ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР Кошумбаева Эльвира Ш.Уәлиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университетінің студенті
Ғылыми жетекшісі – Сулейменова З.Е., жалпы педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы
Мен - қазақпын мың ӛ ліп, мың тірілген. Жӛргегімде таныстым мҧң тілімен. Жылағанда жҥрегім, кҥн тҧтылып, Қуанғанда кҥлкімнен тҥн тҥрілген.
деп Жҧбан Молдағалиев жырлағандай, бҥгінгі жастардың қайсыбірі осылай айта алар екен ?!
«Болашағыңды болжайын, ауылыңның жастарын кӛ рсетші»,- дейді халық даналығы.
Сондықтан бҥгінгі жастар ҧлтымыздың болашағы, еліміздің келешегі. Ендеше, қазақ жалқының ҧлт болып сақталып қалуында жас ҧрпақ тәрбиесінен асқан маңызды мәселе жоқ.
Ал тәрбие берудің тҥп қазығы, негізі – халықтық педагогикада.
Қазақ халық педагогикасы әрдайым ата - ананы, қарттарды қҧрметтеуді, балаға, әлсіздерге кӛмектесуді уағыздап қастерлеген. «Ата-анаға деген борышыңды Меккеге жаяу арқалап апарсаң да ӛтей алмайсың » - дейді халық. Қазіргі рухани жҥдеушілік кезінде осындай асыл сӛздердің мағынасына жастардың назарын аударған жӛн. Ӛйткені ата-анасын сыйламайтын, бақпайтын, олардың тек пенсиясын алуды ғана кӛздейтін жастарымыз да баршылық. Әйтпесе жетімін жылатпайтын, жесірін қаңғыртпайтын, қарттарын мәпелеп кҥ тетін
87
қазақтың тарихында бҧрын болмаған «Қарттар ҥйі», «Жетімдер ҥйі» қайдан келді? Әрі олар жыл санап азаюдың орнына, керісінше кӛбейіп келеді.
«Ата менен анаңды қҧ рметтесең, Мекке болып табылар ҥйің іші, «Ақ сҥтін беріп асыраған ананы, әлпештеп ӛсірген атаны қҧрметтесең қҧдай жолын қуып
Меккеге барумен пара-пар»-деген ойдың бҥгінгі кҥннің жастары ҥшін мән-мағынасы жойылғаны ма?! Неге осы жастарымызды халқымызда жиналған рухани мол мҧрамызбен сусындатпасқа.
Басқа халықтарда кездеспейтін ауыз-әдебиетінің ҥ лгілері – айтыс ӛнері, терме, тҧрмыс- салт ӛлеңдері шешендік сӛздер тек біздің халқымызға ғана тән қасиеттер екендігі айтпаса да тҥсінікті. Қазақ халқының сӛз саптауы, сӛз байлығы, сӛздік қоры қай елден болса да кем емес.
«Кӛп ішінде сӛйлеген – кӛ семдіктің белгісі, Кӛпке сӛзі ҧнаған – шешендіктің белгісі»
- дегендей, мақалдап сӛйлеу арқылы жастар сӛз
мәдениетін меңгереді, оған жауапкершілікпен қарап ҥйренеді, басқалардан да соны талап етеді.
Қазіргі кезде біз тіл тазалығы ҥ шін кҥ ресуіміз керек. Дӛ рекі сӛ йлейтін, екі сӛзінің бірі боқауыз, соған ӛздері мәз болып кӛшені басына кӛтеріп кҥлетін жастар да арамызда баршылық. Сондықтан ең алдымен, жастарды ана тілді ардақтап, оны қадір тҧ тып, сҥйе білуге тәрбиелеу керек. Әр халықтың ҧлттық психологиясының негізгі бір жағы - сол ҧлттың тілі.
Ҧлттық тіл сол халықтың нақты тарихы, оның ӛмірінің, сана-сезімінің ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғҧ рпының, ҥміт-арманының шежіресі. Кімде болса ӛ з халқының тарихын, оның тілін дҧрыс білмейінше әрі жан-тәнімен сҥймейінше ӛз халқының адал перзенті, сҥйікті ҧлы бола алмайды. Ӛз ҧ лтын, ҧлттық тілін жӛнді қадірлемейтін адамнан шын мәніндегі патриот шығуы да қиын.
Ана тілі туған халқымыздың, ӛзімізді ақ сҥ т беріп, әлпештеп ӛ сірген анамыздың тілі.
Дҥниеде анадан жақын не бар! Сондықтан тілімізді қадірлеп, ерекше қҧ рмет тҧтқан абзал. Ана тілі – бҧл ӛмірге жаңа ғана келген нәрестенің ә дегенде еститін бірінші дыбысы, ол жас ӛспірім жеткіншектің айнала әлемді тамашалағанда білдіретін кӛңіл-кҥйі, ол бозбала мен бойжеткеннің бір-бірімен табысуындағы жҥ рек тілі. Олай болса, осы тілді ардақтап ерекше қадір тҧ ту қажет, қандай жағдайда да адамның бойында оның рухы сақталуы тиіс. Ӛз ана тілінде шҥлдірлеп, шолжаңдап, жығылып-сҥрініп жҥруге болмайды.
Жастарға тәрбие беруде, ой-санасын ӛрістетуде ауыз әдебиетінің айтыс жанры, оның ішінде әсіресе айтысы ерекше рӛл атқарады. Жҧмбақ айтысы жастардың логикалық ой- ӛрісінің дамуына әсер етеді, оларды тапқырлыққа тәрбиелейді. Ал халқымыздың мақалдары жастарды сабырлы, адал, арлы азамат болуға ҥндейді. Мәселен, халқымыз жас ҧрпаққа ел қадірін
«Ӛз елің – алтын бесігің »,
«Отан – оттан да ыстық »,
«Туған жерге туың тік »,
«Кісі елінде сҧлтан болғанша, ӛз еліңде ҧлтан бол », «Жекен жерінде кӛгерер, ер елінде кӛгерер » деген асыл сӛздермен білдірген. Жастарды
кіндік кесіп, кір жуған жері ҥ шін, әлпештеп ӛ сірген елі ҥ шін қасық қаны қалғанша жаумен жағаласа білетін, Отанын шын сҥйетін батыр етіп тәрбиелеуді кӛздеген халық ӛзінің ӛ лең- жырларын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдерін осы тақырыпқа арнаған. Xалықтық педагогикадағы негізгі тәрбие қҧралы болып есептелетін - ауыз әдебиеті.
Қазақтың ауыз әдебиетінің асыл ҥ лгілерінде махаббат пен зҧлымдықтың, адамгершілік пен екіжҥзділіктің, кеңпейілділік пен дҥниеқоңыздықтың тартысы арқылы ӛмір шындығына жастардың кӛзін жеткізу, зор адамгершілік қасиетін мәпелеу сезімдерін ояту кӛзделеді.
Ҧлттық тәлім-тәрбие ҧрпақ тәрбиесінің негізіне алынуы – егеменді еліміздің мҥддесі, қазіргі уақыт талабы.
Ҧлттық тәрбие – біздің ҧлт болуымыздың, адамдық қҧндылықтарды сақтап қалуымыздың кепілі.
88
Сан ғасырлар бойы Ҧлы даланы мекен еткен халқымыз ешбір ғылым-білімсіз, дҥниетанымсыз – жеті жҧ рттың қамын жеген, мейірімді Ел анасын, жігерлі батырларды, ар-ҧятты, адал, намысшыл, әділ, таза жҥректі ҧл-қыздарды – Ҧлы ҧ рпақты тәрбиелеген.
Оған еліміздің бостандығы, ар-намысы ҥ шін қҧрбан болған Амангелді Иманов, Тоқаш Бокин, Жақыпбек Майкӛтов т.б. азамат соғысының ардагер-батырлары, Ҧлы Отан соғысындағы Бауыржан Момышҧлы, Тӛлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Нҥркеш Әбдіров, Мәншҥк Маметова, Әлия Молдағҧлова сияқты мыңдаған қазақтың батыр ҧл- қыздарының ерлік істері айғақ бола алады.
Ең алдымен жас ҧрпақ ана тілін терең оқып, оны жете тҥсініп, елін, жерін, сҥюге тәрбиеленуі тиіс. Ӛнер арқылы жас ҧрпаққа тәдім-тәрбие беру ісі қоғам дамуының әрбір кезеңінің талаптарын жҥзеге асырудың бір саласы. Ӛткен ҧрпақ тәжірибесін бҥгінгімен жалғастыру арқылы ӛнегелі ҧлттың тәлім-тәрбиемізді ҧрпақтан –ҧрпаққа жеткізу қай кезеңде болмасын тоқталған емес. Осы кҥні оқу-тәрбие ҥрдісіне халықтың педагогиканың тәлімдік мәселелерін енгізуде Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, М. Балтабаев, Ж.
Наурыбаев, С. Ҧзақбаева т.б. еңбектерінде де орын алуда.
Бҥгінгі тәуелсіздігімізді алған кҥ нде ҧлтымыздың ӛнерін, қасиетін дамыта беру мҥмкіндігін молынан пайдалануымыз қажет. Ҧ лттық қазыналарды терең оқып, зерттеп, тани білуіміз керек. Кейінгі жастардың еңбексҥ йгіш, ӛнерлі, ӛнегелі, инабатты, адал, абзал азамат болып ӛсуіне әсер етуіміз керек. Сонымен қатар этникалық-мәдени білім беру арқылы мәдениетті тҧ лғаны қалыптастырып, тәрбиелеуде ӛ з халқымыздың ҧлттық ӛнерін мол пайдалануымыз керек. Бір сӛзбен айтқанда, ҧлттық педагогикада сан ғасырлар бойы жиналған асыл мҧраларымызды асқақтатуымыз керек.
Кезінде халқымыздың ҧ лы ақыны, данышпан Абай: «Қорқамын мен кейінгі жас ҧрпақтан» - деп, кӛ регендікпен бекер айтпаған екен. Сол себептен, бҥгінгі кҥнгі тәрбиедегі ӛзекті мәселе - азаматтық, Қазақстандық патриотизм тәрбиесіне ерекше кӛңіл аудару. Ол ҥ шін білім беру мекемелеріндегі оқу және тәрбие процестеріне патриоттық тәрбиені енгізу, балалар, жасӛспірімдер мен жастар ҧйымдарының жҧмысын жетілдіру, ақпараттық және әдістемелік материалдарды сауатты тҥрде дайындау жҧмыстарына, мемлекеттік рәміздерге деген қҧ рмет пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу жҧмыстарына кӛңіл бӛлу керек. Қазақтың батыр азаматтары Бауыржан Момышҧлы мен Мәлік Ғабдуллиннің Отанды сҥюге байланысты нақыл сӛздерін әрбір мектеп оқушысының санасына сіңіру керек. Мемлекеттік мейрамдар: Республика кҥні, Тәуелсіздік кҥні, Конституция кҥні, Қазақстан халықтарының бірлігі кҥні, т.б. ӛ ткізудің сценарийлерін сауатты тҥрде қҧ ру керек.
Қазақстанды мекендеген 140 шақты ҧ лттар мен ҧлыстардың салт-дәстҥ рлерін оқып ҥйрену, оларды қҧрметтеу - кӛпҧ лтты Қазақстандағы бейбітшіліктің нығаюының, халықтардың ҧ лттық бірлігін сақтаудың кепілі екенін есте сақтауымыз керек.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев жастарға сенім білдіріп, халыққа жолдаған соңғы жолдауында жастарға жеңілдіктер жасау, әсіресе студент жастардың жағдайын жақсартуға ерекше кӛңіл бӛ ліп отыр. Бҧл бізге кҥ ш-жігер береді, алға ҧмтылдырады. Ел басшылары балалар мен жастардың жағдайын ойласа, жастар елінің жарқын болашағы ҥ шін білімі мен кҥ ш-жігерін аямайды деп ойлаймын.
Әдебиеттер
1. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. - Алматы: «Санат», 1995.
2. Ҧзақбаева С., Мҧқанова Б. Қазақ этнопедагогикасы: тәлімдік тағылымдар.
Алматы, 1998.
3. Ҧзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. Алматы, «Білім», 1995.
4. Әлімбаев М. Халық ғажап тәлімгер. Алматы, «Рауан», 1994.
5. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: «Санат»,2001.