• Tidak ada hasil yang ditemukan

Төмен сұрыпты отынның қатуы және оның алдын алу бойынша іс-

Dalam dokumen ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ОТЫНДАР (Halaman 123-126)

123

тармаққа және үстелге түседі. Осының нәтижесінде отын қабатының нақты биіктігі қоректендіргіш жамылғысының ішкі бөлігінің биіктігіне тең болады (1м жоғары болады). Өз ретінде, қабат биіктігінің ұлғаюы бункердегі жинақ түзілуінің ықтималдылығын төмендетеді. Одан басқа, бұл қоректендіргіш ірі өлшемді материал мен бөгде қосындыларды бөлек ағынға жоюын қамтамасыздандырады.

5.3 Төмен сұрыпты отынның қатуы және оның алдын алу бойынша

124

өлшемі 25 мм асатын сорттық отын қатпайды деуге болады. ЖЭС-на жеткізілетін отын теріс температурада әрдайым қатуға ұшырайды, өйткені оның жұмыстық ылғалдылығы ωб асады.

Стектерде отынның қатуын болдырмау үшін ЖЭС қоймаларының жұмыс тәжірибесінде келесі шаралар қолданылады: бетінің қопсытуының алдын алу, стекті құрғақ көмірмен жабу, стек бетінен аса ылғал отын қабатын жою, отынға беттік-белсенді затшаларды қосу, реагенттік еріту.

Беттік профилактикалық қопсытудың мәні 0,5-1 м тереңдікке дейін беттік қатқан қабатты мерзімдік механикалық қопсытуға келтіреді. Беткі қабатты 1,5-2 ай мерзімділікпен қопсыту. Егер стек беті әрдайым қармен бүркелген болса, оны қопсыту ұсынылмайды, өйткені беттік қабаттың ылғалдануының жоғарылуына келтіреді. Басында ескерілгендей, ылғалдылықтың жоғарылауы – ол қабаттық қайталама қатуының лезде белсенділенген мүмкіндігі. Егер бетінде қар жоқ болса, онда оны қопсыту жеткілікті тиімді болады. Бұл беткі қабаттан ылғалдың қатаюымен және стектің үстінде қауіпсіз ылғалдылықтағы отын қабатының түзілуімен шартталған.

Көлбеулер көбіне жүктегіш крандарының көмегімен қопсытылады, стектік көлденең беті – қатқан және тас грунттарды қопсыту үшін қолданылатын арнайы ілгіш қопсытқыштармен немесе бульдозерлер көмегімен қопсытылады.

Жүктегіш крандарының көмегімен қопсыту грейфермен жүзеге асырылады. Шұңқырлы қоршау нәтижесінде пайда болған жердің үстінде грейфер көтеріледі, және отын бастапқы орнына төгіледі. Грейферді көлденең беттерді қопсыту үшін де қолдануға болады, бірақ ол, осы мақсатта бульдозерлер мен ілгіш қопсытқыштарды қолдануға қарағанда тиімділігі аз.

Бетті бульдозермен қопсыту кезінде бульдозердің пышақтары стектің ең етегінен кеседі, пышақтарды ақырын көтере отырып шетіне ғарай бульдозер кішкене жылжиды. Содан соң бульдозер артқа шегініп бірінші операция нәтижесінде түзілген ойық алдына отынның жаңа үлесін алады да, отынның келесі үлесін қопсыта отыра, оған тастайды. Бұл операция көлденең беттің толық бойымен қайталанады. Мұндай, бетті қопсытудың тәсілі, өзінің арзандығымен, байланысты, Урал және Сібір шарттарында кең пайдаланылады.

Стек бетін термо оқшаулаудың рөлін атқаратын, құрғақ қатаймайтын көмірмен жабу жеткілікті тиімді іс-шара болып есептелінеді. Осы уақытта ЖЭС-да күзгі-қысқы кезеңде осы мақсаттар үшін пайдалы (ωб аз ылғалдылықты отын, 25 мм асатын өлшемі бар сұрыпталған отын) отынның келуі өте аз.

Төменсұрыпты отындар үшін стек бетінен отынның аса ылғалды қабатын жоюмен байланысты тәсіл мүмкін емес, өйткені ТЭО жағдайында бұл қабат аса құрғақ болып есептелінеді. ТЭО стегіндегі қатқан беткі отын қабатын болдырмау үшін беттік-белсенді заттарды (ББЗ) пайдалану ЖЭС-да кең қолданылымға ие болмайды, өйткені бұл әдіс аса төмен температурада қолданылады. Ұсақ дисперсті ТЭО үшін ББЗ шығыны негізсіз үлкен болады.

125

Отынның қатуын болдырмау үшін ТЭО-да химиялық реагенттермен өңдеу әрекеттері қабылданды – реагенттік әдіс тұздың сулы ерітінділерімен қату температурасын мағыналы төмендетуге негізделген. Аса белсенді және арзан реагенттер болып магни (-55˚С кезінде қататын қаныққан ерітінді) және натри (-21˚С кезінде қататын қаныққан ерітінді) хлоридтері саналады. Бірақ хлоридтер қазандардың қыздыру бетінің хлоридтік коррозиясын қатты күшейтеді; 0,4-0,6% жоғары хлор құрамды отын жоғары қождаушы болып табылады.

Бұл реагенттер көбінде ұнтақ түрінде (құрғақ әдіс) стек беттеріне немесе қаныққан ерітінді түрінде вагон қабырғаларына жағылады. Осыған байланысты реагенттермен өңделген отынның бөлек порцияларында хлор концентрациясы 0,4-0,6% көп болуы мүмкін. Хлоридтер құрамында легірленген қоспа ретінде никель тот баспайтын болаттардың коррозиясын қатты жылдамдатады.

Жақсы ерітілетіндігімен байланысты бұл тұздар жауын шашынмен жақын орналасқан су қоймаларына жуылады, қоршаған ортаны ластайды.

Соңғы кезде Сібір және Қиыр Шығыс аумақтарында пайдалы қазбаны өндіру кезеңін ұлғайту үшін грунт бетінде жылумен оқшауланатын қатты көбікті құру әдісі кең қолданыс табуда. Бұл тау-кен өндірісіне жыл бойы жұмыс атқаруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс, егер реагенттік-көбік түзгіштердің аса арзан түрін таба алсақ, стектерде ТЭО-ды сақтау кезінде кең қолданымға ие болады. Қазір ЖЭС-да аса кең қолданысқа стектердің беткі қатқан қабатын бұзудағы түрлі әдістері ие, мысалы қоңыр-жарылғыш және экскаваторлық тәсілдерімен, клин-бабой және қопсытқыштармен. Қопсытқыш қондырғылар тракторға орнатылады, зауыттық өндірістегі қопсытқыштар бар, электрстанциялардың қатарында өзіндік құрылысындағы қопсытқыштар қолданылады. Көп таралымға жану әдісі ие болуда. Ол үшін, стектердің әр-бір шаршы метр бетіне, қатқан қабаттың қалыңдығынан кішкене аз тереңдіктегі, диаметрі 60-70 мм скважиналар бұрғыланады. Скважиналарға жарылғыш заттардың аз зарядтары орналатырытады, олардың жарылуы кезінде беті жақсы қопсытылады. Бұл әдісті жүзеге асыру барысында жарылмаған жарылғыш затты қазан ошағына, ұсақтағыш және ұсақтағыш ұнтақтағыш қондырғыларға түсіп кетпеуін болдырмау тиіс.

Отынның қатқан қабатын алу үшін экскаваторларды пайдалану жақсы тиімділігін көрсетті. Бұл әдістің кемшілігі, табиғи бұзылуы тек жылы ауа- райының түсуімен болатын, қатқан мұздармен көмір қоймасының аумағы бөгеттелуі есептелінеді.

Қазіргі уақытта, ЖЭС-да тараған әдіс болып, экскаваторға қондырылған, клин-бабы көмегімен, қатқан қатар қабатты бұзу есептелінеді. Бұл әдіс салыстырмалы арзан, әр-бір электрстанцияларына қолжетімда.

Стектерде отын әрдайым аз немесе көп мөлшерде, температураны ұлғайтуға әкелетін (50-80˚С дейін және көп), отынның қышқылдану үрдісі жүреді. Бұл жылуды стектің қуатын алдын алу үшін пайдалану мүмкіндігі ұсынылады.

126

Стекте газ ортасының белсенді айналымын болдырмау және отынның төмен жылу өткізгіштігін есепке ала, жылуын пайдалану үшін жылулық құбырлар ұсынылуы мүмкін. Олардың төменгі етектері тотығу аумағында қаланған болуы тиіс, ал жоғарғысы стектен отынның іске асуы кезінде ыңғайлы алынуы үшін бетіне шығарылады.

Осы тәсілмен отынның жоғарғы қабатының қатуын алдын алу үшін өздігінен жану және тотығу үрдістерінің ағымы нәтижесінде отын жоғалтулары төмендейді, және стекте 40˚ дейін және төмен температураға дейін төмендеуге қол жеткізіледі.

Соңғысы торф, қоңыр және Д мен Г маркалы ұнтақталған тас көмірі үшін актуалды. Д және Г, Ж және Т маркалы көмірлерді 6 ай бойы сақтау кезінде 4,9 және 1% дейін сәйкестікте жану жылуы төмендейді. Өздігінен тотығу үрдісі отынның өздігінен жану сатысына өткен жағдайда, бұл шығындар көп мөлшерде ұлғаяды.

5.4. Отынмен қамдау тракті бойынша қатқан отынның өтуі кезіндегі

Dalam dokumen ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ОТЫНДАР (Halaman 123-126)