• Tidak ada hasil yang ditemukan

(1)ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ МЕҢДІГҤЛ ШЫНДАЛИЕВА ОМБЫ ӚҢІРІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ (ХҤШ-ХІХ Ғ) Астана - 2008 (2)ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ М.Б.Шындалиева

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "(1)ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ МЕҢДІГҤЛ ШЫНДАЛИЕВА ОМБЫ ӚҢІРІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ (ХҤШ-ХІХ Ғ) Астана - 2008 (2)ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ М.Б.Шындалиева"

Copied!
252
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

МЕҢДІГҤЛ ШЫНДАЛИЕВА

ОМБЫ ӚҢІРІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

(ХҤШ-ХІХ Ғ)

Астана - 2008

(2)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

М.Б.Шындалиева. Омбы ӛңірі қазақтарының әдеби шығармашылығы (ХҤШ-ХІХғ).

Бұл кітаптың бірінші, екінші бӛлімдерінде бұрын қазақ әдебиетінде аты белгісіз болып келген Омбы ӛңірі қазақтары арасындағы танымал би- шешендер, ақындар шығармаларының кӛркемдік сапасы, шеберлігі жіті сараланады. Үшінші бӛлімде Омбы ӛңірі қазақтарының арасында таралған шығармашылық иелерінің мұрасы тұңғыш рет дәйекті құрастырылып, кӛпшілік оқырманға ұсынылып отыр.

(3)

СӚЗ БАСЫ

Қазақ этногенезінде үлкен рӛл атқарған – қыпшақтар мен қимақтар (VІІІ ғ) ХІ ғасырдың соңына қарай түрік тайпалары территориясында мекендегені, Ертіс пен Еділ бойының бәрін Дешті Қыпшақ (Қыпшақ даласы) тайпалары алып жатқаны тарихтан белгілі. Осы қыпшақтардың Сібір жеріне жылжуы ХІ ғасырдан бастау алады. Қыпшақтардың тұқымы бүгінгі күні Омбы, Челябі, Новосібір, Түмен, Қорған облыстарында, Ертіс бойында ӛмір сүріп келеді. Ресейдің оңтүстік шығысында қыпшақтар мен қимақтар кӛп болғандықтан, орыстар Алтын Орданы кейде Қыпшақтар Ордасы деп те атаған. Қыпшақтар Еділдің орта ағысынан Сырдарияға дейін кӛшіп-қонып жүргендігін тарихшылар еңбегінен білеміз [1,132-б].

1237 жылы Батый Ресейдің шығысынан да оңтүстігін де бағындырғаннан кейін, жолшыбай тыныш жатқан қыпшақтарға да тиіскен.

Кейбір тарихшылардың айтуынша, моңғолдардың тез жеңіске жету себебі қыпшақтардың екі тобының қырғи-қабақтығынан болған. Сол қыпшақтардың бір тобы моңғолдарға бағынып, екіншісі батысқа қарай кетіп, Венгрия (Ғұн) жеріне қоныстанған деседі.

Белгілі зерттеуші А.Аристов Үгедей немересі Хайду ханның (1270- 1301) әскерінің дені керейлер мен наймандар болғанын айтады. Керейлер 1377-1400 жылдардың ӛзінде Ертіс пен Ерен Қабырға тауларын мекендеген.

Осы керейлер тұқымы бүгінгі күні Омбы облысының аудандарына біржола қоныстанған. Негізінен қазақтар тұратын жерлер: Томар, Қаратал, Домбай, Басағаш, Жаңаауыл, Сегізбай, Қызылағаш, Керейбай, Жарағаш, Балапанның Күнгейі – тізе берсе кӛп-ақ. Аталған ауыл аттары – бұл ӛлкенің барлығы байырғы қазақтардың қонысы болғандығының даусыз дәлелі.

Қазақстан тарихына үңілсек: «Сібір хандығының халқы түркітілдес ру, тайпалардан құрылды»[2,58-б],-делінген. Сібірдің орманды, далалы жерлерінде, әсіресе Есіл мен Тобыл, Тура, Ертіс, Объ ӛзендерінің жағасында осы түркітілдес тайпалар ХVІ ғасырда қоныстанған деп келеді. Кӛп әдебиеттерде оларды Сібір татарлары деп те атаған. Сібір хандығын билеген адамдардың дені татарлар мен ноғайлар болғанымен, арасында қазақтар мол болған. Қазақ халқын ӛз атымен алғашқылардың бірі болып атаған, әсіресе Сібір ӛлкесіндегі түркілердің мұрасын жинауға үлкен үлес қосқан В.В.Радлов: «Терістік Алтайдан Орал ӛзеніне, Омбыдан Зеравшан ӛлкесінің батыс аймағына дейінгі ұлан-ғайыр даланы ӛздерін «қазақ» деп, орыстар мен басқа батыс елдері қателесіп, «киргиз» немесе «киргиз-кайсак» деп атаған халық мекендегендігін» [3,11-б] жазып қалдырған.

Қазақ жері болғандықтан мұнда қазақы дәстүр, салт-сана бұзылмаған күйінде сақталған. Жаңа туған баланың шілдеханасынан бастап, үйлену, құда болу, құрбандық шалу, айт секілді ұлттық мәдени әдет-ғұрыптарымыз түгел бүгінгі күнге дейін жеткен. Ауылдарды аралап, халықтың тұрмысымен жақынырақ танысқан адам мұндағы ағайындардың ата кәсібінің толық сақталғанына қайран қалар еді. Ауылдағы әрбір шаңырақ мал

(4)

шаруашылығымен айналысады. Сонымен ұлттық салт-дәстүрге бай қазақ халқының бір бӛлігі осы Сібір жеріне жинақталған.

Қай халықтың болсын қатынас амалдарының бірі сауда болса керек.

Сібір жерінде де солай болған. 1715 жылы Ямышев бекінісі тұрғызылды.

Орыс патшасының алдымен осы Сібір жерін мекендеген қырғыз- қайсақтармен байланысты күшейтудің жолын ойлауы тегін емес-тін. Қазақ болыстарымен келісімге келіп, 1755 жылдан бастап нақты қатынасқа кӛшеді.

Сауда той. Омбы елінде осындай сӛз ұғым бар. Алғаш рет ол 1759 жылы салтанатты түрде Омбыда ашылған. Тобыл мен Түмен орыстары ұн, кездеме, темірден жасалған басқа заттар алып келсе, қазақтар мал оның жүні, еті, сүті, майы, т.б саудаға салған. Орыс кӛпестеріне бұл сауда орталығының пайдасы күшті болған. Орыс патшасының әрекеті 1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілхайыр ханның шешімінен кейін күш алуы осыдан қалыптасқан.

