• Tidak ada hasil yang ditemukan

Тақырыбы: Гликопротеиндер, хромопротеиндер: өкілдері, қасиеттері, құрылысы, маңызы

Dalam dokumen СИЛЛАБУС - KazNMU Repository (Halaman 63-68)

№ 3 Сабақ

f. белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған реакциялар. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

g. Белоктардың амфотерлік қасиеті. Орта рН-ының белок зарядына әсері.

h. Белоктардың коллоидты қаситтері. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.

i. Тұнбаға түсу реакциялары және белоктардың тұздалуы. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

j. Белок молекуласының құрылымдары (структуралары). Денатурация, ренатурация.

4.Белоктардың жіктелуі.

5. Альбуминдердің, глобулиндердің, протаминдердің, гистондардың және склеропротеиндердің (коллагендердің, эластиндердің, кератиндердің) химиялық қасиеттері, олардың ролі мен табиғатта таралуы

6. Гликопротеиндер, құрылысы, қасиеттері, маңызы, жіктелуі. Нағыз гликопроетиндердің протеогликандардан ерекшелігі, негізгі өкілдері.

7.Хромопротеиндер, жіктелуі: гемопротеиндер, магнийпорфириндер, пигменттер, құрылысы, маңызы.

8.Нуклеопротеиндер, құрамы, қасиеттері. Нуклеин қышқылдары – құрылымдары, құрылысы, ролі.

9. Металлопротеиндер, липопротеиндер, фосфопротеиндер – құрылысы, өкілдері, ролі.

«Практикумнан...» №№ 1, 2, 3, 5, 7, 8, 10, 12, 13, 14, 18, 19, 20б, 25 зертханалық жұмыстарды конспектілеу.

2.Блиц-сұрақ тест сұрақтары бойынша жүргізіледі.

3.Ауызша сұрау төмендегі сұрақтар бойынша жүргізіледі:

1) Гликопротеиндердің құрылысы туралы түсінік. Жіктелуі. Нағыз гликопротеиндердің протеогликандардан айырмашылықтары.

2) Нағыз гликопротеиндер, химиялық қасиеттері, өкілдері: муциндер, иммуноглобулиндер; қан тобын анықтайтын белоктар; гормондар; тасымалдаушы белоктар; ферменттер; рецепторлар, олардың маңызы, таралуы.

3) Протеогликандар, құрамы, құрылысы, өкілдері.

4) Гиалурон қышқылының құрылысы және ролі.

5) Хондроитинкүкірт қышқылының құрылысы және ролі.

6) Гепариннің құрылысы және ролі.

7) Хромопротеиндер, жалпы сипаттамасы, жіктелуі (гемопротеиндер, пигменттер, магнийпорфириндер).

8) Гемоглобин, құрылысы, ролі.

9) Миоглобин, құрылысы және ролі.

10) Нуклеопротеиндердің құрамы.

11) Мононуклеотеидтер және олардың туындыларының құрылысы, маңызы.

12) ДНҚ-ның біріншілік құрылымы, оның үзіндісін формуламен көрсету.

13) ДНҚ-ның екіншілік құрылымы.

14) ДНҚ-ның үшіншілік және құрылымы.

15) м-РНҚ, құрылысы, құрылымдары, ролі. Генетикалық кодтың қасиеттері.

16) т-РНҚ-ның екіншілік құрылымын схема түрде көрсету, ролі.

17) р-РНҚ, рибосоманың құрылысы, ролі.

4.Жазбаша бақылаубилеттер бойынша жүргізіледі (билеттер бар)

5.Сабақты қорытындылау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды, баға қояды және қойылған бағаны студенттерге жариялайды.

6. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Белоктар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.

2.Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, витаминдер.– Алматы, 2009 ж. – 46-88 б

3.Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.

4. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Қосымша:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред.

басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

4. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.

Орыс тілінде:

1. Северин Е.С. «Биохимия», 2007 стр.19-27

2. Николаев А.Я. “Биологическая химия”, Москва, 2004г., с. 16 - 59

3. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия”, Москва ,2004, с. 20 - 74 4. Строев Е.А. “Биологическая химия” – Москва, 1986г.

5. Аблаев Н.Р. «Биохимия в схемах и рисунках», 2005г.

7.Бақылау студенттердің билеттерге, блиц-сұраққа, ауызша талдау кезіндегі берген жауаптары бойынша жүргізіледі.

Тесттік тапсырмалар:

1. Күрделі белоктардың құрылысы:

А. Бірдей амин қышқылдарынан;

Б. Әр түрлі амин қышқылдарынан;

В. Циклді амин қышқылдарынан;

Г. Жай белоктан және простетикалық топтан;

Д. Простетикалық топтан тұрады.

2. Күрделі белоктарға жататындар:

А. фосфопротеиндер;

Б. Нуклеопротендтер;

В. Гликопротеиндер;

Г. Склеропротеиндер;

Д. Хромопротеиндер.

Сәйкес комбинацияны табыңыз:

 А - 1,2,3,4

 Б - 1,2,3,5

 В - 1,3,4,6

 Г - 2,3,4,5

 Д - 2,3,4,6

3. Хромопротеиндер-күрделі белоктар, простетикалық тобы ретінде болады:

А. Амин қышқылдары;

Б. Фосфор ышқылының қалдығы;

В. Боялған заттар;

Г. Глюкоза;

Д. Кальций.

4. Организмде тыныс алу белоктары:

А. протондар мен электрондарды тасымалдауға қатысады;

Б. оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдауға қатысады;

В. катализдік функция атқарады

Г. АТФ-тің түзілу реакцияларына қатысады Д. тіректік функция атқарады

5. Гемоглобин молекуласы тұрады:

А. бір гемнен және бір полипептидтік тізбектен Б. бір гемнен және төрт полипептидтік тізбектен В. төрт гемнен және төрт полипептидтік тізбектен Г. үш гемнен және төрт полипептидтік тізбектен Д. бір гемнен және екі полипептидтік тізбектен 6. Гемоглобин гемінің рационалды аты:

А. 1,3,5,8-тетраметил, 2,4-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының порфині Б. 1,3,5,8-тетраметил, 2,4-диэтил, 6,7-дипропион қышқылының порфині

В. 1,2,5,8-тетраметил, 3,4-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының темір порфині Г. 1,3,4,8-тетраметил, 2,5-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының темір порфині Д. 1,3,5,8-тетраметил, 2,4-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының темір порфині 7. Гемоглобин қатысады:

А. бүйректің қалыпты функциясын сақтауға Б. газдарды тасымалдауға

В. қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті сақтауға Г. Минерал заттардың алмасуына

Д. гидролитикалық процестердің жылдамдығын реттеуге Сәйкес комбинацияны табыңыз:

*А - 1, 2

* Б - 2, 3

* В - 3, 4

* Г - 4, 5

* Д - 5, 1

8. Ағзада нағыз гликопротеиндер:

А. гормондардың рецепторлары

Б. май қышқылдарын тасымалдауға қатысады В. қан тобын анықтайды

Г. қорғаныш функциясын атқарады Д. энергия көзі болып табылады Сәйкес комбинацияны табыңыз:

*А - 1, 2, 3

* Б - 1, 3, 4

* В - 1, 3, 5

* Г - 2, 3, 4

* Д - 2, 3, 5

9. Нағыз гликопротеиндердің молекуласы шамамен болады:

А. 50% жай белок және 50% простетикалық тобы Б. 80% жай белок және 20% жүйесіз көмірсулар

В. 20% жай белок және 80% жүйесіз көмірсулар Г. 100% аминқышқылдардың қалдықтары Д. 10% белок және 90% белок емес бөлік 10. Нуклеопротеиндер организмде:

А - қорғаныштыққызмет атқарады

Б – жасушалар мен жасушааралық зат аралығында су мен электролиттер алмасуын қамтамасыз етеді

В – жасушалар мен тіндердің құрылысы мен қасиеттерінің арнайылығын қамтамасыз етеді Г – құрылымдық қызмет атқарады

Д – тасымалдау қызметін атқарады

№4 сабақ

1. Тақырыбы: Белоктар. Белоктардың маңызы. Жалпы қасиеттері, жіктелуі. Жай және күрделі белоктардың жеке өкілдері; құрылысы, ролі. Нуклеин қышқылдары. ДНҚ, РНҚ, құрылымдары, маңызы. Белоктарға түсті реакциялар және тұнбаға түсу реакцияларын демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.

2.Мақсаты:

1) Материалдыңмеңгеру тереңдігін тексеру.

2) Зертханалық ыдыстармен және биологиялық материалдармен, реактивтермен жұмыс істеуге дағдыландыру. (жұмыртқа белогы, желатин).

3) Студенттерді кіші топтарға бөле отырып, жұмыс жасату және жаңа терминдер мен ұғымдарды енгізу арқылы коммуникативтік дағдылануды дамыту.

4) Кәсіптік әдебиеттер мен интернетте жұмыс істеуге дағдыландыру.

3.Оқыту міндеттері:

1. Зертханада ерітінділерді қыздырғанда, химиялық реактивтермен, ыдыстармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

2. Керек препараттарды қалай дайындауды үйрету.

3. Түсті реакциялармен және тұнбаға түсіру реакцияларымен жұмыс істеу әдісін үйрету.

4. Зертханалық жұмыстардың негізгі принципін айқындау және олардың клиникалық- диагностикалық маңызын түсіндіру.

5. Биохимиялық реакциялардың нәтижесін дұрыс түсіндіре алу.

6. Студенттерді кәсіптік әдебиеттермен жұмыс ітеуге және интернеттен жаңа ақпараттарды табуға ынталандыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Белоктар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері 2. Белоктардың жіктелуі.

3.Жай белоктардың өкілдері (альбуминдер, глобулиныдер, протаминдер, гистондар, коллагендер, эластиндер, кератиндер), қасиеттері, құрылысы, маңызы.

4.Күрделі белоктардың өкілдері (фосфо,- глико,- хромо,- метало,- липо- және нуклеопротеиндер), құрылымы, қасиеттері, маңызы.

5.Нуклеин қышқылдары, түрлері, бір-бірінен айырмашылықтары, құрылымы, қасиеттері, маңызы.

6. Түсті реакциялардың жіктелуі, принциптері, тәжірибелік маңызы.

7. Түсті реакциялар арқылы ертіндіден құнсыз белоктарды қалай анықтауға болады?

8. Белоктарды тұнбаға түсіру және тұздалу реакцияларының медицинада қолдану принциптері.

9. Қан сарысуындағы белоктардың гидролиздену дәрежесін биурет реакциясы және аммоний сульфатымен тұздалу реакциялары арқылы қалай анықтауға болады?

5.Әдістер мен оқытудың тәсілдері:

Аралас-әдіс:

1) Жазбаша сұрау

2) Кіші топтармен жұмыс істеу- зертханалық жұмыстарды істеу

Оқыту құралдары: дәрістің электронды нұсқасы, толтыратын кестелер, жұмыртқа белогы, желатин, химиялық реактивтер, зертханалық ыдыстар, жазбаша тексерілетін билеттер, силлабус.

Бағаланатын құзырлылылар:

- Білім – жазбаша сұрақтарға жауап беру арқылы бағаланады.

- Практикалық дағды– зертханада жұмыс істеу сапасына және оларды дұрыс түсіндіре алуына қарай бағаланады.

1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі – оқытушы студенттерді сабақтың мақсаты мен міндеттерімен

Dalam dokumen СИЛЛАБУС - KazNMU Repository (Halaman 63-68)