• Tidak ada hasil yang ditemukan

Өрт қауіпсіздігі

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Өрт қауіпсіздігі"

Copied!
64
0
0

Teks penuh

(1)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің

Көкшетау техникалық институты

Күндізгі оқу факультеті.

Өрттің алдын алу кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

ӨАА кафедрасының бастығы ______________ Қ.К Карменов

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

Күндізгі оқу факультетінің курсанты: З.Салмырзаұлы

Бакалавр

Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»

Тақырыбы: Қызылорда қаласындағы «Қуатамлонмұнай» ЖШС-нің мұнай қоймасының мұнай өнімдерін сақтау технологиялардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша инженерлік шешімдерді дайындау.

Диплом жазушы: __________З.Салмырзаұлы Жетекші: _________________Қ.К. Карменов

Көкшетау 2015

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

(2)

Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты

Күндізгі оқу факультеті.

Өрттің алдын алу кафедрасы 5В 100100 « Өрт қауіпсіздігі » мамандығы бойынша дипломдық

жұмысты (жобаны) дайындау Тапсырмасы

Жұмыс (жоба) тақырыбы:Қызылорда қаласындағы «Қуатамлонмұнай» ЖШС- нің мұнай қоймасының мұнай өнімдерін сақтау технологиялардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша инженерлік шешімдерді дайындау.

1. Институт бұйрығы бойынша бекітілген № 57 «10 »09 2014 ж.

2. Аяқталған жұмысты (жобаны )тапсыру мерзімі « 06 » 06 2015 ж.

3. Жұмыс (жоба) бойынша қолданылған мәліметтер«Қуатамлонмұнай» ЖШС- нің мұнай қоймасының жобасы және жедел жоспары.

4. Бөлімдердің орындалу уақыты, сұрақтарды ашу, қысқаша мазмұны:

№ р/с

Бөлімнің атауы Орындалу

уақыты

Кіріспе 14.11.2014ж.

1 Өндірістік технологиялық бөлшегінің сипаттамасы

13.01.2015ж.

2 Өндірістің технологиялық проссесінің және өрт қауіптілігін бағалау және қорғау

27.01.2015ж.

2.1 Материалдардың қауіптілік бағасы 25.02.2015ж.

2.2 Қалыпты жұмыс жасау кезіндегі аппараттар ішіндегі ортаның өрт-жарылғыш қауіптілігін бағалау

27.02.2015ж.

2.3 Қолдану кезінде құрылысына зақым келмеген жағдайда жанғыш заттардың сыртқа шығу мүмкіндегі бар аппараттардың жарылыс өрт қауіптілігі

10.03.2015ж.

(3)

2.4 Апараттар зақымдануының ықтимал себептерін талдау,қажетті қорғаныс құралдарын дайындау

15.03.2015ж.

2.5 Тұтанудың тән технологиялық көздерінің пайда болу мүмкіндігін талдау

24.03.2015ж.

2.6 Өрттің таралу қауіптілігінің бағалау 07.04.2015ж.

2.7 Өрттен келуі мүмкін материалдық шығынның бағалау

08.04.2015ж.

2.8 Адам өміріне қауіптілігін бағалау 13.04.2015ж.

2.9 Өрт-жарылғыш және өрт қауіптілігі бойынша өндірістік қондырғылардың санаттарын есептеу

17.04.2015ж.

3 Өндіріс технологияның өрт қауіпсіздік талаптарына сай болу жөнінде қорытынды

23.04.2015ж.

4 Өндірістің технологиялық бөлшегінің өртке қарсы қорғаныс техникалық шешімдерін дайындау

30.04.2015ж.

5 Ұсынылған іс-шара жобасының экономикалық тиімділігін бағалау

05.05.2015ж.

6 Графикалық бөлімі 12.05.2015ж.

6.1 Бас жоспар 18.05.2015ж.

6.2 Өрт-техникалық карта 22.05.2015ж

6.3 Технологиялық апараттардың өрт қауіптілік ерекшеліктері

24.05.2015ж.

6.4 Тексеріс және жобалық есептердің,тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін кестелер ретінде көрсету

26.05.2015ж.

6.5 Өртке қарсы қорғаныстың техникалық шешімдері

27.05.2015ж.

Дипломдық жобаның қорытындысы 28.05.2015ж.

Алдын ала қорғау 31.05.2015ж

5. Тапсырма берілген уақыты

6. Бекітемін (каф.бастығы) Карменов К.К.

7.Дипломдық жұмыс жетекшісі Карменов К.К.

(лауазымы; аты-жөні;қолы; күні)

8. Тапсырманы қабылдап орындаған З.Салмырзаұлы курсанттың қолы)

9. Кеңесшілер:

Экономика бөлімі бойынша Бейсенгазинов Р.А.

Графика бөлімі бойынша Карденов С.А

Мазмұны

(4)

бет.

Кіріспе 5

1-Бөлім. Мұнай базасының қысқаша инженерлі-техникалық сипаттамасы, өндіріс айналымындағы заттар мен

материалдардың өрт-жарылыс қауіпі бар қасиеттері

8

1.1. Мұнай базасын электрмен қамсыздандыру 9

1.2. Мұнай базасын сумен қамсыздандыру 10

1.3. Өндірістің технологиялық үрдісінің сипаттамасы 10 1.4. Өртке қарсы сумен қамсыздандырудың сипаттамасы 13 1.4.1. Ақшыл мұнай өнімдерінің технологиялық үрдісінің сипаттамасы 14 1.4.2. Қоңыр мұнай өнімдерінің технологиялық үрдісінің сипаттамасы 15 1.4.3. Өндірістік суағарлардың технологиялық үрдісінің сипаттамасы 16 1.5. Өндіріс айналымындағы заттардың өрт-жарылыс қауіпі бар

қасиеттері.

17

1.5.1. Мұнайдың қасиеттері 17

1.5.2. Бензиннің қасиеттері 18

1.5.3. Керосиннің және дизельді жанармайдың қасиеттері 19

1.5.4. Мазут және майлардың қасиеттері 21

1.5. 1-Бөлім бойынша қорытындылар 23

2-Бөлім. Технологиялық үрдістің өрт-жарылыс қауіпінің анализі, өртке қарсы қорғаныстың болжалды инженерлі- техникалық шешімі

24 2.1. Объектідегі профилактикалық жұмыстың жай күйі 24 2.2. Негізгі технологиялық жабдықтардың өрт қауіпсіздігінің анализі

және ұсынылған қорғаныс шаралары 26

2.2.1. Сорғылар 26

2.2.2. Сұйыққоймалар 31

2.2.3. Темір жолды құю-толтыру және автоқұю эстакадалары 37

2.3. Өрттің таралуының мүмкін жолдары 39

2.4. 2-Бөлім бойынша қорытындылар 43

3-Бөлім. Технологиялық өрт қауіпсіздігінің пайда болу себептерін саралау.

44 3.1. Атмосфералық тоқтың бірінші және екінші көрінуінің

сарапталуы.

44 3.2. Статистикалық тоқтын қауіпін болдырмауды бағалау 45 3.3. Механикалық ұшқылардың болдырмауын бағалаулар. 50 3.4

3.5

Пирофлық қосындылардың жасалуының қауіптілігінің бағалануы.

Тоқ құралдарындағы ұшқынның пайда болу қауіпін бағалау.

4-Бөлім. Сұйыққоймаларды найзағайдан және статикалық электр қуатынан қорғаудың тексеру есебі

53

56

(5)

5-Бөлім. Мұнай құю терминалындағы жабдықтар мен өрт пен жарылысқа қарсы құрылғыларды орнатудағы өрт қауіпсіздігіне арналған профилактикалық іс шаралардың жоспары.

5.1. Бірінші және екінші атмосфералық тоқтың пайда болуынан сұйыққоймалардағы қорғаныс шараларының бағалануы.

56 5.2. Теміржол эстакадасындағы найзағай қорғаныш пен

автоцистерналарға құятын цистерналардың найзағай қорғанышының сараптамасы

63

5.3. Жанғыш ортаны жою 65

5.4. Үлкен және кіші дем кезінде туындайтын жағдайларды азайту 66 5.5. Аппараттар мен құрылғыларды бұзылудан сақтап қалу 66

5.6. Өртену көздері және мүмкіндіктері 67

5.7 Мұнай мен мұнай өнімдерін сұйыққоймаларда және

сұйыққоймалық парктерде сақтау процестерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері мен техникалық шешімдері

68 5.8.

5.9.

5.10.

Мұнай құбырларының химиялық әсер нәтижесінде технологиялық құрал – жабдықтардың зақымдалуы

Сұйыққоймалық парктерінде құрғақ от бөгеттерін қолдану ӨСЖ ұсыныстар

68 72 73 6-Бөлім. Ұсынылған инженерлік-техникалық шаралардың

экономикалық тиімділігі 74

Дипломдық жоба бойынша қорытындылар 75

Әдебиеттер 76

Кіріспе

(6)

Бүгінгі күні адамзаттың шығармашылық әрекетінің нәтижесін тиімді пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогресті одан әрі дамытуға болатындығы белгілі болып отыр. Осы ретте сіздердің назарларыңызға мен Өрттің алдын алу курстарын зерделеу нәтижесінде, Қызылорда қаласындағы

«Қуатамлонмұнай» ЖШС-нің мұнай қоймасының мұнай өнімдерін сақтау технологиялардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша инженерлік шешімдерді дайындау атты дипломдық зерттеу жобамды ұсынғалы отырмын.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды функцияларының бірі болып табылады.Соның ішінде қоғамның мұнай өнімдеріне сұраныс жоғары болған сайын,мұнай өндіру фирмалары көптеп пайда бола бастады да,олардың арасында бола бастаған бәсекелестік мұнай кәсіпорындарындағы өрттермен ұласқан.XIX ғасырдың соңында тартып шығару әдісі кезіндегі ат күші механикалық тарту күшіне,ал XX ғасырдың басында электрлікке ауысты.Бұл тұтанудың қосымша көздерінің пайда болуына әкеліп,өрттің және адам құрбандарының санын анағұрлым ұлғайтты.

Мұнай мен мұнай өнімдерінде сұйық қоймалар өнеркәсіп құрылысындағы жоғарғы өрт қауіпсіздік аймағы болып есептеледі.

Практикалық жұмыстар мен өртке қарсы іс шараларда кез келген жағдайда өрттің ала білу жағдайлары үйретіледі. Мұнай мен мұнай өнімдерінің өртенуі сұйық қоймаларда үлкен қиындықпен тоқтатылады және көптеген шығынға әкеледі. Өрттің алдын ала білу, тоқтату шараларын өткізу маңызды болып есептеледі. Қазіргі уақытта заман талабына сай мұнай сақтау және мұнайды өңдеу базалары өте жоғары қарқынмен дамуда.

Мұнай өндіретін салаларда технологиялық орнатулар кезінде көптеген қиындықтар көптеп кездесіп отырады, және бұл қиындықтар осы салалардың өрт қауіпсіздігін арттырады. Базадағы барлық мұнай өңдейтін қондырғыларды механизациялау қолға алынған. ЖЖМ қоймасының орналастырылатын мұнай сақтау резервуарлары өрт қауіптілігі жоғары обьектілер болып есептеледі. Өрт қауіптілігі жоғарылаған сайын өрттің алдын алу мақсатында жаңадан әдіс тәсілдер ойлап табылуда.Ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сүйенсек коптеген тәжірибелерден көргендей сұйық қоймаларда мұнай мен мұнай өнімдерінің туындауы сақтық шараларын жүргізбегеннен туындайтынын байқадық. Сол жүргізілген тәжірибелер мен зерттеулер мұнай базаларында және мұнай сақтау аймақтарында өнімдері өрттен сақтау мәселесіндегі сұрақтарды толығымен шешуге болатынын көрсетті.

Қазіргі таңда әрбір резервуарға автоматты түрде өрт болған жағдайда көбік беретін өрт сөндіру қондырғылары орналастырылған. Понтонды әдіспен де өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету республика көлемінде кеңінен таралуда.

Аталған зерттеу жұмысымның басты мақсаты нысандағы өрттің алдын алу қауіпсіздік жағдайына байланысты сараптама жасап, мүмкін болатын өрттерді болдырмау мақсатында жолдарын қарастырып,қажетті күш пен құралдарды қолдану.

Дипломдық жобада мұнай өңдеу базаларындағы өндірістік аймақтар мен көлемі үлкен резервуарлардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету техникалық

(7)

регламентке және резервуарларды эксплуатациялау нормативтерінің талабына сай талданып жасалды.

Мұнай және мұнай өнімдерін сақтау өнімді қабылдау,сақтау және беруге арналған ғимараттар резервуарлар мен басқа да құрылыстар кешенінен тұратын қоймаларда жүзеге асырылады.

