• Tidak ada hasil yang ditemukan

PDF Утебалиева П.Т.

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "PDF Утебалиева П.Т."

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

Утебалиева П.Т., аймақтану кафедрасының

4-курс студенті Ғылыми жетекшісі Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ- дың Халықаралық қатынастар факультеті

аймақтану кафедрасының доценті, т.ғ.к. Даркенов Қ.Ғ.,

Орталық Азия мемлекеттерінің Еуропалық Одақпен әріптестігіндегі басты мәселелер және оның болашағы.

Түйін

Мақалада геоcтратегиялық эәне геоэкономикалық маңызды аймақтардың бірі Орталық Азиядағы шешімі табылмаған басты мәселелері анықталып, олардың пайда болу себептері мен аймақ дамуына деген тигізер ықпалы қарастырылды. Сонымен қатар онда басты назар аймақтың Еуропалық Одақпен әріптестігіне қойылып, өзара ынтымақтастықтың меселерді шешуде берер болашағына болжамдар жасалды.

Кілтті сөздер: Орталық Азия, Еуропалық Одақ, геосаясат, шиеленіс, қауіпсіздік, , әлеуметтік мәселелер, деморкация, демократия, терроризм, есірткі саудасы, Ауғанстан мәселесі, сараптау, болжам.

КСРО ыдырап, аймақтағы жағдай өзгергеннен кейінгі он жылдықта Орталық Азия негізгі объект көзіне айналды. Түрлі мақсатты көздейтін, түрлі саяси күштер Орталық Азия халықтарының мүддесімен санаспай, тек өз мүдделеріне сәйкес жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасу үрдісіне өз ықпалын көрсетуге үміттенді. Үлкен қазба байлықтарына: алтын, табиғи газ және мұнайға бай, геосаяси жағдайға ие бұл аймақ бұрын өздерінің қызығушылықтарын жүзеге асыра алмайтын әр түрлі күштерге ашыла бастады. Осылайша алғаш рет посткеңестік Орталық Азияға шетел назары түскен болатын. Тәуелсіздіктен кейін ұзақ уақыт бойы Орталық Азияның белді әрі белсенді ойыншылары ретінде Ресей, Қытай және АҚШ саналып келді, ал соңғы уақытта аймақта ЕО мемлекеттерінің де мүдделері пайда болып та үлгерді. Осы ретте Карл Хауздың «кім Орталық Азияны иеленсе Еуразияға ие болғаны, кім Еуразияны иеленсе әлемді басқарғаны» деген сөзі еске келеді.

ХХІ ғасырдың басында әлемдік жаһандануға байланысты ЕО пен Орталық Азия арасында сапалы әріптестік орнататын кез туды. Тұрақтылық пен өзара бейбіт әрекеттестік арқылы даму, сонымен қатар ЕО-тың тату көрші саясаты екі тарапты аз уақыт ішінде саяси, қауіпсіздік және экономикалық саларында жақындастыра білді.

Орталық Азия мен Еуропалық Одақтың әріптестігі қарқынды өсіп келе жатқанымен назар аударарлық бірнеше мәселелер бар. Солардың ішінде ең бір маңыздыларына мыналар жатады:

(2)

- Орталық Азия республикаларындағы тұрақсыздық пен шиеленіс қауіпі

- Энергетикалық қауіпсіздік - Денсаулық сақтау

- Радикализм мен терроризм

- Адам құқықтары мен тиісті басқару - Есірткі саудасы

- Ауғанстан

Гуманитарлық мәселелерді қарастырмаған күннің өзінде, Орталық Азия тұрақсыздығы ЕО және оның мүше мемлекеттері мүдделеріне әр түрлі қатынаста әсер етуі мүмкін. Таяудағы тәжірибе көрсеткендей, босқындардың потенциалды мақсаты Еуропа болып отыр. Сонымен бірге аймақ қауіпсізігін қамтамассыз етуде ЕО-тың тікелей қызығушылықтары да жоқ емес:

Ауғанстан, Ирак және басқа жерлердегі болып жаткан оқиғалар сәтсіз мемлекеттер мен хронологиялық тұрақсыз аймақтың террористік және қылмыстық топтар ошағына айналатынын дәлелдеп отыр. Сондықтан да еуропалық бақылаушы айтпақшы «аталмыш аймақтың тұрақтылығын сақтауда жаһандық мүдде жатыр» . «Қазіргі таңда Батыс үшін Орталық Азия айтарлықтай танымал емес, себебі ол белгілі –бір дәрежеде тұрақты аймақ.

