http://www.enu.kz ИНТЕРНЕТ-ТӘУЕЛДІЛІК ФЕНОМЕНІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Тоқсанбаева Н.Қ., Алимбаева А.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ http://www.enu.kz
XXI ғасырда кең тараған нашақорлық, алкоголизм, құмар ойындарға құмарлық, жұмысқа құмарлық және т.б. сияқты ақпараттық технологиялардың дамуы мен қарапайым компьютер қолданушыларының осы технологияларды игеруінің нәтижесі ретінде түпкілікті жаңа феномен – Интернетке-тәуелділік немесе Интернет-аддикция пайда болды. Қазіргі уақытта Интернет- аддикция ӛзінше жеке ауыру емес және оны психологтар феномен ретінде анықтайды. Осы феноменге арналған ғылыми зерттеулердің саны күннен күнге артып келеді. Бұл зерттеулерде Интернет-аддиктердің тұлғалық ерекшеліктері зерттеліп, осы феноменнің әртүрлі психологиялық бағыттар мен мектептердің кӛзқарасы тұрғысынан сипатталуы беріліп, тәуелділіктің бұл түрінің басқада химиялық емес және химиялық тәуелділіктер түрлерімен байланысы, және сондай-ақ, оның салдары зерттелініп келді.
Қоғамның даму процесінде кейбір әлеуметтік, құрылымдық элементтер пайда болып отырады. «Жастар» әлеуметтік қауымдастығында да жаңа сараланған түзілімдер (құрылымдар) пайда болады. Жастар қоғамның ең қабылдағыш бӛлігі ретінде, кейде ӛз денсаулығына зияны келе тұрса да, ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жағдайларына тез бейімделеді. Қазақ қоғамы үшін жастар денсаулығы кӛкейкесті мәселелердің бірі. Мұның себебі, тек денсаулығы мықты және рухани сау жаңа буын қазақ қоғамының алға нық қадаммен жылжуын, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси мәселелерді сәтті шешуді қамтамассыз етеді.
Соңғы кезде, қазіргі қоғамның технологизациялануы мен «денсаулық» ұғымының мазмұны жайлы түсінік жүйесіндегі парадигмалардың ауысуына байланысты, жасӛспірімдер мен студент жастар арасында әртүрлі тәуелділіктердің таралуы алаңдаушылық тудырып отыр. Әлеуметтік жағынан қорғалмағандық, болашаққа сенімсіздік, ӛмірге кӛзқарасының белсенді болмауы әлеуметтік қауіпті аурулардың ӛсуіне әкеліп соғуда. Осының бәрі жас қазақстандықтардың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді.
Басқа адамдармен қарым - қатынас жасау арқылы жалпы адамзат тәжірибесі, әлеуметтік нормалар, құндылықтар, білім мен қызмет тәсілдері игеріледі және тұлға қалыптасады. Аддикт ӛзін бұл процесстерден бӛліп, ӛзінің ӛмірлік тәжірибесін байытуды тоқтатып сонымен, бірге қарым -қатынас жасаудың маңызды функцияларын бұзады. Аддиктің басқа адамдармен бірге қызмет ету процессінде ӛзара қиындықтар туындайды. Аддиктивті ерекшеліктері бар адам ӛзін - ӛзі тану, ӛзіне деген сенімділігін нығайту мен дәлелдеу қажеттілігін адамдармен қарым - қатынас жасауда емес ең алдымен аддиктивті агенттермен контактіде жүзеге асырады. Аддиктер туралы, олар ӛзінің тіршілігінде және ӛзінің құнды екендігін нық орнықтыруға тырысып басқа адамдардан сүйеніш іздейді деп айтуға болмайды. Сүйеніш іздеу аддиктивті жүзеге асудың шегінен аспайды.
Қарым - қатынас жасаудағы дисфункционалды процесстермен қатар, тұлға аралық перцепцияның идентификация, эмпатия, рефлексия сияқты маңызды механизмдері бұзылады, ӛзгертіледі және құндылығын жоғалтады. Сондықтан да, ӛзін әріптесінің орнына қойып, бірге уайымдап, сені айналаңдағылар қалай қабылдайды деп ойлау қабілетін жоғалтады [1].
