• Tidak ada hasil yang ditemukan

ЛАТЫН АМЕРИКАСЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҤРДІСТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ МЕН ТАРИХИ- ЭТНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ ЫҚПАЛЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "ЛАТЫН АМЕРИКАСЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҤРДІСТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ МЕН ТАРИХИ- ЭТНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ ЫҚПАЛЫ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

ӘОЖ 339.924 (8-6)

ЛАТЫН АМЕРИКАСЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҤРДІСТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ МЕН ТАРИХИ-

ЭТНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ ЫҚПАЛЫ

Ділдебаева Динара 4 курс студенті. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті. Астана қаласы.

Ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доцент Даркенов Қ.Ғ.

ХХ ғасырдың екінші жартысында шаруашылық ӛмірдің интернационализациялануының кҥшеюі нәтижесінде әлемдік экономиканың қазіргі дамуын анықтайтын негізгі ҥрдіс, яғни жаһандану қалыптасты. Жаһандану – интеграцияның жоғарғы формасы, сондықтан интеграцияны жаһандану шеңберінде қарастыруға тура келеді.

Мемлекеттердің экономикалық ӛзара тәуелділігінің халықаралық жаһандану салдарынан кҥшеюі ҧлттық, аймақтық және әлемдік деңгейде экономикалық жҥйелерді дамыта тҥседі.

Сонымен қатар әлемдік экономика және оның аймақтық сегменттерінің дамуында дисбаланстың ҧлғаюы, әлемдік экономикалық конъюнктураның тҧрақсыздығының кҥшеюі айқын бола тҥседі. Қарама-қайшылықтарды әлсірету ҥшін ҥнемі сәйкес келетін ҧлттық аймақтық және әлемдік мҥдделердің ізденісі қажет. Осы орайда әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында халықаралық интеграциялану саласында жҥргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер керек, себебі олар мемлекеттердің аймақтық ынтымақтастығының бағалауына және жҥзеге асырылуына ҥлес қосады.

Соңғы онжылдықтарда әлемдік экономиканың жаһандануының ықпалынан халықаралық экономикалық интеграция ҥрдісі ӛзекті болып табылатын жаңа тәжірибеге ие болды, себебі бҧл тәжірибе интеграция ҥрдісі жӛніндегі дәстҥрлі ғылыми тҥсініктерді нақтылауға, кеңейтуге және тереңдетуге мҥмкіндік береді. Қазіргі әлемде интеграциялық ҥрдістердің белсенденуі жағдайында барлық континенттерде ескі интеграциялық топтардың жаңаруы мен жаңа интеграциялық топтардың пайда болуы, олардың қҧрылымдық формаларының диверсификациясы, аймақтық экономикалық байланыстар шеңберінде еңбектің одан әрі терең бӛлінуі бағытында даму жҥріп жатыр. Интеграциялық модельдердің кӛптҥрлілігі мемлекеттердің басым кӛпшілігіне, олардың әлемдегі алатын орнына, әлеуетіне және даму деңгейіне қарамастан, осы ҥрдістерде ӛз орындарын табуға мҥмкіндік береді.

Әлемдік және аймақтық державалар интеграцияда ӛздерінің саяси-экономикалық басымдылық ету қҧралын кӛреді; дамушы мемлекеттер оны әлемдік экономикалық аренада ӛздерінің ҧстанымдарын кҥшейту мҥмкіндігі және әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында ҧлттық мҥдделерінің қорғанысы ретінде қарастырады.

Интеграцияның қазіргі даму тенденцияларының сараптамасы тек қана ғылыми тҧрғыда ӛзекті емес, сонымен қатар оның тәжірибелік мәні бар. Интеграция – экономикалық

45

(2)

даму деңгейі бойынша жақын ҧлттық шаруашылықтардың еңбек бӛлінісі және тҧрақты экономикалық байланыстардың даму ҥрдісі болып табылады. Сыртқы экономикалық алмасу мен ӛндіріс саласын қамтып, ол ҧлттық шаруашылықтардың тығыс байланысына, аймақтық шаруашылық кешендердің пайда болуына алып келеді.

Экономикалық ӛзара қарым-қатынас тҥрлері қатысушы мемлекеттердің шаруашылық даму деңгейіне тәуелді. Елдердің ерекшеліктері сәйкесінше интеграцияның кейпіне және қозғаушы кҥштеріне әсер етеді. Интеграцияның даму ҥрдісі кҥрделі әрі қарама- қайшылықтарға толы. Ол тек қана экономикалық емес, сонымен қатар саяси себептерден пайда болады. Интеграцияның негізгі себебі – жоғары деңгейде дамыған, ҧлттық шаруашылықтар шеңберінен асып тҥскен ӛндірістік кҥштердің талаптары. Тарихи тҧрғыдан бҧл ҥрдістің саяси және экономикалық факторларының ара қатынасы әр тҥрлі кезеңдерде ауысып қалыптасады. Халықаралық интеграцияға аймақтық қасиет тән, ол кӛбіне кӛршілес, территория жағынан жақын орналасқан мемлекеттерді біріктіреді. Интеграциялық бірлестіктерге ҧлттық шаруашылықтардың ӛзара тартылуы мен бірігуінде аймақтық айырмашылықтар, сонымен қатар интеграциялық даму деңгейлерінде айырмашылықтар тән.

[1, 97 б.]

Латын Америкасы – батыс жартышарда орналасқан материк. Екі мҧхитпен қоршалған, батысынан – Тынық, шығысынан – Атлант мҧхитымен. Мемлекеттер арасындағы шекаралар негізінен ірі ӛзендер мен тау жоталары арқылы ӛтеді. Мемлекеттердің кӛпшілігі мҧхиттар мен теңіздерге шыға алады. Аталмыш аймақ экономикалық тҧрғыдан дамыған мемлекет АҚШ-қа жақын орналасқан. Осылайша Латын Америкасының экономикалық-географиялық жағдайы оның басқа аймақтардан алшақтығына қарамастан ӛте қолайлы болып табылады. Мемлекеттік қҧрылымы бойынша латынамерикандық мемлекеттер егеменді республикалар (Аргентина, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Колумбия, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили, Эквадор), Ҧлыбритания қарамағындағы Достастық қҧрамындағы мемлекеттер (Гайана, Суринам), Ҧлибритания иеліктері (Фолкленд аралдары), Франция иеліктері (Гвиана) болып келеді. Бҧл территорияда ірі саяси немесе басқа қақтығыстар байқалып жатқан жоқ. Бҧған бірнеше себеп бар. Біріншіден, Оңтҥстік Америка елдерінің мәдениеттері, тарихтары ортақ, экономикалық даму жӛнінен ҧқсас. Екіншіден, рельеф пен табиғи жағдай қарулы қақтығыстарға мҥмкіндік бермейді: ӛзендер кӛп, әртекті рельеф және т.б.

Оңтҥстік Американың географиялық жағдайы шаруашылық дамуына ҥш аспект бойынша қолайлы. Біріншіден, мҧхиттар мен теңіздерге шығу, екіншіден, АҚШ-ның жақын орналасуы, ҥшіншіден, аса ірі табиғи-ресурстық әлеует, бірақ оны толық игеруге тарихи фактор кедергі болды. Мемлекеттің барлығы дерлік бҧрын отарлар болған, ал кейбіреулері әлі де болса тәуелді болып келеді. Географиялық жағдайдың сипаты бойынша оның аймақтағы интеграциялық ҥрдістердің дамуына қолайлы екенін кӛруге болады. Материктің ерекшеліктеріне мемлекеттер санының аздығын да жатқызуға болады, бҧл ӛз кезегінде интеграциялық ҥрдістердің дамуына оң әсерін тигізеді. Бірақ орографиялық жағынан Оңтҥстік Америка біркелкі емес. Шығысы жазықтық, ал батысы таулы болып келеді. Бҧл екі интеграциялық бірлестіктің пайда болуына алып келді: МЕРКОСУР және Анд тобы. Екі интеграциялық бірлестіктің болуы оңтҥстікамерикандық елдердің жақындасуына кері әсерін тигізуде. Менің ойымша Оңтҥстік Америка мемлекеттері консенсуске қол жеткізіп, аймақтың барлық мемлекеттерінің мҥдделеріне сай келетін интеграциялық бірлестік қҧра алады.

Оңтҥстің Америка минералды шикізатқа бай. Оның ҥлесіне мҧнайдың 18%-ы, қара металдың 30%-ы, тҥсті металдың 25%-ы және сирек кезесетін элементтердің 55%-ы тиесілі.

