• Tidak ada hasil yang ditemukan

БҮГІНГІ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ ЖӘНЕ ӘДЕБИ НОРМА

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "БҮГІНГІ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ ЖӘНЕ ӘДЕБИ НОРМА"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

БҮГІНГІ ҚАЗАҚ БАСПАСӚЗІ ЖӘНЕ ӘДЕБИ НОРМА (СӘЙКЕСТІК ПЕН АЛШАҚТЫҚТАР)

Әбдікова М.Б.

2-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Б.Қ. Мұратбек Ақтӛбе мемлекеттікпедагогикалық институты, Ақтӛбе қаласы

Баспасӛз – әлеумет, қалың бұқараға тілдік құралдарды қажетіне қарай қолдана отырып, қоғамның тынысын кӛрсететін, халық мүддесін кӛздеп, шындықты ту ететін құрал. Баспасӛздің тілі мен стиліне зор талап қойылады.

Қоғамға қызмет ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары насихат жүргізуші, ақпарат ӛнімін даярлауда тілдің барлық ярустарын коммуникативті қолданып, тіл эстетикасын қалыптастырушы. Ақпараттың мазмұны мен мәніне сай кумулятивтік, этнолингвистикалық қызметін жүзеге асырады, қоғам мен халықты байланыстырушы үн.

Бүгінгі таңда Қазақстанда қазақ тілінде 449 газет пен 117 журнал шығады екен. Оның сыртында қазақ, орыс тілдерінде екі тілде шығатын газет- журналдар тағы бар [1]. Кеңестік дәуірмен салыстырғанда қазақ басылымдары санының бұлай артуы тәуелсіздік арқасында қол жеткен жетістік екені даусыз. Осы басылымдар қазақ тілінің шешімін таппаған сан алуан мәселелерін үздіксіз кӛтеріп, тіліміздің дамуына, оның Ата заңда кӛрсетілген мәртебесіне сәйкес қолданылуына қатысты жазудан жалыққан емес. Тек журналистердің ғана емес, тілші ғалымдар мен филологтардың, тіл жанашырлары мен түрлі сала мамандары тарапынан тілдің жайын сӛз еткен сан алуан мақалалар да қазақ тілінде жарық кӛретін мерзімді баспасӛз арқылы қалың жұртшылыққа жол тартады. Бұл мақалада біз негізінен бүгінгі қазақ баспасӛзінің жай-күйіне, мәдениетіне, әдеби нормаға және сӛз қолданыcта орын алып жүрген кейбір кемшіліктерге тоқталамыз.

Белгілі тіл маманы, академик Р.Сыздық: «Тіл мәдениеті дегеніміз- сӛздерді дұрыс қолдану, сӛйлеу үстінде оларды бір-бірімен қиюластырып, үндестіріп, дұрыс айту, емле мен тыныс белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазу, тілдің ғасырлар бойы сұрыпталып келген, ақын, жазушы, сияқты сӛз зергерлері оюлап берген кӛркемдігі мен әсем ӛрнегін орнымен қолдану сияқты амал, әрекеттерді қамтиды», - деп ескертеді[3; 24б].

Белгілі бір нормадан ауытқудың бәрі бірдей теріс әрекет бола бермейді.

Белгілі бір коммуникативтік мақсатқа байланысты жӛн біле отырып ауытқу прагматикалық мақсатқа тән уәжді ауытқуға жатады, коммуникативтік әсер- ықпалы ерекше болады. Тілдік қарым-қатынас кезінде «іріктелген»,

«тұрақталған», «уақыт сынынан ӛткен» қолданыстағы жүйелер белгілі бір себептен «бұзылып» жатады. Сӛз субьектісі реципиентке әсер, ықпал етудің тілдік, риторикалық, стильдік тәсілі мен амалы ретінде сӛзді тіркеспейтін сӛздермен тіркестіруі, сӛзді әдеттегі, үйреншікті мағынасынан ӛзгеше мәнде жұмсайды, фразеологизм, паремологизмдердің тұрақты құрылымын «бұзып»

(2)

қолданады, сӛзді түрленбейтін қосымшалармен түрлендіреді, орфографиялық, орфоэпиялық тәртіптен ауытқиды. Сӛйтіп автор реципиенттің мәтінді қабылдау үрдісіндегі (процесіндегі) автоматизмді

«әлсіретуге» тырысады. Белгілі бір мақсатты кӛздеп, нормадан ауытқу – прагматикалық ауытқу деп аталады.

Бірінші , Тілдік нормадан прагматикалық ауытқу. Нормадан ауытқудың бұл түрі тілдік жүйе және құрылымға тікелей қатысты. Тілдік норма – қоғамдық коммуникация кезінде әбден іріктелген, уақыт сынынан ӛтіп тұрақталған тілдік жүйенің бӛлігі, жиынтығы. Тілдік нормадан прагматикалық мақсатта ауытқуға сӛзді тіркеспейтін сӛзбен тіркестіру; сӛзді түрленбейтін қосымшалармен түрлендіру; фразеологизмдердің құрамын бұзып қолдану; орфографиялық норманы бұзып қолдану; орфоэпиялық норманы бұзып қолдану жатады.

Екінші, мәтін нормасы-сӛз нормасынан (норма речевые) прагматикалық ауытқу. Мәтіннің, сӛздің тұтастығын мәтіннің құрылымдық бірліктерінің ӛзара байланысын, мәтіннің бір мәнді сипатын, белгілі бір стильге, жанрға жататынын қамтамасыз ететін жазбаша немесе ауызша сӛз саптаудың, мәтін құрудың ережелері. Сӛз әрекеті кезінде прагматикалық мақсатқа байланыста сӛз, мәтін нормасынан әдейі ауытқу риторикалық тәсілге жатады. Тілдік норма бұзылмайды. Сӛз сӛйленім, мәтін нормасынан ауытқудың риторикалық тәсілдеріне амплификация, анадиплозис, антиэллипсис, т.б.

жатады.

Үшінші, Логикалық нормадан прагматикалық ауытқу – әдеттегі, қалыпты сӛзде формалды логика заңдарының сақталуы логикалық норма дегенге саяды. Прагматикалық мақсатпен байланысты ауытқу паралогикалық риторикалық тәсіл деп аталады. Мысалы, бір нәрсенің бір мезгілде әрі жалған, әрі ақиқат болуы мүмкін емес. Мысалы, күн шайдай ашық кезде жаңбыр жаумайды, күн жауса, шайдай ашық болмайды. Алайда «бұлтсыз күнгі найзағай» деген қолданыс «ешкім күтпеген», «табан астында болған»

оқиғаға байланысты айтылады. Осылайша логикалық нормадан мақсатты түрде ауытқи отырып, кейбір қолданыстарды ақылға сыйдыру сӛз шеберлігінің бір қыры. «Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді» ;

«Қалауын тапса қар жанады» дейтін мақал-мәтелдер паралогикалық тәсіл арқылы жасалған.

Тӛртінші, онтологиялық нормадан прагматикалық ауытқу. Онтология – ақиқат дүниенің тілдік бейнесі, болмыстың жалпы адамзатқа тән, я болмаса белгілі бір мәдени-тілдік қоғамдастыққа тән құрылымдары, заңдары, формалары. Мысалы, қазақ қоғамындағы мәдени, тұрмыстық санада құда

«сыйлы адам», «мыңжылдық жекжат». Осы түсінік құрмаласқан құда, құшақтасқан дос, т.б. сӛз орамдары арқылы репрезентацияланады. Тілдік ұжымның санасындағы ақиқат дүниенің тілдік бейнесін кӛрнекті ақын Қадыр Мырзалиевтің ӛлеңіндегі мына жолдар дәлме-дәл береді: «Қазақ – осы құда бол деп қинайтын, құдаларын құдайдай-ақ сыйлайтын».

(3)

Бесінші, Этологиялық норма. Норманың бұл түріне сӛз саптаудың, қарым-қатынастың постулаттары мен максималары жатады. Осылардың белгілі бір прагматикалық мақсатқа байланысты бұзылуы параэтологиялық тәсіл деп аталады [3; 56б].

Баспасӛздің тілі мен стиліне қойылатын ең басты талап - қысқалық, ықшамдылық. Яғни, хабар әрі қысқа, әрі түсінікті болуы керек. Ал, ықшамдылық дегеніміз-баспасӛздің бетін, яғни, газет бетін үнемдеу деген сӛз. Газеттің кӛпсӛзділікке ұшырауының нақты екі себебіне тоқталар болсақ, онда, біріншіден, материал сӛз болатын ең негізгі мәселеге қүрылмайды.

Оған алыстап орағытып, басты мәселеге келгенше айналсоқтап жүріп алады.

Екіншіден, газеттерде артық, босқа тұрған сӛз тіркестері, сӛйлемдер бар.

Қажетсіз қайталауларға жол беріледі . Бұл жерде бір ескеретін нәрсе, қысқа да нұсқа жазу жайы. Ал, шын мәнінде қысқа жазу жағдайды айтпай кету деген сӛз емес, қайта тек қажетті нәрсені ғана беріп, ықшамдап айта білу деген сӛз.

Бұл арада осы мәселеге байланысты айта кететін тағы да бір басты мәселе - ол сӛйлем мүшелерін баспасӛз бетінде дұрыс қолдана білу жайы, әдетте, сӛйлемдегі сӛздер саны аз болса, кӛп болса да сӛз тіркесі ӛзара мағыналық синтаксистік байланыста болу арқылы белгілі мүшелік қатынаста жұмсалады. Олай болса, сӛйлемді дұрыс құрау үшін сӛйлемдегі сӛздерді дұрыс байланыстырып, дұрыс құра білген жӛн. Әсіресе, бұл арада сӛз бен сӛзді байланыстыратын қосымшаларға ӛте сақ болған дұрыс. Сӛйлем құруға негіз болатын бас мүшелер, әсіресе, баяндауыш ойды дұрыс құрастыруға арқау болады. Бас мүшелер болмаса, басқа мүшелердің болуы да мүмкін емес. Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш алдымен сол екі бас мүшенің маңына топталады, бірін-бірі анықтап, толықтырып, сӛйлемнің құрамына ене алады. Сонымен қатар, ойды аз сӛзге сыйдырып айту, сӛйлемде бір сӛзді қайталай бермеу талаптары қойылады. Сӛйлемде басы артық сӛз қолданбау керек, бір сӛзді қайталай бермей, бірде оның синонимін, бірде оның орнын басатын есімдікті пайдаланып, кейде бір сӛзді екі-үш сӛйлемге ортақ етіп қолдана білген жӛн.

Сӛйлемдегі сӛздердің орын тәртібінің қалай болуы жазушының, сӛйлеушінің еркіндегі нәрсе емес. Әрбір тілдің ӛзіне тән ішкі заңы, ережелері болады. Дұрыс құрастырылған сӛйлемнің түсінігі де дұрыс, кісіге әсері де ӛзгеше болады. Әдеби тілде қалыптасқан сӛйлем құрылысын бұзып, оның басын аяғына келтіріп жазу, әрине, шеберлікке жатпайды. Мәселен, «жұртқа кӛп тараған халық музыкасынан концерт береміз» деудің орнына, «кӛп тараған қазақтың халық музыкасынан концерт береміз» деп жазсақ, тілдік стильді бұзғанымыз болып есептеледі. Сӛйлем құруда, сӛзді дұрыс орналастыруды шеберлік деп тану үшін де, сӛздердің орын тәртібін дұрыс сақтап жазу үшін де қазақ әдеби тілінің ережелерін жақсы білген шарт. Қазақ тілінде сӛйлемдегі сӛздердің орын тәртібі тұрақты болып келеді. Ал, орыс тілінде болса, еркіндік басым.

(4)

Екінші талап, газет материалдары әсерлі, тұщымды, бейімді, оқығанда тамсана оқылуы тиіс. Ең бастысы газет-журналдардың әрбір сӛзі, сӛйлемі жүрек түкпірінен шыққан, оқырман жанына жайлы тиіп, сезіміне әсер етсе...

Міне, сонда ғана оқырман газетке, тыңдаушы ақпаратқа құлақ асады. Осылай деп материал мәтініне мәнсіз, дәнсіз сӛздерді орынды-орынсыз тықпалай беруге тағы болмайды. Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин ӛз шығармаларында 21 мың сӛз қолданған дейді. Соның 17 мыңы еш қайталанбаған сӛздер . Ал, осы А.С.Пушкиннің сӛз қолданысының шебер үлгілерін классик жазушыларымыз С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтерден табуға болады. Осыған орай кезінде ауыз әдебиетіндегі кейбір нақыл сӛздерге сын айтылғаны белгілі. Мысалы, «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас». Бұл арада оның алғашқы жолымен келісуге болады. Ӛйткені, құм жиылып тас болмауы мүмкін, ал екінші жолындағы құлдардың жиылып, олардың арасынан кӛсем шығуы мүмкін ғой. Мақал- мәтел болсын немесе қанатты сӛздер болсын, олардың мән-мазмұнына кӛп оқып, біліп барып кӛз жеткізген орынды.

