Беларусь ұлттық техникалық университетінің (Минск қ.) газетінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерінің мақаласы жарияланды
Беларусь ұлттық техникалық университеті газетінінің соңғы нөмірінде жарияланған мақала «Беларусь қазақстандық студенттер көзқарасымен» деп аталады. Бұл мақаланы сол жақта академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып келген Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ көлік-энергетика факультетінің студенттері - Нурила Байзакова, Алтын Еренгайыпкызы, Меруерт Бауржанова, Меруерт Кожахметова, Молдир Кожабекова, Нурила Несипбек, Ырыс Махсутова, Назерке Мухабылова, Мадина Медетова, Гульназ Кожахмет, Адилет Тусупханов жазды.
Толық мәтін келесідей:
Бүгінгі таңда жастар ұтқырлы, жан-жақты болып, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылулары қажет. Көптеген елдерде университеттер негізінде түрлі білім бағдарламалары ұсынылып жатыр, дегенмен біз ТМД шегінде алдыңғы қатардағы техникалық жоғарғы оқу орны ретінде Беларусь ұлттық техникалық университетін таңдадық. Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының халықаралық қатынасын нығайту мақсатында қазіргі таңда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ.) мен Беларусь ұлттық техникалық университеті (Минск қ.) арасында түрлі жобалар жүзеге асырылуда.
Ғылыми-техникалық серіктестік жұмыс жасауда, оның қызметінің бағыттарының бірі екі елдің ұтқырлық бағдарламаларын, студенттер, магистраттар, оқытушылар мен ғалымдар арасында білім беру және ғылыми айырбас бағдарламаларын дамыту болып табылады.
Ал бізге, 11305413 тобының және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің студенттеріне Беларусь Республикасына бару бағы бұйырды. Ол жерде бізді халықаралық қатынастар фаукльтетінің өкілдері жылы қарсы алып, БҰТУ-нің жатақханаларының бірінен орын берді. Әуежайдан түсе сала бізге әдемі табиғат ерекше әсерін тигізді. Қала жан-жағынан орманмен қоршалып, таңғы тұманның ақ пердесі оған
таңғажайып көрік беріп тұрғандай. Алғашқы күннен бастап біз белоруссиялық астана тұрғындарының мейірімділігін, сезімталдығын, сыпайылығын сезіндік. Әр адам жол көрсетуге, маршруттарды жақсылап түсіндіруге, қала ғимараттары туралы айтып беруге, тілі мен мәдениетін көрсетуге тырысты.
Оқу барысы. Біздің топ аспап жасау факультетінің «Стандарттау, метрология және ақпараттық жүйелер» (СМАЖ) кафедрасына бекітілді. Біз "Сапа менеджменті жүйесі"
(каф.меңгерушісі, т.ғ.д. П.С. Серенков), "Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету"
(доцент, т.ғ.к. Е.Н. Савкова), "Техникалық регламенттерді әзірлеу және енгізу" (аға оқытушы И.А. Бужан), "Техникалық реттеу жүйесіндегі стандарттау" (оқытушы Н.Н.
Гиль) пәндері бойынша білімдерімізді тереңдеттік. Сонымен қатар біз экология
кафедрасында "Кәсіби қауіпсіздік жүйесінің аудиті" (доцент Г.И. Морзак) және "Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық жүйелерін дайындау" (доцент С.А. Лаптенок) пәндері
бойынша қосымша білім алдық. Оқу үрдісі қарқынды, динамикалық түрде жүрді және оқу барысы дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар, сонымен қатар екі курстық
жұмыстан тұрды. Соңында біз барлық пәндер бойынша білім алуды сәтті аяқтадық.