Сібір тарихын зерттеуші Ф.Усовтың: «Киргизы не смотрели равнодушно на попытки русских землеискателей приобретать у них землицы, а на против, жестоко мстили за это постоянными набегами и опустошеньиями погроничных селении»[4,5-6],- деген сӛздері шындыққа ұласады. Профессор М.Әбдіров: «1822 жылы патша ӛкіметі қазақ даласын түпкілікті отарлау туралы шешуші қадам жасады. «Сібір қазақтары туралы Жарғы» қабылдады», - дейді.

Жоғарыда айтылған мәселелерден келіп заңды сұрақ туады. Ресей патшалығы бұратана халықтың несіне қызықты? Біріншіден, Сібір жерінде табиғи байлықтың қоры кӛп еді. Екіншіден, басқа елдермен сауда байланысын жасаудың тиімді жолы болды. 1789 жылдың ӛзінде Сібір хандығының құлатылуы осыған әкеліп соқтырды.

Патша Ор, Омбы, Петропавл, Тройцк бекіністерін беріректе, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында салса да, қазақтың байырғы жерлерін қанды қақпандарына алуды бұған бірнеше ғасыр бұрын ойлаған. Ақырында қазақ жерін біржола иеленді.

Қошке Кемеңгерұлының «Бұрынғы езілген ұлттар» деген кітабында Ресейдің езгісіне ұшыраған 38 ұлттың тарихы, жер-суы, шарты, кәсібі қоғамдық-әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі сӛз етіледі. «Русия үкіметінің қазақ туралы мынадай қанды саясаты болған. 1. Қазақтың айлығын сүліктей сору.

2. Қазақтың сорпаға шығар маңдай жерін сыпырып, қазақты шӛлге қуу. 3.

Ауылнайлық, билік, болыстық партиясының отын үрлеп, май тастап, қазақты бір-бірлеп қол қамшы-шоқпар қылып, ұлттық, азаматтық сезімін ӛсірмеу. 4.

Қазақты шоқындыру»[5,26-б]. Қошке Кемеңгерұлының осы сӛзіне қосарымыз да, аларымыз да жоқ.

Ермактың Сібірге келуінен бұрын бұл ӛңір түгелдей дерлік атақты Жошы ханның әулетінен шыққан Кӛшім ханның иелігінде болған. Ал Ермак 1585-1591 жылдары Сібір жеріне келіп, үстемдік жүргізді. Казактар мен қазақтар арасындағы қақтығыстар қазақтардың құнарлы жайылымдарын тартып алып, оларды отырықшылық пен егіншілікке үйретуді күштеп жүргізудің салдарынан болып отырған. Ата кәсібі мал шаруашылығымен айналысуға кӛп кедергісін тигізген. ХІХ ғасырдың отызыншы жылдарынан

(5)

бастап, Омбы уезіндегі қазақ руларын кӛшіп келуші шаруалар қыса бастайды. Оның дәлелі: «Батыс тарихшылары орыстардың жүргізген экономикалық саясатына қарсы қазақтардың мұндай наразылығының негізгі себебі – олардың қазақ руларының жайылымдары мен шабындықтарын тартып алып, Еуропалық келімсектерге беруінен кӛрінетін аграрлық саясаты деп кӛрсетіп жүр»[6,77-б].

Ертеректе-ақ бұл саясат үкімет тарапынан қолдау тауып, ресми сипатқа ие болады. А.Донели: «Солтүстік Қазақстандағы ең жақсы жерлер мен су кӛздерін басып алған келімсектер кӛшпелілердің миграциялық айналасына кедергі келтірілді. Қазақтар мен келімсектер бастапқыда бейбіт қарым-қатынаста болды. Кейіннен келімсектердің кӛшпелі шаруашылыққа зиянды әсерінен қазақтар мазасызданып, наразы болуымен бұл бейбіт қатынас бұзылды»[7,78-б],- деп жазады.

«Қазақтардың кӛшпелі экономикасына орыс империясының әскери ұйымдасқан жігі – казактар үлкен қауіп тудырып отырды. Казактар Қазақстан үшін нағыз апат болды. Қазақ даласындағы казак горнизондарын басқыншылығы ӛз қоныстарын орыс-казак әскери отарлауына қорғаған қазақтардың қозғалысын тудырды»[8,78-б]. Осы мәліметтердің ӛзінен казак әскерлерінің озбырлығын, Ресей үкіметі жүргізген отарлау саясатының тәртібін кӛру қиын емес.

Қыпшақтар дәл осы кезде Омбы уезінің солтүстік батысында болса, Ертіс пен Теке ӛзендерінің бойында керейлер мекен етіп, уездің оңтүстігінде Сырым ұрпағы сары керейлер қиын-қыстау кезеңді басынан кешіріп жатты.

Сібірдегі қазақтардың басының бірігуіне ислам діні де әсер етті. Қазақ жүздерінің ішіндегі ислам дінін кешірек қабылдағандардың бірі – Орта жүздегі керейлер мен наймандар, қыпшақтар. Елбасына күн туған қиын заманда керейлер кӛпке дейін мұсылман дінін қабылдамай, шамандыққа берік болып қалған.

Бұқарадан келген Шаһмансұр деген кісі керей елін аралап, кетерінде жиырма жастағы ұлы Мұхамедті тастап кетеді. Осы Мұхамед момын керей елін бірнеше жыл үгіттеп, мұсылмандыққа жүгіндірген екен. Соның әсерінен Ресей жеріндегі керейлер алғаш рет мешіт салдырып, медрессе ашқан. Оның кейбір деректері күні бүгінге дейін сақталған. Осы мешіттердің алғашқыларының бірі Омбыда ХVІІІ ғасырдың басында салынған. Мешіттің толық салынып, тұрғызылуына қазақтардың кӛп әсері болған. Сол заманның ӛзінде Омбыға келген әрбір қазақ азаматы мұсылмандар мешітіне кіріп, құдай жолына тәу етіп отырған. Соның бірі - қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов. Шоқан да осы мешітке келіп, дінге деген оң кӛзқарасын танытып, тілегі бір мұсылман қауымының атына тәңіріге құлшылық етіп отырған. Келе-келе осы мұсылмандар мешіті аяқасты болып, қонақ үй, дүкен ретінде пайдаланып кетті. 1950 жылдары байырғы мұсылман халықтарды имандылыққа тәрбиелеп, келген киелі орынды бұзып, кӛп қабатты үйлер салыныпты. Адамның жүрегімен жасалған, қолынан тұрғызылған орталық осылай жоғалған екен.

(6)

Бүгінгі күні Омбыда қазақтардың Қожахмет хазірет мешіті халықтың арнап келетін қасиетті ғибадатханасына айналған. Ораза, құрбан айт, жұма намазы Қожақмет хазірет мешітінде ойдағыдай ӛткізіліп тұрады.

Қазақ зиялыларының Омбы қаласымен байланысы жайында айтпай кетуге болмайды.

