• Tidak ada hasil yang ditemukan

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИ ТЫНЫҒУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ

Бақыт Аяулым Бағланқызы [email protected]

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 2 курс магистранты, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Ғылыми жетекшісі – П.Б.Сейітқазы

Жаһандану үдерісіне сәйкес, бүгінгі қоғамның әлеуметтік белсенді тұлғаға қоятын талаптары жоғары. Еліміздегі жалпы білім беру жүйeсінің стрaтeгиялық мaқсaты – бәсeкeлeстікке қaбілeтті, шығaрмaшыл тұлғa қaлыптaстыру үшін қолaйлы жaғдaйлaр жaсaу болып тaбылaды. Қaзіргі оқушылaр бeлгілі бір білімдeрді aлып қaнa қоймaй, іскeрліктeрді игeріп, aлғaн үлгі-өнeгeні өмір бойы пaйдaлaнa aлулaры тиіс.

Осы орайда, өскелең ұрпақтың сапалы білімі мен саналы тәрбиесі ғана емес, бос уақытының тиімді ұйымдастырылуы да маңызды болып табылады.

Мектеп оқушыларының бос уақыты белгілі бір деңгейде реттелуі қажет және оны сапалы қолдану адамның ішкі мәдениетіне тікелей байланысты болады.

Бос уақыт пен мәдени тынығу оқушы үшін өзіндік әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Мектеп оқушыларының мәдени тынығуын реттеу, бос уақыттарында түрлі үйірмелер мен жарыстарға қатыстыру, әлеуметтік-психологиялық бағыттағы тренингтер ұйымдастыру, тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетіне үйрету оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырып, әлеуметтенуіне жағдай жасайды. Бос уақыттары мен мәдени тынығуы тиімді ұйымдастырылған оқушылар тұлға ретінде жан-жақты қалыптаса бастайды, рухани және физикалық тұрғыдан дамиды.

Мектеп оқушыларының бос уақыты мен мәдени тынығуын дұрыс ұйымдастыруға мұғалімдермен қатар, әлеуметтік педагогтар да тікелей қатыса алады. Әлеуметтік педагогтар мектепте оқушылардың бос уақытын нәтижелі ұйымдастыруға, мәдени-тынығуын қамтамасыз етуге және әлеуметтік-мәдени ортада тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты маман болып саналады. Олар жеке тұлғаның педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін, қызығушылығы мен қажеттіліктерін зерттейді, оқушылардың мінез-құлқындағы ауытқушылықты дер кезінде анықтап, уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету бағытында жұмыстар атқарады.

Мектепте әлеуметтік педагог мамандар бірқатар маңызды міндеттерді орындайды, атап айтатын болсақ:

- барлық жас кезеңіндегі оқушылардың әлеуметтік және тұлғалық мәселерін анықтау мақсатында әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер жүргізеді;

- оқушылардың құқықтарын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қорғау мәселесімен айналысады;

- аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік-педагогикалық қолдау білдіру және тұлғаның әлеуметтену үдерісіне теріс ықпалын тигізетін факторларды анықтау бағытында жұмыстар атқарады;

- ата-аналарға, мұғалімдерге т.б әлеуметтік-педагогикалық бағытта кеңес береді;

- әлеуметтік-педагогикалық бағытта алдын-алу шаралары мен түзету жұмыстарын жүргізеді (құқық бұзушылық, қылмыстық, заянды заттарға әуестік және т.б);

- баланың дамуына ең оңтайлы педагогикалық ортаны құрады, балалар мен жеткіншектердің қызығушылықтары мен қабілеттерінің дамуына қолдау көрсетеді;

- ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-әрекеттерді орындайды және т.б [1, 29 б].

Бұдан бөлек, отбасыларға балалардың тәрбиесі бойынша әлеуметтік- педагогикалық қолдау көрсету, қамқоршылықты қажет ететін оқушыларды анықтап, оларды есепке алу жұмыстарын орындау, оқушылардың ақыл-ой және физикалық дамуына байланысты түзету және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру да әлеуметтік педагогтың негізгі қызмет түрлеріне жатады.

Әлеуметтік педагогтар мектептегі қызметі барысында мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен, оқушылармен және олардың ата-аналарымен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Оның қызметінің негізгі нысаны – балалардың құқығын қорғау, олардың дамуына жағдай жасау, отбасы мен мектептің арасындағы байланысты жүзеге асыру.