Кейбір пайдалы қазбалар қоры бойынша аймақтың жеке мемлекеттері әлем бойынша бірінші орында: мысалы, темір рудасы, ниобий, бериллий бойынша – Бразилия; мыс бойынша – Чили; сҥрме және литий бойынша – Боливия. Бірақ аймақтың пайдалы қазбалар қоры әлі толығымен зерттелмеген. Америка Қҧрама Штаттары Латын Америкасынан қажетті шикізаттың 70%-ын алады, соның ішінде қалайы концентраты мен бокситтердің 90%-дан

46

(3)

астамын, 50%-ға жуық мыс және темір рудасын пайдаланады. Осындай кӛптҥрлілік – тектоникалық қҧрылымдардың әркелкілігінің нәтижесі.

Су ресурстарымен қамтамасыз етілуі бойынша Оңтҥстік Америка елдері әлемдегі суға бай елдер қатарына жатады. Оңтҥстік Америка ӛзендері екі мҧхиттың – Атлант және Тынық – бассейндеріне жатқызылады, оларды бӛліп тҧрған – Анд таулары. Атлант мҧхиты бассейніне негізінен жазықтықтағы ӛзендер жатады, мысалы Амазонка, Ла-Плата, Ориноко және т.б., Тынық мҧхиты бассейніне – шағын таулы ӛзендер. Атлант мҧхитына ағып тҥсетін ӛзендері ауданы бойынша Тынық мҧхиты бассейні ӛзендерінен 8 есе ҥлкен. Ӛзендер кӛбінесе ылғалдану шамадан тыс артық болатын экваторлық аудандарда кӛптеп шоғырланған. Ҥлкен гидроэнергопотенциалға ие Оңтҥстік Америка ӛзендерінің энергетикалық мағынасы ӛсіп жатыр. Әсіресе таулы ӛзендердің, жалпақ ҥстірттер және ҥнемі дымқыл жазықтар ӛзендерінің әлеуеті зор.

Оңтҥстік Америкада әртҥрлі кӛлдер ӛте кӛп. Ең ірісі – кеуіп бара жатқан Маракайбо кӛлі. Шӛлді аудандарда кӛлдердің кӛбісі сор далаға айналып кеткен. Ҥлкен тропиктік ормандар – Оңтҥстік Американың маңызды байлықтарының бірі. Ӛкінішке орай оларды ӛте тез жойып жатыр, бҧл ӛз кезегінде кейіннен табиғи баланстың бҧзылуына алып келуі мҥмкін. Бҧл ормандар ӛсімдіктер мен жануарлар дҥниесінің байлығымен ерекшеленеді.

Оңтҥстік Америкада отын-энергетикалық ресурстар баршылық: мҧнай (Венесуэла, Перу, Колумбия және т.б.), газ (Боливия, Венесуэла және т.б.), кӛмір, уран. Соңғы жылдары гидроэнергетикалық ресурстар кеңінен игеріліп жатыр. Дәлірек айтқанда, Парагвай мен Бразилия шекарасындағы Парана ӛзенінде әлемдегі ең ірі гидроэнергетикалық кешендердің бірі «Итайпу» кешенінің қҧрылысы жҥзеге асырылды. Бірқатар мемлекеттерде атом энергетикасын дамыту бойынша бағдарламалар қабылданды. Қант қҧрағынан алынған этил спиртін сҧйық отын ретінде пайдалану саласындағы Бразилияның тәжірибесі кеңінен танымал. [2, 102 б.]

Жоғарыда сипатталғандай Оңтҥстік Американың табиғаты ауыл шаруашылығының да, ӛнеркәсіптің де дамуына ӛте қолайлы. Еуропалықтар ӛздерінің отаршылдық іс- шараларының алғашқы кездерінде кең ауқымды территорияларды мал шаруашылығы ҥшін пайдаланып, ӛнеркәсіпке аса кӛп мән берген жоқ. Тек кейін ғана ол белсенді тҥрде дами бастады.

Қазіргі таңда аймақтың индустриалдық келбетін Аргентина мен Бразилия айқындайды (оларға келетін ӛнеркәсіптік ӛнімнің ҥлесі – 2/3), Чили, Венесуэла, Колумбия және Перу. Аймақтың экономикасында негізгі ӛнеркәсіп салаларының бірі – тау-кен ӛндірісі.

