П.А. САДЫҚОВА, А.Қ. БОЛЫСБЕК, Н.С. ДОСМАҒАНБЕТОВ
ЭКОНОМИКАҒА «ЖАСЫЛ» ИНВЕСТИЦИЯ САЛУ ТУРАЛЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
Бүгінде бүкіл адамзат баласы экономикалық, азық-түліктік және экологиялық дағдарыстарды бастан кешуде. Ғаламдық даму, елдер арасындағы экономикалық бәсекелестік заманында адамзат баласы алдындағы экологиялық мәселелер жылдан-жылға барынша күрделеніп келеді. Мұндай мәселелердің ішінде, ең алдымен, климат ӛзгеруінің жаһандық проблемасы, табиғи әралуандықты сақтап қалу мен шӛлейттенуді тоқтату мәселелері айрықша ӛзектілікке айналып отыр. Мамандар ғаламшар климатының ӛзгеріске ұшырап отырғаны негізінен, парниктік газдардың ауаға кӛп бӛлінуінен деген болжамдар келтіреді. Мәселен, бірқатар деректерге сүйенсек, жер шарындағы құрғақшылық жылына 1,2 миллиард адамның тұрмыс-тіршілігіне белгілі бір деңгейде зиянын тигізеді және дүние жүзінде 135 миллион адам осы себептерге байланысты қоныс аударуға мәжбүр болады екен. Сондықтан да, жаһандық жылыну яғни, климаттың ӛзгерісі халықаралық ұйымдардың да назарын ӛзіне еріксіз аударып, БҰҰ-ның 1992 жылғы Рио-де-Жанейродағы жиынында арнайы «Климаттың ӛзгеруі жӛніндегі конвенция» қабылданған болатын. Ал 1997 жылғы Киотодағы БҰҰ халықаралық саммитінде «Атмосфераға таралатын зиянды газдарды шектеу туралы хаттама» қабылданды.
Қазіргі заманғы дағдарыстан шығу жолдарының жаңа тәсілдері экономиканы дамытудағы «жасыл өсім» мен «жасыл экономика»
стратегиясында болып отыр. Жасыл кӛпірмен жасыл экономикаға бет алу. «Жасыл» ұғымы 2005 жылы Сеулде ӛткен қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 5-ші конференциясынан бастап жаппай қолданыла бастады. Оңтүстік Корея мемлекеттік «Green growth» (жасыл ӛсім) стратегиясын қабылдап, оның негізгі идеяларын барлық мемлекеттердің аймақтарына таратуды және экономикалық дамудың жаңа тәсілдерін жаппай насихаттауды ұсынды.
Аталған стратегияның негізгі жаңалығы оның тек табиғатты қорғауға ғана емес, сонымен қатар, экономикалық ӛсу мен технологиялық дамуға ықпал етуінде болып табылады.
Дағдарыстан шығудың осындай жолдарын басқа дамыған елдер де
ұстана бастады. Осылайша, АҚШ президенті Барак Обама 2009 жылы келесі 10 жылдықта 5 миллион жұмыс орнын ашу үшін энергияның экологиялық таза түрлерін дамытуға 150 млрд. доллар инвестиция құю жоспарын жариялады. Сонымен қатар, Жапония да халықты жұмыс орнымен қамтуды 2,2 миллионға арттыру мақсатында экологиялық технологиялар рыногын 2015 жылға қарай 100 триллион иенге кӛбейтпекші.
Қазақстанда да 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму»
үкіметтік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның басымдықтарына парниктік газдардың шығарындыларын азайту, ӛндірістік және тұтынылған қалдықтар проблемаларын шешу, қоршаған ортаны ластағаны үшін тӛлемдерді экологиялық салықтарға ауыстыру, су ресурстарын сақтау жатады. Осы бағдарлама қазіргі күнде іске асып жатыр. Оның бір кӛрінісі - Астанадағы кӛптен күткен зауыт құрылысы «Алтын-ТЕТ» ЖШС- нiң инвестициялық қаржысы есебiнен салынып бітті. Жобаның құны – 36 млн. еуро. Испандық технологияға сәйкес, зауытта қалдықтар сұрыпталады. Сұрыпталған шикізаттар қайта ӛңделгеннен кейiн ӛндiрiстiк немесе басқа да мақсаттарда пайдалануға дайын. Осылайша, қалдықтарды жою және кӛмуге бюджеттік дотациялар деңгейін тӛмендетуге ықпал етіп, қоқысты іріктеу арқылы полигонда кӛмілген қалдықтардың кӛлемін 5 есе азайтуға септігін тигізеді деп күтілуде. Енгізіліп отырған қалдық ӛңдеудің технологиясы қатты-тұрмыстық қалдықтарды кӛму технологиясымен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие.