«Өртке қарсы қорғаныс жүйесі.Қорғаныс обьектілерінде өрттің жайылуын шектеу.Көлемді-жобалық және конструктивті шешімдерге қойылатын талаптар»ҚНжәнеЕ 4.13130-2009 талаптарына сәйкес мұнай және мұнай өнімдері қоймаларына (одан әрі –ММӨҚ) жатады:мұнай өнімдерімен қамтамасыз ететін кәсіпорындар (мұнай базалары);магистралды мұнай жүргізулер мен мұнай өнімдері жүргізулердің резервуарлық парктері мен құю станциалары;мұнай алу орындарының,мұнайды қайта өңдеу және мұнай химиялық кәсіпорындарының орталық жинау пунктерінің тауарлық шикізаттық парктері;өнеркәсіптік,көліктік,энергитикалық,ауыл шаруашыл – ық,құрылыс және өзге де кәсіпорындар мен ұйымдардың (шығыс қоймалары)құрамына кіретін мұнай өнімдері қоймалары.

Мұнай және мұнай өнімдерін қабылдау,сақтау,беру,сору және қаттау – негізгі,сонымен қатар тазалау,сусыздандыру, жылыту,араластыру,регенер – ация қоймадағы қосалқы операциялар болып табылады.

1 – кесте Қойма

санаты

Бір резервуардың максималды көлемі,м3

Қойманың жалпы сыйымдылығы,м3 I

II IIIа IIIб IIIв

- -

5000 артық емес 2000 артық емес 700 артық емес

100000-нан астам 20000-нан астам,алайда

100000-нан астам емес 10000-нан астам,алайда

20000-нан астам, 2000-нан астам,алайда 10000-нан астам емес

2000-нан аспайтын

1-Бөлім. Мұнай базасының қысқаша инженерлі-техникалық

сипаттамасы, өндіріс айналымындағы заттар мен материалдардың өрт- жарылыс қаупі бар қасиеттері

(8)

Қызылорданың мұнай базасы Қызылорда каласында орналасқан,

А категориясына мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалар тобына жатады.

Мұнай базасының территориясында келесі өндірістік және қосымша ғимараттар орналасқан: қазандық, құбыр жүргізу жүйелері,сорғы станциялары, механикалық шеберхана, бір автомобильге арналған өрт сөндіру депосы, мұнай өнімдерін ыдыста сақтауға арналған қойма, лаборатория, қосалқы бекет, өрт сөндіретін сорғы, әрі бері өтетін бөлме, автожай, оператордың бөлмесі,ашық мұнай өнімдерінің сорғы станциясы,мұнай және мұнай өнімдерін жылыту жүйесі, әкімшілік ғимараттар. Негізінен барлығы отқа төзімділігі жағынан ІІI дәрежелі ғимараттарға жатады. Мұнай базасының территориясы үлескілер мен зоналарға бөлінген. Темір жолдық қабылдау зонасында келесідей ғимараттар мен бекеттер орналасқан: темір жол құю-толтыру эстакадалары, сорғы станциясы, тиеу-түсіру платформасы. Сұйыққойма паркі зонасында ақшыл және қоңыр мұнай өнімдерінің сұйыққоймалары орналасқан.

«Қуатамлонмұнай» ЖШС БК мұнай терминалы «Белкөл» станциясының аумағында орналасқан. Терминалдың аумағы 5 га, темір тормен қоршалған және кіретін қақпалары бар. «КАМ» нысанының аумағында 3000 м3 мұнай сақтауға темірден жасалған 2 дана жердің бетінде, 100 м3 жердің астында және дизель азығын сақтауға 3 дана сыйымдылықтар орнатылған. Теміржол бойында мұнай қабылдайтын барлығы сыйымдылығы 300 м3. Қабылдайтын-ағызатын, насос бекеті, (мұнай, газ) сұйық азықпен жұмыс істейтін 2 дана SUACKO гликоль жылытатын бу қазандығы бөлмесі. Ауласы «Ночь-12» NП-88002 маркалы күзет дабылы темір сыммен қоршалған. Әкімшілік ғимараты 1 қабатты

«VIKING» атомды материалдан жасалынған, жылу жүйесі тоқпен.

Насос бекетінде мұнай айдауға 7 электронасосы бар, оның: екеуі

СТN-Е-125/2 маркалы 3000 м3 резервуарға мұнай қабылдайтын бекетінен мұнай айдайды, 2 насос та автоматикалық. Қалғаны СЗЛ-У-80 250 маркалы 5 насосы өнім қоймасында орнатылған, бұл насостар 3000 м3 резервуардан эстакададағы вагонына мұнай айдауға және дренажды насосы мұнай өнімдерін резервуарға айдайды.

«КАМ» терминалының нысандарына күзет қызметі және 1 өрт сөндіру бекеті 1 өрт автокөлігімен 12 қызметкерлерімен қызмет атқарады.

Мұнай базасының өрт қауіпі өте жоғары, себебі кала ішінен алыс орналасқанымен,сұйық майларды және арнайы сұйықтықтарды транспортизация және резервуарларға құю кезінде,жұмыс қызметкерлеріне қаупі зор.

Өрт туралы ағашқы дабыл мұнай базасының диспетчерлік пунктіне түседі, диспетчерлік пунктінің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы мен тікелей байланысы жоқ. Телефон байланысы қолданылады. Өрт сөндіру шарасына қатысатын мұнай базасы жұмысшыларын шақыру жеке құрастырылған график бойынша жүргізіледі.

Өрт сөндіруге қажетті қосымша күш пен құралдарды жинақтау

Күштер мен құралдарды жедел басқару жедел шығу кестесіне сәйкес жүзеге

(9)

асырылады.

