УДК 004.056.55
«АҚПАРАТ ТЕОРИЯСЫ» МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ Ташенова Жулдыз Мусагуловна Аға оқытушы, Л.Н.
Гумилев атындағы Еуразия Ҧлттық университеті, Астана қаласы
Ақпарат теориясы барлық техникалық жоғаргы оқу орындары және кӛптеген университеттер ҥшін міндетті жалпы білім беретін пән болып табылады.
Бҧл жҧмыста «Ақпарат теориясы » пәні бойынша электрондық оқыту кешені (ЭОК) қарастырылады. ЭОК Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ҧлттық университетінің (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦУ) Есептеу техникасы (ЕТ) кафедрасында дайындалған оқу- әдістемелік материалдар негізінде жасалған.
Материалдың кӛлемі және қҧрылымы 050704 –«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету » мамандығының мемлекеттік стандарттарына сай келеді.
«Ақпарат теориясы» электрондық оқыту кешені, сонымен қатар тҥрлі жоғары оқу орындарында басқа да мамандықтар ҥшін қолданылуы мҥмкін.
Оқулық келесі негізгі компоненттерді қамтуда.
1. Презентациялық бӛлім (басқару орталығы). Оқытушы кешендегі барлық ресурстарға сілтемелерді кӛрсетеді, сонымен қатар кешенге кіретін видео және аудио ақпараттардың және EduCAD Presentation бағдарламасымен дайындалған презентациялық файлдардың кӛрсетілімін қамтамасыз етеді. Олар оқулық материалына дыбыстық
236
тасымалдаушысы бар қысқа анимирленген кіріспелер тҥрінде беріледі. Презентацияда пәннің әр тақырыбы ҥшін негізгі формулалар мен графиктер бейнеленеді.
2. Тҥрлі мультимедиялық ақпарат. Мҧнда «Ақпарат теориясы» пәніне кіріспеге арналған видеодәріс, ЭОК туралы және оны жасап шығарушылар туралы ақпараты бар аудиофайл, презентациялық материал ҥшін дыбыстық тасымалдаушысы бар файлдар кіреді.
3. «Ақпарат теориясы» пәні бойынша дәріс материалдары бар электрондық оқулық (ЭО). ЭО гипертекстік технология бойынша қҧрылады. Бҧл егер оқулықта қандай да бір ақпаратқа сілтеме берілген болса, онда бҧл ақпаратқа сілтемеге тышқанмен шерту арқылы оңай кӛшуге болады дегенді білдіреді. Осылайша, ЭО белгілі бір жолмен кадрлар бойынша қҧрылған, бір жҥйеге байланыстырылған қҧжат болып табылады. Кадрда пән бойынша негізгі ақпарат орналастырылады, барлық қосымша мәлімет (теоремалардың дәлелденуі, мысалдар және т.с.с) қҧрылған тақташада оларға сілтеме таңдалғанда орындалады.
Оқулық бойынша бағыт екі режимде мҥмкін – дәрістер бойынша және тараулар бойынша. Дәрістік режимде материал оқытушыға дәріс кезінде берілетін ретпен беріледі.
Тарау бойынша бағытталу режимінде материал негізгі мазмҧндағы ретпен беріледі.
4. Жаттығулары бар зертханалық жҧмыстар жиынтығы. Зертханалық жҧмыстар
«Ақпарат теориясы» пәнінен зертханалық жҧмыстарын есте сақтауға арналған бағдарламалар жиынтығын қҧрайды. Жеңіл деңгейдегі жаттығуларда есепті шешуге арналған әрекеттерді қолданушы ҥшін компьютер орындайтын болады. Қолданушы есептің шешілуін мәліметтердің ӛзгеруін бақылай отырып қадам бойынша қарап шығуына мҥмкіндігі бар. Есептің шешілуі ағаш тҥрінде болады. Егер шешу ағашының тҥйінін ашса, бағдарлама сол тҥйіндерге кіретін барлық тҥйіндерден жҥріп ӛтеді, әйтпесе олардан бірден аттап ӛтеді. Орташа деңгейде қолданушы ӛзі есептеу параметрлерін енгізе алады, дегенмен, компьютер енгізуді қадағалап отырады және қате енгізу жағдайында ескерту шығарып отыратын болады. Жаттығудың бҧл деңгейінде белгі алуға болады - компьтер керекті параметрді ӛзі тауып, шешімді жалғастырады.
Қиындатылған деңгейде қолданушы мәліметтерді кез келген ретпен енгізе алады, компьютер процесті ешқандай бақылаусыз жай ғана нҧсқауышты шешу ағашында жылжытады. Тек шешім сонына дейін жеткізілгенде ғана оның дҧрыс не бҧрыстығы туралы хабарлама шығады.
5. Ӛзін-ӛзі бақылау бағдарламасы. Студент оқулықты қолданғанда және зертханалық жҧмыстағы білімдерін ӛз бетінше тексеруге мҥмкіндігі бар. Ол ҥшін әр тҥрлі тақыраптардан кездейсоқ бірнеше тандалынып алынатын сҧрақтар банкі қҧрылады.
Сҧраққа дҧрыс жауап берілмесе, оған дҧрыс жауап беру ҥшін студент кай дәрісті қайта оқу керек екендігі хабарланады. Тест аяқталғаннан кейін қолданушы дҧрыс жауаптар саны туралы мағлҧмат алады.
6. Бақылаут жҧмыстары. Тестті жақсы аяқтағаннан кейін қолданушы бағылау жҧмысына кірісе алады. Әр студенттің жеке коды болады, соның негізінде бақылау сҧрақтарының арнайы банкінен тапсырма қҧралады. Тапсырма кездейсоқ тҥрде қҧрылады, бірақ соның ӛзінде әрбір жеке кодқа әрқашан бір ғана тапсырмалар жиынтығы сәйкес келеді.
Содан кейін орындалған жҧмыстар тексеру орталығына жіберіледі.
«Ақпарат теориясы» ЭОК EduCAD [2,3] и на Macromedia Flash электронды оқулықтар нҧсқауын автоматтандаралған ӛндіру жиынтығы кӛмегімен жасалады.
Әдебиеттер 1. Мицель А.А. Вычислительная математика: учебное пособие. – Томск: ТМЦ ДО,
2001г.
2. Романенко В.В. Развитие автоматизированного комплекса разработки компьютерных
учебных пособий EduCAD. // Сборник трудов ТУСУР «Автоматизированные системы обработки информации, управления и проектирования», том 7. – Томск: ТУСУР, 2002 г.
3. Мицель А.А., Романенко В.В. Автоматизированная система разработки электронных учебников. // Открытое образование, №5, 2001 г.
237