4) Бір қос байланысы бар 5) КҚМҚ
4 дұрыс жауапты табыңыз
10. Көп қанықпаған май қышқылдары аталады:
1) Д тобының витаминдері 2) Ғ тобының витаминдері 3) Эссенциалды
4) Алмастырылмайтын 5) құнды
2 дұрыс жауапты табыңыз
№ 2 (17) Сабақ
1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Аралық алмасу. Организмдегі глицерин мен май қышқылдарының өзгерістері: анаболикалық (ТАГ, ФЛ синтезі, глицериннің глюконеогенезге қатысуы) және катаболикалық процестерге (БМҚ және глицериннің тотығуы, КҚМҚ пероксидті тотығуы) қатысуы.
2. Мақсаты:
1. Студенттерде глицерин мен бос май қышқылдарының (БМҚ) ролі және организмдегі өзгерстері туралы білім қалыптастыру.
2. Студенттерде ТАГ пен ФЛ синтезіндегі бәсекелестік, фосфолипидтердің липотропты әсері туралы түсінік қалыптастыру.
3. Студенттерде глицериннің глюконеогенезге жұмсалуы және осының негізінде заттар алмасуының өзара байланысы туралы білім қалыптастыру.
4. Студенттердің арнайы әдебиеттермен және интернетпен жұмыс жасаған кезде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.
5. Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу.
6. тақырып бойынша шет ел тілінде (ағылшын, орыс, қазақ тілі) сөйлеуді арттыру.
3. Оқыту міндеттері:
1. Глицерин мен БМҚ-ның анаболикалық үрдістерге жұмасалуын қарастыру.
2. Глицериннің тотығуын және БМҚ-ның өзгерістерін оқып-білу.
3. Липидтердің пероксидтік тотығуын, осы үрдістің қалыпты және патологиялық жағдайлардағы ролін қалыптастыру.
4. Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу: бета – тотығу, фосфатидтік жолмен липогенез.
5. Студенттерді арнайы әдебиеттермен және интернеттен материал іздеуге ынталандыру.
6. Тақырыптың бір сұрағын шет тілде (ағылшын, орыс, қазақ тілі) қастыру.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. БМҚ мен глицеринді биосинтездік үрдістерге қолдану жолдары.
2. Глицериннің тотығуы, осы үрдістің энергиялық балансы.
3. БМҚ түрлері. Қаныққан және қанықпаған БМҚ-ның тотығуы, энергиялық балансы.
4. Көп қанықпаған май қышқылдарының (КҚМҚ) пероксидтік тотығуы.
5. Антиоксидантты қорғаныс жүйесі: ферменттік және ферменттік емес.
Сабақтың ұйымдастыру бөлімі–конспекті тексеріледі, үйге берілген жаттығулар мен ситуациялық есептер тексеріледі, шешілмеген сұрақтар түсіндіріледі.
Үйге тапсырма: Студенттерге келесі сабақ 3-тілдің біреуінде болатынын ескерту. Липидтер алмасуы.АСҚ ағзадағы өзгерістері.
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар:
1.АСҚ-ның пайдаланылу жолдары (схемамен).
2. БМҚ биосинтезінің сатылары.
3. Кетон денелерінің синтезі, гиперкетонемия мен кетонурия себептері, аштық және қантты диабет кезіндегі даму механизмі.
4. Кетон денелерінің тотығуы. Ацетосірке және b-гидроксимай қышқылдарының тотығуының энергиялық балансы.
5. Холестерин синтезі, сатылары және холестерин синтезінің реттелуі.
6. Холестерин мен кетон денелерінің синтезінің ұқсастықтары мен айырмашылығы.
7. Холестерин алмасуы.Холестерин алмасуындағы бауырдың рөлі. Холестерин алмасуындағы ТТЛП пен ТЖЛП рөлі.
8. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан бөлінуі.
9. Липидтер алмасуы бұзылуының биохимиялық механизмдері.
Ауызша сұрауға арналған сұрақтар:
1. БМҚ мен глицеринді биосинтетикалық үрдістерге қолдану жолдары(топқа байланысты шет тілінің біреуінде жүргізіледі).
2. Фосфатид қышқылының ФЛ синтезінідегі рөлі.
3. Фосфатид қышқылының ТАГ синтезінідегі рөлі.
4. Глицериннің тотығуы, осы үрдістің энергиялық балансы.
