Куанов С.К., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының аға
оқытушысы
ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ.
В данной статье рассмотрен институт омбудсмена в Республике Казахстан и его дальнейшее развитие в отчественной правовой системе.
Ключевые слова: конституционное право, права и свободы человека, институт обмудсмена,
The article is devoted to the institution of Ombudsman in the Republic of Kazakhstan and its further development in the national legal system.
Keynotes: the constitutional law, the human rights and freedoms, the institution of Ombudsman.
Адам құқықтыры институтының қалыптасуы мен дамуы цивилизацияның турін ашуға мүмкіндік береді, оның сатысы, адам ман мемлекеттің қарым-қатынасы басты-басты белгі болғандықтан, цивилизацияның табиғатын сипаттайтын, а мемлекет – құқықтық немесе құқықтық емес деп.
Саяси-құқықтық ой-пікір, сол жағдайларда дүниенің бірегей аймақтарында пайда болған және ол жерде демократия мен рухани мәдениет туындаған (Афины, Рим), олар адамды «барлық заттың өлшемі»
деп жариялап, адамнан мемлекетке деген персонацентристік парадигмаға сүйенген цивилизацияға еуропалық дүмпу берді. Сонымен қатар дәстүрлі қоғамдадарда (ежелгі қытай, үнді, азия цивилизацияларында), системоцентрлік көзқарас үстем етіп, ол жерде мемлекет өз еркіне барлық адамдарды бағындырып, адамды иілгіш орындаушыға айландырды.
Адам құқықтарының феномені цивилизацияның сипатын анықтайтын мәдениет, философия, дін, қоғамдық көзқарас, моральмен бирге дүниенің әртүрлі аумақтарында туындаған.
Жан-жақты сипатты ол еуропаның дамыған мемлекеттерінде тапқан, XVII-XVIII ғ. Ол мемлекеттерде азаттық, теңдік, әділдік деген ұранмен революция аяқталған болатын. Алайда бұндай мемлекеттерде адам құқтарын бекіту бұрын да, қазір де қиын, сондықтан қоғамдық дамудың әр кезеңі өз мәселелерін тудырады, ал адамзатқа адам құқықтарын қорғайтын күш талап ететін жағдайлар әлі белгісіз.
Адам құқықтары Декларациясының жарияланған күнінен бастап 50-жылдығына арналған салтанатты отырысында БҰҰ Бас секретарі Кофи А. Аннан өз баяндамасында былай деген: « Адам құқықтары адамның өмір
сүруі мен оның сипатына негіз. Осы құқықтардың жан-жақтылығын, біртұтастығын және өзара тәуелділігін адамзаттың өзі айқындайды. Онда маңызды қағидалар іске асырылады...»
Адамның барлық құқықтары жан-жақты, біртұтас, өзара тәуелді және сабақтас деп осы документте ерекше көрсетілген. Осындай жаңа козқарас осы документте шағылыс тапқан...
Жалпы сипаттайтын болсақ, адам құқықтары табиғатта тән, онсыз адам лайықты өмір сүре алмайд.
Адам құқықтары режимының зерттемесі мен бекітілуі XX ғасырдағы үлкен табыс деп айтуға болады. Көптеген зерртеушілердің айтуы бойынша, XX ғасыр қайшылықтар, екі дүниежүзілік соғыстың, көптеген қақтығыстардың, экологиялық және техногендік дағдарыстардың түйінін шешуші ғасыр ретінде тариғқа кіреді. Сонымен бірге БҰҰ Жарғысы қабылданған және Ұйымның құрылған заман тоталитаризмді жою мен ғаламдық конфронтацияны жеңу заманы.
Құқықтық мемлекетте адам құқығы мен омбудсмен институты рөлінің тақырыбы өте маңызды, ал адам құқықтары – прогресс факторы болып табылады. Қазіргі уақытта адам құқықтарына қатысты барлық сұрақтар іс жүзінде барлық мемлекеттің қызметтік салаларына қатысы бар, әрине басқа да қоғамдық салаға және жеке өмірге де қатысты.
Адам құқығы сұрақтарымен айналысатын «мекемелердің» саны мен көптүрлігі осы шындықты растайды. Дін институттарының, профсоюздардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және тағыда басқа үкіметтік емес ұйымдардың қызметі адам құқықтары аспектісімен көпшілік мемлекеттік ведомство, сот және заң шығаратын құрылымының қызметі ретінде тікелей байланысты.
«Жақындық (аралас)» деген терминді француз сөздігі «бір объектінің басқасынан және басқа объектілерден алыс аралықтағы, қайсылары одан да жақын жағдайын» анықтау үшін қолданылатынын түсіндіреді.