Біз зерттеу жұмысымыз аясында әлеуметтік педагогтардың оқушылардың мәдени тынығуын ұйымдастыру бағытында орындайтын жұмыстарын зерттеуге көңіл бөлдік. Оқушылардың мәдени тынығуын ұйымдастыру мәдениетті тұлғаны қалыптастыруға негізделеді.

Философиялық, психологиялық және педагогикалық бағыттағы еңбектерге талдау жасау нәтижесінде, «мәдениет» ұғымы сипаттамасының көп екендігіне көз жеткіздік.

«Мәдениет» түсінігін ежелгі философтар «жанды жетілдіру» деген мағынада қарастырған. Кейінірек мәдениет сөзі «даму», «білім беру»,

«қабілет», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Уақыт өте келе, тәрбиелеу, оқыту деген түсініктермен қатар, кең мағынада білім беру, ағартушылық деген мағыналарда да қолданылған. Демек, бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры сонау көне заманнан бастау алады. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, олай болса, білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады [2, 49 б].

Оқушылардың мәдени тынығуын тиімді ұйымдастыру негізгі әлеуметтік институт саналатын отбасындағы жағдайға да тікелей байланысты болып табылады. Бұл жағдайда, әлеуметтік педагогтар баланың отбасылық ахуалы туралы толық мәлімет ала отырып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс атқарады. Ата-аналарға әлеуметтік-педагогикалық бағытта кеңес береді және оқушы тұлғасының дамуына тиімді педагогикалық ортаны құруға жағдай жасайды.

Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру әлеуметтік педагогтың біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігіне де тәуелді болады.

Нәтижелі ұйымдастырылған мәдени тынығу үдерісі оқушылардың рухани- адамгершілік қасиеттері мен мәдени бағытта дамуына ықпал етеді.

Оқушылардың мәдени тынығуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

саяхаттарды, үйірмелерді, дөңгелек үстелдер, конференция, пікірталастар, пәндік олимпиадалар, жарыстар, шығармашылық сайыстар және т.б атап өтуге болады.

Отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, оқушылардың мәдени тынығу іс-әрекетін ұйымдастыру мектептің оқу-тәрбие үдерісінің маңызды бөлігіне жатады. Оқушылардың дамуына психологиялық-педагогикалық қолдау жасау және сыныптан тыс педагогикалық іс-шараларды ұйымдастыру мұғалім, ата-ана, әлеуметтік педагог және оқушыларды ортақ істерге жұмылдырады [3, 67 б].

Әлеуметтік педагогтар тарапынан ұйымдастырылатын оқушылардың мәдени тынығу іс-әрекеті оларға өзінің және өзгенің жетістіктері мен қабілеттерін дұрыс бағамдауға, өзбетімен шешім қабылдауға, сыни бағытта ойлануға, шығармашылықпен айналысуына көмектеседі, ішкі қалауы мен қабілетіне сәйкес келетін өнермен немесе қызығушылығы сәйкес шығармашылықпен айналысуға, мінезінің әлсіз тұстарын дамытуға мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың бос уақыты мен мәдени тынығуын ұйымдастырудың төмендегідей құрылымдары бар:

- Өзінің бастамасымен қосымша сабақтарға қатысу, өздігінен білімін көтерумен айналысу, қоғамдық жұмыстарға атсалысу;

- Мәдени құндылықтарды тұтыну;

- Ғылыми-техникалық шығармашылық;

- Спорт, туризм және физикалық мәдениет;

- Қызығушылығына сәйкес келетін қабілеттерін дамыту және т.б [4, 139 б].

Оқушылардың бос уақытында мәдени-тынығуын тиімді ұйымдастыру мақсатында келесі әдістерді қолдануға болады: ойындар мен тренингтер;

театрланған көріністер, жарыстар, тәрбиелік жағдаяттар, импровизация және т.б.

Мектепте оқушылардың мәдени тынығуын ұйымдастыру бағытында төмендегідей іс-шараларды өткізуге болады: сауықтыру шаралары; мәдени бағыттағы түрлі кездесулер; концерттік және шоу-бағдарламалар;

театрландырылған қойылымдар; түрлі сайыстар мен фестивальдер; акциялар мен флешмобтар; олимпиадалар, семинар, тренингтер және т.б [5, 126 б].

Біз зерттеу жұмыстары аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы №51 мектеп- гимназиясының жоғары сынып оқушылары арасында сауалнама жүргіздік.

