• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қоғамдық нормадан ауытқыған мінез-құлық әлеуметтік мәселе ретінде

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Қоғамдық нормадан ауытқыған мінез-құлық әлеуметтік мәселе ретінде"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

http://www.enu.kz ҚОҒАМДЫҚ НОРМАДАН АУЫТҚЫҒАН

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ Кәмен Д. Қ.

ғылыми жетекші: Досмурзаева Д. О.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті http://www.enu.kz

Қазіргі заман - дамыған заман. Заман дамыған сайын көптеген шешілу қажет проблемалар саны да артуда. Сол заманда өмір сүретін қоғам да күрделі мәселелер арасында. Қоғам - тұтас бір институттар мен ұйымдар шегінде бірлесе отырып, әлеуметтік өмір құрайтын адамдардың үлкен тобы. “Қоғам - адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өзара байланыстары мен өзара іс-әрекетінің тарихи қалыптасқан нысандарымен біріккен әрі тұрақтылығымен және тұтастығымен, өзін-өзі байытуымен, жеткілікті болуымен, реттеп отыруымен және өздігінен дамуымен, мәдени дамуының өзара байланыстары мен өзара іс-әрекетінің негізін құрайтын ерекше әлеуметтік нормалар мен құндылықтар көрініс табатын деңгейімен сипатталатын жиынтық” /1/.

Кез келген қоғам өзінің әлеуметтік, мәдени, діни, этикалық мұраттарына барынша сай келетін адамның белгілі бір типін қалыптастыруға тырысып келген және тырысады.

Алайда бұл мұраттардың мазмұны тарихи дәстүрлерге, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға, қоғамдық және саяси құрылымға қарай әр түрлі болады. Дей тұрғанмен қазіргі заманда қоғамның толыққанды мүшесінің мұраты көп, жалпы немесе әр түрлі қауымдастықтар үшін азды-көпті үйлесетін сипаттамасы бар екенін айтуға болады. Соған сәйкес әлеуметтену процесі де әр түрлі қоғамдарда белгілі бір ерекшеліктерді сақтай отырып, әмбебап және үйлесімді сипаттамаға ие болады, бұл ғаламдық, жалпы планеталық және жалпы әлемдік тенденциялармен яғни оларға, урбанизация мен ақпарат- тандырудан экологиялық және демографиялық үрдістерге дейінгілер жатады, осылайша байланысты.

Әлеуметтену процесінің мазмұны кез келген қоғам өзінің мүшелері еркектің немесе әйелдің рөлін сәтті меңгергеніне, өндіріс қызметіне білікті қатыса алуына және қатысқысы келуіне, берік отбасын құруына, заңды сыйлайтын азаматтар болуына және т.с.с. мүдделі екендігінде. Мұның бәрі адамды әлеуметтену объектісі ретінде сипаттайды. Алайда адам әлеуметтену объектісі болып қана қоймай, субъектісі болған кезде де қоғамның толыққанды мүшесі бола алады. Субъект ретінде адам әлеуметтену процесінде өз белсенділігін жүзеге асырумен, өзін-өзі дамытумен және қоғамда өзін-өзі көрсетуімен етене бірлікте әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгереді.

Егер де әлеуметтену процесінде адамның тұлғасы дамитын болса, онда ол адам үшін сәтті әлеуметтену болады. Әлеуметтену кемшілігінің көрініс табуы девианттік мінез- құлық болып табылады. “Девианттік мінез-құлық” категориясы мазмұнының үш қырын бөліп қарауға болады - біріншіден, девиация деп нормадан кез келген ауытқуды, тіпті прогрессивтік ауытқуды айтуға болады. Екіншіден, дәстүр бойынша девианттік деп әлеуметтік “жамандықтың” жағымсыз көрінісі ретіндегі девиацияны айтады. Үшіншіден, неғұрлым тар ұғымында девианттік мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады /2/.

Девианттік мінез-құлықтың өзіне тән белгісі мәдени релятивизм болып табылады:

мәселен бір іс-әрекет бір қоғамда дұрыс саналуы, ал басқа қоғамда - әлеуметтік патология ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұған әр түрлі халықтардың отбасы құқығы мен отбасылық дәстүрлерінен, әдет-ғұрыптарынан көптеген мысалдар келтіруге болар еді.

Егер де Голландия, Швеция, Норвегия сияқты елдерде гомосексуалдық некелерге рұқсат етіп, мұндай жұптардың бала асырап алу құқығын мемлекет қамтамасыз ететін болса, көптеген елдерде сияқты біздің Қазақстан қоғамында да мұндай жағдай қоғамдық мораль

(2)

http://www.enu.kz тұрғысынан да, заңнама тұрғысынан да мүмкін емес. Тіпті біртұтас заңнама қолданылатын, бірақ тұрмыста әр түрлі салт-дәстүрлерді ұстанатын халықтар тұратын, әсіресе бұл салт-дәстүрлер діни нормалармен сақталатын бір мемлекеттің өзінде қиындықтар пайда болады. Мысалы Қазақстандағы азаматтық құқық бойынша бір некелілік талаптары мен ислам мойындайтын көп әйел алу дәстүрі арасындағы қақтығыс осындай. Мәдени релятивизм екі түрлі қоғамның ғана емес, сондай-ақ бір қоғамның ішіндегі екі немесе бірнеше үлкен әлеуметтік топтардың салыстырмалы сипаттамасы бола алады. Мұндай топтардың мысалы - саяси партиялар, үкімет, әлеуметтік тап немесе топ, діндарлар, жастар мен жеткіншектер, әйелдер, аз ұлттар.

Қоғам түрлі тәсілдер мен құралдарды пайдалана отырып, әрқашан ауытқытушы мінез-құлықтардың жағымсыз нысандарын басып тастап отыруға тырысады. Әрбір әлеуметтік топта өз мүшелерінің мінез-құлықтарын тиісінше жасалған үлгілер шеңберінде сақтайтын әлеуметтік бақылау жүйелері болады. Жалпыға ортақ қабылданған үлгілер шеңберіне сыймайтын мінез-құлықтарды тиісінше қоғам санкциялаған болады. Санкция - әлеуметтік бақылау элементтерінің бірі /3/. Әлеуметтік бақылау мойындауды білдіру, марапаттар мен ерекшелік жүйелері ретінде анықталады, солардың арқасында тұлғаның мінез-құлқы қабылданған мінез-құлық үлгілеріне сәйкестендіріледі. Демек әлеуметтік бақылау өзін-өзін реттейтін жүйе ретінде қоғамның тұрақтылығы мен үйлесімді қызмет атқаруын ескере отырып, қоғам қабылдаған мінез-құлық нормалары мен құндылықтар жүйесіне сәйкес келетін жеке адамның мінез-құлқын қамтамасыз етуді мақсат тұтатын түрлі әрекеттер мен санкциялар, ынталандырулар мен марапаттар арқылы жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік бақылау топтағы конформизмді қалыптастырады. Адамның кез келген мінез-құлқы мен әрекеттері бақылауға жата бермейді. Әрбір адамның қоғамның түріне, топтағы қоян-қолтық қызметке, оның институттарының сипатына, жеке адамның топтағы ұстанатын позициясына қарай кең немесе тар болатын белгілі бір жеке аясы болады. Осынау іс-әрекет тұтас топты қаншалықты маңызды қозғайтын болса, оған қарсы қуғын-сүргін де соншалықты салмақты болады.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында девиацияның биологиялық және психологиялық табиғаты туралы түрлі концепциялар пайда бола бастады.

Девиация тұжырымдамалары.

Түсіндіру тұрғысындағы

девиация

Теория Автор Жетекші идея

1 2 3 4

Биологиялық Қылмыстық

бағыныштылықпен Байланысқан

физикалық белгілер

Девианттар арасында жиі кездесетін дене бітімінің ерекшеліктері

Ч. Ломброзо

У.Х. Шелдон

Дене бітімінің

Физикалық ерекшеліктері девиациясының себебіне айналады

Психологиялық Психоаналитикалық теория

З. Фрейд Тұлғаға тән қақтығыстық жағдайлар девиацияны тудырады

Әлеуметтік Аномия

Әлеуметтік дезорганизация

Э. Дюркгейм

Шоу Маккей

Девиация әлеуметтік нормалардан ауытқу салдарынан туындайды.

Көп жағдайда девиация мәдениет

(3)

http://www.enu.kz

Мәдениеттанушылық теориялар

Стигмеотизация теориясы

Радикалды криминология

Селлин, Миллер, Сутерленд, Клауорди, Оулин Беккер

Турк, Квинни, Тэйлор,

Уолтон Янг

құндылықтарының, нормалардың және

әлеуметтік байланыстардың бұзылуынан, әлсізденуінен қарама-қайшы жағдайға түскендігінен пайда болады.

Девиацияның пайда болу себебі, субкультура мен мемлекеттік нормалар арасындағы конфликтілер Девиация билігі бар топтардың барынша аз қорғалған топтардың мінез құлықтарына қоятын таңба тәрізді.

Девиация капиталистік қоғамның нормаларына қарсы әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Сонымен, девианттық мінез-құлық –кез келген қоғамдағы қабылданған әлеуметтік мінез-құлық нормаларына қарама-қайшы келетін қылықтар жүйесі. Бүгінгі таңда девиантты мінез-құлқы бар балалардың және нашақорлық пен ішімдікке тәуелді балалар санының өсуі өзекті проблемаға айналып отыр. Девианттық мінез-құлық – бұл балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қоғамдық қылмыс белгілері мен қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Олардың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды. Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация,оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм,наркомания, қоғамға жатқылық-тар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.

Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топ-қа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:

- жанұяда берекенің болмауы;

- ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;

- тәрбие берудегі кемшіліктер;

- өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

- өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

- сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

- психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

- агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

- мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары.

(4)

http://www.enu.kz Қорыта келгенде, болашағыңды болжау үшін ұрпағыңның денсаулығы мен тәрбиесіне көңіл бөлу керек екендігін естен шырмай, әрбір отбасы бала дүниеге келгеннен кейін емес, баланы дүниеге әкеле алдында тәрбиеге мән берсе дұрыс болар еді.

Әдебиет

1. Социология. Учебное пособие. - М.: Изд-во “Знание”, 1995. - С..145/.

2. Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведения. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2002. - С. 10/.

3. Социология. Основы общей теории. Учебное пособие / Под ред. Г.В.Осипов, Л.Н.Москвичева. - М.: “Аспект-Пресс”, 1998. - С.174/.

4. Кравченко А.И. Социология. Учебное пособие для студентов высших заведений. - Екатеринбург: Деловая книга, 1998.

5. Социология: Оқулық / Редакциясын басқарған проф. М.М.Тәжин. – Астана, 2004.

Referensi

Dokumen terkait

Құқық саласы ретінде конституциялық құқық – бұл қоғам мен мемлекеттің құрылысының негіздерін, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық

Бірақ, ұлттық мінезді туа пайда болатын қасиет ретінде немесе белгілі бір халықтың бірігіп ӛмір сүру барысындағы пайда болған әдеттер жүйесі ретінде қарастыру немесе ұлттық мінез