А.Б. АЙДАРОВА, Л.А. ДЖУПАРБЕКОВА
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САУДАСЫ МЕН ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1932 жылы 10 наурызда құрылған, республиканың оңтүстігінде, Сырдария алабында орналасқан. Жер кӛлемі 117,3 мың км2, бұл Қазақстан аумағының 4.3% бӛлігін құрайды. Халқының саны 2282,5 мың. Терістігінде Қарағанды, батысында Қызылорда, шығысында Жамбыл облыстарымен, ал оңтүстігінде Ӛзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыста 11 аудан, 8 қала, 13 кент және 932 ауылдық елді мекен бар. Облыс аумағы 171 ауылдық округтерге және 13 кенттік округтерге бӛлінген. Орталығы - Шымкент қаласы.
Облыс тұрғындарының саны жағынан республикада алдыңғы орында тұрған облыстардың бірі екендігі, байырғы тарихи-мәдени орындарының молдығымен де ерекшеленетіндігі белгілі. Атақты Отырар қамалы, түркі жұртына мәлім болған бұрынғы Иасы, қазіргі Түркістан қаласы, осы топырақта туып ӛскен, орта ғасырдағы атақты шығыс жұлдыздарының қатарында аталып жүрген ғалымдардан, ғұламалардан қалған кӛне соқпақтың ізін әлі де саралай түсу - бүгінгі ұрпақтың парызы.
Республикада қолайлы табиғи жағдайларымен ерекшеленетін, қысы қатал, жазы салқын Түлкібас пен түгін тартса майы шығатын Жетісайдың, жайма шуақ Түркістанның арасында ежелде ӛмір сүрген ӛркениетті ел болғандығын дәлелдейтін археологиялық қазба орындар мол. Жақпар тастарда, қыш кітаптарда қалған таңбалар оңтүстік ӛлке тарихының сырлы белгісі іспетті.
Облыстың айтарлықтай ӛндірістік-экономикалық мүмкіндіктері бар. Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары кұрайды. Уран қоры жӛнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфориттер мен темір рудасы бойынша - үшінші орын алады.
Облыс мақта, тері шикізаттары, ӛсімдік майы, жеміс-жидек, кӛкӛніс ӛнімдерін, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра және басқа да алкогольсіз сусындарды басқа жерлерге жеткізіп отырады.
Сонымен бірге, облыста қорғасын, цемент, мұнай ӛнімдері, күкірт қышқылы, шифер, автотрактор шиналары, экскаваторлар,
трансформаторлар, майлы ажыратқыштар, шұлық-ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз шығарылады[1].
Облыста екі бағытта жалпы ұзындығы 445 км темір жолдар, ұзындығы 5,3 мың км автомобиль жолдары, оның ішінде қатты жабыны бар 5,1 мың км жол бар. Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың км ауа белдеулерінде жұмыс істейді. Облыс орталығы халықаралық Орынбор-Ташкент және Түркістан-Сібір магистральдарының тоғысында орналасқан. Сонымен қатар, облыс аумағы арқылы Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент- Шымкент-Түркістан-Самара автомагистральдары ӛтіп жатыр.
ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің соңғы үш жылғы (2009-2011 ж.ж.) деректері бойынша 2010 жылы сыртқы сауда айналымының кӛлемі тӛмендеп, 2009 жылмен салыстырғанда 26 пайызға азайды. Егер 2009 жылы бұл кӛрсеткіш 3368,6 млн.
АҚШ доллары болса, 2010 жылы – 2493,9 млн. долл. болды (1 кесте).
1 кесте ОҚО бойынша сыртқы сауда айналымының кӛрсеткіштері
млн.
АҚШ доллары
оның ішінде
ТМД елдері әлемнің басқа елдері млн.
АҚШ доллары
ӛткен жылға
%-бен
млн.
АҚШ доллары
ӛткен жылға
%-бен Сыртқы сауда айналымы
2009 3 368,6 1 537,8 126,5 1 830,8 127,8 2010 2 493,9 1277,1 83,0 1 216,8 66,5 2011 2 891,3 1 250,1 97,9 1 641,2 134,9
О.і.: Экспорт
2009 2 214,3 874,8 137,0 1 339,5 141,7
2010 1 537,7 903,7 103,3 634,0 47,3
2011 1 826,8 841,5 93,1 985,3 155,4
Импорт
2009 1 154,3 663,0 114,8 491,3 100,8
2010 956,2 373,4 56,3 582,8 118,6
2011 1 064,5 408,6 109,4 655,9 112,5
2011 жылы сыртқы сауда айналымы облыс бойынша 2 891,3 млн. долларды құрап, 2010 жылмен (2493,9 млн.долл.) салыстырғанда 15,9 % ӛсті (сурет 1).
