Бегімбай К.М.
ДИЗАЙН ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САЛАЛАРЫНА МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ғылыми-әдістемелік басылымдар жинағы
ПРОБЛЕМЫ
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ПОДГОТОВКИ
СПЕЦИАЛИСТОВ
В ОБЛАСТИ ДИЗАЙНА И ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА
Сборник
науно-методических публикаций
АСТАНА-2010
ББК А
Рецензенттер:
Е.С.Асылханов, ҚР мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, өнер профессоры.
Т.К. Мусалимов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Авторы: К.М.Бегімбай, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің доценті, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі
ДИЗАЙН ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САЛАЛАРЫНА МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Ғылыми-әдістемелік басылымдар жинағы
Ғылыми-әдістемелік басылымдар жинағына автордың көркем өнерден білім берудегі жинақтаған к өп жылғы тәжірибесінің нәтижесі ретінде жарық көрген еңбектері енгізілген. Көркем өнер пәндерін оқытудың сапасын арттыру мәселелерін қарастыратын ізденіс жұмыстарымен қатар компьютерлік технологияларды қолдану арқылы дизайн және бейнелеу өнері салаларына мамандар даярлау мәселелерін қарастыратын еңбектері орын алған.
Аталмыш жинақ кескіндеме, компьютерлік графика және компьютерлік технология қолдану арқылы оқытылатын дизайн мамандығының арнайы пәндерінен сабақ беретін оқытушыларға қызықты болады деп сенім білдіреміз.
ББК ISBN
Л.Н.Гумилев Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми- әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған. 2010 ж.
ПРИЛОЖЕНИЯ COREL DRAW НА НАЧАЛЬНОМ ЭТАПЕ ОБУЧЕНИЯ 4 2. СПОСОБЫ СОЗДАНИЯ РАСТРОВЫХ ИЗОБРАЖЕНИЙ С ПОМОЩЬЮ ГРАФИЧЕСКОГО
РЕДАКТОРА COREL PHOTO-PAINT 7
3. МЕТОДЫ ПРИМЕНЕНИЯ КОМПЬЮТЕРНОЙ ГРАФИКИ В РЕКЛАМНОМ ИСКУССТВЕ 11 4. О ПРОБЛЕМАХ ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИНЫ «КОМПЬЮТЕРНАЯ ГРАФИКА» ДЛЯ
ХУДОЖЕСТВЕННЫХ СПЕЦИАЛЬНОСТЕЙ ВУЗОВ 13
5. ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ИНФОРМАЦИОННОЙ ТЕХНОЛОГИИ
В ПОДГОТОВКЕ БУДУЩЕГО СПЕЦИАЛИСТА 17
6. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА «КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ»
ОҚЫ ТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 22
7. ВЛИЯНИЕ АКАДЕМИЧЕСКОЙ ШКОЛЫ НА РАЗВИТИЯ РУССКОЙ ЖИВОПИСИ
ВТОРОЙ ПОЛОВИНЫ XVIII ВЕКА 25
8. ОСОБЕННОСТИ ВОСПРИЯТИЯ ЦВЕТА В ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОМ ИСКУССТВЕ 31 9. РОЛЬ НОВЫХ ХУДОЖЕСТВЕННЫХ МЕТОДОВ М. ВРУБЕЛЯ В СТАНОВЛЕНИИ
ТВОРЧЕСКИХ ТЕНДЕНЦИИ В РУССКОМ ИСКУССТВЕ XX ВЕКА 36 10. АЛГОРИТМИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ КУРСА КОМПЬЮТЕРНОЙ ГРАФИКИ 41 11. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ СЫЗУ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША «КОМПЬЮТЕРЛІК
ГРАФИКА» ПӘНІНЕН ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ОРЫНДАУ ШАРТТАРЫ 47 12. ОСОБЕННОСТИ РАЗВИТИЯ ТВОРЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ БУДУЩЕГО УЧИТЕЛЯ
ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА И ЧЕРЧЕНИЯ ПРИ КОМПЬЮТЕРНОМ ОБУЧЕНИИ 55 13. ОСОБЕННОСТИ ОРГАНИЗАЦИИ СИСТЕМЫ КРЕДИТНОГО ОБУЧЕНИЯ В ПОДГОТОВКЕ
БАКАЛАВРОВ ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА 60
14. КОМПЬЮТЕРНАЯ ГРАФИКА КАК ИНОВАЦИОННОЕ СРЕДСТВО ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ
ПОДГОТОВКИ СПЕЦИАЛИСТОВ 64
15. БОЛАШАҚ ДИЗАЙНЕРЛЕРДІҢ КЕСКІНДЕМЕ ПӘНІНЕН КӨРКЕМ
ТҮЙСІНУІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 68
16. ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ ПРОМЫШЛЕННОГО
ДИЗАЙНА В КАЗАХСТАНЕ 78
17. ИЛЛЮСТРАЦИЯЛАР 83
18. «ДИЗАЙН» МАМАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕСКІНДЕМЕ»
ОҚУЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 93
19. БОЛАШАҚ ДИЗАЙНЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 98 20. КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ
ДИЗАЙНЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 103 21. МЕТОДЫ СОЗДАНИЯ ЛОГОТИПОВ С ПОМОЩЬЮ ГРАФИЧЕСКОГО
РЕДАКТОРА CorelDRAW 110
22. ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ПОДГОТОВКА СПЕЦИАЛИСТОВ С ПРИМЕНЕНИЕМ
КОМПЬЮТЕРНО-ГРАФИЧЕСКИХ ПРОГРАММ 115
23. КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ 117 24. ЖАҢА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДИЗАЙН САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНА
ЫҚПАЛЫ 126
25. СОДЕРЖАНИЕ ДИСЦИПЛИНЫ «ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ КОМПЬЮТЕРНЫЕ
ПРОГРАММЫ» 130
26. КОМПЬЮТЕРНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОБУЧЕНИЯ 147
27. ЭРГОНОМИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ КОМПЬЮТЕРНОГО ПРОЕКТИРОВАНИЯ 145
МАЗМҰНЫ
1. МЕТОДЫ ФОРМИРОВАНИЯ НАВЫКОВ РАБОТЫ С ИНСТРУМЕНТАМЫ ГРАФИЧЕСКОГО
обучающиеся будут учиться в результате действия, и в каждый данный момент будет точно знать, что и как делать.
Основными моментами в работе с опорой на алгоритмы:
- подготовительные упражнения, создающие базу для успешной работы с алгоритмами; подведение обучающегося к пониманию алгоритма, его структуры и техники применения; тренировка в пооперационном применении алгоритма;
- самостоятельная работа обучающегося по применению алгоритма;
- рекомендации и упражнения, способствующие сокращению алгоритма вплоть до одного опорного слова.
Применение алгоритмов способствуют умственному развитию и формированию логического мышления начинающих пользователей.
«Хабаршы» ғылыми журналы. «Көркемөнерден білім беру: өнер-теориясы- әдістемесі» сериасы. № 2(11), Абай атындағы ҚазҰПУ. –Алматы, 2007.
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ СЫЗУ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА ПӘНІНЕН ДИПЛОМДЫҚ ЖҰ МЫС
ОРЫНДАУ ШАРТТАРЫ
Еліміздің экономикасының қарқынды дамуына байланысты, ақпараттық технологиялардың дамуымен қатар шығармашылық жә не интеллектуалдық еңбек сферасындағы олардың алатын орнының ұлғаюына байланысты, өнеркәсіпте компьтерлік графиканы кеңінен қолдану қажеттілігі туындап отыр.
Сол себепті заман талабына сай мамандар даярлау білім беру жүйесінде айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Осы өзгерістер орта білім беру саласына да ықпалын тигізуде. Мектепте оқу процесстерінде компьютерлік техника мен технологиялар кеңінен қолданылуда.
Сондықтан бейнелеу өнері мен сызу пәндерін оқыту бағдарламаларында елеулі өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Қазіргі оқушылар келешекте бәсекелікке қабілетті мамандар болуын ескерсек, осы кезеңнен бастап мемлекеттік мақсатқа негізделген іс-шараларды орындау қажеттігін болашақ мамандардың өз тараптарынан үлес қосуын міндетті деп білеміз.
Сонымен бірге, компьютерлік графика пакеттерін жетік меңгеруді көркемөнер негіздерімен ұштастыру қазіргі жағдайда болашақ мамандарға айрықша басымдылық береді.
Қазіргі кезеңде көркем өнеріден білім беру саласы алдыңғы қат арлы құрал ретінде компьютермен танысуды қажет ететіндігін түсінушілік жиірек кездеседі. Бірақ, осы қажеттілікті түсіну мен оны практика жүзінде іске асыру аралығы өте алшақ. Осы мәселемен айналысатын мамандардың
пікіріне жүгінсек, балалардың бейнелеу өнерінен қажетті базасы болған жағдайда компьютерлік графиканың мүмкіншіліктерін игеруді неғұрлым ертерек басталса, соғұрлым нәтижелі болады.
Әрине, компьютерлік графиканы оқыту арнайы жоспарланған әдістемеге негізделсе және қажетті көлемде болса, тиімдірек болады. Өкінішке орай, осындай әдіс тек кейбір жекешелендірілген оқу орындарында ғана кездесетін жайт. Ал мемлекеттік орта оқу орындарында көрініс мынандай кейіпте: бір жағынан өте жоғарғы көркем потенциал (қабілеттілік) және жақсы көркемдік база (суретші ұстаздар және арнайы сурет сыныптары), ал екінші жағынан, компьютермен танысу тек информатика пәнімен ғана шектеледі. Орта білім беретін мектептерде информатика пәні міндетті мемлекеттік стандарттарға негізделе отырып, былайша құрастыралған: программалауға анағұрлым көп сағат бөлінген, ал тек 10 сағат компьютерлік графика үлесінде. Осының салдарынан жас суретшілер компьютердің графикалық мүмкіншіліктерімен толық таныса алмайды. Ал берілген уақыт ішінде көркем деңгейі қанағаттандырарлық бейнелер жасауға жеткіліксіз.
Сондықтан, қазіргі кезеңде еліміздің 12 жылдық білім жүйесіне өтуіне байланысты қайта қа ралып, заман талабына сай жаңадан құрастырылып жатқан оқу бағдарламаларының мемелекеттік міндетті стандартында осы жайт ескерілуі қажет.
Сол себепті болашақ суретші-ұстаздардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында компьютерлік графика және қолданбалы графика пәндерінен алған білімдерін практикалық дағдылармен ұштастыра отырып, дипломдық жұмыс жасау қажеттілігі туындайды.
Болашақ маманға компьютерлік графиканы қолдану тәсілдеріне негізделген қазіргі кезең дизайны заңдылықтарымен және практикалық әдістерімен танысуына көмек ету басты мақсаты болып табылатын бірегей әдістемелік негіздің болуы шарт.
Компьютерлік графика пәнінен дипломдық жұмыс орындаудың ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, ең басты талап – жоғары кәсіби деңге йде орындалуы. Кәсіби деңгейі жоғары дипломдық жұмыс орындау үшін қажетті білім мен практикалық қаблеттілікке сүйене отырып, тақырып таңдау қажет.
Тәжірибеге жүгінсек, тақырып таңдау компьютерлік графика және қолданбалы графика пәндерін оқып-үйрену барысында фирмалық стиль заңдыл ықтарын жете менгеруге деген қызығушылықтан туындайды. Мысал ретінде, ««Бейнелеу өнері» кафедрасының фирмалық стилі» - тақырыбында орындалған дипломдық жұмысты ұсынамыз. Заман талабына сай әр заңды тұрпаты бар мекеменің өзіне тән фирмалық стилі болуы қажет. «Бейнелеу
өнері» кафедрасының өзіне тән ерекшелігін көрсету мақсаты - дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестілігі болып табылады. Сондықтан осы тақырыпта диплом жұмысын жасауды ұйғардық. Кафедра тарапынан қолдау алған соң ізденіс жұмыстарына кірістік.
Тақырыпқа байланысты әдебиеттер мен арнайы интернет сайттарын, қазіргі кезеңдегі дизайны талаптарына сай фирмалық стилдері оқып-үйрену жұмыстары жасалды. Теориялық материалдарды жинақтап, іріктегеннен кейін практикалық жұмыстарды орындау мақсатында шығармашылық ізденістер жасалды. Атап айтқанда - электрондық түсті нобайлар жасалып, арнайы талдаудан өткеннен кейін басылымдар жасалды. Диплом жұмысы талапқа сай көлемде және деңгейде болуы үшін кафедра назарына арнайы отырыста ұсынылды. Басты тапсырыс беруші - кафедра болғандықтан ұжым мүшелерінің жан-жақты талдауынан өтіп, айтылған ұсыныстар мен өзгерту жұмыстары орындалды.
Дипломдық жұмыс «Бейнелеу өнері кафедрасының фирмалық стилі»
тақырыбына сай жасалған теориялық негіздер мен тұжырымдар I тарауда толығымен баяндалды. Атап айтқанда, фирмалық стиль ұғымы, негізгі құрамбөліктері және жарнама бұйымдары туралы мағлұматтар берілген.
Ғылыми ізденіс жұмыстарының нәтижелеріне осы тарауда нақты түрде талдау жасалынды.
II тарауда фирмалық стильді жасаудағы компьюерлік графиканы қолдану тәсілдері туралы айтылған.
III тарау негізінен диплом жұмысының графикалық бөліміне арналған.
Бұл тарауда графикалық жұмыстардың орындалу әдістері жүйелі түрде баяндалады. Бұндағы мағлұматтар кафедраның фирмалық стиліне сипаттама беріп қоймай, оның орындалу жолдарынан әдістемелік нұсқау ретінде ұсынылады.
Диплом жұмысының практикалық бөлімін күделікті қажеттілікке қолдануға толық мүмкіндік бар. Жарнамалық материалдар кәсіби үгіт- насихат жұмыстарында кеңінен пайдаланылады. Кафедра стендтері қажетті ақпараттарды уақытылы таратуға ыңғайлы.
Қолданылған материалдар - заман талабына сай сапалы әрі эстетикалық тұрпаты жоғары деңгейде. Диплом жұмысын жасауда үздік компьютерлік технологиялар қолданылды. Атап айтқанда - қажетті компьтерлік техника мен бағдарламалар пайдаланылды.
Болашақ маман осы жұмыс істеу барысында кафедра ұжымының көмегімен теориялық білімін және практикалық тәжірибесін кәсіби деңгейге көтеруге мүмкіншілік алды. Болашақта осы жинақталған тәжірибе орта білім беру жүйесінде заңды жалғасын табады деп сенеміз.
Диплом жұмысының өзекті мәселелерін болашақ суретшілерді баулуда іске асыру мақсатында бірқатар жұмыстар істеуді мақсат ету қажет. Ол үшін мектепте бейнелеу өнері және сызу пәндерін оқытуда оқушыларға компьютерлік графиканы қолдану тәсілдерін үйретуді жүйелі түрде іске асыру керек.
Арнайы бағдарлама құрастырып, оқу процессіне енгізу іс-шараларын жасау қажеттілігі туындайды. Қазіргі дизайн тәсілдерінен мектеп оқушыларына мағлұматтар беріп қана қоймай, арнайы оқу бағдарламасын құрастырып, компьютерлік сыныптарда дәріс беру керек.
Еліміздің қарқынды дамып келуіне сәйкес бәсекелікке қабілетті болашақ мамандар даярлау бүгінгі күнде өзекті мәселе болып табылады.
Заманауи компьютерлік технологияның дамуымен қатар шығармашылық және интеллектуалды еңбектері саласында олардың ролінің өсуімен, өндірісте бұл технологиялардың қолданбалы пайдаланылуына негізделген жаңа мамандықтар пайда болуда. Қазіргі уақытта көптеген өндірістік кәсіпорындар компьютерлік график мамандарына мұқтаж.
Соңғы уақытта Қазақстанның жоғары оқу орындарының әр түрлі мамандықтары бойынша жұмыс бағдарламаларында компьютерлік графиканы оқыту кең түрде еңгізілуде. Сонымен қатар, бұл процесс
«Дизайн», «Сәулет», «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарын да қамтиды.
Осы көрсетілген бағыттармен қатар, ақпараттық технология дамуының дәстүрлі курстарының өзгерісі, мағанасы анағұрлым дәрежеде компьютерлік графиканың инструменталды құралдарына негізделген көптеген жаңа пәндердің пайда болуына себеп етуде.
Бүгінгі күнде ақпараттық басылымдар, жарнамалық баспа өнімдері, газеттер, теледидардан берілетін жарнама роликтер, фильмдер, корпоративтік тұсау кесерлер, компакт-дисклер, Интернет – бұлардың барлығында негізін сандық бейнелеу жұмыстары құрайтын компьютерлік графика қолданылатын салалар. Бұл бейнелердің басым бөлігі компьютерде арнайы өңдеулерден өтеді және орындалады.
Компьтерде бейнелер жасау дәстүрлі әдістерді қолданғаннан гөрі тиімді және экономикалық тұрғыдан алғанда пайдалы. Себебі цифрлық бейнелеуді сақтағ ан, көбейткен, өңдеген және мәтіндер немесе басқа ақпараттық құралдармен бірге жинақтаған неғұрлым жеңіл де ыңғайлы. Қазіргі әлемді графикалық ақпараттарды компьютерлік өндеусіз елестету мүмкін емес. Бұл әдіс мультфильмдер мен арнаулы эффектілер, компьютерлік ойындар мен кітапты көркемдеумен айналысытын шеберлердің қолданатын кәсіби дағдысы ғана болып қоймай, кеңседегі істік графика да бірте-бірте күнделікті
үйреншікті жұмысқа айналуда. Компьютерлік графика университетте жүрг ізілетін дәрістерде, мектеп сабақтарында және әртүрлі мәжілістерде тұсаукесер материалдарды жасауда қолданылады.
Фирмалық стилді жасауда компьютерлік графиканың алатын үлесі өте зор. Компьютерлік графиканы пайдаланып фирмалық стиль жасау тәсілдерін білу үшін цифрлық бейнелерді жасау тәсілдерін білу қажет.
Цифрлы бейнелерді өндеуге арналған көптеген бағдарламалар, мысалы, Adobe Photoshop, пайдаланушыға электрондық бояу жаққыштарды, түс пен бояуды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Кейде соңғы нәтижесі дәстүрлі кескіндемеден айрықсыз, бірақ, жалпы компьютердің мүмкіншіліктері әлдеқайда кең. Дәстүрлі бейнелер немемсе фотобейнелер компьютерге сканер немесе цифрлы фотоаппарат арқылы еңгізіледі. Сканер көмегімен слайд, диапозитив, фотографияны бейнені қайта өзгерту арқылы цифрлық мәліметтерге айналдыруға болады.
Растрлы бағдарламалар негізінен, цифрлы бейнелер негізінде түсті коррекциялау, өндеу, арнаулы әсерлер жасау мүмкіндіктерін пайдаланып, бейнелерді редакциялауға арналған. Бейнені қалыптастыру үшін бағдарламалық өнімдерді Adobe Photoshop немесе Corel PHOTO-PAINT тәрізді бағдарламаларды пайдаланып, коллаждар, виньеткалар, фотомонтаждар және баспаға шығаруға арналған түрлі-түсті бейнелер жасауға болады. Бүгінгі күні графикалық реакторлар фотографиясы бар кез келген баспа бейнелерді жасауда қолданылады.
Векторлық бағдарламалар логотиптер, шрифтар және әртүрлі сызулар жасағанда жиі қолданылады. Векторлы бағдарлама арқылы жасалған бейнені басып шығарғанда, оның сапасы бейненің бастапқы мүмкіндіктеріне емес, шығару құралдарының (монитор, принтер, плоттер және т.б.) мүмкіндік қабілеттіліктеріне байланысты. Бейненің сапасы бастапқы мүмкіндіктеріне байланысты болмағандықтан, векторлы бағдарлама арқылы жасалған графикалық файл, негізінен биттік бейнелеу бағдарламасында құрылған бейнемен салыстырғанда кішірек өлшемге ие.
Верст бағдарламалары ақпараттық бюллетендер, журналдар, кітапшалар және жарнамалық өнімдер жасағанда мәтіндік және графикалық ақпараттарды қосуға мүмкіндік береді. Танымал бағдарламалар ішінде Adobe PageMaker, Adobe InDesign және QuarkXPress бағдарламаларын атауға болады.
Бейнелеу өнері кафедрасының фирмалық стилін жасау үшін дипломдық жұмыстың теориялық бөліміндегі заңдылықтарды орынды да пайдалы етіп қолдана білу - басты шарт.
Логотипті кәсіби жасау тәсілдеріне тоқталайық. «Логотип» сөзі тез тану үшін жасалған атау, белгі немесе саудалық таңба. Логотип – компания мен өнімнің имиджі. Оның мақсаты тұрақты тұтынушы мен клиенттердің есінде жақсы сақталатын, танымал әсер қалатындай болу. Логотип – корпоративті дара меншік. Логотипті жасауда әр түрлі әдістер пайдаланады. Жұмысты бастар алдындағы жолдардың бірі компанияның тұжырымдамасын көрсететін пішін таңдау және оны жетілдіру болып табылады.
Қарапайымдылық ең негізгі көкейтесті талаптардың бірі, қазір ғажайып шрифтардың уақыты емес. Жай ғана логотип немесе графикалық элементтермен үйлесімді, мәтін кішігірім өлшемде жеңіл оқылуы қажет.
Пішін анықталғаннан кейін, оның түсін ойластыру керек. Түс те қарапайым болу қажет. Веб-болжамның қиялын қолдануға болады, бірақ логотип бір түсте және бір түстін құлпыру түрленуінде жасалу керек. Контраст – логотипті жасаудағы күшті тұжырымдамалардың бірі.
Логотипті жасаудың алғашқы қ адамы дұрыс шрифті таңдаудан басталады. Көптеген адамдар өнімді қандай да бір шрифтпен ұқсастырады (ассоциялайды). Әртүрлі шрифтары бар сайттарды қарасақ, өнімді белгілі бір шрифтпен байланыстыра аламыз. Бір де бір тауар негізделмеген шрифт табуға тырысу керек.
Сәйкес шрифт тапқаннан кейінгі қадам – түсті таңдау. Түс те шрифт сияқты маңызды. Түс – күнделікті өмірдің маңызды аспектісі. Біз оны қарым- қатынас үшін қолданамыз. Біз белгілі бір түсті сезім белгісі деп қабылдаймыз. Біз оған көп маңызы бар концептуалды тіл ретінде қараймыз.
Компанияның іс-әрекетін көрсететін түс табуға тырысу керек. Түсті таңдауда бір ереже бар: ол жақсы басылуы керек.
Пішінді таңдамас бұрын, дизайн мақсатын анықтау қаж ет. Біздің контексте – логотип мақсаты. Ол жинақы және кішірек болу керек. Ең көп таралған пішіндер: тіктөртбұрыш, шеңбер және сопақша. Қандай да болсын пішін таңдағанда күрделіден алшақ болған жөн. Себебі олар баспада қиындықтар тудырады. Әр логотип ақ-қара нұсқада ұсыныла алатын жобаны талап етеді.
Кафедра белгісін жасауда жоғарыда айтылған тұжырымдар қажетті мөлшерде қолданылды. Бейнелеу өнері мен сызу мамандығынан мамандар дайындайтындықтан кафедра белгісінде - қар ындаш, қылқалам және кескіш қолданылды. Себебі, қа рындаш – графика мен сызудың символы, қылқалам – кескіндеме символы, кескіш – қол өнері символы ретінде санамызда қалыптасқан. Сондықтан кафедра белгісін ешқандай қосымша түсіндіруді қажет етпейді және де есте оңай сақталады. Ал графикалық тұрғыдан алсақ,
университет белгісімен үйлесімді пішінде және біріңғай түстік гаммада орындалған. Бұл жағдай оларды бірге қолдануға ыңғайлы болып табылады.
Кафедраның фирмалық түстері – қанық көк, ашық көк және сары.
Кафедраның фирмалық шрифты – KZ Poster. Осы фирмалық элементтерді қолдану тәсілдерінің үлгілері диплом жұмысының графикалық бөлімінде және иллюстрацияларда көрсетілген.
Кафедраның ақпараттық парағының жалпы көлемі - А1 форматы.
Талапкерлерге қажетті ақпараттар берілген. Жалпы фонына ақ түс қолданылған. Жазулар қанық көк түспен жазуды ұсынамын. Себебі ақ фондағы жазулар айқын көрінеді. Талапкерлердің бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру үшін ақпараттық парақтың астыңғы жағына бір қатарға кафедра өмірінен көріністерін және шығармашылық жұмыстар фотоматериалдар қолданылды.
Кафедра буклеті (А1 форматы) – суреттермен немесе фотографиялармен жақсы қаға зда және әдемі түспен орындалған, көлемі бойынша кішірек жарнамалық материал. Онда кафедраның нақты бір қызметтерге арналған жарнамалық қысқаша сипаттама жазылады. Атап айтқанда – талапкерлерге кафедра және бейнелеу өнері және сызу мамандығы туралы мағлұматтар, фотоматериалдар орнастырылған. Буклет екі тілде жасалған.
Буклеттер жоғары сапалы, түрлі-түсті қағаз да жасалады және өте беделді болып саналады. Оларды міндетті түрде тұсаукесерде, жәрмеңкелерде, көрмелерде, пресс-конференцияларда немесе келісім жасағанда береді.
Бейнелеу өнері кафедрасының жарнамалық буклеті жалпы көлемі А4 форматы.
Визиткаларда кафедраның логотипі (тауарлық белгі) бар, кафедра мекен- жайы, кафедра мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты және жетекші/қызметкердің міндеті көрсетілген ақпарат берілген.
Кафедраның жарнамалық парақтары келушілерге көрмелерде және т.б.
таратылады.
Күнтізбелер – жарнамалық полиграфияның ең танымал түрі. Көптеген компаниялар жылма жыл өзінің күнтізбелерін шығаруға және оларды өздерінің клиенттері мен серіктеріне сыйға тартуға тырысады. Күнтізбеден басқа одан артық қолайлы іскерлік бизнес-сыйлық табу қиын. Сондықтан күнтізбелер дизайны ерекше маңызға ие. Егер ол сәтті болса – сіздің логотип және реквизиттеріңізбен топ-менеджер кабинетіне түседі де, оны көптеген ықпалды адамдар көреді. Күнтізбелер жарнамалық акт ретіңде тұсаукесерде, жәрмеңкелерде, көрмелерде таратылатын фирманың ұсақ өнімдеріне жатады.
Плакатты күнтізбелер – қалталыны санамағанда, күнтізбелер ішіндегі неғұрлым тиімді нұсқасы. Сату орындарында, кеңселерде және қоймаларда пайдаланылады. Жай плакаттардан айырмашылығы күнтізбелік торы бар.
Қалта күнтізбелер – бұл ерекше әңгіме. Акция кезіңде өте ыңғайлы және тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін жылжыту мақсатында жиі пайдаланылады. Осы қағидаларды негіз ете отырып, кафедраның жарнамалық өнімі ретінде кафедра мекен жайы, байланыс құралдары көрсетілген таратуға ыңғайлы күнтізбелерінің екі түрлі жобасы ұсынылды.
Фирмалық стиль толық әрі кәсіби деңгейде болу үшін алдыңғы тарауларда айтылған фирмалық стиль бөліктерінің жалғасы ретінде фирмалық безендіру шараларына тоқталамыз. Фирмалық безендіру мақс аты фирманың кешенінің ішкі және сыртқы көрінісін жалпылама фирмалық стильге үйлестіріп безендіру болып табылады. Кәсіпкерлік фирма немесе ресми мекеменің интерьері мен экстерьері өзіне тән айрықша сипатта болуы керек. Кешенді жобалау кезінде сәулетшілер фирманың болашақта атқаратын қызметін ескеретін болса, оны көркемдеу жұмыстары дизайнерлердің міндеті болып табылады. Әрине фирмалық стиль заңдылықтарына жүгіне отырып, әрі функциональдық ерекшеліктерді де ескеру керек. Яғни, ғимарат қаншалықты мекеме тірлігіне бейімделсе, оның ішкі және сыртқы көрінісі де сол заңдылыққа тәуелді әрі қажетті болуы шарт. Осы қағиданы есте сақт ай отырып, бейнелеу өнері кафедрасының безендіру жұмыстарын жасауға кірістік. Әуелде кафедра басшылығының ұсынысымен танысып, қажетті безендіру бұымдарының көлемін анықтадық. Жаңадан ашылған кафедраға күнделікті жұмыс барысынан және келешекте атқарылатын іс-шаралардан кафедра ұжымымен студенттерге қажетті ақпараттар стендтері қажет еді.
Осы сұранысты іс жүзінде орындау үшін ізденіс жұмыстары жүргізіліп, кафедра назарына ұсынылды. Кезекті отырыста эскиздер талдаудан өтіп, бекітілгеннен кейін, қажетті жаңа технологиялық безендіру материалдарын іріктеу жұмысы жасалды. Ол үшін жалпы көлемі 12 шаршы метр каматекс пен 5 шаршы метр оргстекло, 12 шаршы метр түсті оракал қолданылды.
Дизайн және фирмалық стиль заңдылықтарына сәйкестіріліп 3 стенд жасалды. Стендтерге жалпылама ақ фон қолданылды, ал стенд жиектері алтын түстес пластиктен жасалған рамкамен көмкерілді. Ақ түспен алтын түс үйлесімділігі стентердің түрін ашады және көпшіліктің назары жиі түсетін орын болғандықтан эмоциональдық тұрғыдан жағымды әсер қалдырады.
Кафедра стилінің басты түстері - қанық көк және ашық көк түстерді әшекейлік элемент ретінде жолақтар жасап, стендтердің өн бойына көлденең бағытта орналастырылды. Ал жазуларға қ ола түстес оракал қолданылды.
Стендтердің жалпы дизайны кафедра стилін айқындайтын элементтер мен жарнамалық бұйымдар салынған планшетермен ортақ графикалық үйлесімділік тапты деп білеміз. Және де кафедра кеңістігінде ғана емес, сонымен қатар оның күнделікті қызметінде қажеттілік тұрғысынан да өз орынын алады деп сенемін. Сол мақсатпен құжаттар мен ақпараттар салынатын функционалды маңызы бар арнайы алмалы-салмалы қалташалар жасалды. Осы кафедралық стендтер біраз уақыт аралғында пайдаланылып, өз қызметін ойдағыдай атқа рады деп сенеміз.
Мақалада көтерілген мәселені тұжырымдай келіп, айтатынымыз –
«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша компьютерлік графика пәінен дипломдық жұмыс орындаудағы басты шарттар:
дипломдық жұмыстың тақырыбы қазіргі кезең дизайнының заңдыл ықтарына сай болуы;
дипломдық жұмыстың теориялық негізі терең ізденіс жұмыстардың нәтижесі болуы;
дипломдық жұмыстың графикалық бөлімі орындауда компьютерлік графиканы болашақ маманның жоғары кәсіби деңгейде қолдана білуі;
фирмалық стиль жасаудағы негізгі талаптарды дұрыс та орынды қолдана білуі;
дипломдық жұмыстың болашақ мамандығына байланысты іс жүзінде қолданауға жарамды болуы.
Жоғарыда аталып өтілген шарттарды орынды қолданған жағдайда, компьютерлік графика пәні бойынша дипломдық жұмыстың көлемі мен сапасы жоғары оқу орынының талаптарына сай болады.
Материалы Республиканской научно-практической конференции.
ЕНУ имени Л.Н.Гумилева. - Астана, 2008.
ОСОБЕННОСТИ РАЗВИТИЯ ТВОРЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ БУДУЩЕГО УЧИТЕЛЯ ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА И
ЧЕРЧЕНИЯ ПРИ КОМПЬЮТЕРНОМ ОБУЧЕНИИ
Трансформация традиционного общества в информационное, которая происходит в настоящее время в Казахстане, требует адаптации системы образования к условиям новой формации. Этот нелегкий процесс, однако, может быть менее болезненным, если учителя сумеют подготовить своих учеников к использованию современных информационных технологий.
Одними из многих средств достижения этой цели являются формирование творческого потенциала учителя при компьютерном обучении.
Актуальность данного исследования определяется социальным заказом общества на личность учителя, обладающего творческим мышлением, способного осваивать и создавать новые способы организации и