Омбы - қазақ деген ұлы халықтың кіндік қаны тамған, зиялыларымыздың табаны тиген қасиетті топырақ алаш азаматы үшін киелі шаһар. Олай дейтініміз, халқымыздың белгілі азаматтарының біразы осы Омбыда білім алып, қызмет жасаған. Соның бірі Ақан сері Қорамсаұлы 1893 жылы Николай шахзада Омбыға келгенде тәкаппар, паң кісіден тайсалмай, елдің, халықтың жағдайын ӛлең шумақтарымен жырлап беріпті. Қазақ ақынына шын сүйсінген Николай Ақанға алтын медаль сыйлапты. Оны ел аузында тараған тӛмендегі шумақтар айқын дәлелдейді:

Омбыға патша келіп болды жиын, Қалдырмай бәрін тегіс болыс-биін.

Министр, губернатор, советниктер, Бас қосып, мәжіліс қызған ұлы дүйім.

Николай император ғұзретіне,

Сӛйледім: «Бұл қазақтың жайы қиын».

Ұнатып ол шахзада біздің сӛзді

Қош кӛріп алтын медаль қылған сыйын,- деген екен.

Әнші-ақын Құдайберген Әлсейітов ӛмірі мен шығармашылығы да осы Омбы қаласымен тығыз байланысты. Құдайберген Әлсейітов айтыс ӛнерінің жүйрігі болған. Оның дәлелі: «Қазақ Совет энциклопедиясында» ақын Құдайберген Әлсейітов туралы қысқаша мынадай дерек берілген: «Әнші – композитор, ақын – импровизатор, 11-12 жасынан «бала ақын» атанған.

Кереку, Омбы, Кӛкшетау, Ақмола, Қызылжар, Семейді аралап, әншілік ӛнермен танылған. Бертінде Қараӛткел, Қоянды жәрмеңкелерінде ән салып, ат ойынын кӛрсеткен. Автордың кӛптеген музыкалық, шығармалары

«Құдайбергеннің әні», ал жыр саласында – «Құдайбергеннің Қадиша қызбен айтысы», «Баласы Әлсейіттің Құдайберген», «Құдайбергеннің желдірмесі»,

«Құдайбергеннің Сүйінбаймен айтысы» [9,36-б] деген атпен халық аузында жүр делінген.

1980 жылы Омбы Мемлекеттік университеті студенттерінің фольклорлық практикасында (Новосібір облысында) жазып алынған бір әңгімені университетінің архивінен 1992 жылдың басында кӛшіріп алған болатынбыз. Новосібір облысының «Маметкина» деревнясының тұрғыны сексенінші жылдары сексен жастан асқан Мұқарам Шӛкейұлы деген ақсақал Құдайберген туралы былай деп әңгімелеген екен: «Қыпшақтың жол басының ішінде Құдайберген деген ақын ӛтіпті. Біздің елге Құдайберген келгенде бүкіл халық жиналушы еді. Шын жүйрік болатын»[10].

(7)

Кӛне кӛз ақсақалдардың айтуынша, Құдайберген ақын ертегі, қисса – дастандарды жатқа айтқан. Соның бірі – «Қалқаман - Мамыр» атты жыр.

Шәкәрім жазған нұсқасын да, әлде басқа нұсқасын ба, ешқандай дерек жоқ.

Ол әйгілі Үкілі Ыбыраймен айтысында:

Сұрасаң Арғыз атым - арғын - қыпшақ, Бергі атамыз Сейіт пен Бұлғақ болмақ.

Бар байлығым басымда, ырысым – сол.

Құдірет маған берген тіл менен жақ,-

деп ата тегін қысқа таныстырады. Новосібір мен Омбы ӛңіріндегі ӛнер қадірін білетін ақсақалдардың айтуына қарағанда, Құдайберген ақын Сүйінбаймен Омбыда айтысқан дейді. Ӛкінішке орай бұл айтысты жатқа білетін ақсақалдар кездеспеді.

Омбы қазақтарының ішінде алты алашқа аты әйгілі болған зиялы жанның бірі – Мұқан Әйткенов. Әйтсе де ол туралы деректер күні бүгінге дейін беймәлім болып отыр. Бұл кісі Үш жүздің партиясының басын қосуға кӛп үлес қосқан. Мұқан қайраткерлілігімен қатар шешен, табан астында ӛлең шығарғыш суырып-салма ақын болған екен. Ол айтқан қанатты сӛздер, иірімді шумақтар үлкендер аузында жақсы сақталған. Мына тӛмендегі шумақты 1992 жылдың желтоқсан айында Омбы қаласының тұрғыны Сейітқазы Бұлқайыров деген ақсақалдан жазып алған едік:

Мен шықтым шәкірттіммен Орынборға, Даяр болып билет алдым шойын жолға.

Қартайып шіркін кӛңілім қалған екен, Кібіртіктеп әрең шықтым шойын жолға.

Алыста алшан басып үйде отырмай, Сұм жалған жүрегімнің тайғаны ма?

Баяғы әл-қуатты жинап алып, Лебізімді шырқайтын арманына,-

деген екен ақын. Әрине бұл жолдардың ӛлеңдік құны тӛмен. Мүмкін бізге жеткізушілердің кінәсінен болар, әйтеуір, ұйқасы осал, маңызы да шамалы.

Қазағымыздың мақтанышы Сәкен Сейфуллин ӛмірі мен шығармашылығы осы қаламен тығыз байланысты. 1916 жылы Омбы оқытушылар семинариясында оқып, бүкіл жер жүзіне аты танылған ақын ретінде қалыптасады. Ол туралы Е.Исмайлов:«Сәкеннің Омбыға келуі бұрынғыдан да тереңдей білім алуына кең жол ашумен бірге саяси-қоғамдық және ақындық эстетикалық қӛзқарасын қалыптастыруға қолайлы жағдай тудырды»[11,20-б], – деп, Омбы кезеңін ерекше атайды.

Ахмет Байтұрсынов алғаш Қостанайдан Омбыға қарай сапар шеккенде Абайдың ӛзін де, ӛлеңін де естімеген екен. Оның Абай атына қанық болуы осы Омбыдан басталады. Сұлу сӛздің пайғамбары Мағжан Жұмабаев та

(8)

осында оқып, ешкімге ұқсамайтын лирикалармен ақындық кредосын қалыптастырды.

Омбы қазақтардың тарихын толғай келе енді тақырыптың зәрулігі мен бұл кітапты жазудағы мақсат пен міндеттерге қысқаша тоқталғанымыз жӛн болар.

ХVІІІ-ХХ ғасырлар аралығы – қазақ халқының рухани – мәдени ӛміріне ӛшпес іс салған ерекше кезең. Осы тұста Омбы қазақтарының арасында да аты әйгілі ақын-жыраулар, би-шешендер ӛмір сүрді. Олардың бізге жеткен мұралары қазақ әдебиетінің бір арнасы іспеттес. Сондықтан оны нақты, тереңірек зерттеу әдебиеттанудың ӛзекті мәселесі бола бермек.

Осыны ескере отырып, аймақтық әдебиеттану бағытында біраз еңбектенгенді жӛн кӛрдік. Әрине бұл жолда едәуір қиындықтар да кездесті. Олардың ең бастысы деп мыналарды айтар едік. Біріншіден, осы уақытқа дейін Омбы ӛңірі туралы қазақ әдебиеті тарихында зерттеу жүргізілмеген, оны былай қойғанда ондағы әдебиет ӛкілдерінің аты да аталмаған; екіншіден, ол ӛлкені мекендеген қазақтардың кӛркемдік - әдебиет шығармашылығы кейінгі кезге дейін жүйелі жиналмаған.

Біз ӛз заманының халқының ӛмірін кӛзге елестететін шығармалары бар Байсерке абыз, Тоқсан би, Домақ шешен, Бектұр Батырқожаұлы, Олжабай Нұралыұлы шығармашылығына назар аудардық. Олардың әдебиетке қосқан үлесін анықтауға тырыстық. Соның нәтижесінде Омбы қазақтарының қазіргі кезде 100 мың жолға таяу әдеби мұрасын талдау арқылы қазақ әдебиеті тарихына жаңа есімдерді қоссақ па деген ниетке бекіндік. Алайда біз осы жұмысымызды кӛпсалалы зерттеудің бір бұтағы деп қараймыз. Ӛйткені, Астрахань Орынбор, Сартау, Самар қазақтары шығармашылығы да ӛз зерттеушілерін күтуде.

Біз ӛз тарапымыздан би, шешен, ақындар ӛмір сүрген тарихи-әдеби дәуір тынысын аңғаруды, ғасырлар бойына туып, қалыптасқан мұраны әдебиеттану тұрғысынан байыптауды, талдауды, Омбы ӛңірі би-шешен, ақын-жырауларының қазақ әдебиеті тарихында алатын орындарын таразылауды, олардың ұлттық сананың ӛсіп-ӛрлеуіне қосқан үлесін кӛрсетуді мақсат етіп қойдық.

Шешендік сӛздер мен ақындық ӛнердің туыстығын, жанрлық табиғатын тәрбиелік, ӛнертанытқыштық мәнін ашуға, даму жолдарын анықтауға зер салдық. Ақындық пен шешендіктің туыстығы жайында кӛп зерттеген ғалым Б.Адамбаев: «Ақындық пен шешендік егіз ӛнер. Әдетте қазақтың ақыны- шешен, шешені-ақын. Мәселен, қазақ әдебиетінің классиктері: Бұқар Қалқаманұлы, Махамбет Ӛтемісұлы, Абай Құнанбайұлы әрі ақын әрі шешен болған»[12,15-б], -дейді. Осы пікірге біз де толық қосыла отырып, шешендік сӛздердің поэзияға жанасу тәсілі, сӛз сарыны жайында сӛз қойғаймыз.

Сонымен бұл зерттеуімізде қазақ әдебиеті тарихында Омбы ӛңірі қазақтардың үлесі елерлік екенін айта отырып, би-шешендер, ақын-жыраулар шығармалары осындағы қазақтардың ұлттық салт-сана, кӛркемдік- эстетикалық қалыптасуын мәдени және рухани, тәлімдік-танымдық дәрежелерін толық ашық бере алатынын алға тартамыз.

(9)

Аймақтағы қазақ халқы мәдени мұраларын, оның ішінде фольклор, этнография, тарихты жеке ғалымдар зерттеп жүр. Бірақ оларды газет, журнал, баспа, радио, теледидардан кӛрсеткен емес. Осындай ғасырлап шоғырланған мұраларды бұл аймақтағы қазақтар туған тілінде естуге де, кӛруге де мүмкіндігі жоқ. Оның басты себебі: мұндағы қазақтардың бірде-бір хабар-ошар орталығы жоқ, мектеп жоқ. Арғы-бергі ерлігімен, ӛнерімен, парасаттылығымен кӛзге түскен ардақтыларын ауызға сирек алатындары да сондықтан.

Тәуелсіз еліміздің әдеби-шығармашылық мұрасына Ертістің Омбы ӛңірі қазақтарының қосатын үлесі жоғары. Бұған дейін осы жайттар ескерілмей келді. Ол қазір де шешімін таппаған мәселе болып отыр.

Сӛйтіп біз аталған ӛлкедегі қазақтардың әдеби шығармашылығының жайы қалай әсіресе кӛркем туындының қай түрі (жанры) басым дамыды және олардың рухани ӛмірдегі орны қандай дегенге жауап беруге тырысамыз.

(10)

БІРІНШІ БӚЛІМ

ШЕШЕНДІК ӚНЕР - ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ БАСТАУЫ Ата-бабаларымыз «әдебиет» деген ғажайып мұра қалдырып кеткен.

Онда қазақ деген қалың елдің қанында, жанында болған қасиеттің бәрі бар.

Әдебиет тарихында халықтың рухани ӛресі де, мәртебесі де, тұрмыс-салты да, мінез-құлқы да кӛрінеді. Әдебиеттің інжу-маржаны деуге боларлық түрі - шешендік сӛздер. Бұл сӛздердің қаны мен жаны - тӛзім, кеңдік, адалдық, ақ жүректілік, қарапайымдылық сияқты халықтық қасиеттерге толы болып келеді. Шешендік сӛздер суырып-салма ақындықпен тікелей туыстас.

Аумалы-тӛкпелі, алма-ғайып замандарды басынан кешкен халықтың ӛзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлер, олардың сӛзін сӛйлеп, жағдайын ойлаған шешендер, билер ӛмір сүрген замандарда би де, шешен де, абыз да халықтың қӛкейіндегісін жарыққа шығарған әділет жоқшысы болған.

Биді, шешенді, абызды билік те, барлық та жасай алмаған. Би, шешен, абыз тұғырына топты жарып, таразы басын тең ұстап, әділін қара қылды қақ жара айтқан кісілер кӛтерілген. Билік айту, шешендік, абыздық - табиғи дарындылық, асыл текті ақылдылық, арғыны кӛре білу, кӛсемдік істеу, ақпа- тӛкпе шешендік - кӛшпелі ел ӛмірінің қасиетті ӛнері.

Түгел сӛздің түбі - бір, Түп атасы - Майқы би, -

деген сӛздер әрідегі ата-бабаларымыздың ел басқару, дау-шар шешу, кӛсемдік-кӛрегендік істеу жай-жапсарын баяндайды.

Елдікті сақтаған, ерлікті тудырған замандар болған. Халық қамын ойлаған Әз Жәнібектен, Әз Тәукеден, Абылай ханнан билік жүйелері қалған.

