атырау, Ақтау секілді мұнай-химия ӛндірісі дамыған ӛңірлерде жұмыс істейтін қазақтандық - шетелдік бірлескен компанияларда жұмыс істеу үшін ағылшын, қытай, француз, неміс тілдерін білу міндетті. Ал қазақ тілін білу міндеттелмейді. Осылайша қазақ тілі ӛзінің табиғи ареалында ығыстырылуда.
Біздіңше, Қазақстанда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамыту үшін ұлттық тіл саясатында мынадай шаралар қолға алынуы керек:
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл туралы» Заңын қабылдау және осы Заңға сәйкес барлық заңдарға мемлекеттік тілді қолдану туралы нормаларды қосу, «Тіл туралы» Заңға ӛзгерістер енгізу;
- қазақ ұлттық жазуының негізін кириллицадан әлем халқының басым бӛлігі пайдаланатын латын графикасына кӛшіру;
- Қазақстандағы шетелдік ақпарат құралдарының санын азайтып, қазақ тіліндегі телеарналар мен Интернет сайттарын кӛбейтуге мемлекеттік қолдау кӛрсету;
- Қазақ тілінде кӛркем, деректі фильмдер мен мультфилмдер түсіру және шетелдік фильмдерді қазақшаға аудару ісін жолға қою;
- Қазақ тіліндегі баспа ӛнімдерін кӛбейту, сол арқылы қазақтілді оқырманды кӛбейту;
- Меншік түріне қарамастан барлық мекемелердің іс - қағаздарының қазақша жүргізілуін талап ету және оған жүйелі қадағалау мен мониторинг жүргізу;
- Мектепке дейінгі, орта, орта арнаулы, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінің барлығында қазақ тілін оқыту, орыс мектептерінде қазақ тілі пәнінің сағатын арттыру;
- Ономастикалық, кӛрнекі ақпарат саласында атаулар мен ақпараттарды тек мемлекеттік тілде жазу үрдісін қолдану;
- Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың барлығында азаматтарға қазақша жауап беру, қазақша сӛйлеу, қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді заңмен талап ету;
Шетелдік бірлескен компаниялар мен ұлттық компания, холдингтерде қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу, қазақша білуді талап ету керек.
- Қазақстанда тұрғысы келетін шетелдік азаматтарға алдымен қазақ тілін үйрену курсынан ӛтіп, мемлекеттік тілді белгілі бір дәрежеде меңгерген жағдайда ғана рұқсат беру, азаматтық алғысы келетін шетелдіктерге мемлекеттік тілді білуді міндеттеу. Бұл - әлемдік тәжірибеде бар үрдіс. Мәселен, мұндай талап Еуропаның бірқатар елдерінде, Түркияда қолданылады. Ресей де осы талапты заңға енгізу арқылы, орыс ұлттық сәйкестілігін сақтап қалуды кӛздеп отыр. Бұл үрдісті қолданбасақ, Қазақтандағы онсыз да орыс тілінен аса алмай тұрған қазақ тілінің дамуына ерте ме, кеш пе, қауіп тӛнері анық.
Қорыта айтқанда, Қазақстандағы қазақ тілінің даму жағдайы ӛз дәрежесінде емес. Оны дамыту үшін жоғарыда аталған шараларды мемлекеттік тұрғыда қолға алу керек. Бұл істе Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, ӛзге де мемлекеттік органдар халыққа ӛздері үлгі кӛрсетіп, 100 пайыз қазақша сӛйлеуді және қазақша іс қағаздарын жүргізуді қолға алу керек. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауда еліміздегі ӛзге этнос ӛкілдері арасында мемлекеттік тіл саясатын жүргізуді қолға алса игі. ҚР «Тіл туралы» Заңының 4- бабындағы «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деген нормадағы «парыз» деген сӛзді «міндеті» деп алмайынша және соған сәйкес тіл саясатын
жүргізбейінше тілдік ахуалды түбегейлі ӛзгерту мүмкін емес. Бұл, қазақ тілін үйретуде азаматтарға қысым кӛрсету емес, керісінше мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізгі символы - мемлекеттік тілді меңгеруге жағдай жасау болып табылатынын баршамыз дұрыс ұққанымыз жӛн.
Әдебиет
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» ҚР Заңы. 1997 жылғы 11 шілде.