Адам құқықтары жеке тұлғалардың ара-қатынасын және олардың мемлекетпен қатынасын қамтиды, сондықтан да адам құқықтарын қорғау және көтермелеу өз алдында ұлттық жауапкершілік және оның шешімдері туралы әр мемлекет мемлекет жауапты болу керек. Ұлттық дәрежеде адам құқықтарын қорғау ең жақсы нұсқада сәйкес заңнамамен қамтамасыз ету, тәуелсіз сот билігі, заңнамалық рәсімдеу мен қорғау құралының жекелеген кепілдікті қолдану, сондай-ақ демократиялық институттарды құру болуы мүмкін. Сөзсіз, адам құқықтарының тиімді орындалуы осындай құқықтарды қорғау және көтермелеу үшін ұлттық инфраструктураларды құруды талап етеді.
«Омбудсмен» түсінігі, «umbud» деген сөзден шыққан, ол ортағасырлық швед тілінде күш немесе беделді деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі заманғы түсінік бойынша «umbud» швед сөзі, ауларушы адамды
немесе басқа бір тұлғаны білдіреді. Қазіргі кезде омбудсмен институты бірқатар мемлекеттерде бар. Омбудсмен (ол бір адам немесе адам тобы болуы мүмкін) парламент бекітеі, ол өзінің конституциялық құқығының аясында немесе арнайы шығарылған заң аясында жұмыс істейді.
Бұл институттардың жұмысы, тұлғалардың құқығын қорғау болып табылады. Соған байланысты омбудсмен жәбірленуші адам мен үкімет арасындағы делдал болып есептеледі.
Омбудсмен – бұл әкімшілік органдарымен орындалатын адамдардың құқықтарын қадағалайтын, ал кейбір мемлекеттерде жеке тұлғалар мен ұйымдардың, әдейі құрылған орган. Прокуратураға қарағанда омбудсмен институты адам құқықтарының бұзылуын қадағалау және адам құқықтарының бұзылуын зерттеу жұмыстарын жүргізілген кезде, заңдылық жағынан алғанда, ұтымдылық, әділдік жағынан алғанда мықты болып табылады.
Қатал түрде алғанда «омбудсмен» термині парламент өкілі деген мағына береді. Оның функциясының қатарына мемлекет органдарының және муниципиалдық органдарының жұмыстарын қадағалау және өз міндеттері мен қоғамдық ұйымдардың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Омбудсменді кейбір кезде халық делдалы деп те атайды. Ол және де адам құқықтарының «күзетшісі» ретінде қарастырып, адамдарды мемлекеттік органдар мен әкімшілік тұлғалардың, өздерінің қызметтерін асыра пайдалану кезіндегі құқық бұзушылықтарынан сақтаушы ретінде қарастырылады. Омбудсменді түнгі күзетшілердің күзетшісі деп санайды, ол қоғамдық қызмет орындаушысы, міндетті мемлекет мүдделерін орындау және халыққа қызмет көрсету.
Мемлекеттік – құқықтық үсінікте омбудсмен мықты сенім, тәуелсіз тұлға ретінде қарастырылады, парламентпен бекітілген азаматтардың құқығын қорғау және барлық мемлекеттік қызметкерлерді бақылауға алады, бірақ олар қабылдаған шешімдерді өзгертпейді. Солай, профессор Бойқова В.В. омбудсменді күрделі әлеуметтік – құқықтық феномен ретінде анықтайды, тек белгілі бір саяси және құқықтық мәдени ретінде емес.
Халықаралық заңгерлер ассоциациясымен белгіленген институт қызмет ретінде орнықтылып, конституциясымен қарастырылған немесе биліктің заңдық актімен және жоғары рангты тәуелсіз қоғамдық тұлғамен басқарылатын, заңшығарушы биліктің алдында жауапты орган түрінде анықталған. Ол мемлекеттік органдар мен қызметкерлерден жаппа шеккен адамдардан арыздар қабылдайды. Өзінің қалауы бойынша жұмыс істейді және зерттеулер жргізуге міндеттелген және де сол жұмыстарына доклад тапсырады. Алайда, М.А.Миронованың сөзі бойынша, мұндай анықтама шындықпен жанаспайды, өйткені кейбір мемлекеттерде омбудсменде
заңшығарушы органмен тағайындалмайды, ол атқарушы органдар мен мемлекет басшысы немесе үкімет және әкімдермен тағайындалады.
Омбудсмен - азаматтық құқық қорғаушысы. Сонымен қатар қоғамдық, жеке мүдделер, жеке өмір сүру айсһмағын да қорғаушы. Оның арқасында азаматтардың әкімшіліктьерге бұрыс көзқарастары дұрысталады, және де олардың биліктің әділдігіне көздері жеткізіледі.
Тіпті жеке тұлғаға тигізілген кішкене зиянның өзі мемлекет екеуінің арасындағы қайшылықтарға әкеліп соғады. Омбудсмен «ақыл мен танымның дауысы» ретінде өзіне қайшылықтарды қабылдай отырып, қайта қалпына келтіруші және саяси әсердің қызметтерін қалыптастырушы. Айта кететіні, қазіргі кезде «омбудсменнің» жалпы танылған анықтамасы жоқ..
«Омбудсмен» сөзі Швецияда бірнеше мағынаға ие: өкіл, агент, делдал, қамқоршы немесе басқа біреудің атынан мүддесі үшін қызмет ететін тұлға ретінде белгілі.
