• Tidak ada hasil yang ditemukan

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

310 311

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011

нарықтық кеңістікті сақтап қалады. Ол басқа мемлекеттер территориясында бөлімшелер не еншілес компаниялар түрінде өз жеке меншіктерін құра отырып, шетелде негізі қаланған мемлекеттің ұстанымдарын жасайды әрі оны нығайтады.

Дамыған мемлекеттер трансұлттық капиталды қолдаудың түрлі шараларын пайдалана отырып, өз кезегінде өзіне меншікті ТҰК-дың дамуына белсенді ықпал етеді.

ТҰК кейде мемлекеттің экономикалық қолдауына да тікелей жүгінеді. Бұл ҒЗҰКЖ қолдауы, белгілі бір жоғары технологиялы салалар пайдасына арнайы субсидиялар, жиі трансұлттық компанияларға айналып отырған бизнес саласындағы «ұлттық чемпиондарды» құру, т.с.с. мәселелер болуы мүмкін. Мәселен, ақпарат, өнім өтімін ынталандыру, негізі қаланған мемлекеттің дипломатиялық құралдары мен қызметтерін қосу көмегімен трансұлттық корпорацияларды тікелей қолдауды жүзеге асырған мысалдар көп.

ТҰК-дың негізі қаланған мемлекетпен қатынасындағы жаңа тенденция кейбір мемлекеттер үкіметтерінің олардың үстінен белгілі бір мемлекеттік бақылау орнатуға талпынуы болып табылады. Бұл мемлекеттің қатысуымен трансұлттық корпорациялардың көптеген топтарының пайда болуына әкелді, олардың ең ірілері Франция, Италия, Австрия және Үндістанда орналасқан. Жоғарыда атап өткендерді ескере отырып, өз территориясында ТҰК-ты қабылдайтын әрбір мемлекет мемлекет пен оның азаматтарының ұлттық мүдделерін қамтамасыз етудің деңгейін барынша көбейту мақсатымен трансұлттық капиталдың өз экономикалық (және саяси) жүйесіне әсерінің барлық мүмкін болатын жағымды да жағымсыз аспектілерін ескеруі тиіс.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Alan M. Rugman, Yale University Press. “Multinationals and development”, 2007.

2. John Dunning, UN “The theory of Transnational corporations”, 2000.

3. Jorn Kleinert, “The role of Multinational enterprises in Globalization ” , 2004.

4. UN, “World Investment Report”, 2007.

Редакцияға 28.12.2010 қабылданды.

М.М.ЯКУБОВА

ТАБИҒАТ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨРКЕМДІК ТАНУЫ МЕН МӘДЕНИЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

In this work to consider artistic-aesthetic education pupil and their profitable decisions on landscape genre.

But it in the same way considered landscape genre and its history and theory, role in Kazakhstan graphic arts.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыруға негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық ахуалының, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Табиғат көрінісі (пейзаж) - бейнелеу өнерінің жеке дара өзіндік ерекшелігі бар жанры болып табылады.

Сондай-ақ бұл жанр, жанрлық сюжеттік және тарихи туындыларда да негізгі роль атқарады. Болашақ мұғалімдер табиғат жанрымен жан-жақты таныс болуы тиіс.

Француз тілінен аударғанда «пейзаж» сөзі (paysage) «табиғат» дегенді білдіреді. Дәл осылай көркем сурет өнерінде негізгі мақсаты табиғи немесе адамның өзгертуімен табиғатты көрсетуі болып табылатын жанрды айтады.

Сонымен қатар, пейзаж – көрермендерге табиғатты көрсететін графика немесе суретте нақты көркем бейнелеу. Мұндай бейнелеудің «кейіпкері» табиғи немесе автордың ойлауымен шығарылған табиғат мотиві болып табылады.

Табиғат көрінісін бейнелеудің тарихына үңілсек, ол сонау неолит дәуірінде алғашқы шеберлер үңгірлердің қабырғаларында өзен, көлдер, ағаштар мен тасты кесектерді сұлбалы түрде бейнеледі.

