• Tidak ada hasil yang ditemukan

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "ЖЕР ҚОЙНАУЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

Алимкулов Б.М., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті магистранты

www.enu.kz

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІ

В данной статье рассматривается способы регулирования, а также вопросы дальнейшего развития правовых норм недропользования.

Ключевые слова: правовые нормы недропользования, недры, императивные нормы, диспозитивные нормы.

This article discusses about ways of control and further development of the subsoil law.

Key words: subsoil law, subsoil, peremptory norms, discretionary norms.

Жер қойнауы мен оны пайдалану құқығы қаншалықты зерттелді десек те,қағидаттарының проблемалары ӛзектілігі мен маңыздылығын жоғалтқан емес.

Құқықтық қағидаттардың қоғамда шынайы болып жатқан қатынастарды ескере отырып, құқық пен мемлекеттік басқаруды демократияландыру жағдайында дамуы мен жетіле түcyi — заңды үдеріс.

Прогресшіл заңнама жасамақшы мемлекет, объективті себептер болса, мемлекеттік меншікті, нақтылай айтсақ, жер қойнауын неғұрлым ұтымды да тиімді баскаруға сеп болатын құқықтын демократиялық ұстанымдарын орнықтыру iciнe баруға тиіс. K.Mapкcтiң: «те же самые люди, которые устанавливают общественные отношении соответственно развитию материального производства, создают также принципы, идеи и категории соответственно своим общественным отношениям» [1] — деп жазғаны бар.

Бұл коммунизм идеялогиясының ұтымды негізі бар. Ол — коғамдық жаңа қатынастар мен материалдық ӛндіpicтiң жаңаша дамуы бұл қатынастарды реттеудің жана қағидаттарын тауып белгілеуді талап ететіндігі. Орынды ой.

Бұған мемлекеттің демократиялық дамуын да қоссақ, тiптi ұтымды болар еді.

Сонымен, жер қойнауы және оны пайдалану құқығы қағидаттарын айқындап, қалыптастырын, заңнамамен бекіту теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан да аса маңызды ic болмак. Ӛйткенi құқық қағидаттары құқықтық реттеудің әдісінің, оны таңдап алудың нeгiзi болып табылады. Бұл дегенміз — қоғамдық қатынастарға ықпал етудің ерекше әділеттік тәpтiбi, әділеттік құралы деген сӛз. Құқықтық реттеудің пәні мен әдіснің арасындағы байланыс аса тығыз болатыны жалпыға белгілі, ӛйткені әдістің ӛзi құқықтық реттеу пәнінің ерекшеліктеріне қарай белгіленеді. Соған

(2)

қарамастан құқықтық реттеу әдici құқық саласынын дербестігін кӛрсететін әділеттік критерий де болады.

Қазіргі заманда мемлекет пен құқық теориясы ғылымынын маңызды міндеттерінің бipi — дәйім ӛзгеpiп отыратын қоғамдық қатынастарға құқықтық нормаларды сәйкестендіріп отыру үшін заңнаманың жетіліп отыруын теориялық тұрғыдан қамдау, сондай-ақ казіргі құқықтық нормалардың ықпалының, басқаша айтсақ, құқықты қолдану әдістерінің, тиімділігін арттыру. Бұл міндетті орындауда әділет нормаларының қоғамдық қатынастарға ықпал ету тәсілі ретіндегі құқықтық реттеу әдістерін зерттеудің қажеттеріне айырықша мән беріледі.

Құқық теориясында құқықтық реттеудің мынадай классикалық eкi әдici анықталып қабылданған:

1) императивті, бұл — құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастарға түсушілерге биліктің ықпал ету тәciлi және

2) диспозитивті, бұл — қоғамдық қатынастарға түсуші тең құқықты тараптар арасындағы қатынастарды реттеу тәсілі.

Осыған қоса диспозитивті әдіс қоғамдық қатынастарды реттеудің үш тәсілін қамтиды: құқықтық сипаты бар белгiлi әрекеттерді орындауға epiк беру; құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастарға түсушілерге белгілі бip құқықтар беру; белгілі бip ӛзара қатынастарға түсушілерге қылық- әрекетін таңдау мүмкiндiгiн беру.

Құқықтық реттеу әдісің классикалық үлгісі осындай. Алайда, арнайы әдебиеттерде дербес әдістер ретінде мыналар да белгіленеді: ынталандыру әдici (енбек құқығына тән); сендіру әдici (құқық салаларының басым кӛбіне тән); мәжбүрлеу әдici (заңдық жауапқка тарту қарастырылған құқық салаларына тән).Сонымен қатар құқықтың әр саласында, мұның iшiндe жер қойнауы және оны пайдалану құқығы да бар, дербес сала ретінде құқықтық реттеудің ӛзіндік әдici болады. Мұның ӛзіндік ерекшеліктері қоғамдық қатынастардың ӛзіндік ерекшеліктеріне байланысты болады. Ал ерекше сипаттары мыналармен байланысты:

- құқықтық қатынастарға түсушінің жағдайына;

- құқықтық қатынастардын мазмұнының ерекшелігіне;

- заңдық айғактар құрамының ерекшелігіне;

- жауапкерліктің ӛзіндік ерекшелігіне.

Құқық саласында құқықтық реттеудің бip ғана әдici болуга тиic пе әлде бірнеше әдici болуға тиic пе? Мұндай таласты ойға берілмей-ақ белгілі бip салаларда (бұған жер қойнауы және оны пайдалану құқығы да жатады) реттеудің бipнeшe әдici қолданылатының атап кӛрсетуді жӛн санаймыз.

Мәселен, жер қойнауын игеру саласындағы қатынастарды реттеуде императивті әдіс те, диспозитивті әдic те жұмсалады, ӛйткені реттеу пәніне қатынастардың горизонталдығы (тек қатынас) да, вертикалдығы да (бағынышты және мәжбүрлі қатынастар) енеді. Осыған орай айта кеткен жӛн, жер қойнауы және оны пайдалану құқығы ӛзінің табиғатына сай билік

(3)

пен бағыныштылық негіз тән болатын қатынастарды реттейді. Ceбебi жер қойнауы мемлекетік меншік болғандықтан, мемлекет меншік иeci peтiнде әрекет етеді, ал басқа субъектілерде иелік құқық болмайды, оларға тек игеруге және пайдалануға мүмкіндік беріледі. Бұл қатынастарда мемлекеттің жер қойнауын пайдаланушыдан заңда белгіленген белгілі бip нақты әрекет- қылықты талап eтуiнe қақысы болады.

Құқықтық реттеудің диспозитивті әдісі жер қойнауын пайдалану құқығын берудің рұқсаттық-келісімшарттық жүйесінен кӛрінеді. Мұндайда мемлекет ӛзiнiң құзырлы органы арқылы жеке және заңды тұлғамен келісімшарт негізінде қарым- қатынасқа түседі. Келісімшартта оны жасасқан және орындайтын тараптардың тең құқығын кӛрсетіледі. Заңнамада тікелей қарастырылса, мемлекеттің жер қойнауын пайдаланушыдан гӛpi құқығының сирек те болса басым болатыны бар. Осы мәселені талдай келе П.В.Мұхитдинов пен С.П.Мороз кен iciндeгi қатынастарды реттеудің диспозитивті әдiciнiң маңызды деген сипаттарын белгілейді. Бұлар кен мағынасында алғанда жер және оның қойнауын пайдалану құқығына да тән болып келеді. Нақтылай кӛрсетсек, олар мынадай жайттарды алға тартады:

1) кен құқығы қатынастарындағы тараптардағы құқығы мен мiндeттepi құқықтық eкi жeлi бойынша, нормативті акт және келісімшарт бойынша, қалыптасады;

2) мемлекеттің біржақты ӛкіметтік ескертулерде түгелдей қамту сипаты болмайды, келісімшарт жасасуды қатынас субъектілерінің ӛз еркіне қалдырады;

3) кен құқығындағы қатынастарды реттейтін нормативті акт мемлекетке құқық қатынастарының субъектісі ретінде құқық бepiп қана қоймайды, міндеттер де жуктейді;

4) мемлекет пен контрагенттің ӛзара қатынасы алынған міндеттерді орындауға биліктің біржақты мәжбүрлеуімен шектеліп қалмайды, міндеттер тиісінше орындалса материалдық мүдделілікті арттыратын экономикалық ынталандыру жолдары да пайдаланылады;

5) кен құқығы қатынастарынын құқығы мен міндеттері анағұрлым таразыланған, басқаша айтқанда, олар «билік пен бағыныштылықтың» қатан кесімін жасамайды;

6) құқықтық қатынастардың заңды формасы жер қойнауын пайдалану жӛнінде жасалған келісімшарт болады, ал тараптардың бipi мемлекет болады;

7) жер қойнауын пайдалануға жасаған келісімшарт тараптарға құқық пен міндет жүктейді, мемлекеттің құқығы жер қойнауын пайдаланушыға қарағанда едәуір ауқымды болады;

8) жер қойнауын пайдалану келісімшарты, кен құқығы қатынастарын реттейтін нормативті құқықтық акт мүкіндік берсе ғана, жасалуы мумкін.

(4)

Осылай бола тұра жер және онын қойнауын пайдалану құқығында рұқсат беруші мен тыйым салушы нормалардан гӛpi міндеттеуші (императивті нормалар басым болады. Жоғарыда кӛрсетілгендей, мұнын ceбeбi экономиканың бұл саласындағы қатынастардың мазмұнынандағы ерекшелік және жер қойнауын мемлекеттің алғаусыз меншігі екендігі.

Пікірімізді жандандыру үшін жер қойнауын игеру саласындағы қатынастарды реттейтін жалпыға белгілі сипаттарды келтірейік. Бұларды осы тақырып бойынша зерттеулерді талдау нәтижесінде Н.Б.Мұхитдинов пен С.П.Мороз топтастырған [2]:

1) құқықтық қатынастар субъектілерінің қылық-әрекетін (құқықтар мен міндеттерді белгілеу арқылы), әдеттегіндей, нормативті сипаты бар құқықтық актілерде мазмұндалған біржақты ӛкіметтік ескерту жасау тәсілімен мемлекет анықтайды;

2) бұл ескерту тараптардың қылық-әрекетін егжей-тегжейлі регламенттейді;

3) тараптардың ӛзара құқығы мен міндеттері ӛзара келісімнен емес мемлекет тарапынан туындайды және осы қатынасты реттейтін нормативті актіден шығады;

4) тараптардың олар үшін міндеттеуші сипаты бар мемлекеттік ескертулерді ұстанудан бастартуға құқы жок;

5) мемлекеттің ескертулерінің орындалуын не сот арқылы, не біржақты ретпен мемлекеттің уәкілетті органы жүзеге асыратын мәжбурлеу механизмі қамтамасыз етеді;

6) тараптардың қылық-әрекетті таңдау мумкіндігі, соның iшiнде ӛзара келісіммен жасалатын әректтерді таңдау мүмкіндігі де, я атымен болмайды, я маңызсыз жайттарға ғана қатысты болады;

7) ескертуді орындамау заң алдында (қаржылық- құқықтық,әкімшілік, қылмыстық) жауапқа тартылуға әкеп соғады;

8) құқықтық қатынастарда мемлекет ӛкiлi болатын субъектіге құқық кеңінен беріледі соған орай онда, әдетте, мемлекет ескертулерін күштеп жүзеге асыратын билік ӛкілеттігі болады.

Жер және оның қойнауын пайдалану құқығы на қатынастарды реттеудің басқа арнайы әдістері де тән. Мұның ӛзі бұл саланың дepбecтiгi туралы тұжырымымызды тағы да дәлелдей түседі. Ол әдістерді атап кӛрсеткен жӛн. Жер және онын қойнауын пайдалану құқығында қолданылатын реттеудің маңызды әдici келістіру болып саналады. Мұнда құқық субъектісі қандай да біp мәселенің шешімін осы қатынастағы басқа субъектімен келісіп барып қабылдайды. Мысалы, жер қойнауын пайдаланушы минералды шикізат ӛндірудің Жылдық жұмыс бағдарламасын әзірлеп, бекітеді де, оны Энергетика және минералды ресурстар министрлігіндегі Әзірлеу бойынша орталық комиссияның келiciмiн алады.