Қазақтың атақты билері Тӛле, Қазыбек, Әйтеке билерден қалған данышпандық сӛз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Олардан жеткен мұраны Мұхтар Әуезов: «Ауызша әдебиеттің ішінде елдің белгілі ұғымын білдіретін, жалған дүниеге кӛзқарасын сездіріп, ӛткенді қалай түсінуін кӛрсететін сӛздің барлығы да бір-ақ адамға тиісті емес, жалпақ елдің сыбағасына тиетін ӛнер туындысы» [1], - деп бағалаған.

Шешендік сӛздер қашан да халықтың қажетті мұрасы болып табылған.

Басқа әдебиеттің түрлері сияқты, шешендік сӛздер халық ӛмірінің айнасы, кешегісі мен бүгінгісі. Сонымен бірге олар - тәрбие құралы. Сондықтан оны қазақ халқының рухани және тарихи тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан рухани-қоғамдық елеулі құбылыстың бірі деуге болады. Олай дейтініміз - халықтың ӛткен заманда басынан кешкен ӛмірі, жақсысы мен жаманы, ерлігі мен елдігі туралы арманы осы шешендік сӛздерде кӛрініп отырады. Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда ӛмір сүрмесін, ӛзінің сүйікті би-шешендерінің сӛзін жадында сақтап, жаттап айта жүруді, одан үлгі-ӛнеге алуды тоқтатқан емес.

(11)

Қазақ ССР тарихында шешендік сӛздер туралы: «Ауыз әдебиетінде нақыл сӛздер - мақал-мәтелдерге жақын тұратын афоризмдер кӛп болады.

Бұларды нақыл сӛздер немесе шешендік сӛздер дейді. Шешендіктің үлгісі - халық данасы Жиренше мен оның жұбайы Қарашаштың ӛткір сӛздері»

[2,226-б].

Кеңес дәуірінде қазақтың шешендік сӛздерінің даму тарихы мен оған байланысты ғылыми ой-пікір сайысын кӛп жағдайда тежеп отырды.

Шешендік, билік сӛздерді ескіліктің сарқыншағы деген кертартпа пікірлер де болды. Шын мәнінде шешендік сӛздер халықтың күресін, арманын бейнелейтін құбылыс қана емес, оның құндылығы шындығында бұрынғы ақыл-нақыл иелерінің тапқырлығында деп бағалағаны оңтайлы. Әрине, шешендік сӛздердің бастауы әдебиеттің ертедегі нұсқаларында жатыр. 1932 жылы С.Сейфуллин 1917 жылға дейінгі әдебиетті екі кезеңге бӛледі:«1) билер дәуірі, 2) орыс патшасына бағынған дәуірі» [3],- деп билердің шығармашылық мұрасын бірінші кезеңге сыйғызуы би-шешендер мұрасына айырықша мән беретіндігін айғақтайды.

Шешендік сӛздер қазынасы - ұшан-теңіз бай, сондықтан да әдебиет тарихын зерттеген ғалымдар ішінде шешендер мән шешендік сӛздер туралы пікір айтпағандары кемде-кем. Шешендік сӛздерді алғашқы, зерттегендердің бірі - Әмина Мәметова. Ол қырқыншы жылдардың ішінде шешендік сӛздерді мазмұн мен тақырыбына қарай екі түрге: шешендік толғау және шешендік дау деп бӛлген [4,257-б].

Белгілі ғалым Ә.Қоңыратбаев шешендік сӛздерді тӛрт түрге: заңдық, нақылдық, философиялық, сатиралық деп жіктейді [5,61-б]. Жалпы шешендік сӛздердің бәрінің де заңдық мәні бар, қазақ сахарасының заңы да, кодексі де осы шешендік сӛздер болған. Олай дейтініміз: хандар, билер, халықты басқарып отырған адамдар халықтың тұрмыстық заңын ӛткір, ұтымды, бұлтартпас тапқыр сӛздермен белгілеп отырған.

Шешен атанған адамдар ӛмір заңдылықтарын, ерлік пен елдікті, оң мен терісті жете меңгеріп, екшелей білген. Осындай шешендік сӛздерді алғаш жинап бастырған ЬІ.Алтынсарин. Ол ӛзінің «Қырғыз хрестоматиясы»

кітабында «Ізбасты», «Байұлы», «Жәнібек батыр», «Жиренше шешендердің»

шешендік сӛздерін енгізіп, балалардың оқуына ұсынған [6,82-87-88-177-б].

С.Сейфуллин: «Ру басы, би болған адамдар жасынан сол ескіліктен қалған екшенді, қорытынды тәжірибе сӛздерін зерттеп, «ескі сӛз» білетін адамдардың сӛздерін кӛп тыңдап, соларды жадыңда тоқитын. Сондай, ескі тұрмыстан қалған тіл, сӛз, ӛнеге мұрасына ие болып, «үлгі», «ӛнеге»,

«нақыл», «заң», «ереже» сӛздерін әдемілеп айтуға дағдыланып, ысыла беретін»[7,135-б], - дейді. Шынында да осы билердің ӛнеге сӛздері халыққа

«осылай етсеңдер, жақсы адам боласыңдар» деп үнемі сілтеме жасайды. Ӛз заманының шырқын бұзбауға үнемі үгіттеп, шақырып отырған. Билер мен шешендер ӛз заманында халқының заң болып кеткен ережесінің қорғаушысы болған, халқының шырқы бұзылмауына, күш салып, керекті сӛздерді мейлінше ықшамдап, нық жеткізіп отырған. Халқына қамқор болған билер, шешендер сӛзін хан да, бай да, батыр да бұзбаған. Кезі келсе, ханның да,

(12)

батырдың да міндерін бетке айтып, сынға алып, тура жолға сілтеп отыратын билер мен шешендер болған.

Ш. Уәлиханов осы билер жайында: «Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған ӛкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік ӛнерін меңгерген қазаққа ғана берілген» [8,135]., - деп қорытады.

Соңғы жылдары шешендік сӛздер туралы Б. Адамбаевтың біраз еңбектері жарық кӛрді [9]. Тегінде қазақ шешендік, билік сӛздерінің табиғаты ғылыми талдаудан, жан-жақты салаларға бӛліп, тексеріл қараудан ӛтіп жүр деуге болады. Б. Адамбаев шешендік сӛздерді толғау, арнау, дау деп үшке бӛледі. Құрылысына қарай термелі және пернелі деп те бӛледі. Шартты түрде бұл бӛлу дұрыс болғанымен, түріне қарай (жанр) қара сӛзбен және ӛлең түрімен айтылатын шешендік сӛздер деп бӛлуге де болады.