2011 жылы сыртқы сауда операцияларының тӛмендеуіне әлемдік дағдарыстың салдары әсерін тигізді. Оңтүстік Қазақстан
облысының аса маңызды экспорттық тауарының кӛлемінің құлдырауы шикізаттың бағасының түсуіне байланысты болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан облысында едәуір ӛндірістік-экономикалық мүмкіндіктер бар. Облыстың ӛнеркәсіптік-аграрлық бағыты бар.
Облыста Қазақстан бойынша республикада ӛндірілетін ӛнеркәсіп ӛнімінің 2,6% пайызға жуығын ӛндіретін 174 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді.
Облыстың сыртқы сауда айналымының құрылымын талдау жасайтын болсақ, сыртқы сауданың жалпы көлемінде экспорттың үлесі 63,2 пайызды құрап, 2011 жылы 1826,8 млн. АҚШ доллары болды.
Сурет 1. ОҚО бойынша 2006-2011 жылдардағы сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ доллар
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2011 жылғы экспорттың тауарлық құрылымына талдау жасайық (сурет 2). Облыстық экспорттың жалпы кӛлемінде тоқыма және тоқыма бұйымдары – 6,6%, металлургия ӛнеркәсібінің ӛнімі – 4,7%, минералды ӛнімдер – 54,8%, азық-түлік тауарлары – 13,4%, химиялық ӛнімдер – 20,5%
құрайды [2].
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экспорт құрылымында, негізгі ӛнім түрлері мақта, дәнді дақылдар, кӛкӛніс және картоп болып табылатын, ӛсімдік шаруашылығының үлес салмағы – 51,2%
құрайды. Облыс бойынша 2011 жылы шаруа (фермер)
0 500 1000 1500 2000 2500 3000 3500
2006 2007 2008 2009 2010 2011
2249,1 2263,8 2541,5 3368,6 2493,9 2891,3
1404 1311,6 1614,2 2214,3 1537,7 1826,8
845,1 952,2 927,3 1154,3 956,2 1064,5
Сыртқы сауда айналымы
Экспорт
Импорт
қожалықтарындағы ӛсімдік шаруашылығы ӛнімдерінің экспорты 37 952,4 мың тенгені құрады, ал 2010 жылы 30 080,4 мың тенге (ӛткен жылға 126,0%). Облыс бойынша 2011 жылы ең үлкен кӛлемде ӛсімдік шаруашылығы ӛнімдерін экспортқа шығарған Мақтарал ауданы - 13 682,2 мың теңге, облыс бойынша жалпы үлесі 36,1%-ды құрайды [3].
Сурет 2. Оңтүстік Қазақстан облысы экспортының 2011 ж. тауарлық құрылымы, %-бен
Оңтүстік Қазақстан облысының сыртқы сауда қатынастарының географиялық құрылымына талдау жасайық (сурет 3).
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011 жылы экспорт бойынша негізгі әріптестері: Тәжікстан (барлық экспорт кӛлемінің 24,7%), Ауғанстан (20,8%), Ӛзбекістан (10,3%), Әзірбайжан (9,7%), Қырғызстан (9,7%), Ресей (7,3%), Иран (6,8%).
Оңтүстік Қазақстан облысы сыртқы сауда қатынастарының қазіргі күй-жайын зерттеп, аймақтың экспорттық әлеуетін дамытуға кедергі келтіретін проблемаларды анықтадық.
1. Кеден процедураларын жүзеге асырудағы қиындықтар.
Қазіргі кездегі кедендік процедуралар мен рәсімдеулер шетелдік мемлекеттерде қабылданған нормалардан асып түсіп жатыр және олар саудаға тосқауыл жасауда. Экспорттық шығындардың кӛптігі (3005 АҚШ долларын құрайды), экспорттық операция ӛткізуге арналған құжаттардың саны 11 болып отыр. Қазақстан бұл рейтинг бойынша зерттеліп отырған елдердің тізімінде соңғы 180 орынды иеленіп отыр.
54,80%
13,40%
4,70%
20,50%
6,60%
Экспорт
Минералды ӛнімдер
Азық-түлік тауарлары
Металл және одан жасалған бұйымдар
химиялық салалардың ӛндірісі
Тоқыма және тоқыма бұйымдары
2. Кедендік-тарифтік реттеу. Экспорттық жылжу саясаты импорт саласындағы сауда саясатына байланысты болып отыр.
Кәсіпорындар соңғы ӛнім ӛндіруге арналған шикізатты, материалдарды және қосалқы бӛлшектерді және сонымен қатар Қазақстанда ӛндірілмейтін негізгі ӛндірістік қорларды жаңартуға қажетті жабдықтарды импорттаудағы кедендік баж салықтарының жоғарылығын кездестіріп отырғандығы экспортқа шығарылатын тауарлардың сапасы мен бағасына тікелей әсер етіп отыр.
