• Tidak ada hasil yang ditemukan

Сұйық қож жоюы бар оттықтар

Dalam dokumen ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ОТЫНДАР (Halaman 95-99)

95

Шахталық оттықтарда қарапайым ОРГРЭС типті жанарғысын қолданған дұрыс (8-22 сурет); сонда қоса диірменде ауа қысымын 40-60 мм су бағ. болу қажет.

Шахталық оттықтарда модернизацияланған амбразурны

қолдану кезінде ұшпа

шығарындылары Vг>30% тас көмірлері, қоңыр көмірлер, сланецтар, фрезторфтар жақсы жанады. Бұндай

оттықтардың нашарлаған

аэродинамикасы ауа

артықшылығының жоғары болуын (αm=1,25) және оттық көлемінің жүктемесі аз болуын қажет етеді:

630 540 / от  

ж

т V

BQ МДж/м3∙сағ. Осы

кезде химилық толық жанбау 0,5-1,0%

шамасында және механикалық толы жанбау 1%-дан (қоңыр көмір және фрезторф үшін) 3-4 % дейін болады (тас көмірін жағу кезінде).

96

қожпен физикалық жылу жоғалтуы артады (бұл жоғалту 400-450 ккал/кг қожқа тең).

Балқыған қож оттықтан жоғарыпотенциалды жылуды әкетеді, бірақ оны қолдану қиынға соғады. Оны қолданудың ең қарапайым тәсілі ол суды қыздыру, онда қож гранулирленеді, бірақ су 80 0С жоғары қыздырылмайды, ал бұндай потенциалдың энергетикалық құндылығы үлкен емес.

Ең тиімдісі әрі қиыны ол – қож жылуын ауаны қыздыру мақсатында қолдану. Әзірше, сұйық қож жылуын жоғалту ретінде қарастырады.

Ұшпа заттары аз шығатын көмірлерді жағу кезінде, әкетілетін газдар құрамында жанғыштар салыстырмалы көп болатын кезде, жанғыштарды толық жағу арқылы жылуды арттыру қождың физикалық жылу жоғалтуының артуынан көп болады және қазанагрегатының п.ә.к.-і оттыққа түсетін күл мөлшерінің артуымен жоғарылайды. Жоғарыреакционды отындарды жағу кезінде, әсіресе келтірілген күлділігі жоғары отынды және әкетілетіндерді жақсы жағу кезінде қождың физикалық жылуымен жоғалтудың артуы жанғыштарды толық жағу арқылы жылуды арттырудан көп болады және қазанагрегатының п.ә.к.-і оттықта күлдің ұсталуы артқан сайын азаяды.

Қожжою түрін таңдаған кезде тек қазанагрегатының п.ә.к.-нің өзгреуіне ғана емес онда да басқа факторларды ескеру қажет. Түйіршікті қож салыстырмалы ірі шыңытәріздес бөлшектер қоспасынан тұрады және оны жол құрылысында, құрылыс материалдарын өндіруде қосымша қоспа ретінде қолдануға болады. Ол шаң түзбейді және тасымалдау кезінде ешқандай кедергі тудырмайды. Өте майда, қатты шаңданатын ұшпа күлді құрғақ түрде тасымалдау қиынға соғады. Гидравликалық күлжою кезінде ұшпа күл тасталатын суларды қатты ластайды.

Сондықтан, сұйық қожжою кезінде күлаулағышта ұсталған ұшпа күлді қайта оттық әкеліп оны толық жағып және күлді балқыған қожқа ауыстыру жиі қолданылады.

Оттықта күлді ұстаудың жоғары дәрежесі күлаулағыштың п.ә.к.-не талаптарды төмендетеді, кейбір кезде оны қолданбауға мүмкіндік береді.

Құбырлардың күлден тозуы қазанагрегатының эксплуатациялық беріктігін жоғарылатады және газоходта үлкен жылдамдықты қолдануға мүмкіндік береді. Бұл жылу жіберу коэффициентін өсуіне әкеледі және газоход қимасы мен қыздыру беттерінің өлшемін кішрейтуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандай, біркамералы сұйық қожжоюы бар оттықтарда, әдетте, 30-40% қож ұсталынады. Бұл қождың бір бөлігі оттық астына жалыннан ұсақ бөлшектердің агломерациясы арқылы тікелей түседі, бірақ қождың негізгі бөлігі тікенекті экранды құбырлар бетіне жиналып, қож қабат түзілумен бірге балқып оттық астына ағады.

Оттық астының аумағында қож температурасы оның еркін қозғалысы мен летка арқылы еркін ағып түсуін қамтамасыз ету керек. Сондықтан сұйық қожжоюы бар оттықтарда жанарғылар оттық астына жақын ораналасады. Осы арқылы сол жерде максималды температура орнатылады.

97

Сұйық қозғалмалы қож қарапайым отқатөзімді материалды жеңіл ыдыратады. Сондықтан оттық астында қождың қалың қабаты болады (200мм).

Ол қабаттың деңгейі летка босағасының орналасуымен сипатталады. Бұл босаға қожпен шайылмас үшін ол сулы салқындатуы бар болат немесе шойын құймадан жасалады (8-23 сурет).

Қож жиналып, леткадан төгіледі және су толтырылған ваннада түйіршіктенеді.

Қожды ваннаның жоғарғы жағында қождың қозғалысты күйін қамтамасыз ететін температура сақталады, бірақ төменгі қабаттар жылуәкету мен қождың жылуөткізгіштікгі төмен болғандықтан жоғары тұтқыр немесе қатып қалған күйде болады, бұл оттық астын қожтан ыдырауынан сақтайды. Кейбір құрылымдарда оттық астыда экрады құбырлар орналасады, ол қожды интенсивті салқындатады.

Біркамералы оттықтарда балқу зонасы салқындату зонасынан бөлінбеген;

бұл оттық астына жақын жердің температурасын төмендетеді және қиынбалқитын күлді отындарды қолдануды шектейді.

Балқу зонасында температураны жоғарылату үшін кейде екі зона арасындағы жолды тарылтады (4.24 сурет).

Балқу зонасының салқындату зонасынан толық бөлінуі және оттықта күлді ұстап қалудың артуы екікамералы оттықта жүзеге асады (4.24 сурет).

Бұл оттықтарда бірінші камера қабырғалары тікенекті экранды құбырлармен қапталған, ал одан шығар жолда барлық жағынан тікенекпен қапталған екі немесе үш қатарлы құбырлар түйіні орнатылған. Бірінші камерада отынның жануы аяқталады. Барлық жері тегіс құбырлармен экрандалған екінші камера салқындату камерасы болып табылады. Бірінші камерада жанарғылар көбінесе төбеде орналасады және жалын сұйық қож қабатымен қапталған оттық астына бағытталады. Соның арқасында күлдің ұсталуы болады.

4.23-сурет. Сұйық қожжоюы бар оттықтың қожды летка

98

4.25-сурет. Сұйық қожжоюы бар екікамералы оттық

Жану камерасында жылулық кернеу (2000 – 3300) МДж/м3∙сағ тең, ал бұл камера шығсында температура 1500-1600 0C және одан жоғары болады.

Бұндай температурада күл балқыған күйде болады және оның тамшылары салқындату камерасына шығуында орнласқан футерленген құбырлар түйініне түсіп, олардан қожды ваннаға ағады. Екікамералы оттықтарда құбырлар түйінімен қосымша күл ұсталынуымен, ол құбырларда 50-60% күл жиналады, ал көпкүлді отын кезінде 70% дейін жетеді.

Мұндай оттықтар жақсы жұмыс істеуі үшін, отын құрамында жеткілікті мөлшерде ұшпа заттар болуы және жану бірінші камерада аяқталып үлгеруі қажет. Одан басқа, күлдің балқу температурасы өте жоғары болмау қажет.

Қиынбалқитын күлді отынды қолдану кезінде бірінші камера қабырғалары бойынша ағатын қож қабатының температуарсы қатты жоғарылайды. Сәйкесінше бұл қабаттың жалынға кері сәулеленуі де артады.

Ол экрандардың жылужұтуын айтарлықтай төмендетеді. Экрандардың жылуәкетуінің төмендеу жану камерасының температурасының артуына әкеледі.

Оттық камерадағы жылуалмасуға оттық жүктемесінің төмендеуі қатты әсер етеді. Бұл кезде байқалатын температураның төмендеуі (экранның бірлік бетіне жылубөлінудің азаюына байланысты) қабырғалардағы қож қабатының қалыңдануынан экрандардың жылуқабылдағыштық қабілетін төмендетеді.

Қарастырылған оттықта жеңіл балқитын күлді өнімсіз көмірін жағуға жарамайды. Әсіресе қазанагрегатының төмен қуатты кезінде.

4.24-сурет. Балқу мен салқындату зоналар арасындағы тарланған жолы бар оттық

99

Dalam dokumen ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ОТЫНДАР (Halaman 95-99)