Бұл міндетті қолданыстағы заңдар алға тартады (ҚР Жер қойнауы жӛніндегі заңының 8-1 және 64-баптары).

(5)

Жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу мен жер қойнауын пайдаланушылардың кызметіне мониторинг жүргізу үдeрiciндe басқа арнайы әдістер кеңiнeн қолданылады. Мысалы:

міндетті ескертулер әдici, бұл бойынша құқықтық қатынастардың бip тарапы (бұл , әдеттегідей, мемлекеттік құзырлы орган) келесі тарапка (жер қойнауын пайдаланушыға) орындалуы міндетті ескерту береді; нұсқау беру әдici, бұл бойынша құқықтық қатынастардағы бip тарап келесі тарапка қызметтің я жұмыстың белгілі бip түpiнe қатысты нұсқау кеңестер береді; тыйым әдіci, бұл - заң шығарушының қоғамдық қатынастарға және осы қатынастардың субъектілерінің қылық-әрекетіне ықпал ету тәciлi ретінде қолданылады.

Соңғы әдіске тән мысал ретінде жер қойнауы телімінде сервитут беруге тыйым салуды келтіруге болады. Мұндай тыйым, егер бұл қадам адамдардың денсаулығы мен ӛмipiнe және қоршаған ортаға қayiп тӛндipeтiн болғандықтан жер қойнауы телімінде барлау жургізу және (немесе) ӛндіру мумкін болмаса я рентабельді болмаса, салынады (ҚР «Жер және оның қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 каңтардағы №2828 заңының 11-2-бабының 2-тармағы).

Ескерілуі қажет бip жайт сол, құқық жүйесі қолда бар ғылыми нәтижелер мен түсініктерді нығайту мен нақтылау себебінен ғана емес, қоғамдық қатынастардың ӛзінде ӛтiп жатқан ӛзгерістердің объективті ceбeбiнен де ӛзгеріп, жетіліп отырады. Реттейтін қатынастары жойылгандыктан я ескіргендіктен кейбір салалар мен құқықтық институттар маңызсыз болып калады. Кейде, керісінше, қоғамдық қатынастардың жаңа саласының ӛмірге келуінен құқық жүйесінің құрылымдық бӛлігі түзіледі, құқықтың дербес жаңа саласы ӛмірге келеді. Айталық, аграрлық сектордағы басымдылығынан айырылғандықтан және ауыл шаруашылығын жүргізудің жаңа формалары шығуынан колхоз құқығы қазіргі кезеңде мәртебесін жоғалтты. Ал жер және оның қойнауын пайдалану құқығы, керісінше, табиғат ресурстары құқығының ішкі саласынан Қазақстан Республикасындағы құқық жуйесінің негізгі компонентерінің біріне айналып отыр. Ӛйткені жер қойнауын зерттеу, пайдалану, ұдайы ӛндіру мен қорғау істерімен байланысты қоғамдық қатынастар ӛндірістік және әлеуметтік қатынастардың дербес те маңызды саласы болып шықты. Соған орай оларды құқықтық реттудің арнайы әдістерін талап етіп отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сулейменов М.К., Объекты гражданских прав по законодательству Республики Казахстан // Материалы международной научно-практической конфереции. – Алматы, 2004.

Мухитдинов Н.Б. и С.П.. Горное право в Республике Казахстан. – Алматы, 2004.

Referensi

Dokumen terkait

Ол келесі компоненттерден тұрады: 1 жоғары оқу орнының ерекшеліктері, факультет және мамандығы, курс айырма- шылығы бойынша, ғылыми-зерттеу қызметі жайлы білім мен дағдыны сапалы

Зерттеу барысында келесі әдістер қолданылды: 1 Әдебиеттік шолу: актуарлық және қаржылық математиканы оқыту тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулер мен жарияланымдарды талдау, соның ішінде