• Tidak ada hasil yang ditemukan

АСЫЛ МҰРАМЫЗДЫ ИГЕРУДІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "АСЫЛ МҰРАМЫЗДЫ ИГЕРУДІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

Қ.С.Құлман ов

Астана қ., Қазақстан АСЫЛ МҰРАМЫЗДЫ ИГЕРУДІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ

http://www.enu.kz

Фольклор мен әдебиеттiң ӛзара қарым -қатынасы, проблемасы

теориялық, тарихи-әдеби мәнi бар мәселе. Жалпы алып қарағанда, кӛркем әдебиеттi басқа ӛнердiң түрiнен бӛлiп алудың ӛзi оның сан қырлы, мол арналы екендiгiн танытады. Сол арналардың бiрегейi -халық жадында сақталған мол мұра-фольклор. Әдебиет пен фольклордың тарихи ӛзара байланысы әлем әдебиетi дамуының ең бiр мәндi заңдылығын байқатады.

Сондықтан фольклор проблемасы әдебиеттiң теориясы мен тарихын жасауда, қаламгердiң шығармашылық мұрасын игеруде кӛрнектi орын алады.

Әр дәуiрде әдебиеттiң фольклорға бет бұруы, күрделi тарихи заңдылықтардың ашылуы, ақын-жазушылардың,фольклордың нақты тарихи мәндi кезеңдерiн назар аударуы, оның басты бiр ұлттық ерекшелiгiн, халықтығын танытудағы бірден -бір құрал болғандығын ешкiм жоққа шығара алмайды.

Әрине, фольклор мен әдебиет ӛзiндiк екi эстетикалық жүйе болғандықтан, шындықты танудың кӛркемдiк тәсiлi, оның жасалуы екеуiнде бiрдей емес. Сол себептен де фольклор творчестволық ерекше формасы деп танылады. Ӛйткенi әдеби дәстүрдiң фольклорлық дәстүрден терең айырмасы бар.

Әдебиет тарихы кӛрсеткендей, әдебиет пен фоль клор арасындағы ӛзара әсер ету процесi үнемi бiрқалыпты, бiрдей формада ӛткен жоқ. Кей дәуiрлерде бұл байланыс жанданып белсендi түрде жүрсе, бiрде бәсеңдеп отырды. Осыған сәйкес, әрбiр ұлттық фольклор мен әдебиет ӛздерiнiң қатынас жүйесiн, яғни жалпы заңд ылықтардан туындаған ӛзiндiк даму процесiн қалыптастырды.

Ескi мұраны игеру туралы мәселе Қазақстанда әсiресе, жиырмасыншы жылдардың бас кезiнде кӛтерiлдi. Бұған қазақ әдебиетi тарихы, жекелеген қаламгердiң шығармашылығы жӛнiнде келелi мәселелердi қозғап, кӛлемдi мақала-зерттеулер жазуға Телжан Шонанұлы да қатысты. Ол фольклор тарихы, оның жай-күйi, болашағы туралы сан-саналы ой қозғап отырды.

Мәселен, «Қазақ халық ауыз әдебиетi » («Литературный Казахстан », 1926, № 2) мақаласында бұл әдебиеттi жасаушы халық екендiгiн, сандаған ӛнер иелерiнiң ел арасынан шығатынын айта келе: «Институтта әлi басылмаған 150 ертегi мен әртүрлi ауыз әдебиетiнiң ерекшелiктерi бар. Осы байлықтың арасында Кеңес ӛкiметi кезiндегi қазақ фольклорының жәдiгерлерi баршылық. Қазiр қазақ фо льклорына тек ғылыми мекемелер, ғалымдар ғана емес, музыкалық драма театрлар, филормониялар, баспалар, жазушылар одақтары да қызығушылық бiлдiруде. Бiрақ, бұл тек үлкен жұмыстың бiр бӛлiгi. Бiз әлi күнге дейiн қазақ фольклорының барлық жәдiгерлерiн бiлмеймiз», /1,83/ - дейдi. Қаламгер ӛз мақаласында халық ауыз әдебиетiнiң кӛкейкестi мәселелерiн сӛз етедi.