1.1. Мұнай базасын электрмен қамсыздандыру

Мұнай базасын жарықтандыру-электірлік.Су мен мұнай тұрақты мұнай эмульсияларын құрайды,оларды бұзу үшін мұнай өңдеу зауыттарында кернеуі жоғары болатын ауыспалы электр өрісі пайдалынады (мұнайды сорғытудың бұл тәсілін қолдану 1909 жылдан басталды).Шикі мұнай сұйыққоймадан сорғымен алынады және 0,8-1,0 МПа қысымымен 2 және 3 шикізаттық жылу алмастырғыш жүйесі арқылы айдалады,онда шығарылатын ыстық өнімдерден 120-1300С дейін қыздырылады.Қыздырылған мұнай реттілікпен жұмыс істейтін 1 электродегидрататорларына түседі.Мұнайға ыстық су мен деэмульгатор мен өтеді.Өңделген мұнай құрамында 0,1 0/0 су мен 5-10 мг/л тұз болады,яғни ол мұнай айдау қондырғыларына жөндеусіз екі жылдан кем емес жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Терминал ауласында «АNSAFSLQ» күштілігі – 40 кВт бір дизель электростанциясы және ТП-10/04 Квт-5-630 КВА маркалы 2 электротрансформатор бекеті, мұнай қабылдау уақытында төтенше жағдай кезінде теміржол бойының тұйығында күштілігі – 18,5 КВт 2 лебедка

«SPEEDAIR» материалынан жасалынған жоғары қысымды 175 PSI-380V компрессор бөлмесі, жанында электр торабы, аула жарығы – 380 V күштілік шкафы орналасқан. Жылу жүйесі тоқпен.

Статикалық электр тоғы зарядтарының жиналуы ондаған және жүздеген киловольтқа жетуі мүмкін, және ұшқын ретіндегі разрядқа әкелуі мүмкін. Бұл өрт немесе жарылыс себебі болуы мүмкін, өйткені жеңіл тұтанғыш сұйықтықтар булары мен ауаның қоспасы тұтануы үшін электростатикалық разряд потенциалдарының айырмасы 300-500 В болуы жеткілікті.

1.2 Мұнай базасын сумен қамсыздандыру

Нысанның ауласында өрт сөндіруге дм.216 мм айналмалы 11 өрт гидранты орналасқан. Су қысымын жоғарылату насосы қарастырылған.

Осенхронный жоғарлату насосы күштілігі 300 м3 сағатына жұмыс істейді және бір данасы резервтік, өндіріс кезінде және өрт сөндіру кезінде әрдайым насос станциясы су қоймасынан тартылады. Терминал аумағындағы су қоймасының көлемі 1000 м3. Терминал аумағында 9 эл.кнопкалы «Рубин-6» маркалы өрт дабылы және өрт насосы автомат қосу үшін 5 эл.кнопкалы орнатылған, 4 дана темірден жабдықталып жасалынған алғашқы өрт сөндіру тақтасы, ОП-50 3 дана, 3 дана көбікті өрт сөндіргіш, оның ішінде: 20 дана ОП-10 және 10 дана ОП-5, өрт гидрантының жанында дм.51 мм 3 данадан өрт жеңдері қойылған, 300 м3 резервуарларда салқындатуға және КАГ-600 2 жерден көбік беруге құрғақ трубалар орнатылған, 10 лафет оқпаны теміржол бойындағы эстакадаға қарай орнатылған.

(10)

1.3. Өндірістің технологиялық үрдісінің сипаттамасы

ЖШС «Қуатамлонмұнай» Қызылорда мұнай базасы мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау тұтынушыларға жіберу қызметін жүзеге асырады.Мұнай базасының тұтас өндірістік технологиялық үрдісін спецификалық техногиялық үрдістері мен апараттарына сәйкес шартты түрде төрт үлеске бөлуге болады:

I үлесі - құю-толтыру темір жол этакадасы;

II үлесі - жапқыштар торабымен сорғы;

III үлесі - сұйықтық сақтайтын парк;

IV үлесі - мұнай өнімдерін бөлшектеп тарату.

Мұнай өнімдері мұнай базасына темір жол транспортымен жеткізіледі.

Мұнай өнімдерін қабылдау бір жақты құю-толтыру темір жол эстакадасы арқылы тәулік бойы жүзеге асырылады. Темір жол цистерналарынан мұнай өнімдерінің үш тобын жеке дара құйып-толтыруға 6 вагон-цистерна қарастырылған. Темір жол құю-толтыру эстакадасының жалпы ұзындығы – 76 м. Эстакада цистерналардың асты және үсті арқылы құю-толтыруды қамтамасыз ететін ҚТҚ-175 (7д.) құю-толтыру құрылғыларымен, сонымен қатар мұнай өнімдерінің түрлері мен сұрыптарына қарай бөлуді жүзеге асыратын манифольдтармен жабдықталған.

Мұнай өнімдерін сұйықтық сақтайтын қоймаларға транспорттау сорғы станциясы арқылы жүзеге асады.

Сорғы станциясы мынадай маркалы сорғылармен жабдықталған:

12 МТС(мұнай табу станциясы) – 2дана;

6 НДВ - 1 дана;

6 НКЭ 9х1 - 1 дана;

АСВН-80 - 4 дана.

Сорғы агрегаты жұмысы барысында автоматты түрде барлық параметрлеріне бақылау жүргізіледі және белгілі бір бұзылу болған жағдайда, агрегат жұмысының ауытқуына себепші болған ауытқу тіркеліп отырады.

Бұдан соң, жапқыштар торабы арқылы сорғылармен құбырлар арқылы мұнай өнімдері сұйықтық сақтау қоймаларына жіберіледі.

Мұнай өнімдері жер үстіндегі вертикальды станционарлы қақпағы бар сұйық қоймаларда сақталады. Дизельді жанармай үшін ТБР-400 сұйық қоймасы орнатылған (саны: 1 дана); бензин үшін ТБР-5000 - 1 дана сұйыққоймасы орнатылған; ТБР-2000 - 3 дана, ТБР-1000 - 2 дана.

Барлық сұйыққоймалар қажет құрылғылармен және ООГҚ мен жабдықталған. Атап айтсақ:

- тыныс алу клапандары;

- гидравликалық клапандар;

- УДУ-5 типті деңгей өлшегіш;

- ПСР-4 типті сынама сұрыптаушы;

- бүйірлі басқарушылары бар шартылдақтар;

- жарықтық люктер;

(11)

- лазды люктер;

- өлшегіш люктер;

- сәйкес диаметрлі жапқыштарымен қабылдау-тарату келте құбырлары;

- найзағайқабылдағыш;

- КАГ-600 көбік атқыш генератор - сифонды су жіберетін крандармен.

Сұйыққойма паркінен автоқұйма эстакадасына дейін әр мұнай өнімі түріне жеке технологиялық құбыр тартылған.

Автоқұю эстакадасында мұнай өнімдерін жіберу 8 сағаттық жұмыс күні ұзақтығында жүргізіледі.

