• Tidak ada hasil yang ditemukan

Сидаков А.А.

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Сидаков А.А."

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

Сидаков А.А.

Қазақ гуманитарлық заң университеті Азаматтық-құқықтық зерттеулер институтының жоғары санатты маманы КОРПОРАТИВТІК ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕДИАЦИЯ МЕН ӚКІЛДІК

ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ 2009 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы судьяларының V- съезінде берілген Елбасының тапсырмаларын орындау шаралары туралы Жоспарының 6-тармағында «Дауларды қараудың альтернативті нысандары, соның ішінде жарастыру үрдістерін (медиация) енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын дайындау мәселелері қарастырылған.

Осы орайда беріліп отырған мақала құқық теориясындағы ӛкілдік институты мен медиация түсініктерінің арақатынасы туралы кейбір ӛзекті мәселелерге қатысты жазылып отыр.

Ӛкілдік және медиацияның ӛзара ұштасу кезеңдері мен жағдайлары құқық тәжірибесінде кеңінен кездесіп жатырғандығы бәрімізге белгілі.

Алайда, қазіргі кездегі медиация түсінігі салыстырмалы түрде ӛкілдік институтынан кейін пайда болып отырған құқықтық институттарының бірі.

Қазіргі таңда шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық қатынастардың тұрақтылығы кӛптеген субъективтік және объективтік факторларға тәуелді. Осыған байланысты кәсіпкерлік қызметтегі субъектілер арасында даулар мен таластардың туындауы сирек емес.

Бұл ӛзектілігі жағынан теориялық және тәжірибелік сұрақтардың бірі.

Осы орайда «корпоративтік даулар» мен «корпоративтік таластар»

ұғымдарының түсіндірілуі ӛзекті. Азаматтық құқық пен азаматтық іс жүргізу құқығының мамандары, сондай-ақ осы сұрақтармен шұғылданатын ғалымдардың пайымдауы бойынша «корпоративтік талас» - бұл соттағы қарастырылып жатырған дау [1]. Алайда, бұндай кӛзқарасқа бірқатар қарсы пікірлер де бар. Құқықтық доктрина мен заңнамада дауларды қараудың соттағы және соттан тыс тәсілдері бар екендігі кездейсоқ емес (мысалы еңбек, сайлау және әкімшілік даулар). Корпоративтік дау соттан тыс тәсілмен шешілуі де мүмкін (претензиялық тәртіптер мен медиаторлар (немесе өкілдер) арқылы).

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 5-тарауында аталып кеткен ӛкілдік институты, аталмыш корпоративтік даулар мен таластардың бір шығу жолы ретінде қарастырылуы мүмкін. Демек, басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген ӛкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі ӛкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, ӛзгетеді және тоқтатады [2]. Ӛкіл деп танылатын тұлғамен жүзеге асырылатын ӛкілдік беруші деп аталатын ӛзге тұлғаның атынан тұлғаның азаматтық

(2)

құқықтары мен міндеттерін тудыратын, ӛзгертетін немесе тоқтататын мәмілелер немесе ӛзге де юридикалық ерекше орны бар әрекеттерді жасау (мысалы, сотқа талап-арыз беру немесе сот отырысына қатысу) ӛкіл етушілік құқықтық қатынастарын айтамыз [3,496]. Демек, жалпы ережелер бойынша, азаматтық құқықтың субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар (корпорациялар) ӛзге тұлғалардың делдалдық қызметіне жүгінбей мүліктік айналымға ӛз атынан қатысуларына құқықтары бар. Алайда, осыған қарамастан азаматтық айналымда ӛкілдік институты кеңінен қолданылады.

Ӛкілдікке «мұқтаждық» ӛкілдік берушінің ӛз құқықтары мен мүдделерін немесе міндеттерін жүзеге асыра алмауы себебінен пайда болуы мүмкін. Егер осы негіздерді заңды тұлғалар мысалына аударатын болсақ, бұл реттерде ӛкілдің тәжірибесін, арнайы білімдері мен біліктілігін пайдалану үшін қолданылатын ӛкілдіктің осындай бір қырлары туралы айтуға болады.

Әдетте кәсіпкерлік қызметтегі ӛкілдік сол кәсіпкерліктің бәсеңдігін жойып, алғырлығын арттыру үшін қолданылуы ықтимал (мысалы, кәсіпкер атынын сотта өкілдік ету).