Үшінші талап, әрбір сӛйлем, сӛз орамдары оқырманға дәл жеткізілуге тиіс, олар екі ұшты, екі түрлі мағына бермеуі керек. Мәселен, «Шығармада алты басты кейіпкер бар» деген сӛйлемді оқып кӛрелікші. Бұл жерде сӛйлем дұрыс құрылмаған, екі ұшты ұғым туғызып тұр. Сӛз орамы дәл емес. Әр сӛзді тиісті орнына қоя білу керек десек, сӛздің құдіретін дұрыс таныған жӛн. Бұл басты кӛңіл бӛлетін нәрсе, сӛз қалай болса солай тұрып үлкен әсер күшке ие бола алмайды. Сӛз сапасы үшін күрескенде ғана, яғни, мәнді-ойлы сӛздерді орнын, кілтін тауып пайдалана білгенде ғана, ол құдіретті. Ойға

«Орынды сӛз ғана жүйесін табады» деген салиқалы ескертпесі оралады.

Сӛйтіп, ой-пікірді дәл беру - әр сӛздің мағынасын жақсы білу деген сӛз.

Себебі, ой түсініксіз болса, сӛз де түсініксіз болып шығады. Ал, адам ой- санасының нақты кӛрінісі - тіл екендігі белгілі. Олай болса, адамға тіл ой- сана, ойлау пайда болғаннан бастап біткен. Ой-сана қаншалықты ежелгі болса, оның тілі де сондай ежелгі.

Баспасӛздің тілі мен стиліне қойылатын тӛртінші талап – тіл шұбарлығына жол бермеу, материалдарды таза қазақ тілінде жазу мәселесі.

Бесінші талап, әрбір сӛз, сӛйлем мағынасына қарай сараланып қолданылуы керек. Сӛзді саралап қолдану тіл мәдениетін ӛркендетудің маңызды бір буыны екенін ана тілін қадірлейтін әр азамат жақсы біледі. Бұл жерде айтылатын ойды сауатты жеткізе білмеу тек жазушының не журналистің жалпы мәдениетінің тӛмендігін білдіріп қана қоймайды, сонымен қатар, ол адамдардың бір-бірімен түсінісуін қиындатады. Мазмұнын дәл беретін тілдік құралдарды сұрыптап қолданудың маңызы қашан да зор болмақ. Мәселен, «дайындау, даярлау, әзірлеу» деген үш атаудың былай қарағанда бір-бірінен айырмашылығы жоқ сияқты. Бәрінің білдіретіні-бір әрекет, бағынатыны - бір мазмұн. Мысалы, біздер орыстың «заготовка» сӛзін - дайындау, «подготовка» сӛзін - даярлау, «готовить» сӛзін - әзірлеу деп алдық та, мағына жағынан реттеп, осылайша қалыптасты. Бұрынғы

(5)

«Социалистік Қазақстан» газеті осы сӛздерді мазмұнына қарап саралап қолданған. Олар жанды нәрселерге келгенде даярлады (кадр даярлады), ал, жансыз заттарға дайындады (машина дайындады) формаларын енгізген[2;

118б]. Редакция ұжымының мұндай мұқияттылығы газеттің стиль мәселесіне немқұрайлы қарамайтындығын байқатады. Ал, осы сӛздердің сараланып қолданылуы, әдеби нормаға келуі - айтайын деген ойдың, екінші бір адамға жеткізілетін пікірдің екшеленуі, солардың тап-тұйнақтай қонымды, үйлесімді шығуы, яғни тіл мәдениетінің артуы деген ұғымға сай.

Қорыта келгенде, бұл талаптардың тоғысатын жері авторлардан тіл(сӛз) шеберлігін талап ету, сӛз мағынасын түсініп, тілдік нормаға сай қолдану болып табылады. Баспасӛз тілінің мәселесі – қоғамды, қоғам мүшелерін тәрбиелейтін құрал. Себебі, тіл – ұлттың қазынасы. Баспасӛз тілін тілдік нормаға сай қолдану, мерзімді баспасӛздің (газет, журнал) лингвистикасын сақтау – баспасӛздің мәдениеті, яғни, тілдік норманың талабы.

Пайдаланылған әдебиет

1. Құрманбайұлы Ш. БАҚ тілі мінсіз болсын десек... «Егемен Қазақстан»

газеті. 29тамыз, 2012 ж.

2. Момынова Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы). –Алматы:

«Арыс», 1999. – 228 бет.

3. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы). – Астана: «Елорда», 2001. – 230бет.

Referensi

Dokumen terkait

Өзінде барда қанағат қылудың қажеттілігі туралы Ы.Алтынсарин былай деп жазды: «Сараң адам қанша малды болса да, өз байлығына риза болмайды, ал керісінше малы аз болса да, өзінде барға