Ӛнім қҧнының қҧрылымында 80%-ы отын, жанармайға (негізінен мҧнай), ал қалаған 20%- ы тау-кен шикізатына тиесілі. Тау-кен ӛндірісі бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттер ретінде ӛндірілетін ресурстарының кӛлемімен ерекшеленетін Венесуэла, Бразилия және Аргентинаны атап ӛтуге болады. Химия және мҧнай ӛңдеу, қара металлургия, машина жасау, қҧрылыс материалдарын ӛндіру қарқынды дамыды. Бҥгінде жаңа индустриалды мемлекеттер (Аргентина, Бразилия) ӛздерінің электроникасымен, автомобильдерімен, химия ӛнеркәсібі ӛнімдерімен тек қана ішкі нарықта емес, сонымен қатар халықаралық нарықта белгілі. Оңтҥстік Америка – табиғи және адам ресурстарымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген аймақ. Бірақ ең алдымен тарихи даму ерекшеліктерінен бҧл аймақ экономикалық-әлеуметтік дамудың қажетті деңгейіне жеткен жоқ. Дегенмен интеграция арқылы дамуға барлық алғышарттар бар. Оңтҥстік Америка халқының саны шамамен 355 млн. адам. Бҧл бір ғана ХХ ғасыр ішінде халық саны сегіз есе ӛскен жалғыз аймақ.

Біріншіден, бҧл табиғи ӛсім. Екіншіден, миграциялар айтарлықтай әсер етті. Мҧнда ҧзақ уақыт бойы қҧлдарды, негізінен негрлерді, алып келіп отырды. Ҥлкен ӛсім латынамерикан мемлекеттері халықтарының «жастығын» тҥсіндіреді.

Оңтҥстік Америка территориясын алғашқыда Солтҥстік-шығыс Азия тҧрғындары қоныстады, кейін олар миграциялық ағымдармен араласып, кӛптеген ҥндіс тайпалары мен халықтарының негізін қҧрады. Еуропалық жаулап алушылардың шапқыншылығына дейін ҥндіс тайпаларының кӛпшілігі алғашқы қауымдық қҧрылымның әр тҥрлі кезеңдерінде еді,

47

(4)

олар терімшілікпен, аң аулаумен және балық аулаумен айналысты. Аймара, ацтек, майя, инк және т.б. тайпалар алғашқы мемлекетттердің негізін қалады. Испандықтар мен португалдықтардың Американы жаулап алуы XVI-XVII ғғ. аяқталды. Тҧрғылықты халықтың қарсылығына қарамастан, Испания мен Португалия ӛздерінің тілдерін, діндерін алып келді және мәдениеттің қалыптасуына әсер етті. Капиталистік қатынастардың дамуы, шаруалар және қала тҧрғындарының кӛтерілістері отарлық жҥйені әлсіретіп, тҧрғылықты халықтың ҧлттық сана-сезімінің оятты. Испан отарларының 1810-26 жж. тәуелсіздік ҥшін соғысы отарлық жҥйенің кҥйреуімен аяқталды. Мемлекеттердің пайда болуы капиталистік қатынастар дамуының жеделдеунің алғышарты болды. ХІХ ғ. ортасында революциялық қозғалыстың жаңа кезеңі басталып, Аргентина, Колумбия, Венесуэла, Уругвай, Гватемалада азамат соғыстарына ҧласты, ал Перу, Гондурас, Бразилияда маңызды әлеуметтік реформалар жҥргізуге мәжбҥр етті.

Оңтҥстік Американың этникалық қҧрамы ӛте әркелкі, оны шартты тҥрде 3 топ бӛлуге болады. Бірінші топқа жергілікті халық, яғни ҥндіс тайпалары кіреді (қазіргі таңда халықтың 15%-ы). Екінші топ – еуропалық кӛшіп келушілер, ең алдымен испандықтар мен португалдықтар (креолдар). Ҥшінші топты плантациялардағы жҧмыстар ҥшін әкелінген негрлер қҧрайды. Этникалық жағынан біртекті болып келетін елдер – Уругвай, Чили, Аргентина, бҧл мемлекеттердің қоныстануы ХІХ ғ. екінші жартысында басталды, сондықтан мҧнда еуропалық ең кӛп шоғырланған. [3, 57 б.]

Оңтҥстік Америка – кӛптеген нәсілдер, халықтар, этностар мәдениеттерінің араласқан және әр тҥрлі ӛркениеттердің салт-дәстҥрлері қиылысқан жер. Осыған байланысты кейбір халықтардың, дәлірек айтқанда ҥндістердің, қҧқықтары еуропалықтар жағынан қысымға ҧшырады. Сол кезде Боливардың бастамасы бойынша Ангостур конгресі шақырылып, бҧрынғы отарлардың барлық халықтарының теңдігін жариялаған қҧжат қабылданды.