Шаруашылық-фикальды суағар қалдықтары канализациялық сорғы станциясының бірінші камерасына түседі, одан алдын ала тұндыру үшін тұндыру бөліміне айдалады, оннан өздігінен ағып канализациялық сорғы станциясының екінші камерасына және түзету-тоғанына келеді. Түзету- тоғанында өндірістік және шаруашылық-фикальды суағар қалдықтары буланады. Буландырғыш-тоғанның сыйымдылығы 1200 м3.

1.4. Өртке қарсы сумен қамсыздандырудың сипаттамасы

Сыртқы өрт сөндіруді қамтамасыз ету мақсатында Қызылорданың мұнай базасы қаланың су құбырынан алынған диаметрі 100мм суқұбыры желісімен жабдықталған. Желідегі қысымды арттыру( 8 атм. дейін) үшін оқшауланған жерде орналасқан сорғы станциясы бар.

Ішкі өрт сөндіру іштегі - әкімшілік-тұрмыстық корпуста, мұнай өнімдерін ыдыста сақтау қоймасында орналасқан өрт сөндіру крандары арқылы жүргізіледі.

1.4.1. Ақшыл мұнай өнімдерінің технологиялық үрдісінің сипаттамасы

Ақшыл мұнай өнімдерін автоцистерналарға құю үшін ТП 402-12-49 типтік жобасы бойынша салынған, оператор бөлмесінде және шатыр астында орналасқан , қосарланған құю құрылғылары бар 8 аралдан тұратын станция бар.

Станция оператор бөлмесінен дистанционды басқарылады. Ақшыл мұнай өнімдерін жіберу үшін оператор бөлмесінен дистанционды басқарылатын АҚС- 5Н (автоматты құю станциялары) құрастырылған. Автобағанның өнімділігі- 30м3/сағ. Автоқұю эстакадасында мұнай өнімдерін жіберу 8 сағаттық жұмыс күні ұзақтығында жүргізіледі.

1.4.2. Қоңыр мұнай өнімдерінің технологиялық үрдісінің сипаттамасы.

(12)

Қоңыр мұнай өнімдері мұнай базасына темір жол транспортымен жеткізіледі. Қоңыр мұнай өнімдері мұнай базасына темір жол транспортымен жеткізіледі. Қоңыр мұнай өнімдерін құйып алу үшін ҚТҚ-175(құю толтыру құрылғылары) төменнен құю құралы орнатылған. Майларды айдау үшін РТ-30 (роторлы-тісті) және ТШ20-25А (тегершікті) сорғылары орнатылған. Сорғы станциясынан кейін қоңыр мұнай өнімдері № 1 және № 2 май-блоктарына немесе өңделген мұнай өнімдері пунктіне түседі.

Қоңыр мұнай өнімдерін жіберуге арналған 4 бағаны бар 2 машиналық орынды және 6 бағаны бар 3 машиналық орынды автоқұю этакадалары бар. Бір автоцистернаға құюдың өнімділігі 16,5 м3/сағ.

1.4.3 Өндірістік суағарлардың технологиялық үрдісінің сипаттамасы

Өндірістік суағар қалдықтары мұнай тұзақтары арқылы өтеді, алдын ала тазартудан өткен соң (КСС) канализациялық сорғы станциясына түседі, одан сорғымен түзету-тоғанына айдалады.

Шаруашылық-фикальды суағар қалдықтары канализациялық сорғы станциясының бірінші камерасына түседі, одан алдын ала тұндыру үшін тұндыру бөліміне айдалады, оннан өздігінен ағып канализациялық сорғы станциясының екінші камерасына және түзету-тоғанына келеді. Түзету- тоғанында өндірістік және шаруашылық-фикальды суағар қалдықтары буланады. Буландырғыш-тоғанның сыйымдылығы 1200 м3.

1.5 Өндіріс айналымындағы заттардың өрт-жарылыс қауіпі бар қасиеттері.

Мұнай өнімдері және мұнайдың жанғыштығына байланысты қасиеттерін есепке алғанда және дұрыс қолданғанда, яғни оттың тұтану, өрттің күшею және сөну жағдайын анықтайтын өрт қауіпі көрсеткіштерін есепке алғанда ғана мұнай базасының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.

Заттар мен материалдардың өрт қауіпі көрсеткіштерін анықтаудың талаптарына сәйкес мұнай және мұнай өнімдерінің өрт қаупін бағалауда жанғыштық тобын, тұтану темературасын, жану температурасын, өздігінен жану температурасын, жану жылдамдығын, жану кезіндегі қызу жылдамдығын, жанып жатқан заттың су-көбікті сөндіру құралымен әрекетке түсу ерекшелігін, жанудың ауадағы аумағын, жарылыстың максималды қысымын, қоспаның жарылыс қаупі бойынша категориясын, тұтанудың минималды энергиясын, жарылыс қаупін туғызатын оттегінің минималды мөлшерін, қалыпты жану жылдамдығын анықтау қажет.

1.5.1. Мұнайдың қасиеттері

Мұнай-майлы тез тұтанатын сұйықтық,әдетте қарақошқыл түсті,ерекше

(13)

исі болады.Мұнай химиялық құрамы бойынша күрделі органикалық қосынды болып табылады,негізінен екі химиялық элементтен – көміртегіден (82-87 0/0) және сутегіден (11-14 0/0) – тұрады.Сондықтан мұндай қосындыларды көмірсутекті деп атаймыз.Мұнай құрамына кіруі мүмкін:күкірт,оттегі,азот және із түріндегі – хлор,фосфор,йод,және т.б.Оның тығыздығы 0,73 – тен 1,04 г/см3 дейін болады.Қайнау бастауы шамамен 200С.Қайнау темперетурасы 1000С және одан жоғары болатын ауырлау мұнайлар болады.Қату температурасы – 60 – тан + 200С дейін,жылу сыйымдылығы 1,7 – 2,1 кДж/(кг.К),жану жылылығы 43000 – 46000 кДж/кг болады.

Мұнай суда ерімейді.Қыздыру кезінде терендікке қарай қызады,яғни қыздыру процесінде гомотермикалық қабатының өсуі пайда болады.Күйіп кету жылдамдығы 9 – 12 см/с.Қызған қабатының өсу жылдамдығы 24 – 36 см/с,оның температурасы 130 – 1600С,жалын температурасы 11000С болады.

Мұнайда метан (парафиндік),нафтендік және хош иісті көмірсутектер кездеседі.Осы немесе басқа топтың асып кетуіне байланысты мұнайға атау береді.Мұнайдың физикалық қасиеттері,сонымен қатар сапалық сипаттамалары осы немесе басқа сутектің немесе олардың жеке топтарының басым болуына байланысты болады.Күрделі көмірсутектері басым болатын ауыр мұнайларда бензин және май фракцияларының мөлшері аздау болады,яғни метан қатраының көмірсутектердің басым болуымен жеңіл мұнайларға қарағанда,олардың өрт қауіптілігі аздау болып табылады.

Мұнайда шайыр мен парафиндердің көп болуы оны тұтқыр және көп қозғалмайтын етеді,яғни соның салдарынан мұнайды өндіру,тасымалдау мен қайта өңдеу кезінде қосымша шаралар жүргізуін талап етеді.Мұнайлар құрамына таза бинзинді,жермайлы және майлы фракциялардың болуы бойынша бөлінеді.

Егер мұнайды ашық ыдыста ұзақ уақыт жел қағатын болса, кез келген мұнайдың жану температурасы күрт жоғарылайды. Сондықтан мұнай тез тұтанатын сұйықтан жанғыш затқа айналуы мүмкін.

Кен орнының әр түрлі болуына қарамастан барлық мұнай түрлерінің концентрленген жану шегі шамамен бірдей. Практикалық қолдану үшін жану шегін тең деп алуға болады:

төменгі — 2% (көлемі бойынша) немесе 40 г/м3; жоғарғы — 10% (көлемі бойынша) немесе 200 г/м3.

Мұнай буының молекулярлық массасы орта есеппен 50 кг/кмоль-ға тең деп алуға болады.

Мұнай жану кезінде төменге қарай қызатын қасиеті бар, сондықтан үдемелі гомотермиялық қабат түзеді. олардың жану жылдамдығы 9-12 см/сағ., қызған қабаттың үдемелі жану жылдамдығы 24-26 см/сағ., сәйкесінше қызған қабаттың және жалынның температурасы 130-160 С және 1100 С.

1.5.2. Бинзиннің қасиеті

(14)

Бензин — жеңіл көмірсутектің күрделі қосылыстары болып табылатын түссіз, жанғыш сұйықтар. Бастапқы және соңғы қайнау температурасы

35-40 С және 180-185С.

Бензин буындағы дара көмірсутектердің мөлшері % (көлемі бойынша):

Этан — 1,7-4,7

Пропан — 6,2-14,8

Бутан — 33-46,9

Пентан — 27-34,4

Гексан — 7,8-23,5

Ауырырақ көмірсутектерде барлық көлемінің 85-90% мөлшеріне дейін жетеді.

Будың орташа молекулярлық массасы 63-65,9 кг/кмоль-ды құрайды, орташа есеппен 65 кг/кмоль деп алуға болады.

Будың жануының жоғарғы және төменгі шоғырландыру шегі (%

көлемі бойынша) сәйкесінше 1,6-1,7 және 7,0-7,9 құрайды және 1,6% және 7,9%

тең деп алуға болады.

Бензиндер жану кезінде үдей түсетін гомотермиялық қабат түзіп, тереңге қарай қызады. Қызған қабаттың үдеу жылдамдығы 70 см/сағ, бұл қабаттың температурасы 80-100 С, күйіп кету жылдамдығы 20-30 см/сағ, жалын температурасы 1200С. Бірақ, үлкен өнеркәсіптік сұйыққоймаларда жану кезінде бензин тереңге қарай қызбайды.

1.5.3. Керосин және дизельдік жанармайдың қасиеттері

Керосиндер — жанғыш сұйықтық. Керосин типті мұнай өнімдеріне тазартылған және тракторға арналған керосиндер мен қайнау шегі 150-250С әр түрлі маркалы авиациялық реактивті жанармай жатады.

Дизельді жанармай — тез және жай жылдамдықпен жүретін транспортық және станционарлы қозғалтқыштарда қолданылатын орташа және ауыр мұнай фракциясы. Дизельді жанармай 300-350С қайнайды.

Тазартылған керосиннің тұтану температурасы 48-58С, өздігінен жану температурасы 250-265С дейін жетеді. Тазартылған керосиннің тығыздығы 810-834 кг/м3.

Тазартылған керосиннің жану температурасының төменгі шегі 45-57С, жоғапғы шегі 86-87С.Концентрационды жанудың төменгі шегі:1,4%, жоғары шегі:7,5%

Дизельді жанармайдың барлық маркаларының тұтану температурасы 45С және негізінен мұнай өнімдеріне жатады.

(15)

1.5.4. Мазут пен майлардың қасиеттері.

Мазуттар — жанғыш сұйық, мұнайдан таза жанармай фракциясын (бензин, керосин, дизельді жанармай) айырып алғаннан кейінгі қалдық өнім.

Мазуттың бастапқы қайнау температурасы 350С, тығыздығы 890-995 кг/м3, жану жылуы 42000-44000 кДж/кг, жылу өткізгіштігі 1,5-1,6 Дж/(см•с•С), элементарлы құрамы: 83,5-88,5% көміртек және 10,5-12,5% сутек.

Майлар — жоғары молекулалы көмірсутектің қоспалары, қоймалжың жанғыш сұйықтар. Майдың орташа тығыздығы — 900 кг ( 830-ден 965 дейін кг/м3). Жасыл және сивуха майының тұтану температурасы 65 және 40С. Басқа майлардың тұтану температурасы (172-259С) айтарлықтай жоғары жанғыш сұйықтық болып табылады.

Сондықтан қоршаған орта қалыпты температурадан жоғары болған жағдайда да салыстырмалы түрде,майларды мұнай өнімдерінің қауіпсіз түріне жатқызуға болады. Дегенмен, қоюлық деңгейінің жоғарылығына байланысты мазут пен майды тасымалдау мен сақтау жылыту арқылы жүзеге асырылады.

(жылыту температурасы тұтану температурасына жақындауы мүмкін).

Сонымен қатар жылыту кезінде ауыр мұнай өнімдерінен аз мөлшерде өте жеңіл газ фракциялары бөлінеді. Олар жабық ауа кеңістігінде жанғыш концентрация түзуі мүмкін.

Әдетте мазут пен майлар үшін тұтану температурасын ашық тигльде анықтайды. Дегенмен бұл мұнай өнімдерін сұйыққоймада сақтаудың қалыпты жағдайына сәйкес келмейтінін есепке алу керек. Жабық тигельдегі мазут мен майдың тұтану температурасы ашық тигельдегіден төмен.