Алайда, дәлме – дәл аударар болса, омбудсмен – ол басқа біреудің атынан өйлеуші деп айтылады.
«Омбудсмен» термині неміс телінен пайда болған және оның этимологиялық тамыры германдық тайпалардың пайдаланған 2 түрлік жазасы мен байланысты:
- Қауым, тайпасы келесі түрде жазалаған: дәстүрге сәйкес оны кез – келген тайпа мүшесі өлтіре алған.
- Кінәлі адамның отбасысы жәбірленуші жаққа белгілі бір ақша мөлшерін берген талас тудырмау үшін ақша беру процесі 3 – ші тұлғаның қатысуымен жүргізілген. Қылмыс жасаған адамнан ақша жинаушы адамды омбудсмен деп атаған. Ежелгі неміс тілінде «om-buds-man»
келесідей мағынан береді: «om» жайында, «bud» айыппұл жинаушы. Ал швед және басқа да Скандинавия халықтары бұрын «омбудсмен» сөзін
«жұмысты басқарушы», «сенімді тұлға» мағынасында қолданған.
Қазіргі таңда омбудсмен институты Европа, Азия және Американың 100-ден астам елінде енгізілген. Омбудсмен институты әр елде әр түрлі аталады, оның басты себебі әр жергілікті жердің салт- дәстүрі, лингвистикасы әр қилы. Мысалы, Швецияда оның ресми атауы
«Әділет омбудсмені» (Justitieombudsman). Финляндиядағы «Eduskunnan Oikensasiamies» атауы Швециядағы мағынасымен пара пар. Бірақ ұлттық деңгейде оған жұмыс жасау саласына сай «қорғаншы» деген атау берілген.
Сонымен қатар Румынияда «халық қор ғаушысы», Оңтүстік Африкада
«бас қорғаушы», ортағасырлық Испанияда «кедейлер қорғаушысы»
(Abogado de cos Pobres) деп аталған. Жұмыс жасау саласымен байланысты институттың басқа атауы «қорғаушы» мағынасында. Мысалы, Испанияда омбудсмен институты «халық қорғаушысы» (Defensor del Pueblo), Италияда «азаматтар қорғаушысы» (Defensore Civico) ретінде танымал.
Көпшілік мемлекеттерде «комиссар» немесе «комиссия» термині омбдсмен институтын білдіру үшін қолданды. Ұлыбритания мен Ирландияда әкімшілік істер жөніндегі парламенттік комиссар танымал («Parliamentary Commissioner for Administration», «Commissioner for Complaints»). Израильде бірде бір омбудсмен скандинавтық терминмен аталмайды, себебі скандинавтық сөзді аудару қиынға түседі, аударған кезде де ол нақты аудармасын бермейді. Бұл сөзге жақын келетін термин – «жария шағым бойынша комиссар». Танзанияда бас тергеуші басқаратын « Тұрақты тергеу комиссиясы», Замбияда «Іздестіру жөніндегі комиссия»(Comission for Investigation - CFI) өмір сүруде. Ал бас комиссардың басқаруымен Нигерияда «Шағым жөніндегі жария комиссия» (Public Complaints Comission), Сенегалда «республика делдалы» , Польшада омбудсмен «азамат құқықтары жөніндегі комиссар»
деп аталады, сол уақытта Венгрияда «азаматтық істер туралы парламенттік комиссар» ұғымы қолданылады. Данияда «үкіметтік, азаматтық және әскери әкімшілік үшін парламенттік комиссар»
белгілі.Суданда осыларға ұқсас институт «әкімшілік тексеру жөніндегі халық жиналысы» деп аталады (Peoples Assembly for Administrative Control).
Венесуэлла президенті республиканың комиссарын тағайындайды (Comisionado del Presidente de la Republica). Мексикада «адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссия» (Comision National de los Derechos Humanos), ал Сальвадорда «адам құқықтарын қорғайтын прокурор» (Procurador para la Defensa de los Derechos Humanos) өмір сүреді. Омбудсмен институты басқа да атауларды иемденеді, мысалы, Каталонияда «Sindie de Grenges», Валенсияда, Канар аралдарында «Diputato del Comun» - «Қоғам депутаты»
деген атау қолданылады. Гуам аралында «Suruhanu» деп аталатын омбудсмен институты өмір сүруде, ол гаморро тілінен аударғанда «барлық сұрақтарды шешетін балгер» дегенді білдіреді.
Дамыған және жаңа демократиядағы парламенттік омбудсменнің ұлттық институттарына жалпы сипаттама.
Жекелеген мемлекеттерге тәуелсіз ұлттық омбудсмен институты оған кіретін жалпы сипаттама мен ұқсас элементтерді ашып береді.
Институттардың жалпы арнаулары.
Бұл сферадағы ұқсастық дамыған және жаңа демократиядағы нашар әкімшілік қызмет көрсету мен адам құқықтарының бұзылуымен байланысты жалпы құбылыстарға негізделеді.
Омбудсмен – адамдардың, заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін, бұзылған құқықтарды қалпына келтіретін, құқық бұзушылықтыққа тыйым салатын институт. Оның құзіреттілігіне адам құқықтарын шектейтін, заң бұзушылықты жүзеге асыратын жария әкімшілікті, мемлекеттік емес ұйымдарды бақылау жатады.
Омбудсмен қоғамдық әкімшілікті дамытуда, оның бақылау және өзіндік тексеру әрекеттерін өмірге әкелуге үлес қосады.Әкімшілік өзінің ашық құрамында әр түрлі формада азаматтарға өздерінің конституциялық және заңдық құқықтарын жүзеге асыру үшін міндетті қызмет ететіндігі белгілі.Екінші жағынан,әкімшілік жұмысы қоғамға жеткілікті түрде ашық емес. Осы және басқада азаматтар қойған сұрақ шешімдер және бір ғана жалғыз қызметтегі тұлғаға тәуелді. Бұл әкімшілік қызметтің спецификасы жемқорлықтың алдын алу үшін жағымды шаралар,батыстық та шығыстық құбылыстарды өмірге әкеледі.азаматтардың шағым және белгілерінің тексерістерін жүзеге асыра отырып,сонымен қатар өзіндік инициативасымен, омбудсмен әкімшілік қызметтердің құқықтық теңсіздіктері мен әділетсіздіктерін жоюға қызмет етеді,оның сыртқы бақылауының толықтауыш құрамы ретінде және әкімшілікке оны реформалау мақсатында әсер етуші басты фактор болып табылуы мүмкін.
Бұл сферадағы ерекше жағдай басты негізінен тарихи әдет-ғұрыппен реттеледі. Мысалы,былай: Швециядағы омбудсмен институтының негізі қалануы барысында ол заңды орындау үшін бақылау тек мемлекеттік қызмет етушілер жағынан ғана емес, сонымен қоса сот және оған берілген құқық есебімен үкім шығаруды соттық процесс жақтауында зорлық жолымен, жеке бас мүддесін ойлау немесе басқа заңға қайшы қызметке қарсы өзінің міндеттерінен асып өтті. Швециядағы омбудсмен институтының жаңа конституциялық және заңдық өзгертулері нәтижесінде соттық билікке бастапқы қатты бақылаудан тек процедура ережелерін сақтау және мезгілдерін бақылау қалды.Швециядағы омбудсмен негізінде қаланған Финляндиядағы омбудсмен сол сияқты соттық билікті бақылауды жүзеге асырады.
Посткоммунистік елдерде жаңа ұйымдық омбудсменнің шамалы бөлігі скандинавтық модель негізінде, сонымен қатар көптеген жаңа батысеуропалық модель әсерінен қаланды, ол соттық институцияны бақылауды жүзеге асыру мүддесін көздейді. Словениядағы омбудсмен, мысалы, сот төрешісі мен сотты бақылауға құқығы жоқ , бірақ процесті баяулатушы құқықтық теңсіздік және анық билікті асыра сілтеушілік болған жағдайда араласуға міндетті. Қазіргі заманғы тәжірибеде омбудсмен тәуелсіз соттық биліаті бақылауға құқығы жоқ деген қағидатқа ие. Бірақ немесе өзге де формада соттық әкімшілікті бақылау жүргізіледі.
Омбудсмен статусы (құқықтық жағдай)
Омбудсмен – бұл жеке институт. Қолданылатын омбудсмен атауынан тәуелсіз, азаматтық құқық комиссары, халықтық адвокат, азаматтық қорғаушы және т.б. тұлға есебінен тәуелсіз омбудсмен әрқашан да жеке институт болып табылады. Бұл оның барлық қалған құқық қорғау механизмдерінен басты айырмашылығы. Сондықтан омбудсмен функциясын атқарушы тұлға тек белгілі бір талаптарға жауап беріп қана қоймай, сонмен қоса қоғамның кең билігінің сенімі мен бұл сенімді
сақтау және дамыту қасиетіне ие болды. Бұл қасиметтер биік азаматтық моралді, гуманизм идеяларына қатыстылығын, демократия және әділеттілікті қосуға міндетті.
Ұлттық омбудсмен, белгілі бір ерекшеліктерімен(мысалы, Францияда институт негізі Президент кезінде қаланды),бұл Парламенттік негіздегі сайланбалы институт алдында шешімдердің үлгілі орындалуы және даусыз қажетсізденетін беделі, оның құзыреті дәл халықтық өкілдің жоғарғы органы ағымынан өтуі қажет. Осындай тәсілмен қамтамасыз етіледі, алайда жанама бейнемен танымдық институт негізі азаматтық қоғамда қолдау табады. Бұдан туатын жалғасушы пікірлесу: институт таза мемлекеттік және ол қоғамдық, немесе аралас болып табылады ма?