Сауалнаманы жүргізу арқылы жоғары сынып оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру деңгейі мен мәдени тынығу шараларының қай түріне басымдық беретіндігін анықтауды мақсат еттік. Жүргізілген сауалнама нәтижелерін өңдеу біздерге төмендегі 1-кестеге сәйкес мәліметтерді алуға мүмкіндік берді. Зерттеу аясында анықталғандай, жоғары сынып оқушылары өздерінің бос уақыттарын белгілі бір деңгейде ұйымдастыруға қабілетті. Бұл жағынан оларға мектептегі мұғалімдері, әлеуметтік педагогтар және ата- аналары қолдау білдіреді.

Кесте 1 – Жоғары сынып оқушыларынан алынған сауалнама нәтижелері

№ Мәдени тынығу бағытында ұйымдастырылатын іс-шаралар

Алынған нәтижелер (%) 1 Көркемөнер шығармашылығымен айналысу 50,5 %

2 Концерттер мен шоу-бағдарламалар 80,5 %

3 Үйірмелер (би, ән, домбыра т.б) мен клуб бірлестігінің жұмыстары

78,5 %

4 Театрландырылған қойылымдар 50,5 %

5 Тренингтер пен ойындар 55,5 %

6 Кітапханадағы мәдени-тынығу жұмыстары 45,5 % 7 Мұражайлардағы мәдени-тынығу жұмыстары 35,5 % 8 Мәдени және демалыс саябақтарында

ұйымдастырылатын іс-шаралар

40,5 %

9 Фестиваль, әртүрлі деңгейдегі сайыстар 75,5 % 10 Танымдық саяхаттар мен жазғы сауықтыру

лагерлері

60,5 %

Нәтижелерге сүйенсек, жоғары сынып оқушылары үшін мәдени тынығу бағытында ұйымдастырылатын барлық іс-шаралар белгілі бір маңызға ие.

Олар мектеп шеңберінде өткізілетін концерттер мен шоу-бағдарламаларда өздерінің ішкі әлеуеттерін барынша көрсетуге тырысады. Ән, би, домбыра үйрететін үйірме жұмыстарына, танымдық саяхаттар мен жазғы сауықтыру лагерлеріне жоғары сынып оқушылары жоғары басымдық береді.

Оқушылардың мәдени тынығуында фестивальдер мен әртүрлі бағыттағы байқаулар, көркемөнер шығармашылығымен айналысу, тренигтер мен ойындарға қатысу т.б. маңызды орын алады.

Қорыта келгенде, сапалы білім алған, рухани және мәдени тұрғыда дамыған, танымдылығы жоғары, бәсекелестіктің мықты тегеурініне төтеп бере алатын өскелең ұрпақ қана елдің болашағы үшін еңбек ететін тұлғаға айналады. Мәдени және физикалық тұрғыдан дамыған тұлғаны тәрбиелеу көп жағдайда оқушылардың бос уақытының тиімді ұйымдастырылу деңгейіне байланысты болады. Мектеп жағдайында өткізілетін мәдени тынығу бағытындағы іс-шаралар оқушыларды рухани, шығармашылық және физикалық жағынан дамытып, оқуға деген қызығушылығы мен интеллектуалдық мүмкіндіктерінің артуына ықпал етеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Аванесова Г.А. Культурно-досуговая деятельность. Теория и практика организации. – М: Аспект-Пресс, 2006. – 236 с.

2. Жарков А.Д. Технология культурно-досуговой деятельности: учебно- метод. пособие. – Изд. 2-е, перераб., доп. – Алматы: Наука, 2002. – 202 с.

3. Аңлaмacoвa Г.A. Мeктeп oқyшылapын aдaмгepшiлiк құндылықтap нeгiзiндe әлeyмeттeндipy: пeд.ғыл.кaнд ғылыми дәpeжeciн aлy үшiн дaйындaғaн диcc.- Aлмaты, 2005. – 167 б.

4. Солдатенкова М.Л. Подготовка социального педагога к организации культурно-досуговой деятельности: автореферат канд.дисс. – Москва, 2011. - 286 с.

5. Неретин И.В. Подготовка социального педагога к организации культурно-досуговой деятельности: автореферат канд.дисс. – Москва, 1995. - 156 с.

