• Tidak ada hasil yang ditemukan

PDF 004.738

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "PDF 004.738"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

113

ОӘК 004.738.5

Н.Т. АЗИЕВА, Н. ҰЗАҚҚЫЗЫ, А.С. ТҰРҒЫНБАЕВА

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

БІЛІМ БЕРУДЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

Мақалада кеңінен таралып келе жатқан қашықтықтан оқу жұмысының жаңа формасы, олардың өткізілуін қамтамасыз етудегі мультимедиялық дәрістер және ақпаратты-телекоммуникациялық технологиялар қарастырылады. Қолданыста бар технологиялар, стандартты және программалық комплекстер негізіне сүйене отырып берілген жүйелерді құру және жүйелердің кеңінен таралған үлгілері қарастырылады. Мақалада қашықтықтан дәріс беру жүйесінің функционалдық даму қырынан көбірек кездесетін мәселелерін айқындайтын, қашықтықтан дәріс беру жүйесіне салыстыру жүргізіліп, оның параметрлері өңделді және оларды ұйымдастырудың перспективалы жолдары ұсынылған.

Алғаш рет Дуглас Энгельбарт 1968ж. көрсеткен видеоконференцбайланысы, бүгінде адамзат баласының күнделікті өмір тіршілігіне айналды. Әйтсе де, жылдар өткен сайын компьютерлік технология саласынан алыс аймақтарда да орын алғанын байқаймыз. Дербес коммуникациялар үшін Skype типіндегі жүйелер кеңінен таралған, байланыс жүйесіндегі көру бөлмесі және бизнестегі көру қабырғасы, күрделі медициналық ота жасау кезіндегі консультация жасау үшін видеоконференцбайланысы пайдаланылады және телемедицина жүйелері – тәжірибеде видеоконференцбайланысы технологиясы қолданылатын ұзын тізімнен тек кейбіреуі.

Бұл жаңа технологияға қызығушылық білім беру қызметі саласында да кеңінен дамып келеді.

Білімді көтеру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту, профильді мектептер үшін, мамандар квалификациясын жоғарылату және қайта даярлауда жиі пайдаланылатын құрал, видеоконференциясы қарапайым болып келе жатыр. Коммуникацияны ендіру үшін көбірек перспективалы, қашықтықтан дәріс беру, жоғарғы оқу орындарының алыс аймақтарда орналасқан бөлімдерінде дәріс оқуға мүмкіндік береді, әр аймақтағы аз мөлшердегі пайдаланушыларға тар шеңберлі мамандандырылған дәрістер ұйымдастыруға, сақталған дәрістерді қосымша материал ретінде пайдалануға, оның ішінде сырттай оқу бөлімінде пайдалану, оқу процесінің бір түрі болып табылады [1].

Видеоконференцбайланыс технологиясы білім берудегі үлкен көмектің қайнар көзі, тіпті революциясы, ішкі коммуникацияға барынша жақын, студенттер мен оқытушылар арасында өзара нағыз байланыс ұйымдастыру арқасында – сапа мәселесі – қашықтықтан білім берудің ең үлкен мәселесін шешеді десе де болады.

Бүгінгі таңда білім беру мақсатында видеоконференция программалық құралдары және технологиялардың қарқын дамуы, оларды тәжірибеде қолдануға мол мүмкіндік береді. Бірақ білім беру мақсаты үшін кең таралған көруконференциясы жүйесін тікелей пайдалануды тежеу керек, мұндай жүйелердің оқу процесінің арнайы талаптарын ескермеуі мүмкін. Яғни, дәріс берушілер мен тыңдаушылардың ролдерін бөлуде дәріске қатысушылардың өзара әрекеті, тақтаға жазу, презентациялар көрсетілімі, тақта алдындағы сауалдар мен дискуссиялардың, нақтылай айырмашылығы бар.

Осы уақытқа дейін білім беру қосымшаларының ерекшеліктерін ескеретін видеоконференциясының нақты жүйесі болмады. Сонда да соңғы бірнеше жылда, қашықтықтан оқытуды дәріс түрінде өткізу мақсатында видеоконференция технологиясы және адаптациялық жүйелердің бірқатар сериясы жасалынды. Мұндай үлкен жүйелер негізіне видеоконференцбайланыс сеанстары, демонстрациялар мен құралдарды қатар синхронды түрде көрсету мүмкіндігі жатады.

(2)

«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

114

Әрбір осындай жүйелерде, сынып тақтасына суреттер мен слайдтарды қатар көрсету мүмкіндігі заңдылық. Қалған жағдайларда олардың өзара нақты айырмашылықтары бар және ұқсастығы аз функциялар мен құралдардан тұрады. Алайда, дәріс беру қабілетінің көптеген маңызды кезеңдері қарастыру кезеңінің сыртында қалады.

Мұндай жағдай, негізінен, қашықтықтан мультимедиялық дәрістерде бірдей түсініктің жоқтығымен байланысты және қашықтықтан дәріс беру жұмысын ұйымдастыруда программалық жүйенің қандай функционалдық дамуда болуы керектігін анықтау [2-3].

Бұл мақала қашықтықтан дәріс беру жұмысын жүргізу үшін программалық комплекс құрудың мүмкін жолдарын қарастырумен қатар, оны ұйымдастырудың қазіргі заманғы технологиялық мүмкіндіктерін талдау және қашықтықтан дәріс беру феноменін зерттеуге арналған.

Қашықтықтан дәріс беру жүйелері. Қазіргі уақытта қашықтықтан дәріс оқу үшін қолданылып жүрген танымал өнімдерді қарастырамыз.

Adobe Acrobat Connect Pro – видеоконференциясы жүйесі, үйретуші семинарлар мен кәсiпкерлер-конференцияларына мақсатталған. Adobe Connect пайдаланушының Windows жұмыс үстеліндегі бейнесін, тақтаға сурет салу, слайдтарды демонстрациялау құралдарын ұсынады. Бұдан басқа, жүйеде кәсiпкерлер-мәжiлiсі немесе семинарлар ұйымдастыру құралдары қарастырылған.

Өткізілген конференцияларды сақтауға және қайталап қарап шығуға болады. Жүйенің кемшілігі жүйеде демонстрацияны талдау құралының жоқтығы болып табылады: пайдаланушы слайдтарды талдау үшін Power Point типті қосымшасын қоса орнатуы керек. Adobe Acrobat Connect - вебинарлар өткізу үшін программалық жүйелердің типтік түрі [4].

MOODLE – білім беру коммуникациясының әйгілі жүйесі. MOODLE ядросы видеоконференцбайланыстарымен жұмыс жасау байланысы жоқ, жүйенің ашықтығы оның функционалдығын кеңейтеді. MOODLE-ды кеңейтудің бір әрекеті AmvoNet видеоконференцбайланыстары аймағы болып табылады. Білім беру процесіне мақсат етілген MOODLE базасының функционалдығын қосу арқасында, видеоконференцбайланыс аймағында функционалдығы жағынан ұқсас Adobe Acrobat Connect Pro-ны кеңейту нәтижесінде жүйе пайда болды. Мысалы, жүйеде студенттерді есепке алу және сабақ кестесі жүзеге асырылды, білім беру форумы және т.б.ұсынылуда [5].

IBM Lotus Sametime – жүйесі, негізінен іскерлік әректтерге арналған, бірақ кейбір ЖОО-да қашықтықтан дәріс оқу үшін де пайдаланады. Демонстрациялық материал орнына MS PowerPoint форматының слайдтары пайдаланылады және олардың үстінен маркермен сурет салу мүмкіндігі бар.

Жүйенің негізгі айырмашылығы пайдаланушылар бір-бірімен сөйлесе алатындай, әңгімелесіп лезде хабар алмасу үшін IM (Instant Message) клиент-қосымшасы пайдаланылады. Егер бұл клиент ICQ, QIP немесе MSN Messenger-лері сияқты әйгілі болса, онда лекция ұйымдастыруға кететін ұйымдастыру шығындары ең аз мөлшерде болар еді.

MS ConferenceXP. Бұл жүйе ерекше орын алады. Алдыңғы жүйелерден айырмашылығы, ConferenceXP құрастырушыларға программаның бастапқы кодын ұсынады және осылайша, қалауы бойынша, жүйені керегінше тереңдетуге және кеңейтуге, оның ішінде архитектурасына да маңызды өзгерiстер енгізуге болады. Бұл жүйе де алдыңғы жүйелердегі сияқты құралдарға ие [7].

Қашықтан дәріс оқу жүйесін сәтті жасау үшін оқу процесінің барлық фазаларын есепке алу керек. Дәріс бір жағынан сабақ кестесінің құрылуын және екінші жақтан дәріс материалдарын дайындаудан басталады. Ары қарай дәрісті студенттерге оқу процесі жүреді және соңынан студенттер жазып алған дәріс материалдарын қрсымша тағы талқылайды. Қашықтағы дәріс білім беруді ұйымдастырудың кешенді процесінің ажырамас бөлігі болуы керек және оның басқа құрамдас бөлігінен бөдініп қарастырыла алмайды, соның ішінде оқу материалдарын дайындау кезеңі мен дәріс нәтижелерін қайта қолдану кезеңі.

