• Tidak ada hasil yang ditemukan

Түйе етін химиялық құрамы мен биологиялық құндылығын зерттеуі

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Түйе етін химиялық құрамы мен биологиялық құндылығын зерттеуі"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

УДК 664.002.35

ТҮЙЕ ЕТІН ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУІ

Кенжибекова А.Н., магистрант, Мақанғали Қ.Қ., докторант, Таева А.М., т.ғ.к., профессор, Ұзаков Я.М., ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор.

Алматы технологиялық университеті Қазақстан республикасы, Алматы қаласы

bivwi _ botanik @ mail . ru

Түйе шаруашылығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары тұңғыш рет КСРО-да сонау 1922 жылы өткізілді. 1980-1990-шы жылдары түйе етінің құрамы мен қасиеттерін ВНИИМП (Жалпыресейлік ет өнеркәсібінің ғылыми- зерттеу институты) белсенді зерттеумен айналысты. Негізгі түйе шаруашылығы (шамамен 50%) Қазақстанда орналасқанымен, көбінесе Түрікменнің бірөркешті түйелері зерттелінді [1].

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін шикізаттың осы түрін зерттеуге деген қызығушылық бәсеңдеді. Бірақ, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы табындық түйе шаруашылығының ірі орны болып табылады. Түйе шаруашылығының даму тұжырымдамасына сәйкес 2016 жылы 251 мың бас түйеге жету үшін және түйе ұшасы массасының өңдеу көлемі 9000 тонна болу үшін елімізде болжамдар бойынша түйенің жылдық өсімі 7,2%-ға өсуі қажет [2]. Аталған тұжырымдарды есепке алып, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Кеден одағының мүшесі екенін ескере отырып, түйе етін ет өнімдерін өндіруде сиыр етінің баламасы ретінде қолдануға болатынын аңғаруға болады.

Қазақстан түйенің екі түрі Camelidae (Camelus bactrianus, Camelus dromedarius) және олардың будандары өмір сүретін елдердің бірі болып табылады. Қазақстандағы түйе етін өндірудің экономикалық тиімділігі туралы деректер есептелмеген, дегенмен әлемдік масштабта тиімділігі мен пайдалылығы дәлелденген. Түйе тек әлеуметтік немесе мәдениеттік көрсеткіш қана емес, сонымен қатар, белсенді дамып бара жатқан мал шаруашылығының толыққанды қатысушысына айналды. Соңғы бірнеше жылда Таяу Шығыста түйе етіне деген сұраныс айтарлықтай өсті. Ғылыми зерттеулер көрсеткіштері бойынша, бірөркешті түйенің еті майсыз, құрамында холестерині аз.

Түйе шаруашылығымен айналысатын аудандардан тыс жерде түйе еті аз қолданылады, бірақ, бұл мал шаруашылығының саласы ұлттық мәдениеттің бөлігі болып саналатын өңірлерде, түйе еті маңызды тамақтану өнімі болып саналады. Балғын немесе тұздалған түйе етінен әр түрлі ұлттық тағамдар әзірленеді. Түйе етті жануар ретінде жақсы бордақылайды. Еттің сойылған ұшадан шығымы 50—60 % құрайды [3], солай бола тұра жекелеген жағдайларда ересек бактрианның мүшеленген ұшасы 620 кг-ға дейін жетеді, бірақ ұрғашы мен жас төлдер ұшасының салмағы әлдеқайда аз.

(2)

Түйелер бұлшық еттерінің жақсы дамығаны белгілі. Түйе ұшасындағы ет және сүйек арақатынасы 3,3–3,7:1 шамасында ауытқиды, бұл олардың толық етті екендігін дәлелдейді [4]. Түйе етінде ірі қара мал етімен салыстырғанда дәнекер тіні шамамен екі есе көп, бұл түйенің өмірдегі физикалық белсенділігінің көптілігімен түсіндіріледі.

Түйе еті қарқынды қызыл түске ие. Бұлшық ет талшықтары қалың, дөрекі, ал арқалықтар қарқынды дамыған дәнекер ұлпасымен жабылған .

Пісірілген түйенің еті қатты, сіңірлі, тәтті дәмі бар. Майы ақ, тығыз, бірақ, ірі қара мал майына қарағанда жұмсақ. Май терінің астында, әсіресе өркешінде жиналады. Майды ерітіп, аспаздықта қолданады, түйе кеңінен таралған елдерде бұл май қой және сиыр майынан артық бағаланады.

Түйе еті тағамдылық құндылығы мен дәмділік қасиеттерінің жағынан сиыр етінен кем түспейді, жас, әрі жақсы бордақыланған түйе ұшалары ең құнды болып саналады.

Зерттеу нәтижелері

В.М Горбатов атындағы ВНИИМП-та (Жалпыресейлік ет өнеркәсібінің ғылыми-зерттеу институтытында) түйе етінің физика-химиялық көрсеткіштері, тағамдық және биологиялық құндылығы бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізілді. Түйе етінің ет шикізатының басқа түрлерімен салыстырғандағы химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы 1 кестеде көрсетілген.

Кесте 1 – Химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы

Еттің түрі Массалық үлесі, % Энергетикалық

құндылығы 100 г тағамда, ккал Ылғалдылық

,%

Май,% Ақуыз,

%

Күл,%

Түйе еті 71,75 6,3 20,9 0,94 140,3

Сиыр еті 73,2 3,8 22,1 0,9 122,6

Ет шикізаты химиялық құрамының талдауы түйе етіне ақуыздың көп мөлшері және майлылығының төмен болуы тән екенін анықтады. Түйе етінің ақуыздары толық құнды, маңызды, сонымен қатар, теңгерімді аминқышқылдардың толық жиынтығын қамтиды.

Кесте 2 – Түйе етінің дәруменді құрамы

Дәрумендер Құрамындағы дәрумен мөлшері , мг/100г

Түйе еті Сиыр еті

Е 0,82 0,62

B1 (тиамин) 0,11 0,08

B2 (рибофлавин) 0,14 0,17

B3 (РР) (ниацин, никотин қышқылы) 3,30 3,54

B5 (пантотен қышқылы) 0,55 0,50

B6 (пиридоксин) 0,31 0,33

B9 (фолий қышқылы) 0,01 0,007

(3)

B12 (цианокобаламин) 0,003 0,003

B7 (Н, биотин) 0,003 0,003

А 0,05 0

D 0,002 0,001

Нәтижелерді талдау

Жоғарыда берілген кесте бойынша түйе етінің құрамында дәрумендердің көптеген түрі – А, Е, РР және В тобының дәрумендерінің айтарлықтай көлемі бар екені көрсетілген.

Түйе етінің аспаздық құндылықтары жайында ұзақ әңгімелесуге болады.

Едәуір қатарлы тамақ өнеркәсібінің өнімдері тиімді экспорттық тауарға айналуы мүмкін деп санайтын адамдардың бірі, түйе өсіретін Орталық Аустралия ассоцициясының төрағасы, Питер Сидел түйе еті туралы былай дейді: «Бұл генетикалық жағынан таза және денсаулыққа пайдалы тағам».

Сонымен қатар, түйе еті сиыр етіне қарағанда фосфордың айтарлықтай көлемін - 216-234 мг% қамтиды; темір, кальций және магнийдің көлемі бойынша түйе еті сиыр етімен қатарлас.

Қорытынды

Алынған нәтижелер түйе етін денсаулыққа пайдалы азық-түлік өндірудегі шұжық өнімдері және ет консервілерінің шикізаты ретінде пайдаланудың мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ болашағы зор екенін дәлелдейді. Мұндай өндірістерді ұйымдастыру халықты дәстүрлі және үйреншікті тамақпен қамтамасыз етіп, мал санын арттыру және мал шаруашылығын дамыту жолында жақсы ынталандыру ретінде қызмет ететін болады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

1. Химический состав мяса / А. Б. Лисицын, И. М. Чернуха, Т. Г. Кузнецова, О. Н. Орлова, В. С. Мкртичян // Москва. – ВНИИМП, 2011.

2. И снова о верблюжатине: исследование нутриентного состава / Я. М.

Узаков, И. М. Чернуха//Мясная индустрия,-№12, 2014.

3. 2.Y.M. Uzakov, Mira S. Serikkaisai, Dessislava B. Vlahova-Vangelova, 1Stefan G. Dragoev, Effect of Dry Goji Berry and Pumpkin Powder on Quality of

Cooked and Smoked Beef with Reduced Nitrite Content, Advance Journal of Food Science and Technology, 877-883 б, шілде 2014 .

4. Узаков Я.М., Соловьев А.Ю., Байболова Л.К., Жаксылыкова А.Н.

Разработка технологии функциональных мясных продуктов. Журнал Мясная индустрия, Москва 2010. - №3, 51-52 б.

Referensi

Dokumen terkait

Биологиялық процестер мен құбылыстарды түсіну және зерттеу үшін нақты ғылымның тұжырымдамалары мен тәсілдерін қолдануды қажет етеді.. Физикалық, химиялық, биологиялық эксперимент

Демек әлеуметтік бақылау өзін-өзін реттейтін жүйе ретінде қоғамның тұрақтылығы мен үйлесімді қызмет атқаруын ескере отырып, қоғам қабылдаған мінез-құлық нормалары мен құндылықтар