• Tidak ada hasil yang ditemukan

ӨСЖ ұсыныстар

Dalam dokumen Өрт қауіпсіздігі (Halaman 58-64)

1. Сұйыққойма паркіндегі өртті сөндіру кезінде ӨСЖ міндетті:

- станцияның кезекші инженері арқылы өрт жағдайын білу;

- өрт сөндіруге рұқсат алу;

- өртті зерттеу және жағдайды бағалау;

- өрт жағдайына қарамастан өрт сөндіру штабын ұйымдастыру, оның құрамына штаб басшысын, тыл басшысын, БУ басшыларын, қауіпсіздік техникасы үшін жауаптыны, әкімшілік өкілін қосу және оларға міндеттер қою.

2. Өрт сөндіру жоспарын іске қосады:

– шешім қабылдайды, бөлімшелерге жауынгерлік міндеттер қояды, олардың өзара әрекетін ұйымдастырады және қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

– өрт жағдайының өзгеруін үздіксіз бақылап отырады және сол бойынша сәйкес шешімдер қабылдайды;

– МӨСБ-мен үздіксіз байланыс жасайды, мезгіл сайын қабылданған шешімдер және өрт жағдайы туралы хабарлайды;

– күш пен құрал қоры жасалуын қамтамасыз етеді;

– қиын жағдайда – қатты түтіндеу, жоғары температура және т.с.с., жұмыс жасап жатқан бөлімшелердің жеке құрамын ауыстыруды ұйымдастырады.

3. Өрт орнына аға басшы келгенде өрт орнындағы жағдайды, өрт сөндіру бойынша қабылданған барлық шешімдерді хабарлайды.

Шақыру орнына келген соң өрт орнын зерттеп мынаны анықтайды:

– жанып жатқан және көрші сұйыққоймадағы ЛВЖ және ГЖ көлемі мен түрін, толтыру деңгейін, су жастығының болуын, сұйыққоймалар төбесінің бұзылу сипатын;

– бекінулердің жағдайын, сұйыққойма бұзылғанда немесе атылғанда көрші құрылыстардың зақымдану қаупін, сұйықтық жайылуының мүмкін жолдарын;

– өндірістік және нөсерлік кәріз жүйесінің, қарау құдықтары мен гидробекітпелердің бар болуы және олардың жағдайын;

– мұнай өнімдерін сұйыққоймалардан тартып шығару немесе ағызып жіберу және оларды су немесе бумен толтыру мүмкіндігін;

– өрт сөндіру, сумен жабдықтау қондырғылары мен құралдарының және көбіктендіргіш заттардың бар болуы мен олардың жағдайы;

көбіктендіргіш заттардың көрші объектілерден жылдам жеткізу мүмкіндігін.

4. Сұйыққойма паркіндегі өртті сөндіру кезінде ӨСЖ міндетті:

– қажетті күш пен құрал мөлшерін есептеу және оларды өрт орнында жинақтау;

– Өрт орнында оперативті штаб ұйымдастыру, оның құрамына әкімшілік пен объектінің инженерлі-техникалық қызметкерлер өкілдерін кіргізу; сұйыққойма мен коммуникацияларды ажыратуға, көбік шабуылын

дайындауға, жанып жатқан және көршілес сұйыққоймаларды суытуға, қауіпсіздік техникасын сақтауға жауаптыларды тағайындау;

– өрт сөндіру қондырғылары мен стационарлы суыту құралдарын іске қосу;

– қажетті жағдайларда қызмет көрсетуші қызметкерлердің өзектер панасында жану аймағына ЖТС, ЖС түсуін тоқтату операцияларын жүргізу үшін өрт алған тиекті арматураға жетуін қамтамасыз ету;

– құю-толтыру эстакадаларындағы өрт кезінде жылжымалы құрамды ажырату және қауіпсіз жерге шығару;

– жанып жатқан және көршілес сұйыққоймаларды «А» және лафетті өзектермен суыту;

– көбік пен өрт сөндіретін ұнтақты беруді сұйыққоймаларды сөндіру мен суыту құралдарының толық есептелген мөлшері (қорды есепке алғанда) дайын болғанда ғана бастау. Бекінудегі ЖТС, ЖС жанғанда дереу көбік өзектерін енгізу;

– бірнеше сұйыққойма жанғанда және өртті бір уақытта сөндіруге күш пен құрал жетіспегенде барлық күш пен құралды бір сұйыққойманы сөндіруге шоғырландыру және

– өртті сөндірген соң күш пен құралдарды келесі сұйыққоймаларды сөндіруге топтастыру; өрт сөндіруді көрші тұтанбаған сұйыққоймаларға,технологиялық жабдықтарға, ғимараттар мен құрылыстьарға неғұрлым көп қауіп төндіріп тұрған сұйыққоймадан бастау керек;

– өртті жел жақ бетінен сөндіру, автокөтергіштерді, автосатылар мен көбіккөтергіштерді пайдалану;

– сұйыққойма «қалталарында» пайда болған ЖТС мен ЖС жанған жағдайда көбікті және ұнтақты өзектер пайдалану, оларды сұйыққойма қабырғасында жасалғансаңылауларға әкелу;

– «ұнтақ-көбік» құрама өрт сөндіруде өрт ұнтақпен жойылып (сөндіріліп), содан соң қайта тұтануды болдырмау үшін көбік беріледі;

– Сұйыққоймадағы қоңыр мұнай өнімдері жанғанда атылудың алдын- алу үшін уақытылы шара қолдану мақсатында мұнай өнімдері қыздырылуын және сұйыққойма түбінде судың бар болуын үздіксіз бақылау, оның мезгілімен шығарып тұру;

– қауіпті аймақта (бекінуде) неғұрлым аз адам болу үшін: қауіпті аймаққа (бекінуге) өрт сөндіруге қатыспаған өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамын және қызмет көрсетуші қызметкерлерді жібермеу, өзектегілерді бір уақытта ауыстырмау;

– жер асты сұйыққоймаларындағы ЖТС мен ЖС жанған кезде жанып жатқан және көршілес сұйыққоймалардың периметрлерін белгілеу;

– өзектермен жұмыс жасайтын жеке құрамды қорғау үшін жылу шағылдыратын костюмдер пайдалану;

– сұйыққоймадағы өрт сөндірілгеннен кейін көбік жіберуді тоқтатпау және сұйыққойма айнасы беті түгелдей көбікпен жабылуын қадағалау;

– күш пен құралдар жеткіліксіз болғанда ЖТС мен ЖС сақтау үшін (ерекше жағдайларда) сұйыққойма қабырғаларын суыта отырып, бақыланған құйып алуды жүзеге асыру.

Көбікті шабуылды дайындау үшін қажет:

– көбіктендіргіш пен көбікпен өрт сөндіру құралдарының қажетті қоры мен есептелген мөлшерін өрт орнында шоғырландыру және әрекет етуге дайындау;

– қажет мөлшердегі көбіккөтергіш орнату үшін бөлімшелер мен басқарушы құрамнан жауаптыларды тағайындау, олардың өз міндеттерін білетініне көз жеткізу;

– көбік беру және тоқтату белгілерін, қайнау, мұнай мен қоңыр мұнай өнімдерінің сұйыққоймадан атқылау қаупі болғанда шегіну белгілерін орнату және барлық жеке құрамға хабарлау.

Обьект өкіліне ұсыныстар – өрт сөндіру жүргізуге рұқсат береді;

– өрт сөндіру бөлімшелеріне нұсқау береді;

– өрт сөндіру барысына әсер ететін мәселелер бойынша ӨСЖ кеңес береді;

– 5сағаттан артық жұмыс жағдайында өрттен қорғау жеке құрамының тамақтануын ұйымдастырады;

– Жұмыс жасап жатқан өрт сөндіру техникасына ЖЖМ құюды қамтамасыз етеді.

6 - Бөлім. Ұсынылған инженерлік-техникалық шаралардың экономикалық тиімділігі

Екінші бөлімде айтылғандай, сұйыққоймаларды қатпайтын мембраналы дем алу клапандарымен және өрт тосқауылдармен жабдықтау «үлкен» және

«кіші леп» кезінде мұнай өнімдері буы шығуының өрт қаупін ғана емес, экологиялық қаупін де төмендетеді.

Бұл техникалық шешім ең алдымен герметикаланбаған газ кеңістігінен будың булануы себебінен кеткен шығынды толықтай жоюға және одан басқа

«кіші леп» кезіндегі шығынды жоюға мүмкіндік береді.