Шешеңдік сӛздерге тән тағы бір ерекше қасиет: бұларда жұмбақтап айту тәсілі болмайды. Қай шешендік сӛзді алсақ та, басты кӛркемдегіш құрал ретінде шендестіру мен теңеудің тамаша үлгілерін табамыз. Кӛлем жағынан алып қарағанда да басқа әдебиеттің жанрларынан ӛзгешелігі: шешендік сӛздер тұжырымды, жып-жинақы болып келеді. Олардың мақал-мәтел, нақыл сӛздерге айналуының мәні де осында жатыр. Шешендер, билер әрқашан шындықты айтып, аз сӛзге кӛп мағына сыйғызып, халықтың рухани қажетін ӛтеп отырған. Осы шешендік сӛздер туралы Ахмет Байтұрсынов: «Ділмар сӛз. Бұрынғы даналардан, билерден, шешендерден қалған сӛздер ділмар сӛз (европаша «афоризм») деп аталады»[10,422-б], - дейді

Шешендік сӛз ӛнері - ӛркениеттіліктің барлық жетістіктерінің ӛзегі.

Шешендер үшін ең құнды тақырып - адам мен оның қызметі. Ӛмір «Сен кімсің?» деген қатал сұрағын қояды. Ӛткен заман шешендері осы сауалға жауапты шешендік нақыл сӛздермен қалдырып кеткен. Олар үшін ӛмір және оның мәңгі екендігі жауап керек ететін маңызды сауал еді. Олар оған үнемі жауап беріп отыруға тырысқан. Шешендер арғы-бергі заманда ӛмір сүргендіктеріне қарамастан халық есінде жақсы сақталған. Ал соңғы ғасырда ӛмір сүрген шешендер сӛзі кеңінен белгілі. Біз осы шешендер сӛзіне кӛз жүгірге отырып, олардың ХVІП-ХХ ғасырлардағы қоғамдық сананың дамуына әсер, ықпалын анықтауға тырысамыз. Бәлкім, ата-бабамыз қалдырған мұра ілгерілеп бара жатқан қарапайым даму жолымен байланыса бермейтін шығар. Бәлкім, онда үзілген, мәңгілік ұмытылған тұстар, шегіністер мен халықтың қарапайым тұрмысы бар шығар.

Тағы бір ескеретін жай: шешендік ӛнер ауызша айтылып келгендіктен, оны әрбір әдебиетке жанашыр адам жазып алғанда да бәрі бірдей идеялық жағынан кӛркем, екшелген сӛздер, іріктелгеи шығармалар деп кесіп айту қиын. Жинап, жазып алған адам бір іріктесе, редакциядан ӛткенде бір мұқиятталады. Олай болса, шешендік сӛздер болып тарап жүрген ел әдебиеті нұсқаларының басылған ауызша айтылып жүргендері екі түрлі болуы да ғажап емес. Сондықтан екеуін салыстырғанда жарық кӛргендері идеялық та, кӛркемдік те жағынан жатық, жинақы болып келуі заңды.

(13)

Шешендік ӛнердің басқа ӛнер түрлерінен бӛліп қарап, зерттейтін ӛзінің даралық тұстары да аз емес. Ертеде қалыптасқан шешендік ӛнер бүгінгі ӛнер түрлеріне қалай әсер етеді, сол шешендік дәстүр қазір қалай жалғасын табуда, нендей жаңалықтар қосылған, қазіргі ақын-жазушылар бұл сӛздерді қалай пайдаланып жүр деген сияқты мәселелер ӛзінің жауабын күтуде.

Енді шешендік дәстүр мәселесіне келер болсақ, шешендік дәстүр әдебиеттің даму тарихында жан-жақты байып келген асыл мұра. Дәстүр жалғастығы қай ӛнерде болмасын үздіксіз болуға тиіс. Сонда ғана дәстүр атаулы жаңғыру, жаңару үстінде дамиды. Ӛмірдегі, ӛнердегі дәстүр болсын, қай халықтың да рухани, мәдени ӛмірімен қатар дамитындығы белгілі.

Шешендік дәстүр жалғастығы да осы заңдылықтарға сүйене отырып, жүздеген жылдар бойына қалыптасып, қара халық болсын, хан болсын, бәрінің арасында қолданыс тауып келеді.

Шешендік сӛздер бір уақыттың, бір жылдың ғана жемісі емес, керісінше, тамыры әріде жатқан, адамзаттың балаң дәуірінде басталған ӛнер.

Шешендер бірден ӛздігінен шешен атанған емес, олар жастайынан ӛзі ӛскен орта мен ата-бабаларының асыл қасиеттерінен нәр алып, қуаттанып, межеге жетіп отырған.

Ертістің Омбы ӛңірінде ХVШ-ХХ ғасыр аралығында шын мәнінде шешендік ӛнер дәуірлеп тұрды. Сол заман халықтық әл-ауқаты мен эстетикалық таным дәрежесін бейнелейтін кӛрсеткіш болды.

Сонымен, шешендік дәстүр дегеніміз ауызша айтып, үйрену, жаттау барысында дамиды. Шешендік дәстүрдегі негізгі ерекшелік - ол ӛзінен бұрын ӛмір сүрген ата-бабаларының шығармашылық дәстүріне үнемі қызығып, сондай болсам деген еліктеуден туып отырған.

Себебі шешендік дәстүрдің түп тамырында шындық үстемдік етеді, қиянат пеи әділетсіздікті сынайтын немесе жақсыны мадақтайтын ой жатады.

Біздің дана ата-бабаларымыз шешендік дәстүрге үнемі мән беріп, олар бала шешенді жастайынан баптап, озық мектептен ӛткізген. Шешендікке баулудың ӛзіндік жол-жобасы бар. Жас бала тілі шыққаннан шешен болмайды. Ол ӛз үйінде немесе туған аулында үлгі алатындай, еліктейтіндей шешендік ортада қалыптасады. Жас баланың ӛз әкесі, не ағасы, не туысы елден асқан шешен болса, ауыл-ел оны сыйлап, қошеметтейді. Оны кӛрген бала соған еліктеп, әуестене бастайды. Әуестену, қызығу кезінде шешен- билермен бірге болып, сӛздерін тыңдап жаттауға, ретті жерінде қайталап айтуға дағдыланады.

«Ақындық - шешендікке баулитын халықтық мектептің бір ерекшелігі - мұнда діни медреседегідей емес, шәкіртті еркін ұстайды, талапкер жасты әр нәрсеге сын кӛзбен қарауға, ӛз ақылымен бағалауға баулиды, дербес ойлауға, еркін сӛйлеуге дағдыландырады, «Ұстаның ісі – нұсқа» деп үйретеді» - дейді флоьклоршы Б.Адамбаев.

Дәстүрдің, мектептің жалғастығы шешендер ӛмірінде ӛзіндік орын алған. Мысалы, атақты Едіге би, оның баласы Шоң би мен Торайғыр билер шығармашылығына кӛз салсақ, әкеден баланың тәрбие алғанын сӛзсіз байқаймыз. Мысалы, Бапан бидің баласы Саққұлақ шешен, Саққұлақ

(14)

шешеннің баласы Нұралы, Нұралының баласы Олжабай ақын бәр-бәрі де шешендік, ақындық жолға үйренумен, талаптанумен жеткендіктерін байқау қиын емес.

Ғалым Ш.Уәлиханов та шешендер мен билер дәстүрінің жалғастығы туралы пікір қалдырып кеткен. Ол: «Қазақ халқының мұндай мұрагерлігі жайында кӛптеген мысалдар келтіруге болады. Орта жүздің Қаракесек руында ХVШ ғасырдың ақырында Қазыбек деген атақты би болды, олардың тұқымы осы күнге дейін билікке ие болып отыр.

Қазыбек Бекболат Тіленші Алшынбай

Бұған қарап, қазақтарда би атағы мұрагерлік жолмен беріледі екен деп ойлауға болмайды. Шорман би бидің баласы емес. Шорман он үш жасында жиын-тойда топ жарып, дау шешеді де «бала би» атанады»[11,135-б], - дейді.

Әрбір шешендік сӛз жайдан-жай туған жоқ, ол ерте заманда қазақтың әдет-ғұрып, тіршілігіндегі кейбір қайшылықтардың барысында туып отырған. Бұл халық ӛнерінің әр түрін қамтып, шешендік ӛнерге әр беріп отырған. Шешендік ӛнердің бәрі де халық ӛнері.

Қазақ әдебиеті тарихында іркілмей сӛз шығарып және бұрыннан бар тапқыр сӛздерді жаттап, жадында сақтап, керекті орнында пайдалана білетін адамды шешен дейді.

Әдебиет тарихындағы шешендер ӛмірі мен сӛздерінің шығу тарихына кӛз салып отырсақ, жасаған дәуіріне, шыққан тегіне, ӛскен ортасына қарай бәрі де шындықты дәріптеп, айтып отырған.

Шешендік сӛздерде оқиға желісі болмайды. Мұнда болған іске даналық баға беріледі. Кейбір шешендік сӛздерде билер мен шешендер бір-біріне сауал қою арқылы қарсыласының шеберлік дәрежесін сарапқа салады.

Мысалы, Ақтайлақ пен Қанай шешен «Ер басында бақыт нешеу, кемдік нешеу, құлазу нешеу?» - деп сұрақ қояды. Ол - бақыт бесеу - атың, әйелің, шешең, әкең, балаң жақсы болса - бақыт. Тӛрт құлазу - қалың ел кӛшсе, нарқын танымаған сӛз, қатарынан айырылған шал, баласы жаман адам құлазиды. Үш кемдік - аттың жаманы, әйелдің жаманы, баланың жаманы», - деген екен. Мұндай шешендік сӛздер кӛрегендікті, ақылдылықты, қоғамдық ӛмір тәжірибесімен жинақталған данагӛйлікті айшықтайды.

Қазақ арасындағы билер айтысы туралы поляк жазушысы, журналисі А.Янушкеевич: «Бұл іс біздің бірнеше күнімізді алды, ӛйткені айтысқа бір- біріне қарама-қарсы екі партия кӛтерілді. Осы бір дала Демосфендерінің кейбіреулері мені сӛздерінің мазмұндылығымен және жігерлігімен баурап алды. Егер ежелгі Грекияда немесе Римде ӛмір сүрсе старшын Тоқымбай мен Бейсекенің ӛздері-ақ лаврдан белдері бүгілген болар еді»[2,14-15-б] - деп қазақ даласындағы шешендік ӛнердің ӛркендегенін кӛзімен кӛріп, ғажаптанады.

Билік, шешендік сӛздеріне, толғауларына қатысты тілдік дәстүрдің де ӛзіндік ерекшеліктері бар. Ауызша туып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тарап

(15)

жеткендіктен шешендік-билік сӛздер негізі ауыз әдебиетіне тән. Ондағы айтылған ой түптің түбінде қазақтың дәстүрлі мақал-мәтеліне айналып кетеді. Шешендік сӛздердің қай-қайсысын алсаңыз да сыртқы түрі де, ұйқасы да даналық сӛздермен үндесіп жатады. Кейбір сӛз қолданыстар кӛптеген би- шешендер сӛздерінде қайталанып, сәйкестендіріліп отырады. Сӛз саптау ерекшеліктерінде де ұқсастықтар басым болады.

Біздің ойымызша, шешендердің жеке басына тән мынадай қасиеттер болған. Алдымен, шешен - сӛз тапқыш, сезімтал, сонымен қатар, ақындық ӛнерге де жақын, суырып салмалық қасиеті де қатар жүрген.

Шешендіктің негізгі мақсаты - адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып, сендіру.

Шешендік сӛздер ойлау жүйесінің әр түрлі үлгісінен кӛрінеді. Жалпы ӛмір туралы, не жақсы, не жаман, адал қайсы, арам қайсы, т.б. туралы хабардар етеді.

ХVIII-ХХ ғасырларда ӛмір сүрген би-шешендер қазақ жерінде ӛткен кӛптеген саяси-әлеуметтік маңызды ӛзгерістерге байланысты ел қорғау, бірлікке шақыру тағы басқа осы сияқты мәселелерге үлес қосқан. Бұл кезең - Отанды, туған жерді сыртқы жаулардан сақтау мәселесі тікелей күн тәртібінде тұрған кезең болатын. Ондағы дау-жанжалдарға арналып айтылған сӛздер қаншама десеңізші!

В.В.Радловтың: «Ертістің шығысында дала қазақтарының молдалары шығарған қол тумалар туындылары болды»[113,19-б],- дегені осы ӛңірде ӛмір сүрген би-шешен, ақын-жырауларды айтып отырса керек. Осы Ертістің Омбы ӛңірінде ӛмір сүрген би-шешендердің толғаулары мен шешендік сӛздері ӛмірдің ішкі-сыртқы ӛзгерісі, дамуы сияқты құбылыстарға толы.

Едіге би, Шоң би, Торайғыр би, Бапан би, Байсерке абыз, Тоқсан би, Домақ шешен, Бектұр ақын, т.б. халық даналығын жырлап, оның асыл ойларын түйіндеп, жұрттың кӛңілін үлгі-ӛнеге боларлық аталы сӛзге үнемі аударып отырған. Бұлардың сӛздеріне қарап отырсақ, ӛз дәуірі мәселелеріне тікелей араласқанын, халықтың ой-пікірін айна-қатесіз кӛрсетіп отырғанын анық кӛреміз. Сондықтан, әдебиет тарихында мұндай шешендердің алатын орны, шығармаларының маңызы, қазіргі күн адамдарына тигізетін игі ықлалы зор.

