Байсұлтанова К.Ш.
Абылайхан атындағы ҚХҚ және ӘТУ, халықаралық экономикалық қатынастар
кафедрасының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты Алматы қаласы,
САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ БАҚ-ТЫҢ РӨЛІ
XX аяғы мен және XXI ғасырдың басында Қазақстанның саяси–қоғам өмірінде елеулі өзгерістерге толы болды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғанына байланысты жаңа бағыттағы саясат қоғамның барлық салаларына жаңалықтар әкелді. Біздің елімізде елдің экономикалық және саяси өміріне елеулі әсер ететін реформалар жүргізілді. Бұл үрдістер қоғамның белсенді араласуын талап ететін әлеуметтік мәселелердің туындауы мен қатар жүрді. Демократииялық жолға бағытталған саяси институттардың құрылуы мен дамуы сияқты қоғамды либерализациялау барысында бірталай нәтижелерге қол жеткізілді. Қоғамдық саяси өмірде жекешеленген тәуелсіз қоғамдық ұйымдар қалыптасты. Соның біріне әр түрлі бағытта БАҚ та жатады.
19 жылдық тәуелсіздік тарихында Қазахстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатты қалыптастыруда едәуір тәжірибе жинақтағаны мәлім.
Алғашқы жылдар сыртқы саясатта Республиканың халықаралық қатынастар жүйесінде жеке субъект ретінде қалыптасуымен, дүниежүзіне танылуымен сипатталады. Еліміздің геостратегиялық орналасуы, экономикалық және саяси мүддесімен қатар мол табиғи және басқа да потенциалы Қазақстан Республикасының халықаралық жүйеде өзіндік орнын алуына себепкер
болды. Сонымен қатар, бастапқы кезеңде еліміз басқа да посткеңестік республикалар сияқты осы заманның саяси және экономикалық толқуларына кез болды. Қазақстанның даму стратегиясы ішкі саяси- экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және сыртқы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамуытуға бағытталды.
Жоспарлы экономикадан еркін нарықтық қатынастарға өту мен тоталитарлық жүйеден қоғамды демократиялық қатынастарға бейімдеу жағдайында Қазақстан аймақтық және халықаралық интеграциялану үрдісіне ілесе бастады. Тәуелсіз мемлекет ретінде енді ғана алға дами бастаған ел алдында көптеген шешімі қиын мәселелер тұрғандығы белгілі.
Осы ретте басқа да маңызды шаралар мен қатар мемлекеттік экономикалық саясаттың маңызды болғандығын атап өткен жөн. Еліміздің 90 жылдардан басталған жаңа кезеңінде болып жатқан өзгерістердің барлығынан қазақстандықтар БАҚ арқылы хабардар болып отырды. Соңғы жылдардағы осындай ірі де орасан өзгерістер БАҚ-тың мәнін тереңірек түсініп, оның қоғамдағы рөліне басқаша қарауға мәжбүр етті. Қоғам өмірінің әр саласындағы қайта құрулардың негізі ақпараттар екені мәлім. Бұл БАҚ-тың жалпы ақпараттарды таратудағы маңыздылығын одан әрі арттырып отыр.
Жекешелендіру саясатынынан бастап, қазіргі нарық қатынастардың дамуының жаңа кезеңіндегі аралықтағы қоғамдағы жағдайлардың барлығын халыққа газет журналдарының жеткізіп отыруы тек ел экономикасынан хабарлар болып қоймай, осы үрдістердің бағытына әсерін тигізуіне бірден бір себепші болды. Бұл ретте демократиялық қоғамға бет бұрған біздің елімізде тек бір ұстанымдағы ғана емес, оппозициялық көзқарастардағы БАҚ болуларының өзі қоғамымыздың плюрализм негізін қалыптастырды. Әлемдегі демократиялық бағыттағы елдер тәжірибесінде бұл оңтайлы іс екендігі белгілі. Қоғамда бәскелес, әр түрлі озық пікірлерді тудыра алатын, еліміздің ары қарай дамуын жетілдіретін БАҚ болып тұрғандығын айта аламыз. Қазақстандық саясаттанушы Д.Сатпаев
«Қазақстандағы саяси жүйенің болашағы саяси элита, контрэлита, оппозиция, саяси партиялар, мүдделі топтар, БАҚ және электорат сияқты акторлардың арасындағы ойын ережелерінің өзгеруіне тәуелді» деп БАҚ- тың саяси маңыздылығын нақтылап отыр*1+. Бұл жерде осындай ірі саяси- экономикалық өзгерістердің де БАҚтың дамуына, оның кәсіптік денгейінің жетілуіне әсер еткендігі сөзсіз.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы саяси және экономикалық дамудың белгілі бір кезеңіне түскен, осы барыста едәуір тәжірибе жинақтаған, кейбір мәселелер жөнінде алыс-жақын елдерге озық тәжірибе көрсете алатын елдер қатарына жатады деген ойдамыз. Біздің ойымызша Қазақстан Республикасының жан жақты дамуына басым ықпал еткен дұрыс қалыптасқан экономикалық саясат болды. Ел Президентінің экономикалық мәселелерді басымдылық деп тануы мемлекеттің стратегиялық даму бағдарламаларына негіз болды. Даму стратегиясына экономикалық фактордың басымдылығы қоғамда шешімі қиын мәселелерді кешенді түрде қарастыруға септігін тигізді. Аталған жағдайлардың барлығы тек қазақстандық БАҚ-тарда ғана емес, ТМД елдерінің газет- журналдарымен қоса, интернет беттерінде жарияланып отырды. Жыл сайынғы ел Президентінің жолдаулары кең көлемде БАҚ беттерінінде жарияланып, халық жаппай талқылады. Кез келген жаңадан қабылданған заң актілері мен олардың жобалары да осы БАҚ арқылы халыққа жетіп, халықтың пікір сынынан өту ісі дағдыланған. Бұл қоғам мүшелерінің мемлекеттік маңызы бар ауқымды бағдарламаларды тек жүзеге асыруға ғана емес, оны қалыптастыруға ат салысуға жұмылдырады.
Қазіргі таңда жаңа экономикалық қарым-қатынастарды құру мен оны дамыту үрдістерінде, қоғам өміріндегі әр түрлі жағдайлар, әсіресе толып жатқан қарама қайшылықтар мен келеңсіздіктердің жайларын баяндауда БАҚ беттеріндегі экономикалық тақырыптағы мақалалардың мәні зор.
Экономикалық тақырыптағы мақалалар азаматтардың өз ойларын ортаға сала отырып, жаңа қоғамға деген жеке көзқарастарымен қатар, қабылданған реформаларға байланысты қоғамдық пікірді қалыптастырады.
Қазір әлем саяи және экономикалық жаңалықтарға толы. Бұл орайда БАҚ беттерінде осы мәселеге қатысты жекеленген тақырыптардың артуымен қатар, арнайы баспасөз сандарынын өскендігі байқалады. Жеке бизнес пен кәсіпкерліктің дамуы, оның алдында тұрған мәселелер мен кедергілер, үкімет пен бизнес арасындағы қарым қатынастар, қоғамдық ұйымдардың көзқарастары сияқты мәселелерді қазақстандық БАҚ жиі көтереді.
Нарықтық экономикалық жүйенің негізі еркін кәсіпкерлік екендігі белгілі. Шағын және орта бизнесті дамыту, оны үкімет тарапынан қолдау, заңдық-нормативтік негізін жетілдіру жұмыстары Қазақстандағы нарықты
қалыптастыру тәжірибесінде нақты байқалды. Сонымен қатар, нарықта субъектілердің үлесі әркелкі, басқа субъектілермен қоса монополистердің болып отырады. Монополизм құбылысы нарық заңдылығын бұзуы әбден мүмкін. Монополияның туындауына байланысты ресурстардың дұрыс бөлінбеуі мен бағаның орынсыз өсуінің белес алатыны тәжірибеден жиі көрініс береді. Нарықтық бәсеке жағдайында күшті кәсіпкерлік, не болмаса финанстық топ басқа топтарды ығыстырып сол салада өзі билік құруға, неғұрлым мол табыс табуға ұмтылыста болады. Монополистердің пайда табуға ұмтылысының кері әсері тек нарық қатынастарымен шектелмейді.
Демек, осындай нарықтағы келеңсіз құбылыстарды қоғам мемлекетпен қатар БАҚ арқылы реттеп отыруына толық мүмкіндік ала алады.
Монополияға қарсы саясат тұтынушыларға қалыпты бағада тауар мен қызмет түрлерін ұсынуға және өндірушілерге бәсекеге сәйкес өз тауарларын сатуына мүмкіндік туғызады. Қазақстан Республикасында қазір монополия мәселесін реттеудегі мемлекеттің міндеті - монополияның ұтымды нарық субъектісі ретінде қалыптастыру, сол арқылы экономиканы елеулі дәрежеге көтеру. Сонымен қатар, үкіметтің нақты мақсаты - нарықта тұтынушыларды жоғары сапалы тауар мен қызмет түрлерімен қамтамасыз ететін және олардың ассортиментін сұранысқа байланысты өзгертіп отыратын кәсіпорындардың болуын қамтамасыз ету.
Елімізде кейбір газет - жорналдардың осындай арнайы бір тақырыптарға маманданып жатқандығын да байқаймыз. Мысалы, үкімет пен бизнес арасындағы өзара қарым қатынастар төңірегіндегі жағдайларды
«Республика», «Караван», «Казахстанская Правда» газеттері жиі көтереді, ал табиғи монополияға, нарық монополиясы мен бәсеке заңдылықтарының бұзылуына қатысты өзекті мәселелерді «Айқын», «Литер» сияқты газет беттерінен көруге болады.
Ел Президенті Н.Назарбаев Қазақстанда экономиканы қайта құру шаралар жүйесін ғана емес, көптеген ірі және орта, сол сияқты шағын кәсіпорындарды да қайта құруды ұйымдастыру шараларын да жүзеге асыру керектігін айтты. Құрылыста, ауыл шаруашылығында, өндірісте шағын кәсіпорындар санын біршама өсіру аса маңызды...Өндірістің шоғырлануының жетістіктерін пайдалана отырып, соның ішінде ірі корпорацияларды құра отырып, «шағын» экономиканың да үлес салмағын арттыру керек, осылай ірі, орта және шағын өндірісті қатар жүргізуді
қамтамасыз ету керек...Ірі корпорациялар, трансұлттық корпорациялар көлемді міндеттерді шешіп, экономиканың дамуындағы алдыңғы бағыттарда бәсекелестікті көтереді деп көрсетті *2+. Қазақстандағы экономиканың қазіргі даму сатысында орта және шағын кәсіпорындардың халықтың тұрмыс- тіршілігіне қажетті тауар мен қызмет түрлерін тұтынушыға ішкі нарықта бәсеке негізінде ұсынып отыруы тиіс. Ал ірі корпорациялар сыртқы нарықта отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттігін таныта білуі ел экономикасын дамытудың сенімді бағыттарының бірі болмақ. Ірі қазақстандық корпорацияларды құру экономистердің ойынша ұлттық экономиканы бәсекеге қабілетті етудің шешуші факторы *3+. Мемлекеттік ірі корпорациялардың болуы еліміздің экономикасына үлкен үлес қосары сөзсіз, осы ірі трансұлттық компаниялардың өнімі мен олардың әлемдік нарықтағы орны арқылы отандық экономика дүниежүзіне танылады, олар ұлттық мақтанышқа айналады.
Дамыған елдерде демократиялық процесстердің экономикалық өсумен қатар жетілетіні, екі құбылыстың біріне бірінің ықпал ететіндігі байқалалады. БАҚ құралдары осындай экономикалық жетістіктерді барынша қоғамға жария етіп, елімізде мақтанышқа айналатындай ұлттық
«чемпиондардың» қалыптасуына моралдық түрде қолдау көрсетіп отырады.
БАҚ арқылы қоғамда ұлттық мақтаныш, патриоттық тәрбие, ел саясатының дұрыстығына сенім арту сияқты сезімдерді оятуға тырысады.
Жақын арада Дүниежүзілік Банк «Айтуға құқылы- экономикалық дамудағы БАҚ-тың рөлі» (“The Right to Tell — The Role of Mass Media in Economic Development”) атты кітап шығарды. Кітапта БАҚ –тың ұлт экономикасына тікелей емес, жанама әсер ететіндігі жайында айтылған. БАҚ азаматтарды үкіметтің жұмысын бақылап отыратындай ақпараттармен қамтамасыз етеді. Кітаптың редакторы Румин Исламның айтуынша тәуелсіз БАҚ экономикалық дамуды қолдай алады, тиімді басқаруға әсер етеді және азаматтардың құқығын кеңейтеді *4+.
Қазақстан Республикасының Кеден Одағына мүше болып ену мәселесі газет-журналдардан көп талқыланды. Қазақстандық БАҚ қоғамды толғандыратын отандық өнім бәсекеге қабілеттілігі, шетелмен бәсекелестік, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі сияқты мәселелердің орынды көтерілгендігін да айтып өту керек. Сонымен қатар БАҚ беттерінде Кеден мәселесі кейбір ұйымдар мен әлеуметтік топтардың мемлекеттің бұл саясатының ертерек екендігін, ел тәуелсіздігіне қауіп төнуі мүмкін екендігін ескертетін мәндегі мақалалар да талқыға түсті. Бұл сыни көзқарастағы
мақалалардың болуы, экономикалық құрылымдардың оңтайлы тәжірибесін халыққа насихаттау немесе кемшін тұстарын талдау, экономикалық дамудағы өзекті мәселелерді жанжақты талқылау арқылы қазақстандықтар үкімет ісіне араласа алатындығын көрсетеді. Бұл азамтаттық қоғамға сай үкіметтің атқарып жатқан жұмыстарына объективті баға беруіне, жіберілген олқылықтардың себеп-салдарын анықтап, талдауына және оларды шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді. Демек, үкіметтің жұмысын жетілдіуге үлесін қоса алатын БАҚ беттерінде жарияланатын осындай саяси- экономикалық мақалалар маңызды болмақ. Қоғамның саяси өмірі мен экономиканың барлық салалары жайы туралы анық ақпараттар мен мәліметтер үкіметтік органдардың жұмысында ескеріліп отыруы тиіс.
Саяси-экономикалық мәселелермен қатар мемлекеттік орган мамандарының біліктілігі, қызмет этикасы, парақорлық пен сыбайлас жемқорлық мәселелерінің өзекті болып отыр. Бұл жағдайлар да БАҚ назарынан тыс қалған жоқ.
БАҚ қоғамдағы әлеуметтік топтардың көзқарастарын білдіре отырып, олардың өзара қарым-қатынастарын жандандыруға, саяси жүйені трансформациялауға, ақпарттық кеңістік құруға барынша септігін тигізеді.
Плюралистік негіздегі тәуелсіз БАҚ болуы Қазақстан Республикасының демократиялық қағидалардың нақты орындалуы мен саяси-экономикалық мәселелердің шешілуіне әсер етері анық.
Әдебиеттер:
1. Д.Сатпаев. Материалы круглого стола «Перспективы политических реформ в Казахстане: потенциал, ресурсы, актор», г.Алматы, 26.01.2004 г. - С4.
2. Назарбаев.Н.А. Стратегия трансформации общества и возрождения евразийской цивилизации. – М.: Экономика, 2000. – 574 с.
3. Музапарова Л.М. Казахстан: плюсы и минусы глобализации экономики // Саясат, – 1999. – №7. – С. 30-33.
4.Уильям Данкерли. Роль СМИ в экономическом развитии России //
журнал
«Отечественные записки» //http://www.strana-oz.ru