• Tidak ada hasil yang ditemukan

repository.enu.kz

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "repository.enu.kz"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

ОӘК 004.432.4

У. КАМАНУР, Г.К. ЖАБАЕВА

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан КӨП ТІЛДІ СӨЗДІКТЕР

Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандыру процесімен сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялар қоғамның барлық салаларында кеңінен қолданылады. Компьютерлік технологиялардың дамуы адамзаттың функционалдық сауаттылығына компьютерлік сауаттылық көрсеткішін енгізіп отыр. Бүгінгі таңда біздің басқа елдермен қарым-қатынасымыз, барыс- келісіміз, техникалық жақта түрлі тәжірибе алмасуымыз қарқынды дамуда, әсіресе көрші мемлекеттермен Қазақстанның арасындағы сауда, эканомикалық, ақпарат алмасуына байланысты елдер арасында сауда, мәдени, саяси және тағы басқа қарым-қатынасы қүннен-күнге арта түсуде.

Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстан халықтарының, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуге мүмкіндіктері болуы тиіс. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін жоғарылатуымыз керек

Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексикалық- фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Әлемдік өндірісті интеграциялау кезеңінде әртүрлі түсініктерді бір ізге түсіру ісі де аса қажет болуда. Сондықтан егемен Қазақстанның халықаралық деңгейге шығуына және бірқатар жетекші елдермен қазіргі таңдағы ғылым мен технологияның әртүрлі салаларында ғылыми және өндірістік ақпараттармен алмасудың айтарлықтай ұлғаюына байланысты неғұрлым кең ауқымды қамтитын қазақ тілінің көп тілді дыбыстық сөздігін шығару қажеттілігі де туындап отыр. Сөздіктерге қатысты қысқаша мағлұмат бере кетейік.

Сөздіктерді жасаумен лексикография ғылымы шұғылданады, ол – тіл білімі ғылымында сөздің барлық қасиеттерін жинақты түрде қарастыратын бірден-бір сала болып табылады. Осы тұрғыдан лексикографияны тіл туралы ғылым санатындағы лингвистика мен тілді танып білуге ықыласты қоғамның арасын жалғастырушы, байланыстырушы деуге болады.

Сөздік – сөздік қорды белгілі бір ретпен орналастырып, адамдарға іздестіруге көмек жасайтын көмекші құрал. Ең ежелгі сөздіктер біздің заманымызға дейін 7-ғасырда Қытайда құрастырылған.

1612 жылы Италияда шыққан «Сөздік жиыны» атты еңбек Еуропа елдерінің тұңғыш сөздігі болып табылады. Кейін келе Oxford баспасы жасаған Oxford сөздігінің 12 томы баспадан шықты.

Ол батыстағы ең үлкен сөздік қатарына кіреді.

Грек тарихшыларының айтуы бойынша б.з.д. 2-ғасырда өз кітаптары болған адамдар саны 35 ғана болған. Орта ғасырларда пайда болған латын тіліндегі сөздіктер көбінесе інжіл мен классикалық шығармаларды аудару үшін қолданылған. Бірақ олардың аудару қабілеті өте шектеулі болды. 1612 жылы Италияның Флоренция академиясы сөздіктер қорын шығарды, 1694 жылы Франция академиясы Франция сөздігін шығарды. 1726-1739 жылдар аралығында Испания академиясы 6 томдық испан сөздігін шығарды. Дүниедегі тұңғыш ең үлкен ағылшын тіліндегі сөздік 1755 жылы шықты. S.Jonson құрастырған бұл сөздік 43500 сөздерден тұрады, ал қосымша деректер 118000-ға жетке. Осы заманғы батыстағы ең үлкен сөздіктерге ағылшын халқының мақтанышы болып отырған Оxford сөздігі жатады, ол 1857 жылы басталып, қазір 12-ші томмен аяқталған [1].

Дүние жүзіндегі танымал негізгі үлкен сөздіктерге келесілер жатады:

1) 1918-1956 жылдар аралығында Даммарк тілінде жазылған 28 томдық (Copenhagen) сөздік.

(2)

2) 1948-1965 жылдар аралығында ССРО ғылым академиясының Москвада шыққан 17 томдық осы заманғы орыс әдебиеті сөздігі.

3) 12 томдық Oxford сөздігі.

4) 1892 жылдан бастап қазірге дейін жалғасып келе жатқан 27 томдық Швейцария сөздігі.

5) 1894 жылдан бастап қазірге дейін жалғасып келе жатқан латын тілі сөздігі.

6) Франция тіл байлығы сөздігі. 18-20-ғасырлар аралығында француз сөздігі. 1971-жылға дейін 7 томы шықты, жоспар бойынша 60 том болуы керек.

7) Испания тарихи сөздігі.1914-жылдардын басталып 1936-жылы 2 томы шықты.

8) 1632 шыққан 22 томдық Ұлы қытай сөздігі.

Ал, қазақ тілінің сөздіктері 1860 жылдардан бастап жарық көре бастады.

Сөздіктің әлеуметтік қызметінің маңызы ерекше: ақпарат көзі ретінде одан жылдам ақпарат алуға болады; ол сөздердің мағынасы мен дұрыс қолданылуы туралы нормативтік бағыт береді.

Сөздік кітап түрінде басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да мүмкін, қазақ тіліндегі бар және болуға тиісті сөздіктердің түрлеріне шартты түрде лингвистикалық, филологиялық және анықтама сипатындағы энциклопедиялық сөздіктер деп бөлінетін сөздіктер жатады.

Энциклопедиялық сөздіктерде белгілі бір салаға қатысты ұғым, дерек, зат, құбылыстар сипатталса, ал лингвистикалық сөздіктер әліпбилік тәртіппен белгілі бір тілдің лексикасы мен фразеологиясын түсіндіруді мақсат тұтады. Мұндай сөздіктер әдеби тілдің әбден қалыптасып, халықтың тіл мәдениеті кемелденген тұста, сөз байлығын нормалық тұрғыдан сипаттау қажеттілігі туындаған жағдайда жасалады.

Лингвистикалық сөздіктердің бірнеше түрлері бар: екі тілді не көп тілді аударма сөздіктер және т.б. Аударма сөздіктер бір тілдегі сөздерді басқа тілдің балама сөздерімен беріп, ұлттар арасында сөз алмасу үрдісін, өзара қарым-қатынас жасауды дамытса, түсіндірме сөздіктер сөздердің лексика-грамматикалық сипатын, экспрессивті-эмоционалды бояуын танытып, маңызды ақпараттық дереккөзін сақтаған рухани қазына ретінде қабылданады

Көп елдерде ұлттық тілдің түсіндірме сөздіктерін жасау мемлекеттің тіл саясатының негізгі бөлігі ретінде арнайы мемлекеттік бағдарламаларға енеді. Синонимдер сөздігі сөздің экспрессивті- стилистикикалық реңі мен мағынасын сол сөзге мағынасы жағынан жуық келетін басқа бір сөзбен түсіндіріп, синонимдік шоғыр жиынтығын құрайды. Омонимдер сөздік тұлғасы бір, мағыналары әр түрлі сөздерді, ал антонимдер сөздігі мағыналары қарама-қарсы сөздерді қамтиды.

Фразеологиялық сөздіктер тілдегі тұрақты тіркестердің (идиомдар, фразеологизмдер) мағынасын түсіндіріп, стилистикалық сипатын айқындайды. Этимологиялық сөздіктер жеке сөздердің тарихын, шығу төркінін ашады. Орфографиялық сөздік сөздердің дұрыс жазылуын, ал орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын көрсетеді (мысалы, Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері;

Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздіктері). Терминологиялық сөздіктер жеке ғылым салаларына байланысты терминдерді түсіндіреді, олардың түрлері кәсіп салаларына қарай ұдайы толығып отырады.

Мұнан басқа да топонимикалық, диалектологиялық, ономастикалық, паронимдік, жиілік, жаңа атаулар, т.б. сөздік түрлері бар. Техниканың дамуына байланысты сөздік түзудің компьютерлік технологиясы жасала бастады. Компакт-дискімен таратылатын немесе компьютерлік жүйенің серверлерінде орналастырылған түрлі электрондық сөздіктер бар.

Электронды сөздік түрлері: қағаз түріндегі сөздіктің электронды нұсқалары; электронды сөздік (жекеленген электронды құрал ретінде, ақпаратты жылдам іздеу үшін қолданады);Online- internet сөздігі; программалық сөздіктер (ABBYY Lingo,Socrat сияқты); PDE электронды сөздігі;

ұялы телефонға арналған сөздіктер және т.б.

Бүгінгі таңда сөйлеу технологияларын қолдану арқылы дыбыстық сөздіктерді жасау қарқынды түрде дамып келеді. Бірақ олар негізінен ағылшын, орыс, қытай және т.б. тілдерге бағытталған. Қазақ тіліне арналған жарамды сөйлеу технологияларымен жасалған аудиосөздіктер жоқтығы қазақ тілін бұл заманауи жетістіктерден тыс қалдырады.

Сондықтан да қазіргі таңда тілді меңгеруде, көптілді қарым-қатынас дамыған заманда мобилді платформаларда көптілді дыбыстық сөздікті құру технологиясын жасау өзекті болып отыр. Осы мақсатта зерттеу жұмысының аясында келесі міндеттерді шешу алға қойылды:

 Ақпараттық және байланыс технологиялары бойынша ағылшын тіліндегі терминдер мен олардың қазақ, орыс және қытай тілдеріндегі баламаларынның базасын жасау.

 Қазақ тілінде ауызекі тілдегі сөздерді синтездеу алгоритмдерін жасау, оны жүзеге асыру және қазақша сөйлеуді синтездеуге арналған дифон базасын құру.

(3)

 Қазақ тілінің ауызша сөздерін тану алгоритмдерін жасау және жүзеге асыру.

 Дыбыстық сөздікті қарау, редакторлеу программасын қазақ тілінің жеке сөздерін танығышы және қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінің синтезаторын қосу арқылы жасау, оны интернет порталына орналастыру.

Жұмысты жүзеге асыру барысында байланыс терминалдарында қолданылатын мобилді платформалар (телефон, смартфон, iPad, iPhone, Windows Phone және тағы басқалары) зерттеліп, олардың негізінде көптілді дыбыстық сөздіктерді жасау технологиясы құрылады. Сөздікке енетін сөздер ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялық жүйелер мен технологиялар бағытына жатады.

Алынған нәтижелер пайдаланушының уақытын барынша үнемдеу, яғни қажетті тілдік ақпаратты іздеу жұмысы мен тілдік бірліктерді реттеуге қатысты және т.б. іс-әрекеттерді жеңілденетіні сөзсіз.

Мобилді платформалардағы бұл көптілді дыбыстық сөздік үлкен әлеуметтік және экономикалық тиімділікке әсерін тигізеді, себебі ол Интернет арқылы мобилді абоненттік байланыс құралдарында қолданылады, ал оларды халық санының көпшілік бөлігі қолданады, қазақ тілі бойынша білімдерін дамытуға мүмкіндік береді. Ал тез іздеу және қажетті ақпаратты көптілді дыбыстау басқа тілді үйрену, іскерлік жазысу немесе ауызша сөйлесу уақыты мен шығынын елеулі түрде қысқартады.

Әдебиеттер 1. ru.wikipedia.org/wiki/Словарь

Referensi

Dokumen terkait

Олар: әдістемелік жағынан қарастырсақ, тілдік ма ман- дықтар студенттеріне арналып құрас тырылған оқу құралдарының болуы, ал тіл дік емес маман- дық тарға арналған оқулық тар дың саны

Сол сәтте Өгдүлміш мемлекет атынан өзге елге елшілікке баратын кісінің бойында болуы керек адами қасиетін, физикалық ерекшелігін, қабілетін, білімін және оның мемлекет үшін атқаратын