Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
Л. С. ДЖУМАНОВА, А.Х.СУЛЕЙМЕНОВА
ТІЛ – ҰЛТ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ http://www.enu.kz
From this scientific article “Three languages of speaking of the RKPresident N.A. Nazarbaev”
is clear that problem rises from the life nessessity.Kazakhstan citizens speakingfluently, writing perfectlybecome persons capable to competite. So mastering language for country is important, thus profoundly discussed in the article.
Ширек ғасырдай уақыттан бері тіліміздің мәртебесін арттыру жолындағы келелі істер ӛз жалғасын тауып келеді. Осыған орай жарық кӛрген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынаң» жобасы мемлекеттік тілдің келешегін
жаңа бір қырынан айқындады. Бағдарламада алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі мем-лекеттік тілді меңгеру жүйесіне қатысты алда атқарылар шаралар кӛңіл қуантады. Әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін қазіргі уақытта «Үштұғырлы тіл» саясаты қолға алы-нып жатыр.«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев 2006 жылдың қазанында ӛткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жол-дауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Мысалы, стандарттар әзірлеу, қазақ тілінде оқытатын білім беру мекемелерінің желісін кеңейту, мамандар даярлауды одан әрі жүргізу, тағы басқа келелі мақсат-міндетке назар аударылып отыр. Аталмыш мемлекеттік бағдарламаны іске асыру елімізде тұратын барлық этностардың тілдерін сақтау және Қазақстан халқының шетел тілдерін меңгерумен қатар, мемлекеттік тілдің ұлттық бірлікті нығайтудың басты факторы ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.
«Үштұғырлы тіл» саясатында ағылшын, орыс тілдері – ғылыми жүйеленген, ұлтаралық қатынас тілі мәртебесіне ие әрі ешқандай кӛмекті қажет етпейтін, кәсіби қалыптасқан дербес тілдер. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл идея ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып бел-гіленді. Яғни, идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Басқаша айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен кӛрсетуге бола-ды: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Айта кетелік, үштұғырлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болған жоқ, ол – ӛмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Ӛйткені, қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, экономикасын дамытып жатқан тілдер биіктен кӛрінеді. Ал бұл бағыттағы толайым табыстарға, ілім-білімге алып барар жол – ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйрену. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар ӛзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Мысалға, ежелгі дүниедегі Мысырдың ӛзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, кӛбіне салық тӛлеуден босатылған. Сондай-ақ, бүгінгі Еуропада да кӛп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни, бүгінгі таңда ТМД мен Орталық Азияның кӛшбасшы мемлекетіне айналған Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Ӛйткені, бірнеше тілде еркін сӛйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар ӛз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілеттітұлғаға айналады.
Атап айтарлығы, кӛпұлтты Қазақстанның жағдайында “Үштұғырлы тіл” ұлттық жобасы қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторы болып саналады. Алайда, еліміздегі негізгі үш тілді дамытуға басымдық беру – басқа халықтардың тілдерін назардан тыс қалдыру деген сӛз емес. Мәдениеттер мен тілдердің саналуандығы – бұл біздің ұлттық байлығымыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ, мемлекет Қазақстандағы халықтардың барлығының мүдделерін ескере отырып, посткеңестік кеңістікте ең либералдық тілдік саясат жүргізді. Соның дәлелі болар, кез келген этностың ӛкілі қай тілде білім алатынын, сӛйлейтінін, шығарма жазатынын ерікті түрде таңдай алады.
Біздің қоғамда барлық этностардың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей формуласы жасалып отыр. Біздің жетістігіміз – басқа этностардың құқықтарына ешқандай да қысым жоқ.
Сонымен қоса, біз тағы бір аса маңызды мәселе – мемлекеттік тілді барша қазақстандықтардың меңгеруіне толық жағдай туғызып отырмыз. Ӛйткені, бұл халықаралық тәжірибеде бар үрдіс.
Қарап отырсақ, қазіргі кезде мемлекеттік тілді оқып-үйренуге барлық жағынан жағдай жасалған.
22
№ 1 (92) 2013 Тіпті, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың бәрінде курстар ашылып, ғылыми-әдістемелік ма-териалдар таратылады. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген басқа ұлт ӛкілдерін материалдық жағынан ынталандыру да дұрыс жолға қойылған. Содан да шығар, кӛптеген қазақстандықтар қазақ тілін білу-ді – патриоттық борышым деп санайды. Оған қоса, мемлекеттік тілді үздік меңгеру жеке бәсекеге қабілеттіліктің, кез-келген қызмет саласындағы мансаптық ӛсудің факторына айналды.
Десек те, мемлекеттік тілді дамыту жӛніндегі іс-шаралар бұдан да тереңірек және нәтижелі болуы шарт. Яғни, бізге елімізде тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің ауқымды қолданылуын қамтамасыз ететін тілдік саясат жүргізу қажет. Ол үшін барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру бағытында жұмыс ұйымдастырылады. Бұл жүйе ең алдымен, мемлекеттік тілді меңгеру мен оқытудың бірыңғай стан-дарттарын әзірлеуді және бекітуді, содан соң оларды білім беру жүйесінің барлық деңгейіне – мектеп-ке дейінгі мекемелерге, мектептерге, жоғары және одан кейінгі оқу жүйесіне енгізуді кӛздейді.
Екінші жағынан, отандастарымыздың орыс тілін меңгеру деңгейін сақтап қалуына да кӛңіл ау- даруымыз керек. Ӛйткені, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас пен интеграциялық қызметтердің діңгегі. Ақиқатын айтсақ, ақпараттық кеңістігімізде орыс тілі әлі де маңызды рӛл атқаратынына ешкім дау айта алмас. Сондай-ақ, әлемдік алты ресми тілдің қатарына кіретін орыс тілін меңгеруге бәсекеге қабілетті ұлттың кез-келген ӛкілі ұмтылуы тиіс. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, орыс тілін оқыту жүйесін одан әрі оқу- әдістемелік және зияткерлік тұрғыдан қамтамасыз етуіміз керек. Бұл мақсатқа жетеміз десек, қашықтықтан оқыту, электронды интерактивті оқулықтар бағдарламасын құру, ұлттық мектептерде орыс тілін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, оралмандарға, шетелдіктерге және халықтың басқа топтарына орыс тілін оқыту курстары мен орталықтарын ашу, халықтың орыс тілін меңгеруіне тұрақты монито-ринг жүргізу сияқты іс-шаралар қолға алуымызқажет.
Ал “Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бӛлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сӛз. Оған қоса, ағылшынша білсең – әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің мол. Тіпті, оқуыңды тәмамдаған соң, біршама уақытқа шетелде қалып, еңбек етуің үшін де бұл тамаша мүмкіндік. Ең бастысы, ағылшын тілін білу – бұл іскерлік қарым-қатынас және әлемнің кез-келген нүктесінде бизнеспен айналысу үшін міндетті талап. Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында шет тілінің болашақ оқытушыларын оқыту жүйесі мен процесіне қойылатын талап-тарды күшейту керек. Сонымен қоса, жаратылыстану мен математиканы ағылшын тілінде оқытатын оқытушыларды дайындау, шетелдермен тәжірибе алмасу, шет тілдерде сӛйлейтін мамандарды тарту саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, арнайы орта және жоғары оқу орындарының студент-тері мен оқытушыларын шетелдерде тіл үйрену мен тәжірибе жинауға жіберу сияқты бірқатар іс-ша-раларды жүзеге асыр-ған жӛн. Жоғарыдағы мақсаттар Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында тайға таңба басқандай етіп жазылыпты.
Жалпы алғанда, тілдерді меңгерудің тиімділігін сӛз еткенде біз бұл жұмыстың жүйелі түрде жетіл- дірілуіне батыл қадам жасағанымыз жӛн. Әсіресе, инновациялық әдістерді іздеуіміз қажет. Мысалға, әрбір облыста үш тілге бірдей оқытатын мамандандырылған орталықтар ашып, оларды алдыңғы қатарлы технологиялармен қамтамасыз етсек. Түптеп келгенде, Қазақстандағы үштұғырлы тіл сая- саты – бұл елімізді, оның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдама. Іс жүзінде тілдердің үштұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бӛлшегі болып табылады. Яғни, мемлекет әрбір қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің жеке дамуының міндетті шарты екендігін әрдайым есте ұстауының қажет екендігіне назар аударады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007 жыл, 27 шілде.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
2006 жыл 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стра-тегиясы» атты Жолдауы.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» атты жобасы.
4. http: // www. elgazeti. kz. Табынұлы Т. «Үштұғырлы тіл: Бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы», 29 наурыз 2011 ж.
Редакцияға 20.09.2012 қабылданды.
23