Кәсіпкерлік қызметтердегі корпорациялар үшін ӛкілдік институты ерекше мүмкіндік. Корпоративтік құқықта туындайтын дауларды алдын-алу немесе оларды шешу кезінде корпорациялар тек қана ӛз заңгерлерінің кӛмегіне жүгініп қоймай, ӛкілдердің қызметіне де назарларын аударады.

Қазіргі ғылымда ӛкілдік институты мен медиация (делдал қызметі, келіссөздер мен жарастыру) түсініктерінің арақатынасы, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары, бір сұраққа келгендегі шешу тәсілдерінің біркелкілігі мен әрнысандылығы, ғылымдағы ұштасу және түйісу жерлері қарастырылып, зерттелуде. Осыған орай, егер корпоративтік құқықтағы ӛкіл, корпорацияның тапсырмасы бойынша белгілі бір істі жүзеге асырумен айналысатын болса (мысалы, белгілі бір дауды шешу үшін өкіл қызметіне жүгіну), бұндай жағдайда сол ӛкілдің заңды мәртебесі медиатордың мәртебесімен тұспа-тұс келеді ме, медиатор мен ӛкілге ӛкілеттілік берудің тәртіптері қалай жүзеге асырылады және қалай ресімделеді? - деген сұрақтарға жауап іздестіріп кӛрейік.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 166–бабына назар салатын болсақ, онда кәсіпкерлік шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес ӛкілдік етуші адам (коммерциялық өкіл) ӛкілдің ӛкілеттігі жазбаша шарт негізінде, ал ол кӛрсетілмеген жағдайда – сенімхат негізінде де әрекет жасайды. Коммерциялық ӛкіл сонымен бір мезгілде ӛзінің қатысуымен жасалатын шарттың түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол ӛзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі кәсіпкердің ыждалағаттығымен орындауға міндетті [4]. Жоғарыда кӛрсетілген мәтіннің мазмұнынан біз коммерциялық ӛкіл ӛкілдік берушінің сенімхаты негізінде, не болмаса кәсіпкерлермен шарт жасасу негізінде ӛз қызметін жүзеге асыратындығын білдік. Бұл жағдай ӛз алдына ерекше маңызды.

Коммерциялық ӛкілдік - біздің азаматтық құқығымызға жаңадан енген ӛкілдіктің бір түрі. Коммерциялық ӛкіл - әрқашан кәсіпкер, кәсіпкерлердің тұрақты және дербес ӛкілдігі бойынша қызметін іске асырады.

(3)

Әдетте, коммерциялық ӛкіл келісімдердің іске асыруына арналған арнайы білімдердің, мәліметтердің, біліктілік пен іскерлік байланыстардың керектігі болған жерде қажетті. Мәмілелердің белгіленген категориялары белгілі бір мүлікке байланысты болғанда нақты анықталған мәртебесі бар немесе лицензияны иеленген тұлғамен жасалуы мүмкін (брокерлер, сақтандыру агенттері) [5].

Коммерциялық ӛкілдік дәстүрлі ӛкілдіктің түрінен ерекшеленеді.

Аталмыш ӛкілдіктің түріне арналған құқықтық режимнің тәртіп ерекшеліктерінің бастысы, коммерциялық ӛкілдің қарапайым мәмілелерден басқа бір ӛзге мәмілелерді іске асыру құқығының бар болуымен сипатталады [6].

Заңнама нормалары бір уақытта екі жақтың (мысалы, сатушы мен сатып-алушы, заемшы мен заем беруші және т.б.) ӛкілі болып табылатын коммерциялық ӛкілдің шартқа отыру мүмкіндігін рұқсат етеді. Бұндай жағдай заңға қайшылық тудырмаған кезде немесе жақтардың аталмыш сұрақ бойынша ӛз келісулерін берсе мүмкін бола алады. Келісімдердің мұндай түрлерін коммерциялық ӛкіл ерекше кәсіпкерлік қамқорлықпен жүзеге асыруы тиісті. Оған ұсынылатын ӛкілдігі бойынша жеке ӛзі үшін келісімдерді жүзеге асыра алмайды.

Коммерциялық ӛкілдік негізделетін шарттың нысаны жазбаша нысанда болуы тиіс. Әдетте бұл тапсырма шарты. Осы шартта ӛкілдің ӛкілеттігі және оларды жүзеге асыру тәртібі кӛрсетілуі тиіс. Егер шартта ӛкілеттігі кӛрсетілмесе ӛкілге сенімхат ресімделуі мүмкін [7]. Әдетте, коммерциялық ӛкілділікке жасалатын келісім-шарт ақылы болып келеді, яғни жасалған келісімге арналған сыйлық беруді болжайды [8].

Г.К.Дмитриеваның пайымдауы бойынша, американдық заңгерлер корпоративтік дауларды шешу жолдарының ӛкілдік институтына ұқсас медиация түрлерінің жиырмадан астамын қарастырады. Оның бір тәсілі делдалдық қызметке жүгіну болып табылады [9].

Корпоративтік дауларды еңсеру жұмысы бойынша қызметін атқаратын келіссӛздерді жүргізушілер немесе басқа сӛзбен айтқандағы медиаторлар (делдал – mediation) – таласты, дауды тәуелсіз бейтарап делдал, жақтармен келісімге жету үшін жағдай жасайды.

Тараптардың келісімі негізінде тағайындалатын делдалдық қызметтегі делдал дауды шешу бойынша келіссӛздерді жүргізуге тырысады. Бұл қызметін жақтардың әрбірімен жеке талқылау жүргізу арқылы, олардың мықты және әлсіз жақтарын саралай келе келіссӛз үрдісін алға тарту мақсатын басшылыққа ала отырып жүзеге асырады. Егер жақтар келіскен ретте, бұл үрдіс қосалқы жиналыстарда немесе алғашқыда бӛлек, содан кейін бірге ӛткізілуі мүмкін.

Ұлттық заңнамада медиация ұғымы әлі де жасалуда. Алайда, медиациядағы делдалдық қызмет қазақстандық тәжірибеге бұрыннан таныс.

Жоғарыда айтылып кеткендей, коммерциялық ӛкілдің қызметі кәсіпкерлермен шарт жасасу негізінде, немесе сенімхаттың негізінде жүзеге асырылып ресімделеді. Демек, кейбір жағдайларда сол коммерциялық

(4)

ӛкілдердің ӛкілдігін жүзеге асыратын медиациялық делдалдық сол қызметтерді жүзеге асыруы мүмкін. Делдалдың қызметі әдетте сенімхат негізінде жүзеге асырылады. Шарт негізіндегі делдалдық сиректеу болып келеді, дегенмен, кездесуі мүмкін.

Корпорациялар арасындағы даулар мен таластарды шешудің жолы ретіндегі келіссӛздер сенімхат негізіндегі делдалдықта ерекше орынды иеленеді. Олардың кӛмегімен кӛптеген азаматтық – құқықтық даулардың сілемі шешіледі, соның ішіне коммерциялық сұрақтарды да жатқызуға болады. Қазақстандық кәсіпкерлердің мейлінше жарастыру процедураларын осы делдалдық қызметі арқылы шешуді ұстанатынын және құптайтынын атап кету де орынды. Осылайша, біздің елдегі келісім-шарттарда тараптардың арасында қандай да бір келіспеушіліктер туындайтын жағдайда келіссӛздер жолымен шешуге тырысатындығы келісім-шарттардың тармақтарында кӛрсетілетіндігі кездесуде. Алайда, бұл норма тек қана формальді сипатта болады. Іс жүзінде даудың қатысушылары (заңды тұлғалар мысалында), не болмаса олардың заңгерлері білікті келіссӛздер жүргізуге бейімделмеген, дайын емес. Әдет бойынша, олар келісім-шартта кӛрсетілген медиацияға қатысты норманы елемей, уақыт, қаржы, тіптен қызу күштенуді мейлінше жұмсауды талап ететін тікелей сот әділдігіне, яғни жалпы юрисдикциядағы соттарға жүгінеді.

Делдал қызметінің мәні неде?

1. Іс бойынша мәліметтерді жинау, қарастыру – дауды делдал қызметі арқылы шешу мүмкіндігін анықтау;

2. Тараптарға делдалдық үрдістің мәнін түсіндіру – дауды шешу үшін тараптардың делдалдыққа дайындығын анықтау;

3. Тараптарға мәлімет алмасу мен келіссӛздер жүргізуге кӛмек кӛрсету;

4. Тараптардың келісімді анықтау мен оған қол жеткізуге кӛмек кӛрсету.

Осы ретте, делдал кейбір жағдайларды ескеруі қажет: тараптардың біреуі істің шешілуін әдейі создыртып жатырғандығын, істің мәні бойынша үшінші тұлғалардың мүдделері қарастырылғандығын, құқық нормаларының білместігінен немесе іс бойынша мәліметтердің аздығынан ӛзіне ыңғайлы келісімге келуге мүмкіндіктің болмағандығын ескеру және т.б. Егер делдал осындай олқылықтарға кӛзін жеткізетін жағдайда, делдалдық үрдіс кезінде тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылмауын байқап, қамтамасыз етуі тиісті. Олай болмаған кезде іс бойынша үрдісті тоқтатуға міндетті [10].

Жоғарыда аталып кеткен ережелерге сәйкес делдал коммерциялық ӛкіл сияқты ӛзіне ӛкілдік берген тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін, сондай- ақ «ӛзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі кәсіпкердің ыждалағаттығымен орындауға міндетті» деген түсінікке келіп тірелеміз. Осыдан ӛкілдік институтының қоснысандылығына кӛзімізді жеткізуге мүмкіндік бар.

Ӛкіл мен делдалдың (медиатордың) қызмет нәтижесі болып табылатын әрекеттің құқықтық салдарлары немесе зардаптары, ӛкіл беруші үшін ӛкілге берілген ӛкілеттілік шеңберінде басталатыны шарт. Бірақ, нәтижесінде ӛкіл

(5)

беруші ӛкілдің ӛкілеттіктен тыс жасаған қызметін құптайтын жағдайда, олар ӛкіл беруші үшін құқықтар мен міндеттердің туындауына себепті болады.

Ӛкілдік пен медиацияның бір элементі ретіндегі делдалдық қызмет ӛз алдына азаматтық құқықта ерекше, маңызды орынды иеленеді. Ӛмірде ӛз мүдделері мен құқықтарын қорғауға мүмкіндік болмайтын жағдайлар жиі кездеседі (мысалы, корпорация қызметкерлерінің қажетті біліктігі мен тиісті білімнің болмауы). Осындай жағдайларда ӛкілдің немесе делдалдың қызметі үлкен мүмкіндік.

Қазақстанда жаңадан тұрғызылып келе жатырған корпоративтік құқық үшін не медиациядағы делдалдық, не коммерциялық ӛкілдік институты ерекше бір ӛзіндік маңызға иеленіп, азаматтық құқықтың елеулі субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Бұл әрекеттерде біржақты және кӛпжақты мәмілелер қызығушылықты арттырады. Басқа да юридикалық әрекеттерге ерекше рольдегі: тауарды қабылдап алу, тауардың жетіспейтіндігі туралы актіні жазу, талаптар мен арыздарды қою сияқты мысалдарды келтіруге болады.

Шетелдік позитивті тәжірибе мысалына Ресей Федерациясы Сауда- ӛнеркәсіп палатасының бастауымен РФ-ның «Делдалдың қатысуымен жарастыру үрдістері туралы» федералдық Заң жобасының дайындалуын келтіруге болады. Бұл Заң жобада медиаторлар мен ӛкілдердің арақатынасы және кейбір сұрақтар бойынша біріңғай функцияларды атқаратындығы туралы айтылып кеткен. Демек, бұл ӛз алдына ӛзекті мәселелер қатарына жатқызылып отыр.

Ӛкілдік институты елдің заңнамасында барынша реттеліп, қоғамның ӛмірінде маңызды орынды иеленген. Соңғы жылдардағы орын алған қоғамдық – құқықтық ӛмірдегі шаруашылық ӛзгерістер ӛкілдікті қолданудың аясын кеңейткендігі туралы айтуға әбден мүмкіндігіміз бар.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1 Большой энциклопедический словарь. СПб.: Норинт, 2002. С.567;

2 Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі (Жалпы бӛлім) 163-бабы;

3 Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть).

Комментарий. Алматы.: «Жеті жарғы» 2003. С.496;

4 Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі (Жалпы бӛлім) 166-бабы;

5 Нерсесов Н. О. Избранные труды по представительству и ценным бумагам в гражданском праве. - М.: Статут, 1998. - 286 с.;

6 М. Брагинский Сделки. Представительство. Сроки. Исковая давность //Хозяйственное право 1995-6 с. 26.;

7 Толстой Ю.К. , Сергеев А.П.Гражданское право. СПб.-1996,с. 232.;

8 Калпина А.Г., Масляева А.И. Гражданское право. -М.-2003 с.222.;

9 Дмитриева Г.К. Международный коммерческий арбитраж. Учеб.

пособие. М.: Проогент, 1997;

(6)

10 Сулейменов М.К. Медиация в Казахстане: современное состояние и перспективы развтия. Юрист № 12, 2009 с. 12-19.

Referensi

Dokumen terkait

2.3 Параметры разъединителей внутренней установки Таблица 2.2 - Разъединители внутренней установки Тип разъединителя Uном, кВ Iном, А iдин, кА IT, кА tT, с Тип провода Ток