ЕҰУ Ф 403-02-14. Хаттама. Үшінші басылым
ШЖҚ РМК «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
«Туризм» кафедрасы 2 курс магистранттарының
Зерттеу практикасы есептерін онлайн қабылдау мәжілісінің ХАТТАМАСЫ
Астана қ. 3 cәуір 2020 ж.
Қатысты: 20 адам (тізім қосымша тіркелген) Күн тәртібінде:
2 курс магистранттарының Зерттеу практикасы бойынша есептерін қорғау.
Қатысқандар: э.ғ.к., доцент Дуйсембаев А.А, э.ғ.д., профессор Сыздықбаева Б.Ұ, э.ғ.к., доцент Ешенкулова Г.И., э.ғ.к., доцент Муталиева Л.М, э.ғ.к., доцент Сейдуалин Д.А, э.ғ.к., доцент Мусина К.П, PhD докторы, доцент Агыбетова Р.Е, PhD докторы, доцент Адай Секенулы, магистр, аға оқытушы Рустемова С.М, магистранттар: Маулен М, Марат А, Айткенова А, Кузербай Н, Жакан А, Каныбекова Б, Кайрбекова Д, Анарбай А, Нургали А.
Тыңдалды: Рустемова С.М - 2019-2020 оқу жылының 20 қаңтарынан наурыз айының 28 аралығында 2 курс магистранттары оқу жоспарына сәкес зерттеу практикасынан өтті. Магистранттар зерттеу практикасын Туризм кафедрасында, кафедрамыздың профессор-оқытушылар құрамының жетекшілігімен өтті. Зерттеу практикасы барысында диссертациялық тақырыптарына сай ғылыми-зерттеу жұмысымен, әр түрлі ғылыми ізденіс жұмыстарымен айналысты. Бүгін сіздердің назарларыңызға магистранттардың зерттеу практикасы бойынша қорытынды есептерін онлайн түрде қорғауды ұсынып отырмыз.
Тыңдалды: Дуйсембаев А.А – Құрметті әріптестер рұқсат болса 2 курс магистранттарының осы практика мерзімінде қандай жұмыс атқарғанын тыңдайық.
Тыңдалды: магистрант Маулен Мөлдір - 2020 жылдың 20 қаңтары – 28 наурызы аралығындағы зерттеу практикасы бекітілген жоспарға сәйкес Туризм кафедрсында өтті.
Зерттеу практикасының алғашқы аптасында 2020 жылдың 9-11 сәуірінде Түркияда өтетін
«VI Халықаралық Түрік туристік симпозиумына» қатысуға «The importance of creating an
«e-Tourism» information and communication portal in Kazakhstan» тақырынбағы мақаланы талаптарға сәйкес әзірлеп жібердік. Іріктеудің алғашқы турынан өтіп мақаламыз қабылданды (Қосымша 1), алайда әлемде жұқпалы ауры короновирустың таралуына байланысты симпозиум ағымдағы жылдың қазан айына шегерілді. Зерттеу практикасы аясында университет қабырғасында өткізілген іс-шараларға қатыстық, «Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің жаршысына» «Экологиялық туризмнің ерекше қорғалатын аумақтарда дамуы» тақырыбындағы мақаланы жарияланымға жібердік. Қазіргі таңда рецензенттердің қаралуында. Бекітілген жоспарға сәйкес Диссертацияның соңғы зерттеу жұмыстарын жүргізу, зерттеу бөлімі толығымен аяқталды.
ЕҰУ Ф 403-02-14. Хаттама. Үшінші басылым
«Дара» Еуразиялық инновациялық даму орталығының ұйымдастыруымен 6 наурыз күні Ташкент қаласында өтетін Халықаралық конференцияға «Развитие медицинского туризма в Казахстане» атты мақала жарияланды, http://ecir.kz/gsi2020.php сілтемесі арқылы конференция материалдарын көруге болады (Қосымша 2).
Университетте өткен «Современные тенденции развития гостинично-ресторанного бизнеса» Халықаралық онлайн-конференциясына «Қазақстандағы қонақжайлық бизнесінің қазіргі жағдайы» тақырыбындағы мақаламен қатыстым.
13 наурыз күні Кафедрада «Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы»
тақырыбында ғылыми-семинар өткізілді (қосымша 3). Ғылыми –семинарға Туризм кафедрасының оқытушылары мен 2 курс магистранттары қатысты. Сонымен қатар диссертациямның қорытынды бөлімі аяқталды.
Тыңдалды: Сейдуалин Д.А – мен жалпы Мөлдірдің жұмысына оң баға беремін.
Зерттеу практикасы мерзімінде бірталай ғылыми ізденіс жұмыстарын атқарды, магистрлік диссертация бойынша да біраз жұмыстар жасады, ғылыми мақалалары жарыққа шыкты.
Сол себепті Мөлдірдің жұмысын өте жақсы деп бағалаймын.
Тыңдалды: Магистрант Марат Айбек – Зерттеу практикасының басында жетекшіммен бірге біраз жұмыстар жасаймыз деп жоспарлап, сол жаспарға сәйкес жұмыс жасадық. «ЖАС ДАРЫН» XI Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына
“Қазақстандағы шипажайлық-курорттық орындардың қазіргі жағдайы” тақырыбында мақала даярладым , Университет аясында өткен семинар жұмыстарға қатыстым, Мойылды шипажай курорттық орны жайлы ақпараттар қарастырып, жинадым.
Диссертация тақырыбына сәйкес Қазақстан Республикасындағы курорттық орындарды басқару қызметтерін саралау және жалпы туризм саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілермен таныстым. Кафедрада «Шипажай аймағындағы қызмет түрлері» атты ғылыми семинар өткіздім. Баяндама тақырыбы: «Мойылды шипажай аймағындағы қызмет түрлері», Қазақстан Республикасында экологиялық туризм бағытында атқарылып жатқан жобалардың атқарылу соңғы жағдайына талдау жасап, Диссертациялық жұмыстың соңғы зерттеу жұмыстарын жүргіздім.
Тыңдалды: Муталиева Л.М – зерттеу практикасы кезінде менің жетекшілігімдегі магистрант Марат Айбекпен біраз зерттеу жұмыстары атқарылды, магистрант диссертация тақырыбы бойынша ғылыми семинар ұйымдастырды, зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды. Диссертациялық жұмысын аяқтады, ғылыми мақалаларын жарыққа шығарды. Сондықтан Айбектің жұмысын өте жақсы деп бағалаймын.
Тыңдалды: магистрант Кайрбекова Дина – Менде зерттеу практикасы басында практиканы қалай тиімді өткізу үшін жетекшіммен бірігіп жоспар құрдық , сол жоспар аясында жұмыс жасауға тырыстым. Қазан айында диссертация тақырыбымды өзгерткен болатынмын. Диссертация тақырыбым «Брендинг как процесс формирования имиджа туристского продукта города Туркестан Республики Казахстан». Осы тақырыбыма сай біраз зерттеу, ізденіс жұмыстарын атқардым. Тақырып аясында ақпан айында ғылыми семинар өткіздім. Мынау осы аралықта шыққан мақалаларым:
1. «Брендинг города как инструмент для развития туризма» для конкурса молодых ученых в сборник статей Международного научно-исследовательского конкурса. Дата и место проведения Пенза, 2020г.
2. «Анализ развития гостиничных услуг в регионах Казахстана» - Международная онлайн – конференция на тему: «Современные тенденции развития гостинично- ресторанного бизнеса». Дата и место проведения: Нур-Султан, 12 марта 2020 года.
3. «Развитие устойчивого туризма в изменяющихся условиях» - XV
Международная научная конференция «ǴYLYM JÁNE BІLІM- 2020». Дата и место проведения: Нур-Султан, 10 апреля 2020 года.
ЕҰУ Ф 403-02-14. Хаттама. Үшінші басылым
Тыңдалды: Дуйсембаев А.А – менің жетекшілігімдегі магистрант Кайрбекова Дина да осы аралықта біраз ғылыми ізденіс жұмыстарын атқарды, ғылыми семинарын өткізді, тақырып бойынша материалдарды жинақтап, диссертациясының екі бөлімін аяқтады. Сонымен қатар әр түрлі конкурстарға қатысып, бірталай мақала жазды. Динаның зерттеу практикасындағы атқарған жұмыстарына өте жақсы деп баға беремін.
Тыңдалды: магистрант Жакан Айдана – Халықаралық онлайн конференцияға қатыстым, Семинар жұмыстарға қатыстым, Туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін статстика бойынша зерттеу жүргіздім, диссертация тақырыбына сәйкес Қазақстандағы туристік қызметтерді саралау және жалпы туризм саласына қатысты нормативтік- құқықтық актілермен таныстым. Диссертацияның соңғы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, зерттеу бөлімін аяқтадым. Кафедрада диссертация тақырыбына байланысты ғылыми семинар өткіздім. Қазақстан Республикасында туристік қызметтер нарығында атқарылып жатқан жобалардың атқарылу соңғы жағдайына талдау жасадым.
Диссертациялық жұмыстың соңғы зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Сонымен қатар екі мақалаларым жарыққа шықты.
Тыңдалды: Адай Секенұлы – менің жетекшілігімдегі магистрант Жақан Айдана осы зерттеу практикасында бірінші семестрге қарағанда біраз жұмыстар атқарды. Осы жолы көрсеткіші жаман емес, екі мақаласын шығардық. Жалпы жұмысына оң баға беремін.
Тыңдалды: магистрант Кузербай Нургуль – менде зерттеу практикасында ғылыми-зерттеу жұмысымен айналыстым, ғылыми семинарларга қатыстым, зерттеу тақырыбым бойынша мақалалар шығардым. Диссертацияның бірінші тарауымен жұмыс кезінде келесі жоспар бойынша жұмыс жасадым:
1 ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ туриж
1.1 Гастрономиялық туризм түсінігінің мәні мен оның негізгі түрлері 1.2 Гастрономиялық туризмнің даму жағдайы
1.3 Гастрономиялық туризмнің шетелдерде дамуы ерекшеліктері.
Тыңдалды: Сыздықбаева Б.Ұ – осы зерттеу практикасы кезінде Нұргүл біраз ғылыми ізденіс жұмыстарын атқарды, көрсеткіштер көрсетті, ғылыми мақалалар шығарды, диссертация жұмысы бойынша жұмыстар атқарды. Мен өз тарапымнан жақсы деп бағалаймын.
Тыңдалды: магистрант Қаныбекова Балнұр - 2020 жылдың 20 қаңтары – 28 наурызы аралығындағы зерттеу практикасы бекітілген жоспарға сәйкес Туризм кафедрсында өтті.
Зерттеу практикасы барысында «Современные тенденции развития гостинично- ресторанного Бизнеса» тақырыбы бойынша халықаралық онлайн-конференциясында
«Branding as an important component of hotel business competitive strategy» мақаласы жариялымға шықты.
Зерттеу практикасы аясында университет қабырғасында өткізілген іс-шараларға қатыстық.
«ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2020» атты XV Халықаралық ғылыми конференциясында
«Современные решения современных проблем: зарубежный опыт развития кинотуризма»
тақырыбындағы мақала жарияланымға шықты.
Бекітілген жоспарға сәйкес диссертацияның соңғы зерттеу жұмыстарын жүргізу, зерттеу бөлімі толығымен аяқталды.
28 наурыз күні Туризм кафедрасының оқытушылары мен 2 курс магистранттары қатысуымен «Қазақстан жағдайында туристік брендті жылжытуға арналған құралдар»
тақырыбында онлайн конференция өткізілді. Диссертацияның қорытынды бөлімі аяқталды.
ЕҰУ Ф 403-02-14. Хаттама. Үшінші басылым
Тыңдалды: Мусина К.П - Балнур өте жақсы жұмыс жасады, диссертациясының барлық тарауы дайын, мақалалары шықты. Мен тек өте жақсы деп бағалаймын.
Тыңдалды: магистрант Нұрғали Абылайхан – Зерттеу практикасы барысында
«Современные тенденции развития гостинично-ресторанного Бизнеса» тақырыбы бойынша халықаралық онлайн-конференциясында «Sustainable thinking as a tool of ameliorating service in the hotel industry» мақаласы жариялымға шықты.Зерттеу практикасы аясында университет қабырғасында өткізілген іс-шараларға қатыстық.
«ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2020» атты XV Халықаралық ғылыми конференциясында
«Sustainable development of tourism and its influence on social processes» тақырыбындағы мақала жарияланымға шықты.
Бекітілген жоспарға сәйкес диссертацияның соңғы зерттеу жұмыстарын жүргізу, зерттеу бөлімі толығымен аяқталды.
13 наурыз күні Туризм кафедрасының оқытушылары мен 2 курс магистранттары қатысуымен «How to think in the direction of Sustainable tourism and how sustainable thinking can ameliorate service in the hotel industry» тақырыбында семинар өткізілді.
Диссертациямның қорытынды бөлімі аяқталды.
Тыңдалды: магистрант Анарбай Айдана - Зерттеу практикасының соңғы аптасында 2020 жылдың 10 сәуірінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде өтетін «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2020» XV Халықаралық ғылыми конференциясына «INTERNET MARKETING IN THE TOURISM INDUSTRY» атты мақаламды жібердім.
Зерттеу практикасы аясында университет қабырғасында өткізілген іс-шараларға қатыстық, 29 қаңтар күні Факультет кеңесі, 821 каб.
Бекітілген жоспарға сәйкес Диссертацияның соңғы зерттеу жұмыстарын жүргізу, зерттеу бөлімі толығымен аяқталды.
3 сәуір күні “Elsevier” Academic research вебсайтындағы диссертациялық жұмысты жазуға қатысты онлайн курстарға қатыстым (Қосымша 1,2).
Университетте өткен «Современные тенденции развития гостинично-ресторанного бизнеса» Халықаралық онлайн-конференциясына «Интернет-маркетинг в индустрии туризма» тақырыбындағы мақаламен қатыстым. 13 наурыз күні Кафедрада «Travel websites and student tours» тақырыбында ғылыми-семинар өткізілді. Ғылыми –семинарға Туризм кафедрасының оқытушылары мен 2 курс магистранттары қатысты.Диссертацияның қорытынды бөлімін аяқтадым.
Тыңдалды: Ешенкулова Г.И – Анарбай Айдана мен Нұргали Абылай зерттеу практикасы кезінде өте жақсы жұмыстар атқарды, жалпы өте жақсы деп бағалаймын.
Тыңдалды: магистрант Айткенова Аяулым - Менде зерттеу практикасы барысында практикалық жұмысымыздың өтілу жоспарын жеткешімен бірге отырып құрдық. Магистрлік диссертация тақырыбым: «Туризм индустриясының тұрақты дамуындағы жасыл экономика». Жоспар бойынша наурыз айында диссертация тақырыбыма сай семинар сабақ өткіздім. Және тақырып аясында ғылыми зерттеу жұмысын және ізденіс жұмыстарын атқардым. Тақырып аясында зерттеу жұмыстары барысында келесідей мақалаларын жарық көрді: «Жасыл экономиканың» туризмнің тұрақты дамуындағы мағызды рөлі» Нұр-Сұлтан қаласы «Gylym jane bilim – 2020»
халықаралық конференциясы «Тұрақты туризмді қалыптастыру негіздері». Онлайн конференция.
Тыңдалды: Агыбетова Р.Е – жалпы Аяулым зерттеу практикасы кезінде өте жақсы жұмыстар атқарды, мақалалары жарыққа шықты. Диссертациялық жұмысының соңғы бөлімін аяқтады. Мен магистрант жұмысына өте жақсы баға қоямын.
ЕҰУ Ф 403-02-14. Хаттама. Үшінші басылым
Зерттеу практикасы бойынша магистранттардың бағалары
Магистранттың аты жөні Бағасы
1 Маулен Мөлдір 95
2 Айткенова Аяулым 95
3 Кузербай Нургуль 90
4 Марат Айбек 92
5 Жакан Айдана 80
6 Анарбай Айдана 95
7 Кайрбекова Дина 92
8 Каныбекова Балнур 95
9 Нургали Абыай 95
ЕҰУ Ф 403-02-14. Хаттама. Үшінші басылым
Фотоотчет о сдаче отчета по научно-исследовательской практике
ЕҰУ Ф 403-02-14. Хаттама. Үшінші басылым
ЕҰУ Ф 403-02-14. Хаттама. Үшінші басылым