Мандаттық - бұл сайланбалы парламенттік институт омбудсменнің әмбебат қағидаты. Мандаттық мерзім туралы әртүрлі шешімде бұл мандат Парламент мандатымен сай келмеуі үшін ортақ тенденция бар. Екінші жағынан, қайта сайлау мүмкіндігі және мерзімнен бұрын омбудсмен мандатын тоқтатуда белгілі бар шарттарда институт
“бөлінуі” белгілі қысым нақты жақтан берілген уақытында парламенттік көпшіліктен алдын ала жіберілімдер тудырылады.
Негізгі уәкілдіктер мен әсер ету құрамдары
Омбудсменнің негізгі өкілдіктері оның мекен ету ортасына байланысты мемлекеттік органдар жүйесінен , оның сақтаушы мен тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін кепілдік рөлінен, мемлекет пен қоғам арасындағы жеткізуші рөлінен тәуелсіз анықталады.Оның негізгі өкілдігі:
Өзіне түскен кез – келген формадағы арыздарды қарау. Олардың кімнен түскені, не жергілікті азаматтардан, не жеке тұлғалардан, не азаматтығы жоқ адамдардан болғаны мәнді емес.
Өзінің қалауы бойынша нақты бір жағдайды анықтау мен тергеу.
Оның бақылауындағы барлық ұйымдарға ұсыныстар енгізеді. Бұл ұсыныстар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын тоқтатып, оларға алып келген себептерді жою керек.
Ұйымдар мен тұлғалардың арасында делдалдық қызметті атқарады. Бұл қызмет олардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұкпаушылықты алдын алады және оларды татуластырады.
Олардың бақылауындағы барлық ұйымдардан уақытылы, дәл әрі толық ақпараттарды талап етеді және алады.
Бақылау жүргізіп жатқан ұйымдарға қол жетілімі болады, сонымен қатар олардың отырыстарына, талқылауларына қатыса алады.
Өзінің көзқарасын білдіріп, оларды өз қалауы бойынша жария етеді. өзінің бақылау кезіндегі қылмыскерлік туралы ақпаратты анықтағанда сол туралы прокуратура органдарына хабар беруі тиіс;
Жыл сайын Парламентке баяндама енгізу;
Керек болған жағдайда арнайы есептер дайындап, Парламентке аса ауыр құқық бұзушылық туралы хабарлау.
Омбудсмен өзінің өкілеттігін басқа құқық қорғау органдарымен параллель жузеге асырады.
Тек сот жүйесімен ғана олай емес.
Кейбір елдерде (Грекия,Финляндия,Македония,Литва) егер де шешілмеген сот процесі болса,омбудсмендердің араласуын болдырмайды.Басқа елдерде,мысалы, Венгрияда, барлық әкімшілік арыздардың тауысуын керек етеді, Австрия мен Нидерландыда қорғаудын балық тәсілдері сотты да қоса.
Омбудсменнің билік өкілеттігі жоқ.оның барлық әдіс тәсілдері мораль,абырой және жариялыққа негізделеді. Адамның құқығының бұзылуы анықталғанда, ең жиі қолданылатын әдістер – ұйымдарға ұйғарым, құқық бұзушылықтарды жария ету, әкімшілік пен азаматтар арасындағы делдалдық қызмет. Осы ережелерден тыс, омбудсмен санкция қолдана алады, мысалы, Швецияда 1000 кронға дейін айыппұл, сонымен қатар ол сот жағынан әкімшілік жазаны болдыра алады.
Омбудсменнің құрылымы мен өкілеттігі қағидасы.
Омбудсменнің құрылымы мен өкілеттігі жалпы мақсаттардан, тапсырмалардан баянды етіледі. Бірақ бұл демократиялық мемлекеттің құрылымымен байланысты.
Есеп қағидасы әр түрлі нысанда жүзеге асады: парламенттің алдында институттың қызметі туралы жылдық есеп( кейбір елдерде мұндай есеп парламенттің мамандандырылған комиссиясына енгізіледі)
Омбудсменнің бұрыннан бері келе жатқан бай тәжірибесі бар елдер жылдық есеп берулерге көптеген қосымша талаптар қояды: ең ауыр құқықбұзушылықтарға алпылама анализ беру,заңдылықтағы өзгертулерге ұсыныстар жасауды ұйымдастыру.
Бұл принцип омбудсменге өзінің тергеу қызметін жүргізуде қажет.Оған ешкім сырттан ықпал жасай алмайды.Сол үшін заңнамада оның органдардан тәуелсіздігін нақты бекітуі керек.Бұл қатынастағы нормативтік құрылым анықтлған омбудсмен басқа лауазымды қызметте болуға, кәсіпкерлікпен айналысуға, саяси партия мен кәсіподақтарда тіркелуге болмайды. Тәуелсіздік институтының басқа бір кепілдік шарты – бұл жергілікті және өзіндік бюджет, сонымен қатар әкімшілік және материалды – техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілуі. Жариялық қағидасы омбудсменнің қоғам сенімділігі үшін, азаматтардың белсенділігін арттыру үшін қажет. Әр түрлі елдерде нормативтік шешімдер әр түрлі (кейбір еуропалық елдерде омбудсменнің шешімдері бұқаралық ақпараттарда жарияланады, ал басқа елдерде бұл институттың қалауы бойынша болады),тәжірибеден мәлім, бұл тәсілге тек әкімшілік омбудсменнің берген ұсыныстарын қабылдамағанда ғана жүгінеді.
Мұндай жағдайда ақпаратты бұзушыға қарсы қысым ретінде қолданады.
Бұл қатынаста австриялық омбудсменнің тәжірибесі қызықтырады. Оның инициативасы бойынша арнайы теледидар программасы жұмыс істейді.
Оның бастауымен телекөрсетілімде арнайы бағдарлама бар. Ол бағдарлама саясаткерлер мен лауазымды тұлғалар түсінік беріп, теріс әсерлер көрсетілген омбудсмендердің тексерген жағдайларын талқылайды.
Ақпаратқа еркін қол жеткізу қағидаты омбудсмендердің қызметіне қажет институттың дұрыс жұмыс жасауына алғышарт болып табылады.
Ол көптеген жағдайларда заңшығарушылық жолмен реттеледі.
Омбудсмендердің толық зерттеулер мен тергеулер жүргізу үшін: кез- келген ақпаратқа қол жеткізушілік (ақпарат классификацияланған болуы тиіс), бүкіл қол астындағы мекемелерді бақылау және қадағалау құқығы, омбудсменге қатысты мекемелердің шағымды қараған кезде (жабық отырыстар болса да) қатысуға құқығы болуы тиіс. Омбудсменнің тергеу жұмысын эффективті атқару оның ақпараттармен қамтамассыздандырылуына және тексеретін мемлекеттік органдардың тергеу негізіндегі көмек беруіне байланысты. Кейбір мемлектетерде омбудсмен құпия ақпараттарға да рұқсатты болады, бірақ құпия ақпараттарды жарияламауға, құпия ұстауға міндетті.
Ар-намыс және әділдікті түсіну, құқықтық мемлекеттің міндеттемелеріне қарай әрекет ету қағидасы. Бұл әр түрлі дәрежелі принциптер аймақтық және жергілікті омбудсмен тектес институттарға тән. Бірақ бұл жерде территориялық бірліктер шегінде және сол омбудсмендер мен ұлттық омбудсменнің (егер болса) қызметті бөлінуі негізінде болуы керек.
Омбудсмен тектес басқа институттардың түрлері
Бақылау қызметінің көбеюі, мемлекеттік және әкімшілік- территориялық мекемелердің бағдары мен белгіленген адам құқтарының сапалы қорғау қажеттілігі (мысалы, діни,әлеуметтік құқықтар), көбінесе ұжымдық не топтық болып анықталатын, түсініктерде біржандылықтың болмауына байланысты келесідей жағдайларды көрсетеді: бірінші орында, ұлттық және орталық деңгейлердегі омбудсмендердің функцияларын атқаратын тұлғалардың санын көбейту, сонын ішінде бір адам құқығын қорғауда сала бойынша мамандандырылу; екінші орында, аймақтық және жергілікті омбудсмендерді құру; үшінші орында, ұлттық институт жүйесінен тыс, бірге және оның болмаған жағдайларында да мамандандырылған омбудсмендерді құру.
Бірінші жағдайда мысалдар келесідей: қазіргі уақытта 4 парламенттік омбудсмендерден тұратын Шведтік омбудсмен институты;
Литвада ішкі қызметі бойынша бөлінген 5 омбудсмен бар ( екеуі – мемлекеттік қызметкерлердің жасаған құқықбұзушылық әрекеттерін тергеуге, біреуі –әскери қызметте, үшеуі – жергілікті әкімшіліктің құқық қорғау қызметін қадағалауға) ; Грецияда парламенттік омбудсмен 1998
жылдын басында енгізілген; 2001 жылы оның құзіреті кеңейеді—
мемлекеттік әкімшіліктердің қызметін бақылаумен қатар барлық жария тәртіпті кампаниялар жағынан, сауда қоғамдары жағынан(мемлекеттік меншік немесе мемлекеттік басқарудағы) адам құқықтарын қорғау;
қоршаған ортаны қорғау, бала құқықтарын қорғау және т.б. сияқты салалардағы арнайы құзіреттер. Екінші және үшінші бағдай жағдайларына және маңызды өсуіне байланысты бөлек қарастырылады.
Аймақтық / Жергілікті омбудсмендер
Омбудсменнің ұлттық деңгейдегі орталықтанған институт ретінде қызмет етуімен қатар аймақтық және жергілікті институт ретінде де қызмет ете алатыны тәжірибе көрсеткен. Аймақтық омбудсмендер институты көбінесе мықты автономдық бірліктер бар, федералды нысандымемлекеттерде қолданылады. Ал, жергілікті омбудсмендер көбінесе белгілі бір қажеттіліктермен тарихи салтына байланысты құрылады. Мұндай институттар кейбір мемлекеттерде ұлттық омбудсмендердің болып немесе болмауына тәуелсіз қызмет етеді.
Олардың қызметі ұлттық омбудсмендердің қызметіне ұқсас, бірақ сол мемлекеттің құрамдас бөлігінің немесе оның әкімшілік –территориялық бірліктерінің (провинция, аймақ,облыс, қауымдастық ) ғана әкімшілік қызметін бақылаумен шектелген.
Жалпы ол өз қызметімен аймақтық ,қауымдық биліктегілердің шешім қабылдау процестерінде айқындық, және толыққандылықты орнатуда өз үлестерін қосады. Сонымен қатар, олар азаматтық құқықтарды іске асырудың деңгейін көтеріп, әкімшілікпен болған дау мен әлеуметтік шағымдар бейтараптықты ұстанады.
Европаның жергілікті және аумақтық омбудсменттері азаматтардың құқықтарын қорғауы
Ерте кезде сондай- ақ бүгін де парламенттік омбудсмен адамдардын құқықтарының орындалуын жергілікті әкімшілік тұрғысынан жүзеге асырады. Омбудсменттің спецализациясы орталық деңгейдегі жергілікті басқару және жергілікті әкімшілік мәселелерінде жиі кездеседі.
Сонымен қатар бірқатар т.б.тенденция бекітіледі: жергілікті өзін-өзі басқару органдары өздері жергілікті әкімшіліктің , азаматтардың құқықтарын бұзылуынан қорғайтын құзіретке ие тұлғаларды сайлайды, оған қоса жалпы халықтық институт болмаса. Мысалға алатын болсақ:
Англия мен Нидерландыда парламенттік омбудсменмен қатар, жергілікті әкімшілік қадағалайтын омбудсмендер бар. Олар Лондон, Амстердам және т.б. үлкен қалалар да бар. Испанияда жалпы мемлекеттік деңгейде халықтық қорғаушылармен бірге автономды облыстарда халықты қорғау институттары бекітілген. Көп жағдайда бөлек автономды облыстарды (Каталуния,Астурия, Валенсия, т.б.) омбудсменсияқты жергілікті институттар пайда болады. Мұндай институттар 2002 жылдан бастап Каталунияда күшіне енген және де жергілікті халық қауіпсіздігі қызметін
регламенттейтін арнайы заң күшіне енген. Италияның барлық аумақтарында ұлттық омбудсмен болмаған жағдайда, ұлттық координаторды таңдайтын аумақтық омбудсмендер (Лайбардия, Тоскано, Емилия- Роман ,т.б.) ұызмет етеді. Соған ұқсас жағдай Швейцарияда да кездесті, Швейцарияда тек аумақтық омбудсмент болды. Германия Федералдық Республикасында да орталық институт жоқ, алайда екі провинция қосылғаннан бері аумақтық омбудсментер қызмет атқарады.
Болгарияда омбудсменттер институтын жергілікті омбудсмен типтес институттардың құрылуымен пайда болып дамыды.
Омбудсмендер 1998-2003 ж ж аралығында қауымдар катарына азаматтық ұйымдар мен жергілікті билік арасындағы келісімдерді негңзге ала отырып қызметін бастаған. Жергілікті омбудсмендердің бекітілуі шектеулі қауымдарда болса да, уақыт бойынша заңшығарушылық шешімдерде парламентік омбудсмендер озып кетті. 2003 жылы омбудсмен туралы заң жергіліктіомбудсменнің құқықтық құрылымын қарастырмаған,бірақ ол жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті әкімшілік туралы заңға енгізілген өзгертулерде орнын тапқан, олар жалпы кеңестің 2/3 даусымен қоғамдық сайлау құқығын берген, оның негізгі функциясы –жергілікті өзін өзі басқару және жергілікті әкімшіліктің азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда бірігіп жұмыс і стейді. Парламент ұлттық омбудсменді сайламаса да, 2004 жылдын бірінші жартысында жергілікті қоғамдық делдалдар сайланған және жақсы жұмыс атқарған.
Мамандандырылған омбудсмендер
Көптеген жағдайларда белгілі қоғамдық топтар немесе мүдделер олардың қоғамдағы жағдайларының бағыты немесе олар қатысушы қоғамдық қатынастар маңыздылығында қосымша немесе мамандандырылған қорғауды қажет етеді. Бұл себептермен көптеген елдерде ұлттық, аймақтық және жергілікті омбудсмендермен қатар, және олардың жүйеленуінсіз, әр түрлі мамандандырылған омбудсмендер қызмет етеді.
Бұған қоса, мемлекеттер қатарында құқықтарды қорғау және белгілі қоғамдық топтар мұдделерін немесе белгілі қоғамдық өмір аумғында бақылау жүргізу барысында мамандандырылған,тәуелсіз мемлекеттік органдар пайда болады. Түрлік мысал: кейбір мемлекеттерде балаларды қорғау немесе диокриминацияға қарсы қызметтер (комиссиялар, агенттіктер) бар. Белгілі мағынада олар мамандандырылған омбудсмендердің рөлін атқаруы мүмкін. Бұл шешімді барлық пікірлеу нәтижесінде Болгарияда заңды дискриминацияға қарсы қорғау комиссиясы өмірге кенлді. Осылай өмірге келген және қызмет ететін балалар құқықтарын қорғаушы мемлекеттік агенттіктер және т.б. бар.
Бағдарлы шарттарды тәуелсіз, ұлттық қоғамдық институт жүйесінде болуынан немесе әр түрлі формада пайда болуына қарамастан,
оларға үлкен мән беріліп және бірнеше мамандандырылған омбудсмендер иеленуге құқығы бар.
Алғашқы кезде скандинавтық дамыған бұл кәсіптенген институттың мақсаты мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі екі жыныс арасындағы теңдікті қамтамасыз ету болып татылады . Ол бүгін саяси мәдениетті ескере отырып, тарихи дәстүр түрінде жауап бола алады; бұл сферада құқықтық еңбек қатнасындағы, саяси және қоғамдық өмірдегі жыныстық белгісі бойынша адам құқықтары әлі де болса бұзылуда.
Скандинавтық мемлекеттерде жыныстардың теңдігі облысында үлкен ілгерушіліктің болғаны дәлел ретінде көрсетілген және бұл олардың омбудсменнен жауапкершілікті алуына жатады. Тарихи және патриархалды құрылым негізіндегі дәуірден бастап бұл сұрақ өз шешімін таппай келеді.
Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен
Бала құқықтары көптеп бұзылу нәтижесінде бала құқықтарын арнайы арнайы қорғау қажет етіледі және халықтық бірлестіктер актілері қатарында қарастырылады. Өте кедей елдерде бұл проблема өзінің ерекше ауырлығымен көзге түседі. Өкінішке орай ол ауыспалы кезеңдегі елдерде де ауқымды көрінеді. Олардың бірқатары дамыған елдердің тәжірибесі мен жеке жағдайды бағалаудың күшімен бала құқықтарын қорғау туралы мамандандырылған заң қабылдады (олардың ішінде Болгария да бар).
Заңшығармашылықтың негізіне қарамастан, мамандандырылған әкімшілік құрылым құрылады, бала құқықтары туралы кепілдік ашық сұрақ ретінде қалады. Бала құқықтары жөніндегі мамандандырылған омбудсмен құру — дәлелденген мүмкіндік қана емес, санымен бірге қажеттілік. Бұл сферадағы ділелденген тәжірибе Норвегияда өмір сүреді. Испандық автономды облыс Каталунияда көп жылдан бері халық қорғаншысы институты шеңберіндегі басқа да бала құқықтарын қорғаушы өмір сүреді.
Бала құқықтарын бұзған кездерде Грекияның омбудсмені жеке және заңды тұлғаларға тексеру жұмыстарын жүргізуге құқылы, ал бала құқықтарын қорғау оның 1-ші орынбасарына тиесілі.
Әскери омбудсмен
Әр алуан елдерде (Швеция, Норвегия, Германия, Чехия, т.б. ) әр түрлі кеде әскери қызматшілердің құқықтарын қамтамассыз ететін мамандандырылған омбудсмен енгізілді. Алғашқы әскери омбудсмен парламенттік омбудсменнің отаны –Швецияда 1915жылы қабылданды, ол екінші дүниежүзілік соғыста да үлкен роль иемденді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әскери омбудсменге деген сұраныс төмендеді және 1968 жылы оның құзірет жалпы парламенттік омбудсменге көшті. Біздің кезде Герман Федералды Республикасының әскери омбудсмені ауқымды құзіретімен ерекшеленеді. БҰҰ–ның құрамына кіру жөніндегі басты заңдардағы өзгерістер мен арнайы заң негізінде Германияда парламенттік бақылаудың қорғаныс және қауіпсіздік органына қосымша Бундестаг
құзіреттілігі енгізілді. Бундестаг мүшелерінің жартысынан көп даусымен, жасырын сайлау негізінде, президенттің тағайндалуымен әскери омбудсмен федерелды министр лауазымын алады және кез келген әскермен алынып тасталуы мүмкін, бірақ Бундестаг қорғаныс немесе қорғаныс комитетінің нұсқаулығымен өзінің іс-әрекетін жүзеге асыра алады. Парламенттік омбудсмен бекітілген Норвегияны кең қолданыстағы әскери омбудсмен артта қалдырды. Нидерландыда қазіргі күнге дейін әскери бас инспектор өмір сүреді. Чехияда демократиялық өзгерістердің нәтижесінде қарулы күштердің қоғамдық қорғаушысы құрылуда.
Жеке мемлеекеттердегі нақты шарттарға қарағанда, әскери құрылым мен әскери міндет жөніндегі жалпы проблемаларды көрсетуге болады. Бұл мазмұнда нақты формасына тәуелсіз специализацияны айтуға болады, бұл әсіресе өтпелі кезеңдегі мемлекеттерде әскери жанжалдың жекелеген аймақтағы жалғасы болып табылатын, өтнелі кезең мемлекеттері бірігетін БҰҰ, ТМД, т.б. бірлестіктер ретінде қызмет етеді.