• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАБИҒИ МҦРА ОБЬЕКТІЛЕРІН ІРІКТЕУ ӘДІСТЕРІ (ОҢТҤСТІК ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫ МЫСАЛЫНДА)

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАБИҒИ МҦРА ОБЬЕКТІЛЕРІН ІРІКТЕУ ӘДІСТЕРІ (ОҢТҤСТІК ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫ МЫСАЛЫНДА)"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

ӘӚЖ 502.76 (574.5)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАБИҒИ МҦРА ОБЬЕКТІЛЕРІН ІРІКТЕУ ӘДІСТЕРІ (ОҢТҤСТІК ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫ МЫСАЛЫНДА)

Орымбаева Айжан Шахидуллаевна 142

(2)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университетінің студенті Астана қаласы

Ғылыми жетекшісі - Қаратабанов Руслан Әділханҧлы - физикалық және

экономикалық география кафедрасының аға оқытушысы Табиғи мҧра тҥсінігі, қҧқықтық негіздері және қҧрылымы

ЮНЕСКО – Біріккен Ҧлттар Ҧйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жӛніндегі ҧйымы 1945 жылдың 16 қарашасында қҧрылды. ЮНЕСКО адамзат алдында туындаған этникалық бағыттағы мәселелерді реттеу ҥшін халықаралық нормативтік қҧжаттардың негізінде алынатын жаңа идеялар мен кӛзқарастардың ерекше бір зертханасы.

ЮНЕСКО сонымен қатар ақпарат алмасу орталығы, ол мҥше мемлекеттерге әр тҥрлі бағыттағы соның ішінде «адамдық фактор» деп аталатын қоғамның әлеуеттілігін дамытуға ықпал жасайды.

ЮНЕСКО-ның бҥкіләлемдік мҧрасы тізіміне барлық адамзат игілігін қҧрайтын және арнайы қатынасқа, қорғауға және әлемдік қоғамдастықтың назарына лайықты табиғи және мәдени мҧралар енгізіледі.

Бҥкіләлемдік мәдени және табиғи мҧраларды қорғау туралы Конвенция 1972 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның бас конференциясының XVII сессиясында қабылданып, 1975 жылы 17 желтоқсанда кҥшіне енді. Оның басты мақсаты - әлемдік қоғамдастықтың кҥшін теңдессіз мәдени және табиғи объектілерді сақтауға жҧмылдыру. ЮНЕСКО-ның басқа да бҥкіләлемдік бағдарламаларының арасында бҥкіләлемдік мҧраны қорғау туралы Конвенция қатысушы мемлекеттер саны жағынан ең салиқалы бағдарлама. Қазіргі таңда Конвенцияның мемлекет - тараптарының жалпы саны 185-ке жетті. 1949 жылы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы осы аталған Конвенцияның тарапы болды.

Қазіргі таңда ол әлемнің 145 елінің 182 табиғи, 698 мәдени және 25 аралас табиғи - мәдени объектілерін қҧрайды. Бҥкіләлемдік мҧра тізімінде саны жағынан ең кӛп мәдени мҧралар Италияда, Испанияда, Қытайда және Германияда (әр қайсысында 30-дан астам), АҚШ пен Австралияда ең кӛп бҥкіләлемдік табиғи мҧралар (әрқайсысында 10 объектіден артық). Конвенцияның қорғауында мынадай әлемге аты әйгілі табиғи мҧралар бар, олар Ниагара сарқырамасы, Ҥлкен кедергілі бҧдыр, Гавай аралдары, Гранд-Каньон, Килиманджаро тауы, Байкал кӛлі. Орта есеппен жыл сайын 30-50 обьектілер дҥниежҥзілік мҧра тізімін толықтырып жатыр.

2008 жылы шілдеде Квебекте ӛткен ЮНЕСКО Әлемдік Мҧра Комитетінің 32- сессиясында Орталық Азиядағы ең алғашқы табиғи объект - «Сарыарқа – Солтҥстік Қазақстанның даласы мен кӛлдері», яғни Қорғалжын және Наурызым қорықтары енгізілді.

Мҧра ҧғымы. Табиғи және жасанды объектілердің жиынтығы және олардан туындаған вакациялық факторлар, шипалы, мәдени және басқа да қасиеттері ТМД мемлекеттердің - қатысушыларының ҧлттық мҧрасы болып табылады. Ҧсынылатын заң шығаратын «туризм аймағындағы ТМД мемлекеттердің - қатысушыларының ынтымақтастық принциптры негізі туралы» актіде (1994ж) дәл осылай жазылған. Бҧл ҧғым әлемнің барлық елдерінде кеңейтуге болады.

Аймақтық саясатта табиғи мҧраның рӛлі мен функциялары

Табиғи және мәдени мҧра аспектілерін келесідей ерекшелеуге болады: ғылымда мҧра феномені және толықтай мәдениет, оның объектілер және мҧра қҧбылысы, мәдени және табиғи мҧраның ӛзара байланысы; мҧраның экологиялық және әлеуметтік функциялары; биологиялық және ландшафттың әр тҥрлілік мҧрасы, тәуекел факторлары, қорғау және қолдану арақатнасы, экологиялық туризм; адамзат дамуының мәдениет факторы , музеефикация және тірі мәдениет; табиғи - мәдени мҧра және оның кӛрінулері, мәдени ландшафт, дәстҥрлі табиғатты қолдану, экологиялық мәдениет; территорияны қорғауға жақындау және мҧраны қолданылу; мҧраны басқару , мҧра туралы заң шығару .

Ӛз кезегінде табиғи объектілерге тиісті: жер эволюциясында қандай болмасын кезең кӛркемдеу; геологиялық процестердің қазіргі бейнесін қайта кӛрсету; бірегей табиғи

143

(3)

объектілерді ҧсыну, ӛзінің ерекше сҧлулығы, ӛсімдіктер мен жануарлардың жоғалған тҥрлерін және мекен ету орындарын қосу.

Конвенцияда табиғи мҧраны тҥсіндіретін ҥш обьектісі бар:

 табиғи ескерткіштер, физикалық және биологиялық білімдерден қҧралған немесе сондай білімдердің топтарынан, ғылым және эстетика тҧрғысынан қарағанда әмбебаб қҧндылыққа ие. 

  геологиялық және физиографиялық білім және дәл шек қойылған аймақ, ӛсімдіктер және жануарлардың ареалдағы тҥрлерінің азайып кетуі, консервация немесе ғылым тҧрғысынан қарағанда әмбебаб қҧндылыққа ие. 

  табиғи назар аударарлықтай орындар немесе қатал шек қойылған табиғи аймақ, ғылым тҧрғысынан қарағанда әмбебаб қҧндылыққа ие, консервациялаудың немесе табиғи сҧлулықтың. 

 Мәдени және табиғи мҧра ескерткіштерінен басқа және мәдени - табиғи мҧра араласқан ескерткіштері де бар . 

Аймақтық саясатта табиғи мҧраның рӛлі мен функциялары

 Тҧрақты даму стратегиясының негізгі компонеттері экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси заңдар болып табылады, оларды ҧлттық және аймақтық деңгейде ӛңдеу кезінде мҧраның табиғи және мәдени рӛлі ӛседі. 

 Мҧра 2 негізгі функцияны орындап жатыр: бір жағынан тәрбиелік және мәдениеттілікті (ҧлттық менталитеті қҧру, халықтың сана-сезімін жоғарлату, патриоттық сезімге тәрбиелеуі «ӛз отанға» деген), басқа жағынан - экономикалықты ( аумақтық даму, жҧмысшы орындарын қҧру), және халықтың әлеуметтік және рухани дамуына жағдай жасау. Екіжақты және мҧра сауда рӛлі. Бҧл аумақ экономикалық және әлеуметтік даму ғана емес, экологиялық проблемалардың шешіміне ҥлес қосу, сонымен қатар қолдау, ӛзінің мҧра объектілерін сақтау, олардың туризм дамуындағы рӛлдерін жоғарлату, тартымдылық кҥшейтулерге (жарнама, кӛңіл кӛтеретін орындар, инфражҥйе, жаңа ақпараттық технологиялар). 

Ҧлттық табиғи мҧра тізімін қалыптастыру қажеттілігі

 Табиғи мҧраларды қорғау Қазақстан мен ЮНЕСКО арасында нәтижелі ынтымақтастық туғызады. 

 Егемендi Қазақстанның бҥгiнгi ӛмiрi мен оның жан-жақты даму перспективаларын табиғи-мәдени мҧрасыз елестету мҥмкiн емес. Табиғи және мәдени мҧра сана-сезiмдi қалыптастыру негiздерiнiң бiрi, iзгiлiк пен отаншылдық қҧндылықтар сабақтастығын орнықтыруда зор әлеуетке ие. Табиғи мҧраны сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың базалық қағидаты - бҧл жҧмыстың мемлекетiмiздiң экономикалық және әлеуметтiк дамуы аясында ғана тиiмдi болатындығына негiзделген кешендi кӛзқараспен қарау. Табиғи мҧраны сақтау орнықты даму стратегиясының шешушi элементi болуға тиiс. 

 Қазақстан ӛз экономикасының маңызды саласы бола алатын және болуы қажет туризм индустриясын дамыту ҥшiн қуатты мәдени әлеуетке ие. Туризм тарих және мәдениет ескерткiштерiн кең танытуға септiгiн тигiзедi, республикамыздың ел iшiндегi, сондай-ақ шет елдердегi биiк беделiн нығайтады. 

 Табиғи мҧраның туризмдi дамытудағы артықшылықтарын пайдалануға негiзделген мәдени туризмнiң қазақстандық моделi ҧмытылып кеткен дәстҥрлер мен ӛнер тҥрлерiн жаңғыртуға, туристiк қызығушылық тудыратын жаңа орталықтар ашуға, ерекше бағыттар тҥрлерiн ҧйымдастыруға бағытталуы тиiс. Туристiк-экскурсиялық жҧмыс тәуелсiз Қазақстанның табиғи-мәдени мҧрасының бар әлеуетiн пайдалана алады. 

 Кешендi сақтау қағидатына мемлекеттiк басқару органдарының жҧртшылықпен және мемлекеттiк емес сектормен серiктестiк қарым-қатынастарды дамытуда бастамашы, қадағалаушы және ҥйлестiрушi функциялары да енедi. Табиғи мҧраны барлық қолжетiмдi ресурстарды пайдалана отырып сақтау iсiне деген ведомствоаралық кӛзқарасты да қолдау қажет. Сақтау мiндетiн тек орталық атқарушы органдар ғана емес, жергiлiктi атқарушы билiк органдары да шешуге тиiс. 

144

(4)

«Табиғи мҧра» стратегиялық ҧлттық жобасын жҥзеге асыру барысында мәдениет жӛнiндегi мемлекеттiк саясатты жҥргiзуге деген жаңа сапалы кӛзқарастарды айқындап бергендiгiн, Қазақстанның зор рухани, табиғи-мәдени және гуманитарлық әлеуетiн паш еткенiн атап ӛту қажет.

2008 жылы Орталық Азия ӛңірінде яғни Қазақстанда алғаш рет Қорғалжын және Наурызым қорықтарының аумағы негізінде «Сарыарқа – Солтҥстік Қазақстанның даласы мен кӛлдері» табиғи мҧра объектісін ЮНЕСКО-ның бҥкіләлемдік мҧрасы тізіміне кіргізу туралы шешім қабылданды. Осындай обьектілер санын кӛбейту ҥшін, Іле Алатау мен Сайрам-Ӛгем мемлекеттік ҧлттық табиғи паркін ҧсынамыз, себебі, сҧлу да қайталанбас ландшафтысы, тарихи-мәдени мҧра ескерткештері, кӛлі мен ӛзендері, әнші қҧмдары, қазіргі жер бетінен жойылып бара жатқан ӛсімдіктер мен жануарлар дҥниесі, сол жерге тән эндемиктерді қорғауға алған ерекше аймақ болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы, ӛзінің мол туристік потенциялымен дҥниежҥзілік туристік нарықта енді дамып келе жатыр. Мысалы, туристерге арналған Қазақстандағы ең тартымды және ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың тізіміне тоқталатын болсақ:

Сайрам су, Ҥлкен Алматы кӛлі, Хан тәңірі шыңы, Іле ӛзені, Есік кӛлі, Тҥрген шатқалы, Әнші тау.

Ҧлттық парктердің алдына қойған мақсаттары кеңдеу, олар белгілі бір жердің табиғатын қорғаумен қатар, кейбір мәдени-тарихи орындарды сақтау ҥшін қызмет атқарады. Осы негізде қорықтарға қарағанда ҧлттық парктердің туризм ҥшін жоғарырақ, ӛйткені оларда туристер ҥшін экскурсияларды кӛбірек ӛткізуге мҥмкіндік бар. Туризмді дамыту арқылы еліміздің экономикасын кӛтеруге ҥлесін тигізеді.

Сондықтан «Мәдени мҧра» сияқты «Табиғи мҧра» бағдарламасын қҧру, мемлекеттік деңгейде осы мәселені кӛтеру. География және экология саласындағы білікті мамандарды осы жобаға деген қызығушылығын тарту. Әлемдік мҧра тізіміне енетін кӛрікті жерлеріміздің санын кӛбейту. Әрине, тізімге еннетін обьектілер саны кӛбейіп жатса, жалпы танылған әлемдік табиғи інжу-маржандар мен бір қатарда болу ҥлкен қҧрмет және аброй, сонымен қатар бҧл ҥлкен жауапкершілік.

Әдебиеттер 1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №231 Жарлығымен

бектілген Қазақстан Республикасында Туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2.Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277

Жарлығымен бекітілген «Мәдени мҧра» Мемлекеттік бағдарламасы 4.»Тарихи-мәдени мҧраны қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2.07.1992 ж.

5.Джаналиева К.М. и др. Физическая география Республики Казахстан.- Алматы: Қазақ ун-ті, 1998 ж.

Referensi

Dokumen terkait

Міндетті экологиялық аудит өзінің сипаты бойынша Мемлекеттік болып табылады және әдетте, экологиялық қауіпті кәсіпорындар мен қызмет түрлеріне қатысты міндетті түрде жүргізіледі: 1Егер

Қылмыстық қоғамдастық ұйымдастырушысынан жауап алу барысында келесі мән- жайларды анықтау қажет:  қылмыстық қоғамдастықты құру туралы ойдың кімде және қандай жағдайда пайда болғанын,