ӘОЖ 159.972

СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ДӘРІГЕР МЕН НАУҚАС АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

АСПЕКТІСІ

Дюсенова Ажар Жакановна [email protected]

6M050300 «Психология» мамандығының 2 курс магистранты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар,

Қазақстан

Ғылыми жетекші – С.Е. Булекбаева

Қарым қатынас – бұл әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани және материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі. Қарым-қатынас психологиясы адамдардың бірлескен іс-әрекеттегі бірін-бірі қабылдауы және түсінуі; еліктеуі, иландыруы мен сенімі; ұйымшылдық пен қақтығысқа түсушілігі; бірігіп әрекет ету мен тұлғааралық қатынастар сияқты құбылыстарды зерттейтін сала. Бұл психологиялық құбылыстардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың пайда болуының негізгі көзі – адамдар арасындағы қатынас аймағы [1].

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым- қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады [2].

Дәрігер мен науқастың өзара қарым қатынасы үшін алғышарттары науқас дәрігердің кабинетіне кіргенге дейін, таныс болғанға дейін қарастырылады [3].

Бірінші алғышарт – науқас алдын ала дәрігер жайлы ақпарат жинайды.

Дәрігердің дәрежесі мен лауазымы, дәрігерлік біліктілігі жайлы қарастырады. Ол дәрігердің қаншалықты жақсы маман екенін ғана емес, сонымен қатар оның жеке, адами қасиеттеріне де қызығушылық танытады.

Науқастар дәрігерге барудың қаржылық аспектісі де қызықтырады, бұл көбінесе нақты маманды таңдау мәселесін анықтайды. Егер науқас қажетті ақпаратты жинауға мүмкіндігі болмаса, ол қабылдауға келгенде, кабинет жанында өз кезегін күте отырып, дәрігердің кәсіби және жеке қасиеттеріне қатысты басқа науқастардың әңгімелерін тыңдайды.

Науқас дәрігердің кабинетіне кірген кезде, әдетте, қарым қатынас жасайтын дәрігер туралы анық түсінік қалыптасқан болады.

Дәрігер мен оның науқастың болашақ қарым-қатынасын қалыптастыру үшін екінші алғышарт – науқас жүгінген медициналық мекеменің беделі болып табылады, ол көбінесе оның деңгейіне байланысты: медициналық университет, қалалық аурухана, жеке клиника және т. б. Медициналық мекеменің беделіне байланысты науқасқа белгілі бір күтулер мен талаптар қойылады.

Дәрігердің жеке тұлғасында қандай да бір қасиеттерді көруге дайын болу, дәрігердің кәсіби даярлығының белгілі бір деңгейін күту және көрсетілетін медициналық көмек – осының барлығы белгілі бір шамада медициналық мекеменің беделіне байланысты.

Үшінші алғышарты науқас үшін стоматологиялық қабылдауға бару үшін өте қиын және ұзақ үрдіс болып табылады. Науқастың мінез-құлқы әртүрлі болады: таңертеңгі уақытта қабылдауға келердегі көңіл-күйі немесе алдын ала қабылдауға жазылғанына, үйден келгеніне немесе басқа қаладан келгеніне, профилактикалық тексеруге келуге мәжбүр болғанына немесе дәрігермен кездесуге көп күш салғанына байланысты. Мұның бәрі дәрігермен қарым-қатынас басталған сәтте науқастың жағдайын (мазасыздығы, үрейі, қобалжуы, шаршауы, ашушаңдығы және т. б.) анықтайды .

Көрсетілген үш фактор көп жағдайда науқасты дәрігермен ынтымақтастықты орнатуды анықтайды және өзара іс-қимылдың бастапқы кезеңдерінде ескерілуі тиіс.

Соңғы жылдары науқастың эмоциялық реакциялары белсенді түрде зерттелетін мәселеге айналған, себебі науқастарға жиі туындайтын мазасыздық пен үрей жалпы өзін сезінудің біршама төмендеуіне ғана себепші болмайды, кейбір жағдайларда одан ары ем қабылдаудан бас тартудың бірден бір себепкеріне айналады. Мұндай жағдайларда науқас сәтті ем қабылдау үшін оң көзқарасқа келтіру үшін арнайы тәсілдер мен тілдесудің ерекше тәсілі қажет болады. Сондай-ақ түрлі сипаттағы ерекшеліктері бар науқастардың стоматологиялық қабылдауға әрекет ету типтерін, олардың

көлемде зерттелмеген. Науқастардың қажетті көлемде эмоциялық жағдайын түсіне білу, жаның ашу және де онымен бірге уайымдау қабілеті, науқастармен байланысты орната білу мен қолдау көрсете білу қабілетіне барлық дәрігерлер бірдей ие емес екендігі өз алдына жеке мәселені туындатады [4].