Б.Адамбаев шешендік сӛздердің тағы бір сырын былай деп кӛрсетеді:

«Шешендік ӛнер кӛп жағдайда әншілік, күйшілік, ақындық ӛнер деп танылмай, кейбір таңдаулы адамдардың «жақсылар» мен «жайсаңдардың»

жеке бастарының қасиеті ретінде бағаланған»[14,6-б]. Сондықтан да халық оқулығы болып есептелген. Қай ӛнердің ӛмірі болсын, қай заманда туса да ғұмыры ӛлшенбейді, себебі, шын шешендік сӛздер кешегі, бүгінгі жастарды болсын, тек жақсы мінез-құлыққа меңзеп, жамандықтан сақтандырған.

Халықтың кӛңіліңе ұнаған, жадында сақталған сӛз мәңгі ӛмір сүретіні сӛзсіз.

Шешендік сӛздер алдымен адам баласын білімділікке, ерлікке, қайырымдылыққа баулыса, оған қарама-қарсы жарамсыз мінез-құлықтардан сақтандырып, одан аулақ болуға шақырған.

Кез келген халықтың белгілі шешені, биі болу үшін де адам бойында кӛптеген жақсы қасиеттер тұтасып келуі шарт. Ол үшін халқын, Отанын сүю

(16)

аз, дүниеге кӛзқарасы кең, тапқырлық, ӛткірлік қасиеттері қатар жүруі тиіс.

Ел тарихында ізі сайрап жатқан абыздар, шешендер, билер кӛп-ақ.

Омбы ӛңіріңде ӛзінің бар қадірін де, қасиетін де артыңда қалған шешендік сӛздерімен толық таныта алатын, шешендік ӛнерді ӛміріне серік еткендер біршама. Әрине, олардың бәрі бірдей сонда туып, сонда ӛмір сүргендер емес. Кӛбінің ӛзінен бұрын ӛнері жеткен, кӛркем шығармалары сондағы халық орындаушыларының репертуарына енген. Біразы кӛрші аймақта туып, кейін сонда ӛмір сүрген болып та келеді.

БАЙСЕРКЕ ТҤГЕЛҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӚРКЕМДІГІ Байсерке Түгелұлы 1779 жылы қазіргі Павлодар облысының осы күнгі Ертіс ауданында туып, 1879 жылы қазіргі Омбы облысы, Назыбай ауданында дүние салған. Кейбір деректерде бұл адамды 1760 жылы туып, 1841 жылы қайтыс болған делініп те жүр. Бұл шындыққа онша жанасымсыздау, дұрысы - алдыңғы мезгіл. Абыздың жүз жасағаны рас. Оған дәлел болатындай халық аузында «Жас Нұралыға айтыпты» деген мынадай сӛз бар. 1868 жылы патшаның «Ережесі» (Жаңа Низам) бойынша Ереймендегі Қанжығалы руынан жаңадан үш болыстық - Ереймен, Қоржынкӛл, Сілеті пайда болады.

1869 жылы Қоржын болыстығынан Ерейменге болыс болып Жаманның Кәрібайы, Саққұлақ шешеннің кіші баласы - Нұралы сайланады. «Тоқсанға келген Орта жүздің ақсақалының батасын алып келіңдер», - деп қоржындарын сәлемдеме мен сыбағаға толтырып, Саққұлақ би екі болысты Байсерке абызға жібереді. Байсерке екі жас болысқа құрмет білдіріп, қарсы алады. Осы жолы Нұралының жасын сұрайды. Ол 20 жасқа келгенін айтады.

Қарт абыз біраз ойға шомып былай деген екен.

Жиырма бесте ер жігіт, Жарда ойнаған лақтай.

Отыз беске келгенде, Ағып жатқан бұлақтай.

Қырық беске келгенде, Селдіреп біткен құрақтай Елу ердің жасы екен, Алпыс пәленің басы екен.

Жетпіс сұмдықтың қасы екен Сексен келіп бүйірден,

Шығарады тоқсан үйірден.

Тоқсан деген жаман жас, Шоңқайып атқа міне алмас.

Қара тауды қар басты, Қара бұлақтан су ақты.

Екі кӛзден нұр қашты, Тұла бойды шыр басты.

Шаттық кетіп кӛңілден,

(17)

Оның орнын шер басты.

Мойыл таяқ ат болды, Қуат қашып бойымнан, Жүру-тұру қат болды.

Осы сӛздің Бұқар жыраудың «Жиырма деген жасыңыз» деген толғауымен мазмұн мен идея жағынан жақындығы байқалады:

Жиырма деген жасыңыз, Ағып жатқан бұлақтай.

Отыз деген жасыңыз, Жарға ойнаған лақтай.

Қырық деген жасыңыз, Ерттеп қойған құры аттай.

Елу деген жасыңыз, О да бір кӛшкен ел екен.

Алпыс деген жасыңыз, Қараңғы тұман түн екен.

Тоқсан деген жасыңыз,

Ажалдан басқа жоқ екен. [15,27-б].

Біздің келтірген мысалдарымыз жекелеген жағдай емес. Бұқар, Үмбетей, Шалкиіз, Қазтуған, Дулат т.б. жыраулар туғызған кӛркем толғаулардың аздап болса да ӛзгерген, жаңаша айтылған түрін ӛзге билер, шешендер, ақындар шығармашылығынан кӛп ұшыратамыз.

Байсерке абыздың кӛргені кӛп, білгені ұшан-теңіз. Оның ӛмір туралы толғауы бір ғасырдың жиыны, адам ӛмірінің тарихы іспеттес. Ол біреуден қорлық кӛрдім, біреуден зорлық кӛрдім демейді. Ақылды, ақылгӛй қарияларға тән қорытынды жасап барып тоқтайды. Жоғарыдағы кездесу 1869 жылы болған деседі. Сол кезде 90 жасқа толған Байсерке абыздың 1779 жылы туғандығы рас болып шығады.

Осы абыздың 100 жасағанын дәлелдейтін сӛз қалған. Есіл мен Ертіс аралығындағы елдердің жақсысы мен жайсаңы абыздың үйіне жиналады.

Ойлары жүзден асқан аяулы қарттың кӛзі тірісінде бақұлдасу екен. Сонда абыздан «Дүниеде не сый кӛрдіңіз?» деп сұрағанда:

Дүние деген - бір қу екен, Заһары күшті у екен.

Тұрағы жоқ бірінің, Ағып жатқан су екен.

Қалағаныңды бермейді екен, Әбден тонап алған соң,

«Кет» деп қолын сермейді екен.

«Кет» деген соң жатырмын кетейін деп, Қамданып шын дүниеге жетейін деп.

Referensi

Dokumen terkait

Идея - кӛркем туындыға арқау болған мәселеге деген авторлық концепция мен кӛркемдік шешім.. Тақырып пен идеяны бір-бірінен жымдасқан, адамның жаны мен тәні сияқты егіз