Ежелгі түркі тайпаларының мекені тек мал шаруашылығына ыңғайлы Еуразияның далалық аймақтарымен ғана шектелмей, адамзат ӛркениетінің ерте кезден қалыптасқан суармалы оазистік ошақтарын, Алтай, Тянь-Шань, Памир, Кавказ тауларын да қамтуы олардың мәдени-тұрмыстық кеңістігінің біркелкі табиғи ландшафтан ғана емес үлкен ӛркениет қалыптастыруға қолайлы әртүрлі жер бедерлерінен тұратынын кӛрсетеді. Түркілердің ӛздері бейімделген тұрмыстық-мәдени кеңістігін қалыптастыруы, игеруі шегаралас, ӛзіндік ӛркениеті қалыптасқан басқа да суперэтностардың мәдени-саяси ұстанымдары мен саяси-экономикалық даму-құлдырау үдерісінің амплитудасына байланысты болды. Ӛркениеттер арасындағы байланыс мәдени сұхбаттасу деңгейінде ғана емес жаугершілік сипатта да болатыны белгілі. Түркі халықтары мен кӛршілес халықтар арасындағы тарихи процестер де екіжақты болғаны тарихтан белгілі. Түркі халықтарының тарихы, жалпы адамзат ӛркениетіндегі орны жайлы шынайы кӛзқарастармен қатар, «тұрпайы, мәдениеті дамымаған жабайы халық» деген тәрізді біржақты кӛзқарастардың қалыптасқаны кӛпшілікке аян. Қалай болғанда да техногендік ӛркениетке дейін мыңдаған жылдық адамзат тарихында түркілердің қуатты күш болғаны күмән тудымайтын тарихи шындық..
Этномәдени кеңістіктің ұлғаюы немесе ықшамдалуы да, этностардың ӛз ата- мекенінен ығыстырылуы, ассимиляцияға ұшырауы , тіпті тұтастай жойылып кетуі де тарихи-әлеуметтік үрдіс. Мұндай тарихи оқиғалардан түркі халықтары да тыс қалмады. Кӛне замандардан бері дербес тайпалық одақтар мен хандықтарға бӛлінсе де, ӛзара ұласып-сабақтасып жататын суперэтностық тұтастығын қамтамасыз етіп келген түркі кеңістігі кӛршілес империялар тарапынан бӛлшектеуге түсті. Сібір мен Орталық Азияның арасына, Еділ бойы түркі халықтары мекенінің ортасына, Еуропа мен Азияның аралығына басқа мәдениеттер орнықты, тамыры бір Осман түріктерімен байланыс үзілді. Империялық саясатқа байланысты түркі халықтарының біразы ата-мекенінен шетелдерге ауа кӛшуге мәжбүр болса, Қытай мен Ресей арасындағы саяси-дипломатиялық ахуалға байланысты 1990 жылдардың алғашқы кезеңдеріне дейін Шығыс Түркістанды, Тұрфан ӛңірін мекендеген автохтонды (ұйғыр, сары ұйғыр, салар т.б.) түркі этностарымен де қарым-қатынас күрделене түсті. Бұл негізін жалпытүркілік тектілден алатын, сан ғасырлық даму жолынан ӛтсе де жалпытүркілік табиғатын сақтап келе жатқан Еуразия кеңістігіндегі 40 –тан аса түркі тілдерінің дамуында, жазба дәстүрінің қалыптасуында, қолданыс аясында белгілі бір дәрежеде із қалдырды.
Ӛкінішке орай, түркі халықтарының жартылай кӛшпелі ӛмір салты мен саяси-әлеуметтік жағдайына байланысты ХІ ғасырда Махмұд Қашқари шығармашылығынан басталып, ХҮ ғасырға дейін классикалық араб тіл білімімен сабақтастықта қалыптасқан түркі тіл білімі (Жалалиддин Әбу Мұхаммад Абдуллах Түрки, Махмұд ибн Омар Замахшари, Джамал ад-дин ибн Муханна, Асиф ад-Дин Абу Хайан Мухаммад ибн Али ибн Юсуф ал- Гарнати) біраз уақыт кешеуілдеп барып, жалғасын тапты. Түркі тілдерін,
түркі жазба мұраларын зерттеу ХХ ғасырдың алғашқы жылдарына дейін негізінен басқа ұлт ӛкілдерінің, шетел ғалымдарының үлесінде болды. Саяси- әлеуметті жағдайларға, академиялық ғылыми дәстүрдің кешеуілдеп қалыптасуына байланысты түркі халықтары ӛкілдерінің ӛз тілдері мен оның тарихын зерттеуге мүмкіндігі аз болды. Бұл мәселе де түркі тілдерінің табиғи болмысы мен тарихи даму жолын анықтаудағы еуроцентристік кӛзқарастардың қалыптасуына алып келді.
Кеңес үкіметі кезінде орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сӛздердің кӛбеюі, жаңа емлелік ережелердің қалыптасуы, жаңа жазу жүйелерінің енгізілуі түркі халықтары тілдерінің табиғи дыбыстық жүйесіне кӛп ӛзгерістер әкеліп, қолданыс аясын біршама тарылтқанымен, ұлттық кадрлардың қалыптасуы, әрбір түркі тілінің терең зерттелуі, түркі тіл білімінің аясында академиялық деңгейдегі салалық тіл білімдерінің (қазақ тіл білімі, ӛзбек тіл білімі, түркімен тіл білімі, қырғыз тіл білімі, әзірбайжан тіл білімі, татар тіл білімі т.б.) қалыптасуы осы кезеңнің жемісі. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін түркі тілдерін, түркі тілдерінің тарихын зерттеудің бағыт-бағдары жаңаша сипат алып келеді. Әсіресе дербес мемлекетін құрған түркі халықтары тіл мәселесіне ерекше кӛңіл бӛліп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында жұмыстар жүргізіп, түркі тілдерінің тарихына қатысты жіберілген олқылықтар мен бұрмалаушылықтарды тарихи ақиқат тұрғысынан зерделеуді қолға алынуда.
Дегенмен бұл түркі тілдерінің проблемасы шешілді деген сӛз емес екені белгілі. Ұзақ жылдар бойы басқа мәдениеттің ықпалында болып, суперэтностық тұтастығына нұқсан келген түркі халықтарының тіліне қатысты ӛзекті мәселелер де жеткілікті. Қазіргі түркі халықтарының мәдени- рухани құндылықтары мен ұлттық рухы жалпытүркі әлемінің рухани құндылықтарынан бастау алатындықтан ұрпақ бойына ұлттық рухты сіңіріп, жалпытүркілік ұлттық сананың берік қалыптасуын қамтамасыз ету қазіргі түркілердің түркілік тектілден тараған ана тілдерін меңгеру деңгейіне байланысты. Сондықтан түркі тілдерінің қолданыс аясына, әліпби жүйесіне, зерттелуіне тарихына қатысты мәселелер жалпытүркілік континиумда қарастырылса нәтижелі болмақ .
Түркі тілдеріне қатысты қордаланған проблемаларды шешудің негізгі жолдарының бірі - әлемдік түркітану саласында жинақталған ғылыми білімнің озық идеяларымен, соңғы жетістіктерімен қаруланған, креативті ойлауға машықтанған, білікті лингвист-түрколог мамандар дайындау екені белгілі. Кәсіби түрколог-лингвистер дайындау біздің елімізде қолға алына бастады. 2008 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде
«түркі тілдері» мамандығы бойынша магистратура ашылса, биылғы жылы (2009) «түркі жазба ескерткіштерінің тілі» мамандығы бойынша да магистрлер қабылдау, «түркі тілдері» бойынша PhD (докторлар) дайындау және осы мамандықтың базалық (бакалавриаттық) деңгейі ретінде бұрыннан бар «қазақ тілі мен әдебиеті», «қазақ филологиясы» мамандықтарымен қатар жаңадан «түрік тілі» мамандығын ашу жоспарланып отыр. Болашақта аталған мамандықтар бойынша тек қазақстандық жастар ғана емес түркі
халықтары шоғырланған басқа елдерден де түркі тілдері бойынша (әсіресе, хакас, якут, қарашай-балқар, татар, башқұрт, ноғай, чуваш халықтары тәрізді басқа мәдениет арасындағы түркі тілдерінің ӛкілдерін) базалық білімі бар магистрлер тарту және әлемдік түркологиядағы қазақ тілінің рӛлін арттыру мақсатында оқу үдерісінің «жұмыс тілі» ретінде мемлекеттік тілді белгілеу кӛзделуде. Бұл университет жанынан қазақ тілі бойынша қысқа мерзімдік (2- 3 айлық) дайындық курсын ашуды қажет ететін мәселе. Ӛз ана тілін жақсы білетін түркі халықтарының жастарына 2-3 ай мерзімінде қазақ тілін меңгерту қиындық тудырмайтынын оқытушылық тәжірибемізден білеміз.
Елімізде, лингвист-түрколог мамандар дайындауға қатысты мынадай проблемалар туындап отыр:
І. Түркі тілдерінің хронологиялық - тарихи даму кезеңдерін, толық қамтитын, жүйелі оқу құралдары мен оқулықтар кешенін дайындау. Оқу үдерісінде қолданылып жүрген түркітануға байланысты еңбектердің кӛпшілігі монографиялық сипатта болып келуі, сондай-ақ “Түркітануға кіріспе”( Ә. Қайдар, М, Оразов), “Түркі филологиясы және жазу тарихы”
(А.Аманжолов) “Түркітану” (О. Бүркіт), “Түркі филологиясына кіріспе” (М.
Ескеева), “Қазақ жазуының тарихи негіздері”(М. Ескеева) т.б. тәрізді бірен- саран оқулықтар мен оқу құралдарының түркологиялық лингвистиканың толық бағдарламасын қамти алмауы аталған мәселенің ӛзектілігін кӛрсетіп отыр.
ҚР Президентінің Жолдауында да («Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», 2008 жылғы ақпан айындағы) білім беру жүйесін жетілдіру басым бағыттар қатарында аталып, қоғамның басты байлығы мен қозғаушы күші – адам факторына, ел тарихы мен тағлымына, мәдени-рухани құндылықтарға, ұлттық рух пен патриотизмге, жастардың кәсіби біліктілігі мен тәлім-тәрбиесіне ерекше ден қойылды. Жаһандану үдерісіне ӛзіндік болмыс-бітімімен араласа алатын, әлемдік ақпараттық кеңістікке ұлттық мүддені ескере отырып, еркін бойлай алатын, бәсекеге қабілетті кәсіби маман дайындау түркітану ғылымының салалық пәндерін білім беру жүйесінің халықаралық стандарттарына сай жаңа технологиялар мен инновациялық әдістемеге негізделген жаңа тұрпатты оқу құралдарын дайындаумен ұштасады.
Сондықтан түркітануға қатысты лингвистикалық пәндерді жоғары оқу орындарында оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздемесін жасау, соған орай түркі тілдерінің даму кезеңдерін толық қамтитын, түркі халықтарының алғашқы тӛл жазуы – кӛне түркі руна әліпбиінен бастап, орта ғасыр түркі мұралары хатқа түскен кӛне ұйғыр, араб, кӛне латын, армян әліпбилерін меңгертуге, қазіргі түркі тілдеріне тән заңдылықтарды ҮІІ- ХҮІ ғасыр жазба мұралары тілі негізінде игертуге бағытталған жүйелі оқу құралдары мен оқулықтар кешенін дайындау кезек күттірмейтін мәселе. Бұл - болашақ мамандардың жалпытүркілік ӛзекті мәселелерді терең түсініп, ӛз білімдерін жаһандану дәуіріндегі түркі әлемінің ортақ рухани құндылықтарын сақтауға, түркілік гуманитарлық ғылыми білімнің тарихи тұғырын нығайтуға жұмсауларына жол ашады. Оқулықтарды дайындау барысында:
* Түркі тілдерінің тарихи даму кезеңдерін сипаттайтын ғылыми- теориялық зерттеу нәтижелерін, прототүркі тілі жайлы идеялар мен ғылыми гипотезаларды, әр кезеңнің басты ерекшеліктерін кӛрсететін тілдік материалдарды жинақтау, ӛңдеу, сұрыптау және оларды жаңа сападағы оқулықтар дайындау барысында тиімді пайдаланудың методологиялық негіздемесін жасау қажет;
* Түркі тілдеріне қатысты лингвистикалық деректерді интерпретациялауда структуралық және антропологиялық парадигмалардың сабақтастығына құрылған аралық қағидаларды негізге ала отырып, түркі лингвистикасын зерттеудің, оқытудың заманауи проблемаларын айқындау және оларды шешудің обьективті амалдары мен әдіс-тәсілдерін анықтау;
* Қазақстанның үшсатылық білім жүйесіне (бакалавр, магистр және PhD кӛшуіне байланысты жоғарғы дәрежелі білікті лингвист-түрколог мамандардың теориялық-методологиялық білім дағдысын жетілдіруге бағытталған «Түркі рунологиясы», «Орта ғасыр түркі тілі», «Қыпшақ жазба ескерткіштерінің тілі», «Түркі грамматологиясы», «Қазіргі түркі тілдері» сияқты жаңа пәндердің инновациялық оқу бағдарламаларын жасап, оқу процесіне енгізу;
* Түркі тілдерінің тарихы алтай тобындағы тұңғыс-маньчжур, корей- жапон тілдерінің қалыптасу жолдарымен байланысты болғандықтан тіл біліміндегі Алтай теориясы туралы кӛзқарастар мен бағыттарды саралауға арналған «Алтайтану негіздері», алтай тобындағы тілдердің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін саралап түсіндіруге бағытталған, қазақ тіл білімінде біршама тереңірек зерттелген сала - қазақ-монғол тілдерін салыстыра- салғастыра қарастырған зерттеу нәтижелері негізінде «Түркі-монғол тілдерінің салыстырмалы(салғастырмалы) грамматикасы» пәндерінің оқу бағдарламаларын жасап, оқу процесіне енгізу және оқу құралдарын дайындау;
* «Түркі тілдері» және «түркі жазба ескерткіштерінің тілі»
мамандықтарының оқу бағдарламасына алтай тобындағы бір тілдің (монғол, корей, жапон) және қазақ(түркі) халықтарының тарихы мен тіліне қатысты кӛптеген еңбектер жазылған қытай, араб тілдерінің практикалық курсын енгізу. Аталған тілдерді оқыту мәселесі біздің елімізде қиындық тудырмайды, кәсіби мамандардың әлеуеті жеткілікті. Қазақстанда араб тілі мамандары 30 жыл кӛлемінде дайындалып келе жатса, корей, жапон, қытай тілдері мамандарының дайындала бастағанына да 10 жылдан асып кетті.
Сондай-ақ жоғары білімді монғол, қытай тілдерінің мамандары ата-мекенге қайтып келген оралмандар есебінен де толығуда.
ІІ. Түркологиялық лингвистика бойынша магистратура мен докторантураның (PhD) бакалавриаттық деңгейі - «қазақ филологиясы»,
«қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының Білім стандарттарына ӛзгерістер енгізу қажет: аталған мамандықтарда «Түркітануға кіріспе» пәні ғана міндетті пән ретінде қойылған, «Кӛне түркі тілі», «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» тәрізді негізгі түркологиялық пәндер таңдау курстары ретінде ғана берілген, ол пәндердің ӛткізілу, ӛткізілмеуі
студенттердің таңдауы мен кафедраның мүддесіне сай шешіледі. Пән таңдалған жағдайдың ӛзінде де түркологиялық пәндер арасындағы сабақтастықты қамти алмайды. Себебі «Түркітануға кіріспе пәні» мен
«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәні арасындағы тарихи кезеңдер оқу процесінен тыс қалады. Сондықтан «қазақ филологиясы», «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарына «Кӛне түркі тілі», «Орта ғасыр түркілерінің тілі»,
«Қазіргі түркі тілдері», «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы»
пәндері міндетті пән ретінде қойылу керек.
ІІІ. Магистрлердің оқу жоспарларына ғылыми тәжірибе ретінде бірнеше түркі халықтары шоғырланған аймақтар мен түркі жазба ескерткіштері сақталған жерлерге эспедициялар ұйымдастыруды енгізу керек. Мұндай іс- шаралардың болашақ ғылыми мамандардың зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын тудырып, ғылыми-теориялық білімін ұштай түсері анық.
Көкейкесті әдебиеттану. –Астана:
Еуразия ұлттық университеті, 2009 www.enu.kz