Мәдени өмір. Білім алу үрдісі көп уақытты алғанына қарамастан, біз бас қаланың мәдени өміріне де араласып үлгердік: Беларусьтің ғимараттарын аралап, тарихи ескерткіштерін көрдік, Ұлттық өнер мұражайында, М. Горький атындағы Ұлттық
академиялық драма театрында, Минск қаласының Ұлттық кітапханасында болдық. Минск – өте таза қала, ол жерде көптеген саябақтар, ашық кеңістіктер мен ормандар бар. Ашық сәулелі күндері біз Челюскинцев саябағын, Орталық балалар саябағын, Ботаникалық бақ және Жеңіс саябағын араладық. Ботаникалық бақта бізге орта белдікке тән түрлі
өсімдіктер әлемі ашылды. Бақтың кең аумағы қала қозғалысынан алыс бір ерекше сезім беріп, қала орталығында екеніңді бір сәтке ұмыттырады. Сондай-ақ біз Несвиж сарайында бодық. Бұл орындар мемлекеттің тарихи-мәдени мақтанышын сақтап, уақыт арқылы өткен ғасырлардың дәстүрі мен өмірін көруге мүмкіндік береді.
Ғылыми-практикалық жұмыс.
СМАЖ кафедрасының оқытушылары басшылығымен "Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету" және "Сапа менеджменті жүйесі" пәндері бойынша курстық жұмыстар орындалды. Бұл жобалар біздің білімімізді тереңдетіп, болашақ мамандығымыздың мәнін одан әрі түсінуге мүмкіндік берді. Берілген жұмыстарды орындау өте қызықты әрі
танымды болды, себебі бізді жетекшілеріміз көп нәрсеге үйретті. Жұмысты орындау барысында біз алға қойылған міндеттерді ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін есепке ала отырып, көптеген әдеби көздерді және нормативтік құжаттарды талдай отырып үлкен қызығушылықпен орындадық. Біз алған білім дипломдық жобамызда және кәсіби карьерада қолданылатын болады.
Бізді «Приборостроение – 2015» атты VIII Халықаралық ғылыми-техникалық конференцияға шақырды, ол жерде біз пленарлық және секциялық мәжілістің белсенді қатысушылары болдық. Конференцияда Беларусь Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткерлері, сонымен қатар өзге мемлекеттерден келген қонақтар болды.
Жетекші ғалымдар метрология саласындағы инновацияларын көрсетіп, зерттеудің заманауи әдістері туралы айтты. Осындай ғылыми жұмыстар мен тәжірибелі
мамандардың арқасында метрология саласы алға қарай сәтті жылжуда. Бізге бұл шара өте қатты ұнады.
Сондай-ақ алдағы уақытта Беларусь ҰҒА Степанов ат. Физика институтына экскурсияға бару жоспарланып отыр.
Қорытынды
Біз суық әрі аязды Астанадан келгендіктен, бұл жердің ауа райы бізге жағымды болды. Әрбір кезең өз кезегінде ерекше болды. Жазда күн ашық әрі жағалай бәрі жап- жасыл болды, күз жаңбырлы, ауа райы бұлтты болды. Қыс бізге бар сұлулығын көрсетті, қарлы күндер де болды.
Жалпы біз Беларусьте толық бір оқу семестрін өткіздік. Бұл уақытта біз пайдалы тәжірибе, білім әрі ұмытылмас естеліктер алдық. Біз әрі Беларусь, әрі басқа да
мемлекеттерден достар таптық. Бізге мұндай жерде білім алуға мүмкіндік туғанына өте қуаныштымыз!
Біз осы бағдарлама бойынша БҰТУ-нің студенттері мен оқытушыларының білім, тәжірибе алмастыру үшін және жаңа әсерлер алу үшін бізге де келгенін қалаймыз!
11305413 тобының студенттері:
Нурила Байзакова, Алтын Еренгайыпкызы, Меруерт Бауржанова, Меруерт Кожахметова, Молдир Кожабекова, Нурила Несипбек, Ырыс Махсутова, Назерке Мухабылова, Мадина Медетова, Гульназ Кожахмет, Адилет Тусупханов