Есептеуге сәйкес, көлемі 3000 м3 бензинді сұйыққоймадан күні бойы 15°

С температура айырмасынан «кіші леп» кезінде 23,54 кг бензин буы жоғалады.

*6

құны K = 150000 теңге дем алу клапаны орнатылса, әр ай сайын келесі сома үнемделеді:

S = Gм·Ц·30 теңге, мұнда

Gм – тәулік бойына мұнай өнімдері буының шығыны;

Ц –1 кг мұнай өнімінің бағасы;

30 – айдағы тәулік саны.

S = 23,54·30·30 = 21186 теңге.

Осылайша, осындай дем алу клапанын орнату К/S = 150/21,186 = 7 айда орнын толтырады.

Сонан соң жыл сайынғы экономикалық әсер мынаны құрайды:

Э = S·12 = 21,186 ·12 = 254 мың теңге (әрбір сондай сұйыққоймадан).

Дипломдық жоба бойынша қорытындылар

Берілген дипломдық жобада мұнай базасында сақталатын мұнай өнімдерінің өрт-жарылыс қауіпті қасиеттерінің және негізгі технологиялық аппараттардың өрт қауіптілігінің технологиялық процестерін қарастырады.

Осы жобада өндіріс құрылғыларын сақтау барысында мұнай өнімдерін ауыстыра құю мен құю төгу барысында қауіп- қатерлер көптеп туындайтыны анықталды. Өрттің шығу себептері анықталып, соларға қарсы алдын-алу шаралар жүргізілді. Мұнай базасының өртке және жарылысқа қарсы алдын алумен құрылғылардың параметрлері анықталды.

Технологиялық анализ барысында ЖЖМ қоймасында қауіпті жағдайларды төмендету үшін келесі іс-шараларды орындап отырған дұрыс болады:

- үлкен және кіші дем кезінде туындайтын жағдайларды азайту қажет;

- мұнай құбырларының химиялық әсер нәтижесінде технологиялық құрал – жабдықтардың зақымдалуы мүмкін;

- жер астында,жер үстінде орналасқан құбырларды жылы қалпында ұстау міндетті;

- мұнай мен мұнай өнімдерін сұйыққоймаларда және сұйыққоймалық парктерде сақтау процестерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет;

- аппараттар мен құрылғыларды бұзылудан сақтап қалу;

- жанғыш ортаны жою мақсатында іс – шаралар ұйымдастырылып отыру қажет;

- сұйыққойма парктерінде құрғақ от бөгеттері орналастыру қажет;

Дипломдық жобалау кезінде ақшыл мұнай өнімдері сұйыққойма паркінің найзағайдан қорғауына сараптама жасалды. Сонымен қатар стационарлы сумен суыту қондырғысын тексеру есебі жүргізілді.

Жобада мұнай базасының бас жоспарына сараптама жүргізілді.

Анықталған ҚНжәнеЕ және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша сәйкесінше инженерлі-техникалық шешімдер ұсынылды. Сұйыққоймаларда қатпайтын мембраналы дем алу клапандарын пайдаланудың экономикалық тиімділігі есептелді. Экономикалық нәтиже 254 мың теңге құрады.

Резервуарлар паркі, ЖЖМ қоймасының ең маңызды бөлігі болып табылады. Өздеріңіз көріп отырғандай, резервуарлар паркінде сақталатын мұнай өнімдері, тез тұтанғыш сұйықтық болып келеді және жұмыс температурасында бу жиналып, жанғыш қоспа түзеді. Мұнай өнімдерін құбырлар арқылы тасымалдау барысында, құбыр тесіліп ағуы әбден мүмкін, осы кезде тұтану көздерінің әсерінен өртке әкеліп соғуы мүмкін.

Берілген дипломдық жоба инженерлі-техникалық өртке қарсы іс- шараларды енгізу мұнай базасының өрт қауіптілігін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Осы өңделген дипломдық жобаны енгізу, әртүрлі көлемдегі мұнай базаларындағы өрт оқиғасының алдын алуға көмектеседі.

Dalam dokumen Өрт қауіпсіздігі (Halaman 58-64)

Dokumen terkait