Қашықтағы дәрісті ұйымдастыру жүйесіне қойылатын пайдаланушы талаптары:

Дәрісті жүргізу фазасы. Біріншіден, дәріс берушінің форматталған мәтінді, математикалық формулаларды, ғылыми графиктерді, мультимедиа деректерін (суреттер, бейне роликтер және т.б.) көрсететін демонстрациялық қатарын басқару мүмкіндігі болу керек.

Екіншіден, жүйеде кері байланыстың барлық түрлері қарастырылуы қажет: экспресс тестілеу, тыңдаушының бейне сұрағы, чат, форум.

(3)

«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

115

Үшіншіден, мұндай жүйе видеоконференцбайланыс құралдарын беруі керек, дыбыс, бейне және тағы басқа деректерді желімен жіберу каналдардың экономды жүктемесімен өту керек, ал деректерді жіберу жүйесінің өзі дамыған аналогтармен оңай ауыстырылуға тиіс.

Дәрісті оқу фазасы. Демонстрациялық материалдарды жасаға қажетті барлық құралдар жүйеге кірістірілген болуы керек. Сонымен қатар, жүйеде сабақ кестесі, сабаққа қатысу журналы және т.б.

оқу процесін ұйымдастыру эдементтерінің толық жиынтығы болу керек.

Қайта қолдану фазасы. Оқылған дәрісті жүйеде, локалды тасымалдағышта және Интернет жәлісінде веб форматында сақталу мүмкіндігі болу керек. Жазылған дәріс функционалдығымен онлайн дәріске сәйкес болу керек, пайдаланушының жазылғын экспресс тестін өту мүмкіндігі болу керек.

Сонымен қорытындылай келсек:

• Білім беру технологиялары, видеокоммуникациясына негізделген, білім берудің барлық сатысында оқытудың сапасы мен тиімділігін арттыруда маңызды факторына айналуда. Оқу процесінің бір формасы, коммуникацияны енгізуде болашақта маңызды болатыны қашықтықтан дәріс беру болып табылады.

• Видеоконферецбайланыс технологиясы мен стандарттардың қазiргi дамуы, еліміздегі және әлемдегі ақпаратты-коммуникациялы инфрақұрылымының қазiргi кездегі дамуына қажетті техникалық сипаттамасымен қашықтықтан дәрістер өткізу үшін бүтін мүмкіндікті жүйелер құруды қамтамасыз етеді.

• Қашықтықтан дәрістер оқыту процесін ұйымдастыру комплексінің бөлінбейтін бөлігі болғандықтан, оның қалған құрамды бөліктерінен ажыратып қарастырылмайды, оның ішінде оқу материалдарын дайындау кезеңінде және дәрістік қабілеттіліктің нәтижесін қайталап пайдалану кезеңінде болады.

• Қазіргі уақытта қолданыстағы қашықтықтан білім беру жүйелері, заңдылық бойынша видеоконференциялар жүйесіне негiзделедi, дәріс процесі кезінде білім беру қырларын ескере алмайды және де пайдаланушының белгілі дәрежедегі талаптарына сай бола бермейді. Қашықтықтан дәріс беру жүйелерін ұйымдастыруда ең болашағы мол болар жай, ол білім беру басқармасы жүйесінің негізіне сүйене отырып (оқу материалдары мен оқу процесін басқаруды енгізу) видеоконференциялар құралдарын интеграциялау [6].

Әдебиеттер

1. Олифер В.Г. Олифер Н.А. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы:

Учебное пособие для вузов/: Питер, 2009.

2. Пуговкин, А.В. Основы построения телекоммуникационных систем и сетей. Часть. 1:

Системы передачи. -Томск: ТМЦДО. -2008.

3. Брановский Ю.С., Толоконников С.В. Методические вопросы использования телекоммуникационных технологий в образовательном процессе // Педагогическая информатика.

2000. №1. С. 61-66

4. Синепол B.C., Цикин И.А. Системы компьютерной видеоконференцсвязи. Мобильные коммуникации, 1999 –С. 166.

5. Зайченко Т.П., Синепол B.C., Сороцкий В.А., Цикин И.А. Практические аспекты использования компьютерной видеоконференцсвязи в дистанционном образовании. Всероссийская НТК «Перспективы информационных технологий в высшей школе», Тамбов, 1995.

6. Евреинов Э.В., Каймин В.А. Информатика и дистанционное образование. М.: «ВАК», 2008.

Referensi

Dokumen terkait

Краузе өз еңбегінде белгілі психолог А.Маслоу жасаған қажеттіліктердің жіктемесі физиологиялық қажеттіліктер; қорғауға, қауіпсіздікке қажеттілік; әлеуметтік байланыстарға, махаббатқа,