Мазасыздық, үрей, қобалжу, алаңдау – бұл бастапқы көзі біршама деңгейде белгісіз болатын қауіпті күту кезінде туындайтын мінездің немесе эмоцияның сипаты.

Стоматологиялық науқастардағы эмоционалдық үрейдің негізгі және жетекші себебі ауырсынуды күту және бастан кешіру болып табылады. Басқа сезімдерге қарағанда ауырсыну тек жиі және сенсорлық емес, эмоциялық компонент (адамның ауырсыну реакциясы) – тіс емдеу алдында қорқыныш, алдында бастан кешірген, сол кездегі ауырсынуды есте сақтау, емді алып жүрген басқа науқастардан естіген жағымсыз сөздерден, ата-аналардың, таныстардың әңгімелері сияқты әрекеттерден көрінеді [5].

Дәрігерге өзара қарым қатынасының аспектісі керекті дағдылары мен икемділіктері:

1) Науқаспен әңгіме жүргізе алу имемділігі;

2) Өзара психологиялық жағдайды басқара алу икемділігі;

3) Науқастың жеке-психологиялық ерекшеліктерін түсіне алу және ескере білу икемділігі;

4) Науқастың ішкі жан дүниесін түсіне алу икемділігі;

5) Барлық әрекет компоненттерін және өзін тұлғалық ерекшелігін талдай алу икемділігі.

Дәрігер болу – ол мінсіз болу дегенді білдіреді. Дәрігер тек қана этикалық принциптерді, ұят, шындық, адамға деген сүйіспеншілік сезімдерін ұстанып қаймай, сонымен қатар психология саласында меңгеру керек.

Дәрігер мен науқас арасындағы деонтологиялық әрекет тиімді болуы дәрігердің қызметінің ең маңызды психологиялық аспектісі болып саналады.

Дәрігер өзінің жеке тұлғалық ерекшелігімен науқас арасындағы жағымды, сенімді қарым қатынасты қалыптастыра алады [6].

Стоматологиялық қабылдауда науқастың эмоционалдық реакциясын тәжірибе жүзінде көрсеттік.

Тәжірибелік-психологиялық зерттеу жұмыстар сонымен қатар зерттелушілердің эмоциялық-тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндің беретін, кешенді тесттер кіретін: Ч.Д. Спилбергердің мазасыздықты бағалау шкаласы, Бектің шкаласы көмегімен үрейдің деңгейін анықтау; астенияны бағалаулың субъективті шкаласы (MFI-20), К. Леонгарда-Н. Шмишек тесті.

Спилбергердің шкаласы берілген сәттегі мазасыздық (жағдай ретіндегі реактивті мазасыздық) және тұлғалық мазасыздық (адамның тұрақты сипаты ретінде) деңгейіне өз-өзіне баға берудің сенімді және ақпаратты тәсілі болып табылады.

Өзін-өзі бағалаудың шкаласы екі бөліктен тұрады, олар реактивті және тұлғалық мазасыздықты жекелей бағалайды.

Үйлестіру кезінде нәтиже келесі күрде бағаланады: 30-ға дейін төменгі мазасыздық; 31-45 – қалыпты мазасыздық; 46 және одан да жоғары – жоғарғы дәрежедегі мазасыздық.

Қалыпты мазасыздық деңгейінен біршама ауытқу ерекше назар салуды қажет етеді. Жоғарғы мазасыздық адамның мүмкіндігін бағалау жағдайында оның мазасыздық жағдайының туындауына бейім болуын қарастырады. Бұл жағдайда жағдайдың субъективті мәнін түсіру керек және қызметін түсіну акцентін ауыстыруға және сәттілікке деген сенімділік сезімен қалыптастыру керек.

Төменгі мазасыздық, керісінше, қызметке деген ынтаға назарды жоғарылатуды және жауапкершілік сезімін жоғарылатуды қажет етеді.

Бірақта, кей жағдайларда тест көрсеткіштеріндегі өте төменгі мазасыздық жоғарғы тұлғалық мазасыздықты, өзін «жақсы жағдайда» көрсету мақсатында белсенді ығыстыру нәтижесі болып табылады.