Біріншіден, қоқыс полигонына берілген жер кӛлемі азаяды.
Екіншіден, жер асты суларының және атмосфералық ауаның ластануы тоқтайды. Үшіншіден, екінші реттік ӛнім және соңғы ӛнім алынады. Бір сӛзбен айтқанда, құрылыс материалдары, қаланың санитарлық тазалығы бюджеттің дотациялық жолынан тиімді ӛндіріске айналады. Жалпы алғанда, 2013 жылы Қазақстан аумағында 8 қоқыс ӛңдейтін зауыт іске қосылмақ. ҚР құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық агенттігі осы жоба бойынша ТЭН-ге тендер жариялады. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің хабарлауынша, 10 жыл ішінде Қазақстанда тұрмыстық қалдықтарды ӛңдейтін 41 зауыт ашылады.
Жасыл ӛсім және жасыл экономика стратегиясы жасыл технология негізіндегі жаңа инвестицияларды талап етеді. Бірақ, бұл технологиялар тек дамыған елдермен әзірленіп, сол елдерде
ғана орналасқан. Дамыған елдерде бұл үшін қаражат жеткілікті, жағдайлар да жасалған. Керісінше, дамушы елдерде мұндай қаражат пен жағдай жоқ. Алайда, дамушы елдердің экономикалық ӛсімінің салдары еуропалық және басқа да дамыған елдердің жаһандық экожүйелерді сақтаудағы парниктік газдарды қысқартуға бағытталған жұмыстарынан басым түсуде.
«Жасыл экономика» құрудағы жетекші елдер бірінші кезекте тұрған мына мәселелерді шешуі қажет. Олар:
– «қоңыр» ӛнеркәсіпке мемлекеттік субсидияларды қысқартып, экологиялық талаптарды қатаңдату;
– экологиялық салықтар енгізу;
– «жасыл» ӛнеркәсіпке елеулі инвестициялар құю мен «жасыл»
мемлекеттік сатып алымдарға ӛту;
– жаңа «жасыл» трансферттер мен технологиялар енгізу.
«Жасыл экономиканы» ендірудің басты шарты – жаңа «жасыл»
технологиялар трансферті. «Жасыл экономикаға» ӛту үшін технологиялық тӛңкеріс қажет. Кӛптеген сарапшылардың пікірінше, «жасыл ӛсімге» қатысы бар ғылыми салалардағы зерттеулер мен жұмыстардың халықаралық ынтымақтастығын күшейту және осы технологияларды дамушы елдерге тездетіп таратудың ғаламдық институттық тетіктерін құру қажет. «Жасыл»
технологияларға еркін қолжетімділік пен дамушы елдерге мемлекет арқылы қаржыландыратын технологияларды беруді ынталандыру – орнықты дамудың елеулі шарты. Ол үшін дамушы мемлекеттер
«жасыл» инвестиция тарту қажет.
Ӛз кезегінде, дамушы елдер «жасыл» технологияларды тартуға қолайлы жағдайлар жасауы қажет. Барлық серіктес-елдер «жасыл технологиялар» арқылы жасалған «жасыл тауарларға» еркін рынок ұсынуы тиіс. Серіктестік бағдарламасын және инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың негізгі шарты кӛпжақты келісімдер болып табылады. Солайша, барлық мемлекеттер үдеп келе жатқан проблемаларды шешу және бар жағдайды түбегейлі жақсарту үшін ӛз еркімен жасыл инвестициялар мен технологияларға қолайлы жағдай жасауы тиіс. Ӛз кезегінде стратегиялық жобалар табыс әкеледі. Еуропаның, Солтүстік Американың және Азияның кӛптеген елдерінде тиімділігін іс жүзінде дәлелдеген «жасыл экономиканы» қолдау мысалдары жетерлік. Сондай тәжірибелерді жинақтап, талдау жүргізіп, солардың негізінде бағдарламаны
жүзеге асыратын (кемінде 10-20 жылға арналған) ұзақ мерзімді келісімдер дайындау қажет.