Сахарадағы Тассилин-Аджер платосында табын айдау мен аңшылық сипатталған суреттер табылды.

Адам мен жануарлар мүсіндерінің жанында ежелгі суретші іс орнын нақтылау мүмкін емес қарапайым пейзажды салған. Көне Шығыс пен Қытай мәдениетінде пейзаждық мотив – қабырғалы жазбалардың ең кең кездесетін бөлігі. Табиғаттың көрінісін бейнелеу жеке жанр болып қытай мәдениетінде VI ғасырда пайда болды. Бұл өнерді қалыптастыруда үлкен үлесті еуропалық миниатюристтер алды. Орта ғасырда, Қайта өрлеу дәуірінде белгілі заңдылықтар ашылып, перспективалық ландшафтты әсері көрсетілді.

Көне табын айдау. Тастағы кескіндеме. б.з.д. II мыңжыл. Тау платосы Тассилин-Аджер. Сахара.

Хакасия тауының қабырғасындағы суреттер.

Айқын прогресске қарамастан, XVI ғасырға дейін суретшілер өзінің өнер туындыларына табиғат бөлшектерін діни сахналар, жанрлық композиция немесе портрет үшін фон ретінде қолданды. Оған айқын мысал Леонардо да Винчидің туындысы Мона Лизаның белгілі портреті болып табылады (шамамен 1503 жыл, Лувр, Париж).

Леонардо да Винчи, «Мона Лиза» XVI ғасыр.

Ерен шеберлігімен ұлы суретші өзінің туындысында көрерменді бірнеше ғасыр бойы «Джоконда»

алдында тамсандырған адам мен табиғаттың ажырамас байланысын, гармония мен әсемдікті көрсете білді.

Жас әйелдің артында әлемнің шексіз кеңістігі ашылады: таулы аймақтар, орман, өзен, көлдер. Қоршаған ортаның көп сырларын адам шеше алмайды, бұны Джоконданың ғажайып күлкісі дәлелдейтін тәрізді.

Табиғат көріністері қай заманда да бағалы, адамға сыйлар рухани байлығы мол. Табиғат пен адам арсындағы тылсым құпияның негізін ұғынуға деген талпыныс тоқтаған жоқ. Бұл орайда суретшілердің қылқалам құдіретімен әсем бейнені сипаттауға деген құштарлығы айғақ.

Ұлтымыздың мақтанышы, ұлы суретші Әбілхан Қастеев осы табиғат тақырыбын бояу түрімен кең жырлаған болатын. Молдахмет Кенбаев кемеңгер суретшіміздің де кейіннен салған суреттерін айтпасқа болмас, қазақ халқының табиғатпен етене араласқан өмірін көрсетіп, қарасаң көз тоймайтын сұлу табиғат көріністері адам жанын тебірентпей қоймайды. Орыстың ұлы сурешілері Репин, Шишкин, Куинджи,

(2)

312 313

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011

Левитан, Саврасов т.б. суретшілер де өз елінің табиғатын, өлкесін әлемге танытып, ұрпағына өшпес рухани мол мұра етіп қалдырып кетті, әлі күнге дейін сол шығармашылық еңбектері бүкіл дүние жүзін таңқалдыруда.

Ә.Қастеев, «Гүлдеген алма ағаштары» (1958).

Сол сұлулықты кенеп бетіне сол мезгілді айнытпай түсіріп, бере білу оңай шаруа емес, дегенмен әр суретшінің өз еліне деген, жеріне деген міндеті.

Өнердің басқа түріне қарағанда адам баласының ой-сезіміне тез әсер ететін де ешбір тілмәшті қажет етпейтін, жан біткеннің барлығына тілі ортақ өнердің түрі – осы бейнелеу өнері [1].