Сонымен қатар, қаламгер қазақ фольклорында батырлар жыры үлкен орын алатындығына тоқтала келiп: «Батырлық эпостар батырлардың ер жүректiгiн, халқының қамын житiн азаматтар туралы. Әр эпос қазақ тарихының кезеңiн, немесе тарихи тұлғаларды суреттейдi. Осы образдарды

(2)

дәрiптеумен, қазақ шаруаларының байларға деген шыдамдылықтарының, құрмет сезiмiнiң пайда болуын кӛздейдi, сонымен қатар эпостарда қарапайым халықтың ӛздерiнiң құқықтары үшiн күрескендерi туралы да бар» /1,85/ дей келе, мысал ретiнде «Ер -Сайын» эпосы мен «Қамбар батыр»

эпосынан нақты үзiндi келтiре отырып, қазақ халқында кластық бӛлiнiс, құл, құл иеленушi, бай, кедей болғанын, алайда кедейлер класы ӛздерiнiң мұңдарын батырлар жырлары арқылы, шығармашылық арқылы кӛрсете бiлгендерiн және әр эпос 2000 -5000 ӛлең жолдарынан тұратынын сӛз етедi.

Және де батырлар эпостарынан, әдет -ғұрып, салт-дәстүр лироэпостар ӛзгеше. Мысал ретiнде «Қозы -Кӛрпеш – Баян сұлу» (Тверитиннiң аудармасы), «Қыз Жiбек», «Айман -Шолпан» т.б. мысал келтiруге болады.

Осы эпос бiздiң опералық театрымыздың ең алғаш қойылымы. Осы эпоста да Қодар құлдың күресi суреттеледi. Потанин кӛп зерттеулерiнiң арқасында

«Қозы-Кӛрпеш» жырын монғол Гесе рладасынша орыс жырларына жақындастырады. Иван Годинович және Данило Ловчанин ертегiсiн, Гесердi, Қозыны Кощейге ұқсастырады дей келе, Телжан Потаниннiң бұл пiкiрiне келiспей Қозы-Кӛрпештiң ежелден келе жатқан эпос екендiгiн айтады. Қорыта келсек, әр елдiң ӛз қаhарманы бар, ӛзiне тән туасылы қасиетi бар және халық ой -арманынан туған дүниенiң, ӛзiндiк табиғатын тез арада түсiне бiлген-Телжан ойымен бiздiң қосылмасқа шарамыз жоқ.

Телжан Шонанұлы ертегiнiң басты қасиеттерiне де тоқталып ӛтедi.

Ертегiнiң басты қасиетiнiң ӛзi ешнәрсеге ұқсамайтын ӛзгеше оқиғаны беруiнде. Мұнда тыңдаушыны елiктiру, қызықтыру мақсатында тiптi кейбiр ӛмiрдегi шындық оқиғаларға мүлде таңғажайып iс -әрекеттер қосылады.

Мәселен, шыншыл ертегiлерде кездесетiн тазша бала айла -тапқырлығымен, ақылдылығымен хан, уәзiр немесе басқа да зұлым күш иелерiн әжуа -күлкi ете отырып, кек алады. Яғни, алғыр, айлакер тазша –халық қалаған қаhарман. Тазшаның iс-әрекетi арқылы халықтың жауыздыққа, үстемдiкке деген қарсылығын бейнелейдi. «Мефистофель секiлдi Алдар-кӛсе ӛзiнiң ирониясымен ақылдылығымен ерекше. Ол байлардың дүниеқұмарлығын, ессiздiгiн әшкерелейдi. Жиренше мен Қарашаш, хан озбырлығына шыдаған кедейлер, қиын жұмыстарды орындай алатын, қиыншылықтардан шыға алатын кейiпкерлер. Мазмұны әр түрлi болғ анмен, барлығында да ӛмiр, тұрмыс-салт, ӛткен ғасырдың қоғамдық қатынастары және халықтың мұңы жайлы айтылады», - деп ертегi жанрына тоқталып ӛтедi. Әрi қарай ӛз ойын тарқата келiп: «Каждый род казахского фольклора богат и обширен. Одних загадок собрано Институтом нацкультуры около 1000 штук. В фольклоре нашли отражение все своеобразнные стороны жизни казахов, поэтому мы встречаем здесь жанры, отсутствующие у многих народов, например, публичные состязательные песни, представляющие собой, повидимому, зародыши сценического, актерского искусства. На месте прежнего фольклора возникает современный советский фольклор. Мы имеем уже песни, пословицы, загадки, прозайческие сказания -новеллы, состязательные песни и др., как жанры советского фольклора. Гражданская война , конфискация баев, передел пахотных и сенокосных угодий, соцсоревнование и ударничество, новые люди -вcе это нашло отражение в советском фольклоре» /1,88/ - дейдi.

Ертегi мен аңыз -фольклордың аса бай жанрлары. Сондықтан да Телжан ертегiнi ешнәрсеге ұқсамай тын ӛзгеше оқиғаны бере алатын, халқымыздың ӛлмейтiн рухын, биiк мұратын бере алатын жанр деп қарастырады.

(3)

Жалпы, фольклорлық жанрлардың бәрi халықтың тарихымен, болмысымен қатысты болады. Фольклорлық элементтер әдебиетке енгенде ӛзгерiп, түрленедi. Сӛйтiп , фольклорлық жанр мен сюжеттер әдебиетпен кӛпқырлы үндестiкте бола отырып, ӛзiнiң кӛркемдiк қасиетiн, қолдан у аясын, ӛмiршеңдiгiн кеңейте бередi.

Негiзсiз әдебиет болмасы хақ, сондықтан да Телжан әдебиетiмiздiң бастау кӛзi болған фольклор туралы қалам тар туы, ескiнi дәрiптеп жаңаны құптағандығы деп түсiнемiз.

Сыншы жалпы қазақ халық ауыз әдебиетi туралы ғана емес, сонымен бiрге ауыз әдебиетiнiң жекеленген үлгiлерi туралы да ӛз пiкiрлерiн бiлдiрiп отырған бұл салада Телжан Шонанұлының «Қазақ әдебиетi» 1935 жылы 9 мамырда «Қыз Жiбектiң шығарушысы» туралы атты әдеби -сын мақаласы шықты. Осы аталмыш мақаласында «Қыз Жiбек » жырының бiзге қалай жеткендiгi туралы және оны кiм шығарғандығы жӛнiнде кӛңiлге қонымды жауап бередi.

Мақалада: «Ауызша таратылған жырды басқ а айтушылар ӛзiнше ӛңдейдi, қосады, кемiтедi, ӛзгертедi. Жылдар зымырап, ғасырлар ӛткен соң, ол жырды кiм шығарғандығы солғындап, iзi тотығады. Жырға әр заманның ақындары, айтушылары жақсылы, жаманды атсалысқан болып шығады.

Соңғы ақындар да ӛз табының қар аблынан ол жырды ӛңдейдi, қосады, ӛзгертедi. Сондай ӛлеңдер мен жырларды халық ӛлеңi деймiз. Сондай жырдың бiрi «Қыз Жiбек» деуге ақымыз бар» /2,3/ дей келе, Телжан бұл жырды шығарушыларды және жырды жеткiзушiлердi сӛз етедi. Сӛйтiп, «Қыз Жiбек» жырын Шайқы Ысламұлы деген кiсi шығарды дегенге қосыла алмайтындығын дәлелдi пiкiрлерi арқылы кӛрсетуге тырысады. Бұл еңбекке үңiле қарасақ: бiрiншiден, Шайқы Ысламұлы бұрынғы Жетiсу, осы күнгi Алматы облысының қарқара жағында тұрған және де «Қыз Жiбектi» Шайқы Ысламұлы шығарса, бұл мұнан 25 -40 жыл ғана iлгерi дүниеге келген әдебиет мұрасы болмақ. Солай ма? Олай сияқты емес.

Екiншiден, бұл оқиға Жайық жағасында болған сияқты, - деп Телжан оқиға болған жермен оны мен шығардым және елге жеткiздiм деген Шайқы Ысламұлының сӛзiне қосыла алмайтындығын бiлдiредi. Телжан осы еңбегiнде Шайқы Ысламұлынан бұрын ӛмiр сүрген Сайым жырау деген жыршының ӛзi «Қыз Жiбектi » кiм шығарғандығын дӛп басып айта алмайтындығын сӛз етедi. Телжан Сайым туралы: «Сайым жырау осы күнгi Қармақшы, Қазалы, Арал, Шалқар, Ырғыз, Орыскi (Жаман қала) аудандарының елiн тамсандырған, оның аузынан шыққан ӛлеңдерiн ел жазып алып отырған. Сол ауданның қарттарының аңыз сӛздерiне қарағанда Сайымнан асқан жырау болған емес. Бiз хат таныған кезде «Қыз Жiбек»

қазанда басылап шықты, онда Шайқы Ысламұлының аты да жоқ. Соңынан Шайқы Ысламұлы жазған, Сәкен бастырған варианттағы 1,2,3,4,28,54,55,56 ӛлең шумақтары да жоқ. Бiрақ, ол жазса да Сайым айтатын «Қыз Жiбек» -тiң қалған жерлерi бар екен. Бiренеше жылдан кейiн қазан да «Қыз Жiбек» тағы да басылып шықты. Мұның алды -артына Шайқы Ысламұлы менiң жарым деп бiрнеше ауыз ӛлең қосып шығарды. Сол Шайқы Ысламның мен шығардым деген «Қыз жiбек» бiз оқып отырғанда, Сайым былай айтушы ет деп хат танымайтын кемпiр-шалдар түзетiп, қосып отыратын. /2,3/, - деп дәлелдi жауап айтады.

Телжан «Қыз Жiбектiң» шығарушысы туралы айта келiп, бiр күнi оқып отырғанымызда, Жамал деген хат танымайтын жеңгем: «Ой, Сайым ақын Сансызбайда сӛздi былай бастайтын едi ғой.

(4)

«М iн д есең де мiнб ей мiн , қ ал мақт ан к елген т айың а.

Ерт ең түст е жетермiз қос об аның сай ына.

Аш ул ан саң жүре б ер Ж еңеше -еке жан ым -а у, Орен д е қ ал мақ б айың »

– д еп қосқ ан әні есімд е б ал а үнiмiзд е оқытып отыры п, кемпiр -шалдар «Қ ыз Жiбектiң» әр жерiне осылай қосылып отыратын. Оның кӛбi есiмнен шығып кетiптi «Қыз Жiбектiң» бiз бiлетiн үш басылымында да бұлар жоқ. Мiне, бұларға қарағанда Шайқы Ысламұлы ел аузындағы «Қыз Жiбектi» Сайым сықылды бiр жыраудан жазып ал ып, мен жаздым деп баспаға берген деп ойлаймыз. «Қыз Жiбекке» Шайқы Ысламның ие болуына күдiктiмiз » – деп нақты мысал келтiредi.

Мiне, осы мысалдан байқасақ, Телжан жас кезiнен әдеби шығармаларға ден қойып, жастайынан халық ауыз әдебиетiмен сусындап ӛскендiгiн аңғартады

Сонымен қатар, Телжан бiзге бұрын соңды беймәлiм болып келген Сайым жырау туралы да мәлiмет бередi. Ақын Сайым бiр жағынан ӛз жанынан ӛлең шығарып, екiншi жағынан «Қыз Жiбек», «Қобыланды», «Қозы Кӛрпеш», «Қамбар» сияқты жырларды ел арасына т аратуға шебер болған.

«Домбырам саған не бол ды, Бәйге атынд ай аңқымай?

Да усым саған не болды, Еск ен жел д ей шалқ ымай?

Ақтарыл ып келдiң бе,

Ж ер т аңд а уға қ ал дырмай? »

– деп Сайым топ арасында ӛлең бастайды екен. Ырғыз елiнде Олжабай деген тақылдақ, сӛзуар, кәнi құлақ, тұрымтайдай кiшкене кiсi болған, - дей келе:

«Қ арымың а қ арасам қол басынд ай, Салмағыңа қарасам қорғасындай.

Ат ад ан арт ық т уған Олжабайды,

Қай дан бiлмей жүр едiм сор б асым -ай? »

деп Сайым Олжабайды да мерейлендiрiп қояды. Сонан соң, ол Олжабай Сайымның сӛздерi мен жырларын жаттап алып елге таратып жүретiн болған»- дейдi.

Телжан мақаласында Сайымның кӛп теген ӛлеңдерiнен үзiндiлер келтiредi және бұрын соңды бiзге таныс емес Сайым ақын туралы тұшымды жауап бередi.

Телжан «Қыз Жiбектiң» шығарушылары мен таратушылары туралы салыстырулар жасайды: «Сайымұлы жазған «Қыз Жiбек» Жiбектiң Сансызбай аулына келуiмен тынатын едi. Ал, Шайқы Ыслам оған мiсе тұтпай, Сансызбайға қалмақты соңынан да қырдыра бередi. Жырлардың ара - арасында ырғақтасып келген қара сӛздерi болады. Сондай сӛздер де бар.

Елге Сайымнан тараған «Қыз Жiбекте» сондай ырғақты дара сӛзбен:

«Жағалбайлы елiнде, Жайық деген жерiнде, Базарбай деген бай бопты, тӛрт түлiкке сай бопты, бiр перзентке зар бопты, ақ тайақты қолға алып, әулие

(5)

қоймай қыдырып, етегiн шеңгел сыдырып» деп бастаушы едi. Оның бәрiн Шайқы Ысламұлы қиралаң ӛлеңге аударған», - дей келе Шайқы Ысламның ӛлеңдерiнен үзiндiлер келтiре отырып, сынап ӛтедi:

«Ш ын бiр са уд агер к ел дi д ейдi, Бұл ард ың әбден жайын бiл дi дейдi » болмаса,

«С ансызбай артын ан қ уы п бердi Қолға тиген қ алмақты қырып б ердi »

– деген сияқты қ ирал аң болып кел едi. Сӛз соң ынд а Телжан: «Ж ырдағы

«Қыз Жiбектiң» ӛз ӛлеңдерi елеңдеп дӛңгеленiп келе жатқан «кӛк жорға аттың » ағысындай, зымыраған «Сандай кӛктiң» шабысындай, сұңқылдап сумаңдаған «Жеңгенiң желдi рмесiндей», зарлап жарыққа шыққан Жiбектiң дауысындай ӛрнекпен құрылған» /2,3/

Қорыта келе, Телжан халық ауыз әдебиетi түрлерiнiң қайнар кӛзi болып келген, жыр-дастандардың жанашыры болды, болашақ ұрпаққа мұра ретiнде қалған халық ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинап, бастырушы және оны таратушы қауымға баға бере отырып, ӛзiндiк ой -тұжырымын жасады.

ӘДЕБИЕТ

1.Т.Шонанұлы.Қазақ халық ауыз әдебиеті. Литературный Казахстан №2.1926 ж.

2. Т.Шонанұлы. Қыз Жібектің шығарушысы туралы.Қазақ әдебиеті, 1935 ж.

Referensi

Dokumen terkait

Тағы да осы жер су атауларының тҥркілік мағынасы туралы Мажарстанда елші болған С.Т.Тҧрсынов Қазақ Әдебиеті газетінің 01.13.2006 жылғы берген сҧхбатында Мажарстандағы кӛптеген жер

Шежіре ру шежіресі, тайпа шежіресі, ұлыс шежіресі, ұлт шежіресі, хандар шежіресі, мемлекет шежіресі қатары түрлері болады.. Қазақ шежірелерінің жанры бойынша: