• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ

Д. Женсхан

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы

Кіріспе. Қазақстан Республикасында ақпараттық-технологияның дамуы туралы мәліметтер әртүрлі. Кейбір мәліметтер «...Қазақстанда ақпараттандыру процесі 90 жылдардан басталды» деп көрсеткен. Бұл кезең ішінде республикамызда компьютерлік техника саны артып, біршама мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, кәсіпорындар мен ғылым, білім мекемелерінде жұмыс процесі автоматтандырыла бастады. 1996 жылдан бастап елімізде интeрнет жүйесі жұмыс жасап, оны тұтынушылар саны Actis System Asia компаниясының деректері бойынша 2000 жылдың күзінде 360 мыңға жеткен [1]. Ақпараттық сайттар саны қазірде ереше кеңейіп, олардың тақырыпық аясы мемлекеттік басқару органдарының, отандық кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдар мен оқу орындарының ақпараттарымен толығуда. Дегенмен, Қазақстандағы ғылымның қазіргі таңдағы жағдайы аяқталмаған ғылыми әзірлемелері жеткіліксіз өндірістер санының көптігімен сипатталады. Дамыған мемлекеттермен салыстырғанда ғылым мен инновацияны қаржыландыру деңгейі төмен деп есептеуге болады.

Экономикасы дамыған елдерде соңғы жылдар ішінде мемлекеттің ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге жұмсаған шығыстары: Швецияда ЖІӨ-ден 4 %-ға жуық, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда – шамамен ІЖӨ-ден 3 %-ды, Ұлыбритания мен Францияда – 2 %-дан астамды құрады. Еуроодақ (ЕО) өзінің барлық мүшелеріне ғылымға бөлінетін қаржының деңгейін ЖІӨ-ден 2,5 %-ға дейін жеткізуді ұсынады.

Еліміздегі ғылым мен инновацияны қаржыландыру ЖІӨ-ге есептегенде 2005 жылы 0,28%, 2006 жылы 0,24%, 2007 жылы 0,21%, 2008 жылы 0,19%

құрап отыр. Келтірілген көрсеткіштер еліміздің ЖІӨ-нің ғылым мен инновацияны қаржыландыру шығындарының Ресеймен салыстырғанда 6 есе, ал дамыған елдер: АҚШ – 12 есе, Жапониямен –14 есе, Қытаймен – 7 есе, Индиямен – 4 есе төмен екенін сипаттайды. Ғылым мен инновацияны қаржыландыру деңгейінің төмендеуімен қатар ғылыми техникалық қызметте жұмыс істейтіндердің жалпы саны 2008 жылы 2004 жылмен салыстарғанда 9,1%, ғылыми зерттеу ұйымдарыының саны 15%-дан астам азайды. Бұл жағдайлар инновацияны еліміздің нақты секторларда дамытудың аса қажет екенін көрсетеді.

Елбасы 2009 жылғы халыққа арнаған Жолдауында ғылымды дамытуға бөлінген қаржы 2012 жылға дейін 25 есе артуы қажет деп көрсетті. Сонымен қатар жергілікті орындар да өзіндік шараларды қолдануы қажет. Ол үшін жергілікті орындар бос еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, олардың экономикалық жағдайын жақсарту, өндіріс көлемін арттыра отырып ауыл тұрмысының жалпы алғанда еліміздің экономикалық жедел дамуын

(2)

2

қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты ұйымдастыру кезінде жаңа әдістер мен инновацияларды қолданудың маңызы зор. Бірақ, республикадағы ғылым мен инновацияны қаржыландыру мен олардың қаржылық жағдайы туралы мәліметтер келесі кестеде көрсетілген.

Кесте 1. Республикадағы ғылымның дамуының негізгі көрсеткіштері

Кесте мәліметтері бойынша 2008 жылды 2004 жылмен салыстырғанда ЖІӨ көлемінің 10036,9 млрд. теңгеге немесе 2,7 есеге артқан. Соған сәйкес зерттеулер мен әзірленімдерге жұмсалған ішкі шығындардың көлемі 20181,8 млн.тенге немесе 2,4 есе артты. Зерттеулер мен әзірленімдерге жұмсалған ішкі шығындар, 2008 жылы 34 761,6 млн.тенге немесе ЖІӨ-нің 0,22% ғана құрайды. Соған сәйкес зерттеулер мен әзірленімдерді орындайтын кәсіпорындар саны 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 3,9%, 2006 жылмен салыстырғанда 8,8% төмендеп отыр.

Жалпы алғанда еліміздің ғылымы мен инновациясы дамуындағы келесідей оң және теріс үрдістері атап өтуге болады:

Көрсеткіш 2004 ж. 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж.

Ауытқу 2008/2004

(+,–)

ЖІӨ, млрд. тенге 5 870,1 7 590,6 10 213,7 12 849,8 15907,0 +10036,9

Зерттеулер мен әзірленімдерге жұмсалған ішкі

шығындар, млн.тенге

14 579,8 21 527,4 24 799,9 26 835,5 34 761,6 +20181,8

ЖІӨ-ге, пайызбен 0,25 0,28 0,24 0,21 0,19 -0,06 Зерттеулер мен

әзірленімдерді орындайтын

кәсіпорындар саны

295 390 437 438 421 +126

алдыңғы жылға, % 108,1 132,2 112,5 100,2 96,1 -12 Зерттеулер және

әзірленімдермен шұғылданатын

кәсіпорындардың негізгі қорлары, млн.тенге

12 396,6 14 584,2 19 247,7 18 782,0 19 176,7 +6780,1

алдыңғы жылға, % 137,2 117,6 132,0 97,6 102,1 -35,1 Экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық номиналдық жалақы мөлшері,

тенге,оның ішінде:

Зерттеулер және

әзірленімдерге, тенге 34 946,0 41 512,0 51 400,0 64 108,0 -

алдыңғы жылға, % - 118,8 123,8 124,7 -

Жоғарғы білімге 25 534,0 30 312,0 36 007,0 45 557,0 -

алдыңғы жылға, % 118,7 118,8 1226,5 -

Ескерту. ҚР Статистикалық агенттігінің мәліметтері негізінде автормен құрастырылды. Қазақстан цифрларда. Астана, 2008ж.

(3)

3

а) 2004 жылмен салыстырғанда 2008 жылғы оң үрдістері:

– зерттеулер мен әзірленімдерді орындайтын ұйымдардың жалпы саны 42,7%, зерттеулер және әзірленімдермен шұғылданатын кәсіпорындардың негізгі қорлары 55% -дан астам, зерттеулер мен әзірленімдерге жұмсалған ішкі шығындар 1,4 есегеге жуық артты.

б) келесідей теріс үрдістерді атап өтуге болады:

– 2005 жылмен салыстырғанда 2008 жылы: ғылым мен инновацияны қаржыландыру деңгейі ЖІӨ-ге есептегенде 0,09 %, ғылыми ұйымдар 15%, ғылыми зерттеу қызметкерлер саны 9,1%-ға азайды.

Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасында отандық инновациялық әлеуеттiң дамуына терiс әсер ететіп отырған негізгі мәселелер келесілермен көрсетілген:

– оларды тұтынушылардың талап етуі үшiн оларды нарыққа шығару мақсатында технологиялар мен өнiмдердiң көпшiлiк ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы. Бұл әлеуетті серiктестердiң көз алдында ұсынылған технологиялардың (немесе өнiмдердiң) құнын күрт төмендетедi [2].

– технологиялық жаңа ендірмелерді енгiзудiң, рынокқа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы. Нарық жағдайлардағы жаңа ендірмелерді игеру тетігі жоғарғы тәуекел, бiрақ табысты жағдайда жоғары қайтарым тән болатын шағын инновациялық нарықпен үздiксiз байланысты. Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшін қажетті жағдайды (инфрақұрылымды) қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының ерекше секторы жұмыс iстейдi.

– инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн, технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының желісі (венчурлiк қорлар), олардың жылдам өсуі кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;

– ішкі рынокта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа ендірмелерге төлем қабілетті тапсырыстың болмауы. Өкiнiшке орай ғылыми қызметтер мен ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердiң отандық рыногы қазiргi уақытта өте аз. Кәсiпорындардың көпшілігі ғылымның қызметтерiн "сатып ала" алмайды. Сондай-ақ, еліміздегі инновацияның дамуы бойынша әсіресе, инфрақұрылымдық салаларға сәйкес кейбір мәселер төмендегідей:

– өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;

– мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;

– экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;

– ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;

(4)

4

– ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға - қаржының аз бөлiнуi. Біз инновация дамуындағы аталған мәселелерді инновацияның жалпы жағдайын статистикалық мәліметтер арқылы да дәлелдеп көрсеттік.

Қорытындылай келе, Республикадағы инновацияның даму үдерістерін келесідей сипаттауға болады:

Біріншіден, ҚР-да әлеуметтік инфрақұрылымды инновациялық негізде дамыту үшін дамыған АҚШ, Жапония, Корея, Ұлыбританияда сияқты елдердің үлгілеріне сүйенген дұрыс деп есептейміз. Себебі, бұл мемлекеттер инновациялық саясатты жүргiзу мен өндірісте қолдануда жүйелік әдiс тұжырымдамасын қолданду арқылы, уақыттың тарихи қысқа кезеңiнде мемлекеттiң өзара іс-қимыл тетіктерiн, бизнестi, ғылымды және білiмдi қамтитын тиiмдi ұлттық инновациялық жүйе құра алды, сонымен қатар, жалпы ғылымды қажетсiнетiн ЖIӨ-дi ұлғайтуға қол жеткізу мүмкіндіктеріне ие болады.

Екіншіден, экономикасы дамыған елдерде мемлекеттің ғылыми зерттеулері мен әзірленімдері үшін қажетті шығындар бөлініп, арнайы жағдайлар жаслған. Көптеген дамушы елдерде ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердi бюджеттен тыс қаржыландыру осы салаға бюджеттен бөлінетін қаржының көлемдерiнен едәуiр асып түседi. ЖІӨ көлемінің 2008 жылыды 2004 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге артуына қарамастан ғылым мен зерттеу жұмыстарына бөлінген қаржының 2004-2006 жылдармен салыстырғанда 2007-2008 жылдары ЖІӨ-дегі үлесінің төмендеуі зерттеулер мен әзірленімдерді орындайтын кәсіпорындар санын қызметкерлердің ынтасын әлсіретті. Қазақстанда соңғы бес жыл ішіндегі ғылымды қаржыландыру көлемі шамамен ЖІӨ-нің 0,2 % құрайды, бұл жеткіліксіз.

Сол себепті 2008 жылды 2004 жылмен салыстырғанда ғылыми ұйымдар 15,3

%, 2007 жылмен салыстырғанда зерттеуші мамандар 11,4% төмендеген.

Елдегі бұл жағдайлар инновациялық экономиканың дамуына негіз болатын білім мен ғылым саласының әлсіз тұстарын көрсетіп отыр.

Үшіншіден, Қазақстандағы ғылымның қазіргі таңдағы жағдайы аяқталмаған ғылыми әзірлемелер мен жеткіліксіз өндірістер санының көптігімен сипатталады. Салалық ұйымдар өзiндiк мәртебесi бойынша ғылыми болып қағаз жүзiнде қалып отыр, iс жүзiнде зерттеушілiк қызметтi жиып қойды және тек шаруашылық құрылымдарға айналған, әсіресе ауылдық жерлерде ақпараттық таралымдармен қамтамасыз ету төмен деңгейде. Сондықтан ауылдық мекендерді инновациялық негізде дамыту үшін ақпараттық таралымдармен қамтамасыз ету әлеуметтік инфрақұрылымдық салалардың біртұтас жүйесін қолдану маңызды.

Келтірілген мәселелерді тиімді шешу мен ғылым, білім және ақпараттық технологияны одан әрі дамыту үшін мемлекеттің инновациялық даму саясаттың басымдықтары мыналар болуға тиіс деп есептейміз:

– қазіргі ғылыми-техникалық әлеуетті индустриядан кейінгі экономика тұрғысынан озық салаларды дамытуға пайдалану;

(5)

5

– мемлекет үшін маңызды ғылыми-техникалық бағыттар салаларында зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдай жасау;

– жоғары технологиялы өнімнің экспортына бағдарланған ғылымды қажетсінетін және ресурс үнемдеуші әрі экологиялық таза өндірістерді әзірлеуге бағытталған зерттеулерді дамыту;

– ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымының барлық элементтерін жүйелі түрде инновациялық негізде дамытуды біз атап көрсеткен механизм арқылы ауыл халқының әлеуетін арттыру.

Әдебиеттер:

1 Садуакасов А. Инновация – бәсекеге қабілеттілік кепілі. // Егемен Қазақстан газеті. – 2008, 10-қазан.

2 Жумабайқызы Г. Агрофорум ауқымды мәселелерді қамтиды. // Айқын газеті. – 2008, 13-қыркүйек.

Referensi

Dokumen terkait

Яғни, жоғары технологиялы қызметтер мен ӛнімдер экспортын бақылау мен жетілдіру және ғылыми-техникалық сала мен ӛндірістің негізгі факторы болып табылатын тікелей шетелдік

2005 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңаруының модернизацияның жедел даму жолында» Қазақстан халқына жолдауына сәйкес ҚР Білім және ғылым