Интернет - тәуелділік осы кезге дейін белгілі және зерттелген аддикциялардың кейбір сипаттамаларын иемденген: ӛмірдегі маңызды заттарға аддиктивті тәртіпке байланысты мән
http://www.enu.kz бермеу; маңызды адамдармен аддиктің қатынастарын күйретуі, шамдану немесе аддикт үшін маңызды адамдардың кӛңілінің қалуы, адамдар бұл іс - әрекетін сынағандағы жасырынғыштық немесе шамданғыштық, осы іс - әрекеті үшін ӛзін кінәлі есептеуі немесе онысы үшін уайымдауы, мұндай іс-әрекетін қысқартуға тырысуының сәтсіз болуы [1]. Бірақ, Интернетке - тәуелділіктің пайда болуы, темекі шегетіндерді, нашақорларды, алкоголиктерді және паталогиялық ойыншыларды бақылау негізінде шығарып алынған тәуелділіктердің қалыптасу заңдылықтарына бағынбайды: егер тәуелділіктердің дәстүрлі түрлерін қалыптастыру үшін жылдар қажет болса, Интернет-тәуелділікті қалыптастыру үшін бұл мерзім күрт қысқарады: американдық клиникалық психолог Кимберли Янг аддиктерге сұраунама жүргізіп, олардың 25 %-ның Интернетте жұмыс істеуді бастағаннан кейін жарты жыл ішінде, 58 % екінші жарты жыл ішінде, ал 17% бір жылдан кейін тәуелді болғанын анықтады [2].
Компьютер және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қоғам ӛмірінің ажырамас бӛлігіне айналды.
Аддиктивті іс - әрекеттің мәні, шынайы ӛмірдегі жағдайлардан қашуға талпынып, адамдар қауіпсіздік, тепе-теңдікті қалпына келтіру иллюзиясын беретін жағдайға ӛзінің психикалық жағдайын жасанды түрде ӛзгертуге тырысады. Аддиктивті іс-әрекеттің фармокологиялық және фармокологиялық емес сипаттағы түрлері бар. Олардың аддиктердің ғана емес, сонымен қатар олардың айналасындағылардың да денсаулығына (физикалық және психикалық) қауіпі зор. Олар тұлға аралық қатынастарға айтарлықтай зиян келтіреді.
Аддиктивті іс - әрекет – интенсивті эмоциялардың дамуымен сүйемелденетін, ӛзінің психикалық жағдайын кейбір заттарды қабылдап немесе ӛз зейінін тұрақты түрде белгілі бір заттарға немесе белсенділіктерге (қызмет түрлеріне) шоғырландыру арқылы ӛзгерту жолымен шынайы ӛмірден қашуға тырысудан кӛрінетін деструктивті іс-әрекет формаларының бірі. Бұл үрдістің адамды ӛзіне тартып алатындығы соншалық, ол оның ӛмірінің ӛзін де басқара бастайды .
Аддиктивті тұлға ӛз ұмтылыстарында мәселеден құтылудың – жан сақтаудағы ӛзінің әмбебап, бірақ біржақты тәсілін іздейді. Аддиктің табиғи бейімделушілік мүмкіндіктері психофизиологиялық деңгейде бұзылған. Бұл бұзылыстардың бірінші белгісі психологиялық ыңғайсыздық (дискомфортты) сезімі. Психологиялық комфорт әртүрлі, ішкі және сыртқы себептерден бұзылуы мүмкін. Ӛмірде әрқашан кӛңіл - күй бір түсіп, бір кӛтеріліп отырады, бірақ, бұл жағдайларды индивидтер әртүрлі қабылдап оларға әртүрлі жауап береді. Біреулері тағдыр тәлкегіне қасқая қарсы тұрып, болып жатқан істер үшін ӛзіне жауапкершілік алып, шешім қабылдаса, басқалары кӛңіл-күйі мен психофизикалық тонусының қысқа уақыттық және болар болмас ӛзгеруін басынан әрең ӛткізеді. Мұндай адамдардың фрустрацияны бастан ӛткізуі тӛмен болады. Шындықпен күресудің мұндай тәсілі адамның іс-әрекетінде бекіп шындықпен қарым- қатынас жасаудың тұрақты стратегиясына айналады.
Тәуелділік психологиясының (немесе аддиктологияның) тәуелділіктердің (аддикцияның) іс - әрекеттік формаларын бӛліп алуға тырысумен байланысты қазіргі заманғы проблемалары қарастырылады. Талдау қазіргі кезде белсенді түрде талқыланып жүрген және проблемалық Интернетке - тәуелділік мәселесіне жүргізіледі. Осы проблема бойынша әртүрлі кӛзқарастар берілген: Интернетке - тәуелділікті іс - әрекеттік феноменнің тәуелділіктерінің клиникасымен ортақтығы аз іс - әрекеттік аддикция ретінде квалификациялау, бұл феноменді тәуелділіктердің ӛзінше бір формасы ретінде қате түсінетін психологтардың адасуы.
Психологтардың зерттеу және терапевтикалық практикасындағы ең кӛрнекі салаларының бірін тәуелділік психологиясы алады. Тәуелділіктер туралы ілім немесе аддиктология психология мен медицинаның түйісінде қалыптасты, айтарлықтай үлесін педагогика мен әлеуметтануда
http://www.enu.kz қосуда. Эпидемиялық модел бойынша дамып отырған тәуелділіктің дәстүрлі түрлері наркотиктік (токсикоманияны қоса), алкоголдік немесе темекі тәуелділіктерімен күрес құралдарын іздеу мен жетілдірумен қатар, тәуелділік туралы кеңірек түсінік қалыптастыруға деген айқын тенденция байқалады. Шынайы ӛмірден сананың жағдайын ӛзгерту жолымен «кету» әдістерінің алуан түрлілігі жайлы мәселе қойылады. Сананың ӛзгертілген жағдайлары проблематикасы психологияда кеңінен танымал.
Аддикция және тәуелділік терминдері отандық ғылым үшін айтарлықтай жаңа терминдердің бірі – бұл терминдер осыдан он жылдай бұрын А.Е. Личко мен Н.Я. Иванов құрастырған «қазіргі заманғы американдық психотерапевтикалық терминологиясы сӛздігінде Ресейде қабылданған ӛзгешеліктерімен» қолданылды дейді. Шет елдерде олар айтарлықтай кең қолданылады. Терминологиялық келіспеушілік жағдайында бір автолар аддикцияны ауыру ретінде ал тәуелділікті іс - әрекеттің ілеспелі формасы ретінде түсінеді, басқалары қарама - қарсы ойды ұстанса, үшіншілері бұл терминдерді айырмайды немесе оны ретімен жасамайды.
Физикалық тәуелділікті сүйемелдемейтін тәуелділіктің психологиялық формалары, негізгі кӛзқарастар мен парадигмаларды қайта қарау керектігі туралы мәселені қоюға негіз береді:
аддикцияны квалификациялау үшін адамның іс - әрекеттің аддиктивті формаларын ұстануы сыйлайтын сезімдерге эмоционалдық бауыр басуы жеткілікті болуы мүмкін. Ресей мамандарының арасында тәуелділіктің психологиялық формаларының ӛзіндік жеткіліктілігін (аддикцияны) Ц.П.
Короленко біртіндеп жақтап жүр. Ол Н.В. Дмитриевамен бірге былай дейді – «Аддиктивті іс - әрекеттің элементтері – шындықтан, ӛзінің психикалық жағдайын ӛзгерту жолымен кететін кез - келген адамға тән. Аддикция проблемасы психикалық жағдайының ӛзгеруіне байланысты шындықтан қашуға ұмтылу ӛмірге басып кіретін басты идеяға айналып шындықтан кетуге апаратындай санада басымдық пайда бола бастайды. Олар химиялық емес аддикциялардың келесі түрлерін талдаған: құмар ойындарға (басқаша айтқанда гемблинг), жұмысбастылық аддикция, ақша жұмсағыштық аддикция, басқа адамдармен қарым - қатынастағы аддикция, ургенттік (үнемі уақыт жетіспеушілік) аддикция [1].
Аддикцияның тартымдылығы - оның ең аз қарсыласу жолынан тұратындығы. Аддиктивті жүзеге асырулардың әртүрлі нұсқаларын қолданып қандай да бір заттарға немесе әрекеттерге қадала қарау арқылы ӛз проблемалары жайлы ойламай, үрейлерін ұмытып, қиын жағдайлардан құтылуға болады деген субъективті әсер пайда болады.
Кӛңіл - күйді аддиктивті механизм бойынша ӛзгерту ойы, әртүрлі аддиктивті агенттер кӛмегімен жүзеге асырылады. Мұндай агенттерге психикалық жағдайды ӛзгертетін заттар:
алкоголь, наркотиктер, дәрілік препараттар, улы заттар жатады. Кӛңіл - күйді жасанды ӛзгертуге сондай-ақ, қандай да бір белсенділіктер түріне: құмар ойындар, компьютер, тәттіге құмарлық, тоя тамақтану немесе ашығу, жұмысқа құмарлық, ритмикалық әуендерді ұзақ уақыт тыңдауға құмарлық септігін тигізеді[2].
Аддикцияның күйретушілік сипаты, аддиктивті жүзеге асыру тәсілі, құралдан біртіндеп мақсатқа айналады. Қиын жағдайларда күмән мен уайымды анда - санда ұмытып, сейілу адам баласының бәріне қажет нәрсе, бірақ, аддиктивтілік жағдайында ол ӛмір сүру стиліне айналып, осы процесте адам нағыз шындықтан тұрақты қашу қармағына түседі [3].
Аддиктивті іс - әрекеттің жүзеге асуы достықты, махабатты, белсенділіктің басқа түрлерін ауыстырады. Ол аддикттің ӛмірдегі тепе -теңділікті сүйемелдеуге қабілетсіз болатындай, белсенділіктердің басқа формаларына кірісе алмайтындай, адамдардан қарым - қатынас жасағаннан ляззат ала алмайтындай, бірдеңемен айналыса алмайтындай, босаңсый алмайтындай, тұлғаның басқа жақтарын дамыта алмайтындай, біреудің мейіріміне, қайғысына ортақтасу және
http://www.enu.kz эмоционалды қолдауын жақын адамдарына да білдіре алмайтындай дәрежеде уақытын, күшін, энергиясын және эмоциясын жұтады.
Басқа адамдармен қарым - қатынас жасау арқылы жалпы адамзат тәжірибесі, әлеуметтік нормалар, құндылықтар, білім мен қызмет тәсілдері игеріледі және тұлға қалыптасады. Аддикт ӛзін бұл процесстерден бӛліп, ӛзінің ӛмірлік тәжірибесін байытуды тоқтатып сонымен, бірге қарым -қатынас жасаудың маңызды функцияларын бұзады. Аддиктің басқа адамдармен бірге қызмет ету процессінде ӛзара қиындықтар туындайды. Аддиктивті ерекшеліктері бар адам ӛзін - ӛзі тану, ӛзіне деген сенімділігін нығайту мен дәлелдеу қажеттілігін адамдармен қарым - қатынас жасауда емес ең алдымен аддиктивті агенттермен контактіде жүзеге асырады. Аддиктер туралы, олар ӛзінің тіршілігінде және ӛзінің құнды екендігін нық орнықтыруға тырысып басқа адамдардан сүйеніш іздейді деп айтуға болмайды. Сүйеніш іздеу аддиктивті жүзеге асудың шегінен аспайды.
Қарым - қатынас жасаудағы дисфункционалды процесстермен қатар, тұлға аралық перцепцияның идентификация, эмпатия, рефлексия сияқты маңызды механизмдері бұзылады, ӛзгертіледі және құндылығын жоғалтады. Сондықтан да, ӛзін әріптесінің орнына қойып, бірге уайымдап, сені айналаңдағылар қалай қабылдайды деп ойлау қабілетін жоғалтады.
Әдебиет
1. Бабаева Ю.Д., Войскунский А.Е., Смыслова О.В. Интернет: воздействие на личность //
Гуманитарные исследования в Интернете / Под ред. А.Е. Войскунского. – М., “Можайск- Терра”, 2000, с. 11-40
2. Бабаева ЮМ., Войскунский А.Е. Одаренный ребенок за компьютером.М.,2003.
3. Войскунский А.Е. Психологические исследования феномена Интернет-аддикции // Тезисы докладов 2-й Российской конференции по экологической психологии. М.: Экопсицентр РОСС.
2000 С. 251-253