• Tidak ada hasil yang ditemukan

PDF Buketov - rep.ksu.kz

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "PDF Buketov - rep.ksu.kz"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

213 жазба ескерткіштерден кездестіруге болады.

Мақала жазу барысында қазақ және ағылшын тіліндегі киелі сандарға қатысты тұрақты тіркестердің этномәдениетпен сабақтастығы арнайы зерттеліндіп, төмендегідей нақты нәтижелер қорытындыланды:

- қазақ тілінде киелі ұғымды беретін үш, жеті, тоғыз, қырық сандары бар тұрақты тіркестер аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде көптеп кездеседі;

- киелі ұғым беретін сандардың таныммен, мәдениетпен, этнос болмысымен сабақтастығы бары дәлелденді;

- туыс емес екі тіл тұрақты бірліктерінің құрамындағы киелі сандар қолданысы бір-бірімен салғастырыла зерттелінді;

- мақалада рухани және материалдық мәдениеті әр басқа екі ұлт танымдарындағы ортақ және ерекше ұғымға ұйытқы болған мақал-мәтелдердегі киелі сандарға мәтін арқылы қысқаша этнолингвистикалық талдау жасалынды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Гумбольдт В. фон. Избранные труды по языкознанию / Пер. с нем. – М.: ОАО НГ Прогресс, 2000. – 400 с.

2. Рысбаева К.С. Ағылшын грамматикасы. – Алматы, 2006. – 208 б.

3. Кунин А.В. Большой англо-русский фразеологи еский словарь / А.В.Кунин. – 5-е изд., исправ. – М.: Руский язык, 1998.

– 944 c.

4. Қайырбаева Қ.Т. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық мәні. Филол. ғыл. канд. дисс... – Алматы, 2004. – 178 б.

5. Мажитаева Ш., Абдразакова А. Сан компонентті кейбір киелі ұғымдардың қалыптасу тарихынан // ҚарМУ Хабаршысы.

Филология сериясы. – 2012. – №3. – Б. 22-27.

6. Mazhitaeva Sh., Abdrazakova A. The peculiarities of using numerals in fixed expressions // Education and science without borders. Volume 3. Karaganda, Republic of Kazakhstan Prague, Czech Republic, 2012. – P. 144-147.

Тулебаева Н.А.

М.Қозыбаев атындағы СҚУ ҚТӘ-18-2 қ тобының студенті [email protected]

Ғылыми жетекшісі:

ф.ғ.к., доцент Есматова М.Т.

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ АДЪЕКТИВТЕНУ ЖОЛЫ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ТУЫНДЫЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Адъективация – басқа сөз таптарының сын есімге ауысуын білдіретін лингвистикалық процесс. Бұл процестің нәтижесінде тілдегі сын есім категориясы өзге сөз таптарынан ауысып келген сөздермен толығып, өз ауқымын кеңейтіп отырады. Адъективация жайында сөз болғанда, біздіңше, екі нәрсенің басын ашып, анықтап алу қажет. Оның бірі – бұл тілдің морфологиялық құрылымында ғана ұшырайтын тілдік құбылыс па, әлде онда тұрақты түрде өтіп жататын процесс пе деген мәселе де, екіншісі, оның сын есімнің сөзжасам жүйесіне қатыстылығы туралы. Егер адьективация сын есім тудырудың бір тәсілі болса, онда ол сын есім жасаудың өзге тәсілдерінен қандай өзгешеліктерімен ерекшеленеді? Біздің ойымызша, адъективацияны әрі лингвистикалық процесс, әрі сын есім тудырудың өнімді тәсілдерінің бір жолы ретінде қарастыру дұрыс болмақ. Адъективацияның процесс болатын себебі, сын есімдер де тілдің бір бөлшегі санатында жалпы тілдік құрылымға тән дамудан тыс тұра алмайды. Тілдік даму барысында олар өзге лексика-грамматикалық категориялармен сан қилы байланысқа түсіп, бірде сөз беріп, бірде олардан өз кезегінде өзі де сөз қабылдап, үнемі үздіксіз қозғалыста болады. Адъективация процесін мойындамау, екінші сөзбен айтқанда, тілдің дамуын танымау деген сөз. Екіншіден, адъективация сын есімдер тудырудың ең өнімді тәсілі болып саналады. Сын есімдердің о баста өз алдына бөлек, жеке сөз табы болып қалыптасуы осы адъективация тәсілімен тығыз байланысты. Себебі, қазіргі тіліміздегі сын есімдердің өзегі болып табылатын «негізгі» немесе «байырғы» сын есімдердің барлығы әуел баста есім не етістік тобынан