Бек үрейінің шкаласы-бұл эмоциялық, физиологиялық және когнитивті үйрейді белгілерін анықтайтын тест. Бека шкаласы ересектер мен жасөспірімдердің алаңдаушылығын жалпы қабылданған бағалау болып табылады және клиникалық және зерттеу жағдайларында қолданылуы мүмкін. Тест өз бетінше өтуге арналған және дабыл дәрежесінің сандық айқын нәтижесін алуға мүмкіндік береді.Бек үрей шкаласы тестінен тұрады:

тест 21 сұрақтан тұрады. Тест нәтижелерін түсіндіру: Нәтижені есептеу шкаланың барлық тармақтары бойынша баллдарды қарапайым қосу арқылы жүргізіледі: 0-21 төмен үрей деңгейі; 22-35 үрейдің орташа көрінісі; 36 және жоғары өте жоғары үрей.

Субъективті «Астенияны бағалаудың шкаласы (MFI-20)» астенияның түрлі аспектілерін бейнелейтін 20 тұжырымдамадан тұрады. Бұл 20 пунктер 5 шкалаға топтастырылған. Әрбір шкала 5 пунктан тұрады. Сұрақтардың құрылымы субъективті фактордың әсерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Әрбір блок астенияны растайтын, 2 пунктан және оны жоққа шығаратын 2 пунктан тұрады. Сауалнама астенияның түрлі типтеріне – жалпы, физикалық және психикалық, төменгі белсенділік, ынталандырудың төмендеуі сияқты типтеріне дифференциалды диагностика жасауға мүмкіндік беретін жолмен құрастырылған, бұл жағдайда балдардың жалпы саны астенияның күрделілік дәрежесін бағалау үшін қолданылады.

Н. Шмишек, К. Леонгарда Тест - сауалнамасы 1970 ж. Шмишек қ.

жариялаған тұлғаның акцентуациясы типін диагностикалауға арналған және

«К. Леонгардтың тұлға акцентуациясын зерттеу әдістемесі» модификациясы болып табылады. Әдістеме мінез және темперамент екпіндерін диагностикалауға арналған. К. Леонгардқа сәйкес, акцентуация-бұл әр адамға тән кейбір жеке қасиеттер. Ерекше тұлғалар патологиялық емес, басқаша айтқанда олар қалыпты. Онда әлеуметтік оң жетістіктер мүмкіндігі де, әлеуметтік теріс заряд болуы ықтимал. Тест жасөспірімдер, жасөспірімдер және ересек жастағы адамдардың мінез-құлқы мен темпераментінің ерекше қасиеттерін анықтауға арналған.

К. Леонгарда-Н. Шмишек тесті 6 шкалада топтастырылған 88 тұжырым бар, олардың әрқайсысы акцентуацияның бір бағытына сәйкес келеді:

1) Циклоидты акцентуация;

2) Шизоидты акцентуация;

3) Эпилептоидты акцентуация;

4) Астениялық акцентуация;

5) Истериодты акцентуация;

6) Психастениялық акцентуация.

Стоматология медицинаның ерекше саласы болып табылады, өйткені онда науқас өзінің белгілі бір мәртебесіне ие, ол жалпы медицинадағы науқас мәртебесінің белгілерінен ерекшеленетін белгілер мен сипатталады.

Науқастар өздерінің стоматологиялық мәртебесін соматикалық аурулар мен байланыстырмайды, бірақ әдетте үрей мен зардап шегеді. Жалпы қабылданған, қазіргі уақыт, алдағы ауырсыну қорқынышы туралы пікір оның қарқындылығы мен ұзақтығы науқастың психологиялық жағдайын анықтайды.Сонымен қатар, ауызқуысын санациялау процесінде науқас теріс тіркендіргіштер кешенінің қосымша әсеріне (жарықтандыру, жұмыс істейтін бор машинаның шуы, тіс, діріл, температура және т.б.) бейім. Қорытындылай келе, барлық аталғандар факторлар науқасты қабылдауда ауырсынуына әкеледі.

Жұмыста 60 науқас қатысты, олардың жасы 18-55 аралығын құрайды.

Дәрігер мен науқас арасындағы қарым қатынасты қалыптастыру үшін дәрігер науқастың психологиялық-эмоционалдық жай күйін байқау керек; дәрігер өзінің сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, этикалық норманы ұстану керек;

маңызды көрсеткіш болып, дәрігердің сырт келбеті ұқыпты, науқастың мәселесіне көңіл аудару керек; мінез-құлық, жеке дара, жас ерекшеліктеріне үлкен мән беру керек, дәрігер гигиеналық-ағартушылық жұмысты науқас дұрыс іске асырып жатқанын қадағалап, әрқашан еске салып отыру керек, дәрігердің ең басты қасиеті – ол адамгершілігі болу керек.

Стоматологиялық қабылдау барысында дәрігер мен науқастың қарым- қатынасын жақсарту мақсатында, этикалық-деонтологиялық ережелерді дәрігер қолданып отырды. Сол кезде науқастың еш кедергісіз, эмоциялық күйзеліске ұшырамай, тіс емін қабылдауға деген сезімі өзгергендігі, дәрігерге деген сыйластықтың, кәсіби біліктігінің жоғары деңгейде екендігіне сенімділіктің қалыптасқандығы көрінді.

Сонымен, стоматологиялық қабылдауда дәрігер науқастың үрейін, мазасыздығын, мінез-құлықындағы ерекшелікті ескерсе, онда дәрігер мен науқас арасында позитивті, сенімді қарым қатынас орнайды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Жарықбаев Қ.Б., Сангилбаев О.С. Жантану атауларының сөздігі. – Алматы,

2. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы, Алматы, 1995 ж.

3. Зильбер А.П. Модели взаимоотношений врач-больной / А.П. Зильбер.

Этюды медицинского права и этики – М.:МЕДпресс-информ, 2008. с 29-32

4. Айер У. Психология в стоматологической практике /СПб.: Питер, 2008.– 224 с.

5. Бердібаева С.К. Тұлға психологиясы. – Алматы, 2015 – 152 б.

6. Бойко В.В. Энергия эмоций в общении. – Самара: Информац. издат.

Дом Филин, 1999. с. 472.

7. Изард К. Психология эмоций. – СПб., 2000. 464 с.

ӘОЖ 159.922

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарымбет Арайлым

6В01201-«Мектепке дейінгі тәрбие жән оқыту» мамандығының студенті Нұр-Сұлтан қ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

([email protected])

Ғылыми жетекші: п.ғ.к., ӘП ӨӨТ кафедрасының профессоры Н.П.Албытова

Бүгінгі тaңдa балалардың өмір сүру ортасымен қарым-қатынасқа түсе білу дағдыларын дұрыс жолға қою басты міндеттерден саналады. Осы тұрғыдан келгенде oтбaсының әлeумeттік міндeті aртып oтыр. Өйткені бaлaның болaшaғы, білімділігі, мінез-құлқы отбaсындa негізі қаланған қарым-қатынас моделіне тікелей бaйлaнысты.

Қoғaмның бүгiнгі жaғдaйындa бала тәрбиeсін отбaсынaн бaстaп қолғa aлу әлeмдік, мeмлекeттік міндет ретінде қаралып, түрлі деңгейдегі номативтік-құқықтық тұрғыда қарастырылады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Зaңының 27-бaбындa: «Бaлaлaрынa қaмқoрлық жaсaу жәнe oлaрды тәрбиeлеу – aтa-aнaның етeне құқығы, әрi мiндеті» дeй келе, бaлa тәрбиесі aтa-aнaның бaсты міндеті екендігі нақты белгіленген [1].

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында «Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде отбасы құндылықтары мен отбасы институтының маңыздылығы дәріптелетін болады. Zhastar KZ жобасы шеңберінде "Ата-аналар мектебі" бастамасын іске асыру жалғасады, отбасылық тәрбие мәселелерінде психологтардың, сынып жетекшілерінің және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру енгізіледі. Білім беру ұйымдарында "Жастар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын және қауіпсіз мінез-құлқын қорғау", "Аналар мектебі", "Әкелер мектебі" жобалары енгізілетін болады ...»- деп қоғамдағы отбасынының жауапкерлігін, отбасы мәдениетін көтеру қарастырылған [2].

Ал, Қaзaқстaн қaбылдaнғaн «Бaлaның құқығы турaлы конвeнциядa»:

«Бaлa толық жәнe үйлeсімді дaмуы үшiн, oл мeйірім мен өзaрa түсіністігі бaр, қызығушылыққa көп көңіл бөлетін бaқытты aхуaлдық ортaсы бaр oтбaсындa

Әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың мәні, бaлaны отбaсындa дұрыс қарым-қатынасқа баулу мәселелері ұлы ғұлaмaлaр Әл-Фaрaби, Ж.Бaлaсaғұн, Х.Дулaти, М.Қaшқaри, A.Яссaуи шығaрмaлaрынaн бaстaу aлғaн.

Ж.Бaлaсaғұнның тәрбие турaлы толғaныстaрдaн тұрaтын «Құтты білік»

поэмaсындa әке мен шешенің өзaрa ілтипaтын, қaмқорлығын, aғaйын-туыс, ұл-қызғa деген сыйлaстығын көріп өскен ұрпaқтың өздері де берік отбaсы іргесін қaлaйтыны баяндалады [4]. Сондай-ақ, A.Құнaнбaeв, Ы.Aлтынсaрин, Ж.Aймaуытoв, М.Жұмабаев, М.Дулатов т.б. сынды қaзaқ зиялылары өз eңбeктeрiндe oтбaсы, оның бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі мен міндеттерін, баланы терең тамырлы тәрбиемен қатар заманауи тәрбиеге баулуды жaн-жaқты тaлқылaп, елге ұсынып отырған [5].

Педагог Ы.Aлтынсaриннiң «Бaлaғa бeрiлгeн тәрбиe – aтa-aнaсын, туғaн туысын, жoлдaсын сыйлaуғa үйрeтудeн бaстaлaды» дeгeн ой-тұжырымында жoғaры aдaмгeршiлiк қaсиeттeр, қoғaмдaғы нoрмaлaрды мeңгeру отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнықтыру мақсатын ұстанатындығын аңғартады.

Ұлы Абай шығармаларында тәрбие, оның қоғамдағы мәнін тиянақтай келіп, «Адам бол» өсиетін қалдырған.

Әсіресе, бала тәрбиесіндегі отбасының баға жетпес oрнын пeдaгoгикa ғылымында A.С.Мaкaрeнкo, В.A.Сухoмлинский, Я.A.Кoмeнский, К.Д.Ушинский және т.б. педагогика классиктері әр қырынaн зeрттeгeн.

Я.A.Кoмeнский тәрбиe нeгiзi рeтiндe oтбaсын бөлiп қaрaстырып, oны бiлiм бeру жүйeсiнiң aлғaшқы сaтысы «Aнa мeктeбi» дeп көрсeтeдi.

К.Д.Ушинский: «Aдaмның жeкe бaсы бaлaның қaлыптaсуынa жәнe дaмуынa әсeр eтe aлaды, мiнeздi қaлыптaстыру үшiн дe мiнeзбeн әсeр eту кeрeк» дeп бaлaны тәрбиeлeуде aтa-aнaның дағдылары, мiнeз-құлқы, iс-әрeкeттeрi үлгi бoлaтындығын қатаң ескертеді [6].

Қaзiргi тaңдa oтбaсы тәрбиесі, оның тәрбиелік мүмкіндіктері Қ.Б.Жaрықбaeв, Қ.Р.Қoянбaeв, Р.К.Төлeубeкoвa, E.Сaғындықұлы, С.Кeнжeaхмeтұлы, Қ.Т.Әтeмoвa, К.К.Oрaзбeкoвa, Қ.Жaқыпoв, Ф.Н.Жұмабекова және т.б. сияқты ғалымдардың арнайы зерттеу обьектісіне, шығармашылық қызметіне айналып отыр.

Адамның дамуында бiр-бiрiне байланысты екi өзек байқалады, оның бiрi - биологиялық, екiншiсi - әлеуметтiк. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнiнен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрiнiс бере бастайды. Адам туылғанда тек биологиялық тiршiлiк иесi болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлi ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердiң дамуы адамның өмiр бойы мүшелiк пiсiп жетiлуi және қалыптасуы процесiнiң сипатын көрсетiп отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру процесi, оның дамуының жастық сатылары мен мiнез-құлығында көрiнiп, осыдан балалық, жасөспiрiмдiлiк, ересектiк және қариялық табиғи бiтiстерiн ажыратамыз. Бiрақ адамның табиғи дамуы көпсанды әрi сан алуан әлеуметтiк салалар мен қасиеттердi қабылдауымен тығыз байланыста бiрге дамып барады, бұл адамды қоғамдық тiршiлiк иесi ретiнде сипаттайды.

Мысалы, нәрестенiң жақын адамдарды танып, күлiмсiреуi, кейiн тiлге келуi,

Dokumen terkait