Егер мұнда тұрақсыздық орын алса, ол көзге түсе бастайды. Сонда жұртшылық неге біз ешқандай шара қолданбадық деген сауалмен қынжылады».[1]

Өзінің энергетикалық қоры арқасында Қазақстан ұзақ жылдар бойы Орталық Азиядағы болашағы зор баянды мемлекет ретінде қарастырылып келді. Дегенімен соңғы жылдары мұндағы тыныштықтың да шырқы бұзылған секілді. 2006 жылғы ақпандағы саяси қайраткер Алтынбек Сәрсенбаев өлімі қазақ қауымын дүр сілкіндірген еді, оның үстіне Рахат Алиев мәселесі үлкен шиеленіс тудырғаны да белгілі. Өткен жылғы 16 желтоқсанда орын алған Маңғыстау көтерілісі де ел үшін қатты соққы болғаны анық. Ал Қырғызстан мәселесі тіптен күрделі. Есімізде болса, 2005 жылы Наурыздың 24-інде Бішкекте халық көтеріліп үкіметтік орын алмасулары болған кезде жұрт мұны демократия жолындағы жеңіс деп қабылдаған болатын. Дүрбелең кезінде ел президенті Асқар Акаев қызметін тастап, Мәскеуге шұғыл кетуіне тура келді. Көп ұзамай жаңа үкімет қалыптасып, Ақаевтің орнына Құрманбек Бакиев келген еді. Ол өз сөзінде бұдан былай Қырғызстанда көтеріліс болмайды деп сендірген болатын. Бірақ төңкерістен соң бір жылдан аса-ақ Қырғызстанның белгілі саясаткерлерінің Бакиевтің жоғары лауазымға ие болған туыстарынан қысым көре бастағаны анықталды. «Бұл жағынан Бакиев Ақаевтан да асып түсті» деп жазды кейбір сарапшылар. Осылайша, екі жыл өтпей Бакиевке қарсы халық наразылығы шерулерге ұласты. Бірақ ол биліктен кету ойында жоқ екенін, ал

«оппозициялық қозғалыстың мұндай үндеулері Қырғызстанның келешегіне соққы болатынын» айтқан еді. Осыдан кейін «елде революция жасамақ болды» деген күдікпен бірнеше оппозиция жетекшілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.Нәтижесінде, 2010 жылы сәуірдің 6-сы күні тағы бір

(3)

оппозиция жетекшісінің қамауға алынуына қарсы Талас қаласында басталған толқу Бішкекке жетіп, үкімет әскерінің қолынан 80-нен астам адам өлген соң Бакиев Қырғызстанды тастап шықты. Қазір ол Беларусияда тұрақтады.[2]

Төңкерістен соң Роза Отунбаева жетекшілік еткен уақытша үкімет Қырғызстан конституциясына өзгерістер енгізіп, референдум арқылы елде парламенттік жүйе қалыптастырды. Ал 2010 жылы 3 шілдеде ол президент орнына отырады. Билік ауысқанымен елде тыныштық орнай қойған жоқ.

2011 жылы 30 қазанында Қырғызстанда өткізілген президенттік сайлау ресми өтіп, Алмазбек Атамбаев Қырғызстан президенті болып сайланды.

Қазіргі таңда Қырғызстандағы қалыптасқан жағдай туралы сарапшылар екі ұдайы пікір білдіреді. Бірі ел демократияланып келеді, оның болашағы бар деп сендірсе, енді бірі Қырғызстан оқиғасы Орталық Азияның басқа да мемлекеттеріне өз әсерін тигізіп, жаппай бассыздықтар орын алуы мүмкін дейді. Бірақ көрші ел президенттері мұндай оқиға қайталанбас үшін қолдан келер бар шара қолдануға тырысуда.[3]

Саяси тұрғыдан алғанда Тәжікстан аймақағы тұрақты мемлекеттер қатарына жатады, дегенімен 90 жылдары болған азаматтық соғыс әлі де болса елдің экономикалық-саяси өміріне әсерін тигізіп келеді. Тәжікстан - өте кедей мемлекет және шетелде жұмыс істейтін мыңдаған тәжіктің аударған ақшасына тәуелді. Жемқорлық деңгейі де жоғары, оның үстіне ауған героині саудасынан түсетін кіріс билік институттарын жегідей жеп барады. Азаматтық соғыстың қайта тұтануы алдындағы қорқыныш қоғамдағы басқаша ойлау принциптерін төмен деңгейге жеткізді, ал билік басындағы Эмомали Рахмонов үкіметі оппозицияны саясаттан оңай шеттетіп жіберді. Қазір Тәжікстан Ресеймен тығыз қарым-қатынасты сақтап келеді.

Бірақ екі елдің бірінде экономикалық мәселелер туындай қалған жағдайда, еңбек мигранттарының табыс табу мүмкіндіктерін айтарлықтай шектелуі мүмкін, ал бұл Тәжікстан үшін қауіпті әлеуметтік-экономикалық салдар туғызады. [4]

Түркіменстан әлем бойынша жабық және репрессивті режим қалыптасқан мемлекеттердің бірі, онда ұзақ уақыт бойы Сапармұрат Ниязов билік еткен еді. Қазір ел өзінің жаңа басшысы ретінде Г.М Бердімұхамедовты сайлады. Бірақ мемлекетте орын алған жағдай айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Елбасының саяси өмірді толық қадағалауы және бағалы газ қорынан түсетін пайда Түркіменстанды тұрақты ел кейіпінде көрсетіп отыр.

Дегенімен азаматтық қоғамның, оқу мен денсаулық сақтау салаларының жүйелі түрде жоғалуы және тәуелсіз саяси бірде бір институттың жоқтығы елдегі гумманитарлық дағдарыстың орын алу мүмкіндігін растап отыр. Ал бұл елдің келешегін құлдырауға әкеледі.[5]

Өзбекстан жаңдайында аймақта орын алуы мүмкін тұрақсыздық аса қауіпті болып табылады. Аталмыш мемлекет Орталық Азия бойынша саяси репрессия көлемі жағынан Түркіменстаннан кейін екінші орын алады.

Ал Ислам Каримовтің ашық түрде көрсетіп отырған зорлығы тіпті Ниязов режимінен де асып түсті. Ұзақ жылдан бері қанаушы және тоқырауға алып келетін экономкалық саясат ел наразылығы мен ыза кегін өршітіп келеді.

(4)

Өйткені мұндай саясат миллиондаған халықты өмір үшін күресуге мәжбүрлейді. 2005 жылы бәрімізге белгілі Әндіжан оқиғасы орын алған еді.

Көтеріліс 23 кәсіпкерді аяқсыз айыптауға және президенттің озбырлығына қарсы жауап ретінде тұтанған болатын. 13 мамыр күні жоғарыдан бұйрық келіп, кешке алаңға шыққан көтерілісшілерге оқ жаудырылады. Нәтижесінде көтеріліс қарулы күшпен басып жаншылған болатын. Американдық құқық қорғаушы Human Rights Watch ұйымының есебі бойынша Әндіжанда 700-дей адам қайтыс болған, ал өзбек билігінің есебіне сүйенсек, «Қорғасын жаңбыры» кезінде 187 адам қаза тапқан-ды. [6]

2006 жылдың қаңтар айында орын алған Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы шиеленістен кейін энергетикалық мәселе ЕО ең жоғарғы саяси деңгейде талқылана түсті, ендігі кезекте Брюссель алдына Ресейден тәуелділікті азайту мақсатын қойды. Сондықтан, кеш болса да, ЕО Орталық Азияның әлеуетті маңыздылығын түсіне бастады. Еуропаға тікелей Түркия мен Кавказ арқылы жеткізуге болатын аймақтың мұнай мен газы энергиямен қамтамассыз ету көздерінің диверсифкациясы мәселесін ішнара шешудің бір жолы болды.

Аймақта негізінен үш мемлекет айтарлықтай энергия қорын иемденіп отыр. соның ішінде қоры жағынан ең ірі мемлекет Қазақстан болып табылады. Ол мұнай қоры жағынан әлем мемлекеттері ондығына, ал газ қоры бойынша алғашқы 15 мемлекет қатарына кіреді. Өзбекстан да маңызды газ экспорттаушы мемлекет болып табылады. Ал Түркіменстан түгел дерлік өз газын Өзбекстан мен Қазақстан арқылы солтүстікке, яғни Ресйге жібереді.

Одан ары түркімен газының бір бөлігі Ресей бақылауындағы газ құбырлары арқылы Украинага жөнелтіледі. Сонымен бірге, осы тұста атом энергиясы туралы айта кеткенді де жөн көріп отырмыз. Бұл сала бойынша Қазақстан мен ЕО әріптестігі жақсы қарқынмен дамып келеді. Қазір Қазақстанда уран әлемдік қорының шамамен 20 пайызы(1,6 млн тонна) бар, ал оны өндіру бойынша еліміз Аустралия, Канадамен бірге алғашқы үштікке кіреді екен.

Оған қоса, елдегі Өскемен металлургиялық зауыты атом станцияларына (негізінен Ресей АЭС-на) арналған жылу таблеткаларын шығаратын ірі әлемдік өндіруші. Уран өндіруде маңызды тұстардың бірі оны бейбіт жолда пайдалану. Сондықтан да 2006 жылы Брюссель қаласында Қазақстан мен Еуроатом арасында атом энергиясын бейбіт жолда пайдалану жөніндегі әріптестік келісіміне қол қойылды. Қазір еуропалық уран нарығындағы Қазақстанның үлесі 3% құрап отыр, ал 2011 жылғы есептен Қазақстан бойынша уран өндірісінің 2010 жылға қарағанда 9 % өскенін(19,450 мың тонна) байқауға болады.[7]

Өкінішке орай Орталық Азияның денсаулық сақтау жүйесі дағдарыс қарсаңында тұр. ВИЧ/ЖИТС, туберкулез секілді эпидемиялық, жұқпалы аурулардың таралуы және олардың дәрілік тұрақтылығы ЕО үшін ұзақ мерзімдік қауіп тудыруы мүмкін. Келешекте ЕО аймақтағы құс тұмауының мүмкін қауіптері мен олардың салдарын толық қарауы керек, себебі аталмыш аймақта медициналық қызмет көрсету жүйесі нашар дамыған және аз қаржыландырады. ЕО Орталық Азиямен шектеспесе де, құс тұмауы Еуразия

(5)

аумағына үлкен қарқынмен таралып келеді және Еуропаға жыл сайын Сібір мен Орталық Азиядан мыңдаған құстар ұшып келіп жатыр. Оның үстіне, денсаулық сақтау жүйесінің дағдарыс салдары, әсіресе ВИЧ/ ЖИТС эпидемиясы аймақтың жалпы тұрақтылығы мен даму болашағына қауіп төндіруі мүмкін, ал оның салдары өз кезегінде еуропа қауіпсіздігіне сызат түсіреді-мыс.

Жапай қырғын, жемқорлық пен тиісті мемлекеттік басқарудың жоқтығынан туындаған наразылықтар салдарынан Орталық Азия халқы арасында ислам радикал топтары күннен күнге қолдау тауып келеді. Соның ішінде негізгілерінің бірі күллі ислам әлемінде белсенділік танытып отырған және мұсылмандарды ислам халифаты аясында біріктіруді мақсат тұтатын жасырын топ Хизб ут-Тахрир болып табылады. Топ жақтастарының қоғамдық бастаушы ұйымдары ОА мемлекеттерінің көбісінде кездеседі.

Олар негізінен үкімет қызметіне сыни пікірлер айтылған және тек халифат кезінде ғана әділдік болатындығы жөнінде үндеулер, аудио-видео материалдар таратумен айналысады. Хизб ут-Тахрир өкілдері пікірінше олардың қозғалысы өз мақсаттарына зорлық-зомбылықсыз жетуді көздейді.

Ресми мәлімдемелерде Хизб уд-Тахрир қауіп төндіретін ұйым ретінде көрсетілгенімен, оның террористік акттерге қатыстығы жөнінде ешқандай дәлел айғақтар кездеспейді. Дей тұрғанымен, басқа радикалды топтар зорлық көрсетуге дайын екендерін жасырып отырған жоқ. Олардың ішінде Өзбекстан Ислам қозғалысын(ӨИҚ) атап көрсетуге болады. Ресми мәлімдемелерде Хизб уд-Тахрир қауіп төндіретін ұйым ретінде көрсетілгенімен, оның террористік акттерге қатыстығы жөнінде ешқандай дәлел айғақтар кездеспейді. Дей тұрғанымен, басқа радикалды топтар зорлық көрсетуге дайын екендерін жасырып отырған жоқ. Олардың ішінде Өзбекстан Ислам қозғалысын(ӨИҚ) атап көрсетуге болады. АҚШ мемлекеттік департаментінің есебі бойынша аталмыш топ әлемдегі ең бір қауіпті террористік ұйымдардың қатарына жатады екен.

Соңғы жылдары Қазақстанда да терроризм өрши бастады. Оның айқын мысалы ретінде Ақтөбе қаласындағы ҰҚК-комитетіндегі, Шұбаршыдағы және Атыраудағы орын алған джихадшылар жарылыстарын алуға болады.

Жыл сайын терроризм индексін жариялап отыратын, «Maple Croft»

британ компаниясының мәліметтері бойынша Гренландия мен Антарктиданы есепке алмағанда, әлемде терроризм қаупі төніп тұрмаған аймақ жоқ екен. Ал Орталық Азия аймағы терроризм өршіп тұрған Ауғанстанмен шектесіп жатыр. Сондықтан да бұл мемлекеттерге шекараларын қорғау үшін біраз күресуге тура келеді.

Қазіргі таңда аймақ мемлекеттерінің барлығында жемқорлық, тұтқындардың нашар жағдайы, құқық қорғау орындарындағы заңсыздық, әйелдерге көрсетілетін қорлық пен олардың дискриминациясы бар, бірақ мұндай проблемалардың деңгейі әр елде әр түрлі. Одан бөлек төмен экономикалық жағдай күн сайын адам саудасын дамытып отыр. Сол себепті де әйелдер мен қыздар жезөкшелік, ал ер адамдарды қара жұмыс құрбаны болып отыр. Мақта шаруашылығымен айналысатын Өзбекстан, Тәжікстан

(6)

мен Түркіменстандағы еріксіз еңбек, әсіресе бала еңбегі күллі аймақ мәселесіне айналып та үлгерді. Соның ішінде Өзбексатндағы қорлық көресту шаралары өршіп бара жатқанын ерекше атап өткен жөн.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек Еуропа халқы жылына 135 тонна героин пайдаланады екен, оның 90% Ауғанстанда өндіріледі. Ал Нью- Йоркте жасалған БҰҰ баяндамасында Еуропадағы 15-39 жас аралығындағы өлгендердің 4% есірткі пайдаланғаннан бақилық болған. Ал есірткі мен қылмыс жөніндегі БҰҰ басқармасының директоры Антонио Мария Коста өзінің мәлімдемесінде «Мен есірткі саласындағы ең бір бұзақыларды атаудан қорықпаймын: Испания, Ұлыбритания және Италия» деп ашық айтты. БҰҰ есебіне сүйенсек 15-64 жас аралығындағы Испания халқының 3% , ал Ұлыбритания халқының 2,4% есірткі пайдаланады екен.[8]

Соңғы кездері көкнәрді жоюға кеткен күштің арқасында Ресейде өндірілетін есірткі көлемі 20%-ға азайтылды. Дегенімен Ауғаныстаннан келетін есірткі көлемі артып кетті. Мұның негізгі себебі ТМД, әсіресе Қазақстан шекарасының мөлдірлігі болып отыр. Күн сайын шекарадан мигранттардың үлкен ағыны өтіп жатыр. Олардың көбісі есірткі саудасына тартылады. [8]

Әлем бойынша апиынның 90 % Ауғанстан өндіреді. Ол көбінесе героин немесе морфий күйінде сатылымға жіберіледі, себебі бұл тауардың бағасын көбейтіп, салмағын азайтады және оны тауып алу қауіпін кемітеді. 2009 жылы Ауғанстаннан 400 тоннадан астам героин мен морфий шығарылған.

Оның көлемі ЕО нарығын үш жылға дейін қамтамассыз етуге жетеді екен.

Қазіргі таңда Орталық Азия өзінің стратегиялық орналасқан жерінен зардап шегіп отыр. Себебі есірткі саудагерлері ескі Жібек Жолын жандандырды десе де болады, осылайша Ауғанстан апиыны Түркіменстан арқылы Тәжікстан мен Өзбекстанға жеткізіледі, одан әрі ұшақ, темір жол не көлік жолымен Қазақстан немесе Қырғызстанға жіберіледі. Сосын тауар Ресей мен ЕО-қа сапар шегіп кетеді. Есірткі саудагерлері негізінен жемқор шекара қызметімен тығыз байланыс орнатқан, сондықтан да өз тауарын шекарадан өткізу соншалықты қиынға соғып отырған жоқ.

Қазір ЕО Орталық Азияға Ауғанстан көршісі ретінде қарайды. Тіпті ЕО дипломатының бірі « Ауғанстанның Орталық Азияға жақындығы ЕО-тың аталмыш аймаққа деген қызығушылығының басты себебі» дейді. Иә,расымен де, ЕО үшін Ауғанстан басты басымдық ретінде есептелгендіктен, ОА көзден таса қылу ақымақтық болар еді. Ауғанстандағы тұрақтылық көршілерінің орнықтылығын талап ететіні анық. Сондықтан да қазір ЕО Орталық Азия қолдауына сүйенеді. Себебі Орталық Азия мемлекеттерінің әріптестігінсіз Ауғанстан мәселесін шешу мүмкін емес. Еуропарламент президенті Ежи Бузек Тәжікстан президенті Э.Рахмонмен кездесуі барысында «Тәжікстан Азия континентінің жүрегінде орналасқан ел, Ауғанстан, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстанмен шектесетін ел, сондықтан да аймақта стратегиялық маңызға ие және ЕО Тәжікстанмен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі» - , деген болатын [9]

(7)

Тіпті он жылдан бері тоқтамай күресіп келе жатқан ISAF (International Security Assistance Force) та айтарлықтай нәтижелерге жете алмай жатыр.

2001 жылы құрылған бұл әскери контингентте Еуропалық әскерлер де күрес жүргізіп жатыр. ИСАФ ресми мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылыдың соңында Ауғанстанда жалпы саны 131 мың 730 адамды құрайтын 48 мемлекет контингенті болған. Соның ішінде АҚШ әскері- 90 мың, Ұлыбритания 9,5 мың, ал Германия 4,6 мың.

Сонымен қатар, Германия Өзбекстанның оңтүстігінде орналасқан Термез қаласында шамамен 300 әскерін орналастырды. Мұндай база құрудың басты себебі Ауғанстандағы ИСАФ қызметін жандандыру болды. Сондықтан да қазіргі таңда Германия НАТО мемлекеттері арасында Өзбекстанда әскери контингеті бар және 2005 жылдан бастап Өзбекстан әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алған жалғыз мемлекет болып табылады. Себебі 2005 жылы шілде айында Қаршы қаласы маңындағы АҚШ әскери базасы аталмыш елден шығарылғаннан соң, елдің әуе кеңістігінен ұшуға көптеген мемлекеттерге тыйым салынған еді.

Қазіргі таңда, әлем аталмыш мәселеге байланысты біршама өзгеше көзқарас танытып отыр. Болашақта елде құрылған 5 әскери контингент біртіндеп Ауғанстан территориясынан шығарылмақ. Яғни елдегі шешімін таппаған мәселелер жергілікті билік құзырына қалдырылады. Есімізге сала кетейік, 2010 жылы қараша айында Лиссабонда өткен НАТО саммитінің нәтижесі бойынша 2014 жылға дейін АҚШ контингеті Ауғанстан шекарасынан толық шығарылмақ. Сол генерал Алленнің берген сұхбатында, аталмыш әскери контингенттің орнына антитеррорлық корпус құрылатыны жайында жария етілді. [47]

Осылайша Орталық Азия мен ЕО-тың әріптестігінде біршама ерекшеліктер мен шешілмеген мәселелер бар екенін байқадық. Олардың жібін тарқатып, мүмкін жолдарын қарастыруға ат салысу әрқайсысымыздың міндетіміз. Себебі Орталық Азия проблемеларын шеше отырып, біз тек қана еліміздің жағдайын жақсартып қоймай, демократиялық, адам құқықтары сақталған, қауіпсіз қоғам құра аламыз.

Referensi

Dokumen terkait

Мақалада кеңес үкіметі кезеңіндегі Оңтүстік Қазақстан территориясындағы медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуы және оның даму ерекшеліктері зерттелген..

Қорыта келгенде, Шоқан орталық Азия мен қазақ халқының тарихына арналған зерттеулерін жазу барысында Әбілғазы баһадүрдің «Шежіре-и Түрк» кітабындағы мол мағлұматтарды кеңінен