Buketov

University

(2)

214

ауысып, атрибутивтік мәнде орныққаны мәлім. Мысалы: көк, ақ, жас, қарт, бай, өзге, басқа, байтақ және т.б. сөздердің о баста сындық мағынада емес, заттық ұғымда қолданылып, кейіннен сын есімдер тобына ауысқандығы белгілі. Мысалы: Бала жігіт қарт шалдан естіген жәбіріне осынша мұңайғанына ұялды (Ғ.Мүсірепов). Қарт адамның дәлелі күдікті қуып шыққандай, жағасына тас жабысқан қолы дірілдеп барып сылқ құлады. Қарт жүрегі селт етіп, осы үйдегі қауіп өзіне төнгенін сонда түсінді (Ғ.Мүсірепов). Қарт сөздері бірінші және екінші сөйлемде адъективтеніп, адамның жас шамасын білдіріп, анықтауыштық қатынаста жұмсалса, екінші сөйлемдегі қарт сөзі субстантивтеніп, предикаттық қатынаста қолданылған.

Сол секілді қашаған, сүзеген, тебеген, өңкиген, дүңкиген, ұшқалақ, жаңғалақ тәрізді түрлі қатыстық мағыналарды білдіретін сын сөздердің де бір кезде етістіктің формалық тұлғалары болғандығы бұлардың да соңынан адьективацияланып, атрибутив сөздер болып орныққандығы анық.

Мысалы: Әр қыраттың басы шоқтарылған жылқы. Жабай жиырма беске жаңа толған, дүңкиген, өрімдей жас жігіт еді. От шашқан көздер бірден Еркебұланға қадалды (Ғ.Мүсірепов). От шашқан тіркесі есімшелі, сөйлемде зат есіммен тіркесіп, сын есімге ауысқан. Көркем шығармаларда бұндай сөздер қатысқан сөйлемдерді өте жиі кездестіре беруге болады. –Апасы-ау, енді қайтейін, күміс самауыр ағып кетіпті... – деп, үйге Күңше кіріп келді. Көз алдына күміс теңгелер де келе бастады (Ғ.Мүсірепов). Күміс самауыр, күміс теңге деген тіркестерде күміс сөзі зат есімдермен тіркесіп, сын есімнің қызметіне ауысқан. Бұндай құбылыс екі зат есім тіркескенде алдыңғысы қандай деген сұраққа жауап беріп, орын тәртібі арқылы қабыса байланысады да, сын есімнің қызметіне ауысады.

Салыстыру үшін мына сөйлемді алайық: -Он ат... екі жүз елу сом күміс болады, - деді Байжан басын шұлғып (Ғ.Мүсірепов). Күміс сөзі нақты заттың атын білдіріп, зат есім болып қолданылған. Осындай мысалдарды көркем шығармалардан көптеп кездестіре беруге болады. Ол шығарманы мәнерлі, тілін көркем, сөйлемдерін толымды етіп беру мақсатында алынады.

Конверсияланған сөздердің басым көпшілігі тілдің лексикасында лексикалық-грамматикалық омонимдер түрінде өмір сүретіндігі белгілі. Жақсылық Сарбалаевтың айтуына қарағанда «басқа сөз таптарына қарағанда, тілде конверсиялану процесіне зат есімдер мен сын есімдер бір табан жақын тұрады [1, 18]. Себебі бұл екі сөз табының синтаксистік функциясы кей жағдайда бір-бірімен ұштасып жатады. Сөйлем құрамында зат есім сын есімнің қызметін, керісінше, субстантивтенген жағдайда сын есімнің барлық функциясын орындай береді. Сондықтан да бұл екі сөз табы жиі конверсияланып, тілде лексика-грамматикалық омонимдер қатарын құрайды. Қазақ тілінде сын есім мәнінде қолданылған зат есімдердің барлығы да конверсияланған сөз деп танылмай, ол тек «зат есімдердің анықтауыштық функциясы» делінеді де, лингвистикалық сөздіктерден оларға жеке сөз ретінде орын тимейді. Қазақ лексикографтары сөз функциясының өзгеруі сөз мағынасына да әсер етіп, оны мүлде басқа сөзге айналдыратынын ескермейді. Жалпы тіл біліміндегі, түркологиядағы кейбір пікірлерді ескерсек, жоғарыда мысалға келтірілген алтын тамыр, күміс сағат, тас құдық және т.б. деген сөз тіркестеріндегі алтын, күміс, тас сөздері тіптен зат есім емес. Олардың пікірінше, сөздердің қолданылу аймағы (секторы) әбден айқындалған қазіргі кезде әрбір сөз тек өз мағынасында, өз функциясында ғана жұмсалады. Басқа түркі тілдерінде зат есімдердің атрибутивтік позицияда қолданысы әбден қалыптасқан, айқындалған тұрақты құбылыс. Сол себепті жоғарыда келтірілген көзқарастар тұрғысынан қарағанда, артибутивтік функция жұмсалған зат есімдерді «зат есім» деп тану дұрыстыққа жатпайды. Бұл – бір. Екіншіден, қандай көп мағыналы сөз болсын, оның мағыналық қырлары контексте, сөйлем құрамында басқа бір сөздермен тіркесу барысында анықталады. Олай болса, алтын сағат, ағаш арба, тас еден, қамыс құлақ, болат пышақ деген сөз тіркетеріндегі алтын, ағаш, тас, қамыс, болат деген сөздердің мағынасы «заттық» деп түсіну шындыққа қарама-қайшы келеді. Қазақ тілінде зат есімдерден сын есім жасалғанда зат есім сөздерге сын есім тудыратын аффикстер жалғанатыны белгілі. Жоғарыда келтірілген мысалдағы сөз тіркестеріндегі алтын, күміс, тас, болат сөздерді сын есім деп мойындамауымыздың себебі, оларға сын есім тударытан жұрнақтар жалғанбаған. Бірақ қазақ тілінде зат есімдердің үлкен бір тобы жұрнақсыз-ақ сындануға (адъективтенуге) бейім. «Өйткені олардың бойында, профессор Құдайберген Жұбанов айтқандай, жасырын жатқан сындық мағыналар болады [2, 20].

Ондай зат есімдер сөйлемде атрибутивтік функцияда жұмсалғанда сындық мағына иеленіп шыға келеді. Мысалы: Қоңыр қалпыңызбен неткен жұмбақ жансыз! Ол жай жол емес, ақша жолы (Ғ.Мүсірепов). Мылтықтың ұңғысы дегені ағаш көсеу екен. Жұман қара бурыл атты қатты бір тебініп қалып, ағызып келген бойы ең соңғы пәуескені бұзау тіс қамшымен тартып-тартып жіберді (сонда). Мұндай зат есімдер, жұмбақ, ақша, ағаш пен бұзау тіс сын есім тудыратын қосымшаларды керек етпейді. Олардың адъективтенуіне (сындануына) анықтауыштық функцияның өзі-ақ жеткілікті

Buketov

University

(3)

215

болады. Анықтауыштық қызметте жұмсалуға, әдетте, барлық зат есімдер қабілетті бола бермейді.

Мысалы, кітап, орман, шам, қалам, дәптер, өзен, көл, т.б. зат есімдер еш уақытта атрибутивтік позицияда қолданылмайды. Мысалы: Әлі мұндайды естімеген бала жігіт сенделіп орнынан әрең тұрды да, есікке қарай беттеді (Ғ.Мүсірепов). Бала жігіт тіркесінде бала сөзі сын есім тудыратын қосымшалы реңкке ие болып отыр, сондықтан контексте бірде зат есім, бірде сын есім мәнде жұмсала алады. Ордабайдың үйінен дабырласқан дауыс, мәз-мейрам күлкі естіледі. Мәз-мейрам күрделі үстеуі күлкі сөзімен тіркесіп, сын есімнің қызметін атқарып тұр.

Қазіргі қазақ тілінің сын есімдер тобында арғы тегі өзге сөз табы болып келетін, бүгінде әбден адъективацияланып, "байырғы" сын есімдер болып кеткен сездер мен сөз тұлғалары мол ұшырайды.

Мысалы: жатаған, сүзеген, күлдіргі, жинақы, ауру, ақсақ, бұзық, жамау, кебу, ұшқыр, жаңғалақ, ұшқалақ т.б. Бұлардың өзге сез таптарынан ауысып, адъективтенгендігі олардың сыртқы формаларынан көрініп түр, олардың құрамындағы қосымшалар тарихи тұрғыдан қарағанда сын есім тудыратын жұрнақтар емес, етістіктің қимыл есім мәнін берген формалар. Ауру Жабайдың міндеті кісіде болып жатыр ғой, оны қайтеміз? – деді. Жабайға жаны ашитынын да, ауруды күтуге қалғысы келетінін де Көпейден жасырған жоқ (Ғ.Мүсірепов). Өзі де қолға қонған қаршығадай сергек, аш белінен қынай буынған, ұша жөнелердей жинақы (сонда). Егер бұлардың қатарына қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сын есімдер деп қаралатын жарымжан, тасбауыр, желөкпе, қанішер, көрсе қызар, ұр да жық, бос белбеу сықылды адъективацияланған күрделі сөздер мен сөз тіркестерін қосатын болсақ, онда адъективациялану ауқымы тіпті ұлғая түседі. Адъективация процесіне ұшырап, сын есім мәнін иеленген мұндай сөздердің молдығы аталған процестің қазақ тілінің грамматикалық құрылысында, әсіресе сын есімнің сөзжасам жүйесінде кең қанат жайғандығын көрсетеді. Мысалы: Қасында жанашыр бір жан, Күңше барын білген соң, азырақ тыншығып та алды (Ғ.Мүсірепов). Кейбір үйдің қасында өңештері сорайып, өзеуреген, желөкпе арық шалдар отыр (сонда). Ең аяғында өлген балыққа да теңеді, жезөкше әйелдерге де теңеді, өзі Францияда болмаса да, париж жезөкшлееріне теңеді (сонда). Басқа сөз таптарының сын есімге айналу процесі казірде де тоқталмаған процесс.

Қазақ тілінде тіркесудің барлық түрлері дерлік кездесіп отырады. Негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі дегенде, әдетте, ол сөздердің өзгермеген сол тұлғаларында тұрып бір-бірімен тіркесуі арқылы жеке тұрғандағысынан өзгеше, жаңа грамматикалық мағынаны білдіруін айтамыз. Бұл – әсіресе, түбір тұлғадағы зат есімдердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан анық көрінеді. Әдетте, зат есім түбір тұлғасында заттың атын білдіру мағынасымен байланысты қолданылса, енді бір зат есім түбір тұлғасында заттың атын білдіру мағынасымен байланысты қолданылса, енді бір зат есім екінші зат есіммен түбір тұлғада тіркессе, зат атауын білдіруге жат мағынада қатыстық-сындық мағынада жұмсалады [3, 421]. Мысалы: кешегі абыр-сабыр ыңырсыған бай ауылдың орнында қалқиып қана жалғыз қалған қараша үйлер (Ғ.Мүсірепов).

Жарқабақтың құлай берісінде салынып жатқандар там емес, мыс қорытатын дөңгелек тас пештер (сонда). Бұл сөйлемдердегі қараша, дөңгелек, тас сөздері заттық мағынасында емес үйдің, пештің қатыстық-сындық сипаты мәнінде, яғни осы соңғы заттардың неден жасалғанын, қандай екендігін білдіру мәнінде қолданылған. Зат атауын білдіретін сөздердің бұндай әдеттен тыс ерекше грамматикалық мағыналары ол сөздердің заттық мағынаны білдіретін екінші сөзбен тікелей тіркесінен пайда болған. Сол сияқты қол сағат, қалта сағат, алтын сағат, жібек орамал, тас үй, тас жол, киіз үй, кірпіш үй, оқушы бала т.б. тәрізді тіркестердің бірінші зат есім сыңары зат есімге тән емес қатыстық-сындық мәнді білдіріп, қандай? деген сұраққа жауап берді.

Сөздердің орын тәртібінің өзгеруі олардың грамматикалық мағыналары мен сөздер арасындағы синтаксистік қатынастардың мүлдем өзгеріп кетуіне де себеп болады. Мысалы, қалта сағат (сағаттың қалтаға салып жүретін бір түрі), көзәйнек (көзілдірік, яғни көзге салатын әйнек), біз өкше (үшкір биік өкше), мосы ағаш (мосы жасайтын ағаш) тәрізді тіркестер бір түрлі мәнде қолданылса, олардың орнын ауыстрып жұмсалғанда, басқа мағынады және басқа синтаксистік қатынаста айтылады: сағат қалта (сағат салуға арналып тігілген қалта), әйнек көз (шыныдан салынған жасанды көз), өкше біз (жуан біз, яғни ағаш шегені өкшеге қағу үшін пайдаланылатын ең жуан біз), т.б.

Адъективация процесінің нәтижесінде, біріншіден, сын есімнің сөзжасам жүйесі өз шеңберін кеңейтеді. Екіншіден, бір мағынасында сын есім, басқа бір мағынасында өзге сөз табы мәнінде көрінетін лексика-грамматикалық омонимдерді сөз таптарына дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, сын есім мен басқа сөз таптарының арасындағы сан алуан грамматикалық қатынастарды, әр түрлі семантикалық байланыстарды танып білуге көмектеседі. Төртіншіден, сын есім туралы теорияның мазмұнын арттырады. Бесіншіден, кейбір сын есімдер құрамында «морфологиялық

Buketov

University

(4)

216

дериват» деп танылып жүрген кейбір қосымшалардың табиғатын қайта танып, қайта саралауға мұрындық болады.

Қысқасы, қазіргі қазақ тіл білімінде адъективация процесі туралы айтылған ой-пікірлердің жалпы сыр-сипаты осындай. Адъективация процесінің лексикалық-грамматикалық тұрғыдан терең зерттеу, оның өзіне тән болмыс-бітімін анықтау ауқымды да іргелі зерттеудің объектісі.