Табиғатты бейнелеуде суретші өзімізді қоршаған әсем табиғаттың көріністерін бояу түстері арқылы көрермендерге жеткізеді, сол арқылы табиғаттың сұлулығын ұғындыра біледі. Табиғат көрінісін бейнелеудің маңызы сол табиғаттың өзінде ерекше сүйсінерлік, жанға жайлы бір құдірет бар сияқты. Кезінде атақты жазушы Шыңғыс Айтматов: «Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне біледі» - деген болатын. Адам табиғатқа тәуелді: табиғат адамды тудырған болса – адам табиғатты жаңғыртады. Қазіргі кезде табиғатқа немқұрайлы қараушылық та жоқ емес, жер, су, ауа, - адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, тіпті жалғыз дәнге де ыждаһаттылық пен қарап, Отаныңның әрбір тасын сүйе білсе ғой. Қазіргі Елбасымыздың алға қойып отырған мақсаттарының бірі әрбір қазақ баласы өзінің туып өскен жерінің тарихын терең түсіне білуі тиіс, оның әрбір тауы мен тасының тарихын білуге міндетті деуі жастардың өз жеріне деген сүйіспеншіліктерін оята бастады. Қазір ұлттық мәдени мұрамызға да көп көңіл бөлінуде. Біздің бейнелеу өнері арқылы әдемі де әсем табиғат көрінісін бейнелеп, ұлтымыздың болашағы жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеуге болады [2].

Қазіргі кезеңде қоғам өзгерістерінің жаңа талаптарына сай білім бағдарламасы көркем-эстетикалық білім мен тәрбие мәселелерін дамытуды алға қойып отыр.

Ал, бұл мәселелер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін өнердің әр түрінде қалыптастырып дамытуды көздейді.

Суретші-педагог үшін табиғат жанры кескіндемесі осы мақсаттарды шешу үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Мұғалім пейзаждық жанрды шеберлікпен меңгерумен қатар оны оқыта, үйрете алатындай және сол арқылы оқушыларды көркемдік дүниетанымын дамытуға қажетті оның әдістемелік негіздерін жан-жақты меңгеруі тиіс.

Пейзаж өнері Н.А.Дмитриеваның, А.А.Федоров-Давыдовтың, П.К.Суздалевтің, В.И.Ракитиннің, А.Ягодовскийдің тарихи және теориялық ғылыми еңбектерінде жан-жақты зерттелген. Бұл еңбектерде табиғат көрінісі жанрының тарихи пайда болу, даму тарихы, бейнелеу өнері даму процесіндегі пейзаждың мазмұны қарастырылған.

Мектеп тәжірибесінде табиғат көрінісі жанрын көркем образдық негізде орындау тәсілдері, оны оқыту жолдары әлде де нақты шешімін таппаған. Табиғат көрінісі жанрының теориялық негіздері де жан-жақты оқытылмайды. Қазақ мектептеріне арналып, оның теориялық негіздері қажетті деңгейде зерттелмеген.

Қазақстан бейнелеу өнеріндегі пейзаж жанрының алатын орны нақты анықталмаған.

Осыған байланысты біз табиғат көрінісі жанрының теориялық негіздерін қарастырдық. Қазақстан бейнелеу өнерінің сыршырай түрінде табиғат көрінісі жанрында орындалған туындылары, еліміздің табиғатын көркемдік-поэтикалық образын жан-жақты бейнелеп жырлайды.

Пейзаждық жанрдың қазақ өнері мен мәдениетіндегі орнын, оның тарихи дамуын ғылыми теориялық, тарихи тұрғыда А.К.Канапин, Л.И.Варшавский, Л.Г.Плахотнов, Н.А.Полонская, Б.Барманқұлова, И.А.Рыбакова, Л.Марченко, Г.Сарықұлова, М.Ғабитова, Р.Ерғалиева, С.Кумарова зерттеп өз еңбектерінде жан-жақты талдап көрсетті.

Бұл жанр Қазақстан өнерінде басқа жанрларға қарағанда ерте дамып, кең көлемде орын алды.