3. Отандық шикізатты сатып алу мәселесі. Жекеленген кәсіп- орындардың пікірі бойынша, соңғы ӛнімді ӛндірушілері үшін шикізатты арзан бағамен сатып алудың құрылымын жасау қажет болып отыр, себебі әрбір тауар ӛндіруші үшін шикізатты аз кӛлемде сатып алу «біраз есе» қымбатқа түсіп отыр. Бір ӛнімге деген бағалардың әркелкілігі кімнің қалай келісе алу мүмкіндігіне байланысты болып отыр.
4. Салық салу. ҚҚС қайтару мәселесі. Экспортты қолдаудың маңызды бағыттарының біріне, әсіресе жоғары дәрежелі ӛңдеуден ӛткен тауарларға, экспорттық қызметтің қайсыбір аспектілеріне қатысты салық салуды реттеу саласындағы процедуралық мәселелерді шешу жатады.
5. Маркетингтік және консалтингтік қызметтердің баяу дамуы, нарық туралы ақпараттың болмауы. Экспорттың кеңеюі мен дамуы үшін ерекше ең басты мәселе – ол жаңа нарыққа ӛтуді іздеу үшін кәсіпорындардағы ақпарат пен білімнің жоқтығы болып отыр:
Қазақстанда – қызметтер мен тауарларға шет елдерде бар сұранымдар туралы ақпарат, басқа елдің экспортталатын ӛнімдеріне қойылатын талаптар туралы (кедендік және кедендік емес реттеудің ӛлшемдері), шет елдерде – Қазақстанның экспорттау мүмкіндігі туралы. Елімізде іскер ақпараттар нарығында нарық, технология, ӛндірушілер, құрал-жабдық, бәсекелесушілер, статистика, Үкіметтің заңнамалық және жиі шешімдері және т.б.
бойынша ақпараттарды құрастырып және айналып жүргізуді қамтамасыз ететін жүйе жоқ.
6. Техникалық кедергілермен байланысты мәселелер, мысалы, Қазақстандық кәсіпорындар шет елдердің аймақтарында патент алу және тауарлық белгілерді тіркеу кезінде қиындықтармен кездеседі.
7. Сыртқы нарыққа шығу кезінде қазақстандық компанияларды саяси-дипломатиялық қолдаудың әлсіздігі. Ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша екіжақты
үкіметаралық комиссия (ҮАК) шеңберінде және сол мекен етуші елдің елшілігімен сыртқы нарықта елдің экономикалық мүддесін қорғау құралы болып табылатын экспортшыларды қолдау мүмкіндігі нашар қолданылады. ҮАК жұмыс жүргізгенде әдетте олардың басты назарында газ, ірі мұнай жобалары болады. ҮАК министрліктердің басшылары басқаратынын ескеріп, сол себепті барлық іске араласушы билік органдарының іс-әрекетін үйлестіруді қамтамасыз ететіндіктен қазақстандық шикізат экспортын жылжыту кезінде ҮАК қорларын неғұрлым белсенді қолдану қажет.
Сурет 3. Оңтүстік Қазақстан облысының 2011 жылы экспорттық операциялары бойынша әріптестері, %-бен
8. Экспорт турасында ұйымдар арасында қалыпқа түскен ақпарат алмасудың жоқтығы, қазақстандық ӛнімдерді экспорттау кезіндегі сыртқы тәуекелділік, отандық ӛндірушілерді қолдау құралдары мен мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттардың болмауы, сондай-ақ жеке сектор мен мемлекеттік органдардың арасында анық қалыптасқан ақпарат алмасудың болмауы салдарынан отандық кәсіпкерлерді қолдау құралдары мен аймақтарда қабылданған және жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттардың жетіспеушілігі.
Қорыта келгенде, Қазақстандағы бүгінгі жағдай институционалды инфрақұрылымның негізгі белгілері бар болса да, қазақстандық экспортты алға жылжытудың тиімді фунционалдық жүйесі жоғымен сипатталады.
Тәжікстан; 25%
Ауғаныстан; 21%
Өзбекстан; 10%
Әзірбайжан; 10%
Қырғызстан; 10%
Ресей; 7,3%
Иран; 6,8%
Басқа да елдер;
10,2%
Экспорт
Тәжікстан Ауғаныстан Өзбекстан Әзірбайжан Қырғызстан Ресей Иран
Басқа да елдер
ОҚО экономикасын тұрақты дамыту үшін нарық қажеттілігіне сай келетін және аймақтың халық шаруашылығын индустриялды- инновациялық дамыту мақсаттарына толық жауап беретін, әрі халықтың ӛмір сүру жағдайын жақсартуға қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын экспорттық-бағыттық стратегияны қалыптастыру керек (2 кесте).
Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының сыртқы экономикалық қызметінің болашақтағы бағыттары мен стратегиясын қалыптастыру ұзақ мерзімді және орта мерзімді болжамдар жасау негізінде жүзеге асуы тиіс. Қазіргі таңда болжам маңызды стратегиялық шешімдерді қабылдауды негіздеу болып табылады.
Аймақта іске асырылып отырған ӛнеркәсіптік саясат стратегиясы экспорттық-бағыттық ӛнеркәсіп ӛндірісін қалыптастыруға арналған. Осыған орай ОҚО ӛнеркәсібінің салалық құрылымын жетілдірудің маңызды бағыттары ретінде тӛмендегілерді бӛліп алуға болады:
-ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта ӛңдеу және тұрғындарды азық-түлікпен және халықтық тұтыну тауарларымен қамтамасыз ету бойынша кӛп еңбек етуді керек ететін салалар мен ӛндірісті жеделдете дамыту;
-минералдық-шикізаттық ресурстарды және ауыл шаруашылығы шикізаттарын пайдалануға негізделген ӛндірістік қуатты салаларды барынша толық пайдалануды қамтамасыз ету;
2 кесте ОҚО экспорттық-бағыттық стратегиясының болжамдық кӛрсеткіштері
Мақсатты индикатордың
атауы
Ӛлшем бірлігі
2011 ж. болжам
2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж.
Ауыл
шаруашылығының жалпы ӛнімі
млн.
теңге
197882 ,5
214108,
8 232308
253217, 7
27600 5,1 Ауыл
шаруашылығының жалпы ӛнімінің ӛсімі
%
алдыңғы
жылға 104 104,5 104,8 105,3 106,3 Ауыл шаруашылығы
ӛнімдерін қайта ӛңдеу ӛнеркәсібін дамытуға инвестициялар
млн.
теңге 17908,
1 3210,6 7087,6 10918,3
12741, 5 Жалпы экспорт
кӛлемінде ауыл %
17,8 19,9 22,4 25,4 29,1
шаруашылығы ӛнімдерінің үлесі Облыстың жалпы экспорты
млн.
долл. 1575 1607 1655 1722 1808 АӚК ӛнімінің
экспорты
млн.
долл. 281 320 371 438 526
АӚК ӛндірілген ӛнім келемі
млн.
теңге
197882 ,5
214108,
8 232308
253217, 7
27600 5,1 АӚК жұмысшылар
саны
мың.
адам 461,7 461,4 461 460,7 460,5
ет ӛндіру мың.
тонна 88,2 90,8 93,5 96,3 99,2
ет ӛңдеу мың.
тонна 15,4 19,1 23,6 29,3 30,2 жалпы кӛлемінен ет
ӛңдеу үлесі %
17,5 21 25,2 30,4 30,4
сүт ӛндіру мың.
тонна 570,1 587,2 604,8 623 642
сүт ӛңдеу мың.
тонна 124 150 181,5 219,6 226,6
сүт ӛңдеу үлесі % 21,7 25,5 30 35,2 35,3
кӛкӛніс және жеміс ӛнімдерін ӛндіру
мың.
тонна 646,7 653,1 659,6 666,2 673 кӛкӛніс және жеміс
ӛнімдерін ӛңдеу
мың.
тонна 51,1 73,9 107,1 155,1 156,8
ӛңдеу үлесі % 8 11,3 16,2 23,3 23,3
-экспорттық ӛнімдер шығаруға бағытталған салалардың басымдық дамуын және АӚК қажеттіліктері мен басқа да қажетті машиналар, құрал-жабдықтар мен аппараттар жүйесі кешендерін қамтамасыз ету.
Сонымен, қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан аймағының агроӛнеркәсіп кешенінде экспортқа бағытталған ӛндіру мен ӛңдеу бойынша 9 бағытты атауға болады: мақта, дәнді дақыл, ет, сүт, құс шаруашылығы, жүн, жеміс-жидек, майлы дақылдар, балық.
Оңтүстік Қазақстан облысының басымды дақылдарының бірі мақта және облыста мақта кластерінде негізделген «Оңтүстік»
арнайы экономикалық аймақ құрылғандықтан «Мақта агрокешені»
құрылады. Ол Мақтарал, Шардара, Түркістан, Ордабасы аудандарын қамтиды. Жүйеқұрылым мекемелері «Корпорация «Ақ Алтын», «Мырзакент», «Контал», «Айша Бибі», «Шардара мақта».
Агрокомплекс жылына 285,0 мың тонна мақта ӛңдейтін болады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы. ҚР Үкіметінің 2010ж. 13 сәуір. № 301 қаулысы.
2. Оңтүстік Қазақстан облысының 2015жылға дейінгі территориялық даму стратегиясы. Орындаушы: ТОО «KERA», Астана, 2009.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы және оның ӛңірлерінің әлеуметтік – экономикалық дамуының статистикалық кӛрсеткіштері – Шымкент, 2007-2011.