• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҰСТАЗ ТАҒЛЫМЫ ЖӘНЕ ТІЛ ӘДІСТЕМЕСІ МӘСЕЛЕСІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҰСТАЗ ТАҒЛЫМЫ ЖӘНЕ ТІЛ ӘДІСТЕМЕСІ МӘСЕЛЕСІ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

ҰСТАЗ ТАҒЛЫМЫ ЖӘНЕ ТІЛ ӘДІСТЕМЕСІ МӘСЕЛЕСІ А.Р. Найманбай, ф.ғ.д., доцент

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан

Ана тілі аясы: тіл мен әдебиет теориясы, лингводидактика:

респубикалық конференция материалдары. – Астана, 2012.

В статье рассматривается методика изучения казахского языка и метод, вклад ученного, профессора Т.М. Абдикарима в сфере образования.

Ключевые слова: дидактика, текст, логика, семантика.

А.Р. Найманбай – к.ф.н., доцент

Кафедра практического казахского языка ФФ ЕНУ им. Гумилева, ул. Мунайтпасова, 5 Корпоративная почта: [email protected]

Abstrakt.

Кеңестік тіл білімінде Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы, Ш.

Сарыбаев, Ғ. Бегалиев, А. Садуақасов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н.

Оралбаева, Т. Әбдікәрімова сынды ғалымдарымыз арқылы негізі қаланып, бүгінгі күні кең қолданыстағы «әдістеме», «әдіснама»

терминдерінің өзіндік ерекшеліктері, мән-маңызы бар.

Қазақстан Республикасының Тіл саясаты тұжырымдамасында:

«Мемлекеттік тіл мәртебесі тілдің әлеуметтік функцияларын кеңейте түседі, тілдегі жаңа өзгерістерге байыпты ғылыми талдау жасауды талап етеді» деп көрсетіледі [1, 28].

VII ғасырда өмір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әлі бір ілімінде: «Білім артық, өйткені ол пайғамбарлардан қалған мирас, байлық – бақылдардан қалған мұра» деп жазған екен. Біз көрнекті ұстаз, ғалым, тұлға, ардақты ана, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әбдікәрім Тазагүл Мұқашқызының еңбек жолы мен өмір тәжірибесі, ғылыми ізденістері мен пайымдаулары туралы да осындай тамаша ойлар айтқан болар едік.

Ұстазымыз бүкіл саналы ғұмырын бала тәрбиесі мен тілді оқыту, ана тіліміздегі оқулықтардың құрылым сапасы мен теориялық негіздері мәселелеріне арнап келеді. Көптеген ғылыми мақалалар мен оқу құралдарының, монографиялардың авторы. Ұзақ жылдардан бері Қазақстанға танымал ғалымдарымыз Х. Арғынов, С. Рахметова, Ф. Оразбаева сынды тұлғалармен авторлық бірлікте оқулықтар жазып келеді. Сондай-ақ әдіскер- ғалым Т.Мұқашқызының тіл дамыту мәселесіне арнаған еңбектерінің де ұшан-теңіз екендігін ақиқат деп білеміз.

Тіл дамыту жұмыстарының негізгі және дәстүрлілерінің бірі – мәтінмен жұмыс деп танылады. Мәтін – барлық тіл бірліктерінің ішінде айрықша маңызы бар, өзара мағыналық байланыстан тұратын біртұтас құрылымдар тізбесі. Мәтін арқылы тақырыптың лексика-грамматикалық сипаты мен

(2)

стилистикалық ерекшеліктері анықталады. Мәтін мәселесі жөнінде тілші А.

Аркин «Мәтін – білімді дара тұлғаға бағдарлап оқытудың ұтымды құралы»

деп жазса, зерттеуші С.И. Львова «Мәтінмен жұмыс – тілдің барлық пәндермен байланысуын қамтамасыз етудің кепілі» деген ой айтады.

Ғалым, ұстаз Т. Мұқашқызы оқулықтардағы мәтін мәселесінің дамуы мен бүгінгі ғылыми бағыттағы ұстанымдары туралы «Мәтін және «Ана тілі»

оқулығы мәтіндемесін құраудың теориясы» атты монография жазады [2].

Мәтін – қойылған тақырыбы мен ішкі мазмұны біртұтас, синтаксистік, композициялық және логикалық құрылымы жағынан жүйелі болуы шарт.

Ғалым А. Алдашева мәтін мазмұнына қатысты мынадай талаптарды атап өтеді: – мәтін – пікірталас тудыра алатындай танымдық, елтанымдық, эстетикалық бөлшектерден тұруы тиіс;

– мәтінде танысқан үйренушінің оны коммуникативті актіде, дискурста пайдалана алатындай мүдде ескерілгені жөн; яғни, мәтін сөйлеуді дамытуға ықпал етуі қажет;

– мәтін көлемі жағынан ықшам болуы немесе ауқымды қамтитын мәтін аутуалды бөлініс арқылы берілуі қажет [3, 82].

Аталған монографияда мәтіннің теориялық маңызы мынадай бағыттары қарастылыған: мәтінді лингвистикалық бірлік ретінде қарастыру;

мәтіннің коммуникативтік сипаттамаларын зерттеу; мәтіннің әлеуметтік- мәдени параметрлерін ұсыну [2, 16]. Еңбектің негізгі мақсаты: «Әліппе»,

«Ана тілі» оқулықтарының мәтіндемесін құраудың теориясы мен оқыту әдістемесі туралы жарияланған ғылыми еңбектерді тарихи қағидамен зерттеу, ұтымды үлгілерін айқындау; жаңа оқулықтың мәтіндемесін құраудың ғылыми-теориялық негіздерінің үлгілерін ұсыну; бастауыш мектепте оқылатын мәтіндердің атқаратын қызметтерін анықтау болып келеді.

Мәтін қатысымдық қызметке негізделгендіктен, мәтін оқу арқылы қабылданатын ақпараттардың көзі ретінде жүзеге асады. Мәтіндерді игеру барысында баяндаушы жеткізетін хабарды қабылдаушы түсіну шін мәтіннің құрылымы, мағынасы маңызды рөл атқарады. Мәтін оқу үдерісінде тіл үйренушілердің қарым-қатынасын іс жүзінде асырудың өзегі ретінде және өзара түсінісу, ойды жеткізу тұлғасы ретінде қолданылады [2, 28].

Мәтін – тіл жүйесіндегі өзінің мәні мен болмысына сай, сөйлемдердің жай ғана тізбегі емес, мағыналық-құрылымдық күрделі тұлға. Ол – логикалық, грамматикалық, мағыналық байланыстарға негізделген, тиянақты мазмұнға ие біртұтас қарым-қатынас бірлігі болып келеді.

Мәтіннің тұтастығын анықтау оны бөліктерге даралау арқылы жүргізілетіндіктен, мәтін құрастығын құрушы элементтердің арасындағы тұтастықты қамтамасыз ететін құралдар ғана мәтінді құрауға мүмкіндік туғызады. Тілдік құралдар арқылы сомдалған ой, бейне, пікірдің құрылымын анықтау осы кезеңде өтеді. Сөз жеке тұрғанда заттың, қимылдың және т.б.

атауы болып, номинативтік қызмет атқарса, тіл арқылы қарым-қатынаста белгілі бір жағдайда, ортаға байланысты қолданылып, қарым-қатынастық қызмет атқарады. Тілдік қарым-қатынаста қолданылып, қатысымдық

(3)

байланысқа түскен сөз айтылатын ойға қатысты нақтылы мағынаны білдіреді және басқа тұлғалармен біртұтас қолданыла келіп, тиянақты ойды, мазмұнды көрсетеді [2, 33].

Ғалым өз еңбегінде мәтін категориясын семантикалық және құрылымдық топтарға бөліп қарастырады: семантикалық категорияларға информативтілік, континуум, тереңдік (подтекстің) категорияларын жатқызсақ, құрылымдық категорияларына интеграция, байланыстырушы, партитуралық категоряларын жатқызамыз [2, 70].

Сондай-ақ монография мазмұнында тұңғыш ана тілі оқулығының авторы, көрнекті тілші, ғалым А. Байтұрсыновтың әр жылдары жарық көрген «Оқу құралы» (1897 ж.), қазақша әліфпе (1912 ж.), «Жаңа әліп-би»

(1926 ж.) оқулықтарың өзіндік ерекшеліктері мен ғылыми негіздері де сараланып, талданып көрсетілген. Бұл зерттеулердің қатары сонымен бірге

Алаш қайраткерлері М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ә. Бөкейхан, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков, Т. Шонанұлы сынды тұлғаларымыздың тіл туралы ойлары мен

педагогикалық көзқарастары, мұралары арқылы жалғасын тапқанын да айта кету керек.

Автор өз зерттеуінде оқулық мәтіндемесіне қатысты мынадай да талдаулар жасайды: «Әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктің негіздерін қалыптастыратын оқулықтың мәтіндемесін құру мәселесін қарастыра отырып, оның негізгі қалаушы ұстанымдарын анықтап алу керек: іріктеу бірлігі мен дереккөзді анықтау; мәтіндеменің атқаратын міндетін анықтау;

оқулық мәтіндемесін ұйымдастырудың негізгі қағидаларын сипаттау.

Бағдарламаның мазмұнды бағыты арқылы мәтінді ашатын тақырыпқа байланыстылығы; Шынайы коммуникациялық жағдайда қызмет ететін түпнұсқа мәтіндердің қолдану қажеттігін білдіретін тілдің қазіргі жағдайын бейнелеу. Әлеуметтік-мәдени құзырлықты қалыптастыру үшін берілген оқу материалындағы талаптар: атқаратын міндеті, жағдаяттылығы; мәтінділігі, жанрлық-стилистикалық түрленуі; қазіргі тіл дағдайының бейнесі;

әлеуметтік-мәдени деректердің жиналуы» [2, 122].

Мәтіндеме тек мәтіндер тізбесімен ғана емес, тақырыптардың, салалар мен жағдайлардың жиынтығы түрінде беріледі. Мәтіннің әр келкі салаларға, жағдайларға, тақырыптарға нақты қатыстылығын; әр келкі жанр мәтіндерінің тілдік рәсімдеу ерекшеліктерінің ескерілуін; әлеуметтік-мәдени факторлардың ескерілуін; жазба тіл саласындағы нақты коммуникацияның ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің ескерілуін мәтіндемені ұйымдастырудың негізгі қағидалалары деп есептейді [2, 298].

Қорыта келгенде, өнегелі ұстаз, ғалым Т. Мұқашқызының өмірлік тағылымы мен тәжірибелік ұстанымдарының оқушы білімінің қалыптасуы мен тіл мәдениетінің дамуы аясында ерекше екендігін айтқымыз келеді.

Бүгінгі күні ғалым тәжірибесін Республикамыздың барлық аймақтарындағы шәкіртттер мен ізденушілер, тіл жанашылары ұтымды пайдаланып, егемен еліміздің жас буынын оқытуда елеулі үлестер қосып келеді. Үнемі ізденіс, сергек серпіліс бағытында жүретін ұстазымыз Тазагүл Мұқашқызына әрқашан мықты денсаулық, шығаршашылық табыстар тілейміз.

(4)

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мемлекеттік тіл саясаты. – Алматы: Арқас, 2005. – 294 б.

2. Әбдікәрімова Т.М. Мәтін және «Ана тілі» оқулығы мәтіндемесін құраудың теориясы. – Павлодар, 2007. – 332 б.

3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы, 2000. – 208 б.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 446 б.

5. Әбдікәрімова Т.М. «Ана тілі» оқулығы. Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: «Атамұра», 2011. – 365 б.

Referensi

Dokumen terkait

ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және білім - 2014» атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ СБОРНИК