Жабық тигельдегі тұтану температурасын жанудың шектік температурасы ретінде анықтайды. Сондықтан тұтану температурасы экспресс- параметр екенін есепке алу керек. Ол ашық ыдыстағы немесе төгілген күйдегі жанғыш заттың өртенуіне себепші болатын жағдайдың шамамен алынған температуралық көрсеткіші.

Ауыр мұнай өнімдерінің салыстырмалы түрде көп мөлшерде жеңіл мұнай өнімдеріне араласуы соңғысының өрт қаупі көрсеткішіне айтарлықтай әсер етпейді. Ал май мен мазутқа аз мөлшерде болса да бензиннің немесе басқа жеңіл мұнай өнімдерінің араласуы олардың өрт қаупін күрт арттырып жібереді.

Сонымен қатар жеңіл мұнай өнімдерінің ауыр мұнай өнімдеріне араласуы өрттің шығу жағдайына ғана әсер ететін, одан әрі жану сипатына әсер етпейтінін есепке алу керек. Бастапқы жану кезеңінде жеңіл қоспалар тез өртеніп кетеді, сондықтан жанып жатқан мазут қайтадан ауыр мұнай өнімінің қасиетіне ие болады.

Жанған кезде мазут төменге қарай қызады, сондықтан гомотермиялық қабат түзеді. Мазутттың жану жылдамдығы 6 см/сағ., қызған қабаттың үдеу жылдамдығы24-42 см/сағ, қызған қабаттың және жалынның температурасы сәйкесінше 230-300 және 1000С тең.

(16)

1.5. 1-Бөлім бойынша қорытынды

Қызылоданың мұнай базасы «Қуатамлонмұнай» ЖШС әр түрлі мұнай өнімдерін жеткілікті көлемде сақтап, тұрғындардың көліктерін, өндіріс орындарын және ауыл шаруашылығын қамтамасыз етіп отырған маңызды нысан болып саналады.

Жоғарыда айтылғаннан белгілі болғандай, мұнай базасында сақталған мұнай өнімдері тез тұтанатын жанғыш сұйықтар. Сұйықтардан шыққан бу ауада тарайтын еркін кеңістік болған жағдайда, жұмыс температурасы жанудың төмен және жоғары температуралық шегінен асқан жағдайда тез тұтанатын қоспалар түзуі мүмкін.

Мұнай өнімдерін құбырлар арқылы тасымалдау кезінде немесе сорғымен айдау кезінде төгілуі мүмкін. Агрегаттардың бұзылуы немесе авария кезінде тұтану көздері бар болса өртенуі мүмкін.

Негізгі технологиялық жабдықтардың өрт-жарылыс қаупіне келесі бөлімдерде толығығрақ талдау жасалады. Өрттен қорғанудың инженерлі- техникалық шешімдері құрастырылады.

2-Бөлім.Технологиялық үрдістің өрт-жарылыс қауіпінің анализі, өртке қарсы қорғаныстың ұсынылатын инженерлі-техникалық шешімдері

(17)

2.1. Нысанның алдын-алу жұмысының жағдайы

«Қуатамлонмұнай» ЖШС Қызылордалық мұнай базасын Қызылорда қаласының Мемлекеттік өрт бақылау бөлімі тексереді.

Өрт сөндіру-техникалық тексерулерді өткізу барысында Мемлекеттік өрт бақылау бөлімі инспекторлары бірқатар өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және тиісті нормалар мен ережелер талаптарына сәйкессіздікті анықтайды.

Нұсқамалардың негізгі пунктілері келесі мазмұнда:

1. Бекінулер биіктігінің тұтастығын қалпына келтіру (негізі ҚР ӨҚҚ 08-97 81 п.

2.)

2. Сұйыққоймаларды тікелей күн сәулесі әсерінен жарық шағылыстыратын бояумен жабу (негізі СПП ч. 3. П. 4.2.4)

3. Өрт сөндіру гидранттары, сұйыққоймалардың орналасу орындарына жарықтандыру және флуоресцентті көрсеткіштерді орнату. Қысқы уақытта жүйелі түрде қар мен мұздан тазарту. (негізі ҚР ӨҚҚ 08-97 8.7 п. 2)

4. Бекінулер арқылы өту үшін, сондай-ақ сұйыққоймаларға топырақ себуге көтеру үшін ені 0,7 м кем емес саны 4 саты-өткелдер – сүйыққоймалар тобына орнату (негізі ҚНжЕ 2.11. 03-93 т.б. 3.11)

5. Сұйыққоймалар жиынтығы территориясын құрғақ шөп пен бұталардан тазарту. Алаңдарда тұтанғыш және жанғыш газдар мен судың жиналу орны болуы мүмкін шұңқырлардың пайда болуын болдырмау (негізі СППБ ч. 3. П.

4.2.25)

6. Азық-түлік сорғыш станцияның үй-жайында автоматты гозанализаторларын орнату немесе ауа ортасы жағдайын бақылау үшін лабораториялық анализ жасап тұру (негізі ППБ РК 08-97 8.1. п.)

7. Объектіде сұйыққоймалар жиынтығындағы өртті сөндіруге қажетті көбіктендіргіштің екі есе қорын қамтамасыз ету.

8. Электршаруашылығының толық тексерісін өткізу. Акт жасап оқшауландыру мен жарықтандыру желілерінің кедергісін, электр жабдықтардың жерге тұйықтау контурын тексеру.

Сұйыққоймалар жиынтығының бірнеше жерінде п.3.6 ҚНжЕ 2.11.03-93 талабы сақталмаған: көлемі 3000 м3 дейін сұйыққоймаларда қабырғасынан бекінулердің ішкі еңісінің табандарына немесе қоршау қабырғаларына дейінгі ара қашықтық 3 м кем емес қабылдануы керек.

2.2.Негізгі технологиялық жабдықтардың өрт қауіпсіздігінің анализі және ұсынылған қорғаныс шаралары

(18)

2.2.1. Сорғылар

Мұнай базасының сорғылау станциясы теміржол цистерналарынан мұнай өнімдерін тиеу-түсіру, автоцистерналарға құю, сондай-ақ база ішіндегі ауыстырып құю үшін арналған.

Мұнай өнімдерін ауыстырып құю сорғылары өртке төзімділігі ІІ дәрежелі сорғылау станциясы ғимаратында орналасқан.

Сорғылардың едәуір мөлшерде өрт қаупі бар. Оған сорғыларда жоғары қысымдағы мұнай өнімдерінің болуы, тығыздамалар арқылы ағып кету мүмкіндігі себепкер.

Сорғы станциясында өрт пен жарылыстар негізінен сорғылар мен сорғылау жабдықтарын пайдалану кезінде өрттен сақтану ережелерін сақтамаудан (мысалы, мойынтіректер мен сорғы корпусының қызып кетуі, ақаулы сорғыларды пайдалану, сорғылардағы қысымның артып кетуі және т.б.), майланған материалдар мен арнайы киімдердің өздігінен тұтануынан немесе статикалық электр тоғы разрядынан ұшқындаудан, жерге тұйықтау құрылғысында ақау болғанда, сондай-ақ ашық от көздерін қолдану нәтижесінде пайда болады.

Осылайша, сорғылар мен сорғы станцияларының өрт қаупі:

— вибрациядан сорғылардың герметизациясының жойылуы;

— тығыздамалар мен нығыздауыштардың жұқаланған жерінен мұнай өнімдерінің ағып кетуі;

— гидросоққыдан сорғылардың герметизациясының жойылуы нәтижесінде жарылу қаупі бар шоғырланудың пайда болуынан тұрады.

Тығыздамалардың абсолютті саңылаусыздығын жасау өте қиын: олардың тозуы мен иілгіштігін жоғалтудан сұйықтықтың өтіп кетуі артады. Сондықтан дұрыс пайдаланғанда да және сорғылардың қалыпты жұмыс жасауы кезінде де сорғылау станциясының бос кеңістігіне жарылу қаупі бар шоғырлану түзе отырып жанғыш сұйықтықтың ағып кетуі мен буының шығып кетуі мүмкін.

Сыртқа тебуші сорғының тығыздамасы арқылы ағып кету мөлшерін мына формуламен анықтауға болады:

Gc=0,005

∙ p ∙ d ∙ k ∙ √ H

мұнда,Gc – 1 сағатта сорғы тығыздамасы арқылы ағып кететін сұйықтық мөлшері,кг/сағ;

 940 кг

м3

- сұйықтық тығыздығы;

d=30мм сорғы білігінің диаметрі;

k – сұйықтық булануының коэфиценті, k=2-ге тең;

(19)

Н – сорғы қысымы, H=40м су бағ. тең

Gc 1.784кг

 ч

Ағып кету нәтижесінде сорғылау станциясында жарылыс қаупі бар концентрация түзіледі. Мұнай өнімдерін ауыстырып құю үшін n  4 сорғы орнатылған.

Сорғы тығыздамалары арқылы ағып кету мөлшерін анықтайық:

C

ж

= n

Gc G

ж

= 7,134

кгЧ

Мұнда,n – мұнай өнімдерін ауыстырып құю үшін орнатылған сорғылар саны.

Сорғылау ғимаратындағы жарылыс қаупі бар концентрацияның көлемін анықтайық:

V

ВОК = G ж ∙1000 0,5∙ C бтк

мұнда С – будың тұтануының концентрацияланған төменгі шегі, бензин үшін

С

бтк

= 1,6

0

\

0

Бензиннің молярлық массасы М 65 г

моль

С

бтк

= 0,41

M

C

бтк0

\

0

С

бтк

= 0,043

молькг

және де

V

ВОК

= 92,95 м

3

Жарылыс қаупі бар қоспаның мұндай көлемі сорғылау станциясының ғимараты үшін үлкен қауіп туғызады.

Жеңіл тұтанғыш сұйықтық ауыстырып құю кезінде ағып кетуді азайту және қауіпті төмендету үшін тік қойылған нығыздауышты сорғылар ұсынылады.

Сыртқа тебуші сорғыларда тік қойылған нығыздауышты қолдану кезінде тығыздама арқылы шығынды Gc-дан 40% қабылдау керек, яғни

Gт = 0.4

Gc Gт = 0.713

сағкг

Бұл сорғылардың өрт қаупін анағұрлым төмендетеді.

(20)

Сондай-ақ сорғылар тығыздамаларынан буды жергілікті сорып алушы құралдарды орнату ұсынылады. Қалыпты жұмыс кезінде сорғының ішкі көлемі толық сұйықтықпен толтырылған және сондықтан сорғы ішінде жанғыш қоспалар түзілуі мүмкін емес.Өрт қаупі мұнда екі жағдайда пайда болуы мүмкін: сорғыда ақаулар және зақымдану пайда болғанда және сорғыны жөндеуге тоқтату кезінде.

Сорғының нығыздауыш герметикалығын жойылуы мен бөлшектердің бұзылу түріндегі ақаулары мен зақымдануы вибрация, үйкелу, тозу, коррозия, бірігулердің әлсіреуі, біліктердің қисаюы, мойынтіректің қызып кету және т.б.салдарынан болуы мүмкін. Аппараттардың зақымдануының ерекше себебі гидравликалық соққы және сорғы жұмысы барысындағы вибрациялар түріндегі динамикалық әсерлер болып табылады. Гидравликалық соққылар мен вибрациялар қысымның кенет өзгеруінен, сондай-ақ құбыр желілерінде тиектерді жылдам жабудан пайда болуы мүмкін.

Сорғының айдату желісіндегі диаметрі d=150 мм және қабырғаларының қалыңдығы s=4мм тиекті жылдам жабу кезіндегі гидравликалық соққының күшін анықтайық.

Гидравликалық соққы кезіндегі желідегі қысымның артуы

  c

 g

тең

мұнда

γ

- сұйықтықтың меншікті салмағы, ол

 940 кг м3

тең;

g – еркін құлаудың үдеуі, g=9.81 м/с2;

с – соққы толқынның таралу жылдамдығы, м/с;

ω - ағынның тежелуі кезіндегі сұйықтықтың қозғалу жылдамдығының кемуі, ол 2 м/с тең.

Соққы толқынының таралу жылдамдығы мына формуламен анықталады:

c g Еж

 1 d Еж

E

 





 



,

мұнда Еж – сұйықтық серпіндігі модулі; бензин үшін Еж 1.29 10 8 кг

м2

Е – болат серпінділігі модулі, ол

Referensi

Dokumen terkait

Өсімдік композиция құрамында 77,74 % көмірсу болуына байланысты, тәжірибелік үлгі құрамында 5,92 г мөлшерінде көмірсу бар, бұл №1 және №2 үлгілерге қарағанда сәйкесінше 4,79 г және 5,61