ХХ ғасырдың 40-жылдарынан 70-жылдар аралығында ұлттық пейзаждың жанр мектебі қалыптаса бастады. Ұлттық пейзаждың жанр мектебін қалыптастыруда Н.А.Хлудов, Ә.Қастеев, А.М.Черкасский, А.М.Исмайлов, А.Жусупов, Ж.Шарденов, С.Айтбаев, Г.Исмайлова, С.Романов, А.Дячкина шығармашылық еңбектерінің орны ерекше. Бұл суретшілер творчесвосында ұлттық дәстүр, халық тарихы, туған жер сұлулығы ерекше лирикалық, поэтикалық негізде суреттелген [3].

Мектептегі оқу-тәрбие және шығармашылық жұмыстар мазмұны көркем-эстетикалық тәрбие, мақсаттарына сай болуы керек. Көркем-эстетикалық тәрбие өнер сабақтарына оның әдіс-тәсілдері арқылы іске асады. Бейнелеу өнері арқылы біз оқушыларды көркемдікке, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелейміз.

Бейнелеу өнерінің табиғат жанры осы мақсаттарды шешуде өзінің ерекшелігіне қарай үлкен роль атқарады. Сондықтан табиғатты бейнелеу өнері, оқу жұмысының бір түрі ретінде ғана емес, ол табиғатты қабылдау және бейнелеудің оқушылар көркем қызметіндегі шығармашылық процесс формасы ретінде қарастырылуы тиіс.

Табиғатты бейнелеу практикалық жұмыстарында оқушылар алдына пейзаждың, кескіндемелік композициялық шешімін табу мақсатында талаптар қойылуы қажет.

Табиғатты бейнелеу жұмыстарында оқушылардың көркем ой-талғамын қалыптастырып дамыту қоршаған ортаны қабылдау мен бейнелеудің түрлі формалары арқылы іске асырылады. Бұл ретте практикалық және қабылдау сабақтарының байланысын арттырып отырған дұрыс.

Табиғатты бейнелеу жұмысы процесінде оқушылардың творчестволық қабілеттерін анықтау мен дамытуға үш негізгі факторлар әсер етеді: табиғатты тікелей өз қалпында бақылап қабылдау; осы сезімдерін, алған әсерлерін анықтап, әңгімелермен, репродукцияларды көрсетумен бекітіп отыру; табиғатты суреттеу үлгілерімен, поэтикалық мысалдармен таныстыру.

Оқушылардың бейнелеушілік, шығармашылық әдет-дағдылары пейзажды бейнелеу процесінде анықталады:

- табиғатты және оның күйін қабылдау ерекшеліктері;

- реңдік, түстік және кеңістіктік ерекшеліктері;

- заттар мен нысандар мінездемесі;

- жұмыс процесімен табиғат мотивінің ерекшеліктері;

- образды елестету және қалыптастыру ерекшеліктері;

- жұмыс процесі мен табиғат күйінің ерекшеліктерінің сәйкестік формасы [4].

Табиғат көрінісін бейнелеуге оқытудың барлық түрлері табиғат жанрын және жалпы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесімен тығыз байланысты. Көпетеген оқушылар табиғат көрінісі жанрын аса қызығушылықпен зор ынтамен бейнелеуге тырысады. Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты оқушылардың көркем талғамын, образдық ойлау қабілеттерін, көркемдік дүниетанымын, табиғат көрінісі жанрын оқыту негізінде дамыту.

Осы мақсатты орындауда табиғат көрінісі жанрының мол мүмкіншіліктері бар. Бұл қоршаған ортаның шексіз әсері. Мұнда қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан сезініп қабылдауда, өнерді қабылдап түсінуде және оны өз мүмкіндігінше көркем образдық негізде практикалық орындау дағдылары да, жан-жақты әсер етеді. Ал бұл жүйелі оқу әдістемесін қажет етеді. Сондықтан сыршырай өнері мен табиғат көрінісі жанрының тарихын, әдіс-тәсілдерін оның практикалық негіздерін қарастырдық.

Жалпы әлемдік бейнелеу өнері тарихы мен теориясында, табиғат жанры ең өзекті орын алады.

Сондықтан да бейнелеу өнері сабақтарында табиғат жанрына негізгі көңілді аудару, оны жан-жақты зерттеп түрлі әдістемелер қолдану қажеттігі туындайды.

Адам өміріндегі дүниетаным негізі бұл әрине табиғат. Ал өнер туындысы ретінде табиғат жанрының көркемдік-эстетикалық, сезімдік әсері ерекше.

Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындағын бейнелеу және оны мүмкіндігінше өзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білу машықтарын қалыптастыруды көздейді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады. Сол себепті әрбір сабақтағы оқыту және тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы өнерді меңгертудің де негізі болып табылады.

Бейнелеу өнері сабақтары оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түсінуін үйлесімді ұштастыра білуге, олардың шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін, шығармашылық ынтасын, өнерге деген ықласы мен қызығушылығын арттыруға және материалистік дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді [5].

Айналадағы өмір шындығы көріністерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру, белсенді шығармашылық жұмыс оқушыларды еңбекке тәрбиелейді, қарапайым заттарға эстетикалық биік талғам тұрғысынан қарауға, табиғат пен адам жасаған қайталанбас сұлулықты қорғай білуге баулиды.

Қоршаған ортадағы табиғат сұлулығы, оның танымдық әсері, дүние құбылыстары, заттар, форма- пішіндер, түстер, жарық- көлеңке әсерлері барлығы осы табиғат заттарын, табиғат құбылыстарын танып білуге әсер етеді.

Қазіргі кезең сұраныстары жас буындарды қоғам дамуының жаңа сатыларына сай тәрбиелеп, оқыту жолдарын ғылыми негізде зерттеп белгілеуді мақсат етеді.

(3)

314 315

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011

Осы мақсаттарға сай бейнелеу өнерін оқытуда жаңа бағыттар қалыптасқан. Мысалы, бейнелеу өнерін оқытудың геометриялық-заңдылық бағыты, натуралдық ғылымилық бағыты, эстетикалық-эмоционалдық бағыты. Бұл оқыту бағыттары өзіндік ерекше оқыту-тәрбиелеу әдістемелерін белгілеп көрсетеді. Жалпы барлығында да шығармашылықтағы, өнердегі көркем образдылық мәселелері қарастырылады.

Сондықтан да қазіргі, қоғамымsздың жаңа өрлеу кезеңінде бейнелеу өнерін оқытудың жаңа оқыту жолдары белгіленіп көрсетілуі қажет.

Қорыта келгенде табиғат көрінісі жанрының бейнелеу өнері сабақтарында оқушылар шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын, көркемдік дүниемтанымын қалыптастырып дамытудағы орны ерекше.

ӘДЕБИЕТТЕР 1. Жолдасбеков М. Шың мен шаңырау. -Астана: Фолиант, 2002, -286 б.

2. Каменова А. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1989, -210 б.

3. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь. -М:.Просвещение, 1990, 22-б.

4. Под ред. проф. Горкина А.П. Искусство. Современная иллюстрированная энциклопедия. -М.: Росмэн; 2007.-2445с.

5. Кузин В.С., Рисунок. Наброски и зарисовки. -М., Академия, 2004. -232.

Редакцияға 09.03.2011 қабылданды.

Ф.Н. ГУСИЕВ

СВЯЗИ АЗЕРБАЙДЖАНА С РЕСПУБЛИКАМИ СРЕДНЕЙ АЗИИ В ОБЛАСТИ КУЛЬТУРЫ И ПЕЧАТИ

The article is about the links between the literature, cu Given article is devoted one of objects of intellectual property right - useful model. Concepts of the industrial property, useful model, the patent by which the rights to useful model are protected, are given. In article regulation of useful model in a legal field of Kazakhstan is opened: conditions of patentability of objects of the industrial property, an order of reception of the security docu- ment and other questions. lture and press in Azerbaijan and the republics of Central Asia, including Kazakhstan.

Information is given on the history and editorial staff of the newspaper «Turan-ekspress» published in Astana city of Kazakhstan and relations between authors and readers. The article also highlights the role of the newspaper in Azerbaijan-Kazakhstan relations, delineates ideologically-art directions of journalism and expounds the essence of publicistic researches

После восстановления независимости Азербайджана, особенно после возвращения к власти общенационального лидера Гейдара Алиева, значительно укрепились связи нашей страны с республиками Средней Азии.

Общенациональный лидер Азербайджана Гейдар Алиев придавал важное значение литературно- культурным связям, чутко относился к общности «языка, религии, истории» с населением этого региона, участвует в официальных, религиозных и государственных праздниках республик, неустанно говорил об установившихся отношениях дружбы и братства. Наглядным подтверждением тому было его участие в мероприятиях по случаю 1000-летнего юбилея общетюркского эпоса «Манас» и речь на международной презентации - официальном открытии новой столицы Казахстана города Астаны.

На этом мероприятии Гейдар Алиев сказал: «Казахский народ имеет богатую, древнюю историю. На протяжении всей истории у казахского народа было много побед и свершений, но были также горести и поражения. Однако, самый счастливый период в истории казахского народа - это период обретения независимости, национальной свободы, достижения возможности самим решать свои проблемы, определять собственную судьбу.

И сегодняшнее историческое событие - закладка фундамента новой столицы Казахстана города Астана - результат независимости казахского народа, казахстанского государства, национальной свободы.

Скажем прямо, и по территории, и по природным ресурсам, и по географической, политико- географической позиции Казахстан большая страна. Он и раньше мог самостоятельно решать свои вопросы, но был лишен этой возможности.

У дружбы азербайджанского и казахского народа древние корни, эти корни уходят в глубину веков, и мы с радостью можем сказать, что сегодня, в наши дни эта дружба приобретает новый смысл, ибо теперь эти отношения основываются на независимости Казахстана и независимости Азербайджана. Мы радуемся успехам Казахстана, радуемся успехам казахского народа на пути свободы, независимости, радуемся, что в такой сложный переходный период для создания новой столицы Казахстан сумел затратить столько сил, энергии, материальных средств» [1,35-37].

Одним из значимых событий для Азербайджана и Казахстана стало открытие Центра имени Абая Кунанбаева, великого сына казахского народа, известного во всем мире. В торжественном мероприятии

приняли участие ректор Бакинского государственного университета академик Абель Магеррамов и ректор Евразийского национального университета имени Льва Гумилева академик Бакытжан Абдраим.

Основной целью создания данного Центра стало развитие культурных связей между народами этих стран.

«Центр Абая – это возможность ознакомить азербайджанцев с историей, культурой и языком казахского народа, а так же желающие будут иметь возможность изучать их. Как гласит казахское изречение, «у плывущих на одном корабле душа одна». Поэтому нам предстоит многое сделать вместе для дальнейшего развития и укрепления наших братских отношений.

Идея открытия Центра Абая в бакинском вузе была поддержана Администрацией Президента Республики Казахстан.

Отношения между странами после развала СССР вышли на новый качественный уровень, благодаря усилиям общенационального лидера азербайджанского народа Гейдара Алиева и выдающегося сына казахского народа Нурсултана Назарбаева. «Именно благодаря им между нашими странами налажены крепкие братские отношения. Даже в период советской власти эти яркие политики современности прилагали усилие для сближения с другими тюркскими народами» [2].

После восстановления независимости в 1991 года Азербайджан начал расширять партнерские связи и сотрудничество со многими странами мира. Эта работа началась, прежде всего, с налаживания взаимодействия, международных культурных связей с соседними, родственными и дружественными странами и продолжались в экономической, политической, военной и других сферах. Зачинателями этой работы стали члены азербайджанской диаспоры, и их активность в литературно-культурной области, установление научных и образовательных связей, взаимное просветительство и проявление инициативы в сфере информированности составили основу официальных отношений.

Мусульманские народы и тюркоязычные страны бывшего СССР, после завоевания независимости, основываясь на общности литературно-культурных связей, единства языка, религии, истории и идеалов, отдали преимущество проведению в жизнь самостоятельных международных программ. Как и в других постсоветских республиках, и в Средней Азии азербайджанцы открывают библиотеки и читальные залы, организуют школы «воскресного дня», проявляют огромный интерес к пропаганде ценностей, связывающих их с исторической родиной-Азербайджаном. Очень значительную работу проводят национальные культурные центры, созданные именно для этих целей. Среди них особенно отличаются

«Ассоциация азербайджанцев» (Бишкек), культурный центр «Азери» (Бишкек), «Туран» (Алма-Ата),

«Союза центров культуры азербайджанцев в Казахстане» (Астана), «Натаван» (Уральск), «Культурно- экономические связи Азербайджан - Узбекистан» (Ташкент). Все они считают важнейшей задачей заботу о судьбе азербайджанцев в республиках Средней Азии. Проливающие свет на деятельность этих обществ, организаций, культурных центров профессор Вагиф Арзуманлы и Адыль Гусейнов в изданной в 1994 году книге исследований «Адрес - Азербайджан...» указывают, что Центр культурно-экономических связей Азербайджан - Узбекистан образован в Самарканде в 1992 году.. В Самаркандской области проживают до 6500 азербайджанцев.

Все они представители различных профессий и специальностей. Основные обязанности центра - оказание поддержки в развитии культурных и экономических связей между Азербайджаном и Узбекистаном, содействие в сохранении народных обычаев и традиций среди соотечественников, проживающих в этой среднеазиатской республике. Одна из главных задач Центра - укрепление связей между узбекским и азербайджанским народами, имеющими схожий язык, одинаковые веру, обычаи и традиции. Центр проявил инициативу по выпуску на азербайджанском языке одной страницы в городской газете «Самарканд». В том же исследовании ведется речь и об Азербайджанском культурном центре «Гардашлыг» («Братство»).

Указывается, что Азербайджанский культурный центр «Гардашлыг» создан в Ташкенте в сентябре 1989 года. В Узбекистане проживают свыше 60 тысяч азербайджанцев. Каждый из шести обосновался в Ташкенте. Основная цель центра - установление тесных связей между соотечественниками, проживающими в Узбекистане, ознакомление их с событиями, происходящими в Азербайджане, защита и сохранение национальных культурных ценностей, укрепление дружественных связей между азербайджанским и узбекским народами.

В деятельности центра важное место занимают раскрытие истины о захватнической войне армянских агрессоров против Азербайджана, разъяснение соотечественникам и проживающим в Узбекистане народам сути происходящих событий. В проводимых центром мероприятиях анализируются процессы, проходящие в Азербайджане, организуется оказание материальной и моральной помощи Азербайджану, вынужденному вести борьбу с армянскими агрессорами. Часто в центре ведутся беседы об истории, обычаях и традициях нашего народа. Центр наладил связи с культурными и научными кругами Узбекистана, Азербайджана и других республик. При центре функционируют театральные, музыкальные, фольклорно-этнографические коллективы, художественные студии и кружки.

В мероприятиях центра принимают участие и представители иных национальностей. Проводятся совместные культурные и политические мероприятия, организуются беседы за «круглым столом», обсуждаются общие проблемы. В ходе таких встреч основное внимание уделяется пропаганде азербайджанской культуры, народного искусства. Центр поддерживает регулярные связи с

Referensi

Dokumen terkait

Ағылшын тілінде ауызша қарым-қатынас формасы ретінде сөйлеу – бұл шет тілін үйренудің алғашқы күнінен бастап қалыптасатын және оны оқыту барысында ғана емес, нақты өмірде тіл қолдану