5. БМҚ-ның b-тотығуы және оның энергиялық балансы.
6. Көп қанықпаған май қышқылдарының (КҚМҚ) пероксидтік тотығуы (ЛПТ).
7. Антиоксидантты қорғаныс жүйесінің негізгі бөліктері.
4-5 сұрақтарды талдау кезінде сұрақт ыбірнеше бөлікке бөлуге болаыд. Бір студентке глицериннің ПЖҚ-на дейін тотығуын, 2-ші студентке ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилдену реакциясын бұл кезде реакцияға қатысатын ферменттер мен витаминдерді еска түсіреді, 3-ші студентке схема түрінде АСҚ-дан бастап глицериннің тотығуын жазып қанша АТФ түзілетінін санаатуға болады.
Осындай жолмен БМҚ бета-тотығуын да талдауға болады. 2 студент бета-тотығу
реакцияларын жазса, 3-ші студент АТФ санайды. Топ мүмкіншілігіне байланысты әр түрлі варианттарды қолдануға болады.
2. Келесі сұрақтар бойынша дискуссия
1) ТАГ пен ФЛ синтезінідегі фосфатид қышқылының рөлі.
(Фосфатид қышқылының ФЛ синтезінен ТАГ синтезіне жұмсалу жағдайларын нақтылау).ТАГ пен ФЛ синтезі арасындағы бәсекелестік байланыс.
2) ФЛ синтезіне қандай липотропты заттар қажет?
3) Липидтердің пероксидтік тотығуының (ЛПТ) артуына және оттектің активті радикалдарының түзілуіне қандай факторлар әсер етеді.
4) ЛПТ қандай заттар төмендетеді.Қандай тағам өнімдерінде антиоксиданттар кездеседі.
4. Аз топпен жұмыс: студентерді 2-3 студенттен 3 топқа бөліп , олардың әр қайсысына тапсырма беріледі. 5 минуттан уақыт беріп одан кейін барлығымен талданады.
5. Жазбаша бақылау- тақырып бойынша билетпен жүргізіледі (билеттер берілген).
6. Қорытынды шығару- оқытушы үй тапсырмасын тексеріп студенттерге баға қояды.
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Плешкова С.М., Өмірзақова К.Қ., Абитаева С.А. Заттар алмасуы, оның реттелуі. – Алматы, 2006 ж. – 160-198 б.
2. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия» - М., 2004 – С.373-377 3. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С.297-312
4. Северин Е.С. «Биологическая химия» - М., 2008 – С.351-408, 423-431 Қосымша:
1. ТапбергеновС.О., ТапбергеновТ.С., «Медицинская и клиническая биохимия» Павлодар, 2004 2. Мари Р., Гриннер Д., Мейес П., Родуэлл В. «Биохимия человека», 2003
3. Кольман Я., Рем., К-Г., «наглядная биохимия»., М..: Мир,2004
4. Биохимия . Тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. член- корр., РАН, проф .Е.С. Северина.- М.,2005
5. Биохимия в вопросах и ответах под ред. член-корр., НАН РК, д.х.н. проф .С.М.
Адекенов- Астана ,2003
6. Плешкова С.М., Жакыпбекова С.С, и соавт. Учебное пособие для самостоятельной подготовки студентов по биохимии, часть 2, Алматы, 2009
7. Бақылау
Бұл сабақ бойынша компетенцияларды бағалау әдістеріне кіреді:
Білім компетенциясын бағалау: ауызша сұрақтарға жауап беру, дискуссия, жазбаша бақылау жұмысы, үйге берілген жаттығулар мен ситуациялық есептерді тексеру бойынша іске асады.
Жағдайлық есептер:
1. БМҚ тотыққанда 148 АТФ молекуласы түзілді. Тотығуға қандай БМҚ ұшырады? Дәлелдеңіз.
2. Липидтердің жалпы мөлшері 25 г/л-ге тең. Бұл не туралы куәландырады?
3. Бауырда метионин болмауынан ФЛ синтезі бұзылған. Бұл жағдай неге әкелуі мүмкін?
Тесттер:
1. БМҚ тотыққанда 148 молекула АТФ түзіледі. Қандай БМҚ тотықты?
