• Tidak ada hasil yang ditemukan

КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

1

М.С. Құлназарова оқу-әдістемелік бөлімінің бас сарапшысы

КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Бәсекеге қабілетті, әлемнің жоғары дамыған елу елінің қатарына қосылу үшін жоғары білім беру саласында сапаны көтеру қажет. Сол себепті Батыс Еуропа және АҚШ-тың жоғары білім беретін әлемдік озық үлгісі – кредиттік оқыту жүйесі жоғары оқу орындарында енгізілді. Соның жарқын көрінісін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі жоғары білім сапасымен салыстыру қажет. Еліміздегі жоғары деңгейдегі университет бола отырып, халықаралық деңгейдегі университет атағына лайық болуға байланысты барлық базалық жағдай бар.

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі (Ереже) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылдың 22 қарашасындағы

№566 бұйрығымен бекітілген.

Технология дегеніміз – қайсыбір өнімді өндіру үдерісін жүзеге асыру мүмкіндігін беретін ережелер, әдістер, құралдар жиынтығы. Кредиттік оқыту технологиясы – білім алушы мен оқытушының оқу жұмыс көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқыту.

Қазіргі уақытта әлемде әр алуан кредиттер оқыту жүйесі қолданылады:

ECTS – еуропалық жүйе;

USCE – америкалық жүйе;

CATS – британдық жүйе;

UCTS – Азия және Тынық мұхиты бассейніндегі елдердің жүйесі.

Кредит – білім алушының/оқытушының оқу жұмыс көлемін өлшейтін біріздендірілген бірлік. Бір кредит академиялық кезеңдегі білім алушының бір аптадағы аудиториядағы байланыс жұмысының бір академиялық сағатына тең. Әрбір дәрістік, практикалық және студиялық сабақтардың академиялық сағаты міндетті түрде бакалавриаттағы студенттің 2 сағат (100 минут) өзіндік жұмысымен, магистратурадағы магистранттың 4 сағат (200 минут) өзіндік жұмысымен және докторантурадағы докторанттың 6 сағат (300 минут) өзіндік жұмысымен қоса беріледі.

(2)

2

Сонымен, кредит – белгілі бір оқу материалдарын меңгеру мен оқу жұмысын орындау үшін қажет уақыт және қажет еңбекпен өлшенетін бірлік. Кредиттер оқу бағдарламасының әрбір бірлігіне тағайындалады. Олар білім алуда жетістікке жету үшін қажет жұмыс көлемін анықтайды.

Кредитті пән бойынша алу үшін студент міндетті жұмыс пен бақылау түрлерін орындайды. Бұл пән бойынша алуан түрлі жұмыстар мен бақылауларды айқындап, оларды өлшей алуымыз керек деген сөз.

Әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық- рейтингтік жүйесі кредиттік оқыту технологиясының жариялылығының негізі болады.

Кредиттік оқыту жүйесінде профессор-оқытушылардың жүктемесі де кредиттер санымен анықталады.

ҚР МЖМБС 5.03.015-2006 Педагогикалық жүктеме және оқыту жұмыстары стандартының 8.7 тармағына сәйкес кредиттік жүйемен оқыту кезінде оқу жұмысы түрлері бойынша оқытушының педагогикалық жүктемесін жоспарлау кезінде 1 кредит:

 практикалық сабақтың және семинарлардың, лекциялардың байланыс жұмысының 15 академиялық сағатына;

 студиялық сабақтың 30 академиялық сағатына;

 оқу практикасының 15 академиялық сағатына;

 педагогикалық практиканың 30 академиялық сағатына;

 өндірістік практиканың 75 академиялық сағатына теңдігі негіз болып қабылданған.

Мамандықтар стандарттарында көрсетілген кредит саны студенттің практиканы оң бағаға өткен жағдайдағы ала алатын кредиті.

Кредит ұғымына тереңірек үңілсек, ол дәстүрлі оқу жүйесіндегі студенттің апталық жүктемесімен жақын ұғым. Мамандықтардың стандарттарында білім алушылар бір семестрде 12- 18 кредит жинай алады делінген, яғни бір семестрде орта есеппен 15 кредит жиналады. Апталық жүйктеме 1 кредитке тең болады. 128 кредитке қосымша практикаларға байланысты кредиттер жинақтау керек екендігін ескерсек, студенттің апталық жүйктемесі 1,2 кредитке тең болады. Егер 1 кредит 15 дәрісханалық сағат және оған қосымша 30 сағат студенттің өздік жұмысы болса, онда 1,2 кредит 54 сағатқа тең болады. Бұл дәстүрлік жүйе бойынша студенттің апталық жүктемесі. Екі жүйедегі айырмашылық студенттің өздік жұмысының көлемінің ұлғаюымен ерекшеленеді.

Кредиттік білім беру жүйесінің басты ерекшелігі – оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушылардың белсенділігін арттыру. Адамның белсенділігі негізінен өзінің мақсаты мен міндетіне және ол туралы бастапқы мәліметіне, қызығушылығына байланысты. Кредиттік білім беру жүйесінде негізінен мамандықтың оқу-әдістемемен қамтамасыз етілуіне, оның ресурсына басты назар аударылады. Нарықтық өзгерістердің білім сапасына да ықпалы мол. Білім алушы алдымен білім беру қызметінің сапасын көрсететін құжаттармен танысуы тиіс. Ол білім алушылар үшін алдын ала дайындалатын негізгі құжат – силлабус.

Онда:

1.Оқытушының аты-жөні, ғылыми атағы, байланыс телефоны (электрондық жәйшігі, сайт internet)

2. Пәннің аты.

3. Оқу пәнінің жүргізілу уақыты мен орны (сабақ кестесіне сәйкес).

(3)

3

4. Оқу пәндерінің деректемелері (пререквизиты и постреквизиты).

5. Оқу пәнінің сипаттамасы:

5.1. Оқу пәнінің бағыты 5.2. Пәнді оқытудың мақсаты 5.3. Пәнді оқытудың міндеттері 5.4. Оқу пәнінің мазмұны

5.5.Оқу пәндерін оқытудың жоспары (аптасы, әр аптада өтілетін тақырыптардың аты, сағаттар санымен оқытуды ұйымдастырудың формалары,тапсырмалар беріледі).

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:

6.1 Негізгі әдебиеттер 6.2 Қосымша әдебиеттер.

7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы.

8. Оқу тәртібінің саясаты қамтылған.

Силлабус арқылы білім алушы алдын ала өзі меңгеретін пәннен хабардар болып, пәннің өзіне қаншалықты таныс немесе таныс еместігін, күрделілігін анықтап, оны меңгеруге өзін-өзі ұйымдастыруына ықпал етеді. Егер қандай да бір себептермен тақырып өтілмесе, білім алушы оқытушыдан ол тақырып туралы сұрап біліп, неге өтілмегенін қадағалайды. Бұл құжаттың басты мақсаты білім алушының меңгеретін білімінің мазмұнына жауапкершілікпен қарауына, оның жүйелі берілуіне, оқытушының ол пәнді өтуіне риза немесе риза еместігін білуін анықтау. Сондай- ақ, білім алушы өзі меңгеретін пән бойынша білімінің қаншалықты деңгейге көтерілгенін анықтай алады. Жалпы силлабус – пән бойынша студент үшін жасалған оқыту бағдарламасы, студенттің жоғары оқу орнындағы әр пән бойынша өз жұмысын ұйымдастырудағы негізгі құралы.

Білім беру қызметін ұйымдастырудағы негізгі құжаттың бірі - мамандық бойынша оқу- әдістемелік кешен.

Әр кафедрада міндетті түрде мамандық бойынша оқу-әдістемелік кешеннің болуы талап етіледі. Оның құрылымы:

МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті мамандықтардың жоғары білім беру стандартынан;

типтік оқу жоспарынан;

жұмыс оқу жоспарынан;

мамандық пәндерінің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуінен;

кәсіптік практиканың өтілуі бойынша әдістемелік нұсқауларынан;

диплом жұмысы (жоба) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқауларынан;

(4)

4

білім алушылардың мемлекеттік қорытынды аттестациясы бойынша әдістемелік нұсқаулардан тұрады, яғни мамандық бойынша негізгі құжаттар бір папкада жинақталалады.

Әр оқытушы мамандық бойынша оқу-әдістемелік кешеннің негізінде өзі сабақ беретін пәннің жұмыс оқу бағдарламасын әзірлейді.

Жұмыс оқу бағдарламасы – оқытушының Мемлекеттік жалпығы міндетті білім стандартының типтік оқу бағдарламасының негізінде жасалған басты құжат. Білім алушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етіп, әр курста, семестр бойынша өтілетін пәннің кредит санын, мақсаты мен міндеттерін (берілетін білім стандарты, білуге қажетті ұғымдар, практикалық дағдыларды пайдалануы) жұмыс оқу бағдарламасында берілген. Сонымен қатар бұл құжатта:

1.Өтілетін пәндерді оқытудың қажеттілігі қамтылған бөлімдері (тақырыптары) көрсетілген. Онда бір бағанында пәндер екінші бағанда бөлімдер (тақырыптар) атауы көрсетілген.

2.Тақырыптар мазмұны және әдістемелік қамтамасыз етілуі семестр бойынша көрсетіледі. Бөлімдер (тақырыптар) атауы, сағаты,практикалық, көрнекті құралдарды пайдалану

3.СӨЖ тақырыптары мен көлемі сағатпен көрсетілген.

4.Пәндерді оқу-әдістемемен қамтамасыз ету бөлімінде оқулықтар мен оқу-құралдары туралы мәлімет беріледі (орны, атауы, шыққан жылы, бар данасы: кітапханада, кафедрада қаншасы бар?).

5.Әдістемелік нұсқаулар мен (орны, атауы, шыққан жылы, бар данасы: кітапханада, кафедрада қаншассы бар?) жұмыс оқу бағдарламасының бұл құрылымы оқытушының өзі сабақ беретін пәннің жалпы жағдайы туралы мәліметінің қандай екенін, білім беруге дайындығын айқындайтын, әрі күнделікті қызметін ұйымдастырудағы басты құжат.

Сонымен қатар, оқытушылар дайындайтын келесі құрал - пән бойынша оқу-әдістемелік кешеннің болуы. Ол мынадай материалдардан тұрады:

пәндердің типтік оқу бағдарламасынан (егер пән міндетті компоненттен болса);

пәндердің жұмыс оқу бағдарламасынан;

студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасынан (SYLLABUS);

пән бойынша тапсырмаларды тапсыруы және кестенің орындалуы;

пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі;

кешенді дәрістер (лекция тезисі, көрсетілетін және таратылатын материалдар;

қолданылған әдебиеттердің тізімі);

семинарлық (практикалық) сабақтардың жоспарынан;

СӨЖ, МӨЖ тақырыптары мен көлемі, бақылау формаларынан;

(5)

5

пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстан;

курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулардың орындалуы;

білім алушылар үшін өзіндік жұмыстар материалдарында: үй тапсырмасының мәтіндер жинағы, әр тақырып бойынша өзін-өзі бақылаудың материалдары, ағымдағы жұмыс түрі тапсырмасының орындалуы, рефераттар және басқа да өздігінен істейтін тапсырмалары мен әдебиеттердің еңбек көлемі көрсетілген;

құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикалардың әдістемелік нұсқауларынан;

білім алушылардың оқу бағасын бақылау және бағалау жетістігі бойынша материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалары, тестілеу тапсырмалары, өзіндік даярлығы үшін сұрақтар тізбесі, емтихандық билеттер және т.б.);

оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиалық сүйемелдеуі (пән мазмұнымен байланыстылығы);

аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі.

Кредиттік білім берудің негізгі көрсеткіштерінің бірі - білім беру процесін оқулықтармен, оқу- әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету. Егер кредиттік оқыту технологиясын барлық шарттарын орындай отырып, шын мәнісінде жүзеге асыратын болсақ білім беру саласында жетістіктерге жететін күн алыс емес.

Referensi

Dokumen terkait

Бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи дамып отырғандықтан, олардың қатары да бірте-бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ

Халқы сирек орналасқан Қазақстан жағдайында елді мекендерден шалғай жерде жұмыс істеп жұрген адамдарға тағамдарды жеткізу үшін ұшқышсыз ұшақтарды пайдалану мүмкіндігі арта түседі[5]..