• Tidak ada hasil yang ditemukan

АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК – ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУШІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК – ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУШІ"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

http://www.enu.kz Г.Ж. Болатова Астана қ., Қазақстан

АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК – ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУШІ http://www.enu.kz

Ауыз әдебиетінің әр халықтың тарихындағы көтерген жүгі мен даму сипаты бірдей емес. Қазақ халқы үшін ауызша өнер үлкен әлеуметтік мән-маңызға ие болған. Қазақ фольклорының шексіз мол қазынасына ХІХ ғасырда назар аударған Ш.Уәлиханов, Г.Потанин, В.Радлов, Ә.Диваев, ХХ ғасырда А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Ә.Марғұлан, Н.Смирнов, Р.Бердібаев, Б.Уахатов, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев, О.Нұрмағамбетова, Е.Тұрсынов, Т.Садықов, С.Садырбаев, т.б. фольклор зерттеушілердің қатарында ғалым А.Сейдімбектің де есімін айрықша атай аламыз. Фольклорлық зерттеу еңбектерінде А.Сейдімбек қара өлең мен күй аңызының жанрлық табиғатын, шығу тарихын, көркемдік кестесін арнайы қарастырады.

Қазақ фольклорында күні кешеге дейін аты аталмай, аталса да қатарға кірмей осы уақытқа дейін халық жадында сақталып келген ондаған жанрлар мен жанрлық түрлердің не зерттеушілер, не жинақтаушылар тарапынан ілтипат көрмегені аян жайт. Ал Ақселеу Сейдімбектің қазақтың дәстүрлі халық лирикасындағы қара өлең жанры мен қазақтың күй аңыздарының құрылымы мен жанрлық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу еңбегі қазақ фольклористика ғылымын дамытуға қосқан үлесі болып табылады.

Мейлінше бұқарашыл көптің өнері саналатын қара өлең фольклоршы ғалым Ақселеу Сланұлының кандидаттық ғылыми еңбегінің арнайы зерттеу объектісі ретінде тұңғыш рет қарастырылады.

Еңбекте бүгінгі таңға дейін жалғасын тауып отырған, бап талғамайтын, айрықша әнші-күйшілікті қажет етпейтін қара өлеңнің өзіне тән ерекшеліктері: қара өлеңнің төрт жолдан тұратындығы, әдетте ел ішінде жиі кездесетін өлең ендігі әр шумақта жеке-жеке ойдың түйінделетіндігі және қара өлеңнің әнге қосып айтылатындығы (Ш.Уәлиханов) нақтылы мысалдармен ғылыми тұрғыда талданған.

Ш.Уәлиханов қара өлеңнің қасиетіне қатысты тым жоғары талап қойып, «Көбінесе төрт жолды шумақтар мағынасыз болып келеді» деген ойына айрықша көңіл бөлген зерттеуші Ақселеу Сейдімбек осы пікір бүгінге шейін талай ғалым-зерттеушілердің айнымас тұжырымдамасына айналғанын, әрісі В.Радлов, В.Гордлевскийден бастап, берісі Қ.Жұмалиев, Ғ.Ысмайылов, Б.Уахатовтар еңбектерінен дәлел келтіреді. Қазақтың қара өлеңінің өзіндік үні, өзіндік айтары бар өлмес өнерге тән өміршеңдігіне көз жеткізген ғалым «Қара өлеңдегі кез-келген түсініксіз деген жолдар сол өлең айтылған орта үшін әбден түсінікті екенін, сол ортадағы адамдардың мінез бітімдеріне, тағдыр-талайына тікелей қатысы бар астарлы емеурін сөздер екенін әсте естен шығармауымыз керек» деп, оның барша көркемдік-эстетикалық болмысын белгілеп, талғам-танымын анықтап беретін мазмұн көшпелілердің дүние-тіршілік қалпынан туындайтынын пайымдайды. Сонымен қатар зерттеуші халық мұрасының бұл саласы уақыт, заман тынысын танытып, сол уақыт, заман туралы халықтың ой-ниетін, арман аңсарын жеткізуде нағыз шыншыл екендігін әр кезеңде дүниеге келген қара өлеңнің жарқын үлгілерін мысалға алып, ойын нақтылайды және оны қара өлеңнің өзге жанрлардан оқшауландырып тұратын бір қасиеті деп таниды.

Қара өлеңнің табиғатын зерттеу нәтижесінде адам қоғамының барша өмір салтының, салт- дәстүрінің моральдық-этикалық нормаларының сұлулық туралы таным-түсініктерінің, сезім-күйлерінің поэзиялық үлгідегі энциклопедиясы немесе галереясы сияқты деген тұжырымға келеді. Одан әрі А.Сейдімбек қара өлеңдегі ой мен образ, емеурін мен астар халықтық төл таным-түсініктен туындайтынын ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді:

Ой, Алтай, басың биік, шөбің сұйық;

Ойнайды бауырында арқар, киік.

(2)

http://www.enu.kz Кір жуып, кіндік кескен қайран Алтай,

Кетеді сені ойласам ішім күйіп, -

секілді қара өлең үлгісін мысалға алып, автор бұл сынды өлең еш уақытта сол әншінің ғана сезімі емес, жалпы жұртқа ортақ сезім игілігі деп танып, қара өлеңдегі махаббат, ғашықтық тақырыбын кеңінен қарастырады.

Жалпы қара өлеңнің табиғатын, өзіне тән ерекшеліктерін типологиялық аспектіде қарақалпақ, өзбек, қырғыз, венгр, орыс, латыш фольклорынан мысалдар келтіріп, байсалды пікірлер айтады.

Қара өлеңнің этимологиясын айқындай отырып, оны фольклорлық және әдеби жанрлардың тууы мен қалыптасуының типологиялық заңдылық аясында қарастырған ғалым қара өлеңнің танымдық, эстетикалық сипатын, ондағы емеурін мен астарды халықтық тіл, дүниетаныммен тығыз бірлікте талдайды. Қара өлеңнің табиғат туралы дәстүрлі үлгілерін мысалға келтіріп:

Дүние қарап тұрсам бір кең сарай, Сарайға көзім талды қарай-қарай...

немесе:

Дүние бір қисық жол бұраңдаған, Бақ тайса мал менен бас құралмаған...

немесе:

Дүние қудым сені жалықпай-ақ, Судағы ұстатпайсың балықтай-ақ, -

деп басталатын жолдарда Адам – Қоғам – Табиғат ұдайы жанды қарым-қатынасқа түсетінін аңдатады. Зерттеуші оны көшпелі өмір салтының табиғатпен тікелей тамырласып жататын әлеуметтік-экономикалық қалыптастырған психология деген қорытындыға келеді. А.Сейдімбек қара өлеңнің өн бойындағы аңғартары – қазақ халқының таным-түсінігі бойынша табиғат адамға тәуелсіз, бірақ онда адам мен табиғаттың барша болмыс-тіршілігі тек қана бірлікте, үйлесім-келісім үстінде жалғасын табатыны мейлінше айқын айтылып отырғанына назар аударады. Оған қоса автор қара өлеңнің міндетті түрде созылмалы немесе қоңыр әнге салынып айтылатынын, бірақ бірде- бір қара өлеңнің тұрақты әні болмайтындығын байқап, әр әннің ырғақтық ерекшеліктеріне орай қара өлең тармақтарындағы бунақтар орын ауыстыра беретіндігіне мән берсе, қара өлеңніңтұрақты қайырмасы болмайтындығын, алайда әнге салып айту барысында міндетті түрде қайырма қоса айтылатындығын зерделеген және «Мың бір маржан» еңбегінде сондай қайырманың 101 түрін ұсынады.

Халық прозасын ертегілік проза және ертегіге жатпайтын проза деп жіктеушілік ХХ ғасырдың екінші кезеңінен басталғанын ескерсек, бұл тұрғыда А.Сейдімбектің

«Қазақтың күй аңыздары» атты ғылыми еңбегі қазақ фольклористикасын байытқанын атауға тиіспіз. Бұл еңбегінде фольклоршы-ғалым тұңғыш рет күй аңыздарын қазақ фольклорының ертегіге жатпайтын жанры ретінде қарастырып, оның тарихи деректілігі, құрылым мәселелері, жанрлық ерекшеліктері және күй өнерімен ара-қатынасын жан- жақты саралап береді. Зерттеу еңбекте ғалым алдымен зерттеу барысында қолданысқа түсетін терминдерді саралауда тың көзқарастар орнықтыруға ұмтылған. Атап айтсақ,

«проза», «аңыз», «күй аңызы» терминдерінің мән-мағынасын нақтылап, осы уақытқа дейін «әңгіме новелла», «аңыз әңгіме», «болған әңгіме», «жай әңгіме», «ауызша әңгіме»

деп әр түрлі айтылып келген қарапайым тұрмыстық аңыз әңгімелерді бір сөзбен

«жағдаят» деп атауды ұсынып, оны еңбегінде терминдік деңгейде ұтымды пайдаланған.

Ғалым күй аңыздарын тарихи деректермен тұтас бірлікте қарастырып, оны бес кезеңге бөліп, оларды сюжет-мотивтері бойынша емес, құрылымдық-тақырыптық қасиеттері бойынша төмендегідей жүйелеген:

1. Тарихи оқиғаларға арналған күй аңыздар.

2. Күйші композиторлар өміріне қатысты күй аңыздары.

(3)

http://www.enu.kz 3. Тұрмыс-салтқа байланысты туған күй аңыздары.

4. Арнау күйлерінің аңыз әңгімелері.

5. Қоршаған орта, табиғат туралы күй аңыздары.

6. Жан-жануарлар туралы күй аңыздары.

«Белгілі бір тартылатын күйдің шығу себебі туралы ауызша айтылатын, күйдің бұрынғы, соңғы деректеріне толық мағлұмат беретін аңыз әңгімені күй аңызы дейміз», - деп анықтамасын берген фольклорист-ғалым оның ішкі жанрлық түрлерін: мифтік күй аңыздары, аңыздық күй аңыздары, жағдаяттық күй аңыздары деп таратады да күй аңыздарының ішінде хикаялық аңыздардың кездеспейтіндігін анықтайды. Мұның себебі, біріншіден, күй аңыздарының негізіне нақтылы өмір шындығы арқау болса, екінші, күй аңыздарына арқау болатын оқиғалардың міндетті түрде ғибраттылық, тағылымдық және дерек берушілік сипатының болатындығынан деп тұжырымдайды.

Күй аңыздарының дүниеге келген уақытын анықтауда күй аңыздары өз ішінде халық күйлерінің аңыздары және халық композиторлары күйлерінің аңыздары болып екі арна құрайтындығына назар аударған ғалым күй аңыздарының шығу уақытын айқындаудың жолдарын ашып көрсеткен.

Күй мен күй аңыздарының ара-қатынасын ашу үшін А.Сейдімбек айтыс күйлері мен тармақты күйлерді жан-жақты сипаттап береді. Сонымен қатар күй аңыздарының небір қызықты нұсқалары музыкалық аспаптар болып келетінін айтып, зерттеуші қазақ күйлері негізінен қобыз, домбыра, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз, сазсырнай сияқты аспаптарда тартылып, дүниеге келіп отырғанын қызғылықты баяндайды.

Қорыта айтқанда, фольклор туралы ғылым әуелі халық мұрасын жинақтаудан басталады десек, бұл тұрғыда ғалым А.Сейдімбектің тындырған істері ауыз толтырып айтарлық. Ғалым жинақтаған қара өлең нұсқалары екі том көлемінде қазақтың фольклорлық мұрасын толықтырды. Халық арасында таралған бес мыңдай күй бар десек, соның басым көпшілігін ел ішінен Ақселеу Сланұлы жинап, 150-ге тарта күйші- композиторлардың өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер береді. Ол еңбектері баспа бетінде кітап болып жарыққа шыққаны баршамызға белгілі.

Қазақ фольклорының бұған дейін тиісті дәрежеде назар аудармай келе жатқан қара өлең мен күй аңыздарын жинап қана қоймай, зерттеп, ғылыми тұжырым, ой-пікірер айтып, олардың халықтық табиғатын ашуда ғалым қазақ фольклорына толымды үлес қоса алды деп есептейміз.

Referensi

Dokumen terkait

Абакирова орыс және қырғыз тілдеріндегі фразеологиялық бірліктердің тіркесімділік ерекшеліктерін салғастыра қарастырған еңбегінде оның мынадай себептерін атап көрсетеді.: 1

Яғни көшпелі мал шаруашылығының заңдылықтары мен Қазақ даласының табиғи-географиялық ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасай отырып, далалық облыстардың табиғи-климаттық жағдайы мен