Адамзат алдында тұрған бүгінгі таңдағы ең басты міндет ауаға таралатын кӛмірқышқыл газын (СО2) азайту. Дүние жүзіндегі ауаға таралатын кӛмірқышқыл газының 30 пайызын кӛмірмен жұмыс істейтін электр стансалары шығарады. Ал электр энергиясына деген сұранысы күннен-күнге артып келе жатқан Қытайда электр қуатының 62 пайызы кӛмірмен жағылатын электр стансаларынан алынады. Егер Қытай шұғыл түрде ауаны ластайтын СО2 кӛлемін шектемейтін болса, 2030 жылға таман дүние жүзі бойынша шығарылатын кӛмірқышқыл газының 40 пайызы осы елдің үлесіне тиеді екен.
Сондықтанда, қазіргі таңда әлем сарапшылары дүркін-дүркін дабыл қағып, электр қуаты шикізаттарына тиімді балама табу мәселесін күн тәртібіне кеңінен қойып отыр. Барған сайын адамзат үшін ерекше үлкен қауіпке айналып бара жатқан жаһандық жылыну үдерісін тежеу электр энергиясын ӛндірудің негізгі кӛзі – кӛмірсутегі шикізатына балама табу болып табылады.
Мамандардың пікірінше, қазір кӛмірсутегі шикізатына балама ретінде қолданылып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын әлемдегі энергия қуатының үлесі әлі де аз. Сондықтан балама энергияға кӛшу басты мақсат болуы шарт.
Жалпы дағдарыстарды шешуде әртүрлі жолдар қарастырылуы шарт, оның ішінде, инвестиция ерекше орынға ие.
Осы инвестиция арқылы «жасыл» экономикаға тезірек әрі орнықты түрде кӛшуге болады. Ол үшін «жасыл» немесе экологиялық инвестициялар тарту керек. Экологиялық (жасыл) инвестициялар – бiрлiктердiң белгiленген мӛлшерiн беруден, парниктiк газдар шығарындыларына квоталарды, парниктiк газдар шығарындыларын азайтуға немесе сiңiрiлуiн арттыруға бағытталған жобаларға, бағдарламаларға және iс-шараларға бӛлудiң ұлттық жоспарындағы квоталар кӛлемiнiң резервiн басқарудан алынған қаражатты инвестициялау.
«Жасыл» экономикаға бет бұру үшін инвестициялаудың келесідей бағыттарын ұсынуға болады:
1) Ғимараттар мен үйлердің энергиялық тиімділігін арттыру (яғни, ғимараттардың энергиялық тиімділігін кӛтеру мақсатында оларды қайта жӛндеуге инвестиция салу), сонымен қатар, үйлер мен кеңселердің айналасын кӛгалдандыру мен жасылдандыру үшін
материалдық ынталандыруды ұйымдастыру. Құрылыстың қазіргі заманғы озық технологияларын қолдана отырып энергияны тұтынуды 80%-ға дейін қысқартуға болады.
2) Энергияны үнемдейтін және аз ластайтын кӛлік жүйесін енгізу.
3) Энергия таратудың интеллектуалдық жүйесі бар тұрақты энергетика жүйесін енгізу.
4) Ұлттық саясаттағы игі бастамалар (экологиялық заңдылықтарды енгізу немесе жетілдіру, тиімсіз субсидияларды тӛмендету немесе тоқтату, отын сияқты пайдалы қазбалардың орнына жаңартылатын энергияның кӛздерін кеңінен қолдануды, жеке автокӛліктің орнына қоғамдық кӛліктің түрлерін кеңінен қолдануды қолдау үшін фискалдық шараларды жүргізу және т.б.).
5) Ауыл шаруашылығы және халықты тұщы сумен қамтамасыз ету.
6) Жер ресурстарын кеңінен қолдану және кешенді құрылыс саясаты.
7) Тұщы су ресурстарын орталықтан басқару.
8) Технологияларды әзірлеу және олармен алмасу.
Экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру қағидалары:
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру;
энергияның жаңартылатын кӛздерін пайдалануды қолдау;
орманды қайта қалпына келтіру және орман ӛсіру;
парниктік газдар шығарындыларын азайтатын энергия кӛздеріне ӛту;
қалдықтардың түзілуін тӛмендету және кәдеге жарату арқылы парниктік газдар шығарындыларын азайта алу қабілеттілігі.