Әркелкі ҧлттық-этникалық қҧрамына қарамастан, аймақтың діни қҧрамы біркелкі. Ҧзақ уақыт бойы тек қана католицизм ресми дін ретінде танылып, басқа діндерге рҧқсат берілмеді. Сондықтан халықтың басым бӛлігі католицизм дінін ҧстанады.

Тарихы мен этникалық байланыстардың сипаттамасы бойынша материк біршама біркелкі болып табылады. Аймақ елдерінің кӛпшілігі Испания және Португалияның отарлары болған, сол себепті негізгі мемлекеттік тілдер – испан және португал тілдері, ал басым дін – католицизм. Этникалық тҧрғыда бәрі де біркелкі емес, алайда ӛзіндік ерекшеліктер бар. Халықтың ҥлкен бӛлігін метистер, мулаттар мен самболар, яғни аралас неке ҧрпақтары қҧрайды.

Осы барлық алғышарттар аймақтың барлық елдерінің қатысуымен интеграцияның дамуына оң әсерін тигізіп жатыр. Халықаралық интеграция кҥрделі, әркелкі, қарама- қайшылықтарға толы және ҧзақ ҥрдіс, себебі ол қоғамдардың әр тҥрлі мәдени-тарихи тҥрлерінің негізінде жҥреді; әр мемлекеттің ӛзінің тарихи қалыптасқан ерекшелігі, жеке мәселелері және мҥдделері бар. Аймақ деңгейінде мемлекетаралық интеграциялық бірліктің қалыптасуы кезінде мемлекеттер халықтарының этникалық-діни және қоғамдық-мәдени салыстырмалылығы ҥлкен мәнге ие. Кӛбіне қатысушылары бір немесе ҧқсас ӛркениеттерге жатқызылатын мемлекетаралық бірлестіктер мен одақтардың қызметі нәтижелі болады, себебі бҧл жағдайда экономикалық жақындасу тарихи, мәдени және діни ортақтықпен толықтырылады, бҧл ӛз кезегінде жалпы гуманитарлық жаңа кеңістіктің қалыптасуына алып келеді.

Әдебиеттер

1. Друзик Я.С. Мировая экономика: страны, регионы, континенты. Мн., 2002 г.

2. Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны.

М., 2003 г. Под редакцией Лаврова С.Б., Каледина

3. CEPAL. Panorama de la incercion internacional de America Latina y el Caribe 2001- 2002. Santiago de Chile, 2002 г.; DEL TLC al Mercosur. Mexico,2002 г.

(5)

Referensi

Dokumen terkait

Сонымен қатар, эксперименттер барысында ионды-плазмалы ток каналының үзілуін униполяр доғалы разряд тудыратыны, және оның салдарынан жоғары вольтты электрод беті күшті эрозияға

Сол себепті көп тұтынылатын, құрамында толыққанды және жеткілікті мөлшерде ақуыз, майлары бар сүт қышқылды өнімдерді, оның ішінде ірімшікті зерттеу сонымен қатар, құрамын өсімдіктекті

Сонымен қатар, ӛткен жыл бойынша Қазақстан сенімді және тҧрақты экономикалық ӛ су траекториясын кӛрсетіп отыр.. Экономиканың негізгі салаларының ӛнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, кӛ

Мемлекет Басшысының күш- жігерінің, оның негізді және батыл әрекеттерінің арқасында егемендікті сақтап қалып, оны нығайтып қана емес, сонымен қатар мемлекеттік дамудың кӛптеген

Бизнес-элитаны дербес саяси ойыншы ретінде сынға алып, оның саяси өмірдегі рөлі мен орнына қарсы шыққандардың көзқарасы бойынша, қолдарында шексіз қаржылық және экономикалық ресурстық

Оның ерекше маңыздылығы мынада: оқыту рефлексиялық және түрлендіруші әрекет бола отырып, оқу материалын қабылдау мен есте сақтауға ғана емес, сонымен бірге оқушының танымдық

14 3 №1 семестрлік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар «Теориялық экономика және экономикалық практика» пәні бойынша семестрлік жұмыстарға қойылатын басты талаптар: