WWW.ENU.KZ
Ж. И. Ибрагимов Астана қ., Қазақстан ЕУРАЗИЯ КӨШПЕНДІЛЕРІНІҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Еуразия кеңістігінде ӛмір сүрген кӛшпелі халықтың құқықтық жүйесінің әлем ӛркениетінде алатын орыны ӛте зор. Әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің қоғамдағы келіспеушіліктерді үйлесімді реттеп отыруы, кӛшпелі мемлекет ділімен толыққанды үндесіп жатты.Еуразия кӛшпенділеріне ғана тән мұндай жүйенің қоғамдағы үлкен және кіші дауларды реттеуі басқа да ӛркениет ӛкілдерін таң қалдырды. Мемлекетіміздің құқықтық жүйесін қалыптастырып, жетілдіруде жалпыға ортақ қабылданған халықаралық құқық және шет елдер тәжірибесімен қатар, халықтың жадысында сақталған жүздеген жылдар бойы қоғамдағы әлдеқайда шағын, әрі ықшам мәселелерді шешуге бағытталған институттардың ӛзіндік қағидаттарының зор мәні бар.
Сондықтан Еуразия кӛшпенділері құқығы тарихының ӛткенін зерделеу заң ғылымындағы болашақ қадамдарға нық жол ашады. Ғылыми қауымның назарына ұсынылып отырған бұл мақала қазақ мемлекеттілігі мен құқығының дамуында ерекше орын алатын әдет-ғұрып құқығы жүйесі нормаларының дауларды шешу,реттеу қызметіне арналған. Дәстүрлі қазақ құқығы қазақ халқының мемлекет және құқықтық тарихында ерекше орын алатын құбылыс. Оның қайнар бастауы қазақ халқының кӛнеден келе жатқан салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары. Бұлар бірнеше мыңдаған және жүздеген жылдар кӛшпелі ортада, Еуразияның ұлан-байтақ даласында сақталып, толықтырылып, XVII ғасырдың соңында XVIII ғасырдың басында жаңа жүйеге түcіп, Әз Тәукенің заңдары деген атақпен белгілі болды. Дәстүрлі қазақ құқығының маңызы ерекше құқықтық ескерткіші «Жеті жарғының» ережелерінен, құқықтық салада дау түсінігінің басқа ұғымдарға қарағанда маңызының жоғары болуынан, қазақ билерінің талқысынан ӛткен ауыз екі мәтел түрінде сақталған «Күлтӛбенің басында күнде кеңес» деген сияқты сӛздерден де белгілі.
Еуразия кеңістігінде қалыптасып, жетілген қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарының ерекше табиғаты мен ӛміршеңдігі туралы академик С.З.Зиманов былай деп жазады: «Значение казахского права заключается не в исключительности его как некоего системно институционального учреждения в истории. Все народы в той или иной форме на ранней стадии своей истории прошли такой период период господства обычно правового регулирования общественных и управленческих отношений. Такой период у многих народов был неустойчивым, недолгим, переходным... казахское право тем и отличается что оно, руководствуясь в своей основе обычно правовыми нормативами и институтами, сложилось и получило развитие как бы в «свободной»
зоне и в силу этого вобрало в себя больше мирные , естественные устойчивые принципы кочевой цивилизации. В этом плане можно сказать, что оно по содержательной части определило во многом свою эпоху, в недрах которой формировалось, и переросло ее рамки» [1,18-19б].
Дәстүрлі қазақ құқығының кӛрнекті ескерткіші «Жеті жарғының» кӛрсетілген уақыт межесінде, яғни ХVIII ғасырдың басында толықтырылып, қазақ әдет-ғұрып заңдарының жаңадан ӛңделуі тарихи оқиғалармен тығыз байланысты, заңды құбылыс. Қазақ кӛшпелілерінің қоғамы Орталық Азияда қалыптасқан ауыр саяси-әлеуметтік жағдайда, сыртқы қауіптің күшеюіне қайткен күнде де жауап беруі қажет болды. Осындай объективті тарихи жағдай мемлекет іргесін, халықтың бірлігін күшейтуге бағытталған заңдар,құқықтық дәстүрлердің қайта жаңғыруына тікелей әсер етті.
Құқықтанушылар мен тарихшылар қазақтың әдет-ғұрып құқығы жүйесін тек қазақ қоғамының ішкі қауымдық тіршілігін реттеу мәселелерімен ғана байланыстырады. Мәселенің осындай деңгейде кӛтерілуі белгілі дәрежеде құқықтық институттарға ретроспекциялық тұрғыдан қараудың тікелей жемісі. Дәстүрлі қазақ құқығына байланысты әдет-ғұрып ережелері жинақталып хатқа түсе бастаған ХIХ ғасырда қазақ халқының мемлекеттік дәстүрлері аса құлдырап, оның реттегіш тетіктері, заңдары қолданыстан шыға бастаған еді. Сонымен бірге ұлттық мемлекеттің негізгі ұйытқысы, құрылымдық жүйесінің негізі болып табылатын туысқандық қарым-қатынастар
«ақтабан шұбырынды» заманында үлкен соққы алып, қалыпты жүйесін бұзып алды. Кӛптеген рулар мен тайпалар ӛздерінің үйреншікті қоныстарын ӛзгертіп басқа жақтарға қоныс аударды және ыдырау үрдісіне ұшырады. Бұл дағдарыс әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасқа да тікелей әсер етіп қоғамдағы тӛре мен қараша, тӛре мен тӛлеңгіт, отырықшы мен кӛшпелі элементтер, субэтникалық топтар мен жіктер арасындағы қалыпты қатынас бұзылды. Осы
WWW.ENU.KZ себептен ғылыми әдебиетте дәстүрлі қазақ құқығын тек кӛшпелілердің ӛз ортасындағы қауымдық қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар ретінде қабылдау қалыптасып, оның мемлекеттік маңызына кӛңіл бӛлінбеді.
Шын мәнінде әдет-ғұрып құқығы нормалары тек қазақтың ру ішіндегі қауымдық қарым- қатынасын ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттік, соның ішінде қазақ сияқты негізгі мемлекет құрушы этнос пен мемлекет құрылымындағы қалалық ӛңір халы, кӛптеген әлеуметтік топтардың арасындағы дауларды,талас-тартысты,қарым-қатынастарды да реттейді. Осының бір мысалын Кіші жүз ханы Әбілқайырдың ӛтініші бойынша Қазақ Ордасына келген Ресей елшісі М.Тевкелевтің күнделігінен кездестіреміз. Табын руының кӛсемі Бӛкенбай батыр елшіге айтқан әңгімесіне сүйеніп ол былай деп жазады: «У них, киргис-кайсаков, прежде были города, а именно:
Ташкент, Тюркестан, Сейрам с принадлежащими ко оным городками и деревнями, и оными владели киргис-кайсацкие ханы и старшина. В тех городех живут сарты, то есть посацкие мужики, с которых брали они дань. А из тех городов выслал их хонтайша тому с 15 лет. А ныне оными никто не владеет и дань не забирает, живут праздно…»[2,62б].
Бұдан шығатын қорытынды қазақ қоғамының жан-жағын түгел қамтыған ауыр жағдай саяси- құқықтық жүйенің де дағдарысын туғызып, мемлекеттің әкімшілік құрылымына енетін қалалық- отырықшы аймақтардың тағдырына да кері әсер еткен.
Егер мәселені тарихи-құқықтық қырынан терең зерделейтін болсақ дәстүрлі қазақ құқығының ескерткіші «Жеті жарғы» қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын қорынан сақталған ескерткіш. Бұл құқықтық құжатқа байланысты ауызша және жазба деректерді қарастырып, терең талдай отырып, оның мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін, нақты дауларды шешуге бағытталған негізгі заң қағидаларының жинағы екенін кӛреміз. Әрине, ол ең алдымен ұлттық танымның айшықты айнасы, халық рухының қамқоры, ұлттық мүдденің жаршысы, дегенмен оның басты мәні дәстүрлі қоғамдық-құқықтық саладағы дауларды реттеу қабілетінде. Әлемде мыңдаған этностар бар болса, солардың барлығының да арман мүддесі мемлекеттік және ұлттық тәуелсіздік. Мемлекеттік және ұлттық дербестік идеясы әдет-ғұрып құқығы жүйесінің ел құрметіне бӛленіп, шежіреші ақсақалдарының жадына берік жазылуына себепкер болған жағдайлар осы.
Осы жағынан келгенде қазақ әдет-ғұрып құқығы жүйесінің мемлекеттік және ұлттық әлеуеті қазіргі қазақ қоғамына да қызмет істей алатыны сӛзсіз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның тарихи-құқықтық дамуында кӛшпелі ӛркениет тарихын зерделеудің маңызы туралы былай деп атап ӛтті: «Несмотря на свою кажущуюся молодость, Казахстан как культурно- историческая целостность возник не на пустом месте. Его история неотделима от всей трехтысячелетней истории Великой кочевой цивилизации Евразии. Понять это-значить понять глубинную суть процессов, происходящих в современном Казахстане»
[3,223б].
Қазіргі жаһандану дәуірінде біздің мемлекетіміз қатарларына қосылуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті мемлекеттер (Қытай,Малайзия,Түркия,Сингапур т.б) мемлекеттік-құқықтық, саяси- экономикалық дағдарыстан ӛздерінің дәстүрлі жүйесін негізге ала отырып шыққан.
Әлемдік деңгейде ең жоғарғы кӛрсеткішті бұл елдер дәстүрлі құндылықтарға сүйене отырып, Азия аймағындағы серпінді дамудың бас векторларын айқындады.Осы мемлекеттердің жетекшілері мемлекеттің басқаруында тарихи жалғастығы бар дәстүрлердің алатын ролі зор екендігін айтады. Сонымен бірге Азия жолбарыстарының тәжірибесі де жаңа әлем үшін күресте мемлекет ӛзінің ұлттық дәстүріне сүйенуі қажет екенін дәлелдейді.
Дэн Сяопин жүргізген реформалар туралы зерттеушілер ішінде «этот путь органично учитывал национальные корни, не противопоставляя модернизацию традициям ... с самого начала у него было четкое понимание необходимости приспособить национальные традиции для решения задач модернизации...» қажетті тұжырым қалыптасқан [4,144б].
Қысқа ғана уақыт ішінде әлемнің ең алдыңғы қатарлы елдерінің қатарына қосылған Сингапур тәжірибесі де модернизация бағытына түскен елдердің ӛз дәстүрлерін пайдалану қажеттілігін айқындайды. Ли Куан Ю осы тұрғыдан алғанда Азия құндылықтары болып табылатын саяси- құқықтық дәстүрлерді экономикалық реформалауға сәтті пайдалана білді: «Для Ли экономическая политика еще не все. Неэкономические факторы не менее, а то и более важны. Это чувство общности нации, сильные моральные ценности и крепкие семейные узы...Азиатские ценности самодисциплина, бережливость, уважение к старшим, ценностям семьи и власти, склонность к консенсусу и авторитет образования действительно стали серьезным психологическим импульсом производственной деятельности людей»[5,102-103б].
WWW.ENU.KZ Мемлекеттік-құқықтық дамудың жоғарғы деңгейіне бұл елдердің әр қайсысы қайталанбас ӛз жолдарымен жетті. Тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық дамуында да, ерекше бір дәстүрлерді, рухани құндылықтарды терең зерделеп, жетілдіру, олардың қоғамдық-құқықтық саладағы келіспеушіліктерді реттеудегі жасампаздығы, қажетті жағдайда оларды ӛміршең нормаларға айналдыру мәселелерін зерттеу бүгінгі заң ғылымында ӛте ӛзекті мәселелердің бірі деп ойлаймыз.
Тарихтың сабақтарынан қорытынды жасап, дәстүрлі қазақ құқығының қағидаларының бай тәжірибесін бүгінгі күннің күн тәртібінде тұрған мәселелерді шешуде пайдалану Қазақстан заңгер ғалымдарының да назарында. «Мемлекеттік лауазымға ие болған азаматтарымызға саяси- құқықтық ой -пікір қайраткерлерінің ұлағатты да, даналы сӛздерін ұран ретінде саналарына сіңіріп, ұлтжанды, патриотизм идеяларымен жігерленген адамдарды қалыптастырып, ел басқару, билік жүргізу қызметін тек сол санаттағы адамдар тобына ғана тапсыру- даму заңдылығының ең ӛзекті мәселесі. Ең алдымен бұл мәселені шешпей мемлекеттік қызметте тазалық, әділеттілік, тек халық игілігіне еңбек ету сияқты талаптарды іс жүзіне асыру мүмкін емес екені тарихтың дамуымен нақты дәлелденген кӛрініс» деп жазады белгілі заңгер-ғалым С.Ӛзбекұлы [6,4б].
Қай тұрғыдан алып қарасақ та әдет-ғұрып құқығы жүйесі атымен танымал кӛшпелі қазақ ӛркениеті туғызған идеялар, асыл сӛздер,дауларды шешудегі жалпы құқықтық ӛмір философиясы тәуелсіз Қазақстан үшін ӛзінің мән-мағынасын жойған жоқ.Қазақ әдет-ғұрып құқығы жүйесінің феномені құқықтық мемлекеттің қарқынды дамуына ӛз әлеуетін әлі де қоса береді.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы жүйесінің нормаларының қазіргі замандағы заңнамадан бір айырмашылығы олар қалыптасқан құқық кодекстеріне жіктелмейді. Дегенмен зерттеушілердің ішінде әдет-ғұрып құқығының біреше салаларын (отрасль обычного права) бӛліп кӛрсету тәжірибесі қалыптасқан. Мысалы соңғы жылдары жарық кӛрген К.А.Алимжанның «Вопросы теории обычного права» еңбегінде былайша жіктеу бар: «среди первичных (одноуровневых) основных отраслей системы обычного права можно назвать матримониальное, клано родовое, административное, гражданское, уголовное (деликтное) и судебно процессуальное (судебное ) право»[7,140 б] .
Бұл жүйелеудің шартты екені зерттеуші-мамандарға белгілі болар, оның үстіне бұл жерде конституциялық, немесе мемлекеттік құқық нормалары туралы ештеңе айтылмаған. Дегенмен әдет-ғұрып заңдарының дауларды шешу,реттеушілік қасиеті мен мүмкіндігі ӛмірдің әр саласында бірдей бола бермейді. Мәселен, отбасы мен неке саласында қолданылатын нормалар отбасы мүшелерінің құқығын, олардың қарым-қатынасын, туыс-жекжат арасындағы күрделі жағдайларды, дауларды реттесе, азаматтық құқықтың атқаратын қызметі одан бӛлек болады. Осы туралы зерттеуші Қ.Әлімжан пікіріне жүгінейік «гражданское право состоит из норм, регулирующих имущественные отношения , связанные с правом собственности, узуфруктом либо иным вещным прав, а также наследственные и иные связанные с этими отношениями...судебно процессуальное (судебное) право составляют нормы, регламентирующие судоустройство и судопроизводство в данном сообществе» [7,141б].
Жалпы заң ғылымында құқық жүйесінің ішкі салаларын (отрасль) реттеу нысаны бойынша анықтайды. Оны құрайтын қоғамдық қарым- қатынастардың ерекше түрлері, ал осы ерекшеліктер ӛзіне сәйкес реттеудің арнайы режимін талап етеді: «особый режим регуляции, обеспечиваемый всякой отраслью права, заключается, прежде всего, в определенных способах и приемах регулирования, сочетание которых воплощается в присущем лищь данной отрасли методе правового регулирования»[7,135б].
Осылайша әдет-ғұрып құқығы нормаларының қоғамдық-құқықтық саладағы дауларды реттеушілік қызметі ең алдымен олардың ӛмірдің белгілі бір саласына сәйкестігімен түсіндіріледі.
Тарихи-құқықтық жағынан сараптау тұрғысынан ол құқықтық нормаларды ӛмірдің ӛзі туғызған деп айта аламыз. Осы жағынан алып қарағанда қазақтың әдет-ғұрып заңдары Еуразия кӛшпелі қоғамының ішінде біте қайнаған, оның ӛмір сүру заңдылықтарынан ӛз бастауын алатын құбылыс.
Тағы бір арнайы ескерте кететін мәселе қазақтың әдет-ғұрып құқығы нормалары, дәстүрлі қоғамдық-құқықтық саладағы дауларды шешу, адами тіршілікті реттеу үшін туғызған және қалыптастырған құндылықтары. Олай болса мемлекет және құқық тарихында осыншама бай тәжірибесі бар халықтың ӛзінің ӛмір сүруіне қажетті реттеу тетіктері болып табылатын құқық нормаларын ӛмірге келтіруге мүмкіндігі болғанын айта аламыз.
Әдебиеттер тізімі
1 Зиманов С.З. Казахский суд биев-уникальная судебная система.-Алматы,2008.224с.
WWW.ENU.KZ 2 Казахско-русские отношения в XVIII-XIX вв. (1171-1867) .-Алматы: Наука,1964.-573с.
3 Назарбаев Н.А. Казахстанский путь. Последее кочевье// Азиатский прорыв.-Астана:
«Казахстанский Институт «Свободное Общество»,300с.
4 Сяопин Д. Китайский ренессанс.// Азиатский прорыв.-Астана: «Казахстанский Институт
«Свободное Общество», 300с.
5 Ли Куан Ю.Сингапурская история. Азиатский прорыв.-Астана: «Казахстанский Институт
«Свободное Общество»,300с№
6 Ӛзбекұлы С. Қазақстанның саяси-құқықтық ой-пікір тарихының ӛзекті мәселелері.- Алматы:
«Білім»,2004.-128б.
7 Алимжан К.А. Вопросы теории обычного права.- Алматы: ОФ «Интерлигал»,2003-320с.