Қазақстанда «жасыл» инвестицияны кӛптеп тарту үшін осы қағидаларға сүйеніп, Қазақстанға инвестиция салудың келесідей 10 негізгі факторларын есепке алып, стратегия жасау керек:
Табиғат қорлары бай
Орналасу жағдайы қолайлы
Саяси тұрақтылығы
Бизнес-климаттың жайлылығы
Инвесторлардың қорғалуы
Ұлтаралық компаниялардың қатысуы
Тікелей шетелдік инвестициялардың кӛлемділігі
Экономикалық ӛркендеу
Кеден Одағы елдерінің нарықтары
Индустриалды-инновациялық дамуы
Қазақстанның негізгі байлықтарының бірі – бұл оның пайдалы қазбалары. Қазақстан табиғи ресурстарының қоры бойынша әлемде 6-шы орында. Д.И.Менделеевтің химиялық элементтер кестесінің 110 элементінің ішінен Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент табылған, 70 элемент барланған, 60 элемент ӛндірілуде және пайдаланылуда: мұнай, газ, уран, мырыш, вольфрам, боррит, күміс, қорғасын, хромиттер, мыс, флюориттер, молибден, алтын.
Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасы 5004 кен орнынан тұрады, олардың болжамды құны шамамен 46 триллион АҚШ долларын құрайды.
Қазақстан қазірдің ӛзінде вольфрамның әлемдегі ең ірі ӛндірушісі болып табылады, ал оның қоры бойынша дүние жүзі елдерінің арасында бірінші орында, хром және фосфор кендерінің қорлары бойынша - екінші орында, қорғасын мен молибден - тӛртінші орында, Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Үндістан, Ресей және Украинадан кейін темір рудаларының жалпы қорлары бойынша - сегізінші орында (16,6 миллиард тонна).
Қазақстан Республикасында мұнай мен газдың әзірге тек 160 кен орны барланған, ал ӛндірілетін мұнай қорлары 2,7 миллиард тоннаны құрайды.
Бүгінгі күнгі Қазақстанда алтынның шамамен 300 елеулі кен орындары болжамдалған, олардың ішінен 173-і егжей-тегжейлі барланған.
Қазақстанның аумағында 100-ден астам кӛмір кен орындары барланған, олардың ең ірісі – қоңыр кӛмір қыртыстарының үлкен қуаттылығымен ерекшеленетін Екібастұз кен орны, және 50 миллиард тоннадан астам кокстенген кӛмір қорлары бар Қарағанды кӛмір бассейні.
Қазақстанда калийдің және басқа тұздардың, борат, бром қоспаларының, сульфаттардың, фосфориттердің, лак және бояу ӛнеркәсібіне қажетті алуан түрлі шикізаттардың, күкірт қышқылы және басқа химиялық ӛнімдердің ӛндірісін ұйымдастыруға арналған полиметалл кендерінің құрамындағы күкірт колчеданның мол қорлары бар. Сонымен қатар, шыны және фарфор-фаянс ӛнеркәсібінде қолданылатын аса бай шикізат ресурстары бар: сирек кездесетін асыл тастар, алуан түрлі құрылыс және қаптауыш материалдар.
Орналасу жағдайы, қолайлылығы - Қазақстан Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан, ӛз заманында қазақ даласының үстімен Ұлы Жібек Жолы ӛткен. Азия-Тынық мұхит ӛңірін Таяу және Орта Шығыспен, және Еуропамен жалғайтын негізгі құрлықаралық бағыттар Қазақстан жерімен ӛтеді. БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы) «бестігіне» кіретін үш ел Қазақстанға жақын орналасқан: Ресей, Қытай және Үндістан.
Саяси тұрақтылығы. Қазақстанның әлемдік инвестициялық нарықтағы тиімді артықшылығы – оның ішкі саяси тұрақтылығы болып табылады. Мемлекет басшысы әрдайым бұл мәселені елдің дамуының басты арқауы деп таниды.
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының жемістілігінің жарқын белгісі – әлемдік қауымдастықтың еліміздің даму бағытының ӛміршеңдігіне сенім артуының нәтижесінде 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға тӛрағалық етуі болып табылады. 2010 жылдың желтоқсанында Астана қаласында ӛткен ЕҚЫҰ саммиті – посткеңестік кеңістік елдерінің тарихында орын алған ең ауқымды форум, және жыл сайын ӛткізілетін Астана экономикалық форумы, ең бастысы ЭКСПО-2017 кӛрмесі, тағысын тағы.
Бизнес-климаттың жайлылығы. Қазақстанда инвесторларға арналған жайлы бизнес-климаттың барлық тұстарына жіті кӛңіл бӛлінеді: әкімшілік тосқауылдарды азайту және рәсімдерді жеңілдету, құқық қорғау жүйесінің және сот жүйесінің тиімділігін арттыру, кедендік және салықтық әкімшілік жүргізуді жақсарту.
ТМД елдері арасында Қазақстан – соңғы кездерде жүргізіп жатқан реформалардың кӛлемі мен сапасы жағынан алдыңғы қатарда тұр. Соңғы екі жыл ішінде Қазақстан кәсіпкерлік қызметке қолайлы жағдай жасауда орасан зор табысқа қол жеткізген 10 елден құралған қатарды бастап келеді.
Инвестициялық климаттың жайлылығына халықаралық рейтингтер куә:
Кесте 1. Қазақстандағы инвестициялық климаттың жайлылығы
«Doing Business» рейтингі* Менеджментті дамытудың халықаралық институтының (IMD) рейтингі**
Қазақстан - 47 Қытай - 19
Әзірбайжан - 66 Қазақстан - 36
Беларусь - 69 Ресей - 49
Қытай - 91 Украина - 57
Ресей -120 Украина - 152 Ӛзбекстан - 166
* 2012 жылға арналған «Doing Business» есебі.
** «Әлемдік бәсеке қабілетттілік жӛніндегі жылнама-2011», Менеджментті дамытудың Халықаралық институтының әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерделеу жӛніндегі орталығы (IMD, Швейцария, Лозанна).
Инвесторлардың қорғалуы: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 «Инвестициялар туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1208 «Инвестициялық жекешелендiру қорларының мәселелерi»
Қаулысы инвесторлардың Қазақстандағы инвестициялық қызметін атқару барысында туындауы мүмкін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін түрлі кепілдіктер беруді кӛздейді:
- Қазақстан Республикасы аумағында инвесторлардың қызметінің құқықтық қорғалуына кепілдік
- Кірістерді пайдалану кепілдіктері
- Инвесторларға қатысты мемлекеттік органдары қызметінің жариялылығы
- Мемлекеттік меншіктеу және реквизициялау барысында инвесторлардың құқықтарына кепілдік
Сонымен қатар, Қазақстан 45 елмен Инвестицияларды ӛзара қорғау және кӛтермелеу жӛніндегі келісімшарт жасады және Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде бір Келісім жасады, олар инвесторлардың құқықтарын қорғаудың мынадай қосымша кепілдіктерін ұсынады: дискриминациядан, реквизициялаудан және мемлекеттік меншіктеуден қорғаудан қорғау, арбитраждық келісім жасалмаған жағдайда, инвестициялық дауларды халықаралық арбитраж соттарында шешу құқығы.
Тікелей шетелдік инвестициялардың кӛлемділігі. Қолайлы бизнес-климат және саяси тұрақтылық Тікелей шетел инвестициялардың Қазақстанға кӛп мӛлшерде құйылуына мүмкіндік туғызды, 1993 жылдан бері Қазақстанға 152 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға Тікелей шетел инвестициялары тартылды.
Ұлтаралық компаниялардың қатысуы. Бизнесті жүргізу үшін жасалған қолайлы жағдайлардың арқасында Қазақстанға мультиұлттық және шетелдік компаниялар жұмыс істеуге келді.
Экономикалық ӛркендеу. Кӛреген саясаттың және тартылған Тікелей шетелдік инвестициялардың арқасында Қазақстан экономикасының ӛркендеу қарқыны тұрақты болып отыр. Соңғы онжылдықтың ішінде жалпы ішкі ӛнім 8-ден астам есеге ӛсті (17 млрд.-тан 146,5 млрд. долларға дейін).
Сурет 1. Жалпы ішкі өнім, млрд, АҚШ доллары
Кеден Одағы елдерінің нарықтары. Нарығының сыйымдылығы шамамен 170 млн. адамды құрайтын Кеден одағына Қазақстанның кіруі инвесторлардың алдында республика аумағында инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады және жаңа жетістіктерге жетелейді.
Инвесторлар ӛз ӛнімдерін Беларусь және Ресей нарықтарына кедергісіз жылжыта алады. Мұндағы әлеуетті инвесторлар үшін артықшылықтар қарастырылған.
Индустриалды-инновациялық дамуы. Қазақстанда индустрияландырудың базалық институционалды негіздері құрылған: Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін Ұлттық қор, Жаңа бағыттарды іске асыруға арналған мемлекеттің әлеуетін шоғырландыратын "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ» АҚ, әртараптандыру үдерісімен қатар жүретін даму институттары және т.б.
2010 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жӛніндегі 2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданған, оның негізгі мақсаты экспортқа бағдарланған жаңа жоғары технологиялық ӛндірістерді құру, инфрақұрылымды дамыту, ұлттық инновациялық жүйені нығайту, жергілікті қызметкерлердің біліктілігін арттыру болып табылады.
Үдемелі индустиралды инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде экономиканың келесі бірінші кезекті секторларында жобаларды іске асыруға дайын инвесторларға тартымды жағдайлар жасау жұмыстары жүргізілуде:
мұнайды қайта ӛңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы, тау-кен металлургиялық кешені, әрі қарай шикізат ӛндірістерінің анағұрлым жоғары қайта ӛңдеу түрлеріне кӛшетін атом және химиялық ӛнеркәсібі;
машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика;
агроӛнеркәсіптік кешен, жеңіл ӛнеркәсіп, туризм;
ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметі.
Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен, макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатынды.
Мемлекет жалпы инвесторлар тарту арқылы жаңа, қоршаған ортаға зияны тимейтін технологияларға қол жеткізуге мүмкіндік алады.
Инвесторларды тарту үшін мемлекет қолайлы жағдайлар жасаумен қатар, тиімді инвестициялық саясат жүргізуі аса маңызды.
Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:
- мемлекеттік бюджттік қорларды пайдалану арқылы;
- ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың ӛзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
- шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы.
Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық-салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі.
Экологиялық инвестицияларды жүзеге асыруда дамудың бағытын таңдаудағы маңызды талаптар мыналар болып табылады:
- Ең алдымен, «экологиялық инвестициялар» ұғымын нақты түсініп алу керек. Экологиялық инвестициялардың нәтижесі - қалдықтар, түрлі шығыстар және қоршаған ортаға теріс әсер ететін
көздердің азаюы болуы шарт. Соңғы нәтижесі кәсіпорынның қазіргі экологиялық жағдайы мен инвестиция салуға дейінгі жағдайы салыстырылады және бақыланады.
- Әр инвестицияны жүзеге асыруда бұл инвестиция қоршаған ортаны қорғауға бағытталғандығын немесе керісінше, қоршаған ортаға қосымша кері әсер ететіндігін нақты анықтап алу керек.
- Ӛндiрушiлер де, экологиялық бақылаудың органдары да инвестиция салу туралы шешiм қабылдауда қоршаған ортаға ӛндiрiстiң әсерi, экотехнологиясы және ресурстарды үнемдейтін технологиясы қоршаған ортаға кері әсерін тигезетін жағдайда минималды болу керектігін ескеру қажет және басқадай.
Әлемде түрлі дағдарыстар шарпыған тұста, Қазақстан ӛзінің 20 жылдан астам тәуелсіз тарихында бәрімізге ортақ үй – Жер планетасын сақтауда және жаһандық экологиялық проблемаларды шешуде біршама жетістіктерге қол жеткізді. Ал бүгін бүкіл адамзат планетаның күйзелісін тоқтатып, ӛмір негізін қайта жандандыратын бірден-бір мүмкіндікке ие. Сондықтанда, адам мен табиғаттың үйлесімді ӛмір сүру мүмкіндігі қазіргі таңда басқа кездерге қарағанда әлдеқайда жоғары, яғни «жасыл» экономикаға ӛту міндеттілігі туындап отыр. Жасыл ӛсім және жасыл экономика стратегиясы жасыл технология негізіндегі жаңа инвестицияларды талап етеді. Қазақстан экономикасына «жасыл» инвестиция тартудың тиімді формаларының бірі - әлемдік нарықта қазақстандық кәсіпорындар мен салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде біріккен кәсіпорындарды құру, «жасыл»
инвестиция тарту. Қазақстан экономикасына әлемдік инвестициялауды ынталандырудың маңызды факторларының бірі – саяси, әлеуметтік - экономикалық және коммерциялық тәуекелдерді кәсіби және толық сақтандыру. Барлық серіктес-елдер «жасыл технологиялар» арқылы жасалған «жасыл тауарларға» еркін рынок ұсынуы тиіс. Серіктестік бағдарламасын және инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың негізгі шарты кӛпжақты келісімдер болып табылады. Солайша, барлық мемлекеттер үдеп келе жатқан проблемаларды шешу және бар жағдайды түбегейлі жақсарту үшін ӛз еркімен жасыл инвестициялар мен технологияларға қолайлы жағдай жасауы тиіс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. www.inform.kz.
2. www.rosbalt.ru.
3. Қазақстан Республикасы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңы.
4. KAZNEX INVEST экспорт және инвестиция жӛніндегі Ұлттық агенттігінің деректері.