• Tidak ada hasil yang ditemukan

Тәуелсіз 20 жыл: әлеуметтанулық көзқарас

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Тәуелсіз 20 жыл: әлеуметтанулық көзқарас"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

Қалдыбаева Т.Ж., ә.ғ.д., профессор П.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық үлттық университет

Тәуелсіз 20 жыл: әлеуметтанулық көзқарас

Тәуелсіз Қазақстан елінің 20 жылдық болмысы.... Тәуелсіздік кімнен, неден, қалайша? Еліміздің жиырма жылдық мерейлі күні қарсаңында осындай сұрақтар оның жауаптарын тағыда бір саралап, ойдан өткізіуді сұрап тұрғандай.

Қазақ халқының ел іргесін сақтап қалу, тәуелсіз елдік үшін ғасырлар бойғы жаулап алу ниетіндегі шапқыншылармен күрес жүргізіп келгені тарих шындықтары ретінде жазылып қойылған. Біздіңше, соңғы үш мыңжылдықтың қазақстандық кеңістік үшін ерекшеліктері өзінше.

Өз уақытындағы алып мемлекеттердің бірі Ресейдің қойнауына ену саяси- территориялық, территориялық-географиялық жағдайлармен, әсіресе, өткен ғасырлардағы әлемдегі ірі метрополиялар арасындағы территорияларды, саяси- экономиялық кеңістіктерді өзара бөлшектеп жаулап алу бәсекелестігі үрдісімен астасып жатқаны анық. Егер Батыс елдер Оңтүстік Шығыс Азияға, Африкаға, Латын Америкасы әлеуметтік-территорилық кеңістіктерін қармап қалып жатса, патшалық Ресей елі жақын жатқан территориялық-географиялық кеңістікті өз ықпалына алып, осынау кең көлемді аймақтарды игеруді мақсат тұтқаны әлемдік шындықтардың бірі.

Ресей елі де сыртқы территорияларды жаулап алу саясатында әлемдік ірі метрополиялар пайдаланған бірқатар әдістерді кең көлемді пайдаланған. Соның олар үшін бір тиімді жолы – көз салынған аймақтарды ғалымдардың, ең алдымен, ірі зерттеуші географтардың көмегімен жақсылап, жан-жақты барлап алу болған. Себебі бұл ғалымдар зерттеу объектісіне тек географиялық, климаттық тұрғыдан ғана қарастырмаған. Олар шынайы жан-жақты танымдық жұмыстарды жүргізе асыра отырып, бұл аймақтардың экономикалық укладдарын, тіршілік көздерін, өмірлік сенімдері мен дағдыларын, дәстүрлік ерекшеліктерін, территориялық орналасу ерекшеліктерін, тб. әлеуметтік антропологиялық және географиялық-экономикалық құбылыстарын терең зерттеп, мемелекет басшылығын қажетті ақпаратпен қамтамасыз еткен. Семей, Өскемен, Қызылжар, тб. қамалдар салынуы, сауда-экономикалық орталықтардың негізделуі, ресейлік шаруалар мен ескідіншілдерді Қазақстаннның шұрайлы өңірлеріне қоныс аудару, кенді орындарды ашып, өндіріс орындарын ашу, бәріде алдын ала алынған ғылыми танымдық мәліметтермен байланыстыра отырып іске асырылған.

Отаршылдықтың жүз тоқсанға жақын уақыты тарихи алдыға жылжудың өзіндік кезеңі. Оның оңдысы мен оңсызы қатарласы жүріп жатты. Біздің түсінігіміздегі оның оңдысы – дәстүрге айналып алған шетелдік шабуылдардан ірі мемлекеттің қорғауында болу, мемлекеттік басқару құрылымындағы қазақ даласының өзіндік жүйесінің жасалуы, мектеп білімінің далалық ортаға келе бастауы, көшпелілік пен отыршылдықтың үндестігі байқалып, көшпелі мал

(2)

шаруашылығымен қатар жер шаруашылығы мәдениетінің де бой көтеруі, патша үкіметіне қарсы революциялық көңіл-күйдегі азаматтармен арабайланыс жағдайында қоғамдық ортадағы сана-сезімнің оянуы, кен өңдеуші өндірістардің пайда болып, күрескер пролетариат қатарында қазақ азаматтарыныңда бола бастауы, қолөнердің, саудалық айырбастың дамуына, ауқатты орта балаларының іргелі білім алуына мүмкіндіктің бола бастауы, тб.

Оңсызына келетін болсақ, олардың бастылары: қазақ халқының саяси- экономикалық тағдырының сырттан шешілуі, ұлттық қанау мен таптық қанаудық қатарласып жатуы, «дербес елдік» ұғымы мен шындығының ұмыт болуы, қазақ даласындағы саяси-элеуметтік, мәдени-рухани құбылыстардың жергілікті халықтың еркінен тыс жасалуы, тек саяси, экономикалық емес әрі әскери тұрғыдағы бағыныштылық..

Дегенмен, тек пашалық басқару мен қатаң бақылау жағдайының өзінде оқығандар және қалалық әлеумет ортасына әлеуметтік әділеттік үшін, отарлықтан шығу үшін күрестің қажеттілігі туралы ой-сана өрістеді. Бір жағынан патшалық үкімет субъектілері мен оған жағынушы қазақ арасындағы жоғағы топ ортасында, екінші жағынан олардың қарсыластары тарапынан ұйымдық үйлесім тереңдей түсті. Бүкіл Ресейдің қарапайым халқы мен бірге қазақ даласыда бір ірі дүбір қарсаңында тұрды.

Соңғы ондық жылдары социалистік идея, оны негіздеушілер мен іске асыруға тырысушылар төңірегінде біздің қазіргі әлеуметтік ортада көптеген қарама-қайшы пікірлер таласып жүр. Алайда социалистік тәжірибенің сәтсіз аяқталғанына қарамастан, адамзаттың ғасырлар бойы халық үшін қолайлы, әлеуметтік әділдікке қол жеткізетін қоғам туралы армандап келгенін, тіпті қазіргі әлемдік капитализм жағдайында да, әлеуметтік көпқабатты қоғамдар жағдайында да миллиондаған адамдардың әліде әлеуметтік әділдік пен әлеуметтік ынтымақты арман ететінін ешкімде жоққа шығара алмайды.

Идеяның, егер ол адамдар санасын жаулап алса алдырмайтын қамалға айналатынын тарих талай рет дәлелдеді, дәлелдеп те отыр. Жойқын соғыстан гөрі идея арқылы ықпал аймағын жеңіп алуға болатынын қазіргі жаһанданушы әлемнің ықпалды субъектілері жақсы түсінеді. Біз қазір тағыда идеялар алаңындамыз. Тек оның әдістері өзгерді.

Сонымен, 1917 жыл әлем тарихындағы ерекше жыл, әлеуметтік-саяси консенсус болмаған жерде әлеуметтік жарылыстың болуы мүмкін екендігін ескертіп, жұмыс берушілер мен метрополияларға елеулі ой тастаған, салдары, тарихи сабағы жағынан бір елдің шеңберінен шығып жатқан елеулі тарихи уақиға жылы. Сол тарихи уақиғаның қойнауында бұрынғы Ресейдің басқа халықтарымен бірге қазақ әлеуметі де болды. Жаңа өмір бастады. Бұл өмір, кейбір авторлар сипаттағандай, тек қараңғылықтан және сталиндік репрессиядан тұрған жоқ.

«Советтік кезең» деп аталған тарихи кезеңге әлеуметтік тұрғыдан келетін болсақ, оның бергені де алғаны да баршылық. Халықтың жаппай сауаттанып, қалалар дамып, ұжымдасқан еңбекке негізделген әлеуметтік орталар қалыптасып, ұлттық зиялылар өсіп тәрбиеленіп, білім ошақтары дамып, қазақ ұлты негізі болған автономды, кейін республикалық көпэтносты Қазақстан бой

(3)

көтерді. Қоғам есебінен берілетін білім мен медициналық көмек, қуатты білім жүйесінің болуы тіпті постсоветтік кезеңде де бұл кеңістікті біліми және мәдени әлеуетті орта ретінде танытып келеді. Алайда бастапқы әділетті қоғам орнату идеясы бірте-бірте Орталық басшылық тарапынан бүлініп, бұрмаланып, идеяландырылған отарлаудың жаңартылған әдістері іске қосылып келді (қазіргі Еркін ел жағдайындағы алдан шығып отырған бірқатар проблемалар сол кешегі жұмысқы отарлау саясатының жалғасуы салдарларымен тікелей байланысты).

Тәуелсіздікті қолға алу мәселесі күн тәртібінде қала берді және мәселенің өткірлігі «жариялылық және демократия» уақыты ретінде тарихқа енген өткен мыңжылдықтың 80-ші жылдары ерекше сезілді. Жасырылып келген әлеуметтік мүдделер туралы ой-пікірлер бетке шығып, іштей тынған әлеуметтік сезімдер бұлқынысқа келе бастады. Соның бір әлеуметтік-психологиялық құбылысы 1986 жылғы желтоқсан уақиғасы, әлеумет арасындағы қиналыстарды бейнелеген көркем туындылар мен шығармалардың жарыққа шығуы, тб.

Сонымен, 1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы Декларацияның қабылдануымен және 1991 жылдың аяғында негізінен жоғарыдан басталған қозғалыстар нәтижесінде халыққа жеткен Тәуелсіздік елімізге не әкелді, шынайы тәуелсіз мемлекет болып орныға алдық па? Ол туралы өз ойымызды төменгі тезистерде баяндауға тысыстық.

Бірінші тезис: жаңа Қазақстан алдымен өзінің мемлекеттік шекарасын айқындады, заңдандырып бекітті, өзінің тәуелсіз билік жүйесін құрылымдап, жас мемлекет өзінің ішкі және сырқы саясатын өзі жасады. Жаңа жас қоғамның дамуының стратегиялық даму бағыттары жасалынып, халықтың қазіргі және болашаққа бастар жолы идеялық, бағдарламалық айқындалды .

Екінші тезис: елдің елдігін, оның бір тұтастығын іштей бекіту шаралары іске асырылды, осы мақсатта өңірлердің этнодемографиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ел бірлігі үшін оны елеулі өзгерту қажеттілігін мақсат ете отырып, елеулі әкімшілік-территориялық өзгерістер жасалды.

Үшінші тезис: экономиканы реттеудің өзіндік ұстанымы айқындалып, соған сай өндірістік қарым-қатнастарды қайта жасау ісі басталып кетті. 1992 жылдан басталып 3 кезеңнен өткен жекешелендіру саясаты әлемдік экономикалық қатынастар үрдісімен үлестіруге бағытталған нарықтық қатынастың пайда болып, қарқынды дамуына біртіндеп алып келді. Экономикасы оза дамыған елдер қатарына кешікпей енудің бірден-бір сенімді жолы ретінде қазақстандық қоғамды үдете индустрияландыру бағдарламасы қарқын алды.

Төртінші тезис: Мемлекеттің ұлттық білім жүйесі айқындалып жасалды.

Алғаш рет қазақ балабақшалар мен мектептері концепциялары жасалды.

Мемлекеттік бюджеттің әліде әлсіз жағдайында жастарды біліммен қамтудың жолы ретінде жоғары және арнаулы орта білімнің рыноктық қатынасқа енуіне жол берілді. Қазіргі жағдайда барлық оқу орындарының мемлекеттік стандартқа сай білім беруі мемлекеттің бақылаудың күшейтілуі арқылы реттелуде.

Бесінші тезис: жаңа тәуелсіз қоғамның әлеуметтік әлеуетін дамыту, рухани, мәдени тұрақтылық пен даму мақсатында елеулі істер атқарылып, ғылымды дамытуға ерекше басымдылық беріліп, алыс шет елдік озық тәжірибеден

(4)

үйрену, жас ұрпақтың бала кезден интеллектуалыдық дамуын қамтамасыз етудің елеулі шаралары іске асырылды. Елдікті рухани жаңарудың аса маңызды шарасының бірі – мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасының іске асуы.

Алтыншы тезис: тәуелділіктің табы әбден жанына батқан қазақ тілін тәуелсіз елдің мемелекеттік тілі мәртебесіне тек заң жүзінде емес, іс жүзінде қол жеткізуіне қыруар шаралар атқарылды. Тек білім жүйесі ғана емес, билік, ғылым, өндіріс қазақша сөйлей бастады. Орыстілділік бойына ғана емес, санасына де терең сіңіп, өмірдің орнығып алған шындығы болғанымен, осы ортаның өзінде сең қозғалып, өзі болмаса жас ұрпағының мемлекет талабымен бірге болуын қалайтындардың саны елеулі артуда.

Жетінші тезис: қиындығы мен қайшылығы мол 90-жылдарынан әлеуметтік жарылыссыз өте алған, әлеуметтік-таптық көпқабатты болып қалыптасқан және көпэтностығына көпдінділігі келіп қосылған этномәдени және конфессиялық көптүрлі жас мемелекет өзінің азаматтарының ізгілікті қарым- қатынасымен әлемді өзіне қаратты, тек этносаралық қана емес, діниаралық әлеуметтік арабайланыстардың мәдени-психологиялық үйлесімділігі идеясын әлемдік діндер лидерлері арқылы адамзаттық игілікке айналдыру жолында тәуелсіз қазақстандық қоғам елеулі істер атқарды.

Сегізінші тезис: ондаған жылдар бойы құрылған бірлік-берекеден бір сәтте ажырап қалмай, жаңа заманның сұраныстарына бірлесе жауап табуға, бір түнде белгілі себептермен ыдырап түскен КСРОдан тараған жас тәуелсіз мемлекет басшыларының басын қайта қосуға күш салып, оның нақты тетігі ретінде Тәуелсіз мемелекеттер Достастығын құруды қамтамасыз еткен де тәуелсіз Қазақстанның басшысы болатын. Еріктіліктен басы айналып, жабық есік саясатын ұстанғандарды да ақылға шақырып, әлем өркениетінде Еуразиялық кеңістіктің алатын орнын ғана көрсетіп қоймай, соған қол жеткізуді нақты шараларын шаршамай алға жылжытып келе жатқан да тәуелсіз Қазақстан көшбасшысы.

Тоғызыншы тезис. Ел Ордасын Алматыдан Астанаға ауыстырып, жаңа құрылып жатқан елдің қиындығы мол жылдарының өзінде аңызға айналған қала салып, оны тек республиканың және ТМД елдерінің ғана емес, әлемдік саясаттың түйінді тірегі ету ісі де орындалды.

Оныншы тезис: елдің интеллектуалдық ортасын жұмылдыру арқылы барлық қазақстандық әлеуметтің басын ортақ әлеуметтік құндылықтар төңірегіне біріктіре алатын қуатты саналық күш – Ұлттық идея жасалды. Бұл бәрінен де жоғары тұрған, сана арқылы қоғамдық қатынастарды реттеуге мүмкіндік беретін маңызы ерекше құбылыс.

Аталған тезистердегі атап айтылған факторлар тарих үшін қысқа ғана әлеуметтіктарихи кезеңде ғана Қазақстан Республикасының қандай тәуелділіктен арылғанын, тәуелсіздікті бекіту үшін қандай іс атқарғанын, тәуелсіздікті қаматамасыз етудің негізгі тетіктері қайсылары болғанын айғақтайды.

Жаһандану заманында тәуелсіздікке қатер төндіретін тараптар қатары да, олардың іс-әрекеті сипаты да өзгеруде. Олай болса Ел тәуелсіздігі, оны қоғау және экономикалық, рухани, саяси бекіту мәселесі әліде күн тәртібінде.

(5)

Referensi

Dokumen terkait

Ж үргізілген зерттеу ж ұм ы сы ны ң н егізгі мақсаты ол - шабылған ет жартылай өнімдерінің технологиясын өндіру және фермент препараты мен асқабақ ұнтағы қосылған жартылай дайын ет

Алайда, орталық дегейде, Астана және Алматы қалаларында партиялық саяси ықпал жоғары болғанмен, саяси таңдамалардың басты бағыт- бағдары партия көшбасшылары мен белсенді мүшелері болып

Міндетті экологиялық аудит өзінің сипаты бойынша Мемлекеттік болып табылады және әдетте, экологиялық қауіпті кәсіпорындар мен қызмет түрлеріне қатысты міндетті түрде жүргізіледі: 1Егер

Бҧл қисық сызықтардың ішінде тӛрт ретті қисықтардың нҥкте мен тҥзуден және екі ретті және ҥш ретті қисық сызықтардан кейінгі кӛп таралған геометриялық элементтер болып табылады.. Тӛрт