а) пальмитин б) стеарин в) олеин г) линоль д) арахидон
2. Глицериннің 1 молекуласы тотыққанда түзіледі:
а) 12 АТФ в) 20 АТФ д) 18 АТФ
б) 24 АТФ г) 30 АТФ
3. ЛПТ реакцияларының активаторлары болып табылады:
а) витамин Е в) холестерин д) оттегінің активті түрлері б) глицерин г) вода
4. Антиоксидантты ферменттер болып табылады:
а) липаза
б) пепсин, трипсин в) каталаза, пероксидаза г) цитохромдар
д) супероксидисмутаза, каталаза, глютатионпероксидаза 5. Глицериннің метаболизм жолдары:
а) глицериннің энергия түзе тотығуы, глюконеогенез
б) ФЛ синтезі г) ТАГ синтезі в) ХС синтезі д) БМҚ синтезі
6. Фосфатид қышқылы мына реакцияларға жұмсалуы мүмкін:
а) ТАГ, ФЛ синтезі б) ХС синтезі в) БМҚ синтезі
г) көмірсулардың синтезі д) МАГ синтезі
7. Активті май қышықылы қандай заттың көмегімен митохондрияға тасымалданады:
а) диоксиацетон фосфат арқылы б) фосфоглицерин альдегиді арқылы в) карнитин арқылы
г) ҚСҚ
д) малат арқылы
8. БМҚ қатысатын реакцияларды атаңыз:
а) тотығып энергия бөледі
б) холестерин, ТАГ, простагландин синтезі
в) тотығып энергия бөледі, ТАГ, ФЛ, холестеридтер синтезі г) тотығып энергия бөледі, ТАГ синтезі
9. БМҚ-ның b-тотығуының 1 айналымында тотықсызданады:
а) 1 ФПН және 1 НАДН б) 1 ФПН және 3 НАДН в) 2 ФПН және 2 НАДН г) 3 ФПН
д) 3 НАДН
10.Пальмитин қышқылы тотыққанда қанша АТФ түзіледі?
а) 100; б) 90; в) 150; г) 130; д) 140.
№3 (18) Сабақ
1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Ацетил-КоА-ның пайдаланылу жолдары. БМҚ, кетон денелерінің, холестериннің синтезі. Кетон денелерінің пайдаланылуы. Холестерин алмасуы.
Липидтер алмасуының соңғы өнімдерінің бөлінуі. Липидтер алмасуының бұзылыстары.
2. Мақсаты:
1) Студенттерде активті сірке қышқылының (АСҚ) пайдаланылуының негізгі жолдары туралы білім қалыптастыру.
2) Студенттерде холестерин алмасуы туралы білім қалыптастыру.
3) Студенттерде липидтер алмасуының бұзылуының биохимиялық механизмдері туралы білім қалыптастыру.
4) Студенттердің арнайы әдебиеттермен және интернетпен жұмыс жасаған кезде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.
5) Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу.
3. Оқытудың міндеттері:
1. АСҚ-ң БМҚ, кетон денелері, холестериннің синтезіне пайдаланылу жолдарын қарастыру.
2. Холестерин алмасуын қарастыру.
3. Липидтер алмасуы бұзылуының биохимиялық механизмдерін қарастыру.
4. Жаңадан түсініктер енгізу және терминдерге анықтама беру: кетон денелері(ацетон, ацетосірке қышқылы, бета-гидроки-май қышқылы), кетогенез, ГМГ-редуктаза,мевалон қышқылы, ланостерин, сквален.
5. Студенттерді арнайы әдебиеттермен және интернеттен материал іздеуге ынталандыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. АСҚ-ның пайдаланылу жолдары.
2. БМҚ биосинтезінің сатылары.
3. Кетон денелерінің синтезі, гиперкетонемия мен кетонурия себептері, аштық және қантты диабет кезіндегі даму механизмі.
4. Кетон денелерінің тотығуы. Ацетосірке және b-гидроксимай қышқылдарының тотығуының энергиялық балансы.
5. Холестерин синтезі, сатылары және холестерин синтезінің реттелуі.
6. Холестерин мен кетон денелерінің синтезінің ұқсастықтары мен айырмашылығы.
7. Холестерин алмасуы.Холестерин алмасуындағы бауырдың рөлі. Холестерин алмасуындағы ТТЛП пен ТЖЛП рөлі.
8. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан бөлінуі.
9. Липидтер алмасуы бұзылуының биохимиялық механизмдері.