Лексикалық және синтаксистік қолданыстың барысында о бастағы есім, етістік сөздер адьективацияланып, сын есім болып қалыптасты. Сан есімдердің сөз табы болып қалыптасуы, ең алдымен, зат есімдердің адьективацияланып, атрибутивтер тобына ауысуынан басталады. О бастағы адьективтенген зат есімдер тобы кейін осы топқа ауысып келген етістік тұлғаларымен толықты. Сын есімдердің етістік түлғаларымен толығуы оның өзіне тән аффиксация жүйесіне ие болуына мүмкіндік берді. Мұның өзі адъективация процесі, болмаса адъективация тәсілі арқылы сөз жасау есімнің сөзжасам жүйесінде ежелден келе жаткан көне тәсіл екенін дәлелдейді. Адьективация тәсілі арқылы сөз жаcay сын есімдердің басқа сөз таптарынан ауысып келген сөздер арқылы толығуы тек сын есімнің сөзжасам жүйесінде аффиксация тәсілі пайда болғаннан кейін ғана бәсеңдегенге ғана ұқсайды. Бірақ, біздің бұл айтқанымыздан адъективация пpoцeci сын есімнің сөзжасам жүйесінде мүлдем біржола тоқтады деген қорытынды тумаса керек. Ал үнем заңының, әлбетте, сөз таптарының бір-біріне ауысуға қолайлы жағдай жасайтыны, түрткі болатыны белгілі. Мысалы, Құлазып жатқан өлік далаға қайнаған өмір беру деген абыройлы-ақ іс шығар (Ғ.Мүсірепов). Киіз қалпақ киіп, киіз белдемше байлап алған, күйе мен терден қайыстай қарайып кеткен жігіттер ағызған мысты астауларына бөліп құйып аяқтап қалыпты (сонда). Мен қалаға киіп баратын таза киімдерімді әзірлеп жүріп, жан қиыспас досыммен жаңа жолымда бірінші кездесуімнің жансыздау өткеніне қынжылдым (Ғ.Мүсірепов). Қырқылып түскен қарағанды сарғылт құлақтары қалқайған балапан оттар мүжіп жатыр. Сын есімнің қызметіне ауысқан тұрақты тіркестерді де шығарманы талдау барысында кездестірдік: Әрі білер көп, әрі біреудің дауын сатып алатын даукес адам, ар-ұят дегенді бір атым насыбай құрлы көрмейтін Тұрсынбай әлденеге куә болып шыға келеді (Ғ.Мүсірепов). Поповпен талай шайқасып, талай тауы шағылған Ушаков бұл даудан өнімді еш нәрсе шықпайтынын айтты (сонда).

Қазақ тілінде сын есімнің өз алдына дербес грамматикалық топ болып қалыптасуына адъективтену процесінің атқаратын рөлі зор деп жоғарыда айтқан болатынбыз. Себебі негізгі сын есімдердің барлығы о баста басқа сөз таптарынан ауысып атрибутивтік мәнде қалыптасқан сөздер болып табылады. Қазақ тіліндегі сын есімдер тобындағы ақсақ, сасық, жасық сөздері сын есімдерге ауысқан.

Адъективацияланған сөз, ең алдымен, лексикалық жақтан, содан кейін морфология- синтаксистік жақтан әбден сын есім болып игеріліп, бүтіндей өзгеріске түсуі қажет, оның үстіне басқа сөз табынан сын есім тобына ауысқан сөзді сол тілде сөйлейтін ұжым мүшелері (не халык) атрибутив сөз ретінде қабылдауы тиіс. Бұл үшін, әлбетте, ұзақ уақыт қажет. Адъективация тәсілі арқылы сөз жасаудың күрделілігі мен қиындығы міне, осында.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сарбалаев Ж. Сөзжасам мәселелері: Оқу құрал. – Алматы: Арыс, 2002. – 152 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Fылым, 1999. -138 бет.

3. Виноградов. Вопросы современного русского словообразования // Русский язык в школе. – 1972. – №2. – С. 152-156.

4. Мүсірепов Ғ. Оянған өлке. – Алматы: Жазушы, 1989. – 483 б.

Buketov

University

Referensi

Dokumen terkait

мал мен байлықтың, баршылықтың қадір-қасиетіне жетіп оның сырына терең бойлай білген қазақ: «Бермесе да бай жақсы, жемесе де май жақсы» деп мақалдайды.. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай